Қызылорда қалалық мәслихатының кезекті XXXXXI сессиясының 2015 жылғы «24» желтоқсандағы 51/3 шешімімен бекітілді



бет5/16
Дата16.01.2017
өлшемі311.27 Kb.
#252
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

SWOT – талдау

Күшті жақтары (S)

Әлсіз жақтары (W)

1. Қаладағы 14-29 жас аралығындағы жастардың мемлекеттік саясатқа жоғары деңгейде қатысып, белсене араласуы;

2. Қала әкімдігі жанында жастар саясаты жөніндегі кеңестің болуы;

3. Жастар саясатын жүзеге асыруға мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс шеңберінде бөлінетін қаржы жылдан жылға артып келе жатыр;

4. Жастар ұйымдары көбейіп, іс-шараларға белсене атсалысуда



1. Білікті мамандардың аздығы

Мүмкіндіктері (O)

Қауіптері (T)

1. Жастардың жұмыс жоспарын әзірлеу;

2. Жастар саясатын жергілікті деңгейде жүзеге асыру, іс-шаралардың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету.



1. Жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың көптеп орын алуы;

2. Дәстүрлі емес діни бірлестіктердің жастарды өзге ағымдағы діни ұйымдарға тартуы



Саладағы негізгі мәселелер:

Мемлекеттік жастар саясаты бойынша ведомствоаралық және салааралық өзара байланыстың әлсіздігі;

Жастар саясатының ақпарат және мамандармен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі;

Жастардың халықаралық тәжірибе алмасуларының әлсіз дамуы.



2.2.2. Денсаулық сақтау

Қызылорда облысында Саламатты Қазақстан мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың нәтиежесінде денсаулық сақтау ұйымдары мен басқару органдарының қызметінде кейбір көрсеткіштерге қол жеткізді. Қызылорда облысы бойынша халықтың өмір сүруі ұзақтығы 68,98 жасқа өскен, 2011 жылы 71,06 жас ал 2014 жылы (Республика бойынша -70,45 жас).

Қызылорда облысы бойынша 2015 жылы 1 қаңтарына халық саны 753 148 адамды құрады және 2013 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда (726  711 адам) 103,6 пайызға (26 437 адамға) өскен. Бұл көрсеткіш сонымен қатар облыста туу көрсеткішімен байланысты: 2012 жылы 1000 адамға шаққанда 25,9 дан 2014 жылы 1000 адамға шаққанда 27,29- ға дейін өскен (23,13-ҚР) немесе 5,4 пайыз.

Облыс бойынша өлім жітім деңгейі 2014 жылы (1000 тұрғынға шаққанда) 6,10 құрады, мемлекет бойынша орташа көрсеткіш -7,65. Өлімнің басты себептерінің бірі қан қан айналым жүйесі аурулары болып табылады.



Кесте 18. Қызылорда облысы бойынша 2012-2014 жылдары 1000 туылғанға өлім жітім деңгейі

Аудан


Өлу көрсеткіші

Сәби өлімі

2012 жыл

2013 жыл


2014 жыл

2012 жыл


2013 жыл

2014 жыл


Қазақстан Республикасы

8,41


8,08

7,65


13,45

11,31


9,83

Қызылорда облысы

6,57

6,01


6,10

18,75


14,37

12,01


Арал ауданы

7,17


6,27

6,63


11,96

12,28


7,38

Қазалы ауданы

6,48

6,65


6,35

23,41


12,02

8,97


Қармақшы ауданы

7,27


6,42

6,35


23,05

18,32


14,05

Байқоңыр қаласы

4,25

3,95


3,85

20,02


8,52

19,35


Жалағаш ауданы

6,51


5,81

6,62


18,63

17,70


7,12

Сырдария ауданы

6,24

5,76


6,03

21,41


19,69

10,87


Шиелі ауданы

6,28


5,87

6,02


19,59

11,38


11,60

Жаңақаорған ауданы

5,57

5,20


4,88

19,64


16,47

9,91


Қызылорда қаласы

7,08


6,34

6,50


17,67

14,56


14,14

Қызылорда қаласы бойынша сәби өлімі 1000 тірі туылғанға 2012 жылы 17,67-ден 2014 жылы 14,14-ке төмендеген. Ең жоғары көрсеткіштер Қармақшы ауданы мен Қызылорда қаласында анықталған. Сәби өлімінің негізгі себептері перинаталдық кезеңінде болған.



100 мың тірі туылғандарға шаққандағы аналар өлім-жітімін төмендету:

Ана өлім көрсеткіші облыс бойынша 100 000 тірі туылған нәрестелерге шаққанда салыстырмалы жылмен 52,8%-ға (2013ж-10,6; 2014жыл-5,0) төмендеді. Қызылорда қаласы бойынша ана өлімі 2013 жылмен салыстырғанда 9,4-ке төмендеген. (2013 ж-12,9, 2014 жыл-11,7)

Жүкті, босанған әйелдерге және балаларға перинаталды көмек өңірлендіру сатысымен жұмыс жасауда. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының «Жана туылған нәрестелердің және критикалық жағдайда тіркелген балалардың регионализация» бұйрығына сәйкес барлық нәрестелер, әсіресе жана туылған күніне жетпеген нәрестелер бірінші тәулікте үшінші сатыға-облыстық перинаталды орталыққа санитарлы авиация арқылы тасымалдауда. ҚР ДСМ-нің №536 бұйрығына сәйкес ұрықтың туа бітті ақау бар тіркелген екі қабат әйелдер төртінші сатыға жіберіліп, нәрестелерге неонаталды хирургтармен ота жасалынуда (ОПО-20 нәрестеге ота жасалынды, 4 нәресте Шымкент қаласына жіберілді). «Жол қартасы» аясында облыстық перинаталды орталықта 5 төсектік неонаталды хирургия жұмыс атқаруда.

0-14 жас арасында балалар және екі қабат әйелдер арасында критикалық жағдайдағы мониторинг жүргізілуде. Телемедицина және санитарлы авиация аудандар көлемінде кеңінен қолданылуда. Күнделікті жүктілікке қарсы екі қабат әйелдердің тізімі жанартылып, мониторинг жүргізілуде.

Екі қабат әйелдердің туа бітті ақауға тексеру жұмыстары жандандырылып, халықаралық тиімді технологиялар кеңінен қолдануда.

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейiнде 22 жанұяны жоспарлау және 20 балалардың дені сау кабинеттері жұмыс атқаруда.

Біліктілік жетілдіру Алматы мемлекеттік дәрігерлердің білімін жетілдіру институты мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының өзара әрекеттестігінің негізінде 70 дәрігер (25 неонатолог, 20 акушер-гинеколог,25 ЖТД) и 50 акушерка ана мен бала денсаулығын жақсартау тақырыбына біліктілігін арттырды. Сонымен қатар, 3 дәрігер неонатолог қайта даярлаудан өткізілді.

Халықаралық ұйымдарды қатыстыра отырып, Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының бағдарламаларын облыс көлеміне енгізіп, «Балалар шағындағы ауруларды ықпалдастыра емдеу» (ИВБДВ), «Эффективті жаңа перинатологиялық технологиялары» тақырыптарында 5 мастер класс өткізілді. Жергілікті бюджеттен бөлінген қаражаттарға емдеу алдын алу ұйымдарға ана мен балаға көмек көрсету мақсатында(босану ұйымдар-2 кювез, 5 апарат ИВЛ,3-Sipap т.б.) 25 медициналық құрал жабдықтармен жабдықталды.

Мүгедек балалар және денсаулығын шектеулі балалардың оңалту бағдарламасы бойынша Астана қаласындағы “Республикалық оңалту орталығының” Қызылорда қаласында 50 төсектік филиалы ашылып жұмыс жасауда. 12 ай қорытындысы бойынша-886 бала сауықтырылды.

Өңірдің денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелерін қамтитын «2013-2014 жылдарға арналған Жол картасы» бекітілді. «Жол картасында» денсаулық сақтау саласындағы қазіргі негізгі проблемалары анықталып, оларды шешу жолдары қарастырылды. Жол картасында басымдық берілген негізгі бағыттарды бірі – ана өлімі мен сәбилер өлімі республикалық көрсеткіштен жоғары деңгейде сақталуда.

Осы көрсеткіштерді төмендету үшін төмендегі іс-шаралар қарастырылған:

- Санитарлық авиация бригадаларының құрамын ауыр халдегі аналар мен сәбилерге шұғыл медициналық көмек көрсету үшін қажетті акушер-гинеколог, анестезиолог, неонатолог мамандарымен толықтыруға - 4828 мың теңге қаралып, нәтижесінде бригада қосымша штаттық бірліктермен толықтырылып жұмысын атқаруда.

-Аудандық ауруханалардың босану бөлімшелерін акушер-гинекологтар мен анестезиолог-реаниматолог мамандарымен тәулік бойы кезекшілікті ұйымдастыруға - 27051 мың теңге қаралып, нәтижесінде босану бөлімшелерінде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып жұмыстарын атқаруда.

- Босану ұйымдарына қажетті неонатолог мамандарын даярлау және қайта даярлаудан өткізуге 13819 мың теңге қаралып, нәтижесінде неонатология мамандығы бойынша 14 жас маман жұмысқа қабылданып жұмыс атқаруда.

014 жылдың қорытындысы бойынша телемедицина арқылы 429 ана мен балаға консультация берілді, облыстық балалар ауруханасына және облыстық перинаталдық орталыққа 175 бала, Республикалық орталыққа 145 бала және 132 ана жолданды.

1000 тірі туылғандарға шаққандағы балалар өлім-жітімін төмендету:

2014 жылдың қорытындысы бойынша 19991 нәресте дүниеге келіп өткен жылмен салыстырмалы 717 нәрестеге артық туылды (2013ж-19274).

Облыс бойынша сәби өлім көрсеткіші 1 000 тірі туылған нәрестеге шаққанда 18,3%-ға төмендегені байқалады ( 2013ж-14,7, 2014 жыл-12,0). Қызылорда қаласы бойынша сәби өлім көрсеткіші 2013 жылмен салыстырғанда 49,1-ге төмендеген. (2013 жыл-21,4, 2014 жыл-10,9).

1.2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі бекітілген іс-шараларды орындау мақсатында жұмыстар жүргізу.

2. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына сәйкес алғашқы медициналық санитарлық көмек көрсететін мекемелеріндегі дәрігерлердің (терапевт, педиатр) «Жалпы тәжірибелік дәрігер» статусына жыл аяғына дейін штаттық кестесің нормативке келтіру, жас мамандарды тарту және тұрақтандыру.

3. Бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсететін мекемелерінде ұрпақты жастағы әйелдердің денсаулығын жақсарту, экстрагениталды аурулардың алдын-алу, емдеу және жүктілікке абсолюттік көрсеткіші бар әйелдердің отбасын жоспарлау жұмыстарын ұйымдастыруын күшейту.

4. Мамандардың біліктігін үнемі көтеру.

100 мың тұрғынға шаққандағы жаңадан пайда болған қатерлі ісік аурулардан болатын өлім-жітімді төмендету:

қатерлі ісіктермен аурушаңдық көрсеткіші облыс бойынша 100 мың адамға шаққанда 134,9 (2013жылы – 138,1) құрап, 2,4%-ға төмендеп отыр.

Өмірінде бірінші рет қатерлі ісікпен ауырған 1005 науқас диспансерлік есепке алынды (2013 жылы -1012). Қызылорда қаласы бойынша 2014 жылы бірінші рет қатерлі ісікпен 440 науқас диспансерлік есепке алынған. 2013 жылы 369 науқас тіркелген.

Скрининг жұмыстарының жүргізілуіне байланысты онкологиялық аруларды І-ІІ сатысында анықтау 48,2%, яғни ерте анықтаудың жақсару тенденциясы байқалады.

Онкологиялық ауруларды асқынған, яғни ІУ сатысында анықтау 2012 және 2013 жылдары 14,1% деңгейінде тұрақтанып отырса, 2014 жылдың 10 айында 12,3%- ға төмендеген. Қазақстан Республикасының көрсеткіштері осы жылдары 14,1% деңгейінде.

2012 жылы скрининг жұмыстарын жүргізу мақсатында 61428 адам жоспарланған, осы жоспардың 99% орындалып, 22 (0,03%) адамда қатерлі ісік анықталған. 2013 жылы 71615 адам жоспарланып, 46 (0,06%) адамда қатерлі ісік анықталса, 2014 жылы 101748 адам скринингтен өтіп, 33 (0,03%) адамда қатерлі ісік анықталған. Дерттердің 83% -89% І-ІІ сатысында анықталуда. Қатерлі ісіктерді анықтау Европалық стандарттарға сай келеді.

Қатерлі ісіктерден өлім көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 0,2% өсіп отыр (2014 жылы - 85,6; 2013 жылы - 85,5). Өлім- жітім туралы 2012 – 2014жж. сәйкестегенде мақсатты индикаторлар – 93, 90 және 89-ды құрады. Қызылорда қаласы бойынша 2013 жылмен салыстырғанда өлім-жітім 2,8-ге жоғарылап отыр (2013 жыл-94,7, 2014 жыл-97,4).

15-49 жас ерекшелігі тобындағы адамның иммун тапшылығы вирусының таралуы, 02-0,6% шегінде .

ЖИТС-тің алдын алу шараларын тұрғындар арасында кеңінен насихаттау мақсатында Орталық мамандары арқылы аймақтық баспаларда 38 мақала жарияланды. Онлайн-вебсайтқа 72 материал жолданды, барлығы 11 пресс релиз бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрді. Облыстық деңгейде 9 телебағдарлама және 13 рет облыстық деңгейде радиобағдарламалар өткізілді. АИТВ-ң алдын алу шараларына байланысты 1 бейнеролик 2 тілде 889 рет эфирге шықты, 13 семинар сабақтары өткізіліп 56 журналист оқыту бағдарламасымен қамтылды.

Облыс орталығында мінез-құлқы қатерлі топ өкілдеріне арналған (инъекциялық есірткі тұтынушылар, жыныстық қатынас қызметкерлері, ерлермен жыныстық қатынас жасайтын ерлер) 2 стационарлық, 1 жылжымалы сенім пункттері арқылы 1875 инъекциялық есірткі тұтынушы (болжамды саны 3300) қабылданып 446513 дана шприц, 141528 презерватив, 325 жыныстық қатынас қызметкері (болжамды саны 350) қабылданып оларға 97056 дана презерватив, 120 ерлермен жыныстық қатынас жасайтын ерлер (болжамды саны 650) қабылданып оларға 34151 презервативтер таратылды. Мінез-құлқы қатерлі топ өкілдері арасынан дайындалған 13 аутрич-қызметкер және 162 клиент арасында АИТВ/ЖИТС-тың алдын алу шараларына байланысты 9 семинар, 881 мини-сессиялар өткізілді. Мінез-құлқы қатерлі топ өкілдері арасында жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде инъекциялық есірткі тұтынушылардың 54 пайызы, жыныстық қатынас қызметкерлерінің 92 пайызы, ерлермен жыныстық қатынас жасайтын ерлердің 20 пайызы профилактикалық бағдарламамен қамтылды.

Салауатты өмір салтын насихаттау барысында темекі шегудің алдын алу заңдылықтарын сақтап және әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алу мақсатында белсенді ақпаратты-коммуникациялық жұмыстар жүргізілуде және барлық қазақстандық қоғамдастықты салауатты өмір салтын қалыптастыруға тарту секторларының қарым-қатынасын жақсарту жұмысы қолға алынды.



SWOT- талдау

Күшті жақтары (S)

Әлсіз жақтары (W)

1. Халықтың өмір сүру ұзақтығының жоғары болуы (орта республикалық көрсеткіштен жоғары);

2. Демографиялық көрсеткіштердің жақсаруы: нәресте өлім-жітімінің төмендеуі, ортареспубликалық деңгейден төмен болуы, туу көрсеткішінің жоғарылауы;

3. Халыққа медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде түрлері бойынша жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетілуінің қолжетімділігінің жақсаруы;

4. Кардиохирургиялық қызметтің дамуы;

1. Халық денсаулығына аймақтағы экологиялық жағдайлардың әсері;

2. Медициналық кадр жетіспеушілігі және біліктілік деңгейінің төмен болуы;

3. Әлеуметтік маңызы бар аурулар деңгейінің жоғарылауы;

4. Медициналық көмек сапасының төмен болуы;

6. Денсаулық сақтау ұйымдарының жабдықталу деңгейінің жеткіліксіздігі.



Мүмкіндіктер (О)

Қауіптер (Т)

1. Денсаулық саласында, оның ішінде ауылдық елді мекендерде жоғары квалификациялы мамандарды тарту арқылы сала қызметінің сапасын жақсарту;

2. Аурушаңдық деңгейін азайту мақсатында аймақтың экологиялық жағдайын жақсарту;

3. Көрсететін медициналық қызметтің сапасын жақсарту, денсаулық сақтау мекемелерін жарақтандыруын жоғарылату үшін денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды кеңейту.

1. Денсаулық сақтау ұйымдарының материалды-техникалық базасын төмендігі мен дәрігерлік кадр тапшылығының деңгейінен халыққа медициналық қызметтің толық емес және сапасыз көрсетілуі;

2. Экологиялық жағдайдың нашарлауы әлеуметтік маңызы бар аурулар деңгейінің жоғарылауына әкелуі;



Саладағы негізгі мәселелер:

Қалада халықты денсаулығын қорғау саласы бойынша белсенде тенденциялар байқалады: халықтың өлім жетімінің төмендеуі байқалады, демографиялық көрсеткіштерінің жақсаруы, халыққа көрсетілетін медициналық қызмет түрлерінің сапасы мен қолжетімділігі. Сонымен қатар, көкейкесті мәселелері болып:

халықтың денсаулық жағдайына әсер ететін аймақтың экологиялық жағдайының қолайсыздығы;

халықтың әлеуметтік маңызы бар аурумен әсіресе туберкулезбен ауыратын жоғары деңгейдегі аурушаңдық;

көрсетілетін медициналық қызмет сапасының жеткіліксіздігі;

кадрлық сұрақтардың шешімін таппағандағы (медициналық кадрлар біліктілігі деңгейінің жеткіліксіздігі мен тапшылығы);

денсаулық сақтау ұйымдарында материалды-техникалық жабдықтау деңгейінің жеткіліксіздігі;

Халықтың өз денсаулығына деген жауапкершілігінің төмендігі.



2.2.3. Жұмыспен қамтужәне халықты әлеуметтік қорғау

Қызылорда қаласында 2014 жылы экономикалық белсенді халық саны 123,1 мың адамды құрап (жалпы халық санының 45,3%), 2012 жылмен салыстырғанда 12,3% өсті, яғни 2012 жылы 109,6 мың адамдан 2014 жылы 123,1 мың адамға көбейді.

Соңғы үш жыл ішінде экономиканың тұрақты дамуы нәтижесінде және мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жаңа жұмыс орындарының ашылуына байланысты халықтың еңбекпен қамтылуы 117,7 мың адам құрап, 2012 жылдың деңгейімен салыстырғанда 12,3% өскен. 2014 жылы халықтың экономикалық тұрғыдан белсенділік деңгейі - 68,5% құрап, облыстағы орташа көрсеткіштен (68,3%) 0,2 пайыздық тармаққа жоғары болды.

Кесте 19 - Кызылорда қаласы бойынша экономикалық тұрғыдан белсенді халық және жұмыспен қамтылған халық саны

Көрсеткіштер

2012 жыл

2013 жыл


2014 жыл

Экономикалық тұрғыдан белсенді халық, мың адам

109,6

109,6


123,1

Жұмыспен қамтылған халық, мың адам

104,3

104,3


117,1

Экономикада жалдамалы қызметкерлер саны тұрақты өсіммен сипатталады, 2014 жылы 8%-ға артқан. Салалық құрылымы бойынша қызметкерлердің 19%-білім саласында, 16,8%-өнеркәсіпте, 12,6%-денсаулық сақтау саласында, 12,1%- құрылыста, 9,6%-мемлекеттік басқаруда, көлік саласында-8%, қызмет көрсету және саудада-12,2%, ауыл шаруашылығында–1,2%, қалған 8,5% экономиканың басқа салаларында еңбекпен қамтылған.

2012-2014 жылдар аралығында өз бетінше жұмыспен қамтылғандар 30,7%-ға, яғни 2012 жылы 28,8 мың адамнан 2014 жылы 19,9 мың адамға азайып, еңбекпен қамтылғандардың ішіндегі үлесі 2012 жылы 24,6%-дан 2014 жылы 17,0%-ға кеміді.

Кесте 20 - Кызылорда қаласы бойынша

өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың саны

Атауы


Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар

Барлығы,

адам

оның ішінде



өнімді

өнімсіз


2012 жыл

28816


21209

7607


2013 жыл

28816


21209

7607


2014 жыл

19960


14690

5270


2014 жылы статистикалық есеп бойынша экономикалық белсенді халық санының 4,8% - жұмыссыздарды құрайды. Жұмыссыздық деңгейі қаламен салыстырғанда ауылда 0,2 пайыздық тармаққа жоғары. Дегенмен, жұмыспен қамту органдарында тіркелген жұмыссыздық деңгейінің өсу тенденциясы қалыптасқан. 2012 жылы 473 жұмыссыз тіркеліп 0,4% құраса, 2014 жылы 810-ға жетіп, 0,7% деңгейінде. Бұл ретте, бірнеше факторлар әсер етуде, біріншіден, азаматтардың «Жұмыспен қамту-2020» Жол картасына қатысуға қызығушылығы артқан, екіншіден әлемдік экономикадағы тұрақсыздық салдарынан кәсіпорындарда жұмыстан босатылған азаматтарға мемлекет тарапынан әлеуметтік көмек төлеу қарастырылған.

Кесте 21. Кызылорда қаласы бойынша жұмыссыздық деңгейі

Атауы


жұмыссыздық деңгейі,%

Жастар жұмыссыздығының деңгейі (15-28 жас),%

қала

ауыл


қала

ауыл


2012 жыл

4,8


5,4

4,6


4,7

2013 жыл


1,8

5,4


4,6

4,7


2014 жыл

4,8


5,0

4,3


4,6

Жұмыссыздардың арасында кәсіби-біліктілігі бойынша басым үлесін орта білімді азаматтар, ұзақ уақыт бойы жұмыс істемегендер, біліксіз жұмысшылар, жұмыс тәжірибесі бір жылдан аз, тәжірибесі жоқ жастар құрайды. Жынысы бойынша жұмыссыздардың басым бөлігі - әйелдер.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2011 жылы «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы жүзеге асырыла бастады. Осы мерзім ішінде бағдарламаның бірінші бағыты - инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша 920,1 млн.теңге бөлініп, 144 азамат жаңадан ашылған жұмыс орындарымен қамтылды.

Бағдарламаның екінші бағыты - ауылда кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру және тірек ауылдарды кешенді дамыту бойынша 864,3 млн. теңге бөлініп, 331 адам несие алды. 340 адам жаңадан ашылған жұмыс орындарымен қамтылды.

Бағдарламаның жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшінші бағыты аясында 2011-2015 жылдар аралығында кәсіптік оқытуды (біліктілігін арттыру, қайта даярлау, кәсіптік даярлау) 3557 адам жолданып, 3502 бағдарламаға қатысушы бітіріп шықты. Бітірушілер қатарынан 2020 адам (1881-тұрақты, 81-жастар тәжірибесі, 58-әлеуметтік жұмыс) жұмыспен қамтылды.

Әлеуметтік жұмыс орындарымен 2911 бағдарламаға қатысушы, жастар тәжірибесімен 2007 адам қамтылып, 1815 адам және 598 жас маман тиісінше тұрақты жұмыспен қамтылды.

Қоныс аудару бойынша бағдарлама іске қосылған уақыттан бастап 194 отбасы қоныстанып, 339 адам жұмыспен қамтылды.

Жұмыспен қамту бөлімі арқылы 2012-2014 жылдар аралығында 13298 адам жұмысқа орналастырылды немесе жұмыс іздеуші ретінде хабарласқандардың санына шаққанда 43,0% құрайды, оның ішінен 6086 адам (2012 ж.- 2125 адам, 2013ж.- 2158 адам, 2014ж. - 1803 адам) қоғамдық жұмыстарға жіберілді.



Кесте 22. Қызылорда қаласы бойынша жұмысқа орналасқан азаматтар жөнінде мәлімет

Атауы


Хабарласқандар саны

Жұмысқа тұрғандар саны

Жұмысқа тұрғандар үлесі, %

2012 жыл


9440

4137


44,0

2013 жыл


9360

4306


46,0

2014 жыл


12062

4855


40,0

Әлемдегі қаржылық дағдарысқа байланысты қаладағы кәсіпорындарда қызметкерлердің қысқартылуы, ұжымдардың толық емес жұмыс күніне ауысуы, жұмысшылардың ақысыз демалысқа жіберілуі еңбек нарығына әсер етуде. Жұмыссыздық деңгейі 2012 жылмен салыстырғанда (4,7%) 2014 жылы 4,8% құрап, 1,0 пайыздық тармаққа өсті. Дегенмен жастардың жұмыссыздық деңгейі 2012 жылы 4,6%-дан 2014 жылы 4,3%-ға төмендеген. Жұмыс іздеуші ретінде хабарласқан мүгедектердің ішінен 293 мүгедек жұмысқа орналасты (48,3%).

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 4 жыл ішінде 5117 адам немесе жалпы бағдарламаға қатысқан азаматтардың ішінде 55,3% (барлығы - 9247 адам) тұрақты жұмыспен қамтылды.

Жыл сайын жұмыспен қамту органдарымен қаладағы еңбек нарығының сұраныстары анықталып, нәтижесінде еңбек нарығына техникалық және жұмысшы мамандарына қажеттілігі байқалады.

2015-2017 жылдарға еңбек ресурстары балансының болжамы бойынша жұмыс күшіне деген әлеуетті ұсыныс пен сұраныстың теңгерімділігін бағалау анықталды.

Жалпы Қызылорда қаласы бойынша жыл сайын еңбек ресурстары 1,5 мың адамнан 2,0 мың адамға дейін артық болып, бір жұмыс орнына орташа есеппен 4 немесе 5 жұмыссыз үміттенеді.

Әсіресе біліктілігі жоқ жұмыссыздар санатындағылар барынша көп. Олардың үлесі 2015 ж. -40%, 2016 ж.- 38% және 2017 ж.-36% құрайды.

Сонымен қатар жоғарғы білімді мамандар шамамен 1,0 мың адамға және орта деңгейлі білікті мамандар 1,1 мың адамға шамадан тыс артық.

Еңбек ресурстарының тапшылығы ірі және майда өндіріс орындарындағы білікті мамандардың, ауыл, орман шаруашылығы салаларының мамандарының және операторлар, аппаратшылар, машинистер, қызмет көрсету саласы, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бойынша байқалады.

Қазіргі уақытта ірі және майда өндіріс кәсіпорындарының білікті мамандарынына сұраныс 2015 ж.-1803 адамға, 2016 ж.-1106 адамға, 2014ж.-1464 адамға қажет.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес 2014 жылмен 2012 жылды салыстырғанда күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар халықтың үлесі 3,3%-дан 3,2%-ға төмендеген. Қала бойынша 2014 жылға кедейлік деңгейі 3,2% құрайды, ал отбасының орташа адам саны 4,4 –ті құрайды.

2012-2014 жылдары халықтың әл ауқатын арттыруға және жұмыссыздық деңгейін төмендетуге бағытталған «Жұмыспен қамтудың Жол картасы-2020», «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламаларын жүзеге асыру нәтижесінде еңбек нарығы оң көрсеткіштермен сипатталады.

Осы мерзімде қабылданған шаралар нәтижесінде халықтың аз қамтамасыз етілген топтарын әлеуметтік қолдау мақсатында мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақылар мен әлеуметтік көмек қаржыларының азаю тенденциясы байқалады. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 20 пайызға, бөлінген қаржы тиісінше 19,2 пайызға азайған. Себебі бағдарлама шеңберінде жаңадан құрылған жұмыс орындарына бірінші кезекте мемлекеттік атаулы көмек алатын жұмыссыз азаматтар тартылды.

«Медициналық-әлеуметтік мекемелерде» (ұйымдарда) стационар және жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдарда арнаулы әлеуметтік қызмет бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдарға, психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектерге, психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға стандарт бойынша 8 бағытта қызмет көрсетіледі.

Статистика мәліметтері бойынша 2012-2014 жылдары номиналдық орташа айлық жалақының позитивтік өсуі орын алды. 2012 жылы 103442,0 теңгеден 2014 жылы 118215,0 теңгені немесе нақты көлем индексі 105,7% құрап, орташа облыстық көрсеткіштен 13,7 мың теңгеге артық болды.


Каталог: upload -> files
files -> Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенцияны ратификациялау туралы
files -> «II, III және IV санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
files -> Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін "Үздік педагог" атағын беру және мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің
files -> Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы
files -> Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы
files -> Есэдо го (версия 13. 2) Копия электронного документа. Положительный результат проверки эцп
files -> «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру»
files -> «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
Қазақстан республикасы
рсетілетін қызмет
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Жалпы ережелер
білім беретін
бағалау тапсырмалары
бекіту туралы
республикасы білім
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалаудың
қызмет стандарты
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
арналған жиынтық
болып табылады
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
жалпы білім
Әдістемелік кешені
нтізбелік тақырыптық
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Мектепке дейінгі
Зертханалық жұмыс
республикасының білім
оқыту әдістемесі
Инклюзивті білім
туралы хабарландыру
білім берудің
Жұмыс бағдарламасы
туралы жалпы
қазақ тілінде
Қысқа мерзімді
тақырыптық жоспар
пайда болуы
пәнінен тоқсан