Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Әйтеке би кенті



Дата10.09.2017
өлшемі24.31 Kb.
#20065
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы

Әйтеке би кенті

№ 4 «Шұғыла» бөбекжай - балабақшасы

Тақырыбы:

Балабақшадағы сөйлеуді дамыту Оқу қызметтерінде жаңаша

дидактикалық ойындардың маңызы

Жазықбай Гүлбану

«Халық пен халықты, ел мен

елді теңестіретін бір ғана нәрсе.

Ол – білім.» М. Әуезов.

Бала өмірінің алғашқы мектепке дейінгі кезеңі оның өсіп жетілуіндегі ең жауапты кезең. Бұл кезде баланың ақыл – ой қабілеті, қасиеттері және эстетикалық сезімдері қызықты, мазмұнды сабақ, еңбек, ойын процесінде жан – жақты қалыптасады. Ойын – тәрбие берудегі ең тиімді тәсілдердің бірі.

«Балабақшада тәрбие беру бағдарламасында» баланың денесі мен психикалық жетілуі, жеке баланың дамуы үшін ойынның үлкен маңызы бар.

Бала ойын арқылы күш – жігерін жаттықтырып, қоршаған заттар мен құбылыстардың ақиқат сырын ұғынып, еңбек дағдысына үйрене бастайды, яғни болашақ ұрпақтың тәрбие жолы тәлімдік ойыннан басталады.

Ойын балалар үшін айналадағыны танып білу тәсілі.

Ойынның негізгі ерекшелігі – балалар үн – түнсіз ойнамайды. Тіпті бала жалғыз болғанның өзінде де сөйлесіп жүреді. Ойын процесінде сөйлесу қарым – қатынасы үлкен роль атқарады. Сөйлесе жүріп, балалар пікірлесіп, әсер алысып, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды. Ойынның негізгі құрылымдық элементтері мыналар: ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі.

Ойынның түпкі ниеті - бұл балалардың нені және қалай ойнайтынының жалпы анықтамасы. Мысалы: «Дүкен», «Аурухана», «Ұшқыштар», « Отбасы», «Балалар бақшасы» және т.с.с. болып ойнайды.

Ойынның сюжеті, мазмұны - бұл ойынның тұлғасын құрайтын, ойын әрекеттерінің, балалардың өзара қарым – қатынастарының дамуын, көп жақтылығын және өзара байланысын анықтайды. Ойынның мазмұны оны қызықты етеді, ойнауға ықылас пен ынтаны қоздырады. Ойын процесінде балалардың өздері – ойнаушылардың мінез – құлқы мен өзара қарым – қатынастарын анықтайды және реттейтін ереже белгілейді. Ойын бала үшін нағыз өмір. Олай болса тәрбиеші ойынды ақылмен ұйымдастыра білуі қажет. Ол балаларға жақын болуға, олардың ойындарының сүйікті қатысушысы болуға тиіс. Ойындар мен жаттығулар барысында балалар шешімді өздігінен шығаруға үйренеді. Дидактикалық ойындарды қолдану арқылы неғұрлым мықты білім мен біліктілікті арттыруға қол жеткізуге болады. Сондықтан біз өз жұмыстарымызды оқыту мен тәрбиелеуге бағытталған ойындардың барлығы бірдей дерлік қоршаған ортаға қызмет ететін жандандыратын дидактикалық материалдардың болуымен ерекшеленеді.

Онда айшықты әдемі дидактикалық материал, баланы қоршаған айналадағы заттар бейнеленуі тиіс. Ойыншықтардың, суреттердің пайдалануына қажет екеніне көз жеткізіледі. Мұндай ойындар баланы қызықтырады, қызығушылығын оятады. Дидактикалық материалдар, іріктеу бағдарламалық талаптарға сүйене отырып жүргізіледі. Балалардың ойынға қатысу ерекшелігі, қызығушылығы, мүмкіндігі ескеріледі. Баланы бәрінен бұрын өте айшылықтылығымен, алуан түрлілігімен тарататын дидактикалық материалдар немесе ойыншықтары бар ойын қимылдары қызықтырады.

Ойында ең негізгі мақсат бала санасына жеткізе білуге, белсенділік көрсетуге, сол кезде өзіне - өзі сенімді болуға тәрбиелеу. Бала ойын арқылы өзін толқытқан бүгінгі қуанышын, ренішін, асқақ арманын, мұрат – мүддесін белгілесе, күні ертең сол арман қиялын өмірде жүзеге асыруға мүмкіндік алады; сөйтіп бүгінгі ойын бейнелі әрекет, бүгінгі шындық, ақиқатқа айналуы сөзсіз.

Ойын ешқашанда өзінің қызықтылығын жоғалтпайды, тек оның мазмұны, сипаты өзгереді. Ойынның мазмұнына қарай, өзіне тән ерекшеліктеріне қарай сюжетті – рольді, дидактикалық ойындары, қимылды ойындар, ұлттық ойындар болып бөлінеді.

Сюжетті рольді ойындар мектепке дейінгі балаларға тән, ең сипатты ойындар болып табылады. Ол балалар өмірінде елеулі орын алады. Сюжетті – рольді ойындарының ерекшелігі сол, оны балалардың өздері жасайды. Ойынның дербес әрекеті айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар ұзақ та қысқа да болуы мүмкін. Сюжетті – рольді ойында бейнелеу құралы роль мен ойын әрекеттері болып табылады. Мысалы: «Дүкен» ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушының әрекеттеріне, ал «Аурухана» ойынын ойнағанда дәрігер мен науқастың әрекеттеріне еліктейді және осы ойынның өрбуінде қарым – қатынас барысында сөздік қорлары молаяды.

Драматизиялық ойындарда мазмұн, рөлдер, ойын әрекеттері қандай да бір әдеби шығарманың, ертегінің т.б. сюжеті мен мазмұнына сәйкес болады. Ол сюжетті – рольді ойынға ұқсас. Драматизия ойынында балаға қандай болсын айқын тәсіл көрсетпеу керек, ол үшін ойынның шын мәнінде ойын болғаны дұрыс.

Дидактикалық ойын формасы кішкене балаларға мейлінше тән оқыту формасы болып табылады. Ойын өлең мен қимылды ұштастыру негізінде жүргізіледі. Мысалы. «Сиқырлы қақпақтың сырын ашайық» деген ойында ересек топтарда тәрбиеші балаларды зат туралы айта білуге үйрету, олардың жүйелі сөйлеу қабілетін дамыту міндеттерін алға қояды. Ойын міндеті – қақпақтың астында не бар екенін білу.

Дидактикалық ойынның нәтижесі қандай жолмен болса да өту емес, балалардың білімді игеру, ақыл – ой қызметін дамытуда өзара қарым – қатынас жасауда жеткен жетістіктерінің көрсеткіші. Дидактикалық ойындарда да балалардың алдына қандай да бір міндеттері қойылады, оларды шешу үшін назарды жұмылдыру, ерікті зейін қою, ережені ой елегінен өткізе білу т.б. Олар балалардың түсіну және қабылдау қабілетін дамытуға, ұғымдарын қалыптастыруға, білімді меңгеруге көмектеседі. Дидактикалық ойындар топ бөлмесінде, аулада, залда, учаскеде өткізіледі. Дидактикалық ойынның орталығы ойыншықтар мен ойын құралдары.

Әрбір топта дидактикалық тұрғыдан жабдықталған қуыршақ оның күнделікті тұтынуына керекті барлық заттардың комплектілері болуы керек. Стол үсті ойындарға лото, домино, тақырыптық ойындар ( «Қайда не өседі?», «Бұл кімге керек?», «Артық затты тап», «Суреттерді топтастыр» т.б.) леголар, қимыл белсенділігін, ептілікті талап ететін ойындар («Ұшатын қақпақтар», «Қаздың балапаны») мозайка типтес ойындар жатады.

Ересек топтардағы балалар үшін қағазға басылған стол үстінде ойналатын ойын қызықты келеді. Оларға табиғат құбылыстары, көліктің алуан түрлері (Кім не біледі, немен жүреді, немен жүзеді, немен ұшады?) бейнеленген ертегілердің кейіпкерлер қимылы көрсетіледі.

Баланың тілін дамыту мақсатында ауызекі сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу, байланыстырып сөйлеуді дамыту мен сөздік қорын дамыту үшін сабақта және сабақтан тыс уақытта ойналатын дидактикалық ойындардың маңызы зор. Ойын шарттары мен көрнекіліктерін пайдаланып ойналатын дидактикалық ойындар арқылы баланың жеке басын, ойын әрекетін дамытуға болады. Дидактикалық ойындар баланың ақыл – ойын дамытады. Өзін - өзі бақылауға үйретеді. Дидактикалық ойындарды іріктеуде баланың ойды саналы түсініп, ол ойын шартын дұрыс орындауға тырысып, белгілі бір нәтижеге жету мақсаты көзделеді. Бала ойын мақсатына сай ойын шартын орындап, ондағы сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беруге дағдыланады. Ойын шартын, ережесін қатаң сақтау арқылы жолдастарын тыңдай білу, олардың қатесін түзете білуге белсенділік көрсетуге ынталандырылады. Жолдасының қатесіне көмектесуде, оған ойын шартын түсіндіріп ойынды жалғастыруға, жаңа ойын ережесін ойлап табуға, оны басқаларға түсіндіре білуге, ойынды ұйымдастыруға жаттықтырылады.

Дидактикалық ойындарды тіл дамыту сабақтарында пайдаланудың тиімділігін тәжірибе көрсетіп отыр. Сабақты бекіту, сабақта меңгерген материал туралы түсінігін кеңейту, баланың шығармашылығын дамыту, тіл байлығын молайту үшін дидактикалық ойындар сабақтың тақырыбына, мақсатына сай таңдалып алынады. Тіл датыту сабақтарындағы дидактикалық ойындардың тапсырмалары: сөйлеудің екі түрі: монологтық және диалогтық сөйлеуге арналуы мүмкін. Мысалы: «Телефон» ойынында бір нәрсе жайында сұралып, оған жауап беруге, белгілі бір әрекетке түрткі болуға үйрету болып табылады.

Антоним сөздерімен таныстырғанда жануарларды хайуанаттар бағындағы торларға әкеліп, оларды жеке орындарға орналастыру тапсырмасы беріледі. Бала жануарлардың денесіне қарап, «үлкен, кіші» деп бөліп, оларды соған сәйкес үлкен торға немесе кіші торға орналастырады. Антоним сөздерді салыстыру жолымен жұмыс жүргізу баланың ой - өрісін кеңейту үшін өте пайдалы. Сондықтан антоним сөздерді өздері салыстыру үшін, қызықтыратын «Зообаққа орналастыру» тағы басқа дидактикалық ойындарды ұйымдастыруға болады.

Көп жағдайда , сабақтарда Триз элементтерін қолдануға болады. «Жақсы – жаман» ойыны. Ойлауға үйрету дегеніміз диалектикалық қарама – қайшылықты көре білуге, сол арқылы нақты шындықты тануға үйрету деген сөз. Мысалы: «Көлік» тақырыбына арналған «Жақсы – жаман» деп аталатын ойынды мына төмендегідей сұрақ – жауап түрінде өткізуге болады.

- Көлік болғаны жақсы ма?

- Тез балабақшаға жетуге болады.

- Жүк тасуға ыңғайлы.

- Суықтан, жаңбырдан сақтануға болады, т.б. жауаптар.

Ал, көлік несімен жаман?

- Басып кетуі мүмкін.

- Қаланың ауасын бүлдіреді.

- Көлікті ұрлап, айдап әкетуі мүмкін. т.б. жауаптар

Осылай сұрақ – жауаптар арқылы балалардың көлік туралы ұғымдары қалыптасады. Ал, «Бином фантазиясы» деген ойын, балаларды сөйлем құрастыруға шақырады. Әдемі қораптан бала кез – келген екі суретті таңдап алады. Осы екі суретті кірістіріп, сөйлем құрастырады. Бұл ойын баланың ой қиялын дамытады, сөздік қорын байытады.

Жалпы және жеке ұғымдар туралы түсініктерін тереңдету үшін «Жалпы қалай аталады?», « Жеке – жеке атын ата» деген дидактикалық ойындарды ұйымдастыруға болады. Мысалы: кесе, қасық, тәрелке, шанышқы – ыдыс аяқтар. Алма, алмұрт, шие, өрік – жемістер. Қияр, картоп, сәбіз, қызылша – көкөністер. Көйлек, камзол, тақия, бешпент – киімдер. Етік, туфли – аяқкиімдер. Үй жиһаздарын ата. Диван, төсек, үстел, орындық, теледидар. Отбасы мүшелерін ата. Әке, шеше, ата - әже, аға – іні, қарындас. Оқу құралдарын ата. Кітап, дәптер, қалам, өшіргіш. т.б.

Баланың шығармашылығын дамытуда имитациялық ойындар: «Біздің көңіл – күйіміз», «Қоянның көңіл – күйі» т.б. арқылы ым, мимиканы әр түрлі эмоцияны білдіретін сөздерді және оларды салып, көрсетуге үйрету. Ым, мимикамен көңіл – күйді салып, оны сәйкес сөздермен айту. Мысалы: Қоян қорқып тұр. Қоян адасып кетті. Оны орманда тиіндер тауып алды. Барлығы қуанды. Оны дұрыс ырғағымен қуану, ренжу, жылау т.б. салуға, сол арқылы адамның көңіл – күйін түсінуге аяушылық сезімге, қамқоршы болуға тәрбиеленеді.

Кездейсоқтық немесе атын атау элементі бар ойындар баланың аса қызығушылығын тудырады, мысалы: «Не өзгерді?», «Санақ бойынша қайсысы?», «Сиқырлы таяқшаны көрсет!», «Бұл туралы не айтуға болады?» және т.б. Балаларды ойынның нәтижесі қызықтырады. Басында оларды жеке жеңіске жетсем, жеңімпаз болсам деген үміт жетелейді. Кейін қызығушылық арта түседі, бала өзінің жеке жетістігі мен жеңілістерін ғана емес, өзінің жолдастарының, өз тобының жеңіс, жеңілістерін електен өткізеді.

Тіл дамыту сабақтарында дидактикалық ойындар танымдық сезімді оятады, яғни балада тану, іздену әрекетін дамыта отырып, ойдың, талдау мен әрекеттің логикасын ойлау процесінің икемділігін, жаттығуын және тапқырлығын, қиял ұшқырлығын қалыптастырады.

Тіл дамыту сабақтарындағы дидактикалық ойындардың мақсатына сәйкес, шарты нақты көрсетіледі. Бұл ойындарды сабақта және сабақтан тыс уақытта пайдалану арқылы тілін дамытумен қатар ойынды өз шығармашылығымен жалғастыруға, ойын шартын дұрыс орындауға, онда белгілі бір нәтижеге жетуге, ұжымдық мақсатқа бағынуға, үлкендер мен балалар арасында ынтымақтастық қарым – қатынас орнатуға болады.

Ойын кезінде балалардың барлық жетістіктерін айтып өту, кемшіліктеріне ұрыспау және табыстарын мадақтау қажет екенін ұмытпау керек. Ойынға берілген осы сипаттаманы жетекшілікке ала отырып, баланың тәрбиесін ойын арқылы дамытып, сауықтырып, тәрбиелеп, оқытып, баланы ойынға белсенді қатыстырып, баланың жігерін қолдап, өз күшіне сенімін арттыру қажет. Әрбір ойынның алға қойған мақсаты болады, сол мақсаттың орындалуына баланың өзін ұмтылдыру қажет.

Яғни, бала барлығын өз қиялымен жасауға тиіс. Сонда ғана оның бойында белсенділікті, табандылық пен тапқырлықты, ұжымдық дағдыларды тәрбиелеуге болады.

Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын – ойнап, ән салмай өсер бала бола ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекшеленіп, ойынның қай түрі болмасын зер салып, ой жүгіртіп қарасақ, одан мәнді де мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Ойын үстінде бала өзін еркін ұстайды, ол еркіндік дегеніміз дамудың баспалдағы. Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те. Тәрбиеші – педагог ойынға тек қана балаларды қызықтырып, уақыт өткізудің құралы деп қарамай, балаға берілген танымдық білім мен тәрбиенің құнды негізі деп қараса ғана үлкен жетістіктерге қол жеткізе алады. Себебі, ойын арқылы ғана дамыған бала алғаш мектеп есігін ашқанда білімді, тәжірибені тез меңгеріп, өзінің психологиясын жан – жақты жетілдіріп, мінез – құлқын, ерік – жігерін, қабілетін дамытып, дүниетанымын кеңейтіп, оқудың мазмұнына қызығушылықпен қарайды. Сондай – ақ ойын баланың болашақ өміріне есік ашып, оның ізденімпаздық, тапқырлық қабілетін оятады.

Тіл дамыту сабақтарында дидактикалық ойын арқылы оқыту әдістері екі жолмен қарастырылады. Ойын сабақтары және дидактикалық тапсырмалар, не болмаса автодидактикалық ойындар.



Мен өз тәжірибемде ойын арқылы өткізілетін ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттердің көмегімен балаларға білім беріп қана қоймай, оларға қалай ойнауды да үйретемін. Балалар ойын ойнағанды ұнатады және ынталарымен беріліп ойнайды. Мектепке дейінгі балаларды оқытуда тіл дамыту ұйымдастырылған оқу іс - әрекетімде дидактикалық ойын маңызды құрал болып есептеледі.

Қорыта айтқанда ойын балалардың жан серігі. Ойын сырттай қарағанда ешқандай қиындығы жоқ, оп – оңай көрінуі мүмкін. Ал іс жүзінде бала ойынға қатысуы үшін басқалармен тіл табысып, өзінің ойлаған ойын іске асырады. Баланың рухани жетілуі мен табиғи өсуі, денесінің дамуы мен ой дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді.
Каталог: uploads -> doc -> 0036
doc -> 11 сынып. Тест жұмысы 1-тоқсан. 1 – нұсқа Іздеу жүйесін құрайтын бөліктерді көрсетіңдер
doc -> Тест 9 сынып, қазақ әдебиеті
doc -> Книга-Book Кітап-книга-Book Бет- страница Ұяшық- ячейка Диаграмма-диаграмма Кесте-таблица Формула-формула
doc -> 1. Microsoft Excel – электрондық кестесін қалай ашамыз?
doc -> Тақырыбы: 10-сыныпта өткенді қайталау
doc -> Деңгейлік тапсырмалар беру
doc -> Оқушылардың зерттеу қызметінің түрлерін, әдістері мен тәсілдерін анықтау; -сәттілік кезеңдері мен рефлексия қалыптастыру
doc -> Өтетін орны: Мектептің спорт залы. Өтетін уақыты: 01. 12. 15. Жабдықталуы
doc -> Педагогикалық технологияны жобалау-дың әдіснамасы. Ақпараттық, инновация-лық, оқыту, педагогикалық технология-лар


Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді