Ж. Д. Рапишева, Е. Е. ТҮйте, Ж. У. Есинбаева қазақ тілінің стилистикасы

Loading...


Pdf көрінісі
бет5/11
Дата13.04.2020
өлшемі1.31 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

 
Бақылау сұрақтары: 
1. Ауызекі сөйлеу тілінің грамматикалық ерекшеліктері. 
2.  Ауызекі  сөйлеу  стилінің  мәдениеті  дегенді  қалай 
түсінесіз? 
3.  Ауызекі  сөйлеу  стилінің  қалыптасуына  қандай 
лингвистикалық  және  экстралингвистикалық  факторлар  әсер 
етеді? 
4. 
Ауызекі 
сөйлеу 
стилінің 
лексикалық 
және 
фразеологиялық ерекшеліктеріне не жатады? 
5.  Көркем  әдебиет  тілі  мен  ауызекі  сөйлеу  стилінің 
арақатынасы неден көрінеді? 
 
 
РЕСМИ ІС ҚАҒАЗДАРЫ СТИЛІ 
 
1.  Ресми  стильдің  қолданыс  аймағы,  стильдік  белгілері, 
түрлері  
2.  Жанрлық-ситуациялық  стильдер,  олардың  бір  қалыпқа 
түсу (стандарттану) дәрежелері  
3.  Ресми-іс қағаздары стилінің тілдік белгілері 
 
ХХІ  ғасырға  тәуелсіз  ел  ретінде  енген  республикамыздың 
әлеуметтік,  экономикалық,  мәдени  өмірінде  үлкен  өзгерістер 
болып  жатыр.  Қазақстан  Республикасының  Конститутциясы 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
52 
(1995),  «Тіл  туралы»  Заң  (1997),  «Тілдерді  қолдану  мен 
дамытудың 
мемлекеттік 
бағдарламасы» 
(1998) 
т.б. 
республикадағы  тіл  мәселелерін  реформалауды  жүзеге  асыруға 
негіз  болады  әрі  мүмкіндік  береді.  Сондықтан  бұл  реформаны 
жүзеге асыру үшін ірі министрлік, әрбір мекеме, ұйымдар, жеке 
адамдар  өздерінің  нақты  істерін  көрететін  шаралар  белгілеп, 
соны  жүзеге  асыруы  тиіс.  Солардың  шіндегі  ең  өзектісі,  ең 
алдымен  қолға  алынатыны  –  қазақ  тілінің  конститутиялық 
мәртебесін 
мемлекеттің 
бүкіл 
аумағында, 
қоғамдық 
қатынастардың барлық саласында жүзеге асыру. 
Қазақстан  Республикасы  Президентінің  Жарлығымен 
бекітілген  «Тілдерді  қолдану  мен  дамытудың  мемлекеттік 
бағдарламасы»  тіл  саясатын  іске  асырудың  алғашқы  кезеңінде 
негізгі төрт бағытта іс-шаралар жүргізеді. Соның бірі – ресми іс 
жүргізуді  мемлекеттік  тілге  кезең-кезеңмен  көшірудің  нақты 
негізін  жасау.  Іс  қағаздарын  қазақша  жүргізу  –  мемлекеттік 
тілдің жүзеге асуының нақты көрсеткіші.  
Тіл  білімінде  ақпаратты  дәл,  анық,  тура  жеткізу  қызметін 
атқаратын,  өткен  дәуірде  солғын  тартып,  қажеттілігі  айқын 
сезілмей,  көмескіленіп  келген  тіл  стилі  –  ресми-іскери  стиль. 
Ресми-іскери  стильдің  негізгі  мақсаты  –  іскери  ақпаратты  дәл 
беру. Ресми стиль функционалды стильдің бірі болып табылады. 
Ол ресми және бейресми сипатта қолданыс табады.  
Тәжірибеде  «ресми  стиль»,  «іс  қағаздар  стилі»  деген    атау 
қолданылады, ол әлі тұрақтала қоймаған. Мысалы: М.Н.Кожина 
«ресми-іскери  стиль»  десе  [12,  69].      В.В.Виноградов  «ресми-
іскери 
стиль», 
«ресми-кеңсе 
стилі» 
дегендерді 
қатар 
пайдаланып, «ресми құжат стилі» деген атауды ұсынады [8, 45].    
«Қазақ  тілінің  стилистикасында»  «іс  қағаздары  мен  ресми 
стиль»  деген  атау  берілген.  Ал  әдеби  тілдің  тарихы  бойынша 
еңбектерде  «ресми-іс  қағаздарының  тілі»,  «ресми-іс  қағаздары 
не  документтер  тілі»,  «ресми  стиль»,  «ресми-іскери»  тіл  деген 
атауларды пайдаланады.  
«Тіл  білімі  сөздігінде»:  «Ресми  іс-қағаздар  стилі  – 
құқықтық  қатынастар  –заң  шығару  және іс  жүргізу  жұмыстары 
саласында қолданылады. Құрамынан мынандай стильдік топтар 
бөлінеді:  а)  тікелей  заң  стилі  (заң,  жарлық,  азаматтық  және 
қылмыстық  кесімдер,  жарғылар);  б)  әкімшілік-кеңселік  (кесім, 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
53 
бұйрық,  іс  қағаздары,  арыз,  мінездеме,  өмірбаян,  сенімхат, 
қолхат)  в)  дипломатиялық  (нота,  меморандум,  келісім, 
конвенция). Ресми іс қағаздар стилі тек жазбаша  таратылады, ал 
ауызша  түрге  жиналыста  айтылатын  сөз,  арнайы  жиындардағы 
баяндама, қызмет диалогы жатады делінген. 
Ресми-іскери  стиль  –  құқықтық,  саяси,  өндірістік, 
әкімшілік,  қоғамдық  қызметтерде  және  халықаралық  қарым-
қатынастарда 
қолданылатын, 
қоғамда 
қалыптасқан 
экстралингвистикалық  факторлардың  ықпалымен  қазіргі  кезде 
ішкі  тармақтарының  тарамдалуы,  стильдік  белгілерінің  айқын 
көрініс  табуы  жағынан  күрделі  тармаққа  айналып  отырған 
функционалды стильдің бірі.  
Ақпараттар ағыны барынша ұлғайған қазіргі заманда ресми 
іс  қағаздарының    түрлері  өте  мол.  Мысалы:  А.Алдашева, 
З.Ахметжанова,  Қ.Қадашева,  Л.Сүлейменовалар  өздерінің 
«Ресми іс қағаздары» атты еңбегінде: «Мекемені, ұйымды басқару, 
яғни әкімшілік мәселелеріне қатысты ресми құжаттардың (өтініш, 
бұйрық, мінездеме, тіркеу карточкасы, кадрлар жөніндегі іс парағы 
және т.б.), басқару функциясы жөніндегі нормативтік, бұйрықшы-
жарлықшы  құжаттардың  (жарлық,  қаулы,  ереже,  заң  және  т.б.), 
сондай-ақ  жеке  тұлғалар  мен  заңды  тұлғалар  арасындағы  қарым-
қатынастарды 
реттейтін 
құжаттардың 
(қолхат, 
кепілхат, 
мәмілешарт,  келісім  және  т.б.)  түрлері  сан  алуан.  Кәсіпорындар 
мен  фирмалардың,  мекемелер  мен  ұйымдардың,  министрліктер 
мен 
ведомстволардың 
сыртқы 
қарым-қатынастарын 
ұйымдастырып,  реттеп  отыратын  іскери  хаттың  (өтінішхат, 
ілеспехат,    ақпараттық  хат,  шақырухат,  жауапхат,  бекіту  хат, 
халықаралық  хат)  түрлері  бар.  Олар  шартты  түрде  «Басқару 
органдарының  басқару-реттеу  қызметіне  қатысты  құжаттар», 
«Азаматтық  қарым-қатынастарды  реттеу  құжаттары»  және 
«Басқару  органдарының  ұйымдастыру,  өкім  шығару  қызметіне 
қатысты  құжаттар»  деген  топтарға  бөлініп  беріліп  отыр»,  -  деп 
көрсетеді [26, 89].    
Р.Сыздықова  ХVІІІ  ғ.  мен  ХІХ  ғ.  І  жартысында  әкімшілік, 
билікбасындағы, лауазымды адамдардың өзара жарысқан «әр қилы 
сипаттағы қағаздары мен хаттары болғандығын көрсетіп, ХІХ ғ. ІІ 
жартысында ресми тілдің бұйрық-жарлық, циркуляр, жарғы, үндеу 
тәріздес  үлгілерінің  көбейгені  туралы  түйіндейді  [20,  9].   
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
54 
Ғалымдар ресми-іскери тілді мәтіндік жағынан қарастыра келіп, 
жанрлық  тұрғыдан  төмендегідей  тармақтарға  ажыратуды 
ұсынады:  әкімшілік-кеңсе  іс  қағаздары  құжаттары,  әскери 
құжаттар,  коммерциялық  хат-хабарлар,  дипломатиялық  және 
заңнамалық  құжаттар.  Ресми  іскери  стильдің  көпшілік 
мақұлдаған    анық  үш  түрін  байқауға  болады:  заң  тілі, 
дипломатиялық  стиль,  кеңсе  іс  қағаздары.  Жалпы  ресми-іскери 
тілдің басым бөлігін осы кеңсе іс қағздары құрайтыны даусыз. 
Ресми стиль алдымен жазбаша түрде жасалып, содан кейін 
оқылады, яғни олар қалай болғанда, кейін ауызша түрде жүзеге 
асырылатын  жазбаша  мәтін.  Осы  жазбаша  мәтін  ауызша 
дыбысталғанда  көрінетін  просодикалық  тәсілдердің  көрінісіне, 
яғни просодикалық тәсілдердің стиль түзудегі рөлі ерекше. 
Ресми  стиль  мәтінінің  құрылуы  мен  жасалуында  қызмет 
атқарып,  әрі  ондағы  айтылған  сөздің  коммуникативтік 
мағынасын  анықтауда  сөз  әуенінің  жоғарылауы  мен  төмендеуі, 
сөз  бөлшектерінің  белгілі  бір  уақыт  аралығындағы  ұзақтылығы 
мен  сөз  ағымындағы  кідіріс,  айтылымның  қайсыбір  бірлігін 
ерекшелеп    тұлғаландырудағы  қарқын  және  де  адамның  көңіл-
күйі  ахуалын  жеткізудегі  әуез  деген  тәрізді  интонация 
компоненттернің  орны  бөлек.  Интонацияның  әрбір  құрамдас 
компоненті  сөйлеу  барысында  жеке-жеке  емес,  тұтасып,  бір-
бірімен бірігіп, кейде біреуі басым түсіп, кейде барлығы бірдей 
деңгейден көрініп сөйлемді ұйымдастырып, безендіріп тұрады.  
Ресми  іс  қағаз  стилі  басқа  стильдерден  оқшау  тұрады. 
Себебі  бұл  стильдердегі  мәтіндер  қалыпты  үлгі  бойынша 
құрылып,  одан  ауытқу  сирек  болады.  Осыған  байланысты 
мұндай  мәтіндердің  интонациясында  да  бір  сарындылық 
байқалады.  Мәтіннің  құрылымына  қарай  әр  түрлі  бөліктері 
тиісті  интонациялық  әуенмен  оқылады  да,  дауыс  әуезінде 
құбылғыштық, әсерлілік өте сирек байқалады. 
Себебі,  іс  қағаз  стиліндегі  мәтіндердің  басты  мақсаты  – 
адресаттың  басты  көңіл-күйіне  әсер  ету,  оның  эстетикалық 
талғамын  тәрбиелеу  емес,  ақпарат  жеткізіп,  сол  арқылы  бір 
шараларға ұйымдастыру болып табылады. Осы мақсатына орай 
оның  интонациясы  да  ерекшеленеді.  Сонымен,  ресми 
мақсаттағы  іс  қағаз  стиліндегі  мәтіндердің  интонациясына, 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
55 
негізінен,  бірқалыптылық,  әуеннің  бірте-бірте  өзгеруі,  ұстамды 
дауыс сазы, орта немесе баяу қарқын тән болады. 
Іс  қағаздар  стиліне  түрлі  мекемелерде  жүргізілетін  жазу 
үлгілері  жатады.  Іс  қағаздары  белгілі  бір  форма  бойынша 
жазылады.  Іс  қағаздары  формаларының  әр  түрлі  үлгілері  
болады.  Оған  өтініш,  сенім  хат,  қол  хат,  анықтама,  мінездеме, 
шақыру  билеті,  хабарландыру,  мәжіліс  хаттамасы,  қатынас 
қағазы, келісім шарт, акт, рапорт, мінездеме, бұйрық, есеп және 
т.б.  жатады.  Іс  қағаздарының  әрқайсысының  бұрыннан  белгілі 
бірыңғай  сөздері  мен  сөйлем  үлгілері  болады.  Іс  қағаздары, 
көбінесе,  сол  үлгі  бойынша  жазылады.  Олардың  кейбірінің 
алдын ала дайындалған арнаулы қағаздары (бланк) болады.  
«Іс  қағаздарын  жүргізу»  термині  стандартталған,  яғни  бұл 
ұғымды 
айқындайтын 
бірден-бір 
термин. 
«Басқаруды 
құжаттамалық  қамтамасыз  ету»  стандартта  анықтамалық 
мәлімет сипатында берілген синоним-термин болып табылады.  
«Іс 
қағаздарын 
жүргізу» 
терминінің 
Қазақстан 
Республикасындағы  ресми  түсіндірмесінен  Ресей  Федерациясы 
мемлекеттік стандарты бекіткен  түсіндірмеден біршама өзгеше. 
Салыстыру  үшін  ресейлік  түсініктемені  түгел  келтіріп  өтейік: 
«Іс  қағаздарын  жүргізу;  басқаруды  құжаттамалық  қамтамасыз 
ету  –  құжаттау  мен  ресми  құжаттар  бойынша  жұмыс  жүргізу 
процесін ұйымдастыруды қамтамасыз ететін қызмет саласы».  
Анықтамадан  көрініп  тұрғандай,  Қазақстанда  қабылданған 
түсініктің  негізгі  ерекшелігі  іс  қағаздарын  жүргізуді  заңды 
тұлғалардың  қызмет  аясы  ретінде  көрсетуі.  Ресейлік  заңнамада 
бұл кеңірек ауқымда, қызмет саласы ретінде алынған (дегенмен, 
құжаттау мен ресми құжаттар бойынша жұмыс жүргізу процесін 
ұйымдастыруды қамтамасыз ету аясымен шектеу де бар). 
Құжаттар  түзуге  және  сол  құжаттар  бойынша  жұмыс 
жүргізуді  ұйымдастыру  ісіне  қойылатын  жалпы  талаптар 
Мәдениет,  ақпарат  және  қоғамдық  келісім  министрлігінің 
Мұрағаттар  мен  құжаттаманы  басқару  жөніндегі  комитет 
төрағасының 
2003 
жылғы 
29 
сәуірдегі 
«Қазақстан 
Республикасының  мемлекеттік  ұйымдарында  құжаттау  мен 
құжаттаманы  басқарудың  тұрпатты  ережелері  туралы»  №  33 
бұйрығы арқылы белгіленіп, бекітілген. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
56 
Мұндай  ережелердің  алғашқы  нұсқасы  қолданысқа  1992 
жылы енгізілген болатын. Жаңа құжат іс қағаздарын жүргізудің 
отандық  саласында  орын  алып  отырған  қазіргі  нақты 
жағдайларды  есепке  ала  отырып  жасалды.  Осы  ережелер 
негізінде  әрбір  мемлекеттік  орган  немесе  мемлекеттік  ұйым  іс 
қағаздарын жүргізу жөніндегі өз ведомстволық нұсқаулықтарын 
әзірлеп алады. Бұл ережелерді өз ерекшеліктеріне сәйкестендіре 
отырып  мемлекеттік  емес  ұйымдар  да  қолдануларына  болады. 
Бірақ  бұл  ережелер  мемлекеттік  емес  ұйымдар  үшін  міндетті 
болып табылмайды. 
Қазақстан  Республикасының  «Электрондық  құжат  және 
электрондық  цифрлық  қолтаңба  туралы»  Заңы  да  қазіргі 
жағдайда  айрықша  мәнге  ие  болып  отыр.  Бұл  заң  электрондық 
цифрлық  қолтаңба  арқылы  куәландырылатын  электрондық 
құжаттар жасау және оларды пайдалану барысында туындайтын 
құқықтық қатынастарды реттейді. Осы заңға сәйкес 2004 жылы 
Қазақстан  Үкіметі  Республика  мемлекеттік  органдарындағы 
электрондық құжат айналымының ережелерін бекітті.  
