Ж. О. Артықбаев тарих философиясынан лекциялар бірінші бөлім Астана, 2018



Pdf көрінісі
бет29/96
Дата23.12.2021
өлшемі0.98 Mb.
#147148
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   96
Байланысты:
Тарих философиясы - Ж.О. жаңасы

қазақта   тасқа   таңба   басқандай,     анық   шежіре   жоқ.   «Оқуға   сенген
ұмытшақ»   деп   оқуды   керек   қылмаған.   «Жазуға   сенген   жаңылшақ»   деп
жазуды керек  қылмаған.  Оқу мен жазу жоқтығынан жазылған   шежіре
болмаған. Естігенін ұмытпайтұғын, құлағының тесігі бар, кеудесінің есігі
бар,   ұқпа   құлақ   жандар   болған.   Сондай   жандардың   айтуымен   «кеудесі
хат», «естігені, көргені жад» болған қариялар кейінгіге ауыздан ауыз алып
айтумен үлгі-өсиет қалдырған». 


Дәстүрлі   көшпелі   қоғамда   ауызекі   айтылатын   тарихи-генеалогиялық
білімдердің   иесі   кәсіби   тарихшылардың   ерекше   санаты   болды.   Мұндай
тарихи ақпарат қорының иесінің кейпін Рашид ад-Дин XIV ғасырда бейнелеп
көрсеткен: «...оқиғалар мен хиқаяларды ауызша мазмұндап, бейнелеп беретін
тарихшылардың бір түрі бар, олардың ешқайсысы оны көзімен көрмеген,
екінші бір түрі оқиғаларда ат салысқан, яғни болған тарихшылар, олардың
тарихтары   естігеннен   емес,   өзінің   жеке   бақылауы   нәтижесінде
айтылады...   ақпараттар   ауыздан   ауызға   беріліп   отырса   ол   ғылым
бастауының себебі болады; мұндай тасымалда ешқандай күмән жоқ» (144,
Т.1. – Кіт.1. – 48 б).
В.Юдиннің сөзінше,  ауызша бағыттың  тарихи  ақпараттар  жиынтығы
«Дешті   Қыпшақ   жеріндегі   көшпелілердің   тарихының   тараулары,   яғни
хиқаялар топтамасы  болып саналады. Бұл хиқая-тараулардың арнайы  «кары
сөз» деген атауы болды». 
Қазақ шежіресі, оның ішінде сақталған тарихи-генеалогиялық деректер
от   басынан   бастап   қоғам   құрылымының   ұшар   басындағы   мемлекеттің
басшылығындағы   топқа   дейінгі   әлеуметтік     қарым-қатынастарды   реттеуде
практикалық   қызмет   атқарады.   Көшпелілер   мемлекетінің   өзге   саяси
құрылымдардан   ерекше   көрсететін   өзгеше   белгілерді   тек   генеалогиялық
қарым-қатынастардан   іздеу   керек.   Оның   тікелей   мысалы   әкімшілік-
территориялық мәселелерді рулық қарым-қатынастар инстиутын пайдалана
отырып реттеу.     Қазақ шежіресінде саяси иерархия да, шын туыстық пен
жасанды туысқандық жүйелер бір генеалогиялық жүйені құрады.  Бұл туралы
кезінде   Кеңес   этнография   ғылымына   басшылық   қылған   С.П.Толстов   та
«қанша жерден табиғи түрде өскен тайпаның дәстүрлі құрылымына ұқсап
сырты үйлесімді болып көрінгенімен,  Махмұд Қашқари мен Рашид ад-Дин
жасаған   ата-тек   насаб-намалар   тарихи   жағдайларға   байланысты,   тайпалық
одақтардың   шежіресіне   негізделіп   құрылған   жасанды   конструкция   екені
аңғарылады»   дейді   (159,   c.18).     Сонымен   қазақ   шежіресі   арқылы     шын
туыстық пен жасанды туысқандық   біртұтас генеалогиялық жүйені құрады
және саяси тәртіпке де әсер етеді.  
Қазақ   шежіресі   Ұлы   дала   тарихына   қатысты   тарихи-генеалогиялық
білімдердің қоры  болып табылады. Бұл тұрғыдан келгенде ол тек қана қазақ
халқы   емес,   біздің   өлкемізге   шығу   тегі   қатысты   көптеген   халықтардың
тарихының басты қайнар көзі.   Қазақ шежіресі тек тарихи деректердің көзі
ғана емес, сонымен бірге әкімшілік-территориялық және саяси құрылымды
реттейтін   тетік     қызметін   атқарады.   Осы   себепті   бұл   тақырып   мемлекет
тарихын және басқару жүйесін зерттеуші мамандар үшін аса көңіл бөлетін
бағыт.
Тарихи   шындықты   суреттеу   барысында   қазақ   шежіресі   бірталай
әдістерді, соның ішінде әфсаналық санаға қатысты тетіктерді  де  қолданады.
Әдетте,   біз   әфсана,   немесе   миф   деп   құдайлар   мен   аңыздық   қаһармандар
туралы аңыздар мен жырларды айтамыз. Бірақ қазақ шежіресінен  көне грек
әфсаналарына тән құдайлар пантеоны туралы жаһандық әфсаналарды табу
мүмкін   емес.   Алайда   бұл   тұтас   әфсаналық   құрылымды   өткен   заманның


қаһармандары мен оқиғаларының соңына ілесіп жүрген көптеген таңғажайып
әфсаналық элементтер алмастырады. Қазақ шежіресі өткен заманның тарихи
іс   қимылдарын   сурттеу   барысында   әфсаналық   сананың   бірсыпыра
көріністерін қабылдаған. 
Әсіресе,   әфсана   элементтері   шежіреде   тұлғаны   ұлықтау   үшін   аса
маңызды қызмет атқарады. Бұл дәстүр шамасы өткен заманды баяндайтын
ауызша   дәстүр   жаңа     пайда   болған   адамзат   тарихының   өте   ежелгі
кезеңдерінен   бастау   алады.   Қалай   боғанда   да   шежіре   қашанда   өткен
тарихтың   басты   кейіпкерінің   мықты,   әсерлі,   қасиетті     бейнелерін   жасауға
күш салады. Бұл тек ежелгі заман және ортағасырларға ғана емес, сонымен
бірге кейінгі уақытқа да тән. Жаңа заман тарихының  қаһармандарының бірі,
жазба және ауызша деректер арқылы белгілі тұлға Едіге би бейнесі. 
«Ер Едіге» қазақтың эпикалық жырларының ішіндегі ең таңдаулысы.
Жырдың көпшілік нұсқаларында оқиғалар желісі Баба Түкті Шашты Әзіздің
перінің   қыздарымен   кездесуінен   басталады.   Жырдың   Шоқан   көшірген
нұсқасында  Баба  Түктіні әулие деп атайды, ал жалпы іс қимылына келсек
Ұлы   сахараны   кезіп   жүрген   көптеген   диуаналарды   еске   түсіреді.   Қазақ
аңыздары бойынша Баба Түкті әулие дарияға келсе, алтын шашын алдына
алып тарап отырған қызды көреді. Қызға жақын келгенде қыз суға шомылып
кетеді, әзіз де артынан суға түседі. Дарияның астында алпыс басты ақ отау
тұр екен. Ақыры сол қызға үйленеді, бірақ қыз үш шарт қояды: менің етігімді
шешкенде аяғыма қарама, көйлегімді шешкенде қолтығыма қарама, басымды
жуғанда   шашыма   қарама   деп:  «Күндерде   етігін   шешеді,   аяғы   ешкінің


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   96




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді