Ж. Д. Рапишева, Е. Е. ТҮйте, Ж. У. Есинбаева қазақ тілінің стилистикасы

Loading...


Pdf көрінісі
бет4/11
Дата13.04.2020
өлшемі1.31 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

 
Бақылау сұрақтары: 
 
1.  Қазақ тіліндегі дыбыстардың стильдік ұйымдасуы 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
35 
2.  Қазақ  тіліндегі  зат  есім,  сын  есім,  сан  есімдердің 
стилистикасы  
3.  Есімдік сөздердің стилистикалық қызметі 
4.  Етістіктердің стильдік қызметі 
5.  Контекстік  синонимдер  мен  антонимдер,  олардың 
стильдік қызметі 
6.  Лексика-фразеологиялық  деңгейдің  стилистикалық 
мүмкіндіктері. 
 
 
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІНІҢ ФУНКЦИОНАЛДЫ 
СТИЛЬДЕРІ 
 
1.  Функционалды 
стильдердің 
пайда 
болуының 
алғышарттары 
мен 
себептері. 
Қазіргі 
стилистика 
ғылымындағы функционалды стильдердің концепциясы. 
2.  «Стиль»,  «подстиль»,  «жанр»  ұғымдарының  қарым-
қатынасы.  
3.  Әдеби  тіл  құрамындағы  функционалды  стильдердің 
өзара  байланысы  мен  бір-біріне  әсері,  стильдік  шектеулікті 
еңсеру. 
4.  Қазақ  әдеби  тілінің  стильдер  құрамы  мен  оларды 
топтастырудың принциптері.  
 
Тіл  біліміндегі  зерттеу  еңбектеріне  сүйенсек,  жалпы 
стилистиканың ғылыми пән ретінде қалыптасу тарихы шамамен 
ХХ ғ. 20-30 жж. бастау алса, ал оның негізгі тармақтарының бірі 
–  функционалдық  стилистика  50-жылдардан  бері  зерттеліп 
келеді.  Ресейде  стилистиканың  ғылыми  тұрғыдан  зерттелу 
мәселесі  XVIII  ғасырда  басталды.  Ол  тікелей  М.В.Ломоносов 
есімімен  байланысты.  Бұдан  кейін  С.Т.Аскаков,  Ф.И.Буслаев, 
А.А.Потебня,  А.Н.Веселовский  еңбектерінде  сөз  болған.  ХХ 
ғасыр  басында  стилистика  ғылым  нысаны  ретінде  зерттеле 
бастады,  тілдің  функционалдық  қызметін  жан-жақты  зерттеу 
нәтижесінде функционалдық стилистиканың негізі қаланды.  
Функционалдық 
термині 
тіл 
білімінде 
әртүрлі 
қолданылады.  Ең  алдымен,  функционалдық  термині  тілдік 
терминдік жүйеде де, сөйлеу тілінің жүйесінде де қолданылады. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
36 
Тілдік терминдер жүйесінде бұл термин «қызмет» мағынасында 
қолданылады  да,  тілдік  бірліктің  сөйлем  ішіндегі  атқаратын 
қызметін  белгілейді,  ал  сөйлеудің  терминдік  жүйесінде  тілдік 
бірлік арқылы берілетін ойдың мәні мен мағынасын анықтайды. 
Ғалым  Р.Сыздық  «функция»  сөзінің  мағынасы  «мақсат», 
«арнау»  ұғымдарына  саятынын  айтып,  функционалдық  стильді 
«мақсаттық  стиль»  деп  атап,  оның  мәнін  ашады:  «Ең  алдымен, 
мақсаттық  стиль  дегеніміз  тек  қана  тілдік  категория  (құбылыс) 
болып  табылады.  Екіншіден,  ол  тілдің  әлеуметтік  өміріндегі 
қарым-қатынастың 
бар 
саласында 
қолданылатын 
коммуникативтік  қызметіне  байланысты  болады.  Сөйтіп,  стиль 
дегеніміз  тілдің  өзіне  емес,  қолданысына  (речьке)  қатысты 
болғандықтан,  ол  әлеуметтік  сұраныстың  мақсатына,  оның 
ішінде  әдебиеттің  жанрлық  түрлеріне  қарай  ажыратылуы  ғана 
емес,  жұмсалу  түріне  (ауызша  немесе  жазбаша),  жұмсалу 
сипатына  (салтанатты  жай),  айтылу  бояуына  (әзіл-сықақпен, 
қатаң сынмен) т.т қарай бөлінуі де ескеріледі» [13, 156].    
Берілген  анықтамадан    стиль  ұғымы  тілдік  құбылыс  екені 
және стиль тілдің әлеуметтік сұранысына қарай белгілі бір өмір 
саласында мақсат түріне сай қолданылытыны айқындалады.  
«Функция»  ұғымы  тіл  бірлігінің  мақсатқа  сай  қызметін 
білдірсе, ал «стиль» ұғымы, ғалымның айтуынша, әлдеқайда кең. 
Ол  тек  шығарманың  жанрын  ғана  емес,  тіл  бірлігінің  жұмсалу 
түрін,  сипатын,  айтылу  бояуын  да  қамтиды.  Демек,  тіл 
бірліктерінің  стильдік  қолданысын  әр  қырынан  алып 
қарастырудың  бағыттары  тілдің  жаңа  сапасы  мен  мүмкіндігін 
ашады.  Қазақ  тіл  білімінде  функционалдық  стиль  түрлері  жанр 
түрінде  жан-жақты  зерттелді.  Бірақ  зерттеу  нысаны  ретінде 
стиль  түрлерінің  қалыптасу  кезеңі  мен  нақтыланған  кезеңі 
алынып  отырды.  Ал  стиль  түрінің  дамуы,  өсуі,  басқа  стиль 
түрлерінен жігінің ажырау кезеңі зерттеу бағыты бола қоймады. 
Жалпы даму процесін, сатыларын зерттеу қажет екені белгілі.  
Стиль  қоғамның  белгілі  саласында  тілдің  мақсатты  түрде 
қолданылуы  болса,  стиль  түрлерін  ажыратушы  шарттарды 
сырттан, тілден тыс факторлардан анықтау қажет. 
Стиль  түрінің  қалыптасу  кезеңінде  бірнеше  стильге  тән 
белгілер  қабаттасып  жүреді.  Бірақ  негізгі  ерекшеліктердің  жігі 
ажыратылып,  даралана  бастайды.  Оны  тіл  бірліктерінің 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
37 
қолданылу  жиілігінен  байқауға  болады.  Ал  стильдік  белгінің 
нақтыланып,  тілдік  бірліктерінің  жүйеленуі  уақытты,  дамуды 
қажет етеді. Сондықтан стильдік белгі нышанының толыққанды 
сипатқа  ие  болуы  тиісті  саладағы  тіл  қолданысының  артуымен 
байланысты.  Әрбір  стиль  түрінің  даму  қарқыны  сыртқы 
факторларға, қоғам қажеттілігіне, оның сұранысына тәуелді.  
Жалпы  тіл  жүйесінде  қандай  стильдердің  бар  екендігі 
туралы  сұрақ  толығымен  әлі  шешімін  тапқан  жоқ.  Орыс  тіл 
білімінде  функционалдық  стильдердің  саралануы  жөнінде 
пікірлер  әртүрлі.  Мәселен,  В.П.Мурат  В.В.Виноградовтың 
көзқарасын  басшылыққа  ала  отырып,  стильдің  ауызекі-әдеби, 
газеттік-саяси,  ресми-іскери,  ғылыми  және  кәсіби-техникалық, 
қарапайым  сияқты  түрлерін  атап  өтсе  [17,  11],  М.Н.Кожина 
стильдерді  ғылыми,  ресми-іскери,  публицистикалық,  ауызекі 
сөйлеу,  әдеби  деп  бөледі  [12,  36].  Ал  Д.Э.Розенталь 
функционалдық  стильдерді  екі  топқа  бөледі:  кітаби  стиль  және 
ауызекі сөйлеу стилі. Мұнда кітаби стильдің тармақтары ретінде 
ғылыми,  көркем  әдебиет,  ресми-іскери,  публицистикалық 
стильдер қарастырылады [18, 26].    
Қазақ  ғалымдарының  да  функционалдық  стильдерді 
топтастыруда  пікірлері  біртекті  еместігін  байқауға  болады. 
Мәселен, 
М.Балақаев, 
Е.Жанпейісов, 
М.Томанов, 
Б.Манасбаевтардың  авторлығымен  шыққан  «Қазақ  тілінің 
стилистикасы»  атты  еңбекте  стильдің  ауызекі  сөйлеу  және 
кітаби-жазу  сияқты    екі  түрі  көрсетіледі.  Бұлардың  өзі  ішінара 
бірнеше стиль түріне бөлінеді [1, 9].   
Көрнекті  қазақ  лингвистері  М.Балақаев,  Р.Сыздық  және  
Е.Жанпейісов  «Қазақ  әдеби  тілінің  тарихы»  атты  еңбегінде 
кейбір  стильдердің  пайда  болуына  ХІХ  ғасырдың  ІІ 
жартысындағы  әдебиеттік  дәстүр  негіз  болғанын  айта  кетіп, 
1930  жылдардан  кейін  ресми  іс-қағаздар  тілінің  стилі, 
публицистикалық  стиль,  көркем  әдебиет  тілінің  стилі  және 
ғылыми-техникалық стильдердің біржола қалыптасқанын айтқан 
[19, 15].   
Стиль  мәселесін  зерттеуші  ғалымдар  В.В.Виноградовтың 
стильге  берген  анықтамасын  негізге  алады:  «Стиль  –  это 
общественно  осознанная  и  функционально  обусловленная 
внутренне  объединенная  совокупность  приемов  употребления, 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
38 
отбора  и  сочетания  средств  речевого  общения  в  сфере  того  и 
иного 
общенародного, 
общенационального 
языка, 
соотносительная  с  другими  такими  же  способами  выражения, 
которые  служат  для  иных  целей,  выполняет  иные  функции  в 
речевой общественной практике данного народа» [8, 11].    
Берілген  анықтамадан  шығатын  қорытынды  –  әрбір 
функционалдық стиль бір-бірімен өзара тығыз байланысты: 
1.  Функционалдық  стиль  ұғымы  қоғамдық  тұрғыдан 
танылған,  мойындалған  тілдік құралдардың  шоғырлануын  негіз 
ететіндіктен, лингвистикалық әлеуметтануға қатысты; 
2.  Функционалдық стиль нақты мақсатқа қызмет етеді; 
3.  Стиль үшін арнаулы тілдік  құралдар іріктеліп, таңдалып 
алынады; 
4.  Белгілі  бір  стильдің  ерекшеліктерін  басқа  тармақтармен 
салыстыру немесе қарама-қарсы қою арқылы анықтауға болады. 
Осы орайда көрнекті ғалым Р. Сыздықтың функционалдық 
стильге  берген  анықтамасын  көрсете  кеткен  жөн:  «Тілдің 
функционалдық стилі дегеніміз – әдебиеттің белгілі бір жанрына 
немесе  әлеуметтік  іс-әрекеттің  белгілі  бір  саласына  (мысалы, 
ресми  стиль,  кеңсе  стилі,  телеграф  стилі  деген  сияқты),  я 
болмаса  қоғам  тіршілігіндегі  белгілі  бір  ситуацияға  (мысалы, 
салтанатты  стиль,  сыпайы  стиль  т.б.)  сәйкестендіріліп 
қалыптасқан 
тұлға-тәсілдер 
жүйесі, 
семантикасы 
мен 
экспрессиясы  жағынан  біршама  тұйықталған  (әр  стильге 
іріктелген) тілдік құралдар тобы» [19, 24].   
Ғалымның  ойынша,  тілдің  функционалдық  стильдері,  ең 
алдымен, оның әдебиет жанрына қарай ажыратылған тарамдары. 
Сондай-ақ  Р.Сыздық  қазақ  тілінің  осы  күнгі  стильдік 
тарамдалуының басы ХІХ ғасырдың ІІ жартысына тура келетінін 
атап,  көркем  әдебиет  стилі,  публицистикалық  стиль,  жартылай 
ғылыми  стиль,  ресми-іс  қағаз  стилі  және  эпистоляр  стильдерін 
көрсетеді [20, 23].      
С.Исаев стиль жөнінде: « ... стиль ең алдымен қолданылуда 
өзіндік ерекшеліктері бар тілдік элементтер жүйесі немесе әдеби 
тілдің  өзіндік  сөздік  құрамы,  грамматикалық  тұлғалары  бар 
сараланған  бір  бөлігі.  Стиль  әдеби  тілдің  даму  барысында 
қалыптасады», – деп ой қорытады [21, 67].   
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
39 
Көптеген  зерттеушілер  стиль  деп  тілдің  құрылымдық-
функционалдық  варианттарын  атайды.  Демек,  белгілі  бір  адам 
әрекеті  саласының  түріне  қарай  тіл  бірліктерінің  қалыптасқан 
қолданысы  болады.  Олардың  таңдалуы  мен  жүйеленуі  белгілі 
бір  заңдылықтарға  бағынады.  Жүйелі  және  тұрақты  түрдегі 
қолданысы стиль түрін қалыптастырады.  
Функционалдық стильдің жекелеген тармақтарының дамуы 
тілдің  ішкі  заңдылықтарымен  қатар,  тілден  тыс  факторларға  да 
тікелей  байланысты.  Яғни  қарым-қатынастың  жеке-жеке 
салаларында  пайдаланылатын  тілдік  құралдардың  арасындағы 
жүйелі,  тұрақты  сипаты  мен  айырмашылықтарын  қоғамда 
болатын  әлеуметтік-саяси,  мәдени-қоғамдық  өзгерістермен 
сабақтастықта  алып,  қадағалап  отыру  қажет.  Өйткені  тілдік 
құралдардың  мақсатты  стильдік  ішкі  тармақтарға  саралануы 
коммуникативтік  қызмет  аяларының  дифференциялануымен 
тығыз  байланысты.  Ал  тілдің  коммуникативтік  қызметі 
қоғамдық өзгерістерге тәуелді болады.  
Орыс 
тіл 
білімінде 
функционалдық 
стильге 
тән 
ерекшеліктерді  анықтаудың  екі  түрлі  әдісі  қалыптасқан. 
М.Н.Кожина әр стильді сөйлеу (речь) түрі ретінде алып, ондағы 
грамматикалық 
категориялардың 
кездесу 
жиіліктерін 
анықтаудың қажеттігін айтады. Ғалым: «Егер де фукционалдық 
стильдердің  ерекшеліктерін  зерттеу  мәселесі  «сапалық  әдістер» 
арқылы  жүзеге  асса,  стильдердің  сөйлеу  құрылымын  зерттеу 
үшін  статистикалық  әдістерге  жүгінуге  тура  келеді»  дейді               
[12, 8].   
Жеке 
стильге 
тән 
ерекшелікті 
анықтауда 
экстралингвистикалық  факторлар  міндетті  түрде  есепке 
алынады.  Олар  тілдік  бірліктердің  қолданылу  сипатын  түсініп, 
дұрыс бағалауға мүмкіндік береді.  
Тіл 
бірліктерінің 
қолданылу 
жиілігі 
мен 
экстралингвистикалық 
факторларды 
өзара 
байланыста 
қарастыру  арқылы  стильдік  ерекшеліктерді  сипаты  мен 
формасына  қарай  жекелеген  категорияларға  топтастыруға 
болады. 
Бірақ 
автор-публицист 
қоғамдық 
сананы 
қалыптастырушы,  оған  ықпал  етуші  жеке  тұлға  ретінде  әр 
мәселеге  өз  бағасын  беріп,  өз  ұстанымын  анықтайтынын 
ескерсек,  ол  жалпыға  бірдей  белгілі  тәсілдерді  қолданумен 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
40 
қатар,  өз  қолтаңбасын  да  қалдырады.  Бұл  қолтаңба  жекелеген 
сөздердің  қолданысынан  немесе  сөз  саптаудан  көрінеді. 
Сондықтан  стильдік  категориялардың  сапасы,  мазмұны  авторға 
тәуелді өзгеріп, жаңаша реңк алуы да мүмкін. 
Стилистикада  ең  күрделі  мәселелердің  қатарына  стильдік 
белгілерді  анықтау  жатады.  Әсіресе  жеке  стиль  түріне  тән 
ерекшеліктерді 
анықтау, 
оларды 
экстралингвистикалық 
факторлармен  байланыстырып,  тілдік  бірліктермен  берілуін 
айқындау көп қиындықтар туғызады. Бір стильде бірнеше стиль 
белгілері кездесіп жатады. 
Стильдік  белгілер  функционалдық  стиль  түрін  тілдік 
тұрғыдан  толық  сипаттап  шығуға  мүмкіндік  береді.  Зерттеу 
жұмыстарында  «стильдік  қызмет»,  «стильдік  мән»  деген 
терминдер жиі қолданылады. «Стильдік қызмет» деп белгілі тіл 
бірлігінің  эмоционалды-экспрессивтік  бояуды  қалыптастыруы, 
ал «стильдік мән» деп көп жағдайда сөздің синтаксистік шартты 
мағынасы алынады. Бұл анықтамалар жоғарыда аталған стильдік 
белгілерді  ескеріп  те,  ескермей  де  жасалуы  мүмкін.  «Стильдік 
мән», «Стильдік қызмет» тіл бірлігінің мақсатты қолданысынан 
туындап,  мәтін  құрастыруға,  белгілі  бір  коммуникативті 
мақсатты жеткізуге қызмет етеді.  
Дискурс  теориясының  концептуалды-терминологиялық 
құрамына  «дискурс  және  оның  типтері»,  «мәтін  және  оның 
типтері», «жанр» ұғымдары енеді. Сонымен қатар мұнда «мәтін 
типі», 
«сөйлеу 
жанры» 
терминдері 
синоним 
ретінде 
қолданылып,  дискурстың  бір-бірінен  айырмашылығы  бар 
объектілердің  (мәтін  типтері,  жанрлар)  жиынтығы  екені 
дәлелденді.  
«Жанр»  ұғымы  мәтіннің  әртүрлі  типтері  мен  дискурсты 
функционалдық-стилистикалық  тұрғыдан  зерттеу  нәтижесінде 
жаңа  сипатқа  ие  бола  бастады.  «Жанрға»  анықтама  берудің 
қиындығы,  бір  жағынан,  бұл  терминнің  осы  уақытқа  дейін 
әдебиеттануда  қолданылғанымен  байланысты  болса,  екінші 
жағынан,  лингвистикаға  осыдан  20  жыл  бұрын  жаңа  «жанр» 
ұғымының  енуімен  (мұнда  бұл  термин  «мәтін  типі»  ұғымымен 
тығыз байланысты) байланысты болды.  
Кез  келген  жаңа  бағыттағыдай  мұнда  да  «жанрды» 
зерттеушілерге 
мәтінді 
формальды 
зерттеген 
дәстүрлі 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
41 
лингвистер  қарсы  тұрды.  Мұндай  қарсылық  «стильдер»  немесе 
«регистрлердің»  «жанр»  ұғымына  енетін  аспектілерден 
тұратынымен түсіндірілді. Сонымен қоса жеке мәтінге және оны 
«түзушілер»  мен  «қолданушыларға»,  мәтінді  қолданатын  қоғам 
рөліне,  осы  мәтіннің  коммуникативтік  мақсатына  жетуге  деген 
қызығушылық «жанрға» арналған зерттеу жұмыстарын көбейтті.  
Әрбір  функционалдық  стиль  өзінің  жанрларының  жүйесі 
арқылы  жүзеге  асады.  Жанр  функционалдық  стильдің  жалпы 
белгілерінің  қатарында  бола  тұра,  белгілі  бір  ақпаратты  беруде 
жекелік  белгілерге  де  ие  болады.  Жанр  ұғымы  әртекті 
құбылысқа  жататындықтан,  жанрлық  түрлерге  бөлінуге  жақын 
тұрады.  
В.Л.Наердің көрсетуінше, функционалдық стильдер – жанр 
деңгейінде 
болатын 
дифференциациялы 
инвариантты 
жүйелер.Ол:  «...  алайда  стиль  ішіндегі  жазбаша  немесе  ауызша 
түрде  көрінетін  кез  келген  дифференциация  оларға  тән  ортақ 
қызметті  (стиль  қызметін)  сақтап  қала  алады»  дегенді  айтады               
[22, 8].   
Шетел  тіл  білімінде  «жанр»  ұғымын  Дж.Свейлс, 
М.Халлидей,  Дж.Мартин  және  т.б.  зерттеген.  Алғашқы  кездері 
«жанр»  және  «регистр»  («стиль»)  бірге  қарастырылса,  кейіннен 
бұл  екі  терминнің  бір  еместігін  дәлелдейтін  жұмыстар  жазыла 
бастады.  Дж.Мартин  жанрлардың  регистр  арқылы,  ал 
регистрлердің  тіл  арқылы  бөлініп  шығатынын  айтқан.  Ғалым 
жанрдың  регистр  негізінде  жатқан  жүйе  екендігін  екі  себеппен 
түсіндіреді:  «Бірінші  себеп:  жанр  регистрдің  field  (мәтіннің 
тәжірибелік  аясы),  tenor (интерактанттардың  әлеуметтік  қарым-
қатынасы)  және  mode  (презентация  арнасы)  сияқты  өлшемдері 
арқылы  айқындалады.  Екінші  себеп:  жанр  вербалды  құралдар 
арқылы  әлеуметтік  мәселелерді  жеткізу  жүйесі  ретінде  дискурс 
құрылымын  талдауға  себепші  болады».      Шетел  авторларының 
еңбектерінен шығатын қорытынды:  
1.  Жанр аяқталған мәтін деңгейінде қарастырылады
2.  Жанр 
нақты 
анықталған 
мақсаттары 
бар 
коммуникативтік оқиғамен тығыз байланысты; 
3.  Жанрдың өзінің нақты құрылымы болады
4.  Жанр 
«стиль» 
мен 
«регистр» 
ұғымдарынан 
ерекшеленеді. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
42 
Осыдан  келіп  «регистр»  мен  «функционалдық  стиль» 
ұғымдарының арасында параллель өткізуге болатынын көреміз.   
Қазіргі  қазақ  тіл  ғылымында  өріс  алып  отырған  жаңа 
ғылыми бағыттарға сәйкес тың тұрғыдан зерттеуді талап ететін 
мәселелердің  бірі  –  қазақ  әдеби  тілі  функционалдық 
стильдерінің  ішкі  жүйесі,  ішкі  подстильдік  тармақтарға 
топтастырылуы. 
Қазақ лингвистикасында қоғамның әлеуметтік қажеттілігіне 
қарай  қарым-қатынас  жасау  функциясы,  хабарлау,  ақпаратты 
жеткізу  функциясы  және  әсер  ету  функциясы  бойынша  тілдік 
құралдардың  стильдік  тармақтарға  бөлінуіне  В.Виноградовтың  
тілші  ғалымдарға  жақсы  таныс  «При  выделении  таких 
важнейших  общественных  функций  языка,  как  общение, 
сообщение    и  воздействие,  могли  бы  быть  в  общем  плане 
структуры  языка  разграничены  такие  стили:  обиходно-бытовой 
стиль  (функция  общения);  обиходно-деловой,  официально-
документальный 
и 
научный 
(функция 
сообщения); 
публицистический  и  художественно-беллетрический  (функция 
воздействия)»  [8,  12]  деген  анықтамасы  негіз  болғандығы 
белгілі.  
Қазақ  тілші  ғалымдары  В.Виноградовтың  және  басқа  да 
стилистиканы  зерттеген  орыс  ғалымдары  айтқан  пікірлердің 
ізімен  жүріп,  стильдік  тармақтардың  атауларын  да,  түрлерін  де 
дәстүрлі  қалыпта  сақтап  қалды.  Дәстүрлі  түрде  қалыптасқан 
жіктемелердің  ішінде  нақты  түрде  аталатыны  ғылыми  стиль 
және оның ішінде подстилі ретінде аталатыны ғылыми-көпшілік 
стиль  болса,  бұларды  талдап  зерттеу  мәселесі  де,  олардың 
жағдайы  да  орыс  тіл  білімінен  алынған  көзқарас  деңгейінде 
қалып  қойды.  Нақты  айтқанда,  қазіргі  кезде  функционалдық 
стильдер қатарында ғылыми стиль және ғылыми-көпшілік стиль 
деген  ұғымдар  бар,  ал  олардың  басты  белгілері  классикалық 
қағидаларда  қалып  қойды.  Ғылыми-көпшілік  стиль  туралы 
айтылғанда, оның нақты тілдік-стильдік белгілерін анықтап алу 
қажет  болғанда,  біздің  табатынымыз  –  академик  Р.Сыздықтың  
ХІХ  ғасырдың  ІІ  жартысындағы  ғылыми  әдебиеттің  алғаш 
қалыптаса  бастаған  кезіндегі  нұсқалардың  тілі  жөнінде  айтқан 
түйіндері  ғана.  Шындығына  келгенде,  қазіргі  кезде,  ғылыми-
көпшілік мазмұнда жазылатын ғылыми мәтіннің көлемі көп. Ал 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
43 
олардың қандай тілдік ерекшелігі бар екендігі әлі де анықталмай 
отыр. 
Бақылау сұрақтары: 
 
1.  Қазіргі  стилистика  ғылымындағы  функционалды 
стильдердің концепциясы. 
2.  «Стиль»  мен  «подстиль»  ұғымдары  және  олардың 
«жанр» ұғымымен арақатынасы.  
3.  Әдеби  тіл  құрамындағы  функционалды  стильдер  өзара 
қандай байланыста және бір-біріне қалай әсер етеді?  
4.  Қазақ  әдеби  тілінің  стильдері  қандай    принциптер 
негізінде топтастырылады?  
 
 
АУЫЗЕКІ СӨЙЛЕУ СТИЛІ 
 
1.  Ауызекі  сөйлеу  стилі.  Оның  қолданыс  аймағы  мен 
қызметі  
2.  Ауызекі  сөйлеудің  әдеби,  әдеби  емес  түрлері,  стильдік 
белгілері  
3.  Ауызекі сөйлеу стилінің тілдік белгілері 
 
Ұлттық тіл – ауызекі және жазбаша түрдегі ұлттық қарым-
қатынас құралы. Қазақ тілінің пайда болуы, дамып  жетілуі қазақ 
халқының ұлт болуымен тікелей байланысты. 
Адам  өз  ортасымен  күнделікті  түрлі  қарым-қатынаста 
болады.  Сол  арқылы  тіршілік  жасайды,  білім,  тәжірибе 
жинайды,  жетіледі,  өседі.  Ал  қарым-қатынас,  негізінен,  ауызекі 
тілдесу  арқылы  жүзеге  асады.  Ауызекі  сөз  ерекше  сипатта 
құрылады. Ол стиль ауызекі сөйлеу стилі деп аталады. Ауызекі 
сөйлеу стилі – қазақ тілі стильдерінің бір тармағы. 
Сөйлеу 
тілі 
адамдардың 
бір-бірімен 
күнделікті 
қатынасында  пайдаланылады.  Ол  –    белгілі  бір  жағдайдағы 
тікелей қарым-қатынас  стилі.  Сондықтан  сөйлеудің  ауызша 
формасымен  тікелей байланысты. Адамдар бір-бірімен тікелей 
әңгімелесіп, жауап беріп, сұрап, өз пікірін жеткізеді.  Сөйлеу 
тілі  –  ауызекі  тіл  деп  аталатын  жалпы  стильдік  топтың 
біртармағы.  Сөйлеу  тіліне  көпшілік  алдында  сөйленетін 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
44 
публицистикалық  сөз,  лекция,  баяндаманың  тілі,  радио, 
теледидар арқылы берілетін хабарлардың тілі жатады. Сөйлеу 
тілінде бір жағынан, мазмұнына байланысты жазбаша ғылыми 
стильдің  элементтері  орын  алады,  екінші  жағынан,  пікір 
тыңдаушысымен жүзбе-жүз ауызекі айтылатын болғандықтан, 
сөйлеу  тілі  стилінің  тіліне  тән  лексика,  синтаксистік  тәсілдер 
басым  жұмсалады.  Осы  жайлар  сөйлеу  тілі стиліндегі  лекция, 
баяндама  тілін,  публицистикалық  сөзді  ауызекі  тіл  деп 
біртұтас  стильдік  топ  ретінде  қарауға  негіз  болады.  Сөйлеу 
тілі  ортақ  сипаты  бар  бір  тұтас  стиль  болғандықтан, 
лингвистикалық ғылым әр уақыт оны арнаулы зерттеу нысаны 
ретінде қарап жүр.  
Сөйлеу  тілі  стиліндегі    бірқатар  ғылыми  еңбектер  әдеби 
тілге  қарама-қарсы  қойып,  оны  нормаға  түспеген  диалектілік 
аядағы  сөйлеу  құралы  деп  санайды.  Сөйлеу  тілі  мен  әдеби 
тілдің  қатынасы  тарихи  жағынан  аса  күрделі.  Бұл  тұрғыдан 
қарағанда, ауызекі сөйлеу тілі – тілдің бастапқы қалпы. Оның 
әуел  баста  диалектілік  көрінісі  басым  болғаны  да  рас.  Бірақ 
жазба  әдеби  тілдің  қалыптасуымен  қатар  белгілі  кезеңде 
әдеби тілдің ауызекі түрі де жарыса пайда болады.  
Ауызекі  сөйлеу  стилін  зерттеушілер  оны  бірнеше  түрге 
бөледі: 
1) дидарластық сөз (әңгімелесу, сұхбаттасу); 
2) полемикалық (дауласу) сөз; 
3) көпшілікке арналған сөз (баяндама, лекция).  
Дидарластық  сөз  стилі  екі  немесе  бірнеше,  сондай-ақ  одан 
да  көп  адамдардың  бас  қосқан  сұхбатында  қолданылады. 
Сондықтан  мұндай  сөзге  қатысатын  кісілер  әңгіме  қызықты, 
әсерлі  болу  үшін  алдын  ала  дайындалып  келеді.  Дидарластық 
әңгіме диалог түрінде де жүреді. 
Даулы  сөз  пікір  таластырушы  немесе  мүдделері  қарсы 
кісілердің арасында болады. Даулы сөзде қарсы жақтың сөзінде 
полемикалық  қатысты  білдіретін  тұлғалар  пайдаланылады, 
риторикалық  сұраулы  сөйлемдер жұмсалады,  өз  пікірін  дәлелді 
ететін  аргументтер  келтіріледі.  Қарсы  жақтың  мысын  басатын 
мысқыл  сөздер  де  қолданылады.  Даулы  мәселені  шешуге 
әркімнің дайындалып барғаны жөн. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
45 
Ауызекі  сөйлеу  тілі  адамдардың  бір-бірімен  күнделікті 
қарым-қатынасында  пайдаланылады.  Ауызекі  сөйлеу  тілі 
стилінің басқа стильдік тармақтардан бірнеше өзіндік ерекшелігі 
бар: 1) негізгі мақсаты хабар беру, хабар алу, пікір білдіру, пікір 
алмасу,  2)  сөйлесуде  қамтылатын  тақырыптар  әр  түрлі  болып 
келеді,  3)  сөйлемнің    модальдық  түрлерінің  (хабарлы,  сұраулы, 
лепті,  бұйрықты)  барлығы  қолданылады,  4)  экспрессивті 
(әсерлі),  эмоциональды  (сезімдік),  образды  (бейнелі)  және 
нейтралды  (бейтарап)  сөйлеу  элементтерінің  барлығы  дерлік 
қамтылады,  5)  лексикасында  диалект,  тұрпайы  және  варваризм 
сөздер де аралас болуы мүмкін.  
Сөйлеу  тілінің  лексикасы  тұрмыстық  қарапайым,  дөрекі, 
тұрпайы сөздерден ғана емес, күнделікті қарым-қатынаста әдеби 
(кітаби)  сөздер  де  жиі  қолданылады.  Олардың  қолданылу 
дәрежесі  сұхбаттасушы  адамдардың  ой-өрісінің  кеңдігіне 
байланысты.  Мәдениеті  жоғары,  инабатты,  парасатты  адамдар 
ауызекі  сөйлегенде  әдеби  тілдің  нормалық  белгілерін  сақтап, 
тұрпайы,  дөрекі,  қарапайым  сөздерді  араластырмай,  өз  ойын 
мәдениетті  түрде  жеткізіп  отыруға  тырысады,  дағдыланады. 
Ауызша әдеби тіл өзара сөйлескенде, дәріс оқығанда, интервью 
бергенде, теледидардан сөйлегенде қолданылады. Бірақ ауызша 
әдеби  тіл  оның  кітаби  (жазба)  түрімен  бірдей  емес.  Ауызша 
әдеби  сөйлеуде  өз  ойының  тыңдаушыға  түсінікті  болу  жағына 
көңіл  бөліп,  сөйлемдерді  тым  күрделендірмей,  ұғымды  
жеткізуге  тырысады,  арнаулы  терминдер,  абстракт  сөздер  аз 
қолданылады. Сонымен бірге ауызша сөйлегенде сөздердің орын 
тәртібі  жазба  тілдегідей  қатаң  сақталмайды.  Сөйлем  толық 
айтылмай  қысқарып,  ықшамдалып,  толымсыз  түрде  айтылуы 
жиі кездеседі. 
Сөйлеу  лексикасының  өзіндік  ерекшелігі  бар.  Сөйлеу 
тілінің  лексикасы  –  адамның  күнделікті  қарым-қатынасы 
кезінде,  емін-еркін  әңгіме  үстінде,  алдын-ала  ойланып 
сұрыпталмай,  сөйлеу  үстінде  әңгіменің  желісіне  қарай  туып 
отыратын  сөздер.  Олар  іштей  мынандай  топтарға  бөлінеді:        
1)  тұрмыстық  қарапайым  лексика,  2)  варваризмдер,  3)  әдеби-
сөйлеу лексикасы.  
1.  Қарапайым  сөздер  де  халықтың  сөйлеу  тілінің  байлығы 
боп  есептелінеді,  әдеби  тілді  байытудың  бір  көзі  болып 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
46 
саналады. Қарапайым сөздерді көркем туындыларда жазушылар 
тек стильдік мақсатпен ғана қолданып қоймайды, сонымен қатар 
әдеби тілді байыту, дамыту мақсатын да көздейді.  
Қарапайым  сөздер  –  сөйлеу  тілінде  сөздің  мазмұнын 
тұрпайыландыра,  айналдыра  түсу  мақсатымен  қолданылатын 
тілдік  құралдар.  Бұлар  жалпылама  лексикаға  қарағанда 
эмоционалды-экспрессивті 
бояуының 
күштілігімен 
ерекшеленеді. Сөздерді ауыспалы мағынада қолдану қарапайым 
сөйлеу тіліне тән қасиеттердің бірі.  
Қарапайым  сөздер  лексикасына  қарапайым,  тұрпайы, 
дөрекі,  анайы  сөздер  (какофемизмдер),  варваризмдер,  жаргон 
сөздер 
мен 
кейбір 
диалектизмдер, 
тұрпайы 
мәнді 
фразеологизмдер, т.б. кіреді.  
Қарапайым сөздердің мынандай ерекшеліктері бар:  
1.  Стильдік  мәні  бір  нәрсені  төмендету,  кеміту,  бағасын 
түсірерліктей болады;  
2.  Диалектизмдер  сияқты  территориялық  жағынан 
шектелген емес, жалпыхалыққа түсінікті, таныс сөздер;  
3. Әдеби тілде қолдануға болмайтын жат сөздер.  
Варваризмдер  –  тілге  етене  болып  сіңбеген,  соншалықты 
зәрулігі  жоқ  бөтен  тілдің  сөздері.  Варваризмдерді  қолданудың 
әртүрлі  жолдары  бар:  1)  Кейде  бір  халықтың  шынайы  өмірін, 
тұрмыс  салтын  суреттеп  көрсетпек  болғанда,  сол  елдің  ұлттық 
ерекшелігін 
бейнелеу 
мақсатымен 
варваризм 
саналы 
қолданылады.  
2)  Тыңдаушыға  ерекше  әсер  етіп,  күлдіру  үшін  халық 
ақындары  да  варваризмді  ұтымды  пайдаланған.  Өзге  тілдердегі 
сөздерді сөзбе-сөз аударуға қиын тиген жағдайда, варваризмдер 
сол қалпында ешбір өзгертілмей  алынады.  
3)  Варваризмдер  кейде  қоғамдағы  жағымсыз  типтерді 
халыққа  мазақ  етіп  келемеждеу  үшін  де  қолданылады.  Тіл 
шұбарлаушыларды  жазушылар  келемеждеу  үшін  варваризмді 
жиі қолданады.  
5)  Варваризмдерді  жазушылар  қоғамдағы  жағымсыз 
типтерді халыққа мазақ етіп келемеждеу үшін қолданады.  
Сөйлеу  тілі  (стилі)  түрлі  қарым-қатынас  актісімен  іске 
асады. Тіл иелерінің өзара сөйлесу актісімен байланыс жасауы 
қарым-қатынас  актісі  болып  табылады.  Осы  акт  барысында 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
47 
тіл  иеленушілер  қарым-қатынасқа  түсіп  мағлұмат,  ақпарат 
алмастырады.  Сөйлеу  арқылы  қарым-қатынасқа  түсу  үнемі 
ақпарат  алуға  немесе  беруге  негізделеді  дейді  зерттеушілер. 
Қарым-қатынас  актісінің  құрылымы  келесідей:  адресант  → 
контакт  →  референт  →  код  →  адресат.  Адресант  белгілі  бір 
кодты  пайдалана  отырып  белгілі  бір  референтті  адресатпен 
байланысқа  түседі.  Адресант  ақпарат  беруші  адресат  ақпарат 
алушы. 
Бұлармен 
қоса 
қарым-қатынас 
актісінде 
прагматикалық пресуппозиция немесе презумпция ұғымы бар. 
Пресуппозиция  латын  термині  «pre»  –  алдында,  алдын  ала 
және  «suppositio»  –  тұспалдау.  Оны  ақпарат  беруші  мен 
ақпарат  алушының  белгілі  бір  ақпарат  туралы  алдын  ала  өз 
білімінің болуы деп түсіндіруге болады дейді зерттеушілер.  
М.Пеше 
«адресат-хабарлама-адресат» 
түріндегі 
«ақпараттық»  модельді  қарастырғанда,  оның  құрылымын 
былайша  жіктеуді  ұсынады:  адресант,  адресат,  референт 
(хабарлама контексі), адресант пен адресатқа ортақ тілдік код, 
адресанттан адресатқа бағытталған тілдік жүйелілікке әкеледі. 
Ақпарат  теориясы  шеңберінде  осы  құрылымдық  модельді 
ұсына  отырып,  зерттеуші  «ақпаратты»  жеткізу  туралы 
хабарламаны  немесе  адресант  пен  адресат  арасындағы 
«семантикалық  әсерді»  білдіру  үшін  дискурс  терминін 
қолдануды жөн көреді [23, 98].   
Сөйлеу  актілеріне  қатысушылар  өзара  рөл  алмасып 
отырады.  Ол  рөлдердің  басым  бөлігі  сөйлеуші  мен  адресат 
еншісінде  болады.  Коммуникативтік  тұрғыдан  алғанда 
жағдаят  астарында  тұлғааралық  және  әлеуметтік  қарым-
қатынастарда  коммуниканттардың  мінез-құлқын  көрсететін 
күрделі  жүйе  жатады.  Мұнда  алуан  түрлі  рөлді  атқарушы  ең 
маңызды  фактор  ретінде  зерттеушілер  адресатты  бөліп 
көрсетеді.  
К.Долинин  адресант  пен  адресатты  коммуникативтік 
жағдаяттың  аса  маңызды  параметрлері  ретінде  бөліп 
көрсетеді, яғни кез келген формада жеткізілетін қандай да бір 
сөз  адресаттың  болуын  қажет  етеді.  Адресант  пен  адресатты 
кеңістік  пен  уақыт  бөліп  тұруы  мүмкін.  Адресат  белгісіз, 
жинақталған, топ түрінде болуы мүмкін [24, 4].   
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

48 
«Сөйлеу тілі  стилінде сөйлеу субъектісі – адресант және 
қабылдаушы,  адресат.  Адресант  пен  адресат  прагматикалық 
факторға  жатады,  ерекше  стиль  түзу  тәсілі  болғандықтан, 
прагматиканың  орталық  категориясына  кіреді.  Сөйлеу  тілі 
стилінде  прагматикалық  бағдар  ерекше  рөл  атқарады.  Сөйлеу 
тілі  стилінде  адресант  стилистикалық  мүмкіндіктерді 
адресатқа ықпал  етіп  жеткізу  үшін жаңа білім қорын  игеруге 
қажет,  ол  стильдік  фон  деп  аталады»  дейді  зерттеуші 
Д.Әлкебаева  [15,  109].  Сөйлеу  тілі  стилінің  фонетикалық-
интонациялық  ерекшеліктері  адресат  пен  адресанттың 
арасында 
үлкен 
коммуникативтік-эстетикалық 
қызмет 
атқаратын эмоционалды-экспрессивті тәсіл болып саналады.   
О.Б.Сиротинина  «Разговорная  речь»  атты  еңбегінде: 
«Сөйлеу  тілі  стилі  –  ресми  қарым-қатынасты  тікелей 
қажетсінбейтін  тұрмыстық  диалогтың  ауызша  түрінде 
біршама анық көрінетін түрі. Сөйлеудің бұл түрі сөйлеушілер 
алдын  ала  дайындықсыз,  уақытсыз  сөйлейтіндіктен,  ойды 
жарыққа  шығару  құралдарын  жіті  меңгеруді  қажетсінеді. 
Жинақылық,  нақытылық  сөйлеу  тілі  стилінде  міндетті  емес, 
кейде  тіпті  артық  та,  интонация,  қарым-қатынастың  тікелей 
жүруі, бет-әлпеттің қимыл-қозғалысы барлығын айтуды артық 
етеді», – дейді [25, 9].    
Сөйлеу  тілі  стилі  негізгі  тілдің  қызметімен  қарым-
қатынас  функциясын  атқарады,  тікелей  хабар  берудің 
айрықша  формасын  құрайды.  Сөйлеу  тілі  стилінде  тілдік 
белгілері  оның  қызметінің  ерекше  шартын  анықтайды. 
Олардың бастылары мыналар: 
-  бейресмилік; 
-  сөйлеудің еркінділігі; 
-  сөйлеу қарым-қатынасының экспрессивтілігі; 
-  тілдік тәсілдерді сұрыптаудың қажетсіздігі; 
-  сөйлеудің автоматтығы; 
-  сөйлеудің 
мазмұны: 
диалогтық 
форма 
мен 
қарапайымдылық. 
Сөйлеу тілі стиліне ереше ықпал ететін реалды ситуация, 
сөйлеудің заттық-психологиялық жағдайы. Жағдаят сөйлеудің 
шегін  қысқартып  отырады.  Сөйлемнің  кейбір  компоненттері 
қатыса  алмайды,  бірақ  сөйлеушілердің  коммуникативтік 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
49 
жағдайындағы сөйлеу фразасын дұрыс қабылдауға еш кедергі 
жасамайды.  Сөйлеу  тілі  стиліне  тән  стильдік  белгілер  оның 
композициялық  жанрының  түрлерімен  қатар  стилистикалық 
мүмкіндіктер  мына  мәселелерге  тікелей  қатысты  болып 
келеді:  сөйлеудің  еркіндігі,  бейресмилік,    сенімділік,  дауыс 
тоны, оның астарындағы ашық және жасырын прагматикалық 
бағдар 
кітаби 
стильге 
қарағанда, 
стилистикалық 
мүмкіндіктердің  ерекше  тобын құрайды.  Сөйлеу тілі стилінде 
ерекше реңк атқаратын сөйлеудің дыбыстық жағы. Сөйлеу тілі 
стилінде  фоникалық  рөлі  ерекше  болады:  дағды  әрекеті, 
орфоэпиялық  норманы  бұзу,  керісінше,  орфоэпиялық 
норманы  сақтау,  орфоэпиялық  норманы  безендіру  немесе 
әсем дыбыстау т.б.  
Сөйлеу  тілі  стилі  функционалдық  стильдердің  ішінде 
өзіне  тән  фонетика,  лексика,  грамматикасы  бар  күрделі  әрі 
әмбебап  стиль  түрі  болып  саналады.  Сөйлеу  тілі  стилінде 
сөздік 
қордың 
барлық 
саласы 
түгел 
қатысады, 
фразеологизмдер  де,  метафоралар  да  ұшырасады.  Сөйлеу  тілі 
стилінде сөздердің қолданылу ерекшелігі жағымды, жағымсыз 
эмоцияға  тікелей  байланысты.  Сөйлеуші  әр  уақытта  өзі 
баяндаған құбылыс пен затқа өзінің әртүрлі көзқарасын, ниет-
пиғылын, ойын, көңіл-күй сезімдерін айтатындықтан, қарама-
қарсы  көңіл  күй  сөздері  қолданылып,  олардың  қолданылу 
үлес  салмағы  молынан  ұшырасып  отырады.  Сөйлеу  тілі 
стилінің өзіне тән сөйлеу мәдениеті болады. Сөйлеу мәдениеті 
деп  жалпы  сөйлеушінің  адами  мәдениеттілік  және  тіл 
мәдениетін  жетік  меңгеруде  қол  жеткен  табыстарын  айтуға 
болады.  Адамның  жалпы  кісілік  мәдениеті,  ой-өрісі, 
эрудициясы,  ақыл-парасаты,  киімі,  жан-дүниесімен  сөзді, 
сөйлемді  мәдениетті  түрде,  яғни  мәдениетті  тілмен  жеткізу 
болып  табылады.  Тіл  мәдениетінің  өзі  ойлау  мен  сөйлеудегі 
сауаттылық болып табылады.  
Амандасудың  сәлемтсіз  бе  деп  айтылу  мәнерінде  дауыс 
тонына қарай әртүрлі мағыналық мән аңғарылады. Сәлеметсіз 
бе?  Дауыс  тонының  айтылу  мәнеріне  қарай  әр  түрлі  көңілді, 
сезім-күйді  аңғартады,  бірде  асқақ  көңілдің  шабытымен 
айтылады,  бірде  менменсіген  көкіректі,  сынау  мәнде,  бірде 
қуанышты  үнмен,  жарқын,  шұрайлы  көңілмен  айтылуы 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
50 
аңғарылса,  бірде  салқын  көңілдің  ажары,  бірде  ілтипатты 
көңілдің  шынайы  ниетін  танытатын  стильдік  мәнерде  де 
айтылады. 
Сөйлеу  тілі  стиліндегі  сөйлемдерде  дауыс  тоны,  дауыс 
күші,  дауыс  жылдамдығының  әртүрлі  қызметінің  арасында 
стильдік ерекшелігі айқындалып тұрады.  Сөйлеу тілі стилінің 
басты  құралы  –  дыбыс.  Онда  түрлі  ырғақтық  құрылым, 
тонның  өзгеріске  түсуі,  қарқынның  жылдамдығы,  баяу, 
орташа  сипатталуы,  кідірістің  орын  алуы,  логикалық  және 
фразалық екпіндер көрініс табады. Сөйлеу тілі стилінде әңгіме 
диалог  түрінде  ғана  емес,  монолог  түрінде  де  жүруі  мүмкін. 
Диалогта  бұйрықты  және  сұрақ-жауапты  репликалар,  ал 
монологта 
хабарлы-ақпараттық, 
экспрессивті-эмоциялық 
реплика қолданылатынын айтуға болады. Диалогқа қысқалық, 
монологқа ойдың ұзақтығы тән.   
Сөйлеу 
тілі 
стилінде 
эмоционалды-экспрессивті 
білдірудің  ең  көркем  амалының  бірі  –  интонация. 
Эмоционалды  сипаттың  ең  озық  үлгілері  интонация  арқылы 
жеткізілетіні  еш  даусыз.  Сөйлеу  тілі  стилінде  дауыс  ырғағы, 
дауыс  тонының  айтылу  мәнерінен  бір  ғана  сөздің  өзінің 
астарында  алуан  түрлі  стилистикалық  мағына  жатқандығын 
көруге болады.  
Стильдің  өзгешелігіне  себеп  болатын  нәрсе  –  оның 
коммуникативтік  сипаты.  Пікір  алысудың  ретіне  қарай 
(диалог,  монолог,  ауызша,  жазбаша  түрде  пікірлесу), 
мазмұнына  қарай  (ғылыми  еңбек,  көркем  шығарма,  газет 
очеркі  т.т.)  сөйлеуші  тілдік  амалдарды  талғап  жұмсайды. 
Және  коммуникативтік  жағдай,  мазмұн  тұрақты  фактор 
болғандықтан,  стиль  де  тұрақты,  жүйе  ретінде  қалыптасады 
дейді, – ғалым Р.Әміров [5, 19].   
Ал  белгілі  ғалым  Р.Сыздық:  «Сөйлеу  тілі  –  күнделікті 
қарым-қатынас  барысында  ауызша  қолданылатын  тіл  үлгісі, 
бұл  әдеби  тілдің  қарама-қарсысында  танылатын  құбылыс»,  – 
дейді [20, 56].   
Функционалдық стильдердің ішінде ерекше тілдік жүйеге 
құрылған  сөйлеу  тілі  стилі  қазақ  ұлттық  әдеби  тілінің 
жіктелуінде  айрықша  орын  алады.  Тұрмыстық  қарым-
қатынаста  сөйлеу  тілі  стилі    қолданылады.  Оның  өзіне  тән 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
51 
фонетикалық,  лексикалық,  морфологиялық,  синтаксистік 
ерекшеліктері  бар.  Ол  тұрмыстың,  күнделікті  қарым-
қатынастың тілі болса да, функционалдық стильдердің негізгі 
жүйесін  құрайды.  Сөйлеу  тілі  стилінің  өзіне  тән  ерекшелігі 
алдын  ала  дайындықты  қажет  етпейтіндіктен,  еркін 
қолданысқа  түседі,  сондықтан  сөйлеу  тілімен  тығыз 
байланыста жұмсалады. 
Қарым-қатынастың  бейресми  аясы,  яғни  тұрмыста, 
отбасында,  таныстар  мен  достар  арасында  түрлі  тақырыпта  сөз 
қозғалатын орта   болып табылады. Мұндай жағдайда еркінділік 
басым  болады,  дегенмен,  адамзаттың  өркениетке,  мәдениетке 
ұмтылу үдерісіне сай сөйлеу тілі де «мәдениеттене» беруі тиіс. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
бойынша жиынты
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
білім беретін
жалпы конкурс
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
дістемелік сыныстар
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік мекемесі
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
Мектепке дейінгі
дебиеті маманды
білім беруді
жалпы білім
дістемелік материалдар
мектепке дейінгі
ауданы кіміні
мерзімді жоспар
конкурс туралы
облысы бойынша
рметті студент
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
разрядты спортшы
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
аласы кіміні

Loading...