ТМД-ның  бірқатар  елдерінде  мұрағат  ісі  жөніндегі 
нормативтік  актілер  іс  қағаздарын  жүргізу  мәселелерін  де 
қамтиды.  Мәселен,  «Беларусь  Республикасындағы  ұлттық 
мұрағат  қоры  және  мұрағаттар  туралы»  заңда  меншік 
формаларының  қандай  екеніне  қарамастан,  барлық  ұйымдар 
үшін  іс  қағаздарын  жүргізу  тәртібін  белгілейтін  арнайы  тарау 
енгізілген.  Ол  тарау  «Кәсіпорындарда,  мекемелер  мен 
ұйымдарда  іс  қағаздарын  жүргізу  және  оны  ұйымдастыру»  деп 
аталады.  Қырғыз  Республикасының  Ұлттық  мұрағат  қоры 
туралы заңында да дәл осыған ұқсас арнайы бап бар. 
Іс 
қағаздарын 
жүргізу 
қызметін 
ұйымдастырудың 
жекелеген  элементтері  өзге  де  құжаттарға  –  қандай  да  бір 
мемлекеттік  билік  органы  регламенттеріне  де  енгізілуі  (іс-
тәжірибеде  мұндай  да  кездесіп  тұрады)  мүмкін.      Ресми 
құжаттарды  белгілі  бір  ережелер  (стандарттар)  бойынша 
ұйымдар  немесе  лауазымды  тұлғалар  жасайды.  Ресми 
құжаттарға адамның жеке басы мен құқықтарын куәландыратын 
құжаттарды,  сондай-ақ  биографиялық  сипаттағы  деректері  бар 
құжаттарды  да  (төлқұжат,  жеке  куәлік,  жүргізуші  куәлігі  және 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
57 
т.б.)  жатқызады.  Жеке  құжаттарды  адамдар  өздерінің 
қызметтік міндеттеріне қатыссыз жасайды.  
Құжаттар  жасалу  орнына  қарай:  сыртқы  –  мекеме  алған 
(келіп  түскен)  немесе  олар  басқа жаққа жіберген  (жіберілетін
және  ішкі  –  осы  мекемеде  жасалған  және  оның  ішінде 
қолданылатын құжаттар болып бөлінеді. 
Атауы  бойынша  басқару  құжаттары  көптеген  түрге 
бөлінеді,  мысалы,  актілер,  сауалдамалар,  ведомостер, 
хаттамалар, нұсқаулықтар, есептер, бұйрықтар және т.б.  
Ресми  стильдің  іс  қағаздарынан  көлемі,  мазмұны  және 
жазылу формасы жағынан ерекшеліктері бар. Ресми қағаз белгілі 
бір  қалыпқа  (штампқа)  түсіріліп,  өзіндік  сөз  қолданысымен 
ерекшеленеді.  Оған  заң,  қаулы,  жарлық,  үкім,  мұражай 
құжаттары, халықаралық шарт, нота, үкімет хабарлары жатады.  
Іс қағаздарының әрқайсысының бұрыннан белгілі бірыңғай 
сөздері мен сөйлем үлгілері болады. Іс қағаздары, көбінесе, сол 
үлгі бойынша жазылады. Іс қағаздары мен ресми стильдің өзара 
ұқсастықтары  мен  өзіндік  ерекшеліктері  бар.  Олардың 
ұқсастықтары  екеуінің  де  қалыптасқан  белгілі  бір  формада 
жазылатындығы және ресми құжаттар болып есептелетіндігі.  
Ерекшеліктері: 1) іс қағаздарының көлемі, негізінен, қысқа 
да шағын, ресми стильдегі саяси-публицистикалық лексика мен 
әкімшілік  терминдердің  қолданылуы  басым,  2)  ресми  стильмен 
салыстырғанда іс қағаздары стилінде экспрессивті-эмоционалды 
және  образды  мәндегі  сөздер  өте  сирек  пайдаланылады, 
қолданылмайды  деуге  болады.  Ондай  сөздер  құттықтаулар  мен 
үндеулерде кездеседі.  
Грамматикалық ерекшеліктер тұрғысынан алғанда да ресми 
стильде 
сөйлемнің 
баяндауышы 
тұжырымдылық 
пен 
нақтылықты  білдіру  үшін,  көбінесе,  ырықсыз  етістік 
формасында  тұрады:  орындалсын,  өткізілсін,  жеткізілсін, 
арттырылсын, міндеттелсін, т.б.  
Іс  қағаздарын  өткен  шақ  формасында  жазу  жиі  кездеседі: 
берілді,  акт  жасалды,  мәжіліс  болды,  тапсырылды,  жүктелді, 
міндеттелді т.б. Ресми қағаздар, ресми құжаттардың стилі қазақ 
тілінде  бұрыннан  қалыптасқан  стильдік  тармақтардың  біріне 
жатады,  оның  ішінде  қазақ  әдеби  тілінде  алғаш  пайда  болған 
стильдік құбылыстардың бірі – кеңсе тілі. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
58 
Іс  қағаздары  дегеніміз  –  жеке  адамның,  ұжымның, 
фирмалардың,  мекемелердің  атқаратын  қызметіне  байланысты 
пайда болатын жазбаша (ауызша) қарым-қатынас құралы. 
Іс қағаздарының мынадай түрлері бар: 
1. Әр түрлі мазмұндағы арыздар. 
2. Өмірбаян . 
3. Анықтама, түсінікхат,ақпар, есеп, хабарлау т.б. 
4.  Іс  жөнінде  мәлімет  (хат)  алысу,  келісім  жасасу,  шешім 
шығару, хабарлау т.б. 
5.  Мекемеде  өткен  мәжілістердің  жүрісін,  шешімін 
баяндайтын құжат – хаттама. 
6. Бұйрық. Қызметкер жөніндегі мінездеме, ұсыныс т.б. 
Іс жөніндегі қатынас қағаздар бірнеше бөліктен құралады: 
1. Қатынас қағазының жіберілген мерзімі (күні, айы, жылы). 
2. Қатынас қағаз жіберілген мекеменің (фирманың), мекеме 
басшысының аты-жөні. 
3. Қатынас қағазының мазмұны. 
4.  Қатынас  қағазды  жіберуші  жөнінде  мәлімет  және  оның 
қолы. 
Қатынас  қағаздың  композициясына  кіретін  әр  бөлік 
«реквизит»  деп  аталады.  Әр  реквизиттің  жазылуына, 
пунктуациясына  қойылатын  талаптар  бар.  Ол  талаптар 
мемлекеттік нұсқауларда айтылған. 
Іс қағаздар стилінің ерекшеліктері: 
1. Мәтін өте жинақы құрылады. 
2.  Сөйлемдер,  негізінен,  номинативті,  екі  негізді  болып 
келеді. 
3. Сөйлемдегі сөздер базистік тәртіпке сай орналасады. 
4. Экспрессивті сөздер қатыспайды. 
5. Мәтін баяндау ретінде келеді. 
Іс  қағаздарының  басында,  соңында  қағаздың  жіберілу 
мерзімі  міндетті  түрде  цифрмен  көрсетіледі.  Іс  қағазының 
мазмұнына  байланысты  мазмұнының  ішінде  келетін  сандар 
цифрмен  де,  әріпті  жазумен  де  көрсетіледі.  Бірден  онға  дейінгі 
сандарды әріпті жазумен таңбалаған дұрыс. 
Ресми  стиль,  негізінен,  жазба  тіл  арқылы  жүзеге 
асатындықтан, зерттеушілер оның негізгі тілдік ерекшеліктеріне: 
- тілдік құралдарды қысқа қолдану; 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
59 
- материалдың стандарт түрде орналасуы; 
-  терминдер  мен  номенклатуралық  ұғымдардың  мол 
жұмсалуы; 
- баяндаудың жүйелі сипаты; 
- сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі; 

эмоционалдық-экспрессивтік 
мәні 
бар 
сөздердің 
мүмкіндігінше аз қолданылатындығы
- индивидуалдық стильдің әлсіздігін жатқызады. 
Ресми стильдің құрамында үш шағын стиль болады: 
- таза заң шағын ресми стилі; 
- әкімшілік-кеңсе шағын ресми стилі; 
- дипломатиялық шағын ресми стилі. 
Ресми  стильдің  ауызша  және  жазбаша  түрлері  болады. 
Ауызша  түрлеріне  әр  алуан  құрылтайларда,  конференцияларда, 
семинарларда жасалатын баяндамалар мен жарыссөздер жатады, 
бірақ ресми стиль түгелдей дерлік жазбаша түрде көрініс береді. 
Ауызша  сөйленген  түрлерінің  өзі  алдын  ала  неше  түрлі 
редакциялаудан,  өңдеуден  өтеді.  Демек,  таза  мағынадағы 
ауызекі сөйлеу стилінен мүлдем басқаша сипат алады. 
Ресми  стиль  екі  түрлі  тіл  қызметін  атқарады:  бірі  – 
информативтік  (ақпарат  беру),  екіншісі  –  волюнтативтік  (іске 
итермелеу) қызмет. Кейде оның екі қызметі жарыса жүреді. 
Ресми  стильдегі  сөз,  сөздің  дыбысталуына  қоршаған  орта 
адресанттың  бойынан  жинақылықты  талап  етеді,  сондықтан 
дауыс  тоны  әдеттегі  сөйлеу  жағдаятынан  өзінің ресми  стильдік 
тонға ауысуын талап етеді. Әр стильде қоғамдық қарым-қатынас 
аясында  дыбыс  күші,  қарқын,  әуен  өзгеріп  отырады.  Ресми 
стильде  адамның  психологиялық  жай-күйі,  өзін-өзі  ұстауы, 
эмоциясының  тұрақтылығы,  салқынқандылығы,  материалды 
толық  меңгеруі,  мәдениетті  сөйлеу  техникасын  игеруі  стильдік 
фонға ие болады әрі сенімділік пен тұрақты мақсатқа арналады, 
стилистикалық 
тапсырма 
орындалып 
отырады. 
Кейбір 
жағдайларда  ресми  стильдегі  хабарламалар,  салтанатты 
құттықтаулар тез, жылдам оқылатындықтан, сөздің дыбыс әуені 
бұзылады.  Сондықтан  ресми  стильдегі  мәтіннің  құқықтық-
стильдік мән-мағынасы басым тұрады. 
 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
60 
Бақылау сұрақтары: 
1.  Ресми  стильді  анықтайтын  лингвистикалық  және 
экстралингвистикалық белгілерге не жатады? 
2. Ресми стильдің шағын түрлерін атаңыз. 
3. Ресми стиль мәдениеті дегенді түсіндіріңіз. 
4.  Ресми  стильдің  ауызша  және  жазбаша  түрлерінің 
айырмашылығынеде? 
5. Ресми стильдің негізгі қызметтеріне не жатады? 
 
 
ҒЫЛЫМИ СТИЛЬ 
 
1.  Ғылыми  стильдің  қолданыс  аймағы,  негізгі  белгілері, 
түрлері  (ғылыми,  оқу  және  ғылыми-көпшілік),  жанрлары 
(монография, оқулық, ғылыми мақала, лекция, баяндама т.б.)  
2.  Қазіргі  қазақ  әдеби  тілінде  өндірістік-техникалық 
стильдің қалыптасуындағы қиындықтар 
3. Ғылыми стильдің лексикалық, грамматикалық белгілері 
 
Тіл ғылым жетістіктерімен сусындай отырып, жетіле түседі, 
сөйтіп халықтың ғылым-білімге деген мұқтаждықтарын өтеудің 
жаңа  мүмкіндіктеріне  ие  болады.  “Ғылым  тілі”  деген  ұғымды 
зерттеушілер  жалпы  әдеби  тілдің  атқаратын  әлеуметтік-
қоғамдық  қызметінің  үлкен  бір  саласы  деп  түсінеді.  Бұл  сала 
ғылыми-техникалық прогрестің шарықтап дамуына байланысты 
қанатын  жайып,  тамырын  тереңдете  түседі,  өзі  де  дамиды, 
жалпы әдеби тілімізді де кемелдендіре түседі. Басқаша айтқанда, 
қоғам өміріне ғылыми-техникалық прогресс қаншалықты қажет 
болса, сол қоғам мүшелеріне қызмет етіп отырған ғылым тілі де 
соншалық  қажет  деп  есептейді  академик  Ә.Қайдари.  Яғни 
ғылым тілі әдеби тілдің жеке бір тармағы ретінде қалыптасады, 
оның қолданыс аясын кеңейте түседі. 
Ғылым  тіліне  профессор  Ө.Айтбайұлы  ғылыми  негізде 
жасалатын,  өзіндік  қалыптасу  принциптері  бар,  стильдік  өңі 
ерекше әдеби тілдің бір түрі, әдеби тілдің ғылымға қызмет ететін 
бір  тармағы  деген  анықтама  беріп,  оны  адам,  қоғам,  табиғат 
жөнінде ақпарат  беретін,  шындықты  баяндайтын ғылыми  мәтін 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
61 
(текст) деп  түсіндіреді [27, 88]. Демек, ғылым тілі – болмысты 
танудың, оны зерттеудің нәтижесі туралы, табиғат пен қоғамның 
даму  заңдары  туралы  мағлұмат  берудің  құралы.  Ғылым  тілінің 
қалыптасуы  ғылымның  дамуымен  және  әдеби  тілдің 
жасалуымен  тығыз  байланысты.  Ғылым  тілі  көптеген 
зерттеулерде  ғылыми  стильмен  теңестіріледі, себебі ғылыми 
стиль жазу арқылы көрінеді. 
“Стиль”  терминінің  көп  мағыналылығы,  көбінесе,  “тіл” 
терминінің 
көп 
мағыналылығымен 
анықталады. 
Кей 
жағдайларда  “стиль”  және  “тіл”  терминдерінің  мағыналары 
сәйкес келіп жатады. Сондықтан лингвистикада “көркем стиль” 
және  “ғылыми  стиль”  деген  терминдермен  қатар  “көркем  тіл”, 
“көркем  әдебиет  тілі”,  “ғылыми  тіл”,  “ғылыми  әдебиет  тілі” 
деген  терминдер  қолданылады.  Зерттеушілердің  бір  тобы 
стильдердің  қызмет  атқару  салаларының  ауқымын  өте  кең 
мағынада  түсінеді,  енді  біреулері  оны  шектеуге  бейім.    Сөйте 
тұра,   стильдер классификациясының барлығында да  ғ ы л ы м 
и  с т и л ь  аталады. Демек, ғылыми стильдің өзіндік болмысын, 
оның  ерекшеліктерін  зерттеушілердің  барлығы  мойындайды. 
Сонымен  қатар  бұл  стильді  түрлі    классификацияда                      
ғ ы л ы м и   с т и л ь,   ғ  ы  л  ы  м  и  - к  ө  п  ш  і  л  і  к                    
с  т  и  л  ь,   ғ  ы  л  ы  м  и - т  е х  н  и  к  а л  ы  қ    с  т  и  л  ь    
деп әр қилы атайды. 
Ғылыми  стильдің  қолданылу  аясы  өте  кең.  Ғылым  өндіріс 
пен  техниканың  дамуымен,  жоғары  және  орта  білім  берумен 
тығыз  байланысты  болғандықтан,  ғылыми  стиль  таза  ғылыми 
еңбектермен 
қатар 
ғылыми-техникалық 
жұмыстар 
мен 
құжаттарда,  оқулықтар  мен  ғылыми-көпшілік  басылымдарда 
қолданылады.  Сондықтан  тілшілер  ғылыми  стильдің  өзін 
бірнеше  тармақтарға  бөледі.  Мәселен,  О.Д.Митрофанова  нақты 
ғылыми  стиль  (собственно-научный,  т.е.  академический), 
ғылыми-көпшілік  (научно-популярный),  ғылыми-ақпараттық 
(научно-информативный)  және  ғылыми-іс  (научно-деловой) 
стильдері деп саралайды [28, 12].  Ал Л.Г.Барлас ғылыми стильді 
арнайы  ғылыми  стиль  (специальный),  ғылыми-оқу  стилі 
(научно-учебный)  және  ғылыми-көпшілік  стиль  (научно-
популярный) деп жіктейді [29, 255].   
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
62 
Ал,  негізінде,  тілімізде  бір-бірінен  аз  да  болса  өзіндік 
айырым  белгілерімен  ажыратылатын  әдебиет  жанрлары  көп. 
Жаңа  жанрлар  да  пайда  болып  жатады.  Ғылыми  әдебиеттегі 
жанрлар  көркем  әдебиеттегіден  кем  деуге  болмайды.  Дегенмен 
олардың  әрқайсысының  тілі  жеке  стильдік  тармақ  бола 
бермейді.  Бұл  жөнінде  Р.А.Будагов:  “…тіл  білдіретін  өзіндік 
ұғымдар  мен  қатынас  шеңбері  жағынан  ұсақтау  принципі 
(принцип дробления по сферам общения и специфики понятий, 
выражаемых  языком)  тұрғысынан    келсек,    ғ  ы  л  ы  м  и               

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
бойынша жиынты
ызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
идаларын бекіту
Республикасы кіметіні
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дістемелік сыныстар
Мектепке дейінгі
дебиеті маманды
дістемелік материалдар
білім беруді
ауданы кіміні
жалпы білім
конкурс туралы
мектепке дейінгі
рметті студент
облысы бойынша
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
мерзімді жоспар
разрядты спортшы
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
директоры бдиев

Loading...