Ж. О. Артықбаев тарих философиясынан лекциялар бірінші бөлім Астана, 2018



Pdf көрінісі
бет13/96
Дата23.12.2021
өлшемі0.98 Mb.
#147148
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   96
Байланысты:
Тарих философиясы - Ж.О. жаңасы

5 лекция
ӨНДІРУШІ ШАРУАШЫЛЫҚ
Орта   Азиядағы   Джейтун   мәдени   кешеніне   енетін   өндірістік
шаруашылықтың ерте ескерткіштері (Копет Даг) б.з.б. VII ғасырдың екінші
жартысы   мен   VI   ғасырдың   басымен     мерзімделеді.   Копет   Дагтың   таулы
аймақтарында   бұл кезде   ешкі мен қойлар  жайылса, оазистерде  бидай  мен
арпа егетін танаптар  болған (133, 102 б.).
 Түркіменстан территориясындағы шаруашылық тарихына байланысты
әдебиеттерге шолу жасай келе, А.Оразов былай деп жазады: «Қолдан жасаған
суландыру   жүйесін   қолданған   ежелгі   егін   шаруашылығы   мәдениеті
Түркіменстанда Орта Азияның басқа облыстары мен КСРО-ның еуропалық
бөлігіне қарағанда   б.э.б. VI мыңжылдықтарда   пайда болған.   (133, 39 б.).
Түркіменстандағы үй жануарларының ең ежелгі сүйек қалдықтары /Дам-Дам
Чешме-2/ б.э.б. VII мыңжылға жатады. 
Дегенмен, археологтар бұл аймақта жылқының пайда болуын б.э.б. ІІ
мыңжылдықта деп атап көрсетеді. Осылайша, Азияның дәстүрлі отырықшы
территориясында жылқы қола дәуірінда пайда болған дейміз. Түркіменстан
террториясындағы   өндірістік   шаруашылықтың   пайда   болуы   жалпылама
алғанда Орталық Азияның оңтүстік аудандарына да тән.  
Қазақстан   территориясы   кей   мамандардың   пікірінше
/В.А.Шнирельман/ өндіруші  шаруашылықтың қосалқы ошақтарына жатады.
В.А.   Шнирельман   былай   дейді:   «б.э.б.   VII   -   мен   IV   мыңжылдықтардың
алғашқы жартысында өмір сүрген Шығыс Еуропалық далалық ошақтар өте аз


зерттелген. Жергілікті егін шаруашылығы неолит дәуіріне жатуы мүмкін деп
жорамалдауға болады» (176, c.108). Өкінішке қарай, осы тақырыпқа арналған
арнайы   әдебиеттерде   қазақ   жері   өндіруші   шаруашылықпен   тікелей
байланыста қарастырылмайды.   Біздің ойымызша, Қазақстандық аймақтарды
қосалқы   ошақтар   қатарына   жататын   Шығыс   Еуропалық   аймақтармен
салыстыруға     болмайды.   Еуразия   құрылығында   жылқыны     қолға   үйрету
энеолит   дәуірінде   Ұлы   далада   бірінші   рет     іске   асқаны,   Алаш,   яғни
жылқышы қауымдарының сол кезде қалыптасқаны күмән келтірмейді. 
Әрине,   Қазақстан   территориясындағы   өндірістік   шаруашылықтың
қалыптасу   үрдісіне   доместикацияның   ежелгі  ошақтары,   мысалы,   Алдыңғы
және   Орталық   Азияның   тікелей   әсері   болған.   Дегенмен,   қолда   бар
материалдар бұл жөнінде абайлап айту керектігін көрсетеді, себебі тікелей
куәгерлік қылатын деректер жоқ. 
Теориялық жағынан бұл мәселе ХХ ғасырдың басында талантты якут-
саха   ғалымы  Г.В.   Ксенофонтовптың     «Борьба   быков   и  коней   (важнейшие
этапы   кочевого   быта)»   мақаласында   көтерілген   болатын.   Автордың
айтуынша,   адамзат   өркениетіне   жетекші   болған   және   өте   қиын   іске
саналатын   жылқыны  қолға   үйрету,   адамдардың   сиырды     қолға   үйретудегі
жинаған  үлкен тәжірибесіне сүйенгені сөзсіз.  Г.В. Ксенофонтовтың сөзімен
айтсақ: «Бұқа, арба, ұсталық, ат, ер тоқым, үзеңгі, садақ пен оқ, найзалар,
қылыш, қанжар, қалқан-міне бүкіл Ескі құрылықта халықтардың ұлы қоныс
аударуларына,   этностардың   араласуына,   сонымен   бірге   әфсаналық
аңыздардың,   астрономиялық   түсініктердің,   халықтық   фольклордың,   әдет-
ғұрыптарда байқалатын ортақтығына және ұқсастығына қызмет еткен негізгі
материалдық-техникалық факторлар. Бұл жерде өзінен өзі күн сәулесіндей
радиустармен   ортақ   және   бірегей   мәдениет   тараған   кең   байтақ   далалық
алқаптың   орталықта   ұтымды   орналасқанын   есепке   алу   керек.   Көшпелі
тұрмыс   егер   бір   жерде   гүлденсе,   ол   әрине   Памирдің   шыңында   емес,   мал
өсіруге   қолайлы   кең   байтақ   далада   болды.   Көне   Кавказдың   таулы
шатқалдары   да   малшылық   мәдениеттің   ошағы   деуге   келмейді.   Таулар
ғалымдарды тек бір себептен қызықтырады, ол жерлерде адамзаттың баяғыда
өтіп   кеткен   мәдениет   үлгілері   қыстырылып   қалады   да,   сол   жерден
адамзаттың мәдениеті басталғандай иллюзия туғызады» (93, 270 б.). Біздің
ойымызша бұл жерде қыр өңірінде шумер, хет, үндіеуропалықтар мен орал-
алтай   т.б.   халықтардың   аталары     мекен   еткен   заман   туралы     сөз   еткен
орынды. 
Еуразияның   сахара-   далаларын   Г.В.Ксенофонтов   бақташылықтың
жалпыәлемдік   орталығы,   кіндік   деп   сипаттады.   Таулар   тек   өткен
өркениеттердің   сынықтары   қуыстарында   сақталған   соң   ғана   ғалымдардың
назарын   өзіне   аударады,   олар   өткен   мәдениеттердің,   жалпы   адамзаттың
бастауларының негізін құрайды деген иллюзия пайда болады.   Еуразияның
шалғынды   кең   даласын   Г.В.Ксенефонтов   жалпы   резервуар   ретінде
қарастырып, ол жерден радиус бойынша жалпы және жеке мәдениеттердің
сәулелері әлемге тарады деп есептеді.


Сөз жоқ, мал өсірумен айналысатын тайпалардың негізгі шаруашылық
көзі жылқы өсіру болды.  Қазақ аңыздары мен әртүрлі сенімдерге қарағанда,
далалық тайпалар сиырларды жылқыларға карағанда ертерек қолға үйреткен.
Мүмкін,   осы   материалдарға   сүйене   отырып,   доместикация   процесіне
алдыңғы азиялық орталықтардың әсерін дәлел қылуға болады. «Сиыр  мен
жылқының айтысы» деген қызықты атауы бар аңызға сүйенсек: « Алғашқыда
қазақтарда   тек   қана   сиырлар   болды,   жылқыны   олар   білмеді;   бұқалардың
мүйізі мен құйрықтарын сәндеп,  оларға  төре мен байлар еш намыстанбай
мініп   жүретін   еді.     Сиырлардың   мұрындарынан   бірдеңе   аға   бастағанда,
адамдар Құдайға  тілек айтып, осы тілекпен желден жылқы пайда болады.
Жерден   аспанға   шаң   көтеріліп,   табын   келе   қалды.   Адамдар   сиыр   мен
жылқыны жарыстырғанда, сиыр озып кетіп, жылқы артта қалып қойды. Екеуі
де шаршап су ішкісі келді. Сиыр суырдың ініне бірінші болып жүгіріп келіп:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   96




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді