Ж. Д. Рапишева, Е. Е. ТҮйте, Ж. У. Есинбаева қазақ тілінің стилистикасы

Loading...


Pdf көрінісі
бет1/11
Дата13.04.2020
өлшемі1.31 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Ж.Д.РАПИШЕВА,  
Е.Е.ТҮЙТЕ,  
Ж.У.ЕСИНБАЕВА 
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ СТИЛИСТИКАСЫ 
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ 
Қарағанды-2011 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 
Академик Е.А.Бөкетов атындағы  
Қарағанды мемлекеттік университеті 
Ж.Д.Рапишева, Е.Е.Түйте, Ж.У.Есинбаева 
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ СТИЛИСТИКАСЫ 
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ 
Қарағанды-2011 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


Құрастырғандар:  
филология ғылымдарының кандидаты, доцент Рапишева Ж.Д., 
филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Түйте Е.Е. 
филология ғылымдарының кандидаты, оқытушы Есинбаева Ж.У. 
Қазақ  тілінің  стилистикасы.  Студенттерге  арналған  оқу-
әдістемелік құрал. –Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2011. –137 бет. 
Оқу-әдістемелік  құрал  қазақ  тілінің  теориялық  және 
практикалық  стилистикасы  мәселелеріне  арналған.  Оқу-
әдістемелік  құралдың  теориялық  бөлімінде  стилистиканың 
негізгі  ұғым-категориялары,  тілдік  құралдардың  стилистикалық 
бояуы, 
стилистикалық 
мағына, 
стилистикалық 
норма, 
стилистикалық  қате  туралы  ұғым,  қазақ  тілінің  стилистикалық 
құралдары,  функционалды  стильдердің  пайда  болуының 
алғышарттары  мен  себептері,  әдеби  тіл  құрамындағы 
функционалды стильдердің өзара байланысы, қазіргі қазақ әдеби 
тілінің  стильдер  құрамы  және  оларды  топтастырудың 
принциптері жан-жақты қарастырылған. 
Оқу-әдістемелік 
құралдың 
практикалық 
бөлімінде 
стилистикалық  қателер  мен  стиль  түрлеріне  байланысты 
тапсырмалар, жаттығулар және тест сұрақтары берілген.  
Пікір жазғандар: 
филология ғылымдарының докторы,  
профессор А.С.Әділова; 
филология ғылымдарының докторы,  
профессор Ш.Ш.Жалмаханов; 
филология ғылымдарының кандидаты, 
доцент Қ.З.Сембиев 
    © Рапишева Ж.Д., Түйте Е.Е., Есинбаева Ж.У. 
     ©  Қарағанды мемлекеттік университеті, 2011
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


АЛҒЫ СӨЗ 
Ұсынылып  отырған  оқу-әдістемелік  құрал  қазақ  тілінің 
теориялық  және  практикалық  стилистикасы  мәселелерін 
қамтиды.  Жоғары  оқу  орнының  «қазақ  тілі  мен  әдебиеті» 
мамандығы  студенттеріне  арналған.  Оқу  материалдары 
студенттерді  стилистика  ғылымының  теориялық  негіздерімен 
таныстыру,  қазақ  әдеби  тілінің  стилистикалық  құралдары, 
стильдік тармақтары туралы мағлұмат беру, оларды ажыратудың 
жолдарын  көрсету,  студенттерге  стилистикалық  норманы 
меңгерту, сөздердің, басқа да тілдік тұлғалардың қолданылуына 
қарай  туындайтын  мағыналық  реңктерін,  стильдік  қырларын 
ажырата білуге үйрету мақсатына сай құрастырылған.  
Оқу-әдістемелік  құралда  авторлар  стилистика  ғылымының 
пайда  болу  себептеріне,  негізгі  ұғым-категорияларына  тоқтала 
отырып,  оның  даму  кезеңдерін  ғылыми  айналымдағы 
зерттеулерді,  түрлі  мектептер  мен  бағыттар  көзқарасын 
басшылыққа  ала  отырып  жан-жақты  көрсетеді.  Қазақ  тілінің 
стилистикалық 
құралдарын 
фоностилистика, 
лексика-
фразеологиялық стилистика, синтаксистік стилистика, сөзжасам 
стилистикасы, сөз таптары стилистикасы тұрғысынан жеке-жеке 
сипаттап, олардың түрлі функционалдық стильдерде қолданылу 
әлеуеті  мен  үлес  салмағын  саралап  көрсетеді.  Авторлар 
стилистика  ғылымының  диахронды  және  синхронды  дамуын 
қазақ 
әдеби 
тілінің 
стилистикалық 
нормаларының 
қалыптасуымен,  дамуымен,  түрлі  объективті  жағдайларға  орай 
өзгеруімен ұштастыра отырып, пәнаралық байланысқа құрған.  
Жұмыстың  екінші  бөлімінде  берілген  практикалық 
тапсырмалар  теориялық  материалды  бекітуге,  пысықтауға 
бағытталған.  Олар  стилистикалық  қателерге  байланысты 
пысықтау  жаттығулары  және  стиль  түрлеріне  байланысты 
пысықтау жаттығулары деп бөлінген. Бөлімнің соңында бірнеше 
нұсқаға  негізделген  өзін-өзі  тексеруге  арналған  тест  сұрақтары 
берілген. 
Оқу-әдістемелік  құралда  берілген  теориялық  материалдар 
соңғы  жылдары  жарық  көрген  зерттеулерден  алынып, 
құрастырылды. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ 
СТИЛИСТИКАНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ПӘН РЕТІНДЕ 
ҚАЛЫПТАСУ, ДАМУ ТАРИХЫ 
1. Стилистика  –  стиль  туралы  ғылым  саласы,  оның  даму
тарихы 
2. Стилистиканың негізгі бағыттары мен аспектілері
Стилистика – тіл білімінің бір саласы, стиль туралы ғылым. 
«Стиль»  сөзі  көп  мағынада  қолданылады  (латынның  stylos 
сөзінен  шыққан,  қазақша  «жазу  құралы,  жазу  мәнері»  дегенді 
білдіреді).  Ал  тілге  қатысты  стиль  белгілі  бір  лексикалық, 
грамматикалық  жіне  фонетикалық  тәсілдердің  қолданылу 
принциптерін  қарастырады.  Стилистика  тіліміздегі  сөздердің, 
сөз тіркестерінің қолданылу заңдылықтарын зерттейді. 
«Стиль»  сөзі  әдебиетке  де  байланысты  қолданылады, 
сондықтан  соңғы  кездерге  дейін  тілдің  стилистикалық 
ерекшеліктерін тек көркем шығарма арқылы зерттеу орын алып 
келді. 
XX  ғасырдағы  Ш.Балли  концепциясының  негізінде 
стилистика тілдің экспрессивтік формалары туралы ілім ретінде 
анықталды. 
Стилистика 
тілдік 
жүйе 
элементтерінің 
эмоционалды-экспрессивтік,  сонымен  қатар  тілдің  мәнерлегіш 
құралдарының  қалыптасуына  әсер  ететін  тілдік  деректердің 
өзара әсерін зерттейтін ғылым ретінде таныла түсті.  
XX  ғасырда  тіл  білімінің  үлкен  жетістіктерге  жетуі,  жаңа 
бағыттардың  пайда  болуы  стилистика  ғылымының  қарқынды 
дамуына әсер етіп, стилистикада тілдің функционалдық қырлары 
басты назарға ілікті. В.Матезиус бастаған чех ғалымдары әдеби 
тілдің  функционалдық    сипатын  зерттеуге  ерекше  көңіл 
аударды.  Орыс  стилистика  ғылымында  В.В.Виноградовтың 
зерттеулері  жаңа  бір  кезеңнің  бастамасы  болды  деп  айтуға 
болады. В.В.Виноградовтың еңбектерінде тілдік-функционалдық  
концепция  басым  бағыт  болса,  оның  негізін  тілдің  халық 
өмірінің  нақты  тарихи  жағдайларындағы  шынайы  қызмет 
атқаруын зерттеуі құрайды.  
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


Стилистика жалпыхалықтық, ұлттық тілдің барлық қырын, 
оның  дыбыстық 
құрылымын, 
грамматикасын, 
сөздігін, 
фразеологиясын  толық  қамтитын  күрделі  жүйе  ретінде  таныла 
түсті.  Тіл  тұтас  құрылымның  тарихи  дамуындағы  іштей 
байланысқан элементтері тұрғысынан емес, оның тарихи дамуы 
барысындағы  функционалды  жіктелісі  және  әртүрлі  сөйлеу 
құбылыстарының  экспрессивтік  бояулары  мен  реңктерінің 
сәйкестілігі  тұрғысынан  қарастырыла  бастады.  Тілдік  қарым-
қатынастың салалық қолданысы, сөйлеудің жекелеген қоғамдық 
шектелген  түрлерімен  (яғни  функционалды  стильдермен) 
байланыста  алып  зерттелді.  XX  ғасыр  басындағы  және  одан 
кейінгі  орыс  әдеби  тілі,  стилистикасы  мен  тіл  мәдениетін 
зерттеудегі  ізденістер  (Г.О.Винокур,  Л.В.Щерба,  А.Н.Гвоздев 
т.б.)  осы  бағыттағы  зерттеулерді  тереңдетіп,  одан  әрі  дамытты. 
Сөз  семантикасының  экспресивтік,  эмоционалдық  және 
бағалауыштық  компоненттері  және  олардың  денотативті  
мағынамен байланысына айрықша назар аударылды.  
Қазақ  тіл  білімінде  стилистикаға  қарасты  мәселелердің 
зерттелуі  А.Байтұрсынұлы,  Қ.Жұбанов еңбектерінен  басталады. 
А.Байтұрсынұлының  «Әдебиет  танытқышында»  көркем сөз  бен 
көсем  сөзге  қатысты  ой  толғамдары,  Қ.Жұбановтың  Абай 
поэтикасының  қыр-сырын  ашқан  мақаласы  мен  басқа  да 
еңбектері  бұл  саладағы  алғашқы  ізденістер  болды.  Ал 
стилистиканың  жеке  ғылым  саласы  ретіндегі  іргетасы  қалануы  
М.Балақаевтың есімімен байланысты. Алғашқы басылымы 1966 
жылы  жарық  көрген  «Қазақ  тілінің  стилистикасы»  оқулығы 
стилистиканың  пәні  мен  нысанын,  ғылымдар  ішінде  алатын 
орнын  анықтаған  тұңғыш  еңбек  болды.  Мұнда  стилистика 
ғылымының  мақсат-міндеттері,  функционалды  стиль  түрлері, 
әсіресе  қазақ  тілі  стилистикалық  құралдарының  сипаты  бір 
жүйеге  түсіріліп  қарастырылады.  Экспрессивтік  стилистиканың 
мәселелері  тілдік  бірліктердің  эмоционалды-экспрессивтік 
қызметіне қатысты қарастырылды [1].  
Кейінгі  кезеңдерде  қазақ  стилистикасы  І.Кеңесбаевтың, 
А.Ысқақовтың, 
М.Балақаевтың, 
Р.Сыздықованың, 
Е.Жанпейісовтің, 
С.Исаевтың, 
Х.Нұрмұқановтың, 
Ф.Мұсабекованың, 
Н.Х.Демесинованың, 
М.Серғалиевтың, 
Н.Уәлиевтің, 
Р.Әмірдің, 
Б.Момынованың, 
О.Бүркітовтың, 
Репозиторий
 КарГ
У

 

Б.Хасановтың,  Т.Қоңыровтың,  Х.Кәрімовтың,  Б.Шалабайдың, 
Ш.Мәжітаеваның, 
Д.Әлкебаеваның, 
Г.Әзімжанованың 
т.б. 
ғалымдардың зерттеулерімен толықты.   
Жалпыхалықтық  тілдің  және  ұлттық  әдеби  тілдің  сөздік 
қоры мен арнаулы  тілдік бірліктерінің негізінде әр стиль өзінің 
стереотиптік  тілдік  бірліктерін  қалыптастырады.  Кез  келген 
стиль  жалпы  әдеби  тілдік  тәсілдерді  алады.  Олар  сол  стильдің 
коммуникативтік  үдерісіне  белгілі  дәрежеде  лайықты, 
жарамды  болып  табылады.  Қазіргі  әдеби  тілдің  жүйесінде 
сөздер  көбіне  еркін,  кездейсоқ  іліккен  жеке  компоненттерден 
емес,  дәстүрлі  формулаларда  шартты  орын  алатындығы  белгілі, 
қаламгер дайын формулалардың көмегімен айта да, жаза алады. 
Стиль  ұғымы  сөйлеу  және  оның  формаларымен 
байланысты  қаралады.  Стильдің  негізгі  арқауы  –  сөйлеудің 
ауызша  және  жазбаша  формалары.  Форма  –  ол  тіл 
құралдарының  көмегімен  болатын  сөйлеудің  сыртқы  көрінісі. 
Зерттеушілер    стиль  –  белгілі  бір  қатынастың  түрінде  тілдік 
бірліктерді сұрыптап пайдалану арқылы ойды жеткізу мәнерінің 
көрінісі  дегенді  айтады.  Стиль  ойды,  хабарды  жеткізудің  әдісі. 
Әдеби  тілдің  функционалдық  стильдері  әдебиеттің  жанр  түріне 
сәйкес  пайда  болып,  көркем  әдебиет  стилі,  публицистикалық 
стиль,  ғылыми  стиль,  ресми  стиль  және  ауызша  сөз  стиліне 
бөлінеді. 
Стиль  түрлеріне  ажыратуда  да  қазақ  тіл  білімінің 
мамандары  осы  жолмен  кеткен:  функционалдық  стильдердің 
қалыптасуы  мен  даму  заңдылықтарын  зерттеудің  негізгі  көзі 
тілдің қолданысы болып табылады, бұл қолданыстар белгілі бір 
жанрға тән болып келеді деген  сияқты немесе «жанрға қатысты 
бөлінген  стильдер  айқынырақ  танылады»  деген  орыс  тілі 
зерттеушілерінің  тұжырымдарын  басшылыққа  алып,  қазақ 
тілінің  де  мақсаттық  стильдерін  жанрлық  негізде  тармақтайды: 
публицистикалық  әдебиет  жанры  публицистикалық  стильді, 
көркем  әдебиет  үлгілері  көркем  әдебиет  стилін,  сол  сияқты 
ресми іс қағаздары мен кеңсе тілінің стилі, ғылыми-техникалық 
әдебиет стилі деп ажыратады. 
Стиль туралы М.Серғалиев былай дейді: 
1.  Әдеби  тілдің  бір  түрі,  демек  сол    тілде  сөйлейтін  
баршаға түсінікті сөздер мен  конструкциялар;  
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


2. Стиль – тарихи категория;
3. Стиль – қоғамдық қызметтің бір  саласында жұмсалады;
4. Тілдік  құралдардың  қандай да бір  тобы  емес,  шартты
тұйықталған тобы [2, 9]. 
Бұл тұжырым стиль  жөнінде  айтылған «белгілі бір тілдегі 
лексикалық,  грамматикалық  және  фонетикалық  тәсілдердің 
қолданылу  принциптері»  деген  анықтамалардың  кеңейген 
қазіргі  стиль  мәселесіне  терең    үңіліп,    әртүрлі  қасиеттерін  
танудан  туған. 
Стилистиканың  негізгі  зерттейтін  саласы  –  стиль. 
Біріншіден,  стиль  –  тарихи  категория  дедік.  Тарихы  көне 
дәуірден  бастау  алған,  өз  қоғамына  қызмет  етіп  отырған 
мемлекеттік 
мәртебесін 
алған 
тілдің 
тарихын 
тану, 
функционалды  стильдердің  әр  дәуірде  біреуінің  ерте,  біреуінің 
кеш  даму  сатысын  бастан  кешіргенін  жүйелеу  стильдің  тарихи 
категория екендігін толығымен дәлелдейді.  
Екіншіден, стиль әдеби тілдің бір түрі болғандықтан, қазақ 
әдеби  тілінің  даму  сатысымен  қатарласа  сөз  болып  жүр.  Әдеби 
тілдің басты белгісі нормаланған, сұрыпталған тіл болу шартын 
көрсетсе, ол стильдің негізгі ұстанымы болып табылады.  
Үшіншіден,  стиль  қоғамдық  қызметтің  бір  саласында 
жұмсалады,  стильдерді  жіктегенде  осы  қызметі  толық 
анықталуы қажет. Мысалы: публицистикалық стильдің, ғылыми 
стильдің  де,  көркем  әдебиет  стилінің  де  қоғамдық  қызметі 
белгілі  ортада өз  мақсатына жетті.  Бұл  функционалды  стильдің 
экстралингвистикалық  факторларға  да  байланысты  екендігін 
көрсетеді. 
Лингвистикалық 
стилистика, 
негізінен, 
таза 
стилистикалық  ерекшеліктерді  сөз  етумен  қатар,  басқа 
факторларды да қарастырады. Ол кез келген стильдің қоғамдық 
қызметі, қолданылу аясы, қоғамға қызмет ету құзіреті т. б.  
Стилистика  үшін  стиль  мен  функционалдық  стиль  –  оның 
өн  бойында  танылатын  егіз  ұғым,  ол  екеуі  де  зерттеушілер 
еңбектерінде  елеулі  мәселе  ретінде  аталмай  өтпейді.  Оның 
себебі  де  жоқ  емес.  Стилистиканы  стиль  туралы  ғылым  деп  те 
айтатындар  бар.  Қалған  мәселелер  осы  екеуінің  төңірегінен 
келіп  шығады. 
Қазіргі 
стилистика, 
сөз  жоқ, 
тілдің 
функционалдық  стильдік  жіктелуі  туралы,  қарым-қатынас 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


процесіндегі  белсенді  коммуникативтік  тиімділікке  жету 
құралдары мен тәсілдері туралы тармақталған ғылым. 
Т.Г.Винокур  функционалдық  стиль  топтастыруда  екі 
белгісін ескеру қажет екендігін айтады:  
1) әдеби  тілдің  қандай  бір  түрін  функционалдық  стиль
ретінде  айқындау  үшін  осы  түрі  адам  қызметінің  белгілі  бір 
саласында әрдайым қолданылуы керек
2) әдеби  тілдің  қандай  бір  түрін  функционалдық  стиль
ретінде  айқындау  үшін  тілде  іс  жүзінде  қандай  да  қатынас 
саласында қызмет атқаратын және осы өмір саласында қатынас 
жасау  ерекшеліктерімен  айқындалған  сөйлеу  құралдарының 
белгілі бір мөлшері болуы [3, 9]. 
Стиль  сөзін  қолданғанда  оның  алдына  анықтаушы  сөз  
тұрмаса,  бірнеше ұғымды  түсінуге  болады. Бұл  термин  тілге  
ғана    қатысты    емес,    әдебиет,    өнер,  жазушы    стилі  т.б. 
жағдайларда  қолданылады. Біз  оны  тілге   қатысты  жағдайда 
аламыз.  А.Байтұрсынов  функционалды  стиль  ұғымын  тілдік 
және  тілдесім  деп  түсінген,  ғалымның  пайымдауынша, 
функционалды  стиль  –  «сөйлесудің»  бір  түрі.  Ғалым  ұсынған 
функционалдық  стиль  мәтіндері  төртеу  –  ғылыми  стиль 
мәтіндері,  публицистикалық  стиль  мәтіндері,  ресми  стиль 
мәтіндері, көркем стиль мәтіндері [4, 12]. 
Стилистиканың  негізгі  зерттеу  нысаны  тілдің  барлық 
деңгейлеріндегі  (лексикалық,  фразеологиялық,  морфологиялық, 
синтаксистік)  құралдар  бола  тұра,  стилистика  сөйлеу  тілі  мен 
жазба тілдің: 
-  мәнерлегіштік мүмкіндіктерін; 
-  стилистикалық мағыналары мен бояуларын; 
-  қарым-қатынастың  әртүрлі  жағдайлары  мен  аяларына 
байланысты қолданылу жаңалықтарын; 
-  белгілі  мәтінннің  мазмұнына  орай  қолданыс  тілінің 
құрылымын қарастырады.  
Белгілі  бір  мазмұн  мен  мақсатқа  құрылған  шығармадағы 
тілдік  құралдардың  қолданылу  заңдылықтарын  тілдік  тұрғыдан 
зерттейтін  стилистика  тек  көркем  шығарманың  емес, 
ауызша/жазбаша  құрылған  мәтіндердің  барлығын  (ғылыми, 
ресми, публицистикалық) қамтиды.  
Зерттеушілер  лингвистикалық  стилистиканың  ең  басты  екі 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
10 
бағытын  немесе  түрін  көрсетеді:  бірі  –  мәтіннен  тыс  жатқан 
стилистикалық  ресурстар  (мүмкіндіктер);  бұл  аспект  тіл 
ресурстары  стилистикасы  деп  аталады.  Ал  екіншісі  –  тілдің 
қоғамның  әртүрлі  салаларында  қолданысқа  түсу  заңдылықтары, 
яғни  тілдік  құралдардың  белгілі  бір  мәтін  ішіндегі  жұмсалу 
