Ж. О. Артықбаев тарих философиясынан лекциялар бірінші бөлім Астана, 2018



Pdf көрінісі
бет26/96
Дата23.12.2021
өлшемі0.98 Mb.
#147148
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   96
Байланысты:
Тарих философиясы - Ж.О. жаңасы

жұмыс   істей   білу   ұлы   тарихшыларға   ғана   тән,   солардың   ғана   қолынан
келетін  қасиет деген ұғым осы таяуда ғана өмір сүруін тоқтатты».
Біздің   ойымызша   жоғарыда   келтірілген   П.Томпсон   және   басқа   да
англо-американдық   тарихшылардың   «ауызша   тарих»   ұғымына   берген
анықтамасы   мен   Ян   Вансинаның   «ауызша   дәстүр»   туралы   түсініктері
арасында үлкен алшақтық бар сияқты. Алғашқылары ауызша тарих дегенде
ең алдымен оның халықтығын, яғни демократиялық негізін, қолжетімділігін
меңзесе, Ян Вансина «ауызша дәстүр» ұғымына зерттеушілердің әр біреуінен
табыла   бермейтін,   кәсібилік   деңгейінде   ғана   анықталатын   күрделі
категорияларды енгізеді. Біріншіден, бұл әр түрлі ғұрыптарды, ұрандар мен
титулдарды   жатқа   білу,   қанатты   сөздермен   жеткізу.   Екіншіден,   бұл
географиялық атаулар мен адам аттары. Үшіншіден, тарихи, діни жене жеке
поэзия. Төртінші категория әңгімелер - тарихи, дидактикалық, көркем және
жеке басқа қатысты. Ең соңында, бесінші, әдет-ғұрып заңдары және басқа
тәпсірлер.   Егер   салыстыра   қарасақ   осы   айтылған   мәселенің   бәрі   де   қазақ
шежіресі аталатын ұғымның мәні мен мазмұнын құрайды, сол себепті де, оны
ауызша дәстүрмен теңдестірмеске лаж жоқ. 
Сонымен, еуропалық ғылым өткен тарихты қайта қалпына келтіру үшін
ауызша   дәстүрге   байсалдылықпен   бет   қойды.   Бүгінгі   күні   ең   күрделі
зерттеулер   мына   сұрақтардың   маңында   өрістеуде:   а)   ауызша   дәстүр
қоғамдағы     әр   қилы   идеологиялық,   сонымен   бірге   ресми   мәселелерді
қаншалықты   көрсете   алады,   ә)   ауызша   тарихи   дәстүрге   тән   қарапайым
циклдық,   жабықтықты   қазіргі   күні   барлығымыз   қабылдаған   бір   түзудің
бойындағы жылсанаумен қалай қабат қарастыруға болады, б) кей кейде өте


көне заманның тарихи шындығына негізделген ауызша тарихи дәстүрге тән
аңыздық (әфсана-жыр) тәпсірлеу қосымша дәлелдемелерді керек етеді, егер
ол заман туралы біздің қолымызда аңыз ғана болса, біз басқа дәлелді қайдан
таппақпыз?  Алайда, осы сияқты сұрақтарды тарихтың жазбаша негізделген
дәстүрлері де қояды. Бір сөзбен айтқанда жазба және ауызша тарихтардың
негізгі мәселелері   ауызша дәстүр бойынша белгілі маман Я.Вансина атап
көрсеткендей   өте   ұқсас:   «Ауызша   дәстүрде   біз   қашанда     бір   жаққа
бағытталған және   мүмкіндігі  шектеулі  білімдердің  жиынтығын көреміз,
бұл жазба қайнар көздерге де тән». 
Егер  шежіреге негіздеп қарасақ  қазақ одағына енген тайпалар туыстық
жүйені   пайдаланып   ішкі   иерархиялық   құрылымды   жасаған.   Негізгі   ру-
тайпалар   бір   мемлекетке   бірігу   барысында   Ұлы   дала   белдеуіндегі
мәдениеттің ең ерте кезеңімен сәйкес келетін дәуірге жататын Алаша хан
дәстүрлеріне адалдығын көрсетті.
Бұл   этнос   құрушы   ұғымның     атауының   өзінде-ақ   көнелік     табы
көрінеді.   Алаша   хан   -   мемлекеттіліктің,   түрік-моңғол   әлемінің   тарихының
қайнар бастауы, Еуразиядағы дала әлемі ұлылығының айшықты көрінісі.
ХХ ғ. басында қазақ тарихы туралы тамаша еңбек жазған өлкетанушы
А.П. Чулошников қазақтың  Алаша хан туралы тарихи  аңыздарын  жинақтай
отырып «..ең соңында, қарапайым еш қулықсыз, оны Алланың сүйікті діні –
мұсылмандықпен   байланыстырмай,   оның   атауынан   бір   ерекше   мағына
іздемей-ақ     өз халқының шыққан тегін баян қылатын аңыздар мен қария
сөздер.... Осылар негізінен, көбінесе әфсаналық Алаша тұлғасына қатысты,
қазақтың бірінші ханы туралы айтылатын аңыздар мен қария сөздер біздер
үшін   ең   қымбаттысы   болып   табылады,   себебі   оларда   өзінің   тым   алыс
тарихы туралы баяндайтын халықтық дәстүрі орын алған...» (174, 259 б).
Еуразиядағы   көшпелілердің   ауызекі   дәстүрінде   Алаша   атымен
байланысты   нышандардың   болуы   -   біздің   бұрынғы   заман   тарихын   қайта
қарауымызға   бірден-бір   түрткі   болды.   Біз   ол   жерде   сыртқы   ықпалмен   де,
географиялық   ортадағы   табиғи-климаттық   жағдайлардың   өзгеруімен   де   өз
параметрлеріне  сәйкес келетін бірнеше шартты кезеңді бөліп көрсеттік. Дала
халқының   ежелдегі   тарихын   Еуразия   континентінің,   әсіресе   Шығыстың
этносаяси, кейіннен этномәдени өміріне  белсенді араласып отыру айрықша
бейнелейді.   Дала   тайпалары   /немесе   дегдар   топтар/   Африканың   солтүстік
шеткі   аймақтарын,   Үндіқытайлық   түбек   пен   Атлант   мұхитына   жетіп   Ескі
әлемнің отырықшы-егіншілік аймақтарына дүркін-дүркін баса көктеп кіреді.
Олар ішкері орналасқан алқаптарға өте күшті құрылым жасау мүмкіндіктерін
көрсетті. Дала халқы үздіксіз ықпал жасап отырған аймақтар - Месопотамия,
Шығыс   пен   Оңтүстік   Еуропа,   Солтүстік   Үндістан,   Солтүстік   Қытай   еді.
Қозғалыс барысында күш-қуаттың шоғырланатын территориялары-  Орталық
Азия /Тұран/, Солтүстік Қара теңіз, Жетісу мен Шығыс Түркістан. 
Еуразия әлемінде дала тайпалары қай уақыттан бері үстемділік көрсете
бастағанын     анық   айту   қиын.   Материалдарға   қарағанда   соңғы   бес
мыңжылдықта көшпелілер тұрақты түрде бұл аймақтарға бақташы (пастырь)
болғанын   көруге   болады.   Континенттегі   бұл   үстемділік   көрсету   Ұлы


географиялық   жаңалықтар   дәуіріне   дейін   жалғасты   және   Алтын   Орданың
ыдырауымен біздің ата-бабаларымыз басымдықтан айрылды.  
«Бақташылықты» бізде көшпелілердің отырықшы тайпалардан әскери
тұрғыдан   артықшылығы   ретінде   ғана,   яғни   бір   жақты   түсінеді.   Ол   болса
қайталанбаушылық   пен   жалғаспаушылықты,   яғни   іс-әрекеттің   қысқа
мерзімділігін   білдіреді.   Шын   мәнінде,   үстемділік   пен   билік   кең   арнада
көптеген   аспектілер   бойынша   көшпелілердің   жоғары   деңгейін   білдіреді,
әсіресе, саяси мен рухани өмірдегі басымдылықты да ескерген жөн. Сонымен
қатар, отырықшы өркениет дамыған аймақтарға қоныс аударған және оларды
бағындырған көшпелілер сан жағынан мардымсыз болды.
Қазақ халқының тарихына қатысты деректердің кешенінде XV-XIX ғғ
ауызша дәстүрдің және ұлттық қайнар көздердің алатын орыны аса маңызды.
Қазақтың   және   Ұлы   дала   белдеуін   қазаққа   дейін   мекендеген   қыр
халықтарының   ауызша   шығармашылығының   әр   түрлі   ескерткіштерінде
сақталған аса құнды мағлұматтардың   тарихи өткен шақты қайта қалпына
келтіру мүкіндігі шексіз. Әдеби шығармашылықтың бір саласы және тарихи
жадының   қоры   есебінде   бұл   білімдер   көбінесе   бір   ұрпақтан   екіншісіне
ауызша беріліп отырған. Ауызша шығармашылықтың жалпы нобайы  тарихи
аңыздар мен әңгімелердің   тұтас циклдарын, көпшілікке танымал эпикалық
жырларды,   мақалдар   мен   мәтелдерді,   ал   кейде   тарихи   оқиғалар   мен   оған
қатысушылар   туралы     орынды   айтылған     қанатты   сөздерді   де   қамтиды.
Мысалы   М.Тынышпаев   қазақ   халқының   жадында   қалған   Тоқтамыс   хан
жайлы қызықты бір дүниені жазады «біздің ел Тоқтамысты жамандағанын


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   96




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді