Ж. Д. Рапишева, Е. Е. ТҮйте, Ж. У. Есинбаева қазақ тілінің стилистикасы

Loading...


Pdf көрінісі
бет6/11
Дата13.04.2020
өлшемі1.31 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

б а я н д а у д ы ң өзін, яғни ғ ы л ы м и   ә д е б и е т т е р         
с  т  и  л  і  н    бүтін  стиль  ретінде  емес,  оның  әр  түрлеріне 
байланысты  бөлшектеп  кетер  едік,  яғни  медициналық, 
физикалық, 
химиялық, 
биологиялық, 
астрономиялық, 
филологиялық  жағынан  тағы  стильдер  туған  болар  еді.  Ал, 
шындығында,  тіпті  медик  өзінің  ғылыми  шығармаларын 
химиктей  жазбаса  да,  сол  сияқты  химик  пен  биологтың  немесе 
филологтың ғылыми шығармалары бір-бірімен тілдік, сөз саптау 
жағынан  дәл  ұқсас  болмаса  да,  мұнда  жеке  стильдер  жоқ. 
Қайткен күнде де бұл ғалымдар біркелкі ғылыми баяндау стилін 
пайдаланады,  өйткені  ойды  білдірудің  формасы,  тәсілі  ортақ, 
сондықтан 
ғылыми 
стильдің 
өзі 
ғылым 
түрлерінің 
ерекшеліктерінен  тумайды,  ғылыми  баяндаудың  ерекшелігімен 
айқындалады. Мысалы, “медицина стилінің” айырмашылықтары 
ең  алдымен  жеке  ғылым  ретінде  медицинаның  өзіндік 
ерекшеліктеріне  байланысты  да,  тек  жанама  түрде  тілге 
қатысты:  жеке  ғылым  саласында  жұмсалатын  терминдер 
жиынтығы  өз  алдына  ерекше  стиль  құрай  алмайды.  Сонымен 
бірге  әрбір  ғылым  саласы    қалыптасқан  ғылым  ретінде  белгілі 
қасиеттері  арқылы  ерекшеленетін  ғылыми  баяндау  стилін 
пайдаланады”  деген  пікір айтады [30, 72-73].    
С.Исаевтың  пайымдауынша,  дәл  осындай  құбылысты 
көркем  шығармалар  тілінен  де,  көркем  баяндау  стилінен  де 
байқауға  болады.  Роман,  повесть,  әңгіме,  поэма,  мысал,  өлең, 
эпос, баллада тілі жеке-жеке стиль бола алмайды. Әрине, көркем 
әдебиеттің  бұл  жанрларының  бір-бірінен  өзіндік  ерекшеліктері, 
айырмашылықтары  жоқ  емес.  Тіпті  әр  жазушының  өзіндік  тіл 
ерекшеліктері,  өзіндік  сөз  саптау  мәнері  бар.  Бірақ  әр 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
63 
жазушының  әрбір  туындысы,  кейбір  өзіндік  ерекшеліктеріне 
қарамастан, жеке-жеке стиль құрай алмайды [31, 23].   
Сонымен қатар белгілі бір стильде жазылған мәтінде басқа 
стильдердің  элементтері  кездеседі.  Демек,  бір  функционалдық 
стильге  тән    тұлға-тәсілдердің  екінші  бір  стильде  қолданылып 
отыруы  мүмкін.  Мұның  өзі  таза  бір  стильде  жазуға 
болмайтынын,  қайтсе  де  онда  басқа  стиль  элементтері  болып 
отыратынын көрсетеді. Орыс тілші ғалымдары В.В.Виноградов, 
А.И.Ефимов, В.П.Мурат та белгілі бір сөздер мен сөйлемдер тек 
қана  бір  стильге  телініп  қоймай,  екінші  бір  стильде  де 
қолданыла  береді.  Жалпы  стильдердің  өзара  шекарасы  дәл 
айқындалған нәрсе емес деп тұжырымдайды. 
Ғылыми 
әдебиет 
тіліне 
байланысты 
жазылған 
зерттеулердегі  пікірлерге  сүйенсек,  ғылыми    стильдің  өзіндік 
белгілері  оның  атқаратын  қызметіне,  тілдік  единицаларды 
қолдану 
мүмкіншіліктеріне, 
лексикалық 
құрамына, 
грамматикалық 
құрылысына, 
ғылыми 
мәтінді 
құру 
ерекшеліктеріне  сәйкес  айқындалады.  Ғылыми  стильдің 
дараланып  жетіле  түсуі  табиғат  пен  қоғамдағы  әр  алуан 
құбылыстарды ғылыми негізде терең зерттеу мақсатымен тығыз 
байланысты.  Ғалымдар  нақты  бір  ұғымдарды  басшылыққа  ала 
отырып,  олардың  қыр-сырын,  өзара  байланыстарын  тағы  басқа 
қасиеттерін ашу мақсатында өз пікірін, өз тұжырымын баяндап 
қана  қоймайды,  сол  жаңалығын  жан-жақты  дәлелдейді.  Осы 
мақсатпен  олар  әдеби  тілдің  қорынан  өз  ойының  жүйелі,  дәл 
және логикаға сай баяндалуы үшін айрықша  сөз қолданыстарын 
таңдайды.  Себебі  пікір  дұрыстығын  дәлелдеу  үшін  логика 
заңына,  яғни  дұрыс  ойлау  заңына  сүйену  қажет.  Ғылыми 
әдебиет 
қағидалары, 
тұжырымдары, 
әдетте, 
зерттеу 
жұмыстарында 
тәжірибеде 
бар 
объективті 
шындықты 
уағыздайды.  Сондықтан  оның  тілі  жинақы,  стилі  “қатаң”, 
сөздері,  сөз  тіркестері,  сөйлем  құрылыстары  дәлме-дәл,  тап-
тұйнақтай  болуы  тиіс.  Ғылыми  прозаның  тірегі  –  логикалық 
объективті байлам, бірізділік және дәлділік. Демек, ойдың тілде 
көрініс 
беруі 
логикалық 
жүйедегі 
талдаулар 
мен 
қорытындыларға  сүйенеді.  Ғылыми  еңбектің  негізгі  мақсаты  – 
әр  түрлі  ұғымдарды  негізге  ала  отырып,  өз  нысанасын  жан-
жақты  зерттеу,  табиғаттағы  және  қоғамдағы  әр  алуан 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
64 
құбылыстар мен үрдістердің заңдылығын ашу болып табылады.  
Ө.Айтбаев ғылым тілі айтылатын ойдың анықтылығын, дәлдігін, 
дұрыстығын  және  кез  келген  ғалым  түсінерліктей  дәйектілігін 
қалыптастыруы  тиіс  екендігін  айта  отырып,  оны  белгілі  бір 
ұғым,  мәселе турасындағы логикалық жағынан  тұжырымдалған 
толық х а б а р л а м а деп  анықтайды [27, 89].   
Ғылыми  шығармалар  жалпы  халықтық  әдеби  тілде 
жазылады.  Бірақ  тілдік  тәсілдерді  пайдалануда  оның  өзіндік 
ерекшеліктері  болады.  Р.Шнановтың  көрсетуінше,  ғылыми 
стильдің  дыбыстық  ерекшеліктерінен,  ең  алдымен,  белгілі  бір 
сөздер мен сөз тіркестерінің жиі қайталанатындығын айту керек. 
Сондықтан біркелкі дыбыстардың қатар келуі жиіленіп, көркем 
әдебиеттердегідей  дыбыс  үйлесімдігі  болмайды.  Ғылыми 
еңбектің  сөйлемдері  бір  типтес  болып  келіп,  шығарманың 
құбыла  түрленуіне,  ырғағының  әркелкілігіне  жол  бермейді. 
Ғылыми  шығармаларды  оқығанда  біз  образ  әсерінде  емес, 
белгілі бір ұғымдар жетегінде болып, терең түсінік алуды мақсат 
етеміз. Ғылыми еңбектер ауызша баяндалғанда, дыбыстар толық 
түрде  анық  айтылуы  шарт  және  ерекше  назар  аударуды  талап 
ететін сөздерге екпін түсіріледі [32, 19].   
Ғылыми 
қарым-қатынас 
аясы 
айтылған 
ойдың 
нақтылығымен, қисындылығымен, бір мағыналы болуымен және 
дәл  келуімен  ерекшеленеді.  Ғылым  аясындағы  ойлаудың  басты 
түрі  ұғым  болып  келеді.  Н.Уәлиұлының  тұжырымдауынша, 
ғылыми  стильде  тіл  амал-тәсілдерінің  дерексіз  сипатта  “ұғым” 
түрінде  болуы  ғылыми  стильдің  басты  айырым  белгісі  болса, 
сөздің  деректі  сипат  алып,  оның  образға  көшуі  көркем  әдебиет 
стилінің  басты  айырым  белгісі.  Ғылыми  зерттеулер,  ізденістер 
барысында пайда болған жаңа ұғым әуелде дерексіз шама, яғни 
заттық  белгілері  жоқ,  ой  арқылы  ғана  анықталған  шама 
қалпында болады. Осы ұғымға ат қою арқылы оған  заттық белгі 
беріледі,  сол  арқылы  басқа  атаулардан  ажыратылады,  оның 
мөлшерлік  деңгейі,  ауқымы  анықталады.  Сөйтіп,  ол  ғылым 
сарайының  бір  кірпіші  болып  қаланады.  Дәлірек  айтқанда,  ол 
атау – “ғылым  тілінің  кірпіші” [33, 25].   
Ғылыми  стильдің  лексикасында  сөздер  өзінің  бастапқы, 
тура,  негізгі  мағынасында  жұмсалады.  Ғылыми  стильдің  сөздік 
құрамы, 
негізінен, 
үш 
қабаттан 
тұрады: 
жалпылама 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
65 
қолданылатын  сөздер,  ғылымның  барлық  салаларына  тән 
ғылыми  сипаттағы  сөздер  және  жекелеген  ғылым  саласының 
өзінде ғана қолданылатын термин сөздер. Сонымен бірге белгілі 
бір  ғылымның  саласында  қолдану  аясына  байланысты 
жалпылама  лексиканың  кейбір  сөздері  термин  сөзге  айналады. 
Ғылымның  алға  басып,  дамуына  қарай  жаңа  ұғымдар  туып 
отырады.  Әрбір  стильдің  өзіне  ғана  тән  айрықша  белгілері  мен 
оларды  бір-бірінен  даралап  тұратын  жеке  факторлардың 
болатыны  белгілі.  Мәселен,  И.Р.Гальпериннің  айтуынша, 
ғылыми  стильдің  мұндай  негізгі  белгісі  –  термин  сөздердің 
жиілігі.  Бұл  белгі  –  ғылыми  стильдің  лексикасын  басқа 
функционалдық стильдер лексикасынан ажырататын басты белгі 
болып  табылады.  Сөздердің  терминдік  сипатқа,  қасиетке  ие 
болуы  тек  ғылыми  стильде  жүзеге  асады.  Ғылыми  стильде 
лексикалық  қабаттардың  қолданылуы  ғылымның  өзіндік 
ерекшеліктеріне, кітаптың кімге арналуына байланысты өзгеріп 
отырады.  Мысалы,  теориялық  ғылыми  еңбектерде  бейтарап 
сөздер    аз  болады  да,  көпшілікке  арналған  еңбектерде  олардың 
саны  арта  түседі.  Лексикалық  қабаттардың  қолданылу  жиілігі 
еңбектің  баяндалу  сипатына,  жанрына,  композициялық 
бөліктерінің ерекшеліктеріне де байланысты болады [34, 69-71].   
Ғылыми  стильде  жалпы  жазу  тіліне  тән  синтаксистік 
құрылыс  пайдаланылады.  Бұл  стильдің  негізгі  ерекшелігі  – 
мұнда  ой  күрделі  баяндалып,  анықтамалар  мен  дәлелдемелерге 
негізделеді.  Сонымен  бірге  әрбір  ғылым  саласының  өзінің 
ерекшелігіне  қарай  баяндау  тәсілінде  кейбір  өзгешеліктер 
болады. Қорыта айтсақ, ғылыми стильге тән негізгі қасиеттер  – 
мағыналық  нақтылық,  бейнесіздік,  баяндаудың  дәлдігі,  ойдың 
логикаға сай жүйелі берілуі болып табылады. 
Ғылым 
зерттеу 
объектілерінің, 
табиғаттың, 
қоғам 
дамуының  т.б.  заңдылықтарын  айқындау  үшін  талдау, 
топтастыру,  салғастыру  негізінде  қорытынды  жасауды  керек 
етеді.  Бұл  материалдар  ғылым  түрінің  ерекшеліктеріне  қарай 
кейбіреуі  сол  ғылым  (мыс.,  химия,  физика,  математика, 
медицина)  мамандарына  арналса,  бірқатары,  әсіресе  қоғамдық 
ғылымдар жайындағы әдебиеттер, оқулықтар мен оқу құралдары 
көпшілікке  арналады.  Сонымен  қатар  олардың  тілінде  елеулі 
айырмашылықтар  болады.  Демек,  ғылым  жетістіктері  бүгін 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
66 
ғалымдарға  белгілі  болса,  ертең  оқулықтарға  кіреді,  одан  әрі 
халық  арасына  тарап,  олардың  қарым-қатынасына  қызмет  ете 
бастайды. 
Ш.Біләловтің 
көрсетуінше, 
ғылыми-көпшілік 
әдебиеттер тілі жалпы тіл айналымының оқулық тілінен кейінгі 
сатысында  орналасқан,  ғылым  тілін  жалпы  халықтық  тілмен 
байланыстыратын  соңғы  буын.  Ғылыми-көпшілік  шығармалар 
тілінің  оқулық  тілінен  айырмашылығы  оның  бірсатылығында. 
Яғни оқулық тілі көпсатылы болып келеді де, ғылыми-көпшілік 
тіл  өз  оқушыларын  білім  деңгейіне  қарап  бөлместен,  біртұтас 
деп  қарастырады.  Осыдан  келіп  ерекше,  бірнысанды  тіл 
қалыптасады.  Оның  басты  ерекшелігі  ғылым  тілін  барынша 
жеңілдетуінде.  Сонымен,  таза  ғылыми  еңбектер  белгілі  бір 
ғылым  саласындағы  зерттеулер  нәтижесінде  жазылатын  болса, 
ғылыми  оқулықтар  ғылым  негіздерін  оқытуға  арналған. 
Ғылыми-көпшілік  әдебиет  ғылымның  әр  саласынан  түсінік 
береді.  Кейбір  ғылым  қайраткерлерінің  өмірі,  ашқан 
жаңалықтары,  саяхатшылардың  көрген-білгендері  де  ғылыми-
көпшілік әдебиетке негіз болады. Ғылымның негізін танытатын 
кітаптар  мен  кейбір  публицистикалық  туындыларды  да  осы 
салаға жатқызуға болады. Бұндай ғылыми-көпшілік шығармалар 
мен    кітапшалар  көпшілік  оқырман  қауымға  арналады.  Демек, 
ғылыми-көпшілік  тіл  –  ғылымды,  ғылым  жаңалықтарын 
көпшілікке түсіндіретін тіл [35, 97].   
Ғылыми  стиль  –  жазба  стильдің  бір  түрі.  Ғылыми  стильге 
белгілі  бір  ғылым  саласына  арналған  ғылыми  мақала,  ғылыми 
очерк,  жазба,  оқу  құралы,  оқулықтар,  ғылыми  баяндама, 
диссертациялар  мен  оның  авторефераты,  монография  және  т.б. 
ғылыми  еңбектер  жатады.  Ғылыми  стиль  жанрларындағы 
еңбектерде  сөздер  негізгі,  тура  мағынасында  жұмсалады, 
мазмұны,  ғылыми  объекті  мен  тақырып  белгілі  бір  ғылым 
саласына  тиесілі  терминдер  арқылы  баяндалып  түсіндіріледі. 
Ғылыми  еңбектердегі  ой-түйіндер  анықтама,  дәлелдеме,  формулаларға 
негізделеді.  Ол  үшін  дұрыс  ойлау,  логика  заңына  сүйенеді.  Оқушы  мен 
тыңдаушыға  түсінікті,  дәлелді,  тұжырымды  болу  мақсат  етіледі.  Тілдік 
тәсілдер  ғылым  мәселелеріне  бағындырыла  отырып    пайдаланылады.  
Ғылыми  стильде  экспрессивтік,  эмоционалдылық    және    образдылық   
болмайды.  
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
67 
Әлемдік  лингвистикада,  орыс  тіл  білімінде  ғалымдардың 
көпшілігі  өз  еңбектерінде  ғылыми-көпшілік  стильді  ғылыми 
стильдің  подстилі  (ішкі  шағын  стилі,  ғылыми  стильден 
тарамдалатын  тармақ)  ретінде  қарауы  классикалық  дәстүрге 
айналған. Қазақ ғалымдары да осы дәстүрден айнымай, аталған 
бағытты  ұстанып  келе  жатыр.  Бұл  бағыттың  қалыптасуы 
экстралингвистикалық,  объективті  факторларға  негізделген 
деуге  болады.  Бірақ  қазіргі  кезде  жаңаша  талдау  бағыттары  да 
бар.  Ғалым  Р.Сыздық  бұл  жөнінде  былай  деп  жазады:  «Стиль 
түрлеріне  ажыратуда  да  қазақ  мамандары  осы  жолмен  кеткен: 
функционалдық 
стильдердің 
қалыптасуы 
мен 
даму 
заңдылықтарын  зерттеудің  негізгі  көзі  тілдің  қолданысы 
(речевые  контексты)  болып  табылады,  бұл  қолданыстар  белгілі 
бір  жанрға  тән  болып  келеді  деген  сияқты  немесе  «жанрға 
қатысты  бөлінген  стильдер  айқынырақ  танылады»  деген  орыс 
тілі  зерттеушілерінің  тұжырымдарын  басшылыққа  алып,  қазақ 
тілінің  де  мақсаттық  стильдерін  жанрлық  негізде  тармақтайды: 
публицистикалық  әдебиет  жанры  публицистикалық  стильді, 
көркем  әдебиет  үлгілері  көркем  әдебиет  стилін,  сол  сияқты 
ресми іс-қағаздары мен кеңсе тілінің стилі, ғылыми-техникалық 
әдебиет стилі деп ажыратады» [13, 56].  
Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебеге ие болуына, Қазақстан 
Республикасындағы  тіл  саясатына  байланысты  бүгінгі  таңда 
ғылыми-көпшілік  стильде  жазылған  мәтіндер  көбейді.  Алайда 
осы  мәтіндер  қай  стильге  жатады,  ғылыми  стиль  ме, 
публицистикалық  стиль  ме,  әлде  жаңаша  стиль  түрі  ме  деген 
заңды сұрақ туады.  
Ғылымның  көпшілікке  таралуынсыз  оның  алға  басуы,  не 
өндіріс  күшіне  айналуы  мүмкін  емес.  Ғылыми  білімнің  халық 
арасында таралуында ғылыми-көпшілік әдебиеттің алатын орны 
ерекше.  Әдетте  ғылыми-көпшілік  жарияланымға  ғалымдардың 
қалың  оқырманға  арналған  ғылыми  жетістіктері  жөніндегі 
хабарламалары  жатқызылады.    Бүгінгі  күнге  дейін  баяндаудың 
ғылыми-көпшілік  түрі  жөнінде  ғалымдардың  көзқарасында 
бірізділік байқалмай келген. 
Ғылыми әрекет барысында адам екі үлкен мақсат қояды: 
1) жаңа білімге ие болып, жаңалық ашу; 
2) осы білімді қоғамға жария ету. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
68 
Ғылыми  стильдің  жазба  стильге  жататыны  белгілі. 
Біріншіден,  жазба  нұсқа  ақпаратты  ұзақ  мерзім  сақтайды,  бұл 
ғылым  үшін  маңызды  фактор  болып  табылады  және  ғылым 
осыны  талап  етеді.  Екіншіден,  жазба  нұсқа  ақпараттағы 
дәлсіздік  пен  логикалық  ауытқуларды  бірден  анықтауға 
мүмкіндік  береді  (ауызекі  сөйлеу  тілінде  бұл  өзекті  болмаса, 
ғылым  тілінде  мұндай  ауытқулар  үлкен  қателіктерге  әкеліп 
соғуы  мүмкін).  Үшіншіден,  ғылыми  ақпараттың  жазба  түрі 
үнемді,  адресатқа  қабылдаудың  өзіндік  темпін  орнатуға 
мүмкіндік  туғызады  (ғылыми  баяндама  ауызша  кемінде  40 
минутта  жеткізілсе,  осы  салада  маманданған  адресат  жазбаша 
үлгісін  5-10  минутта  оқып  шыға  алады).  Төртіншіден,  жазбаша 
үлгідегі ақпаратты бірнеше рет оқып шығуға болады.  
Қазақ әдеби тілі функционалдық стильдерінің қатарында, өз 
алдына  сараланған,  нақты  стильдік  белгілері  бар,  беделді 
стильдік 
тармақ 
ретінде 
аталып 
жүргенімен, 
қазақ 
лингвистикасында ғылыми стиль терең зерттелмеген деп айтуға 
болады.  Бұл  жағдайдың  ең  басты  экстралингвистикалық 
объективті  себебі  –  ғылым  тілінің  ұзақ  уақыт  бойында  орыс 
тілінің  негізінде  жасалып  қалыптасқандығына  байланысты. 
Нақтырақ  айтқанда,  ғылыми  еңбектердің  көпшілігі,  біріншіден, 
аударма  ретінде  жасалды.  Екіншіден,  қазақ  тілінде  жасалған 
ғылыми  еңбектердің  өзінде  интернационалдық  терминдердің 
сандық  және  сапалық  құрамы  өте  жоғары  болды.  Аударма 
арқылы  жасалған  ғылыми  еңбектерде  сөзбе-сөз  аударылған, 
таптаурын 
түріндегі 
лексикалық 
және 
синтаксистік 
құрылымдардың дәрежесі жоғары болды. 
Функционалдық  стильдердің  тармақтарын  зерттеушілер 
көрсетілген өзге тілдің ықпалынан болған үдерістің қазақ әдеби 
тілі үшін жағымды (пайдалы) және жағымсыз (тиімсіз) жақтары 
болғанын  ішінара  атап  өтеді.  Сондықтан  ғылым  тілінің 
аударылуынан  болған  осындай  тілдік  құбылыстар  өз  алдына 
жеке зерттеуді қажет етеді.  
Сонымен,  қазақ  әдеби  тілі  фукционалдық  стильдерінің 
қатарында бар ғылыми стиль өзіне тән стильдік белгілерге ие.  
Қазіргі  кезеңде  қазақ  әдеби  тілінің  функционалдық 
стильдер  құрамындағы  ғылыми  стильге  жататын  мәтін  үлгілері 
сандық  және  сапалық  жағынан  өте  күрделі.  Бірақ  еңбектерде, 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
69 
зерттеулерде  олардың  кейбірі  ғана  аталып  өтеді,  нақты  түрде 
жинақталып,  жанрлық  ерекшеліктеріне  қарай  топтастырылып 
көрсетілмейді. 
 
Бақылау сұрақтары: 
 
1. Ғылыми стильдің шағын түрлерін атаңыз. 
2. Ғылыми стиль мәдениеті дегенді түсіндіріңіз. 
3.  Ғылыми  стильдің  морфологиялық  және  синтаксистік 
ерекшеліктеріне не жатады?  
4. 
Ғылыми 
стильде 
терминдердің 
қолданылу 
ерекшеліктерін көрсетіңіз.  
 
 
ПУБЛИЦИСТИКАЛЫҚ СТИЛЬ  
 
1. Публицистикалық  стиль,  оның  қолданыс  аймағы  мен 
қызметі  
2. Публицистикалық 
стильдің 
белгілері, 
 
оның 
қалыптасуына  ауызекі  сөйлеу  және  көркем  әдебиет 
стильдерінің әсері  
3. Публицистикалық  стильдің  жанрлық  көптүрлілігі, 
тілдік  белгілері  Осы  стильдегі  шешендік  шеберлік,  оған 
қойылатын талаптар 
 
Публицистикалық 
стиль 
– 
(бұқаралық 
ақпарат 
құралдарының 
тілі) 
функциональды 
стильдердің 
бірі. 
Публицистикалық  стиль  қоғамдық  өмірдің  алуан  саласында, 
саяси,  мәдени-экономикалық,  қарым-қатынастарды  көрсетуге 
қызмет етеді. Публицистикалық стильдің екінші бір ерекшелігі – 
ұлттық әдеби тілдің толығуына зор ықпал етеді, әрі әдеби тілдің 
лексикалық, грамматикалық жүйелеріндегі даму ерекшеліктерін 
көрсете алады. 
Публицистикалық стиль – газет, журнал, радио, теледидар, 
документальді  фильм,  публицистикалық  стильдің  тақырыптық 
диапазоны  өте  кең:  саясат,  идеология,  философия,  экономика, 
мәдениет, күнделікті тұрмыс-тіршіліктің проблемаларды, қазіргі 
уақыттың  кезектегі  міндеттері,  ағымдағы  саясат  мәселелері, 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

70 
әлемдегі, 
қоғамдағы 
жаңалықтар 
мен 
өзгерістер 
(публицистиканы  “қазіргі  кезең  жылнамалары”  деп  бекер 
айтпайды). 
Публицистикалық  стильдің  негізгі  мақсаты  –  өмірдегі 
оқиғалар  мен  фактілерді  бағалау,  философиялы-дүниетанымды 
көзқарас  тұрғысынан  пайымдау  мен  түйін  жасау  болып 
табылады. 
Публицистикалық стиль тілдің екі қызметін атқарады, бірі – 
хабар  беру,  екіншісі  –  ықпал  ету.  Публицистика  латын  тілінен 
аударғанда  "көпшілік,  әлеумет"  деген  мағына  береді. 
Публицистикалық  стиль  –  қоғамдық-саяси,  үгіт-насихаттық 
әдебиетте,  бұқаралық  ақпарат  құралдарында  қолданылатын 
әдеби 
тілдің 
функционалдық 
стильдерінің 
бірі. 
Публицистикалық  стиль  дегеніміз  –  көпшілікке  арналған 
қоғамдық-саяси,  әлеуметтік,  экономикалық  тақырыптарға 
арналған  газет-журнал  беттеріндегі  журналистика жанрларында 
(очерк,  бас  мақала,  мақала,  ақпарат  хабар,  халықаралық  шолу, 
деректі 
әңгіме 
және 
т.б.) 
жазылған 
жарияланымдар. 
Публицистикалық  стильдегі  жарияланымдардың  мазмұны 
қоғам,  адам  өмірінің  түрлі  жағдайларын  үгіттеу-насихаттау 
сипатында болып, тілдегі әсерлі, сезімдік және бейнелі сөздерді 
қолдану басым болады да, баяндалған мәселелер нақты фактілер 
мен құжаттарға негізделеді. Публицистикалық стильдің алғашқы 
белгілері  оны  ресми  стильге  жақындатса,  соңғы  белгісі  оның  
ғылыми стильге жақын екенін көрсетеді.  
Публицистикалық  стильге  қойылатын  талап  –  қандай 
тақырыпқа  жазылса  да,  логикалық  жағынан  дәлелді,  көңілге 
қонымды  болу.  Ол  –  тілдік  құралдарды  қолдана  білуден 
байқалады. Публицистика өзінің тақырыбына сай сөздер мен сөз 
тіркестерін 
сұрыптап 
қолданады, 
қажетті 
синтаксистік 
құрылысты пайдалану арқылы  мәтін жасалады.  
Публицистикалық  стиль басқа  стильдерден  бейнелілігімен,  
баяндаудың 
шешендігімен, 
жағымды 
және 
жағымсыз 
мағынадағы  мәнерлілігімен  ерекшелінеді.  Публицистикалық 
стильде көркем сөз тәсілдерінің барлығы, сондай-ақ тұрақты сөз 
тіркестері,  мақал  мен  мәтелдер,  афоризмдер  және  тілдің 
көркемдегіш 
тәсілдері, 
әсіресе 
риторикалық 
сұраулар, 
стилистикалық сөз қайталаулар да мол қолданылады.  
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
71 
Публицистикалық  стильдің  ауызша  түрі  –  шешендік  сөз 
өнері. "Өнер  алды  –  қызыл  тіл"  деп  білген  қазақ  халқының  би-
шешендер  мен  ақындарының  шығармашылығында  шешендік  
өнердің үлгілері жетерлік. 
Қазақ  әдеби  тілінде  қоғамдық-публицистикалық  стильдің 
тууы мерзімді баспасөздің пайда болуымен тікелей байланысты. 
Қазақ  баспасөзінің  алғашқы  қарлығаштары  –  "Түркістан 
уәләятының  газеті"  /1870-1888/  мен  «Дала  уәләятының  газетің 
/1888-1902/.  Бұларға  қоса  "Торғай  газеті",  "Ауыл  шаруашылық 
листогі"  және  облыстық  ведомостылар  /мысалы,  "Торғай 
облыстық  ведомостылары"/  сияқты  патша  үкіметінің  жергілікті 
әкімшіліктерінің  ресми  органдарында  да  қазақша  материалдар 
/көпшілігі  ресми  құжаттардың  аудармалары/  басылып  тұрған. 
Қазақ  публицистикасы  араб  графикасымен  жарық  көрді. 
Публицистикалық стиль – қазақ әдеби тіліндегі проза жанрының 
алғашқы үлгілерінің бірі.  
Публицистикалық стиль – қазақ әдеби тілі функционалдық 
стильдерінің  қатарында  тереңірек  зерттелген  салаларының  бірі. 
Бұл  саланың  тарихы,  қалыптасуы,  жалпы  алғанда,  диахронды 
жай-күйі 
туралы 
еңбектер 
(Қ.Жұбанов, 
М.Балақаев, 
Б.Әбілқасымов, 
С.Исаев, 
І.Кеңесбаев, 
Е.Жанпейісов, 
Х.Бекхожин,  Н.Қарашева,  Ш.Мажитаева,  Б.Момынова),  әдеби 
нормалар мен тіл мәдениетіне қатысы, әдеби тілдің лексикалық 
құрамының  толығуына  ықпалы,  тілдік  құрамы  (Р.Сыздық, 
Ә.Қайдаров,  Р.Барлыбаев,  Ө.Айтбаев,  Б.Шалабай,  А.Алдашева, 
С.Әлісжанов) 
туралы, 
сондай-ақ 
жаңа 
кезеңдегі 
публицистикалық  стиль  жанрларын  прагматика,  экспрессивті 
синтаксис, функционалдық стилистика, салыстырмалы тіл білімі                          
(З.Ахметжанова,  Ф.Жақсыбаева,  Д.Әлкебаева  және  т.б.) 
аспектілерінде қарастырған еңбектер бар.  
Академик 
Р.Сыздықтың 
пікірі 
бойынша, 
қазақ 
публицистикалық  стилі  (газет-журналдар  тілі)  1960  жылдардың 
орта  тұсының  өзінде-ақ  қазақ  әдеби  тілінің  лексикалық, 
грамматикалық  құрамының  өзгеруі  мен  толығуына  елеулі  әсер 
еткен  және  осы  факторларды  танытатын,  сонымен  қатар  басқа 
стильдік  тармақтардың  тіліне  де  елеулі  әсер  ететін,  жалпы 
алғанда,  қалың  жұрттың  сөйлеуі  мен  жазуына  ықпал  жасайтын 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
72 
айрықша беделді доминант стильдік тармақ ретінде қалыптасты 
[19, 9].    
Зерттеулердегі  тұжырымдарға  сүйенсек,  публицистикалық 
стильдің  басты  міндеттеріне:  а)  ақпаратты  жеткізу  функциясы; 
ә) әсер ету функциясы жатады. 
Белгілі  ғалым  А.Алдашева  қазіргі  баспасөз  тілінің 
жанрлық-стильдік  ерекшеліктерін  сөз  еткенде:  «Бір  стильдік 
элементтердің  екінші  стильге  ауысуын,  әсер  етуін  ғылымда 
стиларалық диффузия деп атайтыны белгілі. Қазақ баспасөзінде 
осындай стиларалық диффузия құбылысы байқалып отыр. Бұлай 
болуының бірнеше себептері бар:  
Біріншісі  –  қазіргі  баспасөзде  ақпараттық  қызметтен  гөрі 
экспрессивтік  ықпал  ету  қызметінің  рөлі  басым,  күштірек.  Бұл 
жағдайда  өз  кезегінде  қазіргі  қоғам  дамуындағы  саяси-
әлеуметтік  бетбұрыс  ықпалы  бар.  Нарықтық  қоғамның  басты 
ерекшелігі  –  бәсекелестікті  дамыту,  осы  фактордың  баспасөзге 
қатысы  бар.  Басқаша  айтқанда,  бұқаралық  ақпарат  құралдары 
оқырманның,  тыңдаушының  белгілі  бір  әсерін  туғызу,  сол 
арқылы  бұқаралық  ақпарат  құралдарына  мүдделілігін  (интерес) 
арттыру  үшін  ақпарат  берумен  қатар,  қалайда  ықпал  ету,  өзіне 
тарту қызметіне көңіл бөлуде. 
Екіншіден, баспасөздің жанрлық-стильдік ерекшеліктерінің 
өзгеруіне  ұлттық  ой-санасы  әсер  етуде.  Үшінші  себебі  – 
баспасөз журналистерінің тілінде еркіндік пайда болуы дейді [7, 
53].   
Көрнекті 
ғалым 
Б.Момынова 
былай 
дейді: 
«Публицистикалық стильге келсек,  оны жеке стиль ретінде тану 
қажеттілігі  өзіндік  функциясынан,  қызметінен  туындайды. 
Публицистиканың  ең  басты  қызметі  –  хабар,  ақпарат  жеткізу, 
тарату,  үгіт-насихат  жүргізу.  Осы  орайда  ол  тек  таза  ресми  не 
көркем  тілмен  сөйлесе,  мақсатына  толық  жете  алмайтыны 
ақиқат.  Оқырманды  еліктіру,  үгіттеу,  бір  мақсат,  бір  бағытқа 
жұмылдыруда  экспрессия  элементтері  пайдаланылса,  кейде 
ғылыми  тілмен  арнайы  лексикамен  сөйлеу  қажеттілігі 
туындайды.  Сондықтан  санамаланған  қасиеттің  бәрі  де  өз 
бойынан 
табылатын 
публицистикалық 
стильді 
жеке 
функционалдық стиль ретінде тану қажет» [36, 52].   
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
73 
ХХ 
ғасырдың 
70-жылдарынан 
бастап 
зерттелген 
публицистикалық  стиль  проблемасында  ақпаратты  жеткізу 
функциясы бірінше орынға қойылады. Бұл сол кезеңге тән заңды 
сипат деп есептейміз. Өйткені сол кезеңдерде мерзімді баспасөз 
тілі  саяси  идеологияның  пәрменді  құралы  болды  да,  барлық 
тілдік  құралдар  ақпаратты  стандартты  түрде  жеткізуге 
бағытталды. Әсер ету функциясы да жүріп отырды, бірақ екінші 
қатарда  болды,  тіпті  кейбір  ғалымдар  әсер  ету  функциясын 
есепке 
алмады. 
Қазіргі 
кезеңде 
қоғамдық-әлеуметтік 
өзгерістерге 
байланысты 
мерзімді 
баспасөз 
тілінің 
(публицистикалық стиль үлгілерінің) функцияларының дәрежесі 
өзгерді:  алдыңғы  қатарға  әсер  ету  функциясы  шықты  немесе 
ақпарат беру және әсер ету функциялары тең қатарда.  
Қазақ  мерзімді  баспасөзінің  тілі  мен  стилі  стандартты 
болды.  Р.Барлыбаевтың  көрсетуінше,  ХХ  ғасырдың  60-
жылдарындағы қазақ газеттері тілінің негізгі құрамы қоғамдық-
саяси  лексика  болып  табылады  [37,  12].  Демек,  көрсетілген 
дәуірде  қоғамдық-саяси  лексика  газет  тілінің  негізі  болып 
саналғанын көреміз. 
Қазіргі  кезеңдегі  қазақ  баспасөзінде  жағымды  бағалауыш, 
жағымсыз  бағалауыш,  модаль  бағалауыш  лексика  қоғамдық-
саяси  лексикаға  қарағанда  басым  болып  келеді.  Ғалым 
Б.Момынованың 
пікірінше, 
қазіргі 
баспасөзде 
«элита 
лексикасы»,  «көсемсөздер  лексикасы»  деген  қабаттар  бар. 
Баспасөз  тілінде  осындай  жаңа  лексикалық  қабаттың  болуы  біз 
жоғарыда  атап  көрсеткен  әсер  ету  функциясы  дәрежесінің 
жоғарылай түскендігіне байланысты [36, 19].    
Қазақ 
лингвистикасында 
бүгінгі 
таңда 
газеттік 
публицистикалық  стильдің  және  оның  жанрларының  жүйелі 
тілдік  құрылымын  (лексикасы  мен  синтаксистік  құрылымды) 
қазіргі  заманғы  қоғамдық  саяси  өзгерістерге,  тілге  ықпал  етіп 
отырған    экстралингвистикалық  факторларға  сәйкес  тыңнан 
зерттеу қажет. Өйткені қазіргі кезеңде қазақ тіліндегі газеттердің 
мақсаттары мен міндеттері өзгерді, оқырман ақпарат алудан гөрі 
(өйткені  ол  ақпаратты  бұрыннан  біледі)  осы  ақпарат  туралы 
газеттің  пікірін,  дәлелдемелерін  білгісі  келеді.  Осы  талапқа 
сәйкес,  қазіргі  кездегі  қазақ  газеттерінің  тілінде  жағымды 
бағалауыш 
лексика, 
жағымсыз 
бағалауыш 
лексика 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
74 
(Г.Солганиктің  терминдерімен  айтқанда),  ауызекі  сөйлеу  тілі, 
көркем әдебиет тілі элементтері қиюластыра қолданылады.  
Қазіргі  қазақ  газеттерінің  тілінде  ойды  қарқынды  жеткізу, 
ойды  ықшам  жеткізу,  ақпараттың  ақиқат  екендігін  дәлелдеу, 
сипаттама  беру  сияқты  белгілер  бар.  Кейбір  газет-журнал 
үлгілерінде  ауызекі  сөйлеу  тіліне  қарай  бет  бұру  (стилизация 
под разговорную речь) бағыты да байқалады.  
Осы  тұрғыдан  қарағанда,  қазіргі  қазақ  газеттерінің  тілі 
ғылыми-көпшілік  стильдің  тілімен  ұштасады.  Сондықтан 
ғылыми-көпшілік  мазмұндағы  мәтіндерде  ақпаратты  дәлелдеу, 
оқырманға  қарқынды  түрде  жеткізу  үшін  публицистикалық 
стильдің элементтері де кеңінен қолданылады.  
Ғылыми-көпшілік  стильде  публицистикалық  стильге  тән 
тілдік  құралдар  мен  композициялық  құрылымдар  белгілі  бір 
жиілікте  жұмсалады.  Осындай  құралдардың  қолданылуы 
жағынан  ғылыми-көпшілік  стиль  публицистикалық  стильге 
жақын,  тіпті  кей  жағдайда  ол  публицистикалық  стильдің  бір 
тармағы  ретінде  қабылдануы  да  мүмкін,  бірақ,  шын  мәнінде, 
публицистикалық  стиль  мен  ғылыми-көпшілік  стиль  өз  алдына 
жеке  дербес  стильдік  тармақтар.  Оған  дәлел:  публицистикалық 
стильдің  тілі  арқылы  белгілі  бір  ғылыми  фактіні  ақиқатқа 
негізделген теорияларды дәлелдеу талап етілмейді; ал керісінше, 
ғылыми-көпшілік  стильде  қолданылатын  тілдік  құралдар 
ғылыми-техникалық 
прогреске 
қатысты 
фактілер 
мен 
материалдарды  дәлелдеуге  бағындырылады.  Публицистикалық 
стиль  материалдары  оқырманды  сендіруге  тырысады,  ал 
ғылыми-көпшілік  стильдің  тілдік  құралдары  белгілі  бір 
құбылыс, ұғым, туралы ғылыми түсінікті (ол анықталған немесе 
алдағы  уақытта  анықталатын  болуы  мүмкін)  таратып  беруді 
мақсат етеді.   
Зерттеушілер  публицистикалық  стильді  бірнеше  шағын 
стильдерге (подстиль) бөледі: 1) үгіттік публицистикалық шағын 
стиль;    2)  саяси-идеологиялық  публицистикалық  шағын  стиль;    
3) саяси-бұқаралық публицистикалық шағын стиль. 
Публицистикалық  шығармалар  сол  тілде  сөйлейтін 
адамдардың  жас  ерекшеліктеріне,  білім  дәрежесіне,  наным-
сенімдеріне  қарамастан,  сол  қоғам  мүшелерінің  барлығына 
ортақ болып келеді. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
75 
Публицистикалық 
стильдің 
жанрларға 
бөлінуіне 
байланысты 
лексика-грамматикалық 
құрылымында 
айырмашылықтар  болады.  Деректеме,  хабарлама  жанрында 
жазылған  деректемелер,  интервью,  рецензиялар,  аналитикалық 
жанрларға  мақала,  көркем-публицистикалық  жанрға  очерк, 
фелетон, репортаж, эссе жатады.  
Публицистикалық  стильде  қазақтың  ұлттық  әдеби  тілінің 
өзіндік  орны  бар  деп  саналады.  Стилистикалық  құрылысында 
ұлттық  әдеби  тілдің  дамуына,  баю,  толығу  үрдісінде  ол  кейде 
көркем әдебиет стилінен де озық тұрады. Көптеген жаңа сөз, сөз 
тіркестерінің  қолданысқа  түсіп,  әдеби  тілден  берік  орын  алуы, 
публицистикалық  стильдің  ұлттық  әдеби  тілдің  дамуына  кері 
ықпал  ететін  тілдік  элементтер  бар  екені  де  зерттеушілер 
тарапынан  айтылып  жүр.  Бұл  публицистикалық  стильдің 
стильдік нормасына кері әсерін тигізеді. 
Стильдің  бұл  түрі  қоғамдық  саясат  негізінде  жазылған 
шығармаларға байланысты. Екінші сөзбен айтқанда, қоғам өмірі 
үшін  маңызды  мәселелерді  талқылау  деген  ұғымда  жұмсалады. 
Үшінші  түрі  –  саяси  үгіт,  партиялық  документтер,  меншікті 
публицистика, яғни памфлеттер немесе біреуге қарсы жазылған 
өткір  мақала,  очерктер.  Онда  қоғамдық-саяси  мәселе  ауызша, 
жазбаша түрде қарастырылады. Сонда жоғарыда аталған очерк, 
газет, 
журналдардан 
басқа 
радио, 
телехабарлар 
да 
публицистикалық стильге жатады.  
Публицистикалық  стильді  арнайы  зерттеген  О.Бүркітовтің 
көрсетуінше,  публицистикалық  шығармалар  тілінің  мынандай 
негізгі  ерекшеліктері  болады:  1)  берілген  материалдың 
деректілігі  мен  ресми  деректермен  сәйкестігі;  2)  берілген 
материалдың  қалың  көпшілікке  түсініктілігі;  3)  берілген 
материалдың  оқырманға  әсерлілігі.  Публицистикалық  стильдің 
хабарлау  және  ықпал  ету  қызметтері  басқа  функционалдық 
стиль  түрлерінде  де  кездесіп  отырады.  Мысалы,  ықпал  ету 
функциясы публицистикалық стильге де, көркем әдебиет стиліне 
де тән. Бұл тұрғыдан мұндай белгілер оларды әрі біріктіреді, әрі 
оқшаулайды. Біріктіретін белгі жазушы да, журналист те өзінің 
шығармалары  арқылы  оқырман  санасына  әсер  етуге  ұмтылады. 
Ал  оқшаулайтын  белгі  –  туындыгердің  оқиғаға  өз  көзқарасы. 
Туындыгер  публицистің  көзқарасы  ашық,  бірден  беріледі  де, 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
76 
жазушы  көзқарасы  көркем  шығарманың  композициялық 
құрылысынан  кейін  пайда  болады.  Яғни  публицистикалық 
стильде  ашық  субъективтілік  басым  келеді.  Мұның  өзі 
журналист  пен  оқырман  арасында  үнемі  байланыс  орнауына 
негіз  жасайды.  Бұл  байланыс  әсер  етудің  негізгі  жолы  болып 
саналады [38, 15].    
Хабарды  жеткізуде  де  публицистикалық  стиль  көркем 
әдебиет  стиліне  ұқсамайды.  Көркем  шығармадағы  оқиға 
қаламгердің  шығармашылық  әлемінен  сұрыпталып  өтсе, 
публицистикалық  шығармаларда  деректер  документальды 
беріледі. 