ерекшеліктері;  бұл  аспект  функционалды  стилистика  деп 
аталады. 
Лингвистикалық 
стилистика 
зерттеу 
объектілерінің 
ауқымына  қарай  да  бірнеше  түрге  бөлінеді:  жалпы  стилистика, 
салыстырмалы 
стилистика, 
салғастырмалы 
стилистика, 
салыстырмалы-салғастырмалы  стилистика,  ішінара  стилистика, 
дара немесе индивидуалдық стилистика, синхрондық стилистика 
(немесе  қазіргі  қазақ  тілінің  стилистикасы),  диахрондық 
стиолистика  (немесе  қазақ  тілінің  тарихи  стилистикасы), 
теориялық стилистика,  практикалық  стилистика,  автордың  және 
қабылдаушының стилистикасы  т.т. 
Дара  стилистика  жеке  автордың,  не  жеке  шығарманың 
немесе  бір  жанрдың  стилистикасын  зерттейді.  Д а р а   с т и л ь  
ж е к е   а д а м н ы ң   а қ ы л - о й ы н   б і р і н ш і   к е з е к к е   қ о я д ы .  
Дара  стиль  –  жазушының,  ғалымның,  журналистің,  деректі 
сөйлеушінің,  адамның,  жеке  тұлғаның  стилі.  Дара  стильдің 
стильдік-танымдық  қызметін  талдап  шығу  оңай  дүние  емес. 
Дара 
стиль 
кең 
мағынасында 
танымдық-стильдік, 
аналитикалық-синтездік  іс-әрекет  қызметі  болып  табылады. 
Дара стильде ғылыми еңбек авторының терминжасам ұстанымы 
мен  таза ғылыми  стиль  нысандары  әлдеқайда  тереңдеп,  жан-
жақты  көп  мағыналы  сипатқа  ауысады.  Автор  ғылыми  атау 
жасауда  сол  ұғымның  басты  белгілерін  басқаша  танымдық 
дәрежеден  де  тереңдетіп  көрсетуге  тырысады.  Автор  дара 
стильдің  прагматикалық  аспектісіне  жету  үшін  еңбегін, 
шығармашылық  қабілетін  концептуальды  энциклопедиялық 
масштабта көрсете білуі керек. 
Қазақ  тіл  ғылымында  Р.Әміров  ауызекі  сөйлеу  стилін  дара 
стиль ретінде қарайды [5, 7]. Қазіргі уақытта ресми-іскери стиль, 
шешендік  стиль  ерекше  даму  үстінде,  сол  сияқты  үлкен-кішілі 
стильдер де жеке, дара стиль бағытына жатады. 
Тіл ресурстары стилистикасын қысқартып тіл стилистикасы 
(стилистика  языка)  деп  атайды.  Бұл  бағыттың  басты  міндеті  – 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
11 
сөздердің  мәтіннен  тысқары  күйіндегі  стилистикалық  қызметін 
айқындау.  Яғни  лексикалық  бірліктердің,  фразеологиялық 
тіркестердің қолданылу мүмкіндіктері, морфология мен синтаксис 
саласындағы 
сөз 
таптарының 
жұмсалуы, 
синтаксистік 
конструкциялардың мәтіннен тыс мағыналары ашыла түседі.  
Тіл  ресурстары  стилистикасы  тіл  деңгейлерінің  ретімен 
жіктеледі: 

фонетикалық стилистика; 

лексика-фразеологиялық стилистика; 

морфологиялық стилистика; 

синтаксистік стилистика. 
Функционалды 
стилистиканы 
кейбір 
зерттеушілер 
қолданыс  тілі  стилистикасы  (стилистика  речи)  деп  атайды. 
Функционалды  стилистика  шығарманың,  мәтіннің  құрылымы, 
ондағы тілдік құралдардың орнымен қолданылуы, шығарманың 
болмысында  кеткен  саналы  немесе  кездейсоқ  ауытқулар  мен 
қателіктер,  оларды  болдырмаудың,  кемшін  тұстарды  түзетудің 
жолдарын көрсетеді.  
Функционалды  стилистика  өз  ішінде  стильдер  жүйесі 
бойынша жіктеледі: 

ауызекі сөйлеу тілі (стилі); 

ресми стиль; 

ғылыми стиль; 

публицистикалық стиль; 

көркем әдебиет стилі (тілі). 
Функционалдық  стильдердің  тілдік  бірліктерінің  қатарына 
арнаулы сөздер мен стеротип сөздер енеді. Тілдік стереотиптер 
кешенді 
ойлау 
жүйесінің 
модельдік 
компоненттерін 
толықтырушы  ретінде  тілдің  лексикалық  қабатында  жиі  көріне 
алады,  сондықтан  олардың  стилистикалық  мүмкіндіктері  өте 
мол. 
«Қазіргі  кезде  стилистика  ғылымында  әдеби  тілдің  бес 
функционалды стилі белгілі. Олардың өздері қатынас жасаудың 
нақтылы  жағдай,  міндеттеріне  т.б.  байланысты  тағы  ұсақ 
түрлерге жіктеледі. Оның үстіне функционалды стиль араласып 
та  келе  береді,  яғни  бір  стильде  басқа  стильдердің  элементтері 
кездесе  береді.  Функционалды  стильдердің  әр  түрінің 
элементтері  қабаттаса  қолданылып,  көп  қабатты  стильдік 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

 
12 
құбылыстар  пайда  болады.  Бұл  жағдайда  стильдердің  өзара 
нәтижесінде және олардың өз ішінде бөлінісі себепті жасалады. 
Сөйтіп,  тілде  функционалды  стильдік  және  стилішілік  жіктеліс 
өте  күрделі,  сан  тармақты  болып  келеді»  дейді  зерттеуші                         
Б.Шалабай [6, 9].   
Академик  М.С.Серғалиев:  «Функционалдық  стильдердің 
қай-қайсысы да шағын стильдерге жіктеледі» дей келе, ғалым әр 
стильдің  сипатын  көрсете  келіп,  көркем  әдебиет  стилін  шағын 
стильге ажырату олардың жанрлық ерекшеліктеріне байланысты 
болады деген тұжырым айтады [2, 19]. 
Жалпы алғанда, функционалды стильдің үш негізгі белгісін 
атап көрсетуге болады. Олар:  
1)  қоғамдық  өмірдің  белгілі  бір  саласын  бейнелейді, 
олардың өзіндік қолданыс аясы, өз тақырыбы бар;  
2)  қарым-қатынастың  белгілі  бір  жағдайын  көрсетеді  – 
ресми, бейресми т.б;  
3)  өзіндік  ұстанған  бағыты,  тілінің  негізгі  мақсат-міндеті 
бар.  Әрбір  функционалды  стиль  жалпы  әдеби  нормада 
пайдаланудағы  өзіндік  ерекшелікке  ие,  ол  жазбаша  да,  ауызша 
да  өмір  сүруі  мүмкін.  Әрбір  стиль  өзіндік  ерекшелігі  бар  түрлі 
жанрдағы шығармаларды қосып алады.  
Функционалдық 
стильдердің 
әрқайсысы 
өз 
мүмкіндіктерінше  тілдік  бірліктерді  қолданудың  өзіндік 
модельдері мен трансформациясын жасауға ұмтылады. Ол тілдің 
дамуына  және  стильді  қалыптастыруға  ықпал  жасайды.  Тілдік 
модельдер 
мен 
бірліктер 
функционалдық 
стильдердің 
шеңберінде қарастырылады. 
 
Бақылау сұрақтары: 
 
1.  Лингвистикалық  стилистика  дегеніміз  не?  Оның  негізгі 
бағыттары мен түрлері. 
2. Стилистиканың түрлерін атаңыз.  
3. «Стиль» термині, стильге берілетін анықтамалар. 
4. Тіл стилистикасы мен қолданыс тілі стилистикасының 
айырмашылығы неде? 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
бойынша жиынты
ызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
идаларын бекіту
Республикасы кіметіні
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дістемелік сыныстар
Мектепке дейінгі
дебиеті маманды
дістемелік материалдар
білім беруді
ауданы кіміні
жалпы білім
конкурс туралы
мектепке дейінгі
рметті студент
облысы бойынша
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
мерзімді жоспар
разрядты спортшы
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
директоры бдиев

Loading...