Ж. О. Артықбаев тарих философиясынан лекциялар бірінші бөлім Астана, 2018



Pdf көрінісі
бет31/96
Дата23.12.2021
өлшемі0.98 Mb.
#147148
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   96
Байланысты:
Тарих философиясы - Ж.О. жаңасы

суат бар екен. Сол суатқа Жайық бұрын келсе, құланды бықпырт тигендей
қылады   екен   де,   кұлан   бүрын   келсе,   аттырмай   кетеді   екен.   Бір   күндерде
Жайық түннен тұрып, сол суатты бүрын алып: «Құлан, енді келші!»-деп,
тосып жатса, судың ар жағынан бір ел келіп қонып жатыр дейді.  Малы
ылғи құлан дейді. Уық, кереге, шаңырақ- бәрі алтын мен күміс; кигіз орнына
ұстағаны-   ылғи   жібек   пен   торғын.   Қазықтары-   алтыннан,   желі,
тоқпақтары-   күмістен,   желі   арқаны-   жібектен.   Шатырлатып  кұланның
қодығын байлап жатыр дейді. Қу жарғақ Жайық есі шығып,  елеуреп, сірі
тоны   сіресіп,   аузын   ашып   аңқиып,   қадала   қарай   қалып  тұрғанында,   бір
келіншек-қатын сылаң етіп, қасына жетіп келіп:
-Жезде,   амансыз   ба?-   деп,   қарында   көнегі,   қолында   аяғы,   қымызды
құйып   беріп,   көзін   шырадай   жандырып,-   Мен   барып,   шатыр   тіге
берейін.   Балдыздарыңыз   да   келер!-   деп   кетіп   қалды.   Оның   артынан
тойға баратұғын қыздардай жасанып, киім киген қыздар сау етіп жетіп
келіп:
-
Жүріңіз, жезде, шатыр тігілді!-деп, ала жөнелді»,- деп  Құлан-
қыпшақ аталатын тайпаның шығу тегі туралы әфсана осылай басталады (94,
т.6 , 47-49 бб).
  Қазақ   шежіресінің   топтамаларында   негізгі   мазмұн   өзге   де
қызметтерімен   қатар     қаһармандарды   сомдау   үшін   әфсаналауды   баса
пайдаланатыны   белгілі.   Ерлік   сюжеті   адам   өмірінің,   тарихи   уақыт
қозғалыстың   бір маңызды белесі, оның ішіне қаһарманның ерекше болып
тууы, олардың ерлік істері мен әрекеттері т.б. кіреді. Адам атадан басталатын
адамзат   тарихын   суреттеу   барысында   ауызша   дәстүрде   толып   жатқан
қызықты   сюжеттер   кездеседі.   Бір   ерекшелігі   қазақ   шежірелері   белгілі
дәрежеде салыстырмалы материалдарды да қолданады.
Қазақ   шежіресінде     арғы   тек   қызметімен   Алаша   хан   және   Уыз   хан
әфсаналық тұлғалары белгілі. Егер Алаша хан туыстық жүйеде негізгі өзек
ретінде басты қызмет атқарса, Уыз хан тек қана түпкі ата ғана емес, мәдениет
жасаушы   тұлға:   «атамыз   Уыз   екендігі   анық   аталады.   Уыз   арғы   бабам
Түріктен   өзіме   дейін   тоғыз   атағашейін   хандық   үзілмей   келді   деп,   әр
нәрсенің   дара  жасы   тоғыз-тоғыздан  болсын  деп  ырым   қылған  екен.   Сол
үшін   қазақ   жұртында   түйе   бастатқан   тоғыз   мал   байлайды.   Торқалы
тойға   тоғыз,   топырақты   өлімге   тоғыз   бастатып   сый-сыяпат
қылысады...».
Осылайша қазақтың тарихи аңыздарында Еуразияның дала халқының,
әсіресе,   түркі-моңғол   мемлекеттерінің   пайда   болуы   мифтік   Алаша-хан
есімімен   байланысты   қарастырылады.   Қазақтарда   ауызша   тарихи
аңыздардың басты кейіпкері ретінде сақталған Алаша хан тұлғасы ең көне
замандардағы  жылқының қолға үйрету кезеңімен байланысты. Бәлкім, сол
дерек   көзге   сәйкес   Шығыстың   әйгілі   тарихшысы   Рашид   ад-Дин   /ХІV   ғ./
өзінің   шығармасы   «Жәми   ат-тауарихты»   Алаша   хан   туралы   әңгімеден
бастайды. 


Түрік -моңғол тайпаларының тарихи аңыздарын Рашид ад-Дин Хулагу
сарайының шақыруымен келген ұлы қағанның өкілі Болат-чинсаннан жазып
алған.   Ханның   бастамасы   бойынша   даладан   шежіренің   білгір   қариялары
шақырылған. Қазан ханның өзі де тарихи білімімен атақты болды. «Пулад-
чинсанға   түрлі   өнердің   салаларына   қатысты   білімі   жағынан,   түркі
тайпаларының пайда болуы, әсіресе моңғолдар туралы деректері бойынша
бүкіл әлемде тең келер ешкім болмады» (144, Т.1. Кіт.1. 67 б). Осы сияқты
білгір   қария     әсерінен   далалықтардың   тарихи   аңыздары     ежелгі   және
ортағасырлық   тарихтың   ұлы   жинағына   енді.   Рашид   ад-Диннің   пікірінше,
«Түркілер мен моңғолдардың барлық тайпалары мен тарамдары өзара ұқсас
және   алғашында   барлығының   атауы   бір   болған;   алайда   моңғолдар
түркілердің бір санаты  еді және олардың арасында үлкен айырмашылықтар
болды   ...».   Сонымен   бірге,   ол   тарихтың   жылнамаларында   осы   халықтар
туралы   ақпараттың   жеткіліксіздігі   жөнінде   жазған   «көне     жазбаларда
олардың өмірі туралы жеткілікті ақпарат жоқ»: «... Булджа-хан (Алаша-хан)
көшпелі   болған;   оның   жазғы   жайлауы   керемет   үлкен   және   биік   таулар
болып табылатын Ортау  және Казтауы, сол шамада Инандж атты қала
болған.   Булджа   (Абулджа)-хана   қысқы   қонысы   да   сол   маңайда   болған,
(Борсык. – Ж.А.), Какьян и Каракорум (Карақұм. – Ж.А.), оны Каракорум деп
те атайды,  аталатын жерлерде. Осы жерге жақын Талас и Кары-Сайрам
сияқты қалалары орналасқан», - деп жазды Рашид ад-Дин (144, Т.1. Кіт.1.,
80-81 б). 
Кейін Рашид ад-Дин әйгілі Оғыз ханның генеалогиясын Алаша ханнан
алып   шығады   және   түркі-моңғол   тайпаларының   тарихын   құлпырта
баяндайды. Біздің ойымызша, Алаша хан – мифтік және жинақталған тұлға,
бәлкім жасанды да шығар, сол тұлғаның ар жағында   Еуразия даласындағы
ертедегі жылқышылардың алуан түрлі және қызықты өмірі бейнеленген. Бұл
дала   халықтарының   этноәлеуметтік   ағзасының     құрылуының   кезеңі   еді.
Көптеген   зерттеушілердің   ойынша,   олардың   даму   деңгейі   отырықшы
көршілерінен әлдеқайда алда болған. 
Этноәлеуметтік   ағза   ретінде   ежелгі   көшпелілердің   жайылымдары,
шағын көгалдары, аңшылық және балық аулайтын аймақтары, сонымен қатар
миграция   мен   сауда   жолдары   бар   өзінің   территориясы   болды.   Біз   ежелгі
дәуірде   өзіндік   экономикалық   жалпылық     болғанын   атап   кеткен   едік,   ол
еңбектің өзіндік бөлінісіне негізделген болатын /оңтүстікте отырықшылық,
солтүстікте   жартылай   отырықшылық,   орталықта   қозғалыстағы   жылқышы-
аңшылар/. Әрбір тайпа әскери және саяси бірлікті құрайтын.   Бәлкім, түрлі
тайпалар   арасындағы   тығыз   байланыстар   мен   мәдени   біркелкілік  олардың
одағын   біріктіріп,   нығайтқан.   Осы   орайда   С.А.Арутюнов   пен
Н.Н.Чебоксаровтың   аргументтерін   қабыдаған   жөн   болады,   олар   алғашқы
этностарды   рулас   туыстық   негізінде   құралған   халық   ретінде   қарастыруды
ұсынған еді. Біздің ойымызша, бұл біз зерттеп жүрген, басқа аймақтармен
салыстырғанда   потестаризация   мен   интеграцияның   деңгейі   әлдеқайда
жоғары   Еуразия   аймағындағы   Ұлы   даланың   ежелгі   жылқышылықтың
тұтастығына қатысты. 


Әбілғазы баһадүр хан Алаша ханның пайда болуының біршама өзгеше
интерпретациясын береді. Оның жазуынша, Алаша хан – Яфеттің алтыншы
ұрпағы   /Яфет-Түрік-Түтүк-   Илше   хан-   Диб   Бакуй-Киік-Алаша   хан/.
Әбілғазының шығармасында Яфеттің ұлы Түрік бүгінгі күнге дейін сақталған
көптеген   ұлттық   дәстүрлердің   авторы   болып   шығады   Түтүк   «Авеста»
мифтеріндегі алғашқы адам– Кеймарспен /Гайомард/   кезеңдес, ол да түрлі
дәстүрлердің   бастамашысы   болған,   тамаққа   тұз   қосу   Түтіктен   басталды
делінеді (3, 16 б).
Алаша хан туралы тарихшы нақтырақ жазады: «Аланша хан (Алаша хан
–Ж.А.) мемлекетті көп уақыт бойы басқарды. Нұхтан Алаша ханға дейінгі
кезеңде Яфеттің барлық ұрпақтары мұсылман болды, Алаша хан кезінде ...
жағдай   жақсарды,   халық   байыды.   Алайда   ...   пұтқа   табыну   орын   ала
бастады.   Алаша   ханның   екі   егіз   ұлы   болды:   үлкені   –   Татар,   кенжесі   –
Моңғол.   Алаша   хан   қартайған   шағында   өз   иеліктерін   балаларына   бөліп
берді. Екі ағайынды өзара таласпай бақытты өмір өткізді». 
Жалпы   алғанда   шығыстың   атақты   тарихшыларының   Еуразия
белдеуінің Ұлы даласы тарихының ең ерте кезеңі туралы көзқарасы осындай.
Қазақ   дерек   көздері   осы   ақпараттарды   нақтылайды,   ал   кейбір   кездерде
маңызды толықтырулар енгізеді. 
Ауызша   дәстүрдің   қазақ   фрагменттерінде   ежелгі   далалық   этностық
құрылымы  «алаш»,   «алаш   елі»,   «алаш   жұрты»  құрылуы   туралы   сөз
қозғалады.   Кейін,   XV   ғасырда   осы   құрылым  «қазақ»  атауына   ие   болды,
еркін,   даланың   еркін   сүйгіш   тұрғыны   мағынасын   білдіреді.   «Қазақ»
терминінің   осы   түсінігінің   «көшпелі»,   «дала   тайпасы»   терминдері   орнына
қолданылуы   қазақ   шежіресіндегі   жалпы   образды   білдіреді.   Әлеуметтік-
мәдени   параметрлермен   біріктірілген   ежелгі   этникалық   топтар
территориялық   жабық   тұтастықты   білдірмейді.   Бәлкім,   сол   кезеңде
территориялық шекаралар айқын болмаған, ал этникалық құрамы алуан түрлі
және   этникалық   сана-сезім   секілді   этникалық   интеграцияның   базасы
болмауы тән. 
Мифтік-тарихи   материалдар   ежелгі   кезеңдерде   далалықтардың
қауымдарында    ортақ   әскери  ұранның  /Алаш/,  некелік  төлем  мен  кек   алу
заңдары   және   даңқы   бабалар   культі     /Алаша   ханның/   үстем   болғанын
көрсетеді.  Бұл мысалдар оларда бәрінің басын бір жүйеде  қосатын  әмбебап
этноәлеуметтік   ағзаның   болғанын   көрсетеді.   Көптеген   дала   қауымдары   өз
ішінде     жайылымдар   мен   мал   үшін   өзара   келіспеушіліктер   мен   ұрыс-
жанжалдар   болған   күннің   өзінде   де,   жоғарыдағы   көресетілген   ортақ
белгілерге сүйеніп Алаш елдерінің жауларына бірге қарсы тұрды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   96




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді