Қызылорда қалалық мәслихатының кезекті XXXXXI сессиясының 2015 жылғы «24» желтоқсандағы 51/3 шешімімен бекітілді



бет7/16
Дата16.01.2017
өлшемі311.27 Kb.
#252
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16

SWOT – талдау

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

1.Аймақтың спорттық потенциалы жоғары.

2.Қала тұрғындарының арасында спортқа қызығушылығының артуы

3.Жұмыс жасап тұрған спорттық обьектілердің қызметтерінің арту тенденциясы

4.Қала спортшыларының табыстарға жетуі

5.Қаладағы дене шынықтыру және спорттың дамуы


1.Спорт саласында материалдық-техникалық базаның әлсіз деңгейі.

2.Қолданыстағы спорт алаңдарының нормативтерге, техникалық эксплуатация талаптарына сәйкес еместігі.



Мүмкіндіктері

Қауіптері

1.Спорт инфрақұрылымдарын салу (спорт кешендері, алаңдарды салу)

2.Қалада біліктілігі жоғары кадрларды, биік деңгейдегі спортшыларды, спорттық резервті тәрбиелеу.

3.Қалалық және ауылдық спортпен инфрақұрлымдарын салуды жалғастыру (тұрғын үй аулаларында, демалыс парктерінде көпшілікке арналған спорттық алаңдарын салу).

4.Облыстық және республикалық спорт жарыстарына қатысу

5.Тұрмысы төмен отбасындағы балалардың спорт нысандарына қол жетімділігі.


1.Әлемдегі қаржылық дағдарыс жағдайында даму бюджетінің қысқаруы

2. Әлемдегі дағдарысқа байланысты жеке инвестиция есебінен салынып жатқан спорт нысандарының уақытында іске қосылмауы.




Саладағы негізгі мәселелер:

  • Спорттық резервті спортшылардың дайындығын сапалы ұйымдастыруға материалдық-техникалық базаның жағдайы, сапалы спорттық жабдықтардың жетіспеушілігі мүмкіндік бермейді;

  • Балаларға, жасөспірімдерге арналған клубтар жүйесі әлсіз дамыған;

  • Материалдық техникалық базасының нашар жабдықталуы, спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілмеу, тиісті спорт нұсқаушысы бірлігіне қаражат бөлінбеу;

  • Спорттық кешендердің жетіспеуі, қоғамдық демалыс орындарында және тұрғын үй аулаларында қарапайым спорт алаңдары мен жабдықтар жетіспейді.




      1. Туризм

Қазақстан Республикасының туристік саласын 2020 жылға дейін дамыту Концепциясына сәйкес Қызылорда қаласы этномәдениет және экологиялық теризм түрлерін дамыту мақсатында Оңтүстік Қазақстан туристік кластеріне енгізілген.

Туризмнің дамуына «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізі бойында жол маңы сервистік орталықтарын салу, сонымен қатар, Қызылорда қаласы облыс орталығы болуына байланысты туризм саласын дамытуда «ЭКСПО-2017» іс-шарасын өткізуге «Байқоңыр» кешенінің тартымдылығы да зор үлесін қосуда.


Кесте 27Қызылорда қаласында туризм саласы дамуының негізгі көрсеткіштерінің динамикасы





Көрсеткіш атауы

Өлш.бірлігі

2012ж

2013ж

2014ж

1

Қызылорда қаласы бойынша орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер саны:

- резиденттер

(өткен жылмен салыстырғанда өсу қарқыны)


Адам

18 997


24 065


(126,7%)

24 487


(101,7%)

-резидент еместер

(өткен жылмен салыстырғанда өсу қарқыны)






1356

1163

(86%)


1602

(137,7%)


2

Орналастыру орындарының саны

(өткен жылмен салыстырғанда өсу қарқыны)



бірлік

24

31

(129,1%)


38

(122,6%)


3

Орналастыру орындарымен көрсетілген қызмет көлемі

(өткен жылмен салыстырғанда өсу қарқыны)



Млн. теңге

608,2

755,2

(124,1%)


681

(90,2%)


4

Жұмысшылар саны

(өткен жылмен салыстырғанда өсу қарқыны)



Адам

312

291

(93,3%)


310

(106,5%)

2014 жылдың қорытындысы бойынша орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер саны 2012 жылмен салыстырғанда 28,2%-ға өсті, яғни орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер саны 2012 жылы – 20 353 адамнан 2014 жылы–26 089 адамға өсті.

2014 жылы келушілерді орналастырумен шұғылданатын объектілердің саны – 38 бірлік, онда орналастыру орындары 499 нөмірге есептелген, олардың біржолғы сыйымдылығы 833 төсек-орынды қамтиды. Көрсетілген қызмет көлемі 681,0 млн. теңгені құрап, 2012 жылмен салыстырғанда 12 пайызға артты.

Жалпы 2011-2015 жылдарға арналған Аумақты дамыту бағдарламасының жүзеге асырылуы барысында өңірдегі туризмді дамыту ҮИИД 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында инфрақұрылымдық қамтамасыз ету, орналастыру орындарын дамыту жүйесі бағыттары арқылы іске асырылды.

Инфрақұрылымдық қамтамасыз ету. Қорқыт Ата халықаралық әуежайы терминалына қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде (әлеуетті сыйымдылығы сағатына 250 жолаушы). Қызылорда – Мәскеу тұрақты әуесапары іске қосылды, Пекин, Үрімші, Ыстамбұл және Дубай тікелей рейстерін ұйымдастыру үшін келіссөздер жүргізілуде.

«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізі бойында жол маңы сервистік орталықтарын салуға жұмыстар атқарылуда. Көлік дәлізінде «ҚазАвтоЖол» АҚ-ң өңірлік филиалы, жергілікті әкімдіктермен келісілген 33 жол бойы сервистік нысан салынатын жер белгіленген, оның 6-уы қала үлесінде. Бизнестің жол картасы-2020 бағдарламасы аясында қонақ үй кешенінің, жол бойы сервистік нысандарының жобалары жүзеге асырылуда:

-ЖК «Сейтжаппарованың» 1829 км (оң жақ, «В» санаты) «Батыс Европа-Батыс Қытай халықаралық автокөлік дәлізінің бойында «Б» санатындағы сервистік қызмет көрсету кешенін салу» жобасының (қонақ үй, кафе, автокөлікке сервистік қызмет көрсету) құрылыс жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Қазіргі таңда, қонақ үй кешенінің және кафесінің құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.

-«Сырдария Авто» ЖШС-ң 1807 км (оң жақ, «А» санаты) «Батыс Европа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі бойындағы «А» санатындағы қызмет көрсету орталығының құрылысы жобасы. Жоба құны – 800 млн. теңгені құрап, жаңадан 80 адам жұмыспен қамтылатын болады. Қазіргі таңда жобаға 11 га жер телімі табысталған.

-ЖК «Б. Бәйменовтың» 1822 км (оң жақ, «С» санаты) қызмет көрсету кешені жобасы (кафе, ТЖО, жанар-жағар май құю бекеті). Қазіргі таңда кешеннің орналасу орны ауыстырылып, жер телімін қайта рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.

-ЖК «Нұрымбетовтың» 1835 км («С» және «Д» санаттары) «Батыс Европа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі бойында «С» және «Д» санаттары бойынша жол бойы кешені құрылысының эскиздік жобасы (кафе, жанар-жағар май құю бекеті) облыстық сәулет және қала құрылысы Кеңесінде мақұлданды.

-«ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС-нің 1806 км(сол жақ, «С1» санаты) жанар-жағар май құю бекеті жұмыс жасап тұр.

-«Синойл» ЖШС 1803 км және 1823 км-де («D» санаты) халықаралық көлік дәлізі бойында 2 жанар-жағар май құю бекетін орналастыруды жоспарлауда.



Орналастыру орындарын дамыту жүйесі. Қала аумағында «Арай» ойын-сауық кешені» іске қосылып, жұмыс жасауда. «Сәулет-Қызылорда kz» ЖШС-нің «Халықаралық стандарттарға сәйкес «Жібек жолы» қонақ үйінің құрылысы» жобасының жүзеге асырылуы жоспарлануда. Қонақ үй 100 орынға арналған 7 қабатты ғимарат.

Сонымен қатар туристік өнімдер жыл сайынғы өткізілетін инвестициялық форумдарда, пресс-турларда, туристік көрме және жәрмеңкелерде ұсынылуда.



SWOT – талдау

Күшті жақтары (S)

Әлсіз жақтары (W)

1. Саланы дамыту үшін табиғи-тынығу әлеуетін және мәдени-тарихи ескерткіштерін пайдалану;

2. «Қорқыт ата» халықаралық әуежайын қайта жаңғырту әлеуетті туристерге қызмет көрсетудің сапасын және жайлылығын арттырады;

3. Жыл сайын өткізілетін «Байқоңыр» инвестициялық форумының алаңы оқиғалық туризмді дамытуға, сонымен қатар туризм индустриясына инвестор тартуға мүмкіндік береді;

4. Жеке бизнестің қонақүйлік және мейрамханалық бизнеске инвестиция салымының оң өзгеріс серпіні.

1.Туризм орындарында инженерлік, транспорттық және әлеуметтік инфрақұрылым сапасының төмендігі;

2.Орналастыру орындарында келушілерге көрсетілетін қызмет сапасының төмендігі (қонақүйлер, кемпингтер, демалыс үйлері);

3. «Батыс Европа-Батыс Қытай» көлік дәлізі бойында сервистік нысандары инфрақұрылымының сапасы және санының жеткіліксіздігі;

4.Туристік салада ақпараттық инфрақұрылым дамуының жеткіліксіздігі (сайт, виртуалды карта, буклет, сілтеуіш).

Мүмкіндіктері (O)

Қауіп-қатер (T)

1. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автокөлік дәлізінің қала аумағынан өтуі;

2. ҚР-да қызмет көрсету саласын дамыту бағдарламасы аясында жасөспірімдер туризмін дамыту;

3. ЭКСПО-2017 іс-шараларына қатысу;

4. Туризм саласындағы ұлттық кәсіпқой қауымдастықтармен ынтымақтастық.

5. Қазақстан Республикасында туризмді дамыту Концепциясы аясында кластерлеудің келешегі

1. Әлемдік экономиканың бәсеңдеу себебінен туризм бизнесін қысқарту;

2. Ішкі туризмді дамыту саласында Қазақстанның басқа өңірлерімен бәсекелестік;


Саладағы негізгі мәселелер:

Ішкі туризмнің дамуының әлсіздігі («Қызылорда - Байқоңыр» маршруты бойынша тұрақты экскурсия ұйымдастыру қажет, аз қамсыздандырылған отбасы балаларына және мүгедек балаларға арналған турлар ұйымдастыру арқылы мектеп туризмін дамыту);

Туризм орындарында инженерлік, транспорттық және әлеуметтік инфрақұрылым сапасының жеткіліксіздігі;

Орналастыру орындарында келушілерге көрсетілетін қызмет сапасының төмендігі (қызмет көрсетудің жергілікті стандартын шығару үшін туристік және қонақ үй бизнесінің жергілікті қауымдастығын дамыту қажет);

Жол бойы сервистік нысандары инфрақұрылымының сапасының және санының жеткіліксіздігі;

Туристік салада ақпараттық инфрақұрылым дамуының жеткіліксіздігі (мәдениетке, көрмеге байланысты барлық іс-шаралардың онлайн режимдегі күнтізбесін құру қажеттілігі).

Үштұғырлы тілді дамыту

Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру – аймақтағы ішкі саяси ахуалды айқындайтын бірден-бір көрсеткіш болып табылады және Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып ұлттық бірлікті нығайтудың, облыстағы тілдік ахуалды жаңғырту тиімді жағдай жасаудың маңызды факторы болып табылады.

Қызылорда қаласында мемлекеттік тіл саясатын іске асыру бойынша атқарылатын барлық іс-шаралар мемлекеттік тілді қолдану саласын Қазақстан халқының бірлігі мен аймақтың лингвистикалық қорын сақтаудың факторы ретінде кеңейтуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жағдайларды жасауға бағытталған.

Қазіргі таңда қалалық білім бөліміне қарасты 55 орта мектепте 2013 жылдан бастап бірінші сыныптан ағылшын тілі, үшінші сыныптан орыс тілі пәндерін оқыту енгізілген. Сонымен қатар Қызылорда облыстық дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінде, үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Мұрагер» мектебінде және «Назарбаев зияткерлік мектебінде» білім үш тілде беріледі.

2012 жылы қазақ тілін еркін меңгерген қала тұрғындарының үлесі 85 пайыз, 2014 жылы 90 пайызды құрады.

Жыл көлемінде мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру, мемлекеттік тілді меңгерген қала тұрғындарының үлесін арттыру мақсатында бірқатар іс-шаралар атқарылды. Оның ішінде түрлі байқаулар, көркемсөз оқулары, сайыстар ұйымдастырылды. А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет Үйінде «Биік шың, асу бермес Асқар ақын» атты, Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің қалалық байқауы және «Ғашықтың тілі тілсіз тіл» атты «Жасай бер, қазақ тілі – ана тілім!» атты байқауы, өзге ұлт өкілдерінің «Тіл - татулық тірегі», «Мақсатым - тіл ұстартып өнер шашпақ» атты байқаулар өткізілді. Шаралар қаламыздағы өзге ұлт өкілдері мемлекеттік тілдің бүгінгі таңда қандай деңгейде екендігін саралап, дамыту мақсатында ұйымдастырылды.

Кәсіпорындар мен ұйымдарда мемлекеттік тілді қолдану деңгейі төмен, бұл мемлекеттік тілді қолдану саласын кеңейту бойынша көлемді жұмыстарды мейлінше белсенді енгізуді талап етеді.

Қызылорда қаласында іс өндірісі толығымен мемлекеттік тілге көшірілген.

Шығыс құжаттамада мемлекеттік тілді қолдану жөніндегі ақпарат 1-кестеде көрсетілген.

Кесте № 28 – 2013-2014 жылдары мемлекеттік тілді шығыс құжаттаманы қолданудың үлесі

Ұйымның атауы

Бірлік өлшемі

2012ж

2013ж

2014ж

Қызылорда қаласының әкімдігі

%

96

99,3

99,4

2011-2013 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасының мақсатты индикаторларының көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша жұмыстарды өткізу мақсатында түрлі кәсіби топтардың өкілдері арасында ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша мемлекеттік тілді білуге эксперименталды тестілеу жыл сайын жүргізіледі. Сонымен, 2015 жылғы ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының жұмыскерлерімен бірлесе отырып, Қызылорда қаласы әкімдігі қызметкерлерінен 132 адамның тестілеуден өтуі ұйымдастырылды. Нәтижелер талдауы төмендегіше: қарапайым деңгейде– 1, базалық деңгейде– 50, орта деңгейде– 34, ортадан жоғары деңгей – 47.

Қызылорда қаласы әкімдігінің жанынан ономастика жұмыстары бойынша жұмысшы топ жұмыс жасап келеді. 2014-2015 жылдар аралығында Қызылорда қаласында 10 көшеге атау берілді. 2015 жылы қалалық ономастикалық жұмысшы тобына еңбек және шығармашылық ұжымдар, қоғамдық бірлестіктер мен ынталы топтардың, жеке тұлғалардың атынан көшелерге атау беру жөніндегі 46 ұсыныс келіп түсті. Оның 35-і қалалық ономастика жұмысшы тобында қолдау тауып, 11 ұсыныс Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына жіберілді, 11-і облыстық ономастика комиссиясының қарауына ұсынылды, 11 ұсыныс мораторийдің аяқталуын күтуде.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының орындалуын бақылауға алу, маңдайша жазулары және жарнамалардың сай келуін ретке келтіру негізінде Қызылорда қалалық прокуратурасымен бірлескен іс-шаралар жоспары бекітіліп, маңдайша жазулары және жарнамалар ілінген нысандарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 2015 жылы 17 көшеге рейд жасалып, 967 нысанға түсіндірме жұмысы жүргізіліп, бірнеше рет ауызша ескертілді, 211 нысанның жарнамасы қайта өзгертілді. Учаскелік полиция қызметкерлерімен сыртқы жарнамаларға рейд жүргізіліп, бірнеше нысанға хаттама толтырылды.

Қала көшелеріндегі аялдамаларға мемлекеттік тілде атау беру мақсатында тиісті мекемелер тарапынан аялдамалардың тізімдері жинақталып, аялдамалар мемлекеттік тілде жазылды. Қала ішілік жолаушылар тасымалдайтын көліктердің көрнекі ақпараттарын ҚР «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 21-бабына сәйкес жазылып ілінуіне және кондукторлардың аялдамаларды мемлекеттік тілде хабарлауына ықпал жасау мақсатында қоғамдық көліктерге жауапты өкілдердің қатысуымен көліктердің қала бағыттарындағы жауапты басшылары арасында жиын өткізіп түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Қызылорда қаласында 11 этникалық бірлестік жұмыс жасайды. Олардың әрқайсысында жексенбілік үйірмелер ұйымдастырылады.

Үштұғырлы тілді насихаттау мақсатында үш тілді игерген жастар арасында «Тіл шебері» қалалық байқауы, «Тілдарын», «Тіл – тұнық ойдың кәусары» қалалық олимпиадасы, қазақ жастары арасындағы орыс тілі білгірлерінің «Тіл-барлық білімнің кілті», «Ой-сана» қалалық байқауы, орыс жастары арасындағы қазақ тілі білгірлерінің «Тіл-халық жанын танудың кілті», «Тіл-парасат» қалалық байқаулары өткізіледі.

Қызылорда қаласы бойынша 58 БАҚ есепке алынған. Оның 51-і – баспадан шығатын, 7-электронды БАҚ. 10 пайызы – орыс тілінде, 20 пайызы – аралас тілде, 70 пайызы – мемлекеттік тілде жұмыс жасайды.



SWOT – талдау

Күшті жақтары (S)

Әлсіз жақтары (W)

  • 1. Аймақтағы тілдің сан алуандылығын сақтай отырып, мемлекеттік тілдің кеңінен пайдаланылуы қамтамасыз етіледі;

  • 2. Іс жүргізудің мемлекеттік тілге аударылу процесі белсенді іске асырылады;

  • 3. Мемлекеттік тілді оқыту әдістемесімен қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыру;

  • 4. Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру үшін бөлінген қаражаттың көлемінің өсуі.

  • 1. Мемлекеттік тіл туралы Заңның тілдерді пайдалануда бұзушылыққа барғандарға белгілі әкімшілік шаралардың болмауы;

Мүмкіндіктер (О)

Қатерлер (Т)

  • 1. Мемлекеттік тіл мәртебесін маңызды фактор және ұлттық бірлікті нығайтудың негізгі басымдығы ретінде көтеру;

  • 2. Әлеуметтік-коммуникативтік тілдік кеңістікте мемлекеттік тілді қолданудың саласын кеңейту;

  • 3. Қазақстандықтардың лингвистикалық қорын сақтау және нығайту.

  • 1. Қоғамда мемлекеттік тілді игерудің біркелкі емес деңгейі;

  • 2. Жеке кәсіпкерлік нысандарындағы сыртқы көрнекі ақпараттарда Тілдер туралы заңның бұзылуы;

  • 3. Жүйелі аударманың болмауы.


Саладағы негізгі мәселелер:

  • мемлекеттік тілді игерудің қоғамдағы біркелкі емес деңгейі;

  • тілді оқытудың бірыңғай әдістемесі мен стандарттарының, оқыту инфрақұрылымдары қызметтерінің бірыңғай стандарттарының, мемлекеттік тілді меңгеру үдерісін ынталандыру мен мониторинг жүйесінің болмауы;

  • мемлекеттік тілді еліміздің әлеуметтік-коммуникативтік кеңестігіне енгізудің жетімсіздігі;

  • ұйымдар мен кәсіпорындарда, қаржы институттарында, яғни банк салаларында мемлекеттік тілді қолданудың төмендігі;




      1. Ішкі саясат

Ақпараттық саясат

Қала көлемінде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыруға бөлінетін қаржы жыл сайын өсуде, 2012 жылы осы мақсатқа 36,8 млн теңге бөлінсе, 2014 жылы 59,1 млн.теңге бөлініп, 61 пайызға артты. Оның ішінде баспа құралдарына бөлінген қаржы 2 есеге артса, электронды ақпарат құралдарына бөлінген қаржы 1,5 есеге өскен.

Ақпараттық саясат бойынша есепті кезеңде Қызылорда қаласында 57 бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) есепке алынып, жұмыс жасауда. Оның 7-еуі электронды, 50-і баспа БАҚ.

Жыл басынан бері 28 баспасөз мәслихаты, 46 арнайы бағдарлама, 62 пресс-тур ұйымдастырылды.

«Қазақстан-Қызылорда», «Қоғам-ТВ» телеарналары арқылы Елбасы Жолдауына орай 20 сюжет және облыс, қала әкімдерінің имеджін көтеру мақсатында 100 ден астам бейне сюжеттер көрсетілді. Елбасы Жолдауын ақпараттық-насихаттық қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспары және ақпараттық сүйемелдеуге арналған медиа жоспары негізінде Жолдаудан туындайтын міндеттерге сәйкес іс-шаралар ақпараттандырылып, Жолдауға байланысты түрлі санаттағы тұрғындар пікірлерін жариялау ұйымдастырылды.

Үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс

Қазіргі күні облыс көлемінде әділет органдарына тіркелген үкіметтік емес ұйымдардың саны 831 болса, Қызылорда қаласы бойынша 596 үкіметтік емес ұйым белсенді қызмет атқаруда. 2005 жылмен салыстырғанда әділет органдарына тіркелген ҮЕҰ саны 2,6 пайызға өссе, белсенді қызмет атқарушы қоғамдық ұйымдар 1,8 пайызды көрсетуде.

Қалалық бюджеттен үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік маңызды жобаларын жүзеге асыруға бөлінген қаржы жылдан жылға ұлғайып келеді. Атап айтқанда, осы мақсатқа 2012 жылы 5,8 млн. теңге бөлінсе, 2013 жылы 8,6млн. теңге, 2014 жыл 8,1 млн теңге қаржы бөлініп жұмыстар атқарылған.

«Қала көлемінде діни экстремизмнің және адам саудасының алдын алу бағытында ақпараттық түсіндірме шараларын ұйымдастыру», «Ұлтаралық қарым-қатынасты нығайту бағытында ақпараттық-түсіндірме және мәдени шаралар ұйымдастыру», «Мүгедек балаларға қол өнер үйрету жұмыстарын ұйымдастыру» бағыттарында жұмыстар атқарылуда.

Қала әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және әріптестік жөніндегі кеңес қызметі тұрақты ұйымдастырылуда.

Ұлтаралық келісім

Қызылорда облысында 70 ұлт өкілдері тұрады. Облыс тұрғындарының 92,3%, қазақтар, 3,7% - орыстар, 2,2% - кәрістер болса, 1,6% өзге ұлт өкілдері.

Облыс орталығында «Славян ұлттық-мәдени орталығы», «Қызылорда облысының корейлер Ассоцияциясы», «Қызылорда облыстық өзбек қоғамдық-мәдени орталығы», «Вайнах» Қызылорда облыстық еврей қоғамдық-мәдени орталығы», «Қазақстандағы облыстық орыс қоғамдық-мәдени орталығы», «Қызылорда облыстық қырғыз қоғамдық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі секілді 11 этномәдени орталықтар жұмыс жасауда.

Қала бойынша қоғамдық келісім Кеңесі жұмыс жасауда және ұлттық мерекелер кең көлемде атап өтілуде.

2015 жылдың желтоқсан айында облыс орталығында «Достық» үйі пайдалануға берілетін болады.
Кесте 29. Этномәдени орталықтарының саны

2012 жыл


2013 жыл

2014 жыл


2015 жыл

Этномәдени бірлестіктер

11

11

11



15

«Достық» үйі

-

-

-



-

Діни ахуал

Қызылорда қаласындағы діни ахуалды тұрақты болып саналады. 2015 жылдың қыркүйегінде «Сыр медиа» ЖШС жанындағы ақпараттық-талдау орталығының жүргізген сауалнамасы кезінде «Cіз бүгінгі таңда тұрғылықты жеріңіздегі діни ахуалды қалай сипаттайсыз?» деген сұраққа тұрғындардың 54% «тұрақты», 27,1% «қалыпты» деп жауап берген. Яғни, қаладағы діни ахуалдың тұрақтылығын 81,1 пайызға теңестіруге болады. Бұл дегеніміз қаладағы діни ахуалдың тұрақтылығына әсер ететін әлдеқандай діни тұрғыдан оқиғалар орын алмағанын, діни ортаның өзінде көзқарастар қайшылықтарының жоқтығын көрсетеді.

Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013 - 2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, қала бойынша 2015 жылы 254 іс-шара ұйымдастырылды.


Каталог: upload -> files
files -> Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенцияны ратификациялау туралы
files -> «II, III және IV санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
files -> Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін "Үздік педагог" атағын беру және мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің
files -> Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы
files -> Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы
files -> Есэдо го (версия 13. 2) Копия электронного документа. Положительный результат проверки эцп
files -> «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру»
files -> «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
Қазақстан республикасы
рсетілетін қызмет
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Жалпы ережелер
білім беретін
бағалау тапсырмалары
бекіту туралы
республикасы білім
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалаудың
қызмет стандарты
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
арналған жиынтық
болып табылады
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
жалпы білім
Әдістемелік кешені
нтізбелік тақырыптық
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Мектепке дейінгі
Зертханалық жұмыс
республикасының білім
оқыту әдістемесі
Инклюзивті білім
туралы хабарландыру
білім берудің
Жұмыс бағдарламасы
туралы жалпы
қазақ тілінде
Қысқа мерзімді
тақырыптық жоспар
пайда болуы
пәнінен тоқсан