Ж. Д. Рапишева, Е. Е. ТҮйте, Ж. У. Есинбаева қазақ тілінің стилистикасы

Loading...


Pdf көрінісі
бет7/11
Дата13.04.2020
өлшемі1.31 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

 
Бақылау сұрақтары: 
1.  Публицистикалық  стильдің  жазбаша  және  ауызша 
түрлерін атаңыз. 
2.  Шешендік  сөз  мәдениеті.  Шешендік  сөздің  тектері  мен 
түрлеріне не жатады? 
3.  Публицистикалық  стильдің  лингвистикалық  және 
экстралингвистикалық белгілері дегеніміз не? 
4. Публицистикалық стильдің шағын түрлерін атаңыз.  
5. Фразеологиялық синонимдер мен варианттар. 
6.  Публицистикалық  стильдің  морфологиялық  және 
синтаксистік ерекшеліктеріне не жатады? 
 
 
КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТ ТІЛІ 
  
1.  Көркем әдебиет тілінің өзіндік ерекшелігі  
2.  Көркем  әдебиет  тілінің  әдеби  тілдің  функционалдық 
стильдері жүйесіндегі орны, ол туралы көзқарастар  
3.  Көркем әдебиет стилистикасы мен тіл стилистикасы 
 
Белгілі  бір  ұлт  тілінде  көркем  әдебиеттің  алатын  орны 
ерекше.  Көркем  әдебиет  халық  тілінің  қалыптасып,  дамуында 
аса зор қызмет атқарады. Қазақ тілінің бүгінгі дәрежеге жетуіне 
көркем  сөз  шеберлерінің  елеулі  рөл  атқарғанын  ешкім  теріске 
шығара  алмайды.  Оның  эстетикалық  қызметі,  бір  жағынан, 
көркем әдебиет тілінің даралығын көрсетсе, екінші жағынан, сол 
стильдер жүйесінде жетекші орынға ие екендігін дәлелдейді. Тіл 
байлығының өзі-ақ, зерттеушілердің айтуынша, көркем шығарма 
стилінің  бірден-бір  айырмашылығын  танытады.  Академик 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
79 
Л.В.Щерба  көркем  әдебиетте  жарыспалы  тілдік  құралдардың 
барынша  мол  болатындығын  ескере  келіп,  жарыспалы  тілдік 
құралдар  әдеби  тіл  басын  біріктіретін  ауызекі  сөйлеу  тілінің, 
әлеуметтік тілдің, тіпті географиялық диалектілердің өмірдің сан 
алуан түрлерін суреттеу үшін қажеттігін ескерткен болатын.  
Көркем әдебиет стилі адам мен қоғамның  және табиғаттың 
тіршілігін көркем сөз негізінде ой мен сезімді көркем кейіпкер, 
образдар арқылы бейнелейді. Соған лайықты сөздер, сөз тіркесі 
және  синтаксистік  оралымдар  пайдаланылады.  Көркем  әдебиет 
стиліне көркем әдебиеттің поэзиялық, прозалық және драмалық 
жанрларының  барлығы  жатады.  Бұл  стильге  қатысты 
жазбалардың  қамтитын  тақырыптары  мен  көлемі  алуан  түрлі 
болып  келеді  де,  көркемдегіш  құралдардың,  әдіс-тәсілдердің 
барлығы  да  қолданылады.  Сөз  арқылы  автор  көркем  образ 
жасайды,  баяндайды,  суреттейді.  Сондықтан  көркем  шығарма 
тілі  экспрессивті,  эмоционалды  және  образды  болып  келеді. 
Көркем  әдебиет  стилі  басқа  стильдерде  кездесетін  сөздер  мен 
формаларды  өзгеше  құбылтып,  өз  мақсатына  лайықты 
қолданады.  Көркем  шығармада  сөздерді  түрлі  ауыс  мағынада 
қолдану  жиі  ұшырасады.  Көркем  әдебиет стилінің  көркемдегіш 
құралдарын – градация, перифраз, қайталау, инверсия, антитеза, 
т.б.  –  еркін  пайдаланады.  Кәсіби  сөздер,  архаизм,  историзмдер 
қолданылады,  олар  кейде  кейіпкердің  ерекшеліктерін,  ортасын, 
білімін, мінезін, т.б. жайын аша түседі.  
Көркем әдебиет стилі – ұлттық қалыптасу дәуіріндегі қазақ 
әдеби  тілінің  ең  қарымды  саласы.  Ол  жазба  әдеби  тілдің 
халықтық негізде /бұрыннан келе жатқан ауызша әдеби тіл мен 
халықтық  сөйлеу  тілі  негізінде/  қалыптасып  дамуында  шешуші 
рөл атқарды. 
Ұлт  тілінде  көркем  әдебиет  тілінің  алатын  орны  ерекше. 
Көркем  әдебиет  тілінде  сол  ұлт  тілінің  барлық  байлығы  еркін 
қолданылады. Көркем әдебиет стиліндегі шығармаларды тарихи 
шығармалар,  эпопея,  романдар,  фантастикалық  шығармалар, 
сатиралық  туындылар,  эсселер  деген  бөлініске  бөлудің  өзі 
стильдің  көркемдік  жағын  тануда  күрделі  талдауды  қажет 
ететіндігін танытады.  
Қазақ  тіл  білімінде  көркем  әдебиет  стилистикасы  мен 
көркем  шығарманың  тілі  туралы  алғашқы  ғылыми-теориялық 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
80 
тұжырым  айтқан  ғалымдардың  бірі  –  М.Балақаев  екені  белгілі. 
Ғалым:  «Жеке  жазушының  тіл  өрнегінің  толып  жатқан  бояу-
бедері,  өзіндік  өсу,  жетілу  жолдары  болады.  Көркем  әдебиет 
тілінің  нәзіктігі  көп  жағдайда  жазушының  белгілі  бір  сөздері 
«мағыналық  топқа  кіру»,  яғни  сөздерді  өзара  мағыналық 
байланысқа  түсіру  шеберлігімен  байланысты»,  –  деп  жазады             
[39, 14].    
А.А.Ветров,  В.В.Литвинов,  Н.М.Шанский,  Б.Г.Бобылев, 
Л.В.Щерба,  Б.В.Томашевский,  Р.А.Будагов,  А.И.Ефимов, 
М.Н.Кожина  т.б.  ғалымдар  өз  еңбектерінде  көркем  әдебиет 
тілінің әр саласын зерттеген. Аталған ғалымдардың еңбектерінің 
құндылығы – әр қаламгер тіліне тоқтала отырып, сол халықтың 
әдеби  тіліне  қосқан  үлесі,  тілдің  түрлі  мағыналық  сипатын 
ашудағы  лексика-семантикалық,  грамматика-морфологиялық 
мәселелерін қарастырған.  
Қазақ  әдеби  тілі  тарихын  танытатын  еңбектер  мен 
зерттеулер өткен ғасырдың елуінші жылдарынан бастап жазыла 
бастады.  Алғаш  А.Байтұрсынов,  М.Әуезов,  С.Аманжолов, 
Н.Сауранбаев,  І.Кеңесбаев,  М.Балақаевтардың  еңбектерінен 
басталатын  көркем  әдебиет  тілін  зерттеу  –  бүгінде  теориялық 
негізі  қаланып,  мазмұны  жағынан  кеңейіп  дамып,  нысаны  мен 
мақсат-міндеттері, ұстанымдары мен әдіс-тәсілдері айқындалып, 
іргесі кеңейіп толығып келе жатқан жаңа сала. 
Жекелеген  ақын-жазушылардың  әдеби  тілді  қаншалықты 
байыта  түскенін  сөз  қолданудағы  көркемдік,  шеберлік 
қырларын,  көркем  шығарма  тілін  зерттеудің  мәселелерін 
қарастырған  Р.Сыздық,  Б.Шалабай,  Е.Жанпейісов,  С.Исаев, 
М.Серғалиев,  Ғ.Қалиев  т.б.  ғалымдар  еңбектері  қазақ 
лингвостилистикасының  ғылым  саласы  ретінде  қалыптасуына 
үлес қосты. Көркем әдебиет тілін зерттеуге қомақты үлес қосып, 
осы  саланың  қалыптасуына  ықпал  еткен  ғалымдардың  бірі  – 
Р.Сыздық. 
Зерттеуші 
Абай 
тілінің 
лексикасы 
мен 
грамматикасын жан-жақты талдай келе, көркем шығарма тілінің 
жеке ғылым саласы бола алатынын толық дәлелдеді.  
Соңғы  жылдары  тіл  білімінде  көркем  шығарма  тілін 
зерттеуге көп көңіл бөлініп отыр. Осы мәселені арнайы зерттеу 
нысаны етіп алған Б.Шалабай докторлық диссертациясы арқылы 
көркем  әдебиет  тілін  зерттеудің  ғылыми-теориялық  негізін 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
81 
анықтады.  Ғалым  еңбегінің  тағы  бір  жаңалығы  –  көркем 
шығармадағы «автор бейнесі» ұғымын мазмұн, құрылым түрлері 
жағынан  айқындай  отырып,  қазақ  лингвостилистикасындағы 
ғылыми айналымға ендіруі болды.  
Ғалым Р.Сыздық әр қаламгердің идиостилін дербес зерттеу 
арқылы лингвистикалық талдаудың дамуына өзіндік үлес қосып, 
оның даму бағыттарын айқындауға болады деген пікір білдірді. 
Осы орайда көркем әдебиеттің ерекшеліктері мен сөз шеберлігін 
қарастырған: 
М.Жақыпбековтің, 
Г.Қосымованың, 
Г.Боранбаеваның, 
Б.Манасбаевтың, 
М.Серғалиевтің, 
Х.Кәрімовтің, 
Д.Әлкебаеваның, 
Р.Досжанованың, 
Г.Кәріпжанованың, 
Қ.Есенованың, 
Ж.Қоңыратбаеваның, 
С.Ғұбайдуллиннің, 
З.Османованың 
т.б. 
ғалымдардың 
зерттеулері  жеке  ақын-жазушылардың  идиостиліне  арналған 
зерттеу деп тануға болады. Аталған еңбектерде көркем шығарма 
тілін  зерттеуде  басты  нысан  етіп  екі  мәселе  алынған.  Олар: 
біріншісі  – әдеби  тілдің даму  барысындағы  көркем  туындының 
орнын  айқындау;  екіншісі  –  жеке  ақын-жазушылардың  сөз 
қолдану мәнерін, жеке стилін зерттеу. 
Көркем әдебиет тілінің де, әдеби тілдің де негізгі материалы 
–  халық  тілі,  халық  тілі  байлығының  барлық  қат-қабаты.  Бірақ 
оны пайдалануда айырмашылықтар бар. Себебі функционалдық 
стильдердің кез келгенінің өзіне тән белгілері бар. Бір жағынан 
бұл  айырмашылық  функционалды  стильдің  әрқайсысының 
мазмұн-мақсатына байланысты.  
Кез  келген  көркем  әдебиет  стилі  бұрынғы  дәуірлердегі 
теңеу, метафора, эпитеттің жаңа түрлерін ұсына отырып, оларды 
қолдану  мен  жасау  техникасын  толықтырады.  Суреткер  адам 
болмысының  табиғи  әлемінің  тылсым  дүниесіне  терең  үңіліп, 
осы екі аралық кеңістіктегі құбылыс, әрекеттің терең болмысын, 
оның  бар  ақиқат  шындығын  оқырманға  жеткізеді.  Көркем 
әдебиет  стилі  ұлттық  әдеби  тіл  қазынасынан  алынады.  Көркем 
шығарма суреткер зертханасында пісіп жетіледі, көркем әдебиет 
стилі ұлттық көркем әдебиет нормаларының мәнерлі көркемдік, 
эстетикалық күш-қуатын толық көрсете білуге негізделеді.  
Көркем  әдебиет  стилінде  тілдің  барлық  стилистикалық 
ресурстары  пайдаланылады,  оған  тән  басты  белгілер  болып  аса 
бейнелі  тілдік  бірліктер  қазынасы  көрінеді:  метафора; 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
82 
фразеологиялық  тіркестер;  синонимдік  қатардың  көптігі;  тура 
мағынадағы  сөздің  ауыспалы  мағынаға  ауысу  қабілетінің 
күштілігі;  сөз,  сөз  тіркестерінің  семантикалық  стильдік 
қызметінің  шексіздігі.  Көркем  әдебиет  стилінің  ерекшелігі 
эстетикалық  қызметте  жұмсалуында;  жазушы  образды,  ұтымды 
сөздерді,  фразалар  мен  мақал-мәтелдерді  халық  тілінен, 
фольклордан  алып  пайдаланумен  қатар,  өздері  де  жаңаларын 
жасайды, өзге стильдердің элементтерін жұмсайды, диалектизм, 
архаизм,  кәсіби  сөз,  жаргондарды  пайдаланады;  көркем 
әдебиетте  әдеби  нормадан  жөнді-жөнсіз  ауытқуларға  көп 
ұшырайды,  сондықтан  басқа  стильдер  тіліне  өнеге-үлгі  бола 
бермейді  деп  қорытады  зерттеушілер.  Көркем  әдебиет  стилінің 
аясы кең, мұнда барлық стильдердің элементтері қолданылады.  
Көркем  әдебиет  стилінің  өзге  мақсаттық  стильдерге 
қарағанда  олардан  өзгешеленетін  тұстары  бар  екендігі 
байқалады, олар: 1) мұнда экспрессивті, әсерлі суреттеме бояуы, 
бағалауыш 
сипаты 
күшті 
элементтердің 
жиірек 
қолданылатындығы;  2)  сондай-ақ  көркем  әдебиетте  қарапайым 
сөздер  мен  көне  сөздердің,  әдеби  нормадан  тысқары  тұратын 
диалектизм, варваризм, дөрекі сөз, макаронизм сияқты сөздердің 
стильдік  мақсатта  еркін  қолданыла  беретіндігі;  3)  ғылыми 
терминдер  мен  тілдік  трафареттердің  қолданылмайтындығы, 
қолданыла  қалған  күнде  олардың  белгілі  бір  стильдік  жүкпен, 
мысалы, кейіпкер тілінде кездесетіндігі. 
Проза  жанрында  көркем  әдебиет  өз  ішінен  бірнеше 
жанрлық,  тақырыптық  түрге,  тарихи  шығарма,  философиялық 
эсселер,  тұрмыстық  оқиғаларды  баяндайтын  әңгіме,  новелла, 
романдар,  фантастикалық  шығармалар,  сатиралық  туындылар 
т.т. болып бөлінетіндігіне қарай, олардың әрқайсысының ерекше 
өз белгілері болатыны белгілі. Тек көркем әдебиет емес, ғылыми 
әдебиетте  таза  ғылыми,  яғни  белгілі  бір  ғылым  саласының 
мамандарына  арналған  және  ғылыми-көпшілік,  яғни  қалың 
оқырман қауымына ұсынылған болып ажыратылады.  
Көркем  әдебиет  стилін  зеттеуде  орыс  тілі  ғылымында  тіл 
білімінің  мәселелері  қатарында  1)  көркем  әдебиет  тілінің  өзге 
функционалдық  стильдермен  өзара  байланысын  таныту;  2)  тіл 
құралдарын  эстетикалық  қызметте  жұмсау  принциптерін 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
83 
анықтау;  3)  жеке  ақын-жазушылардың  ұлттық  әдеби  тіл 
тарихындағы рөлін зерттеу мәселелерін таниды. 
Сонымен,  көркем  әдебиет  стилі  табиғатына  қатысты 
зерттеу  жұмыстарын  шолғанда,  стильдің  төмендегідей  стильдік 
белгілерін ажыратуға болады:
 
Стиль  ажыратушы  факторларға:  Саласы:  өнер,  мәдени-
эстетикалық сала.
 
Функциясы: әсер ету функциясы ең басты болып табылады. 
Ол  көркем  стильде  эстетикалық  функция  болады.  Міндеттері: 
өмірді  образдар  арқылы  таныту,  шындыққа  эстетикалық 
қатынасты  қалыптастыру.  Адресант:  ерекше  типтегі  дарынды 
тұлға.  Адресат:  оқырман,  мәтін  мазмұнын,  шығарманың 
идеясын қабылдауға қабілетті келеді. 
 
Көркем  мәтінде  стандартты  құрылымдар  болмайды.  Жанр 
мен мәтін түрлерінің көп түрлілігі тән. Әдебиеттің үш тегі бар: 
эпос,  лирика,  драма.  Олар  келесі  түрлерге  бөлінеді:  эпос  – 
героикалық,  тарихи,  лирикалық;  лирика  –  саяси,  азаматтық, 
махаббат, сатиралық, драма – халықтық, тарихи, тұрмыстық. 
 
Жанрлары.  Эпос:  эпопея,  баллада,  роман,  әңгіме,  поэма, 
повесть,  очерк,  мемуарлар  т.б.  Лирика:  ода,  элегия,  сатира, 
эпиграмма,  эпитафия,  лирикалық  өлеңдер.  Драма:  трагедия, 
комедия, драма, водевиль, сценка.
 
Шығарманың құндылығы көлемі мен мәтіннің тереңдігімен 
өлшенеді. 
 
Эмоциялылық.  Сөйлеу  құралдарының  көп  түрлілігі.  Басқа 
стиль элементтерінің араласуы.  
 
Стильдік  сипаттары:  Мәтіні  көркем  сипатта  келеді. 
Мәнерлі, образды, бағалы, метафоралы, көп мағыналылы, мұның 
барлығын автор образы біріктіреді. 
 
Көркем  шығарманың  бір  ерекшелігі  –  көп  жанрлы  болып 
келуі.  Проза,  драма,  поэзия,  т.б.  жанрдың  әрқайсысының  өзіне 
тән  тіл  ерекшелігі  бар.  Олар  әдеби  тіл  байлығын  өз  жанрына 
байланысты  еркін  қолданады.  Мәселен,  кейде  шылаулар, 
қыстырма,  одағай,  қаратпа  сөздер  экспрессивті-эмоциональды 
мақсаттар үшін лайықты жұмсалады.   
Көркем  әдебиет  –  сөзбен  салынған  сурет;  оқиғаға 
кейіпкерлердің  іс-әрекеті,  сөзі,  мінезі,  келбеті  қатысып 
баяндалады; оқиға болған күннің реті, жер жағдайы аталады. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

84 
Көркем әдебиет стиліне тән ерекшеліктер: 
1.
Эмоционалдық,  бейнелі,  эксрессивті  сөздер  мол
қатысады. 
2. Сөйлемдердің ырғақ, интонациясы мәтінге әсерлілік беру
үшін айрықша құрылады. 
3. Шығарма тартымды болу үшін синоним сөздер, тұрақты
тіркестер барынша көп жұмсалады. 
4. Осылардың  бәрі  грамматикалық  амал-тәсілдерді  ерекше
қиюластырып қолдану арқылы беріледі.  
Көркем  әдебиет  стилінің  де  проза  жанрын  қамтып, 
әлдеқайда  дами  түсуі  ХІХ  ғасырдың  орта  тұсынан  басталады. 
Бұған  Ыбырай  мен  Абай  шығармалары  үлкен себеп  болды. ХХ 
ғасырдың  басында    қазақ  көркем  әдебиет    стилі  бірсыпыра 
күшейіп,  өз  жанрларына  сай  белгілері  пайда  болып,  әрі  қарай 
дамыды, басқа стильдер жігі айқындала түсті. 
1880  жылы  қазанда  Дулаттың  "Өсиетнамасы",  1890  жылы 
"Шортанбайдың  бала  зары"  басылып  шықса,  ХХ  ғасырдың 
басында  қазақ  ақындарының  біршама  жинақтары  жеке-жеке 
кітап  болып  жарық  көрді:  Н.Наушабаев  /1903/,  М.  Сералин 
/1900,  1903,  1915/,  Абай  Құнанбаев  /1909/,  М.  Қалтаев  /1910, 
1910,  1912/,  С.Көбеев  /1910,  1912,  1913/,    Б.  Өтетілеуов    /1912, 
1914/,   С. Дөнентаев /1913/, т.б. 
Ауызша  әдеби  тілдің  стильдік  тарамдары,  негізінен,  екі 
үлкен  топқа  бөлінді.  Олар:  көркем  әдебиет  стилі  мен  ауызша 
сөйлеу стилі. Көркем әдебиет стилі поэзия жанрының сөз үлгісі 
арқылы  дамыды.  Сондай-ақ  шешендік  сөздер  деп  аталатын 
ұйқасты-ырғақты  проза  және  ертегілер  болып  ауызша  тарады. 
Ал  ауызша  көркем  сөйлеу  стилін  ұрпақтан  ұрпаққа  ауызша 
таралып келген шежірелер мен қарасөздер танытты. 
ХІХ  ғ.  екінші  жартысы  мен  ХХ  ғ.  басындағы  қазақ 
әдебиетінде бір-біріне қарама-қарсы екі бағыт: қазақ қоғамының 
өміріндегі  барлық  жаңалық  пен  озық  үлгі  жолында  күрескен 
ағартушылық-демократиялық бағыт пен бұған қарсы феодализм 
мен  патриархаттық  тұрмысты,  әдет-ғұрыптарды,  мұсылмандық 
фанатизмді,  ескілікке  қайта  оралуды  уағыздаған  ағым  айқын 
анықталды.  Бұлардың  арасындағы  бітіспейтін  идеялық  күрес 
шиеленісе  түсті.  Бұл  жағдай  кейде  тіл  қолдану  тәжірибесіне  де 
әсер етті. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
85 
ХХ  ғасырдың  басында  роман  жанры  пайда  болды.  1910 
жылы  М.Дулатовтың  "Бақытсыз  Жамалы",  1913  жылы 
С.Көбеевтің  "Қалың  малы"  жарыққа  шықты.    Сонымен    ХХ  ғ. 
басында  көркем  әдебиеттің  бұрын  болмаған  роман,  повесть, 
драматургия, сын жанрлары пайда болды. 
Көркем әдебиет тілінің стильдер жүйесінде алатын орнына 
байланысты  әртүрлі  пірікірлер  бар.  Стилистердің  бір  тобы 
(Н.М.Шанский,  Л.Н.Максимов,  Н.А.Мещерский  т.б.)  көркем 
әдебиет  тілін  функционалдық  стильдерден  тыс,  бөлек  тілдік 
құралдар жүйесі ретінде қарайды.  
Стилистердің  екінші  бір  үлкен  тобы  (Р.А.Будагов, 
А.И.Ефимов,  М.И.Кожина,  А.Н.Гвоздев  т.б.)  көркем  әдебиет 
тілін  функционалдық  стильдердің  басқа  түрлерімен  «терезесі 
тең»  деп  есептейді,  себебі  көркем  әдебиет  те  тіл  қолданудың 
аясы  болып  табылады,  көркем  әдебиет  те  әлеуметтік  қызмет 
атқаруға қатынасады. 
Көркем әдебиет стилінде сөздер ғана емес, бейтарап тілдік 
бірліктер  де  эстетикалық  қызмет  атқаралады.  Академик 
В.В.Виноградов  көркем  әдебиет  стилі  мәселесімен  айналысып 
жүрген  басқа  да  кейбір  авторлар  оның  коммуникативтік 
функциясының 
сыртында 
эстетикалық 
та 
функциясы 
болатындығы  негізгі  нысаны  етіп  алуы  шығарманың  осы  бір 
міндетімен  тікелей  байланысты  болса  керек.  Көркем  әдебиет 
стилі  туралы  сөз қозғағанда  «концепт»  туралы  айта  кету  керек, 
концепт  өте  танымал  атау  ретінде  қазіргі  лингвистикада  жиі 
қолданылып  жүр.  Оның  пайда  болуы  тіл  ғылымындағы  
антропоцентрикалық парадигма және когнитивті прагматиканың 
әдіс-тәсілімен  тікелей  байланысты.  Ол  кейде  «дискурс»,  «әлем 
картинасы»  атауларымен  қатар  айтылады.  Жеке  тұлға  өз 
туындысын  мәтінде  әлемді  тану,  эмоционалды  қарқындылықты 
өз  санасында  қайта  қарап  бейнелілікке  айналдыруы  болып  та 
саналады. 
«Концепт» 
термині 
туралы 
ғалымдардың 
зерттеулерінде 
«идеалды 
ақиқат», 
«сөз 
бен 
экстралингвистикалық  ақиқаттың  делдалы,  сарапшысы»  деп  те 
қорытындылайды. Концепт әлем картинасының адам санасында 
бейнеленетіндігін көрсету мақсатында пайдаланылады. Концепт 
термині тек көркем әдебиет стилінде ғана емес, функционалдық 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
86 
стильдерде  тіл  ресурстарының  стилистикасында  оның  барлық 
жүйесінде қолданылады.  
Көркем  әдебиет  стилі  көп  қабатты,  көп  қырлы  дүние, 
«лингвистикалық микроскоппен» тануды қажет етеді. 
Көптеген 
зерттеушілер 
көркем 
әдебиет 
тілінің 
функционалдық  стильдер  жүйесінде  қарастырылғаны  дұрыс 
дегенді  ұстанады.  Өйткені  функционалдық  стильдердегі  тілдік 
құралдардың көркем әдебиет тілінде кездесіп отыруы, яғни көп 
стильділік  көркем  әдебиет  тілінің  функционалдық  стильдер 
жүйесінен бөлек қаралуына негіз болып табылмайды. 
 
Бақылау сұрақтары: 
1. Көркем әдебиет тілі және әдеби тілдің арақатынасы. 
2.  Көркем  әдебиет  стилі  кешенді  стиль  дегенді  қалай 
түсінуге болады? 
3.  Көркем  әдебиет  стилі  мен  публицистикалық    стильдің 
арақатынасы неден көрінеді? 
4. Көркем әдебиет тілін зерттеу аспектілерін атаңыз. 
5.  Көркем  әдебиет  тілін  анықтайтын  негізгі  белгілерді 
атаңыз. 
6.  Өзге  стиль  элементтерінің  көркем  мәтінде  жұмсалу 
ерекшеліктерін көрсетіңіз. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
87 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.  Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б. 
Қазақ  тілінің    стилистикасы.  –  Алматы:  Мектеп,  1966.  (1974, 
2005). –191 б. 
2.  Серғалиев  М.  Стилистика  негіздері.  –Астана,  2006.          
–271 б. 
3.  Винокур 
Т.Г.  Развитие  функциональных  стилей 
современного русского языка. –М.: Наука, 1968. –231 с. 
4. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. –Алматы, 1992.  
5.  Әміров  Р.  Ауызекі  сөйлеу  тілінің  синтаксистік 
ерекшеліктері. –Алматы: Мектеп, 1997. –92 б. 
6.  Шалабай  Б.  Көркем  әдебиет  стилистикасы.  –Алматы, 
2000. –196 б. 
7.  Алдашева  А.  Аударматану:  лингвистикалық  және 
лингвомәдени мәселелер. –Алматы: Арыс, 1998. –158 б.  
8.  Виноградов  В.В.  Проблемы  русской  стилистики.  –М., 
1981. –320 б. 
 9.  Васильева  А.Н.  Курс  лекции  по  стилистике  русскогго 
языка: общие понятия стилистики. Разговорно-обиходный стиль 
речи. –М.: Русский язык, 1976. –240 с. 
10. Костомаров В.Г. Русский язык на газетной полосе. –М.: 
Изд. МГУ, 1970 . –265 с. 
11.  Котюрова  М.П.  Научный  текст  и  стиль  мышления 
ученого  //  Вестник  Пермского  университета.  –Пермь,  1996.  –
Вып ІІ. –С. 26-42. 
12.  Кожина  Н.М.  Стилистика  русского  языка.  –М.: 
Просвещение, 1977. –223 с.   
13.  Сыздықова  Р.  Сөз  құдыреті.  –Алматы:  Санат,  1997.        
–224 б. 
14.  Балақаев  М.,  Серғалиев  М.  Қазақ  тілінің  мәдениеті.  .      
–Алматы: Мектеп, 1995. –124 б. 
15. 
Әлкебаева 
Д. 
Қазақ 
тілі 
стилистикасының  
прагматикасы. –Алматы, 2005. –266 б. 
16.  Кеңесбаев  І.  Қазақ  тілінің  фразеологиялық  сөздігі.          
–Алматы, 1977.  
17.  Мурат  В.П.  Об  основных  проблемах  стилистики.  –М., 
1957. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
88 
18.  Розенталь  Д.  Э.Язык  и  стиль  средств  массовой 
информации и пропаганды. –М.: Изд-во МГУ, 1980. –256 с. 
19. Балақаев М., Сыздықова Р., Жанпейісов Е. Қазақ әдеби 
тілінің тарихы. – Алматы: Мектеп, 1968. –239 б. 
20.  Сыздықова  Р.  Қазақ  әдеби  тілінің  тарихы  (ХҮ-ХІХ 
ғасырлар). –Алматы: Ана тілі, 1993. –319 б. 
21.  Исаев  С.  Қазақтың  мерзімді  баспасөз  тілінің  дамуы  –
Алматы, 1983. –240 б. 
22.  Наер  В.Л.  К  описанию  функционально-стилевой 
системы 
современного 
английского 
языка. 
Вопросы 
дифференциации  и  интеграции  //  Лингвостилистические 
особенности научного текста. –М., 1981. –С.3-13.  
23. Пеше М. Дискурс и вопросы жанра. –М., 1998. 
24. Долинин К.А. Речевые  жанры как жанры как средство 
организации  социального  взаимодействия  //  Жанры  речи. 
Сб.научн.статей,  Саратов:  Изд-во  Гос.  Учебного  центра 
«Колледж», 1999.  – С. 4-6. 
25. Сиротинина О.Б. Разговорная речь. –М., 1998. 
26.  Ресми  іс  қағаздары:  Мемлекеттік  қызметшілерге 
арналған 
анықтамалық 

А.Алдашева, 
З.Ахметжанова, 
Қ.Қадашева,  Э.Сүлейменова.  –Алматы:  Сөздік-Словарь,  2002.  –
216 б. 
27.  Айтбаев  Ө.  Ғылым  тілі  /  Қазақ  тілі.  Энциклопедия.  –
Алматы: “IDK- TIPO”   Редакциялық-Баспа орталығы,  1998. Б. 
88-89. 
28.  Митрофанова  О.Д.  Научный  стиль  речи.  Проблемы 
обучения. – М., 1976. –199 с.  
29.  Барлас  Л.Т.  Русский  язык  /стилистика/.  –М.: 
Просвещение, 1978. –255 с.   
30.  Будагов  Р.А.  Литературные  языки  и  языковые  стили.  – 
М., 1967. –376 с. 
31. Исаев С. Қазақ әдеби тілінің тарихы. –Алматы: Ана тілі, 
1996 – 304 б.  
32.  Шнанов  Р.  Ғылыми  стильдің  кейбір  ерекшеліктері  // 
Қазақ әдебиеті  мен әдеби тіл. – Алматы, 1980. –45-56 бб. 
33. Уәлиұлы Н. Сөз мәдениеті. –Алматы, 1985.  
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
89 
34.  Гальперин  И.Р.  К  проблеме  дифференциации  стилей 
речи / Проблемы современной  филологии. – М., 1965. – С. 55-
74. 
35.  Біләлов  Ш.  Ұлттық  ғылым  тілін  қалыптастырудың 
өзекті мәселелері (математика саласы негізінде). – Алматы, 1996. 
–426 б. 
36.  Момынова  Б.Қ.  "Қазақ"  газетіндегі  қоғамдық-саяси 
лексика.  –Алматы: Арыс, 1998. –162 б.   
37. Барлыбаев Р. Қазақ тіліндегі қоғамдық-саяси лексика. –
Алматы, 1978. – 144 б. 
38. Бүркітов О. Қазақ әдеби тілінің публицистикалық стилі  
(мерзімді 
баспасөз 
материалдары 
бойынша). 
Канд. 
дисс.авторефераты.  – Алматы, 1996.  –24 б.   
39. Балақаев М.Б.   Қазақ әдеби тілі  және оның  нормалары. 
– Алматы: Ғылым, 1984. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
бойынша жиынты
ызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
идаларын бекіту
Республикасы кіметіні
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дістемелік сыныстар
Мектепке дейінгі
дебиеті маманды
дістемелік материалдар
білім беруді
ауданы кіміні
жалпы білім
конкурс туралы
мектепке дейінгі
рметті студент
облысы бойынша
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
мерзімді жоспар
разрядты спортшы
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
директоры бдиев

Loading...