Ж. Д. Рапишева, Е. Е. ТҮйте, Ж. У. Есинбаева қазақ тілінің стилистикасы

Loading...


Pdf көрінісі
бет3/11
Дата13.04.2020
өлшемі1.31 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Стилистикалық  мағына  қазіргі  уақытта  стилистикалық 
коннотация  деген  терминмен  аталып  жүр.  Қазақ  тіл 
білімінде стилистикаға байланысты еңбектерде де жан-жақты 
талданған, кейде мәдени  коннотация ұғымымен қатар айтылады, 
сондықтан  лингвомәдениеттану  бағытында  қарастырылып  жүр. 
Стилистикалық мағына – қолданыс тіліндегі денотативті немесе 
бейнелі  уәжді  аспектілерінің  интерпретациясы  мағынасында 
жұмсалынады. 
Қазақ  әдеби  ұлттық  тілінде  образды  ассоциативті 
стилистикалық  коннотациялар  өте  көп,  ол  ауызекі  сөйлеу 
стилінде, көркем әдебиет тілінде молынан ұшырасып отырады.  
Қазіргі  уақытта  тілдің  ауыспалы  мағынасынан  туындаған 
стилистикалық  коннотациялар  жеке  зерттеу  салаларына 
айналып  кетті.  Ол,  негізінен,  стилистикалық  мағына 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

25 
терминінен  таралғанын  айту  керек.  Тілдің  номинативті  жүйесі, 
әлеуеттілігі ұлттық әдеби тілдің байлық қорынан алына отырып, 
стилистикалық мағына кез келген қолданыс тілінде коннотация 
тудыратын образды-бейнелі сөзге айналады. 
Стилистикалық 
тәсілдер 
деп 
стильдерді 
құрастырушының  әр  түрлі  тілдік  бірліктерді  қолдану  амал-
тәсілдерін  айтады.  Олар:  троптың  түрлері,  стилистикалық 
фигуралар,  стиль  құраудың  стратегиясы  мен  тактикасы.  Тілдік 
бірліктердің  дәстүрлі  стилистикалық  тәсілдері  контекстен  тыс 
стилистикалық  коннотациялардың  негізгі  жүйесін  құрай 
отырып,  оның  тұтас  көркемдік  сапасын  жасайды.  Қолданыс 
тілінің  аясында  тілдік  бірліктердің  анық,  көркем,  бейнелі 
шығуына 
стилистикалық 
мағына 
үлкен 
ықпал 
етеді. 
Т.Г.Винокур  бұл  экспрессивті  стилистиканың  негізгі  базасын 
құрайтын  атауларды  "узуалды-стильді  комплекс"  деп  атаған      
[3,  7],  олар  мәтінде  коммуникативтік  актінің  құрылымдық-
стильдік базасын толық қалыптастырады. 
Экспрессивті 
стилистиканың 
енді 
бір 
негізін 
құрайтын 
белгісі 

стилистикалық
тапсырма
Стилистикалық  тапсырма  сөйлеушінің  арнайы  ойлап  тапқан 
көркемдік,  экспрессивтік  айту  мәнері,  адресаттың  қабылдауына 
арнайы 
стилистикалық 
тиімді 
әсер 
калдыру 
үшін 
қолданылады.  Стилистикалық  тапсырма  айтушы  хабарының 
экспрессивті  мағлұматын  көрсете  алады.  Сөйлеу  актілерінің 
стилистикалық  құрылымдағы  екінші  (жанама)  компоненттер 
сапасы ретінде көрінеді. 
Стилистикалық 
тапсырма, 
стилистикалық 
мағына, 
стилистикалық тиімділік сияқты экспрессивті тілдік бірліктер 
өзара тығыз қарым-қатынаста бола отырьш, жалпы узуальды-
стильдік комплекс терминдерінің мән-мағынасын толық жеткізе 
алады.  "Экспрессия"  термині  стилистикалық  көркемдіктің 
барлық аясын қамтамасыз ете алады. 
Стилистикалық норманы зерттеушілер әдеби тіл нормасына 
қосымша,  оны  толықтыратын,  анықтап,  дәлдейтін  норма  деп 
табады. 
Стилистикалық 
норманы 
«стильдік 
норма», 
«функционалдық 
норма», 
«функционалдық-стилистикалық 
норма»  деп  әр  түрлі  атайды.  Оның  әдеби  тіл  нормасынан 
айырмашылығы – пайымдаудың функционалдық-стилистикалық 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
26 
жағына  көп  көңіл  бөлетіндігінде.  Ғалым  Т.Г.Винокур  тіл 
мәдениетінің  екі  сатысын  атап  көрсеткен  болатын:  бірі  –  кіші 
сатысы,  қолданыс  тілінің  дұрыстығы,  екіншісі  –  қолданыс 
тілінің  биік  шыңы  –  стилистикаға  қатысты,  дәлірек  айтқанда, 
стилистикалық  норма  [3,  12].  Ендеше,  стилистикалық  норма 
дегеніміз  –  қарым-қатынас  аясындағы  қолданыс  тілінің 
мақсатына,  міндетіне  және  мазмұнына  сай,  тарихи  жағынан 
қалыптасқан  тілдік  мүмкіндіктердің  жүзеге  асу  ережелері, 
ұстанымы. Қолданыс тілінің жоғары мәдениеті ойды дұрыс, дәл 
және ақылға қонымды етіп тілдік құралдар арқылы жеткізе білу 
болып  табылады.  Стилистикалық  норма  тарихи  категория 
ретінде саналады.   
Мәселен,  ғылыми  стильдің  барлық  жанрларының  негізгі 
өзегі  мен  шеткі  аймақтарында  стилистикалық  категория  мен 
стилистикалық  норма  өзара  белгілі  прагматикалық  қызметімен 
көрінеді.  Ғылыми  стильде  ғылыми  терминдердің  мол 
қолданылатындығы,  сөйлемнің  анық,  түсінікті  болуы  ғылыми 
жазбалардың стильдік белгілері болып табылады. Мұнда жалпы 
тілдің 
ортақ 
нормаларымен 
қатар 
ғылыми 
стильдің 
стилистикалық  нормалары  тұрақтанады.  Стилистикалық  норма 
ғылыми  стильдің  стилистикалық  категорияларынан  түзіледі. 
Ғылыми стильде нормадан тыс тұратын сөздер қолданылмайды, 
морфологиялық  тұлғалардың  да  жалпы  тілдік  грамматикалық 
варианттары жұмсалады. Сөйлем құрылысы да тілдік норманың 
қатаң  тәртібін  сақтайды.  Бұл  стильде  ғылыми  терминдердің, 
оның  ішінде  мамандық  терминдерінің  қолданылуы  ғылыми 
мәтіннің  стильдік  белгісі  әрі  стилистикалық  нормасы  болып 
табылады. 
Зерттеуші  Д.А.Әлкебаева:  «Ғылыми  стиль  жазба  стильге 
жатқандықтан, жазба стильдің өзіне тән қызметі болады. Жазба 
стиль әр уақытта біркелкі болмайды. Ғылыми стильдің ең басты 
лингвистикалық  белгілері,  яғни  басқа  стильден  ажыратылатын 
стилистикалық  нормалары  болады.  Ғылыми  стиль  қазақтың 
ұлттық  жазба  әдеби  тілінің  негізгі  көрсеткіші  болғандықтан, 
әдеби тіл нормаларының басты өлшем шарттарын толық жүзеге 
асуын  қамтамасыз  етеді»,  -  дейді  [15,  65-66].    Ғылыми  стильге 
мәліметті беру үшін алдын-ала ойлану, тілдік бірліктердің қатаң 
таңдалып  алынуы,  қалыпқа  салынған  (Р.Сыздықтың  ұсынысы 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
27 
бойынша – «қалыптанған») сөйленіс типіне ұмтылу тән. Ғылыми 
стиль арқылы белгілі бір ғылым саласында ашылған жаңалықтар 
тіл  арқылы  ресімделіп  осы  жаңалыққа  мүдделі  адамдардың 
арасына таратылады. 
Стилистиканың  зерттеу  әдістеріне  стилистикалық  талдау 
жатады.  Оның  нақтылы  әдіс-тәсілдері:  сөздіктер  мен 
анықтамалықтардағы стилистикалық белгілерді талдау, бейтарап 
не  стилистикалық  бояуы  бар  тілдік  құралдарды  табу,  бақылау, 
мәтінді  стилистикалық  талқылау,  стилистикалық  эксперимент 
жасау  және  жалпы  тілдік  әдістерді,  нақтырақ  айтқанда 
сипаттама  және  салыстырмалы  әдістерді  пайдалану  болып 
табылады. 
Адамзат  жаратылысында  тіл  айрықша  маңызды  рөл 
атқаратыны  белгілі.  Тіл  адамдардың  жай  ғана  қарым-қатынас 
құралы емес, оның ішкі құрылымдары мен жүйелері тым күрделі 
және  олар  бір-бірімен  тығыз  байланысты  көпдеңгейлі  құрылым 
болып  табылады.  Адам  тіл  арқылы  жай  ғана  ақпарат  алып 
немесе  ақпарат беріп қоймайды, сонымен  қатар әрдайым өзінің 
қоршаған ортаға, құбылысқа деген көзқарас, сезімін, субъективті 
қарым-қатынасын тіл арқылы жеткізіп отырады. 
Стилистиканы  ғылыми-теориялық  тұрғыдан  зерттеудің 
перспективасы  тілдегі  дара  стиль  категориясын,  көркем 
шығарма  тілін,  функционалды  стилистика,  стилистикалық 
ресурстар, ортология, сөз мәдениеті т.б. мәселелерді әр қырынан 
және тереңірек зерттеуге ықпал етеді. 
 
Бақылау сұрақтары: 
 
1.  Функционалдық  стилистика,  анықтамасы,  стильдер 
жүйесі бойынша жіктелуі. 
2. Функционалдық стильдердің түрлерін атаңыз. 
3.  Функционалдық  стильдерді  жіктеуге  қатысты  қандай 
ғылыми көзқарастар бар? 
4.  Функционалды  стилистиканың  негізгі  мәселелеріне  нені 
жатқызамыз? 
5.  «Функционалдық»  терминінің  аударылуына  байланысты 
пікірлерге тоқталыңыз. 
6.  Стилистикалық мағына дегеніміз не? 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

28 
7. Стилистикалық  норманың  әдеби  норманың  басқа
түрлерінен айырмашылығы неде? 
8. Стилистикалық қате ұғымы нені білдіреді?
9. Стилистикалық  қатенің  стилистикалық  емес  қатеден
айырмашылығы неде? 
10. Стилистикалық тәсілдер дегеніміз не?
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ СТИЛИСТИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫ 
1. Фонетикалық стилистика
2. Лексика-фразеологиялық стилистика
3. Сөзжасамның стилистикалық құралдары
4. Сөз таптарының стилистикасы
5. Синтаксистік стилистка
Адамзат  болмысының  қоғамдық  өмірде  санасы,  қабілеті,  
талғам-өрісі  кеңейген    кезде,    ғылымның    түрлі  салалары  
игеріліп,    жаңа    техника    мен    компьютерлік    жүйенің    дұрыс  
немесе    кері    ықпалы    жетілген    тұсында    стильдердің    әр  
саласының  атқаратын  қызметі  күннен-күнге  артып  келеді.   
Стиль  сөзін  қолданғанда  оның  алдында  анықтаушы  сөз  
тұрмаса,  бірнеше ұғымды  түсінуге  болады. Бұл  термин  тілге  
ғана    қатысты    емес,    әдебиет,    өнер,  жазушы    стилі  т.б. 
жағдайларда  қолданылады. Біз  оны  тілге   қатысты  жағдайда 
аламыз.  
Функционалды  стильдердің  ең үлкен  ерекшеліктерінің бірі 
– әр  стильге  тиісті  мәтіндерде  тіл  бірліктерінің  сараланып
қолданылуы.  Сондықтан  функционалдық  стильге  тән  сөздер, 
терминдер,  термин  тіркестері,  сөйлем  түрлері,  т.б.  болады. 
Функционалды  стиль  мәтіндері  әрдайым  бір  түрлі  болмайды, 
оның  құрамында  мәтіннің  бірнеше  нұсқалары  болады. 
Сондықтан  функционалды  стильдер  ілімінде  подстильдер 
ұғымы  қалыптасқан.  Жанрлар  –  подстильдерді  құрайтын 
мәтіндер түрі. Әр подстиль жанрлар жиынтығынан құралады. Әр 
функционалды  стиль  подстильдерінің  құрамындағы  жанрлар 
қорынан құралады. Ол бірнеше жанрда жазылуы мүмкін.  
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
29 
Фонетикалық  стилистика  саласында  дыбыстаудың  түрлері 
қарастырылады.  Акцентологиялық    варианттар,  олардың 
стилистикалық 
қолданысы 
зерттеушілердің 
ерекше 
қызығушылығын  туғызатын  мәселеге  жатады.    Сөйлеу 
барысындағы  интонацияның  стилистикалық  мүмкіндіктері  әр 
алуан.  Оларды,  көбінесе,  көркем  мәтін  құрамындағы  монолог 
пен диалогты талдау барысында анықтауға болады. 
Әр сөзді ретімен, орнымен және мазмұнға сай қолданудың 
маңызы  ерекше  зор.  Ғалымдар  да,  ұстаздар  да  бұқаралық 
ақпарат құралдарының өкілдері де, құқық қорғау орындары мен 
кеңсе қызметкерлері ана тілін жете меңгеріп, ойын дәл әрі айқын 
жеткізу  мақсатында  жұмсай  білуге  міндетті.  Басқа  тілдік 
қабаттарға 
қарағанда 
лексика-фразеологиялық 
деңгейдің 
стилистикалық 
мүмкіндіктері 
ерекше 
бай 
екендігін 
зерттеушілердің  қайсысы  болса  да  айтады..  Диалектизмдерді, 
жаргон  сөздер  мен  арготизмдерді  стилистикалық  мақсатта 
қолдану  әрбір  жазушының  өз  құзырындағы  мәселе,  дегенмен, 
шығармада аталған сөздерді  орынсыз, басы артық қолдану қай 
зерттеушінің  болмасын  наразылығын  тудырары  сөзсіз.  Тарихи, 
көнерген  сөздер,  негізінен,  тарихи  көркем  шығармаларда  жиі 
қолданылады.  Ал  тіліміздегі  жаңа  сөздердің  стилистикалық 
қолданысы мағынасы жаңарған және бүгінде жаппай аударылып 
немесе  тіліміздің  ішкі  мүмкіндіктерін  пайдаланып  жасалып 
жатқан терминдерге қатысты болып келеді.  
Тіл мамандары арасында күні бүгінге дейін шешімін таппай 
келе  жатқан  пікірталас  синонимге  қатысты.    Зерттеушілердің 
біразы  синоним  болатын  сөздер  бір  ғана  ұғымды  білдіруі  тиіс 
десе,  екіншілері  синонимдіктің  басты  белгісі  ретінде  сөздердің 
өзара  алмасу  мүмкіндіктерін  атап  көрсетеді.  Үшінші  топтағы 
мамандар синоним болу үшін ол сөздердің мағыналық жағынан 
жақын  болуы  қажеттігін қуаттайды.  Синонимдік  қатар құратын 
сөздердің  сан  жағынан  ең  азы  екеу  болатыны  мәлім.  Ал  оның 
шегі  қанша  сөз  болатыны  туралы  айту  қиын.  Синонимдік 
тізбектегі  сөз  саны  неғұрлым  көп  болса,  сөз  қолданушының 
шешендігі, оның сөз байлығы соғұрлым айқын танылады.  
Омонимдердің, айтылуы мен жазылуы бірдей, мағыналары 
әртүрлі  сөздер  мен  сөз  тіркестерінің,  сөйлемдердің  ішінен  ең 
мол  қолданылатындары  –  лексикалық  омонимдер.  Олар  жазба, 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
30 
ауызекі  тілімізде  сан  алуан  стилистикалық  қызмет  атқарады. 
Солардың  ішіндегі  ең  бастысы  –  олардың  каламбур 
болатындығы.  Каламбур  дегеніміз  –  сөз  бен  сөз  тіркестерінің 
дыбысталуы  жағынан  ұқсас  келуінен  туатын  стилистикалық 
оралым,  яғни  сөз  құбылту,  сөз  түрлендіру.  Мұндай  оралымдар 
көбінесе  поэзиялық  шығармаларда  эмоциялық  әсер  беру  үшін, 
ұйқастың  шымырлығын  күшейту  үшін  қолданылады.  Каламбур 
юморлық, сатиралық туындыларда жиі кездеседі.  
Қазақ  тілінің  семантикалық-лексикалық  мағыналары 
жағынан  топ  құрайтын  сөздердің  келесі  түрі  –  антонимдер. 
Антонимдер  ауыз  әдебиетінің  үлгілерінен  бастап  қазіргі 
жазушылардың, публицистердің шығармаларында көп кездеседі. 
Олар  тіл  байлығының,  автордың  сөз  қолдану  шеберлігінің 
көрсеткіші  ретінде  қызмет  етеді.  Зерттеушілердің  айтуынша, 
антоним болу үшін лексикалық бірліктердің мағыналарында бір-
бірін ең ақырғы шекке дейін теріске шығаратын қасиеттің болуы 
қажет.  Антонимдік  құбылыстың  өзі  тілдегі  қарама-қарсылыққа 
негізделгендіктен,  контрасты  айқын  байқатады.  Антонимдердің 
қызметінен  қарама-қарсы  ұғымдағы  сөздердің  оқиғаға  бірдей 
дәрежеде қатынасатынын байқауға болады.   
Тілдегі  паронимдер  мен  парономазия  экспрессивтік 
стилистикалық  қызметті  жүзеге  асыруда  белсенді  түрде 
жұмсалады.  Паронимдердің  жасалу  тәсіліне  қарай  мынадай 
топтарды  көрсетуге  болады:  жұрнақтар  арқылы  ажыратылатын 
паронимдер: жамандық  –  жаманшылық,  адамдық  –  адамшылық 
т.б.;  түбіріне  қарай  ажыратылатын  паронимдер.  Паронимдер 
түбірлес  және  әртүбірлі  болады.  Түбірлес  паронимдер:  егін  – 
егіс,  еліктегіш  –  еліктеуіш  т.б.  Әртүбірлі,  сырттай  дыбыстық 
жағынан ғана ұқсастықтары бар сөздер: эскалатор – экскаватор, 
білім – бөлім,  т.б.;  
Зерттеушілер  паронимдердің  семантикалық  ерекшелігіне 
қарай екі тобын көрсетеді:  
1)  өзара  мағыналық  реңкі  бойынша  ажыратылатын 
паронимдер (дүниелік – дүнияуи, қазақшыл – қазақы, т.б.);  
2) мағынасы бойынша ажыратылатын паронимдер (қазақша 
–  қазақы).  Мағынасы  бойынша  ерекшеленетін  паронимдер  өте  
аз  кездеседі.  Паронимдер  функционалдық-стилистикалық 
сипатына қарай ерекшеліктері бар топ құрайды. Мысалы, тірлік 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
31 
ету – ауызекі сөйлеу стиліне тән сөз қолданысы болса, тіршілік 
ету – ғылыми тілге жақын қолданыс.  
Парономазия  –  дыбысталуы  бір-біріне  жақын  сөздердің 
қатар  қолданылуынан  туатын  бейнелі  сөз  өрнектері.  Мысалы: 
Бөрінің бөлтірігі, біреудің жыртысын жырту.  Еш туыстығы жоқ
бірақ 
айтылуы 
бірдей 
паронимдер 
сөйлеуде 
әртүрлі 
стилистикалық қызмет атқарады. 
Фразеологизмдер  халық  тілінің  байлығын  барынша 
танытумен  қатар  тілдің  қолданылуының  мол  мүмкіндігін 
көрсетеді.  Тұрақты  тіркестерге  тән  ерекше  қасиет  –  олардың 
экспрессивті-эмоционалдық 
бояуының 
айқын 
аңғарылып 
тұратындығы. Сондықтан тұрақты тіркестерді орынды кірістіріп 
сөйлей білген адамның ойының айқындығына ғана емес, әсерлі 
болатыны сөзсіз. 
Фразеологизмдер,  ең  алғаш  сөйлеу  тілінде  не  жазба  тілде 
қолданылып, 
халыққа 
танылады. 
Қазақ 
тілінің 
фразеологизмдерінің  дені  жазба  тіл  дамымай  тұрып  сөйлеу 
тілінің негізінде қалыптасқан.  
Тіліміздегі  сан  алуан    тұрақты  сөз  тіркестерін    мейлінше 
мәнерлі  және  нақтылы,  дәл  қолданудың  стилистика  үшін 
маңызы зор. Ауызекі сөйлеу тілінен  бастау алатын тұрақты  сөз 
тіркестері  тілімізде  қалай  болса  солай  айтылып,  кез  келген 
жерде оңды-солды  қолданыла бермейді. Сондықтан стилистика 
тұрақты сөз тіркестерінің  тілімізде атқаратын  қызметіне, оның 
қолданылу  заңдарына аса көңіл бөледі. 
Қоғам,  тіл  иесі  –  халық  нақты  өмір  сырын,  шынын  тіл 
арқылы  біледі.  Ана  тілінің  тағдырына,  өткен-кеткеніне, 
болашағына  немқұрайды  қарамайды.  Халық  жүйесін  тауып 
сөйлеуді  мақұл  көреді,  сөзді,  сөйлемді  орынды  қолдануды 
ұнатады.  Сөз  мағынасын,  сөйлем  сазын,  қат-қабат  еркін, 
тиянақты сөз тіркестерін, мақал-мәтелдерді халық  сұрыптап, өз 
ой  елегінен,  өмір  талқысынан  өткізіп  отырады.  Мол  тіл 
қазынасының    бір  алуаны  –фразеологизмдердің  жалпы  тіл 
жүйесіндегі  орнын  сөз  еткенде,  ең  алдымен,  олардың 
стилистикалық  қызметі  көзге  түседі.  Некен-саяқ  кездесер  бірді-
екілі  фразеологизмдерді  есептемегенде,  тиянақты  тізбектердің 
бәрі дерлік өзгеше стиль қызметін атқарады. 
Сөйлеу  тілінің  (ауызша  сөйлеу)  өзіндік  ерекшелігін  
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
32 
аңғартатын  белгі  тілдік  единицаларды  (бірліктерді)  қолдану 
ерекшеліктерінде. 
Ол 
ерекшелік, 
ең 
алдымен, 
фразеологизмдердің  қолданылуынан  байқалады.  Сөздердің 
ауыспалы  мағынада  қолданылу  амалы  сөйлеу  тілінде 
мәнерлегіштік  әрі  бейнелегіштік  қасиет  береді.  Әдетте  сөйлеу 
тілінің  эмоционалды  сипаты  басым  болғандықтан,  ауыспалы 
мағынада    бейнелі  сөздер  сол  сөз  болатын  зат  не  құбылысқа 
адамдардың  жағымды  не  жағымсыз  көзқарасын  білдіреді. 
Сондықтан олардың бейнелегіштік қасиеті айрықша сезіледі.   
І.Кеңесбаев  фразеологизмнің  мәнерлегіш  стильдік  қызметі 
жайында:  «Тиянақты  тіркестің  өн  бойы  тілдегі,  сөйлеудегі  өз 
еншісіне  тиер  меншік  қасиеті  –  стильдік  ерекшелік»,  -  деген 
болатын  [16,  9].    Ал  қазақ  әдеби  тілінің  функционалдық 
(мақсаттық) стильдерін зер ттеушілер үлкен екі салаға біріктіріп 
қарастырады.  Яғни  сөйлеу  өтілі  (сөйлеу  стилі)  және  жазба  тіл 
(публицистикалық,  ғылыми,  ресми  іс-қағаздар,  көркем  әдебиет 
стильдері).  Осыған  байланысты  стильдік  қолданылу  аясына 
қарай қазақ тілінің фразеологиясын екі ірі топқа бөлуге болады. 
1.Сөйлеу  тілінің  фразеологиясы:  а)  фольклорлық  ФЕ;      
ә)  ауызекі  сөйлеу  тілі  ФЕ-сі;  б)  қарапайым  ФЕ  жатқызылады, 
сондай-ақ кәсіби, диалектілік фразеологизмдер де жатады. 
2. Жазба тіл  фразеологиясы. Бұл топқа көбіне жазу тіліне 
тән ФЕ кіреді. 
Фразеологизмдердің  стилистикалық 
 
ерекшеліктерін 
қарастырғанда,  «бейтарап  фразеология»  ұғымы  қолданылады. 
Бейтарап  сөзі  жалпылама  деген  мағынаны  білдіреді.  Бейтарап 
фразеологизмдер  дегеніміз  –  сөйлеу  стилінде  болсын,  кітаби-
жазба  стильдерінде  болсын  жалпылама  қолданылатын  тұрақты 
сөз 
тіркестері. 
Олардың 
ішіндегі 
этнографиялық 
фразеологизмдер  халықтың  болмысына,  әдет-ғұрпына  тікелей 
қатысы 
болады. 
Фразеологизмдердің 
стилистикалық 
ерекшеліктерін  айыра  білудің  маңызы зор. Бұл  сөйлеу тілінде  
экспрессивті  бояуы  әртүрлі  фразеологизмдерді  орынды 
жұмсауға, керекті жерінде қолдануға мүмкіндік береді. 
Сөз  таптарының  экспрессивтік-стилистикалық  ерекшелігін 
зерттеуде олардың түрлі стильдердегі қолданысы басты назарда 
тұрады  да,  зат  есім,  сын есім,  сан  есім,  есімдік,  етістік,  еліктеу 
сөздердің 
т.б. 
лексика-грамматикалық 
категориялардың 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
33 
стилистикалық  белсенділігі  мен  мүмкіншілігін  анықтау 
көзделеді.  
Сөз  таптарының  экспрессивтік-стилистикалық  ерекшелігін 
зерттеудің  тағы  бір  маңызды  тұсы  –  сөз  таптары  мен  түрлі 
морфологиялық  формалардың  экспрессивтік  қызметін  талдау. 
Грамматиканың  көркемдегіш-мәнерлегіштік  қасиет-сапасы  мен 
мүмкіндіктерін, 
олардың 
көркем, 
публицистикалық 
шығармалардағы  шығармашылық  тұрғыдан  игерілу  тетіктерін 
анықтау экспрессивтік стилистиканың міндеті болып табылады.   
Сөз  таптарының  стилистикасы  сөз  таптарын  және  сөз 
семантикасын зерттеу аясында да кеңінен дамыды. Ш.Сарыбаев 
еліктеуіш  сөздердің  лексика-грамматикалық  сипатын  талдай 
келе,  оның  стилистикалық  мүмкіншілігі  жоғары  екенін  айтады. 
Ә.Болғанбаев,  Б.Сағындықұлы,  Ф.Оразбаеваның  еңбектерінде 
сын  есімдердің  стилистикалық  вариациясы  мен  синонимиясы 
зерттелді.  
Сөз таптарының ішінде функционалдық және экспрессивтік 
тұрғыдан  өзгермелі,  қолданылу  белсенділігімен  танылатын 
сөздердің бір тобын зат есімдер мен етістіктер құрайды. Ғылыми 
зерттеулерде айтылып жүргендей, зат есімдердің стилистикалық 
қасиеті  әсіресе  кітаби  стильдерде  ерекше  көрінеді,  тек 
публицистиканың  кейбір  жанрларында  және  ресми  іс-қағаздар 
стилінде  ғана  зат  есімге  қарағанда  етістіктер  көп  қолданылып 
жатады.  Сөз  таптарының  стилистикалық  тұрғыдан  кітаби 
тілдерде қолданысын анықтау арнайы статистикалық талдаулар 
жүргізіп,  терең  зерттеуді  қажет  ететін  мәселе.    Зерттеулерден 
байқалғандай,  зат  есімдер  метафора,  метонимия,  антономазия, 
синекдоха,  теңеу  болу  мүмкіндігі  өте  жоғары  сөз  табы  болып 
табылады.  
Сөз  таптарының  ішінде  зат  есімнің  стилистикалық 
ресурстары  ерекше  айқын  сезіледі.  Көптік,  жекешілік 
варианттары, 
септелу 
түрлері 
зат 
есімнің 
көпфункционалдығының көрінісі болып табылады. Сын есімнің 
стилистикалық  ресурстары  көп  ретте  оның  варианттық 
түрлеріне  байланысты  болады.  Тілдік  ярустар  тұрғысынан 
алғанда,  сын  есім  сөздер  синонимдердің  барлық  түрлеріне 
қатынасты  болады.  Сан  есімдер  де  жалпыхалықтық  тілде  жиі 
қолданылады. Олар, көбінесе, мақал-мәтелдерде ұшырасады. Бір 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
34 
ретте мәтел ішіндегі сан есімдер қарсылықты қатынасқа түседі. 
Енді бір ретте сан есімдер параллель қолданылып, сол мақалдың 
не  мәтелдің  поэтикалық  қуатын  арттыру  мақсатында 
пайдаланылады.  
Есімдіктердің қай түрінің болмасын жұмсалу аясы барынша 
кең.  Олар  функционалдық  стильдердің  барлығында  да  белсенді 
қолданылады.  Етістіктер  –  сөз  таптарының  ішінде  мол 
қолданылатыны. 
Жиі 
жұмсалуына 
байланысты 
өзара 
сининимдік  қатынасқа  түседі.  Ол  синонимдердің  біразы 
қалыпты  сөз  қолданысы  жағдайындағы  құбылыс  деп  қаралса, 
енді  біразы  автордың  сөз  саптауындағы  ерекшеліктерін 
көрсетеді. 
Тіл деңгейлері немесе тіл ярустары стилистикасының үлкен 
бір  саласы  –  синтаксистік  стилистика  немесе  стилистикалық 
синтаксис  болып  табылады.  Бұл  салада  сөз  тіркестері  және 
олардың  түрлерінің,  жай  сөйлем  мен  бір  құрамды  және 
толымсыз  сөйлемдердің  стилистикалық  қолданыстары  сөз 
болады.  Сөйлемдегі  сөздердің  орын  тәртібі  де  стилистикалық 
тұрғыдан  ерекше  назар  аударатын  құбылыстардың  біріне 
жатады.  Күрделенген  сөйлемдер  мен  құрмалас  сөйлемдердің 
стильдік  мақсатта  қолданылуы  автордың  даралығын  көрсететін 
басты  белгілердің  бірі  ретінде  саналады.  Синтаксистік 
синонимдер  мен  паралелль  құрылымдардың  стилистикалық 
мүмкіндіктері  шексіз.  Олардың  көркем  әдебиеттегі  қолданысы 
ерекше назар аударарлық мәселе. Күрделі синтаксистік тұтастық 
құрамындағы сөйлемдер мен сөйлемаралық байланыстардың да 
тіліміздегі  стилистикалық  мүмкіндіктерін  өлшеу  мүмкін  емес. 
Төл  сөз,  бөгде  сөздің  ешбір  өзгеріссіз  берілуін  қамтамасыз  ете 
отырып, 
сөйлеушінің 
психологиясын, 
интеллектуалдық 
жағдайын,  қоршаған  ортаға  көзқарасын  танытады.  Ортақ  төл 
сөзді  авторлық  баяндаудан  да  ажырата  білу  қажет.  Ортақ  төл 
сөздің  құрамында  сол  кейіпкер  аузынан  айтылуға  тиіс  сөз 
қолданысына назар аударудың мәні зор. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
бойынша жиынты
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
білім беретін
жалпы конкурс
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
дістемелік сыныстар
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік мекемесі
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
Мектепке дейінгі
дебиеті маманды
білім беруді
жалпы білім
дістемелік материалдар
мектепке дейінгі
ауданы кіміні
мерзімді жоспар
конкурс туралы
облысы бойынша
рметті студент
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
разрядты спортшы
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
аласы кіміні

Loading...