Ж. О. Артықбаев тарих философиясынан лекциялар бірінші бөлім Астана, 2018



Pdf көрінісі
бет22/96
Дата23.12.2021
өлшемі0.98 Mb.
#147148
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   96
Байланысты:
Тарих философиясы - Ж.О. жаңасы

доместикациялаудан   көрі   қиындау,   себебі   ол   адам   ақылы   мен   жігерінің
бағыныштылықты   көтермейтін   материалды   жеңген   жемісі.   Басқаша
айтқанда, бақташы – егіншіге қарағанда анағұрлым айлалы болуы керек»
дегені пікірі назар аударады   (158, 185 б.).  
Жылқышылықтың пайда болу тарихы туралы Д. Бентлидің «б.з.б. 4300
жылдары адамдар алғаш рет жылқыны үйретті, ал б.з.б. 4000 жылдары олар
өзінің аттарына салт міне бастады»  деген батыл пікірі де көңіл аударарлық.


С.П.Толстов   көшпелілердің   Орта   Азиялық   қалалық   мәдениеттің
қалыптасуында қомақты қызмет атқарғанына назар аударады: «Тек  көшпелі
малшылар   мен   егіншілер   арасындағы   «алғашқы   елеулі   еңбек   бөлінісін»
ескеріп қана, ежелгі Орта Азия экономикасының негізгі екі бағыты  -далалық
мал шаруашылығы мен оазистердегі егін шаруашылығының ортасында пайда
болған   және   дамыған   ортаазиялық   қалалардың     сол   байланыс   арқылы
гүлденгенін түсінуге болады»,- дейді автор  (160, 275 б.).
Ежелден   бұл   өлке   тұрғындары   бір   жағынан   отырықшы   егін
шаруашылығымен,   екніші   жағынан-   көшпелі   мал   шаруашылығымен
байланысты.   Бақташылық   ежелгі   кезеңнің   мәдени-шаруашылық   кешенінің
маңызды құрама элементі болып табылады. 
Бірінші   мыңжылдық   тарихы   бірнеше   шаруашылық   формаларының
оңтайлы   үйлескенін   көрсетеді.   Шамамен   сақ   дәуірінде   қалыптасқан
шаруашылық-мәдени   жүйе     байырғы   түркі   кезеңінде   жаңа   сипатқа   және
ерекшеліктерге   ие   болды.   Осы   кезең   аралық   тарихи   уақыттың   нәтижелі
мысалы   ретінде   –   Мәуереннахрдың   және   оған   жапсарлас   аймақтардың
түркіленуін айтуға болады. Бұл халықаралық негізгі сауда трассасы – Ұлы
Жібек жолының дамыған және гүлденген кезең. 
Ұлы даланың шаруашылық- мәдени жүйесінде Мәуреннахр байырғы
түркі  заманында   да,   оның   алдындағы   кезеңдерде   және   кейінгі   уақыттарда
ерекше орын алды.  Ал Сырдария бойы Ұлы даланың көшпелі қауымдарын
егіншілік   өнімдерімен   және   қолөнердің   керек-   жарақтарымен   қажетті
мөлшерде   қамтамасыз   етуде   стратегиялық   маңызға   ие.   Оның   үстіне
көшпелілерге трансконтитнентальді жолдарды бақылау экономикалық және
саяси   тұрғыдан   өте   үлкен   пайда   әкелді.   Мәуреннахр   территориясында
Шығыстың ішкі аудандарына бағытталған алапат көші-қондар дайындалды.
Тіпті   Сырдарияының   оңтүстік   жағындаңғы   жерлер   көшпелілердің   Ұлы
даланың шетсіз-шексіз төсінде бойға біткен көші-қон белсенділігі  ұрығының
дамитын   жері   деп   айтуға   болады.     Осы   жерлерде   мигранттар   белгілі   бір
құрылымға   келіп   және   өміршең   энергиямен   күшейіп     отырықшы
өркениеттердің орталықтарын жаулап алуға аттанды. Бұл жағынан келгенде
Мәуреннахрды Ұлы даланың өзіндік плацдармы деуге келеді. 
  Бізде жинақталған   материалдар дала аймағының жан-жағында   Ұлы
даланың   шаруашылық-мәдени   жүйесіне   кіретін     бірнеше   шартты   және
автономды   аймақтар   болғанын   айтады.   Бұл   жүйенің   ішіндегі   мал   баққан
бақташылар мен отырықшы қауымдарын   бір-біріне қарсы қоюға деген кез
келген талпыныс дұрыс емес және зерттеушіні қате жолға бастап кетеді. Ұлы
даланы   Орталық   Азия   оазистерінен     жеке   және   оқшау   көрсетуге   еш
болмайды,   ал   оны   оған   бағынышты   аймақтарға   қарсы   қою   үлкен
қателіктерге   душар   етеді.   Осы   аймақтардағы   отырықшы   егінші   қауымдар
/әсіресе қала тұрғындары/ мен далалық малшылар арасындағы болатын қара-
қайшылықтар     жүйенің   ішкі   мәселелсі   болып   табылады.   Түсінген   адамға
біздің тарихшылардың қаламынан туған, дала тұрғындарын ылғы да жаулап
алушы   және   жауыз   етіп   және   олардың   шапқыншылығынан   оңтүстік
егіншілерін   зардап   шегеуші   қылып   көрсететкін   картиналар   шындығында


