Қызықты информатика


І- Бөлім. Информатикадан сыныптан тыс жұмыстарды өткізу әдістемесі



бет2/13
Дата30.12.2022
өлшемі0.87 Mb.
#405071
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Информатикадан сыныптан тыс жұмыстарды өткізу әдістемесі

І- Бөлім. Информатикадан сыныптан тыс жұмыстарды өткізу әдістемесі
1.1 Информатикадан сыныптан тыс жұмыстардың әдістемесі
Информатиканы оқыту әдістемесіндегі өзекті мәселелердің бірі – кластан тыс жұмыстарды ұйымдастыру болып табылады. Олай дейтін себебіміз оқушылардың шығармашылық қызметінің дамуы көбінесе кластан тыс жұмыстар барысында жүзеге асады. Оқыту барысындағы оқушылардың танымдық белсенділігі мен ізденімпаздық шығармашылығы, оны арнайы басқарудың маңыздылығы кезінде Сократ та атап көрсеткен. ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан мектепте, арнаулы оқу орындарында оқытылатын информатика пәнінің орны ерекше және оны кластан тысжұмыстарды ұйымдастыру барысында жүзеге асады. Дәстүрлі оқыту пәндерінен жүргізілетін кластан тыс жұмыс түрлерін информатика пәнінен де ұйымдастырылады. Сабақтан тыс жұмыс оқу жұмысын толықтырып, материалды оқушыға терең түсіндіруге, шығармашылық қабілеттерін дамыту барысында ұйымдастырылады. Информатика курсы бойынша жүргізілетін дәстүрлі кластан тыс жұмыс түрлеріне:үйірме, факультативтік курстар, экскурсия, олимпиада, әртүрлі қызықты кештер мен сайыстар, ғылыми жұмыстарды жатқызуға болады. Оқушылардың информатика пәніне қызығушылығын арттыру, ой-өрісін және танымдық қабілеттін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе білу және өткенді шапшаң еске түсіру дағдыларын қалыптастыру мақсатында кластан тыс өтілетін сайыстардың маңызы зор. Кластан тыс жұмыс ұғымы өте кең. Ол мазмұны, бағыты, әдісі, тағайындалуы,формасы мен жолдары жағынан білімділікті қажет етеді. Мысалы, үйірмелер отырысы,қосымша сабақтар, мерекелік шаралар мен кештер өткізу осы кластан тыс жұмыстарға жатады. Бірақ кей жағдайларда оқушы белсенділігі мен басқаруында болады. Информатикадан кластан тыс жұмыстар компьютер мен ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндіктерін беретін пәнаралық байланыс түрінде ұйымдастырылады. Компьютерді қолданып басқа пәндерден кластан тыс шаралар өткізу оқушылардың дүниетанымы мен қызығушылықтарын арттыра түседі. Кластан тыс жұмыс - бұл оқытушылар мен оқушылардың кластан тыс уақыттағы әртүрлі іс-әрекеттері мен іс-шараларын ұйымдастыру болып табылады. Кластан тыс жұмыс-кластан тыс уақыттағы өткізілетін және оқу жоспарына кіретін әртүрлі оқу-тәрбиелік іс-шаралар. Тәрбие жұмысының негізгі бөлігі болып саналатын кластан тыс жұмыстар-баланың өмірге қажетті әлеуметтік ортадағы тәжірибесі мен қоғамдық құндылықтарды қабылдауын қалыптастырады. Түрлі формадағы кластан тыс жұмыстар оқушының күнделікті сабақта байқала бермейтін жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашады. Кластан тыс жұмыстың әртүрлі болуы оқушының өзіне сенімділігін, өзін дұрыс бақылауын қалыптастырады, сонымен қатар әртүрлі жұмыстар оқушының іс-тәжірибесі мен дағдысын, адамқызметінің әртүрлілігі туралы білімі мен біліктілігін арттырады. Кластан тыс жұмыстарда оқушылар бір-бірімен барлық жағынан қарым-қатынаста болады.

Әртүрлі кластан тыс жұмыстарда оқушылар өзінің жаңа қабілеттерін ашып қана қоймай,ұжымдасып жұмыс істеуге үйренеді.


Кластан тыс жұмыстарды оқушылардың белгілі бір уақыт ішінде алған білімдерін тәжірибелерін ескере отырып ұйымдастыру қажет. Кластан тыс жұмыстардың түрлері: Информатика кеші; ғылыми жұмыстар; іскерлік ойындар; байқау; көрмелер; үйірме; сөзжұмбақтар құру; олимпиадалар; пәндік апталықтар; декадалар; айлықтар; танымжорықтар; саяхаттар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
бағдарламасына сәйкес
Сабақтың мақсаты
тоқсан бойынша
сәйкес оқыту
ғылым министрлігі
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
Сабақ жоспары
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасы
мерзімді жоспар
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жалпы білім
нтізбелік тақырыптық
республикасы білім
бекіту туралы
Зертханалық жұмыс
Жалпы ережелер
арналған жиынтық
болып табылады
Қазақстан республикасының
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қысқа мерзімді
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
рсетілетін қызмет
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
бағалаудың тапсырмалары
атындағы жалпы
пайда болуы
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
әдістемелік ұсыныстар
коммуналдық мемлекеттік
қарым қатынас
қызмет стандарты
мемлекеттік мекемесі
Жұмыс бағдарламасы