Ж. Д. Рапишева, Е. Е. ТҮйте, Ж. У. Есинбаева қазақ тілінің стилистикасы

Loading...


Pdf көрінісі
бет9/11
Дата13.04.2020
өлшемі1.31 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

 
2-тапсырма
Үзіндіден  ауызекі  сөйлеу  стиліне  тән  тілдік  бірліктерді 
табыңыз.  
 
–  Бонапарт  –  француз  деген  елдің  патшасы.  Олардың 
күшті  әскері  болған,  бұл  соның  командирі.  Немене,  балаң 
Бонапарттай болса тақияңа тар қыла ма? 
–  Тарлық  қылмайды  ғой,  -  деп    күмілжіді.-  Бірақ,  тым 
шетел  екен.  Осы  өзіміздің  совет  мәмләкәтінен  сол  сияқты 
ешкім жоқ па? 
– Бар,- деді осы ауылға алғаш орысша боқтауды үйреткен 
қазақтың тұқымы.-Котовский бар, Шорс бар, Чапай бар. Бірақ 
олардың бәрі қойылып жүр. Біз ешкімде жоқ жаңасын алайық. 
– Тым шетел екен-ау... 
–  Несі  бар  шетел  болса!  Ұлттық  тар  шеңберде  қалмай 
кеңірек, биігірек ойлау керек. Олар да біздің аттарымызды алып 
жатыр ғой. 
– Қандай аттарды? 
–  Бүкіл  әмірика  мен  ағылшын  елін  алып  қараңдаршы, 
Конрад деген фамилиядан аяқ алып жүре алмайсың. 
– Конрад? 
– Иә, Конрад! Ол кәдімгі біздің руымыз! 
– Қоңырат па? 
–  Енді  қалай?  Қоңырат!  Қияндағы  бір  елдер  бізді  сыйлап, 
руымызды  фамилия  қылып  алып  жатқанда  біздің  томаға 
тұйық  жатқанымыз  ұят  емес  пе?  Олар  да  ел,  олар  да 
мәмләкәт. Бонапарт та бір елдің азаматы. Есіте қалсаұрпағы 
қуанар,  естімесе  аруағы  разы  болар  (Д.  Исабеков  Екі  томдық 
таңдамалы шығармалар. –Алматы: Жазушы, 1993.–496 б.).  
 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
101 
3-тапсырма:  
Төмендегі 
берілген 
сөйлемдерден 
жергілікті 
тіл 
ерекшелігіне  тән  сөздерді  тауып,  олардың  дұрыс  әдеби 
баламаларын көрсетіңіз. 
 
Жазып алайын, ісімің кім болады. Сен әнді айтқанда, сөзін 
кәте  айтады  екенсің.  Әлен  қырық  екі  қарыпты  бітіргенде, 
газет-журналды  өздігінен  оқитын  болады.  Басыма  тұмағым 
тар  келіп  жүр.  Жаңғыз  жүре  алмаймын.  Ұлымның  жақсы 
оқуына  шәксіз  сенемін.  Кәртәйіп  келе  жатырмыз  ғой.  Мен 
іштеңке  де  білмеймін,  қандай  әңгіме  сұрайсыңдар  (Х.Кәрімов 
«Қазақ диалектологиясы»). 
 
4. Іс қағаздары мәтінін стилистикалық талдау 
 
Сұрақнама: 
1.Ресми-іс қағаздары стилі дегенімізді қалай түсінесіз? 
2. Ресми құжаттардың түрлерін атаңыз. 
3.  Ресми-іс  қағаздары  стилінің  лексика-фразеологиялық 
және грамматикалық құралдарын анықтаудың негізгі белгілері 
қандай?   
4. Ресми-іс қағаздары стилінің тілдік белгілері қандай? 
 
1-тапсырма:  
Төмендегі 
ресми-іскери 
стильге 
тән 
клишелерді 
пайдаланып мәтіндер құрастырыңыздар. 
Нормативтік актілерге сәйкес; басқа жұмысқа ауысуыма 
байланысты;  отбасы  жағдайыма  байланысты;  денсаулығыма 
байланысты;  кезекті  демалыс;  кезектен  тыс  демалыс;  өз 
өтініші  бойынша  жұмыстан  босатылсын;  зейнеткерлікке 
шығуына  байланысты  жұмыстан  босатылсын;  материалдық 
көмек  беру;  кепілхатқа  менің  қатысуым  кезінде  қол  қойылды; 
мерзімінде  қайтаруға  міндеттенемін;  көшірме  дұрыс; 
бекітемін;  бұйырамын;  осы  анықтама  ...  оқитынын  растау 
үшін  берілді;  қабылдансын;  рұқсат  етілсін;  ...жарамсыз  деп 
табылсын;  
 
 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
102 
2-тапсырма: 
Арыз,  өтініш,  өмірбаян,  түйіндеме,  мінездеме,  ұсыныс, 
сұраным,  акт  т.б.  ресми-іс  қағаздарының  түрлеріне  жеке-жеке 
тоқталып, олардың бір-бірінен өзіндік ерекшеліктерін атаңыз. 
Мысалы үлгі: 
 
  Академик Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ 
                     ректоры, профессор Е.Қ.Көбеевке 
                          филология факультеті күндізгі бөлім  
       КО-21 тобының студенті 
                                         Жакулаев Әділден 
 
 
ө т і н і ш 
 
Отбасылық  жағдайыма  байланысты  оқу  ақысының  50 
пайызын  2011  жылдың  желтоқсан  айының  1-не  дейін  төлеуді 
ұзартуыңызды сұраймын. 
 
                                                Өтініш жазылған күн 
 
                                  Студент қолы 
 
 
3-тапсырма: 
Төменде 
берілген 
мінездемеге 
назар 
аударып, 
стилистикалық талдаулар жасаңыз. 
 
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік 
университеті 
филология факультеті қазақ тіл білімі кафедрасының  
аға оқытушысы, ф.ғ.к. Е.Е. Түйтеге  
 
М І Н Е З Д Е М Е 
 
Жасы  28-де.  Педагогикалық  өтілі  –  6  жыл.  2005  жылы  осы 
университеттің  филология  факультетін  «қазақ  тілі  және 
әдебиеті,  шет  тілі»  мамандығы  бойынша  үздік  дипломмен 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
103 
бітірген  соң,  қазақ  тіл  білімі  кафедрасында  оқытушы  болып 
қалдырылды. 
2005  жылы  10.02.02-қазақ  тілі  мамандығы  бойынша 
аспирантураның  күндізгі  бөліміне  түсіп,  2008  жылы  аяқтады. 
Осы  жылдан  бастап  қазақ  тіл  білімі  кафедрасында  оқытушы 
қызметінде  жұмыс  істейді.  Орыс  және  француз  тілдерін  еркін 
меңгерген. Компьютермен пайдаланушы деңгейінде жұмыс жасай 
алады. 
Е.Е.Түйте  «Когнитивті  лингвистика»,  «Тіл  біліміне  кіріспе», 
«Ахметтану  бастамалары»  т.б.  пәндерінен  дәріс  оқып, 
практикалық  сабақтар  жүргізеді.  Сабақтарына  әрдайым 
лингвистика 
ғылымының 
жаңалықтарын, 
иновациялық 
технологияны қолданып отыруға тырысады.  
Студенттік 
кезінен 
университетте 
өткен 
ғылыми-
теориялық,  ғылыми-әдістемелік  конференцияларда  баяндама 
жасап,  бірнеше  мақаласы  жарық  көрген.  Факультеттің, 
кафедраның  қоғамдық  шараларына  жауапкершілікпен  қатысады. 
Кафедра бойынша тәрбие жұмыстарына жауапты. 
Е.Е.Түйте  –  студенттер  алдында,  кафедра  ұжымының 
алдында  ізденушілігімен,  еңбекқорлығымен  танылған  оқытушы, 
өзіне де өзгелерге де қатаң талап қоя білетін білікті педагог. 
Кандидаттық  диссертациясының  тақырыбы  бойынша  әр 
түрлі 
деңгейдегі 
ғылыми-практикалық 
конференцияларға 
қатысып,  баяндамалар  жасады.  Сегіз
 
мақаласы  конференция 
материалдарында  жарық  көрді.  Сонымен  қатар  ҚР  БҒМ  білім 
және  ғылым  саласындағы  бақылау  комитетінің  тізіміндегі 
басылымда  алты  ғылыми  мақаласы  жарияланды.  1  оқу-
әдістемелік  кешені,  1  оқу-әдістемелік  нұсқауы  жарық  көрген. 
Жалпы 
23-тен 
аса 
ғылыми, 
бірнеше 
публицистикалық 
мақалалардың авторы. 
Ғылыми  зерттеу  жұмысы  бойынша  2009  жылдың  30 
маусымында  Астана  қаласының  Л.Н.Гумилев  атындағы  Еуразия 
ұлттық  университеті  жанындағы  Д  14.29.02  диссертациялық 
кеңесінің мәжілісінде «Адамның психикалық жай-күйіне қатысты 
лексиканың  құрылымы  мен  семантикасы»  атты  тақырыпта 
кандидаттық диссертация қорғады. Е.Е.Түйте 2009 оқу жылынан 
бастап  қазіргі  уақытқа  дейін  филология  факультеті  деканының 
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқаруда. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
104 
Е.Е.Түйтенің  қызметтік  міндеттерін  орындау  сапасының 
жоғары  екендігін  ескере  отырып,  оны  байқаулық  лауазымға 
лайықты деп есептейміз. 
 
Қазақ тіл білімі кафедрасының  
меңгерушісі                                                 Мажитаева Ш.М. 
 
Факультет деканы                                     Әбдуов М.І. 
 
14.10.2010 
 
4-тапсырма: 
Өз  өмірбаяндарыңызды  жазып,  стилистикалық  талдаулар 
жасаңыздар. 
 
5. Ғылыми мәтіндерді стилистикалық талдау 
 
Сұрақнама: 
1. Ғылыми стиль дегеніміз не? 
2. 
Ғылыми 
стильдің 
лексика-фразеологиялық, 
грамматикалық құралдарын анықтаудың жолдары қандай? 
3.  Ғылыми  стильге  тән  стилистикалық  коннотация 
беретін тілдік бірліктерді атап көрсет. 
4.  Ғылыми стильдің негізгі сөздік  қоры  болып  табылатын 
терминдерге сипаттама беріңіз. 
1-тапсырма: 
1.  Берілген  мәтіннен  ғылыми  стильдің  негізгі  белгілерін 
тауып, ондағы термин сөздердің жасалу жолдарын түсіндіріңіз. 
 
Сұрыптаудың  екі  әдісі  белгілі.  Олар:  жаппай  және  жеке 
сұрыптау. 
Жаппай  сұрыптауды  көбінесе  айқас  тозаңданатын 
өсімдіктермен  жұмыс  жүргізуде  пайдаланады.  Бұл  кезде 
егістіктегі  өсімдіктердің  бір  немесе  бірнеше  қажетті  
сыртқы,  яғни  фенотиптік  белгілері  бойынша  үлкен  бір  тобын 
таңдап  бөліп  алып,  келесі  жылы  қайта  отырғызады.  Көрінген 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
105 
белгісі    бар  өсімдіктер  тобын  тағы  бөліп,  осылайша  бірнеше 
ұрпақ бойы қайталап жаппай  сұрыптау жүргізу арқылы дұрыс 
нәтижеге қол жеткізуге болады. Бірақ бұл әдістің кемшілігі  – 
алынған  жаңа  іріктемелердің  генотиптері  әркелкі  болуы 
мүмкін. Мұндай жағдайда келесі  ұрпақтарда  ажырау жүріп, 
іріктеменің  құдылығы  төмендейді.  Сондықтан  уақыт  өткен 
сайын сұрыптауды қайталап отыру қажет.  
Жеке  сұрыптау  өсімдіктердің  таза  салаларын  алу 
мақсатында  жүргізіледі.  Ол  үшін  бірнеше  қайтара  өздігінен 
тозаңдандыру  жүргізіп,  әрдайым  тиімді  белгісі  көрінген  жеке 
дараны  бөліп  алып  өсіреді.  Мұндай  өсімдіктен  алынған  ұрпақ 
барлық  гендері  бйынша  бірте-бірте  гомозиготалы  жағдайға 
көшеді,  яғни  генотиптері  біркелкі  таза  салалар  (линиялар) 
пайда  болады  (Тіршіліктану,  10-11  сыныптарға  арналған 
оқулықтан). 
2-тапсырма: 
Мәтіннің ғылыми стильде жазылғандығын дәлелдеңіз. 
 
Жарық жылдамдығын алғаш рет 1676 жылы дат ғалымы 
О.Ремер  өлшеді. Ремер астроном болған, оның өлшеген жарық 
жолы – өте ұзақ болды, табысқа жетуіне де себепші болған да 
сл  еді.  Ол  жол  –  күн  жүйесіндегі  планеталардың  ара 
қашықтығы. 
Ремер  күн  жүйесіндегі  ең  үлкен  Юпитер  планетасы 
серіктерінің  тұтылуын  бақылады.  Юпитердің  жерден 
өзгешелігі сол, оның он серігі бар. Ремер олардың ең жақынын – 
Ио  серігін  бақылады.  Ол  Ионың  Юпитер  алдынан  қалай 
өткенін, содан кейін оның көлеңкесіне кіріп, көзден қалай ғайып 
болғанын көрді. Содан соң ол лезде жарқ еткен шам тәрізденіп, 
қайта көрінді. Осы екі от алудың уақыт аралығы 42 сағат 28 
минутқа тең болып шықты. Сөйтіп, бұл «ай» әрбір тең уақыт 
аралығында  Жерге  сигнал  жіберіп  тұратын,  үлкен  аспан 
сағаты болып шықты (Физика-астрономия оқулығынан). 
 
 
 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

106 
3-тапсырма: 
Термин сөздер мен атау сөздерге 10 мысалдан келтіріңіздер. 
Олардың  айырмашылығы  неде?  Қай  стильге  тән  қолданыстар 
екендігін анықтаңыздар. 
4-тапсырма: 
Төмендегі  мәтін  үзіндісінен  ғылым  тілі  лексикасын 
құрайтын сөздерді (жалпы қолданыстағы сөздер, жалпы ғылыми 
сөздер, терминдік қабаттар) анықтаңыздар. 
Нейтрон  мен  ядроның  әсерлесу  қимасының 
σ(ε) 
энергетикалық  спектріне  резонанстық  сипат  тән.  Әр 
резонансқа массалық саны А+1-не тең (А – бастапқы ядроның 
массалық  саны)  құранды  ядроның  қозған  күйі  және  қозу 
энергиясы сәйкес  келеді. Қозу энергиясы нейтронның ядродағы 
байланыс  энергиясы  ε
байл
  мен  ε
0
.А/  (А+1)  шамасының 
қосындысына  тең,  мұдағы  ε
0
  қиманың  резонанстық  мәніне 
сәйкес  келетін  нейтронның  кинетикалық  энергиясы.  Резонанс 
маңында құранды ядроның эффективтік қимасы Брейт-Вигнер 
формуласымен сипатталады: σ
к
=πλ
2
n
  g  Γ

Γ / [ (ε + ε
0
)
2
+  Γ
2
/4],
мұндағы λ
n
n
 – нейтронның де-Бройль толқынының ұзындығы; g
– бастапқы  және  құранды  ядролардың  спиніне  және
жұптылығына  тәуелді  статистикалық  фактор,  Γ  – 
резонанстың  толық  ені.  Соңғы  шама  қозған  күйдің  өмір  сүру 
уақытына  τ  =  h/  Γ  қатынасымен  байланысқан.  Әр  түрлі 
ядролар үшін τ ~10
-14 
-10
-18
  c.  Құранды  ядроның  белгілі  ранамен 
ыдырау 
ықтималдығы 
сол 
арнаның 
 
парциалдық 
еніменанықталады.  Күйдің  толық  ені  арналардың  парциалдық 
ендерінің  қосындысына  тең:  Γ=  Γ
n
+  Γ
γ 
+  Γ

+...,  ал  i  анасы 
бойынша  құранды  ядроның  ылырау  қимасы  σ
i

k
·  Γ
i
/  Γ 
шамасымен  анықталады.  Тәжірибе  арқылы  σ
к
(ε)  және  σ
i
(ε) 
тәуелділіктерін  зерттеу  қозған  күйдегі  ядроның  энергиясын, 
толық  және  үлестік  ендерін,  спинін,  жұптылығын  анықтауға 
мүмкіндік  береді.  Бұл  шамаларды  өлшеу  үшін  нейтрондық 
спектрометрлер  қолданылады.  Нейтрондық  спектроскопия 
заттардың  элементтік,  изотоптық  құрамын  анықтауда 
маңызды рөл атқарады.  
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
107 
(Қадыров  Н.  Нейтрондық  спектроскопия.  –Қазақстан. 
Ұлттық Энциклопедия. –Алматы, 2005.-728б.) 
 
6. Публицистикалық мәтіндерді стилистикалық талдау 
 
Сұрақнама: 
1. Публицистикалық стильге сипаттама беріңіз. 
2.  Публицистикалық  стильге  қойылатын  басты  талап 
қандай? 
3.  Публицистикалық  очерк,  мақалалардағы  т.б.  көркем 
бейнелік  құралдардың,  қарапайым  сөздер  мен  тұрақты 
тіркестердің, 
көнерген 
сөздердің, 
ауызекі 
сөйлем 
элементтерінің қызметін түсіндіріңіздер. 
 
1-тапсырма: 
Бұқаралық  ақпараттар  құралдарынан  публицистикалық 
стильге  тән  стильдік  байлаулы  тілдік  бірліктерді  (мысалы: 
баршамызға 
белгілі, 
маңызы 
зор; 
біршама 
азаяды//көбейеді//жақсарады  деп  күтілуде...  және  т.б.)  теріп 
жазыңыздар.  
 
2-тапсырма:  
Мәтінге стилистикалық талдау жасаңыз.  
 
16  наурызда  Орталық  сайлау  комиссиясының  төрағасы 
Қуандық  Тұрғанқұлов  қазақстандық  және  шетелдік  бұқаралық 
ақпарат құралдарының өкілдерімен брифинг өткізіп, Қазақстан 
Республикасының  кезектен  тыс  президенттік  сайлауын 
өткізуге дайындық барысымен таныстырды. ОСК төрғасының 
хабардар  еткеніндей,  сайлаушылар  тізімін  жасау  –  сайлау 
комиссияларының маңызды міндеттерінің бірі. Бұл шара жыл 
бойы жүргізіледі. Бүгінде елімізде көші-қон үдерістері белсенді 
жүріп  жатыр.  Астана  мен  Алматыда  жаңа  үйлер  салынуда. 
Сондықтан  сайлаушылар  тізімін  жасауға  баса  назар 
аудырылып отыр. Орталық сайлау комиссиясының басшысы 19 
наурызда 
еліміздің 
барлық 
өңірлерінде 
сайлауды 
ұйымдастырушылармен  семинар-кеңестер  өткізу  шаралары 
аяқталатынына 
тоқталды. 
Бүгінде 
аумақтық 
сайлау 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
108 
комиссияларының  мәжілістері  дауыс  беру  күніне  әзірлік 
шараларына  байланысты  өтіп  жатыр.  Бұл  шараларға 
жергілікті  атқарушы  органдар  мен  ішкі  істер  органдарының 
қызметкерлері қатысуда.  
...Сонымен  қатар,  бірқатар  БАҚ  Орталық  сайлау 
комиссиясына  арнайы  бет  арнап  отыр.  Онда  түсіндіру, 
ақпараттандыруға қатысты мәліметтер мен сайлау барысына 
байланысты өзге де ақпараттар жариялануда. 
Қ.Тұрғанқұлов  брифинг  барысында  ОСК-ға  түскен  арыз-
шағымдарға  да  тоқталды.  Оның  келтірген  мәліметтері 
бойынша,  осыдан  үш  күн  бұрын  «Лайықты  тұрғын  үй» 
қоғамдық  ұйымынан  136  өтініш  түскен.  Бұл  өтініштер  – 
Орталық  сайлау  комиссиясының  құзырына  жатпайтын 
мәселелер.  Өтініштер  банк  пен  құрылыс  мекемемелерінің 
және жеке тұлғалар  арасындағы  дауға  байланысты.  Өтініш 
беруші  136  адам  өздерінің  мәселелері  шешілмесе,  дауыс  беруге 
келмейтіндіктерін  айтқан.  Ал  ОСК  басшылары  бұл 
азаматтарға 
өздерінің 
құқықтарын 
өздері 
шектеп 
отырғандықтарын  жеткізген  (Егемен  Қазақстан,  18  наурыз 
2011 ж).  
 
3-тапсырма:  
Төмендегі  тақырыптар  бойынша  публицистикалық  мақала 
жазыңыздар. 
«Дүниеге  келер  әлі  талай  Қасым»,  «Тіл  тағдыры  –  ел 
тағдыры»,  «Сағыныш»,  «Жалынды  жастық  шақ»,  «Менің 
сүйікті қалам», «Ауылым – алтын бесігім», «Сөнбес махаббат». 
 
4-тапсырма:  
 
Батыс  Қазақстан  облысының  мыңдаған  тұрғындары  су 
апатынан  зардап  шегуде.  Табиғат  апатының  салдарынан 
батысқазақстандықтар  баспаналарынан,  дүние-мүліктерінен 
айырылып, 8 мыңнан аса адам қауіпті аймақтан көшірілді. 
Әр қазақстандық бұл апатты өз қайғысындай қабылдады. 
Қарағанды  облысы  Ақтоғай  ауданы  Шашубай  кентіндегі 
«Мектеп-балабақша  кешені»  ММ-нің  ұжымы  кенеттен  келген 
баршаға ортақ қайғыдан шет қала алмады. Аталған білім беру 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
109 
кешенінің  ұстаздары  мен  қызметкерлері  мүмкіндіктерінше 
материалдық  көмек  көрсетті.  Тасқыннан  зардап  шеккен 
батысқазақстандықтар  қорына  100  мың  теңге  ақша 
аударылды  (Зардап  шеккендерге  көмек  //  Орталық  Қазақстан,     
7 мамыр, 2007. №71-72 (21 064)). 
 
7.  Көркем  әдебиет  мәтіндерін  стилистикалық  талдау 
жұмыстары 
 
Сұрақнама: 
1.  Көркем  әдебиет  тілінің  бейнелі  құралдары  болып  нелер 
табылады? 
2.  Көркем  әдебиет  тілінің  лексикалық,  фразеологиялық, 
грамматикалық бейнелі құралдарын айқындаңыз. 
3. «Дара стиль» ұғымына түсінік беріңіз. 
4.  Көркем  әдебиет  стилі  және  әдеби  тілдің  байланысы 
қандай?   
 
1-тапсырма:  
Төмендегі 
берілген 
өлеңдердегі 
көркемдеуіш 
стилистикалық  тәсілдерді  тауып,  олардың  қалай  жасалып 
тұрғандығын түсіндіріңіз. 
 
1. Гүл шолып, жүрер айнап ұшып сып-сып
Үстіңнен аю тасты сылдырлатса, 
Самайдан  ішкен  қымыз  шығар  шып-шып.  «Жетісу 
суреттері». 
2. Ағынды менің Ақсуым,  
Ақырып әлі ағасың
Ақиланған ашумен 
Ақтарды асқар сабасын  
Таңырқап тау-тас тамсанып 
Жымиды жұлдыз мұныма 
Сүмиген сүңгі сұрша тал 
Шомылды таудың суына  «Ағынды менің Ақсуым». 
3. Сарайым – сабам, құям пісіп-пісіп 
Сапырып ән қымызын, ой кернетіп 
Сөз – жаңбыр, даусым – дауыл, әнім – ескек 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
110 
Ойнақтап басылайын аз желдетіп «Әнші». 
4. «Еркетай қоңыр жел 
Еркеме соқсаң егерде 
Күрсінгендей сыбырла 
Кімдікі десе,-үндеме...   
«Еркетай қоңыр жел» (І.Жансүгіров). 
 
5. Бүктетіліп жатқан бел 
Сүтке тойған марқадай 
Бұйра қою қарағай 
Белге біткен шалқалай 
Су жеп қойған жұмыр тас –  
Түйір-түйір малтадай «Еділде». 
 
6. Қайғылы Ай, тұрсың көкте түсін қашып 
Қайғылы жер жүзіне нұрын шашып 
Жылжисың ақырын ғаан қорыққан жандай 
Жүргендей жол таба алмай бейне адасып «Айға». 
7. Қайғылы қайың! 
Аяныш жайың 
Сыбырлайсың 
Дірілдейсің 
Еңкейесің 
Күбірлейсің 
Ызғарлы жел  
Соққан сайын... «Қайың» (М.Жұмабаев).  
2-тапсырма: 
Көркем  шығармадан  алынған  үзіндіге  тілдік  талдау  жасап, 
көркем стильдің негізгі белгілерін көрсетіңіз. 
 
Шексіз тұңғиық қаракөк аспандағы жұлдыздар баданадай-
баданадай  болып,  айналасына  алтын  шапақ  шашады.  Мана  ел 
жатар  кезде  теріскейден  күнгейге  қарай  ақ  жолақтанып 
созылып  жатқан  Құс  жолы  жылжи-жылжи  бағытын 
өзгертіп,  енді  шығыс  пен  батыс  арасын  қосқан  ақ  шаңдақ 
соқпаққа  айналыпты.  Жеті  қарақшы  да  төмендей-төмендей 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
111 
көкжиекке төніп барыпты да, шалқасынан түсіп жатып алған. 
Қызыл іңір түсісімен күнгей  беттен өріктей қызарып туатын 
Марс  жұлдызы  недәуір  биіктеп,  бесіндік  тұсына  барып 
қарауылға  тұрыпты.  Жез  түймедей  жылтыраған  Темірқазық 
қана  бұрынғы  орнынан  тапжылмаған.  Төбеңдегі  жарық  аспан 
есепсіз  ұлғайып,  ал  астындағы  от  тұяғы  топ-топ  тиген  жер 
тоқымдай кішірейіп кеткен тәрізді. Ал өзің болсаң, жарық пен 
қараңғылық қабысқан шекара тұста, батып-шығып жүзіп келе 
жатқандайсың. Бірақ төбеңдегі Темірқазық сияқты сен де бір 
орныңнан қозғалмайсың. Осынау мәңгілік жалпақ жақын дүние 
астында құс қанатын байлап алып зуылдап ұш  – бәрібір саған 
қол бұлғап, жол болсын айтатын ешкім жоқ. Түнгі әлем  жым-
жырт (О.Сәрсенбаев «Шамшырақ»)  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
бойынша жиынты
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
дістемелік сыныстар
Конкурс ткізу
стандарттарын бекіту
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
дебиеті маманды
дістемелік материалдар
білім беруді
жалпы білім
ауданы кіміні
конкурс туралы
мектепке дейінгі
рметті студент
облысы бойынша
мерзімді жоспар
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
мелетке толма
директоры бдиев

Loading...