келгенде объективтіліктен  ауылы алыс. Қарап отырсақ, оңтүстік, одан басқа
да   субрегиондар   бұл   шаруашылық-мәдени   жүйенің   ішінде   көшпелілердің
өзінен көрі көбірек пайда табады.
Еуразияның   шаруашылық-мәдени   жүйесінің   негізгі   компоненті   –
ежелгі және орта көшпелі мал шаруашылығы – жаңа замандағы көшпелі мал
шаруашылығымен салыстыра   қарағанда күрделі және алапат үлкен болып
келеді.   Біздің   қазіргі   тарихнамадағы   өткенді   бағалауда   ретроспекциялық
әдістерді   қолдану   шындыққа   сай   нәтиже   бермейді.   Көшпелілердің
материалдық   мәдениетінде   бірнеше   белгі   /знак/   элементтер   ежелгі
мәдениеттің тегеуріні мен ерекшелігін көрсетуге мүмкіндік береді. 
Арба   және   мыс   қазан   –   орта   ғасыр   көшпелілерінің   жиі   кездесетін
қолөнер туындылары есебінде олардың тіршілігінің тұрақтылығы мен нақты
бағытта   маманданғанын   көрсетеді.   А.Х.Марғұлан   «араба-тұра
(жылжымалы   арба   үстіндегі   үй)   жартылай   отырықшылыққа   тән   үй-
жайдың өзіндік формасы» деп санады (109, 13 б.).
Ибн   Баттута   Алтын   Орда   көшпелілеріне   жасаған   сипаттамасында:
«Дешті и- Қыпшақта   әрбір қатын   алтын жалатылған күміс,  не әдемі
боялған   ағаш   бастырмасы   бар   араба-   тұрамен   (арба   үстіндегі   үй-жай-
Ж.А.)   жүреді.   Арбаны   сүйретіп   бара   жатқан   жылқылар   алтын
жалатылған   жібек   жабынмен   жабылған»   …   /араба/   сырты   түгелдей
жалтылдаған   көк шұғамен тартылған, оның есік-терезелері ашық тұр»,-
деп жазады  (149, 292 б.).
Ибн Баттута бір көште жоғарыда айтылған     әдемі арбалардың тізбегі
жүзден бесжүзге дейінгі санды қамтиды дейді.  Даланың еркін тайпаларының
одақтары   қаз-қатар   араба-тұрамен   көшкенде   сырттан   келген   адамдар   таң-
тамаша   қалып   отырған.   Қазақтың   ХVІ   ғасырдың   басындағы   осы   сияқты
көші-қонын     «Бұхарадан   келген   қонақ»   Фазлаллах   Рузбехани   да   жарқын
сипаттаған.   Қазақ   халқының   (Қыз   Жібек-Төлеген»   сияқты   эпикалық
жырларында   кездесітен   XIV-XVII   ғасырлардағы   тұрмыстық   ерекшеліктері
көне дәуірлерден келе жатқан жарқын суреттемелерді еске түсіреді.
Плано   Карпини   Алтын   Орда   көшпелілерінің   екі   түрлі   үй-жайы
болғанын   айтады:   «Олардың   ордалары   дөңгелек,   шатыр     тәрізді   және
жіңішке   таяқтар   мен   сырғауылдардан   жасалған.   Жоғары   жағында
дөңгелек терезе бар, одан жарық түсіп тұрады және үй-жай ортасындағы
ошақта жанған оттың түтіні де содан шығады. Қабырғасы мен төбесі
киізбен қапталған, кіріп-шығатын есіктері де киізден.  Ордалар адамдардың
әлеуметік жағдайына байланысты кейде тым үлкен, не кішкентай болды.
Олардың кейбіреулері жылдам жиналады және түйеге теңдеп артылады,
ал кейбіреулерін жинау қиын, сол себепті олар ылғи да арба үстінде» (139,
24 б.). Карпини сөздеріне қарағанда бұл сияқты араба-тұраларға «үш, төрт
және одан да көп» өгіздерді жегеді.  
Рубрук   те   жоғарыда   сипатталған   араба-тұраның   алапат   үлкендерін
суреттейді:    «олар мұндай  үйлерді үлкен жасайтыны  сонша, олардың ені
кейде отыз футқа /304, 8 мм-Ж.А./ дейін жетеді... мен бір жолы бір араба-
тұраның екі доңғалығының ізздерінің арасын өлшеп едім 20 фут болды, ал


енді оның үстіндегі үй дөңгелектен сыртқы қарай кемінде екі жағынан да
бес футтан шығып тұрады». Мұндай үлкен араба-тұраны екі қатар болып
жегілген 22 өгіз тартып келеді. Сонымен жүздеген араба-тұрамен көшіп келе
жатқан ауыл   ақырындап қозғалады. «Олардың жүрісі қозының, не өгіздің
жылдамдығындай,  сондай ақырын қозғалады»,-  дейді Г.Рубрук  (139, 81 б.).
Осы сияқты ортағасырлық деректерге сүйеніп Ә.Х.Марғұлан  «Талдан
жасалған   және   жылдам   бұзуға   көнбейтін     үйлер,   сөз   жоқ,   көшпелілердің
жылдам және жеңіл киіз үйлерінен ерекше, өзінің ауырлығымен жартылай
отырықшы   мәдениетке   тән   үй-жайлар   түріне   келеді»   (109,   14   б.).
Зерттеушінің материалдарына қарағанда Қазақстанда ескілікті араба-тұрадан
қалған атаулар жиі кездеседі, олар Сыр бойындағы Қаңқа, Жайықта – Қырық
арба, Нұраның төменгі ағысындағы, Ұлытаудағы (Орда қонған), Обаған өзені
бойында бар. Ә.Х.Марғұлан пікірі бойынша «Араба-тұра тарихын қаузаған
уақытта Сыр бойындағы ең ескі қала Қаңқа қызықтырады, шамасы, араба-
тұралардың   қатарынан   шыққан   атау   болуы   керек,   оның   -қаңқа-   аталатын
тарихы да  бұл мәселеге еш күмән қалдырмайды»  (109, 14 б.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   96




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді