Ж. О. Артықбаев тарих философиясынан лекциялар бірінші бөлім Астана, 2018


лекция ЕЖЕЛГІ ОТЫРЫҚШЫЛЫҚ ОШАҚТАРЫ



Pdf көрінісі
бет23/96
Дата23.12.2021
өлшемі0.98 Mb.
#147148
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   96
Байланысты:
Тарих философиясы - Ж.О. жаңасы

9 лекция
ЕЖЕЛГІ ОТЫРЫҚШЫЛЫҚ ОШАҚТАРЫ
Еуразияның   ұшы   -   қиырсыз   даласында   бақташы   халықтардың   жаңа
қалыптасып   келе   жатқан     одағының   -   Алаш   қауымының   -   өскен     ортасы
қандай болып еді ?  Бұл ең бірінші кезекте  Қосөзен (Месопотамия), Мысыр,
Қытай, Үндістан мен Иран жерлеріндегі отырықшы-егінші қауымдар болды
деп айта аламыз. Осы аталған аймақтарда, әсіресе өзен бойларында, неолит
дәуірінде   егіншілікпен   айналысқан   тұрғындардың   өндірістік   потенциалы
жоғары деңгейде болды. Тіпті сонау б.з.б VIII-VI мыңжылдықтарда Тигр мен
Ефвраттың,   Инд   мен   Гангтың,   Нил   мен   Хуанхэнің   құнарлы   алқаптары
игеріле   бастады.     Осы   аталған   өлкелердің   алғашқысында   б.з.б.   V
мыңжылдықтың соңында иррирагициялық суару жүйесін игерген, алғашқы
отырықшы қоныстарымен белгілі ерекше мәдениет /Убайд/ қалыптасты. Бұл
қауымдарға дамыған қолөнер,  қыш ыдыс жасайтын құралдар, тоқымашылық
және көзге түсерлік  құрлыс өнері тән болды.
Ніл   дариясы   алқабында   өндіргіш   шаруашылықтың   пайда   болуы   сәл
кейінірек   және   б.з.б.   VI   мыңжылдықтың   екінші   жартысымен
байланыстырылады   «бұл   уақытта   егіншілер   мен   малшылардың   әр   түрлі
топтары   өзеннің   сағасынан   бастап   Жоғарғы   Мысырға   дейінгі   кең   алқапта
мекен   етті»   (176,   101   б.).   Таяу   кезеңдерге   дейін   Мысырдағы   өндіруші
шаруашылықтың   пайда   болуы   Алдыңғы   Азиялық   кешеннің   әсерімен
түсіндіріліп   келді.   «Ал   қазір   Азиядан   тараған   шаруашылық   жетістіктері
жергілікті шаруашылық жүйесін түпкілікті өзгерте алмады деп есептеледі», –
дейді Г.Чайлд  (171, 89-91 б.).
Қытай аймағындағы   ежелгі отырықшы және егіншілік шаруашылық
қоғамының   қалыптасу   тарихы   әлі   толық   анықталған   жоқ.   Бұл   сұрақ
Солтүстік-Батыс   Қытайдағы   Яншао   мәдениетінің   пайда   болуы   туралы


мәселемен   байланысты.   Біздің   тарихи   ғылымда   Яншао   мәдениетінің
тамырын   батыстан   іздеу   керек.   (43,   146-151   б.).   Л.С.Васильев   Яншао
мәдениетінің   генезисін   Алдыңғы   Азия   шаруашылық   -мәдени   кешенінің
әсерімен   байланыстырады.   Шығыс   Азияның   егін   шаруашылық   мәдениеті
б.з.б.   V   мыңжылдықтың   екінші   жартысы   мен   IV   мыңжылдықтың   бірінші
жартысына   жатады.   В.А.Шнирельманның   ойы   бойынша,   Хуанхэның   орта
ағысында     «тары   өсіріп,   шошқа   және   ит   ұстаған,   салыстырмалы   түрде
дамыған халық орналасқан». «Еуразиядағы жабайы тарының таралу аймағы
Еуропадан Тынық мұхитына дейін таралған далаға дейін созылып жатыр», -
дейді   В.А. Шнирельман. Таралу аймағы тек тарының жабайы түріне ғана
келеді.   Сонымен   байланысты   тарының   алғаш   қолда   өсіріле   бастаған
болжамды аймағы Қазақстан болып табылады.   
Үндістанның шаруашылығының таралу үдерісі әлі де жеткілікті түрде
зерттелмеген. Б.з.б. V мыңжылдықтың екінші жартысынан бастап Солтүстік
Үндістан   аумағында   /Багор   қонысы/   халық   егіншілікпен   қатар   мал
шарушылығымен де айналысқан туралы деректер бар. Қазіргі археологиялық
зерттеулер оңтүстіктегі   өнімді   шаруашылықтың  пайда  болуна  Инд өзінін
жағалап солтүстіктен келген қоныс аударушылар әсер етті деп мәдениеттің
таралу суретін белгілі бір деңгейде көрсетуге мүмкіндік береді. Ал енді Инд
жағалауына   өнімді   шаруашылықтың   келуі   Азияның   солтүстік-батыс
аудандарымен байланысты деген пікір бар. «Белуджистанның таулы өлкелері
арқылы   Инд   бойына   өндіргіш   шаруашылықтың   иелері   егінші-малшы
топтардың біртіндеп келуі б.з.б. УІІ-ІУ мыңжылдықтың бірінші жартысында
жүрді» (176, с .77-78). Шамасы, дәл осы аталған ерте мигранттар   Хараппа
және   Мохенджо   -   Даро   аталатын   өркениеттердің   негізін   қалап,   солтүстік
Үндістандағы  басқа да ірі  қоныстар мен қалашықтарды  көтерді. 
Жергілікті   егіншілік   қауымдарының     өркениетке   /тарихи-мәдени
жүйелер/ өтуі Шығыстың барлық аймағында бірдей жүрді десек болады. Бұл
жол қарапайым алғашқы эгалитарлық құндылықтардан ішкі этноәлеуметтік
сатыланған иерархиясы  және тиісті коммуникативті байланыс жүйелері бар
күрделі   әлеуметтік   ағазға   өту.   Егерде   олардың   әрқайсына   жеке   қарасақ,
әрине,   ерекшеліктерін   аңғарамыз.     Дегенмен   Шығыстың   жоғарыда
көрсетілген  аймақтарының бәріне де ортақ бір заңдылық – Еуразиялық ұлы
дала   бақташы   мәдениеттерінің   ара   тұра   болып   тұратын,   бірақ   өте   күшті
/құрылым   туғызушы/   ықпалы.     Бұл   қарастырылып   отырған   кезеңде
бақташылық-   барлық   жағынан,   соның   ішінде   материалдық   және   рухани
салада,   керемет   алға   жетелеуші   күш   болатын.   Тарихнамада   бұл   ғажайып
оқиғаларды     талдауда   әжептеуір   тәжірибе   жинақталып   қалды.   А.Вебердің
пікірлеріне   көңіл   аударайық:   «Мұз   басу   дәуірінен   кейін   де,   ориньяк,
краманьон мәдениттерін жасаушы үшінші адам кезеңінде де тарих болған
жоқ...   ол   ақылға   сыйымды   оқиғалар   түрінде   және   сана   соларға   әбден
берілгенде ғана пайда болды.  Бұл сәт, біз, әрине, оны жақсы білеміз,  Римнің
ірге   тасы   қаланған   уақыт   емес,   дегенмен   біз   оны   қазба   жұмыстары   және
басқа да деректер арқылы қаншалықты әрі жылжытқанмен ол сәт алғашқы
жоғары   мәдениеттердің   пайда   болу   уақытымен   сәйкеседі.     Бұл   жоғары


мәдениеттер еуро-азиялық құнарлы алқаптарды мекендеген ең көне   егінші
халықтарды     мал   баққан   көшпелілердің   бағындырып,   мемлекетке
ұйымдастыруымен ғана дүниеге келді» (44, с.306). 
Біздің көзқарасымыз бойынша, ең ерте далалық тайпалардың көші-қон
топтары Алдыңғы Азия елдеріне қарай /Мәуреннахр плацдармынан/ бағыт
алды. Содан сәл кейінірек  көшпелі елдер Солтүстік-Батыс Қытайды /Ханхэ
алқабы/ жаулады, тек сосын Үндістаннның /Инд бойы/ кезегі келді.  Шамасы,
жобалап   қарасақ   далалық   жауынгер   топтардың   басы   жинақталып,   жүйе
құрып,   күш   жинап   алатын   бірнеше   плацдармдары   болған.   Осындай
орталықтарда күштің одан арғы концентрациясы жүрді, жаңа құрылым пайда
болды   және   ары   қарай   жылжу   идеологиясы   қалыптасты.   Оңтүстік-батыс
бағытқа  қатысты  біз Иран  таулы қыратын көш жолында тұрған  плацдарм
ретінде қарастырамыз, содан кейін – Аму және Сыр жағалаулары /Окс және
Яқсарт-   Мауреннахр/,   ал   енді   оңтүстік-шығысқа   қарай   бас   қосатын   жер
-Ауған   таулары   /қазіргі   уақытта   Өзбекстан   мен   Тәжікстанның   оңтүстік
аудандары,  бұл аңыздарда айтылатын Жиделі-Байсын/; Қытай  бағытында
жылжитын болса – Шығыс Түркістан, Алтайдың оңтүстік тау бөктері, Ертіс
бастауы және т.б., ал Еуропаға аттанғанда – Солтүстік Қара теңіз далалары
және Солтүстік Кавказ плацдарм есебінде қызмет етті. 
Бақташы  тайпалардың   көшіп-қондары  нәтижесінде   екі  шаруашылық-
мәдени жүйе қосылып,  қауымдардың үстінен қарайтын әлеуметтік құрылым
пайда   болады.   Осы   әріптестіктің   негізін   бір   жағынан   отырықшы-егінші
орталықтарда   қалыптасатын   басы   артық   мол   өнім,     екінші   жағынан
бақташылардың   жасаған   саяси   механизмі   құрады.   Бақташы   тайпалар
қоғамдық дамуға рулық ұжымға негізделген туысқандық және насабнамаға
сүйенген   өзін-өзі басқару жүйесі сияқты қызықты жаңалықтар әкелді. Бұл
ұйымдасу   қоғамда   әркімнің   тең   құқылы   екенін   көрсетіп,   сонымен   қатар
тұлғалардың   абыройын   ескере   отырып,   еңбегі   мен   шығармашылығын
қорғауды   қамтамасыз   етті.   Рулық   ұйымдасу   тұлғаның   дамуына   және
шығармашылығына   кепіл   болды.   Еуразия   даласының   бақташы
қауымдастықтарында   қалыптасқан   азаматтық   қоғам   тәртібі   отырықшы
егіншілдер мен қолөнершілердің   қауымдық   өмір сүру дағдысымен қосыла
келе ерекше тіртіп пен құрылым туғызды.   Ол мықты әкімшілік билікпен,
мемлекеттік   меншікпен,   жоғары   билікпен,   сонымен   қатар   жеке   меншік
жерімен сипатталады. Әдетте марксистік әдебиетте осындай түрдегі қатынас
Шығыстың   ежелгі   қоғамында   «өндірістің   азиялық   әдісі»   деп   аталады.
К.Маркс: «бұл жағдайда  тәуелділік саяси және экономикалық формалармен
шектеліп,   барлығы   да   мемлекеттің   меншігі   болған   соң   аса   қатал   түрде
болады   деуге   келмейді.   Мемлекет   бұл   жерде   жердің   жоғары   иегері.
Суверенитет бұл – ұлттық масштабта жинақталған  жерге меншік. Бірақ бұл
жағдайда ешқандай жеке меншік жер  болған жоқ...» (116, 482 б.).
Міне,   осы   ерекшелік   өз   болашағын   далалық   мал   баққан   жауынгер
тайпалардың   әлемімен   ылғи   да   орайластыра   жоспарлауға   мәжбүр
Шығыстың көне өркениеттерінің басты белгісі. Бақташылар қоғамдарында
пайда болған саяси жүйе Шығыстың қауымдық тіршілігіне орнығады және


мемлекеттік   өркениетті   туғызыады.   Бұл   симбиозда   бірнеше   мың   жыл
қатарынан   (шынтуайтында   ХV   ғасырға   дейін)   құрылым   құрушы   қызметін
атқарған Еуразия далалық халықтарының ерік-жігері жетекші рөл атқарады.
Екі   әлеуметтік-мәдени   жүйенің,   яғни   егіншілер   мен   далалықтардың
байланысының   екінші   нәтижесі   урбанизация   үдерісінің   үдеуі   өз   кезегінде
қалалық орталықтардың пайда болуына әкелді. Урбанизация  егіншілерді де,
сонымен   қатар   бақташыларды   қызықтырды.     Нәтижесінде   екі   мәдени-
шаруашылық   жүйенің   жапсарында   /маргиналдық   территорияларда/     сауда
және қолөнер орталықтары есебінде қалалар пайда болды, содан кейін олар
діни,   әкімшілік   орталықтарына   айналды.   Шығыстың   ерте   урбандалуы   екі
мәдени жүйенің тікелей әсерінен болды деп айта аламыз.  Бақташы тайпалар
мен олардың саяси элитасы тарапынан саудаға, айырбасқа деген ынта мен
құлшыныс,   әсіресе,   қолөнер   бұйымдарына   деген   тапсырыс   қалалық
орталықтардың жылдам өсуіне ықпал еткен басты фактордың бірі.
Қазіргі   археологиялық   зерттеулер   көрсеткендей,   Үндістанға
бақташылар   мен   егіншілер   неолит   дәуірінде   солтүстіктен   келді.   Көптеген
материалдық мәдениет нышандары,  соның ішінде қола өндірісі, қала салу
өнері, суландыру жүйелері, Месопотамиядағы дамыған Шумер мәдениетімен
сәйкестіктерді жүргізуге мүмкіндік береді. Әрине, Шумер мен   Мохенджо-
Даро, сонымен қатар Орталық Азияның мәдени ошақтары арасында тығыз
сауда қатынастары болды. 
Біз   жоғарыда   жазғандай,   Хараппа   және   Мохенджо   -Даро     сияқты
дамыған қалалық мәдениеттер тек сауда жолдарының бойында ғана пайда
болуы мүмкін. Месопотамиядағы Ур храм-қаласының бірінші билеуші әулеті
заманына   /б.з.б.   ХХV   ғасырлар   маңы/   қатысты   жерлеу   ороындарынан
табылған   заттар   ежелгі   мәдениет   орталықтарының   арасында   сауда
қатынастары   ерекше   орын   алатынын   сипаттайды:   ол   жерде   Үндістанның
алтыны мен лағыл тасынан жасалған моншақтар, Солтүстік Ауғанстандағы
Бадахшан   шақталарынан   алынған   лазурит   дүниелер   бар.   Ур   Үндістанға
аттананатын басты айлақ болатын. Шумердің ұзын тростник бөренелерінен
жасалған   және   табиғи   асфальт   жағылған,   матчталарына   шиден   тоқылған
қалың   желкендері   бар   биік   тұмсық   кемелері   Парсы   шығанағын   жағалай...
және одан әрі Үнді мұхитында жүзіп жүрді» (80, т.1, с.60).
Әкімшілік-сауда   орталықтардың   пайда   болуының   өзі   қала   өмірінің
қажетін   өтеуге   арналған   /бірінші   кезекте   –   әкімшілік   қызметкерлерді,
абыздарды, әскерилер мен қолөнершілерді тамақпен қамтамасыз ету/   егін
аймақтарының   кеңеюіне   әкелді.     Сонымен   қатар,   Еуразия   даласы
тайпаларының   Үндістан   тарапына   одан   да   ертерек     кіргенін   болжауға
болады. Бұл жерде біз Инд өзені бойындағы б.з.б. ІІІ мыңжылдыққа қатысты
ескерткіштерді   айтып   отырмыз.   Қалалық   өркениеттің   көне   қабаттарынан
қазбалар   барысында   табылған   жазу   үлгілері   әлі   де   оқылмағандықтан   бұл
өркениетті солтүстіктен келген мигранттрамен байланыстыру қиындау.
Ежелгі Қытай тарихы жазба /тасбақа сауытының арқасына жазылған
жазбаларды қоса/ және археологиялық көздерге өте бай. Қытай өркениеті,
Шығыс Азияның мәдени-тарихи дамуына зор ықпалын тигізген, ең басынан


жазба өркениеті болды.   Б.з.б. ІУ-ІІІ мыңжылдықтарда Солтүстік Қытайда
бірнеше   неолиттік   кешендер   қалыптасты.   Олардың   ішінде   негізінен   Вэй
өзенінің   бойында   және   Хуанхэ   өзенінің   Янцзыға   дейінгі   орта   ағысында
тараған Яншао кешені ерекше. Бұл жерде түрлі-түсті кермаика. Жартылай
отырықшы, бірақ суармалы емес егіншілік /тары өсіру/ және жануарлардың
бірталайын қолға үйрету (шошқа, ешкі, қой, ит, тауық және мүйізді ірі қара/
неолиттік   Яншао   мәдениетінің   басты   белгілері   болып   табылады   (42,   т.1,
с.145).
Қытайдың мемлекеттік тарихы Таяу Шығыспен бір уақытта басталды.
Бір   қызығы,   ең   ерте   мәдениет   Қытайдың   солтүстік-батысында,   Хуанхэ
өзенінің бассейнінде, Еуразияның далалық халқымен тоғысқан жерінде пайда
болды.   Осыған   байланысты   мамандар   Яншао   мәдениетін   /керамика,   дәнді
дақылдар, малды қолға үйрету/   осыған ұқсас батысқа қарайғы өлкелердің
мәдениеттерімен салыстыра зерттеуді ұсынады. Шамасы, батыстан бақташы
топтардың   көшіп   келуі   және   орнығуы     кезең-кезеңімен,   біртіндеп   жүріп
ғасырларға мен мыңжылдықтарға жалғасқан сияқты. Бірақ қалай дегенмен
бұл   аймақтың   материалдық   мәдениетіндегі   іргелі   өзгерістер   тек   солар
әкелген сыртқы әсермен түсіндіріледі.
Ұлы   даланың   шаруашылық-мәдени   жүйесінің   барлық   құрылымын
маргиналды   аймақтарсыз   түсіну   мүмкін   емес.   Олардың   қатарына
Қазақстанның   қазіргі   оңтүстігі   /Түркістан-Ташкент   оазисі/,   Сырдария   мен
Әмударияның төменгі жағы /Хорезм/,  Жетісу /Шығыс Түркістан/, Еділ және
Солтүстік   Қара   теңіз   жағалаулары   кіреді.   Бұл   жерлерде   негізінен   егін
шаруашылығымен,   қолөнермен   және   саудамен   айналысқан   отырықшы
халықтар   өмір   сүрді.   Бұл   маргиналды   аймақтарда   ерте   замандардан   бері
ғұрыптық     және   басқа   да   орталықтарымен   әр   түрлі   діни   дәстүрлер   пайда
болды.   Маргиналдық   белеудің   тұрғындарын   көшпелі   аймақтармен   қарым-
қатынастың   көптеген   түрлері   байланыстырды.   Таризъхтың   кейбіңр
кезеңдерінде даланың ішкі аудандароында да отырықшылық ошақтары пайда
болып отырғаны да белгілі.
Сөйтіп, шаруашылық-мәдени кешен әр түрлі шаруашылық қызметтің
формаларының   әрекеттесуі   және   бірін-бірі   толықтыруы   нәтижесінде
көпсалалы болып құрылды. Жоғарыда айтылған аймақтар әрқашан Ұлы дала
билеушілерінің   қарауында   болды.   Тарихтың   кейбір   өтпелі   кезеңдерінде
көшпеліліер   элитасының   ықпалы   аталған   территориялардан   алысқа   қарай
шығып кетіп, Шығыс пен Батыстың орталық жерлерін де қамтыды.
Маргиналды   аймақтар   халықтың  тығыз   орналасуымен   және   нарыққа
байланғандығымен   ерекешеленді.   Бұл   қалалардың   дамуы   мен   гүлденуі
тікелей   егіншілер   мен   малшылардың   бейбіт   сауда   қатынастарына
байланысты болды. 
Бұл аймақтарда  халықтың саны тікелей көшпелілердің тұрақты түрде
отырықшылануы   арқасында   өсті.   Осы   мәселеге     байланысты   көрсетілген
аймақтарда әртүрлі өтпелі жағдайдағы топтар кездеседі. Олардың бірталайы
отырықшы аймақтарда көп тұрғандықтан, біртіндеп өздерінің генеалогиялық
байланыстарын   және   рулық   аттарын   жоғалта   бастаса,   екіншілері   ортақ


шаруамен айналысса да өздерінің байырғы көшпелілік негізін   ұмытпайды.
Жалпы   ассимиляция   деңгейі   көп   жағдайда   седентаризация   деңгейімен
анықталады.  Егер біз бұл аймақтардағы  басым  тенденция туралы айтатын
болсақ   онда   генеалогиялық   байланыстардан   көрі   территориялық-көршілік
жүйенің  басым екенін ескерткеніміз жөн.
Көшпелі   халықтың   толастамай   келе   беруіне   және   маргинализация
үдерістерінің   біртіндеп   жүруіне   байланысты,   сонымен   қатар   көшпелі
көршілерінің ылғи да жүріп отыратын ықпалы арқасында   оларда тәуелсіз
саяси   және   этникалық   қоғамдардың     қалыптасуы   толық   дамымай   қалды.
Саяси   тұрғыда   маргиналды   аймақтар   көшпелі   мемлекеттердің   билігіне
тәуелді   болды,   одан   да   зоры   осы   аймақтардағы   жекелеген   қалалар   мен
қоныстар   көшпелі   мемлекеттер   мен   империялардың   орталығы   ретінде
қызмет жасады. 
Маригиналды   аймақтардағы   қалалар   мен   елді   мекендерді   полис-
қалалар деуге болды. Бұл мәселені Шығыс Түркістан, Оңтүстік Сібір, Еділ
жағалауы,  Тәшкент-  Түркістан   аймақтары   және  Құрама  мысалында  /ХУІІІ
ғасыр/ көрсетуге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   96




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді