Ж. О. Артықбаев тарих философиясынан лекциялар бірінші бөлім Астана, 2018


лекция КӨШПЕЛІЛЕРДІҢ ӨЗІНДІК САНАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТ



Pdf көрінісі
бет35/96
Дата23.12.2021
өлшемі0.98 Mb.
#147148
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   96
Байланысты:
Тарих философиясы - Ж.О. жаңасы

13 лекция
КӨШПЕЛІЛЕРДІҢ ӨЗІНДІК САНАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТ
Қазақстанның   тарихи-этнологиялық   ғылымындағы   парадоксалды
жағдайлардың   бірі   -   мына   сұрақтың   нақты   жауабы   болмауы:   еуразиялық
аймақтың көшпелілерінде, әсіресе, қазақтарда мемлекет болды ма? Мәселе
саяси феноменнің мазмұнында, формасында, кезеңдік ерекшеліктерінде емес,
әңгіме жалпы проблеманың қойылуы жоқтығында. 
Бәлкім,   осы   маңызды   да,   өзекті   мәселенің   шешілмегендігі   -   бұл,   ең
алдымен,   отандық   тарихтанудағы   квазиғылымдық   әдістердің
басымдылығының,   терең   және   түпнұсқалық   теориялық   зерттеулердің
болмауының   салдары.   Қазір,   көшпелі   қоғамның   тарихының   түрлі
аспектілеріне   ғылыми   интерпретация   керек   кезде,   тарихи   қазақтануды   да,
қалыптасқан жағдайдан шығу жолдарын да жауапты түрде зерделеу қажет. 
Біздің   ойымызша,  революцияға  дейінгі   Қазақстан   тарихы   туралы
ғылыми жұмыстар әлі күнге дейін марксизм-ленинизм мұрасының теориялық
бөліміне   негізделген.   Бұл   оларды   біржақты   ретінде   қарастыруға
мәжбүрлейді. Екіншіден, Қазақстан  тарихы бойынша қазіргі жұмыстардың
басым бөлігі эстетикалық немес анықтамалық сипатқа ие, әдеби эффектерге
жетуге  ұмтылады  және  дилетанттарға  арнап  жасалынған.  Шынайы  тарихи
зерттеу   объективті-сыни   әдіске   негізделген   және   кез-келген   қиялдар   мен
ертегілерді   қарастырмайды.   Тарихты   түсінудегі   қазіргі   өркениеттегі   біздің
деңгейге жауап беретін форма тек қана ғылыми-сыни болуы мүмкін. Тарихи
зерттеулер   қажеттілігін   ақиқаттан   алуы   керек,   егер   де   сипаттаманың
ақиқаттылығы   болмаса,   сонымен   бірге   ғылыми   тарихтану   да   өледі   деуге
болады. Осы мақсатта тарих талдауының құрылымдық-қызметтік әдістеріне
жүгіну дұрыс болар еді. 
Тарихшылар жасаған өткен шақтың кермет таңғажайып суреттері адам
баласының барлығына қызмет етеді. Бірақ оған жету жолы қиын, ол үшін
дерек көздерін, соның ішінде ауызша материалдарды талдау, салыстыру және
сынап   сүзу,   объективті   тәпсір   жасалу   керек.   Біздің   айтып   отырған   жол   -
кәсібилердің   жолы,   этноәлеуметтік   құрылымды   зерттеу   әдістері   секілді
ғылыми   бағыттар   көп   болса   ғанибет.   Осындай   бағытта   жұмыс   атқару
нәтижесінде   мәдениет   сақталады,   жемісін   береді.   Кез-келген   мәдениет
тарихи   өткен   уақыттың   образдары   мен   архетиптері   арқылы   қызмет   етеді.
Тарихи фольклорге жүгіну белгілі бір дәрежеде образдарды жандандыруға
мүмкіндік береді. 


Бізге   беріліп   тұрғандай,   тарихи   қазақтанудың   негізгі   қатесі   мен
шектеулілігі   біржақты   материалистік   әдісте   және   қоғам   мен   мемлекеттің
тарихы   проблемасын   біржақты   көруде   жатыр.   Сөзсіз,   материалистік   әдіс
еуропоцентризммен, марксистік әдістемелік түсініктер мен парадигмалармен
байланысты. Бұл – әйгілі формациялық әдіс, ол адамзат шынайы тарихының
түрлілігінің   бәрін   формациялық   сатылық   сипатқа   енгізеді,   бұл   –   таптық
күрес теориясы, ол мемлекеттілік пен қоғамдық өмірдің басталуын байлар
мен   кедейлердің   мәңгі   антагонизмімен   түсіндіреді.   Әдетте,   мемлекетке
өтудің бірінші шарты қосымша өнімнің пайда болуы делінеді, ал сол кезде
пайда болған өнімді бөлу қажеттілігі – таптардың  пайда болуының міндетті
шарты.   Сол   уақытта   еңбек   өнімділігі   артуы   салдары   ретіндегі   қосымша
өнімнің   көтерілуі   –   отырықшы-жер   игеруші   қоғамдардың   ғана   айрықша
құқығы   деп   қарастырылады.   Сонымен,   шеңбер   көшпелі   қоғамды
мемлекеттілік ұғымына жақындатпай жабылып қалады. 
Көшпелі   қоғамның   шынайы   жағдайының   түрлі   мемлекеттік
құрылымдар   түріндегі   саяси-құқықтық   жүйелер   және   еуропоцентризм
дәстүріндегі   барабар   емес   концептуалды   ұғыну   секілді   сәйкессіздіктер
көшпелілерді зерттеуші тарихшыларды әрдайым әбігерге салатын. Нақ осы
қарама-қайшылық   көшпелілердің   қоғамдық-саяси   дамуы   сипаты   жөнінде
түрлі   теорияларды   туғызды.   Ол   патриархалды   рулық,   ерте   феодалдық,
немесе   тап   құру   алды   немесе   таптық   феодализм   жөнінде,   соңғы   кезде
көшпелілер   қоғамының   «кейінгі   потестарлық»,   «параполитарлы-
доминомагнатты»   сипаты   жөнінде   түрлі   анықтамалардың   пайда   болуына
жақсы   тірек   болды.   «Көшпелі   тап   құру   алды   қоғамдар   көп   жағдайда
протополитарлы емес, тап құру алды қоғамның басқа типіне жатады. Мен
оны   «параполитарлы-доминомагнатты»   деп   атаймын»,   -   деп   жазады
Ю.И.Семенов (152, 57 б).
Осыған   байланысты,   Еуразия   даласы   көшпелілерінің   мәдени
жетістіктерін   мұра   қылған   қазақ   қоғамы   өзінің   сыртқы   құрылымы   мен
мазмұны жағынан бірегей құбылыс екендігін бірден айтып, көрсеткен дұрыс.
Көшпелі   әлеуметтің   негізгі   қызмет   етуіне   жұмсалған   алғашқы   өмірлік
бастамалар ерекше әрі қайталанбас және Батыс пен Шығыс мәдениеттерінің
үлгісіне   сәйкес   емес.   Осы   бірегейлікті   түсіну   әдіснамалық   парадигманың
ауысуына   ықпал   етуі   тиіс.   Ең   алдымен,   қоғамды   тарихи   тану   ортасына
қоғамның материалдық өлшемдерін емес, оның рухани байлығы, қоғамның
сана-сезімі,   мәдени-әлеуметтік   ерекшеліктерін   шығару   керек.   Тарихи
зерттеудің назарында этноәлеуметтік ұйым болуы тиіс. 
Әлеумет, экономика және адамдар ділі арасындағы үздіксіз байланыс
мейлінше   анық   білінетін   жердегі   өндірістік   фактор   кез-келген   тарихи
құбылысты   талдау   үшін   бастама   болатыны   белгілі.   Экономика   және
әлеуметтік дамудың қатынастары өз алдына болғанымен, өзара байланысқан
тамыр сияқты. Зерттеуші үшін оларды бөлу және жеке қарастыру айтқандай
нәтижелі болмайды. Алайда, қазақ халқында мемлекеттің пайда болу себебін
анықтау   үшін   бірінші   орынға   экономикалық   емес,   әлеуметтік   үрдістерді,
әлеуметтік қатынастар үлгілерін қою керек. Себебі,  қазақ қоғамында жеке


адамның орны экономикалық қатынастармен  емес, туыстық (генеалогиялық,
таптық)   жол-жорамен     анықталады.   Қазақы   қоғам   айқын   инститционалды
қарым-қатынастар құрылым болып қалыптасқан әлеуметтік ағзаны құрайды.
Сондықтан   да,   осындай   таза   операциялық   көзқарас   ғылыми   дәлелденген
және лайықты нәтижелермен ақталады.  
Жоғарыда   көрсетілген   көзқарас     мемлекеттанушылардың   «кедергі
тасын»   айналып   өтуге   қосымша   құрал   ретінде   көмектеседі.   Марксистік
ілімде көшпелі қоғамдағы әлеуметтік үйлесім мемлекетпен еш қиылыспайды.
Қоғамдағы еңбекті бөлу үрдісінің дамуын және жеке меншіктің қалыптасуын
қосымша   өнім   үшін   күрес   деп   қарастыратын   еуропалық   түсінік   бойынша
мемлекет бір таптың екінші бір тапқа зардап тигізу арқылы заңдастырылады
және де осымен мемлекеттің қанаушылық мазмұны анықталады. 
Мұндай   түсінік   және   болшьевиктік   көзқарастар   В.И.Ленин   берген
келесі   анықтамада   барынша   жинақы   айтылған:   «Мемлекет   қоғамның
таптарға бөлінген уақытында және бөлінген жерде пайда болады» ).
Кеңестік тарихи ғылымда бұл теориялық-әдіснамалық қағида ретінде
қызмет етті. Марксистік тұжырымның кеңестік тарихи ғылымда белең алып
тұрған кезеңінде мемлекеттің мемлекеттің басқа түсінігі болмады. Тек қазір
ғана біз тапқа дейінгі қоғамда мемлекеттің өмір сүруі мүмкін бе, «мемлекетке
дейінгі»   қоғамда   және   «тапқа   дейінгі»   деген   ұғымдар   бірдей   ме,   -   деген
сұрақтар қоямыз. 
Жоғарыда   біз   қозғаған   мәселе   шынайы   жағдайды   көрсететін
этнографиялық   материалдың   мейлінше   дәл   жолымен   талдануы   арқылы   өз
шешімін табады. Мүмкін «қосымша құн өнімін  үнемі өндіруді себеп ретінде
емес,   политогенез   және   таптардың   қалыптасуының   салдары   ретінде
қарастыру»   керек   (90,   146   б.).   Осыдан,   қосымша   зат,   әлбетте   әлеуетті
алғышарты екендігі, бірақ, мемлекет пен таптардың қалыптасуының негізгі
шарты емес деген жай ғана қорытынды пайда болады.
Марксистік бағыттан алыстай келе, эволюцинизмге деген көзқарасты
да   қайта   қараған   дұрыс.   Барлық   қоғамда   бір   эволюциялық   баспалдаққа
орналастыру   ниетінен   алшақтау   керек.   Марксистердің   адамзат   тарихының
барлық   шынайы   алуан   түрлілігін   бастапқы   үлгіге   ығыстыру   және
материалдық   ортаға   деген   өмірдің   әр   түрлілігіне   зейін   бөлмеуіне   осы
эволюционизм   жол   берді.   Бүгінгі   күні   осындай   тұжырымдардың   көшпелі
қоғамдарға   сай   емес   екендігі   белгілі.   Көшпелі   өркениет   –   бұл   Батыс-
Шығыстың өркениеттік бифуркациясынан ерекшеленетін өзгеше бір әлем. 
Осы   тұста   қазақтарда   мемлекеттің   пайда   болуын   қалай   табу   және   қандай
іздестіру   жолдарын     енгізу   керек   деген   сұрақтар   туады?   Таптардың
құрылуынан басқа политогенездің негізінде тағы қандай қандай факторлар
жатуы   мүмкін?   Алғашқы   қауымның   дамуы   барысында   мемлекеттің   пайда
болуы, халық тығыздығының өсуі салдары секілді, оның көлемі мен санының
өсуі табиғи жағдай ма? Егер мемлекеттің құрылуы өз бетімен болатын болса,
онда таптар мен әлеуметтік топтар қалай пайда болады? 
Саяси   құрылымның   күрделілігі   мен   тұтастығын   бейнелейтін   таптар
мен әлеуметтік топтардың қауымның ішінде емес, олардың бір-бірімен өзара


әрекеттестігінің негізінде, не болмаса, көшпелілердің ықпал өрісіне кіретін
өзге де этно-әлеуметтік құрылымдардан немесе солармен шектесетін тәуелсіз
жағдайлардан көрінуі мүмкін бе?
Соңғы   жылдары   мәдениеттанушылардың   бірқатары   «мемлекеттену»
деген ұғымды енгізу қажеттілігі туралы пікірлерін айтып жүр. Көшпелілердің
мемлекеттену   экзистенциясы   –   ішкі   өркениетке   айналған   көп   ғасырлық
өркениет   аралық   динамикасында.   Осындай   мемлекеттің   қалыптасу
бастамасы   әрдайым   әшкере-саяси   өкіметпен,   яғни,   «мәжбүрлеу
аппаратының»   дәстүрлі   мінездемесімен   сәйкес   келе   бермейді   (2,   104   б.).
Тартымды болып көрінгенімен, осылайша  «мемлекеттену» мен «мемлекетті»
қарама-қарсы   қойып   салыстыру   қоғамтанушылардың   ұғымдық-санаттық
аппараттарына белгілі бір бейберекеттік енгізеді. Мемлекеттенудің астарын
«саяси-құқықтық,   әлеуметтік   және   мәдени-рухани   бастамалардың   кешені»
деп түсінсек, онда ол өте көмескі түсінік болып табылады. Ондай жағдайда
бұл құбылысты қоғам деп атап және оны біртұтас құндылықтарға құрылған
әлеуметтік   және   этно-мәдени   жүйе   ретінде   қабылдаған   жөн.   Бір   сөзбен
айтқанда,   мемлекет-мұндай   жағдайдың   сыртқы   ұғымы,   ерекше   түрі.   Ал
басқарушылық   институттардың   жиынтығы   тек   бұл   жағдайдың   бір   бөлігі
немесе бір жүйесі ғана болып табылады. 
Көшпелі   қоғам   -   этно-әлеуметтік   жүйе   болғандықтан,   сөзсіз   ішкі
жүйелердің   және   құрылымдардың   құрастырушылары   қатарына   жатады.
Әшкере-саяси өкімет (мәжбүрлеу аппараты) осылардың бір бөлігі ғана болып
табылады.   Осындай   нәтижемен   біз   экономикалық,   аумақтық,   әлеуметтік,
ұлыстық, рухани құрылымдарды бөліп ала аламыз. Соңғы ішкі жүйеге басқа
кез-келген құрауыштарсыз (компоненттерсіз) бірегей болып табылатын, тіпті
архетипте де мемлекеттік идеяны автономды түрде сақтап қалатын қоғамдық
сана-сезім кіреді. Тек қана мемлкеттік сана-сезім болған жағдайда ғана қоғам
мемлекеттік жағдайға ауысады. Жүйелі талдау этно-әлеуметтік жүйенің әрбір
құрылымның   элементтерінің     арақатынасы   мен   орнын   анықтауға
көмектеседі. 
Ғылыми бағыт «бірлесіп әрекет ететін элементтер кешенін» зерттеуді
мақсат етеді, яғни, зерттеу нысанына бүтін бір жиынтық ретінде қарау керек,
содан   кейін   оның   құрылымдары   мен   жүйелердің   элементтері   арасындағы
байланыстардың құрылуына көшу керек. Жүйелі талдауды қолдануда тарихи
нысанды табу және баяндау бойынша асқан дәл зерттеу жұмысы сөзсіз жүруі
тиіс.   Әлеуметтік   жүйе   қиындаған   сайын,   оның   жүйелік   біртұтастығының
күрделілігін   анықтайтын   факторлар   көп   болады.   Үлкен   аумақта   жалпы
жаһандық   үрдістермен   кездесетін   еуразиялық   көшпелілікті   зерттеуде
құрылымдық-функционалдық бағыттың  қажеттілігі айқын. 
Қазақтардың   көшпелі   қоғамы   -   жекелеген,   күрделі,   қозғалыстағы
(динамикалық)   және   өзін-өзі   реттеуші   жүйе.   Оның   бір-бірімен   сан   алуан
және күрделі қатынастарымен байланысқан құрылымдық құрауыштары ішкі
жүйелер ретінде қызмет атқарады, оларға: экономикалық құрылым, аумақтық
орналасу,   материалдық   және   рухани   мәдениет,   сана-сезім   және   т.б.
жатқызуға болады. Көрсетілген  құрылымдардың әрқайсысы салыстырмалы


түрде   өз   алдына   дербес   бола   отыра   бір   тұтастықты   құрайды.   Әлеуметтің
алғашқы қауымдық ортадан мемлекеттік ортаға ауысу кезеңінде түрлі ішкі
жүйелердің рөлі әр мағынада болуы мүмкін. Солардың кейбірі ұлттық жүйе
ретінде қалыптасып, сәйкесінше міндетін атқаруда, ал басқалары болса әлі де
жетілмеген. 
Атап   айтқандай,   этно-әлеуметтік   бағыт   басты   назарды   шоғырланған
қасиеттерді   шығаруға,   құрылым   және   олардың   арасындағы   байланысқа
аударады, яғни, зерттеушіні әлеуметтік жүйенің біртұтастығын қамтамасыз
ететін механизмді ашуға бағыттайды. Қазақ халқының   ішкі құрылымдары
элементтерінің   иерархиялық   бағыныштылығы   барлығына   таныс   құбылыс.
Қазақтардың   көшпелі   қоғамының   мемлекетке   дейінгі   қоғамдардың
эгалитарлы  қағидаларынан  айырмашылығы  мемлекетке   дейінгі  қоғамдарда
әр адам өз беделін, мысалы, үлкен жастағы тапқа өту арқылы ауыстыруға
мүмкіндігі болса, қазақтардың көшпелі қоғамында ашық неэгалитаризм орын
алған. Адамның орны басынан соңына дейін оның анық қай тұқымға және
қай тапқа жататына байланысты анықталады және жеке тұлғаның одан да
артықшылығы бар жағдайға өтуі мүмкін емес. Егер ондай жағдайлар болып
жатса да   өте сирек кездеседі және бір топтан екіншіге өту үшін көптеген
салт-   жоралғылары   бар   (асырап   алу).   Сонымен   қатар,   көшпелі   қазақ
қоғамының   негізін   тәуелсіз   көшпелі   қауымдастықтар,   жеке   меншік
шаруашылықтың иелері, өндірістік қатынастардың толық құнды субъектілері
құрайды. Көшпелі қоғамда де-юре және де-факто адамдардың   жағдайлары
ұқсас келеді, яғни, бұл жағдай олардың нағыз тәуелсіз екендіктерінің куәсі
болып табылады. Қалай парадокс болса да, шектеушілік пен бағыныштылық
меншіктік   қатынастан   емес,   туыстық   қатынастардан   (туыстық   қауымның
иерархиясы) туып жатты.
Қазақтардың   ұйымының   әлеуметтік   емес,   керісінше   туыстыққа
негізделген   осындай   ерекшеліктері   туралы   Ш.Ш.Уәлиханов   та   жазған
болатын (38, 148 б.).
Көшпелілердің   рулық   қағидалар   негізіндегі   қоғамдық   өмір   саласын
реттеу   механизмі   жөнінде   Л.Мейер     сияқты   авторлар   да   жазған:
"Орыстардың үстемдігіне дейін ру-тайпалар ғана емес, үлкен ұлыстар  да бір
биліктің астында жиі болғанымен олар өзінің ішкі бөлімшелерін және қауым
басшылығын жоғалтқан емес, тіпті бұл дәстүрді  қырғыздар (қазақтар – Ж,А.)
осы күнге дейін қатаң ұстайды. Бұрынғы уақытта ел жиындарының кезiнде
Әлiмұлы руларының үлкендiгi қатаң сақталған. Олардың пiкiрi мен шешiмi
Байұлы   мен   Жетiру   үшiн   заң,   ал   ендi   арыз   беруші   Жетiру   мен   Байұлы
руларының   билерiнiң   кесiмiне   ырза   болмаған   жағдайда   Әлiмұлы   билерiне
барып үстінен шағым жасауға болады, олар шешiмнiң күшiн жояды" (122, 4
б.). Қазақ көшпелiлерiне тән саяси құрылымды зерттеп тұсiну үшiн жоғарыда
келтiрiлген тұжырымдар аса маңызды деп санаймыз. 
Қазақ   қоғамында   туыстықтың   жүйе   құрушы   рөлі   әлеуметтік
байланыстырдың барлық жүйелерінің туыстық ұйымдардың қағидаларымен
құрылуында болды. Генеалогиялық сызбалар, аңыздар (шежіре) сондай және
өзге   дәрежеде   оларды   бекітіп   отырды.   Шежіренің   ғылыми   талдауынан


байқалатындай, туыстық қағида шынайы түрде (қандас туыс) негізделгендей
болғанымен,   жалған   мәліметке   негізделіп   те   қалыптасуы   мүмкін.
Туыстықтықтың осы түрін дәлелдеу кезінде міндетті элемент ретінде әр түрлі
аңыздар   түріндегі   қиялдан   құрастырылған   сюжеттер   мен   хикаяларды
қолдану   кездеседі.   Екінші   іс   –   қазақ   қоғамына   әр   түрлі   сословиелеік
топтардың   шоғырлануы.   Шежіре   хандық   әулеттің   құрылуына   /Алаша   хан
және Шыңғыс хан/ негізделген саяси жоғарғы институттардың құқықтарын
бекітетін мәліметтерден тұрады және қауым басшыларының құқықтары мен
артықшылықтарын   дәлелдейді.   Көшпелілердің   саяси   тарихы   біздің
алдымызға   ел   басқарған   әулеттер   мен   олардың   елшілерінің   бір-бірімен
ауысып   отыруы   жөніндегі   көпғасырлық   тарихты   ұсынады.   Дегенмен   де,
әлеуметтік   өмірдің   негізгі   бағыты   қоғамның   туысқандық   тіреулері   және
шынайы орта арасындағы  күрделі қарым-қатынаспен анықталады.  Мұндай
қоғамда   жеке   меншік   жүйе   құру   мүмкін   емес   және   ол   өндірістік   пен
қоғамдық қарым-қатынастың мәні ретінде қызмет ете алмайды.
Көшпелілердің   саяси-құқықтық   қарым-қатынастарының   ерекшелігі
сондай,   егінші-отырықшы   халықтардың   қоғамдық   дамуынан   біршама
алшақтық бірден білінеді. Хандық биліктің пайда болуы және қызмет етуінің
таптық   қоғам   мен   жеке   меншіктің   қалыптасуына   еш   қатысы   болмады.
Көшпелі   қоғамда   тапсыз   мемлекеттің   болуы   айтарлықтай   таңқаларлық
құбылыс емес.   Жерді   ұйымдасып иеленуші қоғамның   малға деген жеке
меншігінің   болуы   мемлекеттің   мәні   азаматтардың   өз   меншіктерін   қорғау
үшін біріккендігінде екенін   ғана білдіреді. Билік табиғатына деген мұндай
көзқарасты     одан   әрі   әдіснамалық   және   операциялы   түрде   жетілдіру
қажеттілігі сөзсіз. 
Көзге   ұрып   тұрған   билік   заңдылығы   (легитимность)   салт-дәстүр
арқылы   бекітіліп,   мемлекеттің   нақты   белгісі   болып   табылатын   әшкере
биліктің бөлінуін қамтамасыз етеді. 
Әдетте   қоғамның   қалыпты   нышанын   (атрибуциясын)   әкімшілік-
басқарушылық ішкі жүйелердің даму дәрежесі бойынша шығарады. Көшпелі
қоғамның   ерекшелігі   ретінде   оның   басталғаннан   бергі   мінездемесін   атап
кеткен жөн: әкімшілік-аумақтық ұйымның, шенеуніктіктің, тұрақты әскердің,
қазынашылықтың және т.б. болмауы. Көшпелі әлеумет өзінің басқарушылық
өлшемдері   бойынша   батыстың   классикалық   мемлекеттену   үлгісінің   қатаң
шеңберіне   сәйкес   келмейді,   сондықтан   да   терминологияда   «ерте   таптық»,
«ерте феодалдық» және т.б. мазмұнсыз сыпайы сөздер пайда болды. 
Қазақ   қоғамының   әлеуметтік   құрылымы     өзге   Орталық   Азия
көшпелілеріне де ұқсамайтын өзгешеліктерімен ерекшеленеді. Қазақ қоғамы
туыстық-құқықтық   белгілері   бойынша   міндеттер   мен   құқықтардың   көлемі
және   атқаратын   әлеуметтік   қызметтеріне   сай   әлеуметтік   қабаттарға
(стратификация) ие. Сонымен қатар, бұл әлеуметтік құрылым сырттай Батыс
пен   Шығыстың   иерархиялық   әлеуметтік   құрылымымен   де   ұқсас.   Басты
ерекшелік   қоғам   ішіндегі   әлеуметтік   байланыстар   экономикалық
қатынастармен   айқындалған.   Соған   қарағанда,   олар   пішіні   туыстық   және


генеалогиялық қарым-қатынастармен ескертілген, жинақталған ортаны еске
салады. 
Өте ерте заманнан бастау алатын (Алаша хан кезеңі) туыстық жүйедегі
қоғамның   ұйымдасуының   базалық   және   шығу   элементтері   Еуразияның
көптеген   көшпелі   және   жартылай   көшпелі   этностарын   біріктіретін   ұзақ
таксономиялық   бағыт   болып   табылады.   Әлеуметтік   мұраттардың
жалпылығы,   шынайы   әлеуметтік   ұқсастық   Еуразияның   түркі-монғол
көшпелілерінің   арасындағы   ұлттық   шекараны   тұрақсыз   етеді.   Әлеуметтік
жоспарда   Еуразияның   барлық   көшпелілері     біртұтас   жүйені,   тірі   және
біріккен   организмді   құрайды.   Сол   әлемнің   ішіндегі   саяси   шекаралар
қажетінше   шартталған,   демек,   этно-әлеуметтік   элементтер   үнемі
конвергенция   үрдісіне   ұшырап   отырған.   Бұл   жазықтықта   Ұлы   дала
көшпелілері империясының кенеттен пайда болуы осымен түсіндіріледі. Осы
құбылыс   көшпелілердің   ұлттық   мемлекеттерінің   рөлін   төмен   түсірмей,
керісінше,   оларға   жаңаша   көзқараспен   қарауға   мүмкіндік   береді.
Көшпелілерде мемлекеттің пайда болуы еш жерде болмаған асқан қолайсыз
қиындықтарды жеңумен келді. Кез-келген көшпелі қоғам көптеген ішкі және
бір-біріне қарсы емес бастамалардан тұрады: ұйымдық және жеке меншік,
қандық   және   туыстық,   потестарлық   пен   саяси   және   басқалардан.   Мұндай
жағдайда   мемлекетке   интеграциялық   бастама   ретінде   бірнеше   туыстық-
тайпалық топтардың қарым-қатынастарын реттеу керек. Негізгі субстраттар
ретінде басым болып тұрған туыстық жүйе, топтық құрылым, бағынышты
қалалық   және   егіншілік   оазистер   қызмет   етті.   Осылардың   бір   саяси
организмде   бірігуі   мемлекетті   құрады.   Мемлекет   субстраттардың   қызмет
етуін бір жүйе ретінде қамтамасыз етеді. Билік субстраттардың күшін реттеп,
оларды мемлекетке айналдырады, «Потестарлық пен саяси ұйым этникалық
үрдістердің   жолына,   сонымен   қатар,   нәтижелердің   бекітілуі   мен
соңғыларына   белгілі   тұрақтылықтың   берілуіне   қатынасатын
этношоғырланған   фактор   болып   табылады»   (95,   118   б.).   Бұл   көшпелі
қоғамдағы мемлекеттің рөлі мен саяси билікке қатысты әділ ескерту. 
Таптық   жүйесіз   құрылған   қоғамдарда   /еуропалық   түсінікте/   билік
мемлекеттің  құрылуының  ең  басты  күші  болып  табылады.  Сонымен  қоса,
мемлекеттік   жүйенің   құрылуының   маңызды   факторларының   бірі   –
политогенез үрдісіндегі адамдардың саналы іс-әрекетінің рөлі. Мемлекеттік
идеяның қалыптасуы, әлеуметтік ұйымның негізі ретінде туыстық-тайпалық
құрылымның   корреляциясы,   қоғамдық   таптар   мен   түрлі   субэтникалық
топтардың орнын және артықшылықтарын анықтау қоғамдық идеологтардың
араласуынсыз өтпейді. 
Кез-келген істегідей, мемлекетте бұрын мемлекеттену идеясы бірінші
пайда   болады.   Қазақтардың   мемлекеттік   идеологиясының   қалыптасуының
негізінде Алаша ханның кіндігінен пайда болған туыстық туралы хикая орын
алды.   Қазақ   хандығының   құрылуы   қарсаңында     көшпелілердің   шығу   тегі
жайындағы осы бір ескі кезеңде қайта пайда болған аңызға жаңа мемлекетке
қажетті атаулы өзгерістер енгізілген. Еуразияның көптеген түркі-монғолдық


руларынан   біріккен,   күрделі   этникалық   құрам   тек   қана   аңызға   айналған
Алаша ханның маңайында ғана құрылуы  мүмкін еді.
Мемлекеттің   пайда   болуы   этношоғырлануға   бағытталған   үрдістерге
итермелеуші   күш   болды.   Бұл   механизм,   біріншіден,   ішкі   статусты
қамтамасыз   етті,   содан   кейін   ғана   қоғамның   игілігі   мен   қалыптасқан
қатынастардың   /генеалогиялық   және   таптық/   тұрақтылығын   қамтамасыз
ететін сыртқы үрдістерді реттеді. Сондықтан да мемлекеттік идеологияның
негізгі   тасымалдаушылары   –   шамандар   мен   молдалар   емес,   жыршы-
жыраулар болды. Жыраулар саяси элитаға /хандар мен сұлтандар/ бір табан
жақын   болды,   олар   халықтың   мемлекетке   адалдығын   арттыру   үшін   керек
болған.   Мемлекеттік   идеяларды   жетілдіру,   билеуші   ханды   мадақтау,
мәдениетті /ата-баба мәдениеті/ ел ішіне тарату - осының бәрі жыраулардың
құзыретінде   болды.   Мемлекеттің   қалыптасуы   және   қызмет   етуінде
көшпелілердің әлеуметтік құрылысы маңызды рөл атқаратыны сөзсіз, бірақ
біз  кездестіргендей,  ол  керемет  аумақтық   және   үлкен  этникалық   құбылыс
ретінде қарастыру үшін өте бұлыңғыр және айқындалмаған. Қоғамның тағы
бір ішкі жүйесі – сана-сезім қалып отыр. Әлеуметтік-мәдени құндылықтар
бірлігінің   шығу   тегінің   жалпылама   түсінігі,   биліктің   алғашқы   құрылуы
кезеңіндегі /саяси орта, таптар және т.б./ жалпы салт-дәстүр мен өмір сүру
салты мемлекетке сана-сезім арқылы жапсарласуы мүмкін, яғни, сана-сезім
интегралдау факторы рөлін атқарады. Соған сәйкес мемлекет бірінші кезекте
құнды   түсініктер   пішінінде   болып   және   сәйкесінше   ішкі   жүйелерге
айналатынын айта кеткен жөн.
Көшпелілердің мемлекеттік қалыптасуындағы этникалық сәйкестік тек
шаруашылық-экономикалық   және   саяси   қарым-қатынаста   емес,   мәдени-
әлеуметтік   бірлікке   негізделеді.   Мәдени-әлеуметтік   бірлік,   өз   кезегінде
біртұтас кеңістік ретінде географиялық және генеологиялық түрдегі ареалдар
мен   көптеген   ордалардан   тұрады.   Осы   ареалдардың   бірінде   мемлекеттік
идеяның   қалыптасуы   мемлекеттің   құрылуының   жалпы   үрдісіне   көптеген
рулар   мен   тайпаларды   тартады.   Енді   бұл   жерде   мықты   генеологиялық
бастама көрінеді, қоғамдық ұйыммен кеңесетін генеологияның қалыптасуы
жүреді. Бір туыстық топтың көтерілгенінен кейін діни және идеялық-саяси
белгісі бар концепцияларымен қасиетті генеология пайда болады. Келесіде,
мемлекет күшейген сайын ол биліктік заңдылықты бекіту қызметін атқарады.
Әр   түрлі   топтардың   бір   саяси   қоғамға   шоғырлану   жолы   аңызбен
түсіндіріледі. Шежіредегі аңыздық сюжеттердің міндеті керемет ұйым құру
болып   табылды.   А.Я.   Гуревич   байқағандай:   «әфсана   (миф)   қоғамдағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   96




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді