Ж. Д. Рапишева, Е. Е. ТҮйте, Ж. У. Есинбаева қазақ тілінің стилистикасы

Loading...


Pdf көрінісі
бет10/11
Дата13.04.2020
өлшемі1.31 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

3-тапсырма:  
Берілген  аудармадағы  стилистикалық  қателерге,  басқа 
тілден енген сөздердің қолданысына назар аударып, өз бетіңізше 
басқа да шығармалардың аударылуына мән беріңіз. 
 
1.  The  door  was  open,  there  was  a  soldier  sitting  on  a  bench 
outside  in  the  sun  –  Дверь  была  открыта,  на  скамейке  у  стены 
сидит  на  солнце  солдат  –  Есік  ашық  жатыр,  үй  іргесіндегі 
сәкіде  шуақты  солдат  отыр».  Бұл  кезде  шуақты  деген  сөз 
орынсыз берілген.  
His  father  loses  his  civil  rights  –  Его  отца  лишили  всех 
гражданских  прав  -  Әкесін  барлық  азаматтық  праводан 
айырған».  «rights  –  право»  сөзін  қазақ  тіліне  право  деп  емес 
құқық деп аударған жөн болар еді. 
If the car went especially fast it was probably the King  – Если 
машина шла особенно быстро, - это вероятно, был король. Егер 
машина бар жылдамдығымен жүйіткіп бара жатса, - онда бұл 
кетіп  бара  жатқанның,  шамасы,  король  болғандығы.  Бұл 
сөйлемдегі  «сar  –  машина»  сөзін  қазақ  тіліне  «машина»  емес 
«көлік» немесе ескіше «ат арба» деп аударуға болады. Бұларды 
аудармашы  шығармашылығының  алғашқы  кезеңінен,  оның 
тәжірибесі аздығынан десек те, бұл кемшіліктер бұдан кейінгі 
тарауларда да байқалады: «Шыныаяқ» сөзі бөлек «Шыны аяқ» 
деп жазылуы керек. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
112 
It could not be worse,» Passini said respectfully – Хуже быть 
не  может,  почтительно  сказал  Пассини  –  Одан  өткен 
жамандық бола қоймас, - деді Пассини байсалды түрмен. Неге 
байсалды? Почтительно – құрметпен, ізетпен емес пе? - деген 
аудармашының  жанынан  қосылған  қосымшалар  қазақша 
нұсқада  болса  да,  ағылшын  тіліндегі  түпнұсқа  мен  орыс 
тіліндегі нұсқада атымен жоқ. 
Beautiful young girls  – Очаровательные молодые девушки – 
Балдай  тәтті  бойжеткендер.  Очаровательные  деген  сөзді 
сүйкімді немесе ажарлы деп аударса дұрыс болар еді.  
I  would  say  leave  it  outside  the  door  please  –  Я  говорю 
поставьте пожалуйста у двери» деген сөйлем қазақшаға «Мен: 
– тәңір жарылқасын, есік алдына қойып кете беріңіз, деймін», 
болып  аударылғанда,  ағылшын  тіліндегі  түпнұсқа  мен  орыс 
тіліндегі нұсқадағы көрініс өзгеріске түсіп, нұсқалар арасында 
стильдік алшақтық пайда болған. 
«The  troops  were  muddy  and  wet  in  their  capes  –  Солдаты 
шли  грязные  и  мокрые  в  своих  плащах  –  Плащтарына  оранған 
солдаттар  балшыққа  былғанып,  жаурап,  сылбыр  қадам 
басады».  Мұнда  тіпті,  орыс  тіліндегі  нұсқада  «шли»  және 
қазақ тіліндегі нұсқада  «сылбыр қадам басады», «жаурап» деп 
көрсетілген  сөздер  ағылшын  тіліндегі  түпнұсқада  берілмеген. 
(Э.Хемингуэйдің  «Қош  бол,  майдан!»  романының  қазақ  тіліне 
аударылуы. Қ.Қараманұлының аудармасы).  
2. ...Ертеде трактор еді. Ол бұл хоббиінің көкесінің көкесі 
еді-ау!  Отан  соғысынан  көп  бұрын,  ауылға  алғаш  трактор 
айдап келген күні, кейде бір есіне оралған кездері, жүрегі тулап, 
көңілін ерекше жылы, толқынды леп билейді де кетеді дейсің. 
...–  өткен-кеткен  есіме  түсіп  отыр  да,  кхе-ха.  Кемпіріне 
көк көйлек киген кезін есіне алғанын айтудан қысылды. 
–  Деректір  бала  келе  жатыр.  Дұрыстап  сөйлес.  Мен  шай 
әзірлейін.... 
– Оның маған қанша керегі бар? Кетсін де. 
–  Ақа-ау,  не  болды  балалармен  бала  боп.  -Кемпірі  кеи 
сөйледі.... 
....Директор мырс етіп күліп қойды. Шал фигураларды дәу 
алақанымен сыпыра салды да, тақтаны стол үстіне жайды. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
113 
– Бітірмедіңіз ғой? 
– Онда шатағың болмасын... 
...Шал  мен  директорды  керісі  осы  қыста,  екі 
трактористің  елсіз  тауда  адасып  боранда  қалған  кезінен 
басталған.  Трактористерге  емес,  шал  кінәні  директорға 
артқан.  Шалдың  пенсияға  шыққанына  он  жыл  болса  да,  ол 
күніне бір рет ертеде іргесін өзі қалаған, кейін совхоз үлкейтіп 
салған зәулім мастерскойға кіріп кетіп жүреді. Кейде апталып 
сонда жұмыс істейді... 
–  Е,  Ақа,  не  отырыс  мынау,  батқан  күнге  көз  талдырған. 
Артынан  ұста  бәкірдің  гүжілдеген  дауысы  естілді.  Ақпан  ескі 
досының  дауысын  естіп  қуанды.  Қасындағы  бос  орынды 
нұсқады. 
–  Отыр.  Қарашы неткен  тыныштық.  Сабырлы-ау  дарқан 
далам. Күтіп жатыр. Аңсап жатыр емес пе, кхе-ах,а? ! 
...олар  не  замат  тағы  үнсіз  отырды.  Шаршаған 
тамырлары быртиып-быртиып салаланған әжімді қолдары екі 
шалдың да тізесінде дамылдап жатыр. Мынау быт-шыт әжім 
буған  қолдар  сөйлесе  не  айтар  еді?  Ғажайып  өмірдің,  ауыр 
өмірдің күйін шертеді-ау... 
...– Көргенді елдің баласының жүрісі. – Шал қарсыласының 
тапқыр, ойлы болуын тілейтін. Мынау соның өзі болды. Рахат! 
Шал  алақанымен  бетін  уқалап-уқалап  алды.  Шалдың  осы 
ауылда  шахмат  ойнамаған  адамы  жоқ.  Анада  ғана, 
бухгалтериядағы есепшілерді талқан ғып ұтып кеткен... 
...–  Жатып  қалдым,  –  деді  бәкір  далаға  шыға  алмағанына 
кешірім өтінгендей. 
– Оқа емес жатып біраз дем алып ал. 
–  Өзі  әзер  жүрген  шалға,  әлгі  кенже  ұл  қынымен  қанжар 
соғып  бер  деп  әуреге  түсіргені  ғой,  –  деді  кемпір  сыбырлай 
сөйлеп (Р.Сейсенбаев «Хобби ғой, жарығым, хобби»). 
 
4-тапсырма: 
Көркем әдебиеттен синтаксистік синонимдерді теріп жазып, 
стилистикалық қызметін түсіндіріңіздер. 
 
5-тапсырма:  
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
114 
Төмендегі  мәттінің  қай  стиль  түріне  жататынын  анықтап,  
стиль түзуші тілдік-стильдік белгілерге талдау жасаңыздар.  
 
Христофор  Колумб  осыдан  бес  ғасыр  бұрын,  дәлірек 
айтқанда,  1492  жылы  тамыз  айының  үші  күні  Индияға 
апаратын төте теңіз жолын ашу мақсатымен Испан тауының 
астындағы Санта Мария, Пинта  және Нинья аты үш кемеге 
бас  болып,  Испанияның  Палос  портынан  батыстағы  Атлант 
мұхитын  бетке  алып,  қауіп-қатерге  толы,  ұзақ  сапарға  
аттанған болатын. Араға екі айдан астам уақыт салып, қазан 
айының он екісі күні Колумб кемелері аталмыш мұхитты әзер 
дегенде  артқа  тастап,  тарихта  соңыра  «Жаңа  әлем»  немесе 
Америка  атанып  кеткен  белгісіз  құрлықтың  жағалауына 
тұмсық  тіреді.  Батыста  жатқан  Атлант  мұхиты  арқылы 
Индияға  жол  табатынына  титтей  күмәні  болмаған  Колумб 
бейтаныс  жағалауға  аяқ  басқан  кезде  өзіне-өзі  сенгендігі 
сондай,  тіпті  ешнәрсенің  байыбына  бармастан,  көптен 
көкейінде жүрген мақсаты мүлтіксіз орындалды деп, алдамшы 
сезімге  арбалғанын  сезбей  қалады.  «Жаңа  әлемді»  Азияның 
етегінде жатқан Индиямен шатастырып, өлшеусіз қателескені 
соншама,  Колумб  өзінің  әлемде  теңдесі  жоқ  географиялық 
жаңалық  ашқанынан  мүлдем  беймәлім  күйі  о  дүниеге  өзін 
алдаған жалған сезімімен бірге аттанып кетеді.  
…1492-1504  жылдар  арасында  төрт  дүркін  Христофор 
Колумб,  оның  артын  ала  конкистадорлар,  соңыра  Еуропадан 
алғаш  қоныс  аударушылар  легі  келіп  жеткен  кезде,  «Жаңа 
әлемнің»  байырғы  халықтарының  бұл  мекенде  өмір  сүріп 
жатқанына  шамамамен  арғысы  40000  немесе  50000  жылдай, 
бергісі  12000  жылдай  заман  өткен.  Әлмисақтан  бермен  қарай 
батыстан  да,  шығыстан  да  өз  мекендеріне  мықты  қалқан 
болып  келген,  ұшы-қиыры  жоқ  алып  мұхиттардың  ту 
сыртынан  бейтаныс  жау  шабады  деген  қорқыныш  әлгі 
халықтың қаперіне де кірмеген.  
…Шынайы  тарихи  деректерге  негізделген,  әр  түрлі 
елдердің әр түрлі ғылым салалары өкілдерінің қолынан шыққан, 
1492  жылға  дейінгі  немесе  одан  кейінгі  Америка  тарихын 
қамтитын  зерттеу  жұмыстарын  сараптай  келе,  нағыз 
шындықтың 
еуроцентристік 
«шындыққа» 
мүлде 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
115 
ұқсамайтындығына  толық  көз  жеткізуге  болады  (Ахметов  Ә. 
Азия  –  Беренгия  –  Америка  немесе  америкалық  «үндістердің» 
азиялық тегі. –Алматы, 2003.–96 б.) 
 
6-тапсырма: 
Мәтіннің қай стильге жататынын анықтаңыз. 
 
Қазақ  ұлтының  ат  бәйгесі  дәстүрінде  жүйрік  аттардың 
шабысын  халық  әртүрлі  атайды.  Онда  жаратылыс,  бітімдегі 
аттар  әртүрлі  шабады.  Оған  кейбір  аттар  бәйге  шығар, 
шықпадан тура барлық жүйріктен оза шығады да, сол бойында 
алдына  ат  салмай  көмбеге  бір-ақ  келеді.  Мұндай  жүйріктерді 
қазақтар шыға салма, шыға салма жүйріктер деп атайды. Енді 
бір жүйрік аттар ал дегенде баяу шауып, артта қалып немесе 
артын  ала  көп  жүйріктің  соңынан  ере  келе,  біртіндеп  тыныс 
ашылап,  терлей  келе  алдындағы  аттарды  бірден-бірден 
тастап,  озып  отырып  алдында  келеді.  Осылай  аттар  қалып, 
кейін барлық жүйрікті басып озып келетін жүйріктерді «қыза 
шабатын  жүйріктер»  деп  атайды.  Келесі  бір  жүйріктер  әу 
баста бәйге шығардан озып кетіп,  жол ортаға келгенде, яғни 
бәйге ортасына таяп келе, қарлығып, шаба алмай, басқа аттың 
барлығы  дерлік  қуып  жетіп,  аталмыш  бәйге  аты  артта 
қалады.  Мұндай  жүйріктерді  ел  ұшқыр,  яғни  ұшқыр  ат  деп 
атайды.  Сондай-ақ  алғаш  шыққанда  нешінші  орында  шықты, 
сол бойы соншасыншы, сол орында не басып озбай немесе қалып 
қоймай, бірқалыпты шауып келетін жүйріктер болады. Оларды 
қалыпты шабыстағы жүйріктер деп атайды. Жүйрік сынында 
шыға 
салма 
жүйріктердің 
көбінде 
алды-арты 
тең, 
төртбұрыш,  талдырмаш  бойлы  жүйріктер  десе,  қыза 
шабатындарды ұзын денелі, орақ бас, салпы ерін, кең таңау деп 
көреді.  Ал  ұшқыр  жүйріктерді  тар  танау,  үшкір  шақша  бас, 
денесі  кішірек  жүйріктер  деп  көрсе,  бір  қалыпты  шабатын 
жүйріктерді дөкір, жуан аяқ, биік, иықты тынысты деп көреді 
ат  сыншылары,  атқұмарлар.  Кейде  бұл  сындар  сәйкеспей  де 
жатады.  Алайда,  ауытқи  бермейді.  Содан  да  «Алуан-алуан 
жүйрік  бар,  әліне  қарай  шабады»  десіп  жатады  халық 
(Б.Кәмәләшұлы  Қазақтың дәстүрлі құсбегілігі және атбегілігі.  –
Алматы, 2006. –120 б.). 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
116 
ӨЗІНДІК БАҚЫЛАУ ҮШІН ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ 
 
І нұсқа 
 
1. «Стиль» термині қай тілден енген? 
А) орыс тілінен 
В) ағылшын тілінен  
C) неміс тілінен 
D) грек тілінен 
E) латын тілінен 
 
2. «Стиль» сөзі қазақшаға аударғанда нені білдіреді? 
А) жазу құралы 
В) оқу құралы 
C) оқи алу 
D) жаза білу 
E) оқи-жаза білетін 
 
3. Стиль дегеніміз не? 
А) Тіл білімінің бір саласы 
В) Стиль туралы ғылым 
С) Тілдік тәсілдер жүйесі 
D) Әдеби тілдің нормасы 
Е) Қатынас құралы 
 
4.Стильдің қандай түрлері бар? 
А) Ауызша түрі 
В) Жазбаша тілі 
С) Сөйлеу стилі және жазба стильдер 
D) Кітаби стильдер 
Е) Жазушы стилі 
 
5. Зерттеушілер функционалдық стильдердің қандай түрлерін 
көрсетеді? 
А) Көркем әдебиет стилі (тілі) 
В) Ғылыми әдебиет стилі 
С) Публицистикалық стиль 
D) Ресми іс қағаздар стилі 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
117 
Е) Аталғандардың бәрі 
 
6. Тіл стилистикасын зерттеушілер нешеге бөледі? 
А) фонетикалық стилистика  
В) лексика-фразеологиялық стилистика 
C) морфологиялық стилистика 
D) синтаксистік стилистика 
E) жоғарыда аталғандар  
 
7. «Қозғалыстағы тіл» деп нені айтады? 
А) статистиканы 
В) стилистиканы  
C) синтаксисті 
D) лингвистиканы 
E) жалпы сөйлеу тілін 
 
8. Лингвистикалық стилистиканың негізгі екі бағыты: 
А)  тіл  деңгейлері  стилистикасы  және  функционалдық 
стилистика 
В) тілден тыс жатқан стилистикалық ресурстар  
C)  тілдік  құралдардың  белгілі  бір  мәтін  ішіндегі  жұмсалу 
ерекшеліктері 
D) жалпы стилистика және қазақ тілінің стилистикасы 
E) салыстырмалы стилистика және салғастырмалы стилистика 
 
9. Тіл деңгейлері стилистикасы дегеніміз не? 
А) мәтін ішіндегі байланыстар 
В) мәтіннен тыс жатқан тілдік құралдар  
C) мәтін мен мәнмәтін арақатынасы 
D) мәтін мен тілдің арақатынасы 
E) тіл мен стиль арақатынасы 
 
10. Функционалдық стилистика нені зерттейді? 
А) мәтіннің құрылымын 
В) мәтіннің мазмұнын  
C) мәтінаралық байланыстарды  
D) тілдік құралдардың мәтін ішіндегі қолданылу заңдылықтарын 
E) тілдік құралдардың мәтіннен тыс қолданысын  
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
118 
 
11. Жалпы стилистика нені қарастырады? 
А) жалпы тіл біліміне қатысты мәселелелрді 
В) жеке тіл білімі мәселелерін 
C) тілдің жалпы теориясын 
D) тілдің жеке теориясын 
E) тіл атауларына ортақ стилистикалық мәселелерді 
 
12. Салыстырмалы стилистика: 
А)  туыс  тілдердің  стилистикалық  және  стильдік  құбылыстарын 
салыстыра зерттейді 
В)  туыс  емес  тілдердің  стилистикалық  және  стильдік 
құбылыстарын салыстыра зерттейді 
C) тілдің синхрондық тұрғыдан зерттелуі 
D) тілдің диахрондық тұрғыдан зерттелуі  
E) тілдерді салыстыра зерттейді 
 
13. Салғастырмалы стилистика: 
А) туыс емес тілдердегі стилистикалық мәселелерді 
В) туыс тілдердегі стилистикалық мәселелерді  
C) тілдердегі жалпы стилистикалық мәселелерді 
D) тілдердегі жеке стилистикалық мәселелерді 
E) тілдерді  салғастыра зерттейді 
 
14. Дара немесе индивидуалдық стилистика: 
А) қазақ тілінің стилистикасын зерттейді 
В)  қазақ  және  орыс    тілдеріндегі  стильдік  қолданыстарды 
зерттейді 
C) қазақ және ағылшын  тілдерінің стилистикасын зерттейді 
D) жеке автордың, шығарманың немесе жанрдың стилистикасын 
зерттейді 
E) жеке тілдердің стилистикасын зерттейді 
 
15. Теориялық стилистика: 
А) тілдік құралдардың мәтін ішіндегі қолданылу заңдылықтарын 
зерттейді 
В) тілдік құралдардың мәтіннен тыс қолданысын  
C) қолданыс тілін айтушының стилистикасы 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
119 
D) тыңдарманның стилистикасы 
E)  тілдік  құралдардың  қолданылу  заңдылықтарын  ғылыми 
тұрғыдан түсіндіреді 
 
16. Практикалық стилистика: 
А) қолданыс тілін жазушының стилистикасы 
В) қабылдаушының стилистикасы 
C) автордың стилистикасы 
D) оқырманның стилистикасы 
E)  тілдік  құралдардың  қолданылу  заңдылықтарын  іс  жүзіне 
асырады 
  
17. Автордың стилистикасы: 
А) қолданыс тілін айтушының не жазушының стилистикасы 
В) практикалық стилистика  
C) теориялық стилистика 
D) тарихи стилистика 
E) қолданбалы стилистика 
 
18. Қабылдаушының стилистикасы: 
А) тыңдарманның не оқырманның стилистикасы 
В) теориялық стилистика  
C) практикалық стилистика 
D) қазіргі стилистика 
E) қолданыс стилистикасы 
 
19. Функционалдық стилистиканы зерттеушілер қалай жіктейді? 
А) стильдер жүйесі бойынша 
В) мәтіннің мазмұнына қарай  
C) мәтіннің мақсатына қарай 
D) мәтіннің құрылымы бойынша 
E) стильдік құралдар ерекшелігіне қарай 
 
20. Тіл деңгейлері стилистикасы қалай жіктеледі? 
А) тілдің қолданысына қарай 
В) тіл деңгейлерінің ретімен  
C) тілдің қозғалысына қарай 
D) тіл ресурстарының санына қарай 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
120 
E) тілдік құралдардың қолданысы бойынша 
 
21. Синхрондық стилистика нені зерттейді? 
А) тіл тарихының материалдарын қолданады 
В) бір тіл мен екінші тілдің арақатынасын  
C) тілдің стилистикалық мүмкіндіктерін 
D) тілдің қазіргі фактілерін стилистикалық тұрғыдан  
E) тілдегі нормалардың өзгерісін 
 
22. Диахрондық стилистика нені зерттейді? 
А) тілдердің даму тарихын 
В) тілдердің қазіргі жағдайын  
C)  стилистикалық  құбылыстарды  зерттеу  үшін  тіл  тарихының 
материалын қолданады 
D)  түрлі  тілдердегі  стилистикалық  құбылыстарды  зерттеу  үшін 
оларды салыстырады 
E)
 
түрлі  тілдердегі  стилистикалық  құбылыстарды  зерттеу  үшін 
оларды салғастырады 
 
23.  Тіл  біліміндегі  «клише»,  «штамп»,  «стандарт»,  «шаблон» 
сияқты стереотипті бірліктер көбіне қай стильде кездеседі? 
A) көркем әдебиет стилі 
B) ресми-іскери стиль 
C) ауызекі сөйлеу стилі 
D) публицистикалық стиль 
E) ғылыми стиль 
 
24.  Жоғарыда  айтқанымыздай,  мақала  басында,  ойымызды 
жалғастырайық сияқты тілдік бірліктер қай стильге тән? 
A) ғылыми стиль 
B) публицистикалық стиль 
C) ауызекі сөйлеу стилі 
D) ресми стиль 
E) көркем әдебиет стилі 
 
25.  Тілдік  құралдардың  мәтін  ішінде  жұмсалу  заңдылықтарын 
қарастыратын стилистика 
А) тіл ресурстары стилистикасы 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
121 
В) функциональдық  стилистика 
C) фонетикалық стилистика 
D) морфологиялық стилистика 
E) синтаксистік стилистика 
 
26. 
Стилистиканың 
басқа 
тіл 
деңгейлерінен 
басты 
айырмашылығы бұл – 
А) мәнерлілік, сөздерді қолданудағы нақтылық пен дәлдік 
В) дұрыс жазудан қарағанда дұрыс сөйлеуге үйретеді 
C) ойды тұрақты сөз тіркестер арқылы жеткізу 
D) сөйлемнің құрылысына басты мән береді 
E) сөзжасамдық тәсілдерге көп көңіл бөледі 
 
27. Сөздерге қосымша мағына, бояу берушілік 
А) семантикалық мағына 
В) тура мағына 
C) стилистикалық коннотация 
D) фразеологиялық мағына 
E) грамматикалық мағына 
 
28.  Белгілі  бір  функциональдық  стильдің  даралығын,  басқа 
стильдерден өзгешелігін сипаттайтын қасиет  
А) стильдік белгі 
В) стильдік реңк 
C) стильдік бояу 
D) авторлық стиль 
E) стилистикалық құрылым 
 
29.  Қарым-қатынас  аясындағы  қолданыс  тілінің  мақсатына, 
міндетіне  және  мазмұнына  сай,  тарихи  жағынан  қалыптасқан 
тілдік мүмкіндіктердің жүзеге асу қағидаты 
А) орфографиялық норма 
В) фонетикалық норма 
C) морфологиялық норма 
D) стилистикалық норма 
E) дәстүрлі принцип 
 
30. Семантикалық-стилистикалық әдіс дегеніміз не? 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
122 
А) белгілі бір стильге экстралингвистикалық фактордың әсері 
В) стилистикалық құбылыстарды тарихи тұрғыдан қарастыру 
C)  функционалдық  стильдер  арасындағы  айырмашылықтарды 
айқындау 
D) стильдердің өзара әрекеті 
E)  мағынаның  нәзік  реңктерінің  берілу  проблемалары, 
стилистиканың мағынаны қарастыруы 
 
ІІ нұсқа 
 
1.  Еркін  сөйлеу  үшін  алдын  ала  дайындықсыз  қолданылатын 
функциональдық стильдің түрі 
А) ауызекі сөйлеу стилі 
В) ғылыми стиль 
C) публицистикалық стиль 
D) ресми стиль 
E) көркем әдебиет стилі 
 
2.  Халықаралық  келісімдердің,  мемлекеттік  заңдардың, 
қаулылардың, іс қағаздарының стилі қалай аталады? 
А) ауызекі сөйлеу стилі 
В) ғылыми стиль 
C) публицистикалық стиль 
D) ресми стиль 
E) көркем әдебиет стилі 
 
3.  Табиғат,  адам  және  қоғам  туралы  объективті  хабар  беруді 
мақсат ететін функциональдық стиль 
А) ауызекі сөйлеу стилі 
В) ғылыми стиль 
C) публицистикалық стиль 
D) ресми стиль 
E) көркем әдебиет стилі 
 
4. Стилистикалық фигураларға нелер жатады? 
А) теңеу, метафора, эпитет 
В) анафора, параллелизм, градация 
C) аллегория, гипербола, литота 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
123 
D) инверсия, метонимия, кейіптеу 
E) эллипсис, кекесін, синекдоха 
 
5. Троптың түрлерін көрсетіңіз 
А) теңеу, метафора, эпитет 
В) анафора, параллелизм, градация 
C) аллегория, гипербола, литота 
D) инверсия, метонимия, кейіптеу 
E) эллипсис, кекесін, синекдоха 
 
6. «Мен өзіңнен қабылдаппын сүюді 
Мен  өзіңнен  қабылдаппын  күюді»  –  деген  өлеңде  қандай 
стилистикалық айшықтау берілген 
А) метафора 
В) гипербола 
C) перифраз 
D) аллгория 
E) анафора 
 
7. Ешбір қосымшасыз заттың, құбылыстың қасиетін, сапасы мен 
белгісін айқындайтын троптың түрі 
А) теңеу 
В) эпитет 
C) метафора 
D) синекдоха 
E) аллегория 
 
8. Стилистика саласын зерттеген қазақ ғалымдары: 
А) Ә.Қайдар, М.Оразов 
В) Р.Сыздық, Е.Жанпейісов 
C) Ж.Манкеева, К.Құсайынов 
D) Ш.Құрманбайұлы, Б.Шалабай 
E) М.Серғалиев, Ф.Мұсабекова 
 
9. Құжат мәтіндері қай стильде жазылады? 
A) көркем әдебиет стилінде 
B) ғылыми-көпшілік стильде 
C) ресми стильде 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
124 
D) эпистолярлық стильде 
E) ситуациялық стилде 
 
10. Морфологиялық синоним дегеніміз – 
А) бір түбірден жасалып, екі компонентті болуы 
В) қосымшалардың бірдей болуы 
C) бір түбірден жасалып, бір компонентті болуы 
D) дыбысталуы бір жазылуы әр басқа сөздер 
E) мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер 
 
11.  «Аспанға  көтеру  –  жерден  алып,  жерге  салу»  тұрақты  сөз 
тіркестері қандай қолданысты білдіреді? 
А) фразеологиялық синоним 
В) фразеологиялық антоним 
C) фразеологизмдердің көпмағыналылығы 
D) күрделі синтаксистік тұтастық 
E) фразеологиялық байлаулы мағына 
 
12.  «Мына  хабардан  кейін  менің  көңілім  біраз  көтеріліп  қалды, 
қуаныштымын, өзімді бақытты сезінемін» – деген сөйлем қалай 
жасалып тұр? 
А) синонимдес сөздер юмор туғызып тұр 
В)  бірыңғай  мағыналас  сөздер  қарама-қарсылық  мәнде 
жұмсалып тұр 
C) синонимдес сөздер градациялық қатар құрап тұр 
D) жай ғана синонимдік қатарды құрап тұр 
E) морфологиялық синонимді құрап тұр 
 
13.  Контекст  қалауына  қарай  тек  қана  бір  ғана  қолданымдық 
болып қызмет атқаратын сөздер қалай аталады? 
А) көнерген сөздер 
В) көпмағыналы сөздер 
C) потенциалды сөздер 
D) окказионалды сөздер 
E) атауыш сөздер 
 
14. Шеберлік шарттары – 
А) дәлдік, ықшамдық, әсерлілік 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
125 
В) нақты, қысқаша сөйлеу 
C) жазылуына емес, айтылуына баса назар аудару 
D) синтаксистік құрылымдардың дұрыс қолданылуы 
E) әр сөздің шығу төркінін білу 
 
15. 
Эмоциональды 
сөздердің 
жиі 
қолданылуы 
қай 
функциональдық стильге тән 
А) ғылыми стиль 
В) ресми стиль 
C) көркем әдебиет стилі 
D) публицистикалық стиль 
E) ауызекі сөйлеу стилі 
 
16. «Бақа – көлінде патша, 
Балық – суында патша, 
Жігіт  –  елінде  патша»  –  деген  мақал  айшықтаудың  қай  түрі 
арқылы жасалған 
А) анафора 
В) антитеза 
C) градация 
D) параллелизм 
E) инверсия 
 
17. Эллипсис дегеніміз не? 
А)  қалпына келтірілуі  қиындыққа  соқпайтын сөйлем  мүшесінің 
түсіп қалуы 
В) сөйлеушінің кімге, неге қарата сөйлейтінін білдіреді 
C) сөйлемдегі сөздердің қалыпты орын тәртібі 
D)  ұғымдар  мен  құбылыстардың  қарама-қарсы  мағынада 
қойылуы 
E) бір ойдан екінші ойды асыру 
 
18. Градация бұл –  
А)  екі  немесе  одан  да  көп  заттың,  құбылыстың  негізгі 
белгілерінің ұқсастығы 
В)  бір  ойдан  екінші  ойды  асыру  немесе  бір  ойдан  екінші  ойды 
кеміте суреттеу 
C) әр жолдың бірдей сөздерден бастау алып отыруы 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
126 
D)  дерексіз  ұғымды  білдіруге  арналған  зат  пен  құбылыстың 
нақты бейнесі 
E)  зат  пен  құбылыстың  әлдебір  белгісін  мейілінше  әсірелеп 
көрсету 
 
19. Ғылыми стильдің тууына әсер ететін жағдайлар: 
А) Ғылымның дамуы 
В) Баспасөздің дүниеге келуі 
С) Кітап бастыру ісінің болуы 
D) Оқу-білім көздерінің пайда болуы 
Е) Аталған жағдайлардың бәрі 
 
20. Ғылыми стильдің лексикасына тән ерекшелік: 
А) Сөз тек өзінің негізгі мағынасында жұмсалады 
В) Сөздер ауыспалы мағынасында қолданылыды 
С) Сөздің экспрессивтік және эмоционалдық бояуы болады 
D) Сөздер синонимдік қатар түзеп қолданылады. 
Е) Сөз бірнеше мағынада жұмсалады 
 
21. Қазақ тіліндегі ғылыми стильдің алғашқы үлгілері: 
А) Мерзімді баспасөз материалдары  
В) Көркем туындылар 
С) Аударма әдебиеттер 
D) Көпшілікке арналған ғылыми кітапшалар 
Е) Ауыз әдебиеті үлгілері 
 
22. Ғылымға қатысты алғашқы әдебиеттің тіліне тән 
ерекшеліктер: 
А) Қазақтың жалпыхалықтық тілін пайдалануы 
В) Сөйлеу стилі элементтерінің болуы 
С) Татар тілінің элементтерінің басым қолданылуы 
D) Қазақтың ескі жазба дәстүрін жалғастыруы 
Е) «Кітаби тіл» элементтерінің жиі қолданылуы 
 
23. Ғылыми стильде жиі қолданылатын сөздер: 
А) Қарапайым сөздер мен диалектизмдер 
В) Көнерген сөздер мен неологизмдер 
С) Термин сөздер мен атау сөздер 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

127 
D) Көп мағыналы сөздер
Е) Синонимдік мәндегі сөздер 
24. Термин дегенді қалай түсінесің?
А) Тұлғасы, дыбысталуы бір, мағынасы бір-бірінен алшақ сөздер 
В) Ғылымның тар аясындағы дерексіз ұғымдардың атауы 
С) Дыбысты жазуда белгілейтін негізгі таңба 
D) Тілдегі бір немесе бірнеше заттың атауы
Е) Дербес мағынасы бар, жеке тұрып сөйлем мүшесі бола 
алатын сөз 
25. Қазіргі қазақ тіліндегі терминденуші лексика:
А) Жалпы қолданыстағы сөздер 
В) Аймақтық лексика 
С) Көнерген сөздер 
D) Кәсіби сөздер
Е) Аталғандардың барлығы 
26. Ғылым тіліне берілген анықтамалардың дұрысын көрсетіңіз:
А)  Ғылым тілі – халықтың ғасырлар бойғы іс-тәжірибесінен, 
өмір тануынан қорытылып, ереже түрінде тұжырымдалған ой-
түйіні 
В) Ғылым тілі - әдеби тілдің атқаратын әлеуметтік-қоғамдық 
қызметінің үлкен бір саласы 
С)  Ғылым тілі – адамның тілі, сағаттың тілі, техниканың тілі 
D) Ғылым тілі – адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастың,
табиғат құбылыстарын танып-білудің ең басты құралы 
Е) Ғылым тілі – ақпарат алмасудың қолайлы және ең көне тәсілі 
27. Ғылыми стильдің негізгі қызметі:
А) Ғылыми стиль сөздің дұрыс айтылу нормасын белгілейді 
В)  Ғылыми стиль әр түрлі заттың түріне, түсіне  және басқа 
белгілерінің  ұқсастығына қарай бір сөзбен аталуын қадағалайды 
С) Ғылыми стиль сөз түрлендіруші жұрнақтар арқылы сөз 
мағынасын құбылтып, оған түрлі мән береді 
D) Ғылыми стиль ғылыми еңбектер мен ғылыми-техникалық
құжаттарда, оқулықтар мен ғылыми- көпшілік басылымдарда 
қолданылады 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
128 
Е) Ғылыми стиль заттың түрлі қасиетін, сапасын бір сөз арқылы 
да, көп сөз арқылы да білдіреді 
 
28. Ауызекі сөйлеу мен әдеби тілде сөйлеуге ортақ заңдылық: 
A) орфографиялық норма 
B)  орфоэпиялық норма 
C) стилистикалық норма 
D) морфологиялық норма 
E) транскрипциялық норма 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
бойынша жиынты
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
білім беретін
жалпы конкурс
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
дістемелік сыныстар
идаларын бекіту
Республикасы кіметіні
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
дебиеті маманды
мерзімді жоспар
білім беруді
дістемелік материалдар
жалпы білім
ауданы кіміні
мектепке дейінгі
конкурс туралы
облысы бойынша
рметті студент
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
мелетке толма
директоры бдиев

Loading...