Қызықты информатика



бет1/13
Дата30.12.2022
өлшемі0.87 Mb.
#405071
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Информатикадан сыныптан тыс жұмыстарды өткізу әдістемесі

ӘЛІМБАЕВА ГҮЛЖАЙНАР ЖАҚСЫЛЫҚҚЫЗЫ


ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ




Қызықты информатика
(сыныптан тыс жұмысты жүргізу әдістемесі)

Алматы 2022 жыл


Қызылорда облысы, Арал қаласы


Құрастырушы:
Әлімбаева Г. Ж. – Қызылорда облысы Арал қаласы Ж. Әбдірашев атындағы №62 мектеп-лицейінің акт, йифрлы сауаттылық бастауыш сынып информатика пәнінің мұғалімі

Пікір жазушы:


«Қызықты информатика(сыныптан тыс жұмысты жүргізу әдістемесі)» әдістемелік құрал/авт. Әлімбаева Г.Ж. – Алматы, 2022 жыл - 36 бет.

«Қызықты информатика(сыныптан тыс жұмысты жүргізу әдістемесі)» атты әдістемелік құрал жалпы білім беретін мектебінің информатика пәнінің мұғалімдеріне қолдануға болады.


Қызықты информатика (сабақтан тыс жұмысты жүргузі әдістемесі) жүргізілген талдаулар қосымшамсабақтар мен олимпиадалар өткізу мәселесімен ғана шектеледі. Бүгінгі ақпараттық қоғамда өмір сүруге лайық жан-жақты дамыған жек тұлғаны қалыптастыру үшін мектепте оқылатын пәндер бойынша оқушының шығармашылық қабілетін дамытатын әртүрлі сабақтан тыс жұмыстар ұйымдастыру қажет екені белгілі. Осындай жұмыс түрі информатика курсы бойынша жүргізілетін сабақтан тыс жұмыстардың бірі-оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру болып табылады. 

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ................................................................................................................4
І- Бөлім. Информатикадан сыныптан тыс жұмыстарды өткізу әдістемесі
1.1. Информатикадан сыныптан тыс жұмыстардың әдістемесі.........................6
1.2.Оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың жолдары.............12
1.3.Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру ерекшеліктері..........................15

ІІ- Бөлім Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар


2.1.Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың ..................................................18
тәрбиелік мәні, ерекшелігі мен принциптері
2.2. Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыс.............................................................20
түрлері және оларды басқару
2.3. Cыныптан және мектептен тыс жүргізетін тәрбие......................................22
жұмыстарының жеке тұлғаның қалыптасуына әсері.
2.4.Оқушы тұлғасын қалыптастырудағы тәрбие сағаттарының рөлі...............24
2.5.Тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру формалары мен міндетері ................27
Қорытынды..........................................................................................................32
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ............................................................................34


КІРІСПЕ
Бүгінгі ақпараттандыру заманында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесі білім берудің ең жоғары мақсаттарының бірі болып отыр. Оқушылардың шығармашылық қызметінің дамуы көбінесе сыныптан тыс жұмыстар барысында жүзеге асады.
Информатика пәнінің көп жақтылығын ескере отырып, оқушыларға тек қана дәрістік тәрбие беріп қана қоймай, сонымен бірге сыныптан тыс немесе сабақ өту барысында әртүрлі ғылыми жаңалықтарды пайдалану арқылы білім деңгейін көтеруге болады.
Информатикадан сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесіне жүргізілген талдаулар факультативтік сабақтар мен олимпиадалар өткізу мәселесімен ғана шектеледі. Бүгінгі ақпараттық қоғамда өмір сүруге лайық жан-жақты дамыған жек тұлғаны қалыптастыру үшін мектепте оқылатын пәндер бойынша оқушының шығармашылық қабілетін дамытатын әртүрлі сабақтан тыс жұмыстар ұйымдастыру қажет екені белгілі. Осындай жұмыс түрі информатика курсы бойынша жүргізілетін сабақтан тыс жұмыстардың бірі-оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру болып табылады. Информатика пәні бойынша сабақтан тыс жұмыстардың зерттеуге арналған еңбектер өте аз, тіпті жоқтың қасы деуге болады. Бұл мәселе оқушылардың түрліше ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамытуда маңызды рөл атқарады. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытатын информатика пәнінен ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру әдістемесін жасау информатиканы оқыту әдістемесін жасау информатиканы оқыту әдістемесі теориясында негізгі мәселелердің бірі болып табылады.Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін информатиканы оқыту процесінен тыс оқу жұмыстары ұйымдастырылуы тиіс. Информатика пәнінен өткізілетін оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмысының мазмұны мен өтлізілу формасын оқытушылар қадағалауы тиіс
Сыныптан тыс жұмыс ұғымы өте кең. Сыныптан тыс жұмыс – бұл мұғалімдер мен оқушылардың сыныптан тыс уақыттағы әртүрлі іс-әрекеттері мен іс – шараларын ұйымдастыру болып табылады. Ол мазмұны, бағыты, әдісі, тағайындалуы, формасы мен жолдары жағынан білімділікті қажет етеді. Оқушылардың информатика пәніне қызығушылығын арттыру, ой-өрісін және танымдық қабілетін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе білу және өткенді шапшаң еске түсіру дағдыларын қалыптастыру мақсатында өтілетінг сыныптан тыс жұмыстардың маңызы зор.
Информатикадан сыныптан тыс жұмыстар компьютер мен ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндіктерін беретін пәнаралық байланыс іспеттес. Компьютерді қолданып басқа пәндерден сыныптан тыс шаралар өткізу оқушылардың дүниетанымен қызығушылықтарын арттыра түседі.
Жұмыстың мақсаты: Оқу процесінде оқушылардың жеке адам болып қалыптасуын ғылыми тұрғыда негіздеу және оны іске асырудың педагогикалық шарттарын айқындап отыру.
Жұмыстың міндеттері:
а) Оқушылардың тұлғасын дамытуда сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың алатын орны;
б) мұғалімдерінің оқушылардың жеке тұлғаны дамытудағы аспектіні психологиялық эксперимент жүзінде тексеру.
Білім беру өскелең ұрпақты әлеуметтенудің өзекті арқауы ретінде оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде жеткіншек ұрпаққа ұлттық тәлім-тәрбие беру арқылы олардың әрқайсысының бойында өз ұлтына тән қадір-қасиеттерді: ұлттың сана-сезімді, мақтанышты, ұлттық материалдык және рухани құндылықтарды, іскерлік пен тәжірибені, өнерді сіңіруге ұйытқы болады.
Бүгінгі таңдағы қоғамның талабы тұлғаның әлеуметтік сипатының дұрыс қалыптасуы. Бұл мақсат күнделікті өмірде білім мен тәрбие беру жүйесі, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүзеге асады. Тұлғаны дамыту үрдісі - әрі қиын әрі ұзақ үрдіс. Субьект мен обьект адамның дүниені өзгерту, игеру жөне тану қызметімен байланысты қолданыла бастады, яғни субьект өз болмысының, іс-әрекетінің, соның ішінде рухани жаратылыс пен таным қызметінің бірден-бір иесі, жасаушысы деп түсінетін көзқарас пайда болды. Субьект осы дүниеде ең ақырғы себеп, ең ақырғы нәтиже болып табылады.
Тұлға өзі өмір сүріп отырған әлеуметтік ортада болып жататын әлеуметтік елеулі іс-әрекеттердің нәтижесі ғана емес, сонымен бірге олардың себепшісі де. Тұлғаның әлеуметтік мәнін ашып көрсету - тұтас күйінде емес, қайта оның нақтылы көріністерін зерттейтін жекелеген қоғамдық ғылымдар үшін өте маңызды. Білім беру және оқыту теориясының әдіснамалық негізі - таным теориясы, оқушы тұлғасын жан-жақты және үйлесімді қалыптастыру туралы ілім болып табылады. Бұл теория білім беру және оқытуды арнайы ұйымдастырылатын іс-әрекет ретінде қарастырады. Білім беру және оқыту теориясының оқушыларды оқыту мәселелеріндегі талаптарының бірі - танымдық белсенділік пен саналылық. Бұл талаптың орындалуы оқушылардың оқу материалын түсінуге, өткенді жаңамен байланыстыруға, негізгісі мен қосымшасын анықтауға, алған білімдерін тәжірибеде пайдалануға, өз пікірлерінде оларға сүйенуге ұмтылысынан көрінеді. Білім жүйесін қайта құру мен ұймдастырудың басты жұмыс жоспарына тұлғаның және оқушылардың шығармашылық қабілетін жетілдіруге жағдай жасау, мектептен шыққан шәкіртті өмірге жан-жақты даярланған азамат етіп шығару жатады. Адам тәрбиелеу жөніндегі ғылым педагогика деп аталады. Ол өз атамасын грек сөздері «пайдес»- балалар және «аго» -жетектеу дегенннен алған, тікелей аудармасында «педагогика» сөзі бала тәрбиесін бағыттау өнері дегенді аңдатады. ал «педагог» сөзі бала жектеуші мәнін білдіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет