Ж. О. Артықбаев тарих философиясынан лекциялар бірінші бөлім Астана, 2018



Pdf көрінісі
бет20/96
Дата23.12.2021
өлшемі0.98 Mb.
#147148
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   96
Байланысты:
Тарих философиясы - Ж.О. жаңасы

Қаракеңгір,   Жездікеңгір,   Құдайберді   деген   жерлерге   барып,   ірге   теуіп,
салық салыңдар. Ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен ел болуды, жұрт
болуды ойлаңдар. Күндердің күнінде осы бала хан болады. Сендер қараша
боласыңдар. «Хан әділ болса, қарашасы табанды болса, қара жерден кеме
жүргізеді деген»,-  деп батасын беріп, жүргізіп жіберіпті.
Бұл жорықшылар Қаратаудан асып, Шу мен Сарысудан көктей өтіп,
Майқы   бидің   айтқан   жеріне   келіп,   ұйқыны   бұзып   жылқы   алды,   күймені
бұзып қыз алды. Көш елді көш жөнекей алды, ереуіл елді отырған жерінде
шапты.   Өз   алдына   мал   малданып,   жан   жанданып   үйлі-баранды   болды.
Сатусыз   дүние,   қалыңсыз   қатын   ала   бастаған   соң,   ел   болмасқа   немене,
жұрт болмасқа немене ?!».
Шежіре Ұлы даланың мемлекет құру кезеңіне қадам басқан шағы, яғни
«ел болу, жұрт болу» туралы баяндайды.  Қазақ тарихының ең көне қайнар
көзі болып табылатын бұл аңыз тек түркі-моңғол халықтары ғана үшін емес,
сонымен   бірге   үндіеуропалықтардың   атасын   анықтау   үшін   де   маңызды
деректер  бар.  «Алаш» ұранына  қосылмағанды  әкең  де  болса  ұрып жық»,-
деген   қанатты     сөз   мемлекет   болудың   қағидасы.   «Алаш»   мемлекеттілік
ұраны,   мемлекет   мүддесіне   үшін   өзіңнің   туған   әкең   де   болса   аяма   деген
мағынада. Бұл тақырыпқа біз әлі де бірнеше рет оралатын боламыз.
Бізде   ежелгі   дәуірде   тіршілік   еткен   далалық   тайпалардың
шаруашылық үдерісітері, қоғамдық өміріндегі сан қилы өзгерістері туралы
қорытынды жасау үшін нақты материалдар жеткіліксіз. Бірақ,  Қазақстанның
орталық   бөлігін   мекен   еткен   тайпалар   б.з.б.   ІІ   мыңжылдықтың   басында
оңтүстікте   Орта   Азияның   отырықшы-қалалық   өңірімен,   ал   солтүстікте
Жайық-Ертіс   өзендерінің   арасындағы   жартылай   отырықшы   жылқышы
қауымдарымен тығыз байланыста мал шаруашылығы, егіншілік және жоғары
дамыған металлургиянының басын қосып кешенді шаруашылықты жүргізді
деген   пікірдеміз.   Аң   аулау   мен   жылқы   шаруашылығынан   жартылай
отырықшы   кешенге   өту   халық   санының   өсуімен   және   ірі   мәдени
құндылықтардың пайда болуымен қатар жүрді. 
Қазақстанның
 
орталық
 
аймақтарындағы
 
тайпалардың
шаруашылығындағы өзгерістер ең алдымен, климаттың құрғақшылығының
артуымен тікелей байланысты жүрді. Б.з.б. ІІІ мыңжылдықтың соңында-ақ
далалық   аймақта   «құрғақ   және   ыстық   ауа-райы   /ксеротерм/     тұрақталып,
зональды   ландшафтың   ауысуы   150-200   шақырымға   жетті»   (75,   с.172).
Көптеген   өзендер   құрғап,   жағалау   террассалары   кеуіп,   көл   деңгейлері
төмендей   бастады.   Мекен   еткен   жердің   құрғақшылыққа   ұшырауы
Қазақстанның   далалық   бөлігінің   халқының   алдында   табиғат   соққысына


қарсы   басқа   бір   адекватты   жолды   іздеуге   мәжбүрледі.   Біздің   ойымызша,
кешенді шаруашылыққа көшу осы дағдарыс кезіндегі ең тиімді шешім болып
табылады. Б.з.б. ІІ мыңжылдықтың алғашқы жартысында Ұлы даланың қола
мәдениеті   барынша   гүлдеп,   өз   потенциалының   апогейіне   жетті   /қола
дәуірінің  кешенді шаруашылығының ең ірі ошақтары қазақ жерінің шөлейт
және   шөлді   аймақтарында   орналсқан/.     Бұл   мәдениет   біртіндеп   жақын
оналасқан орманды дала алқаптарын, отырықшы аймақтарды, маргиналдық
аудандарды қамтып кеңейе түсті. Мәдениеттің орасан дамуының жақсы бір
көрсеткіші   ірі   қоныстар   (протоқалалық   өркениет),   алпауыт   қорғандар   мен
культтік құрылыстар, металлургиялық орталықтар, әлеуметтік дамудың биік
деңгейі.   Қазақстандық   қола   мәдениеті   Еуразиялық   масштабтағы     жарқын
құбылыстардың бірі. Металлургия мен мал шаруашылығының дамуы қоғам
өміріндегі   ірі   өзгерістерге   және   қоғамдық   еңбекте   өнімділіктің   еселеп
артуына, арнайы мамандануға алып келді. 
Екінші   жағынан,   халықтың   далалық   өзендердің   бойларында
тығыздалуы, тамақ мәселесінің шешіліп, тоқшылықтың және қауіпсіздіктің
артуына   байланысты   керемет   демографиялық   өсуге   мүмкіндік   берді.   Өз
кезегінде   дала   тайпаларының   белсенді   миграцияларын   да   осы   жағдаймен
түсіндіруге болады. Біздің ойымызша, бұл үдеріске Жайық-Ертіс аралығы,
яғни   Солтүстік   Қазақстан   жерін   мекендеген   жылқышы   тайпалар   көбірек
қатысқан сияқты. Солтүстік Қазақстандағы Ботай сияқты энеолиттік қоныста
жүргізілген археологиялық қазбалар жергілікті тұрғындардың дағдарысты екі
түрлі қабылдағанын көрсетеді: «Халықтың бір бөлігі, жылқыларын көбірек
сақтағандары,     осы   Ботайға   ұқсас   жайылымдарды     іздеп   көшіп   кетті...,
халықтың екінші бөлігі дәстүрлі шаруашылық-мәдени жүйені сақтай алмай
әлеуметтік құрылымы деградацияға түсті. Олар шағын отбасылық қауымдар
болып өзен бойларына орнықты. Осы кезеңде амал жоқтықтан тағы да балық
аулау мен аңшылық күшейді» (75, с.176-177).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   96




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді