Ж. О. Артықбаев тарих философиясынан лекциялар бірінші бөлім Астана, 2018



Pdf көрінісі
бет16/96
Дата23.12.2021
өлшемі0.98 Mb.
#147148
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   96
Байланысты:
Тарих философиясы - Ж.О. жаңасы

«Бұл   наурыздама   той   болып,   қай   заманда   басталған   жұмыс?
Жоғарғы   жақта   сөйленген   Нұх   пайғамбар   еркегі,   ұрғашысы   араласып,
сексен қаралы жолдаспен кеме жасап мініп, алты ай,  он күн суда  жүзіп, су
тартылып,   кемесі   Қазықұрт   тауына     кез   болып,   соған   тоқтап,
құрғақшылық   көріп,     қара   жерді   басқан.   Біреудің   әкесі,   біреудің   баласы,
біреудің бауыры, туысқаны қырылып қалып, «салт атты, сабау қамшылы»
болып судан шыққан. Тышқандай сүмірейіп шыққан соң,  тамақтарынан ас
жүрмеген:
- Енді біз тірі болғанда, неменеге жараймыз?!- деп,   уайым-қайғыда
болған. 
Сонан   соң     бір   үйретуші   табылып,   арақ   жасап   ішкен.   Арақ
ішкен соң: «Ішкен мас, жеген тоқ, уайым да жоқ, қайғы да жоқ»- бұрынғы
күннің   жаманын, жақсысын ұмытқан. Өздерінің аман қалғанына қызық,
мереке,   той   жасаған.   Сөйтсе,     сол   күнде   ай     есебімен   санағанда,
«Мұхарамма»   айының    оны   екен   де,    жұлдыз   есебімен   санағанда,   күннің
хамале   бір   уәжібіне   кірген   күні-   бірінші   хамале   болып   табылған.   Нұх
пайғамбардың тұңғышы- «Сам»  деген баласы. Ғараб (араб),  Ғажам - сол
Самның ұрпағы. Біреуі ай есебін ұстап, жыл басын: «Мұхарамма» - деп
санап,  оның оны: «Ғашура күні»- деп, мейрам қылып ұстап қалған.  Біреуі -
Ғажам  жұрты, бұл жұлдыз есебін ұстап: «Бірінші хамале - жыл басы» -
деп,  мейрам қылып ұстап қалған. Мұның ұстап қалған күні число есебімен


марттың     тоғызына   дәл   келіп,   қыс   пен   жаздың     аударыс,   төңкерісіне
тұпа-тура, дәлме-дәл шыққан. Мұны біздің қазақ: «Бұхар есебі»- дейді. Бұл
есепті біздің   қазақ   жұрты орысқа   қарағанша, аумай, жаңылмай ұстап
келген.     Ай   да   –   он   екі,   жыл   да-   он   екі.   Он   екі   жылдың   басына   он   екі
хайуанды   ие     қылған.   Оған   ат   қойып,     айдар   таққан.   Жыл   деген   өзі-
диірменнің белағашындай айналып тұратұғын нәрсе. Жер де айналады, Көк
те айналады, Ай да айналады, Күн де айналады, күндіз, түн де айналады.
Сол   айналатындығынан:   бірінің   соңынан   бірі   келіп   тұрады.   Жыл   да
солардай   айналады.   Жылдың   белағашында   он   екі   шабақ   бар.     Он   екі
шабақта   он екі тақ бар.   Он екі тақтың әрбіріне   бір жуан ие отыруға
жиырма жетінші жылдың  жиырма екінші мартта  жүріс қылып жүрген
жорықшы күн хамале бір уәжіне енді. Бірінші хамале болып,   қоян таққа
мінді.   Сонан   бері     қарай:   «қоян»-деп,   газетке   жазылып   жүр.   Дәнемеге
жарамас, есепке кірмес. Оның аты неге жазылады? Оның жыл  билегендігі,
іске  жарағандығы сол, жұрт қоянша қорқақ болып, шөптің басынан өрген
қойдай,   тек   желп   етіп   жел   тұрса,   үрейі   ұшып,   зәресі   кетіп:   «Ал,   жұт
болады!»-   деп   былшылдайды.   Жұт   түгіл,   дәнеме   де   болмайды.   Қоянның
қорқақ қылып айтқызып тұрғаны.   Және қоян жылды кісі өмірінде үрей,
қояндай қорқақ келеді. Енді келер алдымыздағы жиырма сегізінші жылдың
мартының жиырма екінші күні жыл  белағашы айналып, қоян тұрған тақ
астына   ұлу таққа отырады. Бір жылға сол   ие болады.   Сонда бұрынғы
отырған астына кетіп,   оның орнына екінші тақ үстіне   шыққандығын-
жандыда-   балық   біледі,   жансызда   Самарқанның   көк   тасы   біледі.   Балық
білетұғындығын   сонан   байқаған.   Наурыздама   той   қылатұғын   жұрттың
патшалары тірі балықты көп қылып ұстатып алып,  бір керсен суға салып,
көптің   алқасына     қойдырады.     Отырған   көп   әлеумет     сол   балықтарға
көздерін тігіп қарап отырады. Бір мезгілде балық біткен  бірі қалмай теп-
тегіс шалқасынан жата қалады. Қарындары жарқырап, лезде   балықтар
аунаған  жағынан екінші жағына қарай аунап түседі. Сонан соң патшалар
барабан соқтырады: «Ескі  жыл шықты, жаңа жыл келді!»- деп. Сегіз күн
ұдайымен қол астына қараған жұртқа   той, тамаша береді: «Жаңа жыл
тойы!»- деп. 
Жиырма   тоғыз   жасымда   Бұхарай-Шәрифте   Ғабдалахыд   ханның
наурыздама  тойының сегіз күн ішінде  болдым.  Ұдайымен  жүремелете  үш
кісіні     жыққанға     бір   шапан   бәйге,   дәл   сегізінші   күн:   «Мазар   Шариф»-
деседі. Қожа Баһауалдин әулиенің   басындағы   хауызға қант төгіп, суды
қант татытып, жұрт жабыла ішіп, «той тарқар» болады. Біздің қазақ
жұрты  үлгіні сол Бұхара  жұртынан алған екен. «Орысқа қарамай тұрған
күнінде  қазақтың наурыздамасында болған той, мереке қызығы Бұхар мен
Қоқанда да болмаған!»- десіп сөйлейді. Қайда атақты асқан бай бар болса,
наурыздаманы сол байға қылдырады екен. Үйсін   Төле билердің заманында
наурыздаманың қадір-құны астан, тойдан ілгері  болады екен» (94, 8 т. 49-55
бб).  
М.Ж. Көпейұлы пікірінше  бұл өте ерте дәуір, оның аңыз мәтінен берер
алдында «Естіген құлақтың жазығы жоқ» деп ескертуі де осыны нұсқайды.


«Құрттай   бала   күнімізде   жарапазан   айтатұғын   шалдар   айтып   жүруші
еді, -дейді тарихшы,-   Нұх пайғамбар дарақтан кеме пішкен, Ол кеменің
тақтайын тышқан тескен,- деп. Бұл менің естіген сөзім». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   96




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді