Ж. Д. Рапишева, Е. Е. ТҮйте, Ж. У. Есинбаева қазақ тілінің стилистикасы

Loading...


Pdf көрінісі
бет8/11
Дата13.04.2020
өлшемі1.31 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
90 
ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ 
 
СТИЛИСТИКАЛЫҚ ҚАТЕЛЕР МЕН СТИЛЬДІК 
ҚОЛДАНЫСТАРҒА ЖӘНЕ СТИЛЬ ТҮРЛЕРІНЕ 
БАЙЛАНЫСТЫ ПЫСЫҚТАУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ 
 
 
1. Стилистикалық қателермен жұмыс 
 
Сұрақнама: 
1.  «Стилистикалық  қате»  және  «стилистикалық 
дәлсіздік» ұғымдарының мәнін түсіндіріңіз. 
2.  «Стилистикалық  қате»  мен  «стилистикалық  қате 
емес» ұғымдарын ажыратыңыз. 
3.  Стилистикалық  қателердің  логикалық,  грамматикалық, 
лексикалық қателерден ерекшелігін анықтаңыз. 
4. Стилистикалық норма дегеніміз не? 
 
1-тапсырма: 
Төмендегі  берілген  сөйлемдерді  оқып  шығып,  қателерді 
тауып, 
фонетикалық, 
морфологиялық, 
синтаксистік 
стилистикалық талдау жасаңыз.  
 
1. Бойына әлде немене бір қорқу пайда болған секілді, тұла 
бойы  тітірегенсымақ  қызуланып,  қуанышты,  қорқынышты, 
аттай  тулап,  аузына  қарай  тығылыңқыраған  жүрегі  сөйлесе 
дірілдеп кетейін деп, суынып, ісініп, қымтырлып, қысылып, бір 
жоғары,  бір  төмен  қарап,  қайта-қайта  ұмсынып,  ешбір  нәрсе 
айта алмай шыға беруші еді (С.Торайғыров «Қамар сұлу»). 
2.  Той  біткен  соң  түні  жасырын  кеңеске  үзеңгілес 
серіктерін, өзіне бағынышты ру басшыларын шақырды. Оларға 
Кіші жүздің  жеріне  көшудің  керектілігін  айтты (І.Есенберлин 
«Қаһар»). 
3.  ...Бұл  жақ,  Қостанай  елінің  әдетіндей,  келген  кісіге 
көрпе  салуды  білмейді.  Қай  үйге  барсаң  да  сәкі. Сәкінің  үстіне 
ескі-ұсқы  алаша,  киіз  төсей  салады.  Малдас  құрып  отырсаң, 
тақтай тобығыңа батып, әрі-беріден соң тыпыршып көлбеуге 
айналасы. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
91 
...Қартаң  тартқан  қара  торы  әйел,  көне  дастарханды 
үстелдің  үстіне  төсеп  жатып,  Қали  отағасына  көзінің 
қиығымен қарап алды: 
–  Намаз  оқитын  болсаң,  оқысайшы,  шай  пісті,  –  деді 
ақырын ғана... (Б.Майлин «Қалекеңнің үйінде»). 
4.  Беркімбайдың  әкесінің  нағашысы  –  жаппас  Есімбек 
дейтін  болды.  Өзі  бай  еді,  жаппастың  алды  деуге  боларлық. 
Беркімбайға  арқа  сүйеп,  Есімбек  сол  «өгіз  сойған»  ең  шұрайлы 
жеріне  қонушы  еді.  Өзі  де  жомарт,  қонақпаз  еді.  Елге 
жағымды болып тұрды. Мал мен басы бірдей, тілегін берген бір 
адам:  ортан  қолдай  төрт  ұлы  болды  –  шетінен  қасқыр.  Сол 
төрт  ұлдың  ортасында  бұлаңдап  өскен  Шұға  дейтін  қызы 
болды.  Шұға  десе  Шұға,  Шұға,  өй,  шіркіннің  өзі  де  келбетті 
еді-ақ...  ақ  құба,  талдырмаш,  көзі  қап-қара,  осы  үріп  ауызға 
салғандай еді. Ажары қандай болса ақылы да сондай. Жеңілдік 
деген  не  екенін  білген  бала  емес.  Сөйлеген  сөзі,  жүрген  жүрісі 
қандай, бір түрлі паң еді-ау, шіркін... Бұл күнде ондай қыз қайда. 
Ажары  тәуірлеу  біреу  болса,  соны  көтере  алмайтынын  да 
білмей  білмейсің,  ешкіге  құсап  шошаңдап  бір  соқтығып 
жүргені.  Заман  бұзылған  ғой...иә...  (Б.Майлин  «Шұғаның 
белгісі»). 
5. Артынан есіттік, Есімбектің бермеудегі мәнісі, өзі жас 
кезінде  Қали  дейтін  құрдасымен  серт  байласқан  болса  керек. 
«Бірімізде  ұл,  бірімізде  қыз  туса,  екеуміз  құда  болайық»  деп 
(Б.Майлин «Шұғаның белгісі»). 
 
2-Тапсырма: 
Төменде берілген мәтіннен стилистикалық қателерді тауып, 
талдау жасаңыздар. 
 
Семей қаласы прокурорының көмекшісі 
Е.А. Серкебаевтың сот мәжілісіндегі айыптау сөзі 
 
Құрметті төрағалық етуші және сот процесіне 
қатысушылар! 
 
Бүгін  Семей  қалалық  соты,  өзінің  басты  сот 
талқылауында  ҚР  ҚК-нің  24б.3б.-175  бабы  2  бөлімі  «а,  б,  в» 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
92 
тармағымен сот астына берілген Ахметов Асқар және ҚР ҚК-
нің  24  б.  3б.-175  бабы  2  бөлімі  «а,  в»тармағымен  сот  астына 
берілген  Мылтықбаев  Медеудің  үстілерінен  жинақталған 
қылмыстық істің басты сот тергеуінде қаралуын аяқтады.  
Олардың  жоғарыда  айтылған  қылмыстық  іс-әрекеттері 
алдын-ала тергеу орындарымен дұрыс дәрежеленген.  
Сонымен 
қатар, 
сотталушы 
Ахметов 
А. 
және 
Мылтықбаев  М.  ҚР  ҚК-нің  175  бабы,  2  бөлімінің  «а,б,в» 
тармақтарында  көрсетілген  қылмыстық  іс-әрекеті,  олардың 
қылмыстық  іс-әрекетін  жасағандығын  мойындап  берген 
жәбірленуші  А.  Полищуктың  мен  куәлар  Оспанов  Р., 
Қожахметов  С.  және  басқалардың  жауаптарымен,  оқиға 
болған  жерді  қарау,  айғвқты  заттарды  алу,  танытуға  ұсыну 
хаттамаларымен,  сонымен  қатар  тағы  да  басқа  істегі 
жинақталған құжаттармен толығымен дәлелдінді. 
ҚР ҚК-нің 52 бабына сәйкес, жаза тағайындаудың жалпкы 
негіздерімен  қылмыс  жасауға  айыпты  деп  танылған  Ахметов 
А. және Мылтықбаев М. осы кодекстің ерекше бөлімінің тиісті 
бабында  белгіленген  шекте  және  осы  кодекстің  жалпы 
бөлімінің 
ережелерін 
ескере 
отырып, 
әділ 
жаза 
тағайындалсын. 
ҚР ҚК-нің 53 бабына сәйкес, қылмыстық жауаптылық пен 
жазаны  жеңілдетер  мән-жайлар  ретінде  Ахметов  А.  және 
Мылтықбаев  М.  алдын  ала  және  сот  тергеуінде  қылмысын 
толық  мойындауы,  және  Ахметов  А.  басының  жастығы, 
Мылтықбаевтың  жасөспірім балалары болуы. 
ҚР ҚК-нің 54 бабына сәйкес, қылмыстық жауаптылық пен 
жазаны ауырлататын мән-жайлар жоқ.  
Жаза  тағайындалған  кезде  сот  астындағы  Ахметов  А. 
және  Мылтықбаев  М.  жеке  басын,  жасаған  қылмыстық  іс-
әрекетін,  жалпы  қоғамымызға  қауіптілігін,  келтірілген 
залалдың  мөлшерін,  сонымен  қатар,  заң  иалабына  сай, 
жауапкершілігі 
мен 
жазасын 
ауырлататын 
және 
жеңілдететін  мән-жайларды  толық  ескеріп,  оларға  қоғамнан 
оқшауламайтын  жаза  тағайындалуы  қажет.  Жоғарыда 
көрсетілген  мән-жайлардың  негізінде  А.  Ахметовті  ҚР  ҚК-нің 
24  б.  3  б.  –175  бабы  2  бөлімі  «а,б,в»  тармақтарында және М. 
Мылтықбаевты  Қк-нің  175  бабы  2  бөлімінің  «а,в» 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
93 
тармақтарында  көрсетілген  қылмыс  жасады  деп  тауып, 
айыпты  деп  санап,  әрқайсысына  4  жыл  мерзімге,  бас 
бостандығынан айыру жазасын тағайындауды, тағайындалған 
жазаны  ҚР  ҚК-нің  63  бабы  бойынша  шартты  жаза  деп 
есептеп, 3 жыл сынақ мерзімін тағайындауды. 
Іс  бойынша  айғақтық  заттардың  тағдырын  ҚР  ҚІЖК-ң 
121 бабына сәйкес шешуге.  
 
3-тапсырма:  
Төмендегі  берілген  мәтіннен  орынсыз  қайталанып  келетін 
сөздердің қолданысына стилистикалық талдау жасаңыз.  
 
«Сонымен  Сұлтанмахмұттың  лирикасы  поэма  сияқты 
ұзақ  болып,  поэмасы  лирикалық  болып,  лирикасы  мен 
поэмасының  арасы жақын  жатады.  Яғни,  Сұлтанмахмұттың 
өлеңдері әлеуметтік лирика болып, сондықтан да көлемді, ұзақ 
болып келсе, поэмалары сюжетсіз болып, бірақ лирикалы болып, 
әлеуметтік лирикалы  болып келеді» (Ғ.Мүсіреповтің «Әдебиет 
тілі жайында» деген мақаласындағы талдауы). 
 
2.  Тілдік  құралдардың  стилистикалық  мағынасы  мен 
бояуын анықтау 
 
Сұрақнама: 
1. Тілдік құралдардың стилистикалық мағынасы мен бояуы 
дегенді  қалай  түсінесіз?  Стилистикалық  коннотацияға 
анықтама беріңіз. 
2. Стилистикалық синонимдер дегеніміз не? 
3.  Тілдің  бейнелеу-мәнерлеу  құралдарының  әрқайсысына 
(троптар, стилистикалық фигуралар) сипаттама беріңіздер. 
 
1-тапсырма:  
Төменде  қарамен  берілген  тілдік  бірліктердің  стильдік 
қызметіне талдау жасаңыздар.   
 
Міне,  осы  атмосфералық  қысым  қалай  анықталды  екен, 
енді  соған  келейік.  Жоғары  көтерілген  сайын  Торичелли  қуысы 
өсе  береді,  мұның  себебі,  атмосфералық  қысымның  азая 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

94 
беруінде.  Мәселен,  сүңгуір  қайықтың  су  астында,  кемелердің 
теңіз  беттерінде  жүзіп  жүруі,  снарядтардың,  самолеттердің 
әуеде ұшуы  қатты денелердің  сұйық  зат ішіндегі  қозғалысына 
мысалдар  бола  алады.  Бұлардың  құрылыстары  және 
жобаланулары  математикалық  әдісті,  былайша  айтқанда
дифференциалдық  теңдеулер  теориясын  қолдануды  талап 
етеді.  Айталық,  динамикалық  система  үш  денеден  тұратын 
болсын,  және  олардың  біреуі  мардымсыз  кішкентай  болсы. 
Атап айтқанда, орнықтылық теориясын физика мәселелерінде 
Л.И. Мандельштам өзінің еңбектерінде тербелістер теориясын 
зерттеуге  қолданды.  Оның  шешуі  былай:  1)  Жердің  өзіне 
тарту  өрісі  жазық  параллель  және  2)  аэродинамикалық 
күштер  атмосфераның  жоғарғы  қабатындағы  ауаның  кедергі 
күштері  жоқ  деген  ұйғарулар  (болжаулар)  жасау  керек. 
Мәселен,  құлаштап  лақтырылған  тастың  мылтықтан  немесе 
зеңбіректен атылған оқтың траекториялары парабола болады. 
Еске  сала  кететін  бір  мәселе:  ракета  да,  корабль  де  бірден 
жоғарыда 
айтылған 
жылдамдықтарға 
(космостық 
жылдамдықтарға)  ие  болмайды.  Сонымен,  ракета  Жер 
бетінен 
көтерілгенде 
оның 
жылдамдығы 
оқтың 
жылдамдығынан  көп  болмайды.  Дегенмен,  математикалық 
машинаның  ролін  айқын  түрде  елестету  үшін  бірнеше 
мысалдар келтірейік. Мұндай идеялардың тууына себеп мынау: 
жарықтың таралу жылдамдығы секундына 300 000 километр. 
Бір  сөзбен  айтқанда,  материалды  нүктенің  қозғалыс  заңын 
табу  деген  мәселе  дифференциалдық  теңдеудің  шешуін  табу 
деген  сөз.  Екінші  жағынан,  осы  заңдарға  сүйеніп 
дифференциалдық 
теңдеулердің 
көмегімен 
Ньютон 
планеталарды  қозғалысқа  келтіретін  қандай  күштер  екенін 
тапты.  А.М.  Ляпуновтың  қалдырған  ғылыми  мұрасын,  оның 
әдістерін  терең  зерттеу,  онан  әрі  дамыту  қаіргі  дәуірдегі 
механиканың өте маңызды мәселелердің бірі болып табылады
Осы  принциптің  қандай  тәжірибелік  маңызы  бар,  сол  жәйлі 
қысқаша  тоқталалық..  Егер  мұндай  радиосигнал  жұп 
өлшеуішті,  мәселен,  төрт  өлшеуішті  кеңістікте  берілетін 
болса, онда Гюйгенс принципі бойынша мынадай қорытындыға 
келеміз:  мұндай  кеңістікте  берілген  радиосигнал  анық,  айқын 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
95 
қабылданбайды,  өйткені  қабылданған  сигналдың  айқындығы, 
сигналдың өзінің тарауынан туған жаңғырықпен бұзылады.   
 
2-тапсырма:  
Төмендегі  сөйлемдерден  мәндес  сөздердің  қолданылуын 
түсіндіріңіздер. 
 
Қалың  қой  қыбыр  етпей,  тыныштық  алып,  үнсіз  ғана 
тыным  алды  (М.Әуезов).  Мұндайдың  жөні  бір  басқа.  Ал 
самолётті көзбен көрдім, балтаның сабын қолыммен ұстадым, 
орманға қарай аяғыммен жүрдім.  
 
3-тапсырма:  
 
Төмендегі  берілген  мәтінен  орыс  тілінен  енген  сөздерді 
тауып, олардың қандай мақсатта қолданып және қалай жасалып 
тұрғандығын түсіндіріңіз. 
 
1.  ...Сіз  білмейсіз  ғой...  –  деп  жолдасым  қаракерді 
шаужайлап қатарласты.  
Сіз  білмейсіз  ғой...  бізбен  ағайын,  жасы  менімен  түйдей 
құрдас  Әбдірахман  деген  болды.  Жасында  болыстың  үйінде 
бұзау  бағып  өсіпті.  Ол  уақытта  болыстың  үйінде  ауылнай 
болатын.  Балалармен  араласып  жүріп  учительден  оқып,  төрт 
жылдан  соң  школды  бітіріп  шығыпты.  Әбдірахман  өзі 
айтатын:  күндіз  қозы  мен  бұзау  бағам,  кешке  келгенімде 
учитель бір шын мұсылман жігіт еді, «байлардың балаларынан 
да  маған  сенің  оқығаның  керек  қой»  деп  түннің  бір  талайына 
дейін  оқытушы  еді.  Ақырында  сол  учительді  тырысуының 
арқасында  школды  бітірдім...  Менің  учительге  өтеп  бітіре 
алмастық борышым бар еді, – деді. 
Әбдірахманның  әкесі  өте  кедей  болған  адам.  Ауылнай 
школынан  шыққан  соң  да,  Әбдірахман  малайлықтан  құтыла 
алмады.  Ақырында,  он  екі-он  үштегі  шамасы  болса  керек, 
тұрған  байынан  қашып  дуанға  барып,  бір  ноғайға  жаз 
қызметке  тұрып,  қыс  оқуға  кірді.  Бір  екі  жылға  шейін  жаз 
жалданумен  болды.  Берірек  келген  соң  жаз  байларда  орысша 
бала оқытты. Ақырында әйтеуір школды бітіріп шықты. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
96 
Әбдірахман  школды  бітіргенде  дабысы  жер  жарды.  Өте 
зерек  болған  ғой,  учительдерді  де  мақтаса  керек.  Дуандағы 
нәшәндік «тілмаш» бол деп өтінген екен, болмай елге келді. Нақ 
сол  кезде  болыстың  песірі  өліп  песірсіз  тұр  еді.  Әбдірахманға 
песір  бол  деп  жабысты,  оған  да  болмады.  Жамантік 
болысындағы бір байдың школына барып бала оқытты. Содан 
бері  қыс  сонда  бала  оқытып,  жаз  елде  болады.  Сол  жылы 
үйеннің бас кезінде келіп еді. Содан бері Әбдірахманды көргенім. 
Маған: «Маған көріспейсің бе» деп қалжыңдады. Әзілдесіп үйге 
кірдік. Төр алдында Қажыбай әңгімені көселтіп отыр екен, бізді 
көрген соң жым болды (Б.Майлин «Шұғаның белгісі»). 
2.  ...Ауылға  өкіл  келіп,  «Шоқтал»  басындағы  ауылдың 
жалпы  жиылысын  шақырды.  Ауыл  болғанмен  жиырмаға 
жетпейтін  үй  ғой,  қанша  адамы  бар,  бәрі  Сартайдың  үйіне 
жиналды. Әйелдер де қалмай келсін деп айтады деген соң, Айша 
да барды. Сартайдың үйі аузы-мұрнынан шығып отыр екен. 
...Мал  қосу,  малды  ортаға  салу  дегенге  Айша  шыны 
түсінген  жоқ.  Түсінбегені  –  өкілдің  баяндамасын  дұрыс 
тыңдамағаны еді. 
Менің  сұрауым  бар,  –  деді  Жаман,  –  ал  біз  кәлектип 
болайық.  Еншімізді  де  қосайық.  Сонда  үйімізді  қайтеміз?... 
(Б.Майлин «Қара шелек»). 
 
4-тапсырма:  
Төмендегі  берілген  сөйлемдерден  сөз  тіркестерін  тауып, 
олардың стильдік қолданысына талдаулар жасаңыз. 
 
1.  Әңгіме  қара  шелектен  басталады.  Айшаның  атасының 
басындай  сақтап  жүрген  қара  шелегі  ғой.  Үшінші  жыл  болып 
барады,  Айша  шелексіз  қалып,  шелек  сұраймын  деп  абысын-
ажынға  жексұрын  көрініп,  ақырында  Бірмағамбетті  бүріп, 
Кәстенкенің дүкенінен алдырған шелек еді... 
...Бұл не деген сұмдық? Қатын-баласынан безген адам бола 
ма  екен?  –  деп  бірер  күннен  бері  Айша  үздіксіз  ойлаумен  жүр. 
Күл  шығарса  да,  от  жақса  да,  жалғыз  ала  сиырды  қақпалап 
суатқа  апарып  суғарса  да  есідерті  Бірмағамбет  болады  да 
жүреді... (Б. Майлин «Қара шелек»). 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
97 
2.  Қатынға  шай  қойдырып,  жамаулы  кеседен  ыстық 
шайды ұрттай отырып, хатымды жазуға кірістім. 
Толқынай  бәйбіше  қарғап  жатыр  деп  бала-шаға  шулап 
жүр.  Қарғыс  жақсы  нәрсе  емес,  «жүйелі  қарғыс  жүйесін 
табар, жүйесіз қарғыс иесін табар» деген үлкендердің нақылы 
бар.  Толқынайдың  қарғысы  қандай  қарғыс,  бала-шағалардың 
көбі  білмей  аптығып жүруі де мүмкін-ау...  Қайдан  білсін,  онда 
дүние  екінші  түрде  еді.  Онда  бұл  күнгі  бала-шағаларадың  көбі 
туған да жоқ еді... 
...Көктемнің  кезі  еді.  Түс  әлетінде  жылқыдан  келіп,  су 
болған киімдерімді жайып кептіріп жатыр едім. Байдың үйіне 
орысша киінген бір жас жігіт келіп түсе қалды. 
Орысша  киінген  адам  шақырған  соң  әдепкі  кезде  сескеніп 
те  кеттім.  Былтыр  Ермағанбеттің  дауына  өтірік  куә  болам 
деп бір жеті отырып шыққаным да бар еді. Кемпірім естіп, о 
да үрпиіп тұр екен. 
Бұл  бұрнағы  жыл  еді.  Содан  былай  менде  аздап  өзгеріс 
бола  бастаған  секіденеді.  «Еншілес!»  деген  сөз  көз  алдымнан 
елестеп кетпейтін болды.  
...Қыс  еді,  сақылдаған  аяз.  Жер  үйіміз  отынсыздықтан 
жүдеп,  іші  қырауланып  кетті.  Оның  үстіне  қартайған  сайын 
өзімді  ыңқыл-сыңқыл  айналдыратын  болды.  Суық  ұстаса 
ауырамда  қалам.  Ойқой,  жастық-ай,  өтіп  кеттің-ау.  Күн 
құлақтанып  шаңдатқан  аяздарда,  арқадан  тер  бұрқырап 
жылқыға  талай  тебін  ашып  беріп  едім.  Онда  ауру  дегенді  кім 
білген... 
Көрші  ауылда  мектеп  бар  еді,  сондағы  комсомолдар 
малайларға  болысады-мыс  деген  хабарды  есіткен  соң  бір  күні 
салып ұрып соған бардым сүйесін деген мұғалімі бар екен. Жас 
баланың  оңдысына  соны  көрдім.  «Атакелеп»  іші-бауырынан 
өтті. Мұнымды бастан-аяқ айтқызып отырып жазып алды.  
– Сіз жүре беріңіз, сотқа да берем. Кәзетке де берем, – деп 
өз үстіне алды. Бірер айдан кейін мен туралы кәзет шықты деп 
естідім,  біріқ  сот  жағынан  әлі  билік  алған  емеспін.  Неше  рет 
шақырса да Тоқберлі бір барған емес. Мен қысқы аязға қарамай 
салпақтап дуанға үшрет бардым. Әй ауылнай-ай, оңбассың-ау, 
әкең Тыржық байға құйыршық болам даеп жүріп өліп еді, сен де 
соның жлың қудың. Сап-сау отырған Тоқберліні ауру деп қағаз 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
98 
қайтарып,  менің  жүйкеді  құртады  да  қояды...  (Б.Майлин 
«Шапайдың хаты»). 
3.  ...Оған  биыл  тап  18  жыл  екен.  Зырқырап  бара  жатқан 
заман.  «Жасты  көргеніңде,  қартайғаның  есіңе  түседі»  деп 
шалдар  айтқандай,  шашы  жалбырап  күні  кеше  күл  шашып 
ойнап жүрген Ұлбосын, бой жетті... 
...Өзгере  өзгере  ауыл  танылмастық  болып  кетті.  Бұрын 
«Шортанбай» ауылы атанушы еді. Аудан келгеннен берә ол ат 
өзгеріп: «Көк тал» атанды...(Б. Майлин «Ұлбосын»). 
 
5-тапсырма:   
Әрбір  функционалдық  стильдерге  тән  стереориптерді 
(қандай  да  бір  құбылыстың  адам  санасында  бірыңғайланып, 
дайын  күйінде  меңгерілетін  үйреншікті,  дағдыға  айналған 
белгісі) атаңыздар. 
Үлгі:  
 
 
Стиль түрі 
Стереотиптер 

Ресми  
Денсаулығыма 
байланысты, 
отбасы жағдайыма байланысты... 

Ғылыми  
Мақсаты мен міндеті... болып 
табылады, ...деп аталады; 

Публицистикалы
қ 
Ақпараттар 
ағымы, 
іске 
қосылды, жүзеге асыру; 

Ауызекі сөйлеу 
Сәлем, қал қалай? 

Көркем әдебиет 
Ертегілерде: 
ерте, 
ерте, 
ертеде... анекдоттарда: қазақ, орыс, 
грузин болыпты... 
 
 
3. Ауызекі сөйлеу стилінің тілдік құралдары 
 
Сұрақнама: 
1. Ауызекі сөйлеу стилі дегеніміз не? 
2.Ауызекі 
сөйлеу 
стилінің 
лингвистикалық 
және 
экстралингвистикалық белгілерін атаңыз. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
99 
3.  Диалект,  варваризм,  жаргон,  дисфемизмдердің  т.б. 
көркем мәтіндегі қолданысына түсініктеме беріңіздер. 
 
1-тапсырма: 
Ауызекі  сөйлеу  стиліне  тән  ерекшеліктерді  көрсетіп, 
олардың қандай құбылысқа жататынын айтыңыз. 
 
1.  Дабырласып  сөйлескен  күйлерімен  бізге  төніп  келді  де, 
бір келіншек: 
– Ибәйі, көтек, мал десек адам екен ғой, – деді. 
Одағайлап шеттей бастады. 
– Маржанбикемісің, бері кел, – дедім. 
– Мұнысы кім, мені таниды ғой... 
– Бар, кім екен, – деді Күлзипа. 
Әбдірахман жүре берді. Мен олардың жанына бардым. 
– Анауың кім? – десті. 
– Әбдірахман. 
–  Күйеу  екен  ғой,  бізден  неге  қашты,  –  деп  Маржанбике 
күле  сөйледі.  Күлзипа  тәлімсіп  жеңгеснің  құлағына  сыбырлап, 
сыңқылдап  күлісті.  Аяңдай  басып  Әбдірахманның  артынан 
жеттік. Бізбен жұмысы жоқ, есідерті алтыбақанда (Б.Майлин 
«Шұғаның белгісі»). 
2.  Біз  келгенде  ойын  жаңа  басталған  екен.  Шұғалар 
өлеңдерін  тоқтатып,  арқаннан  түсті.  Жай  әзілмен  көп  уақыт 
оздырдық.  Домбыра  алдыртып  Әбдірахман  ән  салды.  Бишара, 
жігіт  еді  ғой.  Ондай  ойындарда    бір  түрлі  ұстайтын  арқасы 
бар  еді.  Өлеңді  түйдектетіп  үзбестен  соқты.  Жұрттың  бәрі 
Әбдірахманның  аузына  қарады.  Жатып  қалған  бірен-саран 
кемпірлер  шапандарын жамылып  келіп  өлең  тындасты.  Ойын-
күлкінің  қызығымен  таң  атқаның  да  білмей  қалдық.  Жұрт 
біртіндеп 
ыдырай 
бастады. 
Маржанбике 
маған 
жақындаңқырап сыбырлап: 
– Қайытпайсыңдар ма? – деді. 
–  Жүр,  қалқажан,  –  деп  Күлзипаны  ертіп,  о  да  жөнелді. 
Уақ-түйек  балалар,  Шұғаның  жеңгесінен  басқаның  бәрі  кетіп 
бітуге айналды. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
100 
Шұға жәй сөйлескені болмаса, Әбдірахманмен онша ежіл-
қожыл  бола  алмады.  Мен  Зәйкүлмен  сөйлесіп,  Әбдірахманның 
Шұғаға ынтығын айттым. 
–  Қайдан  білейін,  оқыған  жігіт  қой.  Оқығандығына 
қызықбаса,  бұрын  мұның  әкесіндей  жігіттерге  де  барған  жоқ 
еді...  мен  қолымнан  келгенін  аямаймын,  –  деп  күлді  (Б.Майлин 
«Шұғаның белгісі»). 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
бойынша жиынты
ызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
идаларын бекіту
Республикасы кіметіні
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дістемелік сыныстар
Мектепке дейінгі
дебиеті маманды
дістемелік материалдар
білім беруді
ауданы кіміні
жалпы білім
конкурс туралы
мектепке дейінгі
рметті студент
облысы бойынша
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
мерзімді жоспар
разрядты спортшы
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
директоры бдиев

Loading...