Қалың 
бұқарамен 
байланысты 
болғандықтан, 
публицистикалық 
стиль 
ауызша 
сөз 
стиліне 
жақын. 
Публицистикалық стиль – белгілі бір нысаны, орны, функциясы, 
мазмұны, құрылымы мен пішіні бар, белгілі бір жанрлар жүйесі 
және  қоғам  мүшелеріне  әсер  ету  тәсілдері  бар  тұтас 
шығарманың түрі. 
Публицистикалық  стиль  –  әдеби  тілдің  функционалдық 
стильдерінің  ішіндегі  ең  күрделісі.  Оның  күрделілігі  шағын 
стильдердің  көптігінде  және  жанрларының  әртектілігінде. 
Публицистикалық  стиль  газет  стилі,  лозунг  стилі,  радио  тілі, 
теледидар тілі, сөйлеуші шешен стилі, публицистикалық әдебиет 
тілі  сияқты  шағын  стильдерге  бөлінеді.  Алайда  осы  шағын 
стильдер  арасындағы  ең  негізгісі,  публицистикалық  стильдің 
барлық  ерекшеліктері  мен  белгілерін    өз  бойына  сақтайтыны  – 
газет стилі. Кейде публицистикалық стильді газет-публицистика 
стилі  деп  беру  де  газет  тілінің  жоғарыдағы  белгілеріне 
байланысты.  Сондықтан  публицистикалық  стильдің  өзіндік 
ерекшеліктері  мен  белгілерін,  интонациялық  құрылымын 
анықтауда 
баспасөз 
материалдарын 
пайдаландық. 
Публицистикалық  стильге  тән  басты  ерекшеліктер:  берілген 
материалдың  өзектілігі  және  ресми  деректермен  сәйкестігі; 
берілген  материалдың  қалың  көпшілікке  түсініктілігі;  берілген 
материалдың оқырманға әсерлілігі. 
Публицистикалық  стильде  авторлық  баяндаудың  үш  түрі 
кездеседі:  оқиғаның  І  жақтың  жекеше  түрінде  баяндалуы;  І 
жақтың  көпше  түрінде  баяндалуы  және  автордың  ІІ  жақтан 
баяндауы.  Осы  баяндаудың  әрқайсысы  публицистикалық 
стильде  үлкен  стилистикалық  қызмет  атқарып,  оның  жанрлық 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
77 
ерекшеліктеріне  сәйкес  қолданылады.  Публицистикалық  стиль 
әдеби  тілдің  нормалық  жүйесіне  қатысы  жағынан  да 
ерекшеленеді.  Бұл  стильде  әдеби  нормадан  ауытқу  жиі 
кездеседі. Стильдің әдеби тілдің нормасына қарым-қатынасы екі 
жақты:  1.  Стиль  қалың  бұқара  тілінің  нормалануына  әсерін 
тигізеді;  2.  Бұл  стиль  арқылы  әдеби  тілімізде  жаңа 
стилистикалық нормалар қалыптасады.  
Публицистикалық  стиль  әдеби  тілдің  функционалдық 
стильдерімен  тығыз  қарым-қатынаста  келеді.  Әдеби  тілдің 
функционалдық стильдерінің тығыз байланысты болуы олардың 
саралануының  кейіннен  пайда  болған  құбылыс  екендігін 
растайды.  Бұл  байланыс  бір  функционалдық  стильге  тән  амал-
тәсілдердің 
екінші 
бір 
стильде 
қолданылуынан, 
бір 
функционалдық  стильдің  екіншісіне  әсер  етуінен,  соның 
нәтижесінде  әдеби  тілдің  функционалдық  стильдер  жүйесінің 
дамуынан  байқалады.  Бір  стильге  тән  тілдік  ерекшеліктердің 
екінші  стильге  ауысып,  өнімді  қолданылуы  стиларалық 
диффузия деп аталады.  
Соңғы  кездегі  көркем  әдебиет  стиліне  публицистикалық 
стильдің  дәстүрін  қолданып  жазылған  шығармалардың  бар 
екендігі  анықталып  отыр.  Бұл  құблысты  Р.Сыздықова 
публицистизм құбылысы деп таниды. Публицистикалық стильде 
бірізділік күшті болады, терминдерді, сөз тіркестерін жұмсауда, 
сөйлемдерді  құрастыруда  әдеби  тілге  және  өзіне  тән  дәстүрлі 
қалыптасқан  нормаларды  қатал  сақтайды;  баспасөз  беттерінде 
метафоралық қолданыстар болады. 
Публицистикалық  стиль  қазақ  тілі  мәдениеті  мен 
лингвостилистикасының  ең  бір  үлкен  бөлшегіне  қызмет  етеді. 
Ол қоғамдық ортаға стилистикалық бағалау категориясы арқылы 
белгілі  сөз  бен  сөйлемдердің  жиынтығын  құрайды.  Газет 
тіліндегі 
стилистикалық 
категориялар 
ұстанымы 
публицистикалық  стильдің  сөздік  қорының  лексикасын 
құрайды.  Бұрынғы  сөздік  қордан  шыққан  сөздер  немесе, 
керісінше,  публицистикалық  стильдің  негізгі  сөздігі  болған 
сөздер  қайта  айналысқа  түсіп,  өзінің  стильдік  бояу,  стильдік 
мағына, стильдік мәнін де өзгертеді.  
Зерттеушілер 
публицистикалық 
стильде 
сауатты, 
мәдениетті сөйлей алмаудың өзіндік себептері жоқ емес дегенді 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
78 
айтады:  біріншіден,  қазақ  тілінде  көпшілік  ортасында  және 
ресми  ортада  сөйлеудің  қажетті  болмауынан,  екіншіден, 
орфоэпиялық  нормаларды  сақтамаудан,  ойдың  логикалық 
желісін сақтамаудан, үшіншіден, ұлттық ойлау жүйесін жоғалту 
үстінде екенін де жасыруға болмайды, төртіншіден, сөздерді бір-
бірімен  үйлестіріп,  сөйлемдерді  дұрыс  құрамау  сияқты  толып 
жатқан  кемшіліктердің  болатынын  ашып  айту  қажеттілігі 
туындап отыр.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
бойынша жиынты
ызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
идаларын бекіту
Республикасы кіметіні
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дістемелік сыныстар
Мектепке дейінгі
дебиеті маманды
дістемелік материалдар
білім беруді
ауданы кіміні
жалпы білім
конкурс туралы
мектепке дейінгі
рметті студент
облысы бойынша
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
мерзімді жоспар
разрядты спортшы
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
директоры бдиев

Loading...