Қызылорда қалалық мәслихатының кезекті XXXXXI сессиясының 2015 жылғы «24» желтоқсандағы 51/3 шешімімен бекітілді


Кесте-6. Өңірдегі шағын және орта кәсіпкерлік саласының негізгі көрсеткіштері



бет3/16
Дата16.01.2017
өлшемі311.27 Kb.
#252
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Кесте-6. Өңірдегі шағын және орта кәсіпкерлік саласының негізгі көрсеткіштері

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2012 ж.

2013ж.

2014ж.

Шағын және орта кәсіпкерліктегі тіркелген субъектілерінің саны

бірлік

24 835

26 104

25 796

Шағын және орта кәсіпкерліктегі белсенді субъектілерінің саны

бірлік

16 870

20 075

19 927

Шағын және орта кәсіпкерліктегі белсенді субъектілерінің үлесі

%

67,9

76,9

77,2

Шағын және орта кәсіпкерліктегі жұмыспен қамтылғандар саны

адам

30 234

36 927

37 612

Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңында орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың жанындағы сараптама кеңестеріне ҚР Ұлттық кәсіпкерлік палатасының, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің, аккредиттелген коммерциялық емес ұйымдардың, мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді.

Осы ретте, қолданыстағы заң талаптары негізінде Қызылорда қаласы әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Сараптамалық Кеңес құрамы бекітіліп, бүгінгі күні өз жұмысын жалғастыруда.

Қазіргі таңда, жыл басынан бері кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Сараптамалық Кеңес мүшелерімен Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының өкілдері тарапынан мемлекеттік мекемелермен ұсынылған 14 нормативтік құқықтық актілердің жобалары қаралып, қорытындылар берілді.

Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатында жыл сайын «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «КазАгроҚаржы» АҚ, «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ және Қызылорда облысының аймақтық инвестициялық орталығы өкілдерінің қатысуымен семинарлар өткізілуде.

2010 жылдан бастап «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының өңірлік өкілдігі арқылы шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатында «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы жүзеге асырылуда.

2012-2014 жылдарға «БЖК - 2020» бағдарламасы аясында 1 542,5 млрд. теңгеге 187 жоба субсидияланды, 36 несие бойынша жартылай кепілдендіру және 1 грант берілді.


Кесте -7. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында қаржылай қолдау алған жобалар саны


Қолдау құралдары

2012ж.

2013ж.

2014ж.

3 бағыт бойынша субсидиялау

55

67

65

Кепілдендіру

3

11

22

Гранттар

-

-

1

Өндіріс инфрақұрылымының дамуы

-

-

-

Шараларды жүзеге асыру нәтижесінде «БЖК - 2020» бағдарламасы бойынша 2012-2014 жылдары 7,3 мың жұмыс орны және қосымша 3,2 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.

Экономиканың «ерекше кезең» жағдайындағы кәсіпкерлік және туризмді дамытудың Жол картасына сәйкес Үкімет тарапынан өңдеу өнеркәсіп саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілеріне 2015 жылы 100,0 млрд. теңге мөлшерінде жеңілдікті несие беру бағдарламасын қала кәсіпкерлеріне таныстыру мақсатында «Кәсіпкерлікті қаржыландыру көздері және мемлекеттік қолдау шаралары» тақырыбында ақпараттық семинар өткізілді.

Сонымен қатар «Прокуратура түсіндіреді» акциясы аясында кәсіпкерлердің меншік құқықтарын қорғау бойынша «Мемлекеттік бақылау және қадағалау» Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіруге бағытталған қалалық прокуратура мен қала әкімдігінің ұйымдастыруымен «Ауылдық елді – мекендерде кәсіпкерлікті дамыту көздері» тақырыбында семинар өткізілді.

Қызылорда қаласы әкімдігінің kyzylorda.gov.kz ресми интернет ресурсында кәсіпкерлік қызметтің әртүрлі мәселелері жөніндегі ақпараттар жарияланды.

2016-2020 жылдарға шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағытында жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар аясында қаржылай және қаржылай емес құралдарды қолдануды жалғастыру, несие ресурстарының қолжетімділігін көтермелеу бизнесті жүргізуге жағдай жасайтын болады.



Сауда.

Қала бойынша 1300 сауда нысандары қызмет көрсетуде (бөлшек сауда дүкендер желісі, сауда үйлері, сауда орталықтары), 16 сауда базарларындағы 4871 сауда орнында 8,0 мың адам жұмыспен қамтылған.

2012-2014 жыл ішінде Қызылорда қаласы бойынша бөлшек сауданың тауар айналымы 40,8% өсіп, 133,5 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде: сауда кәсіпорындары сатылымы бойынша – 41,0 млрд. теңге; базарлар және жеке кәсіпкерлер сатылымы бойынша – 123,5 млрд. теңге (облыс бойынша тауар айналымы құрылымындағы үлесі -92,5%).

Шағын базарлардың санын және көлемін қысқарту бағытында, қаладағы базарларда оңтайландыру жұмыстарын жүргізу басталды. 2012 жылы қала бойынша 17 базар тіркелген, сауда орны – 5074, көлемі – 170,7 мың шаршы метр болса, 2015 жылдың басында қала бойынша 16 базар тіркелген, сауда орны – 4871, көлемі - 156,6 мың шаршы метрді құрады.

Сырттан тасымалданған азық-түліктің бағасын тежеу мақсатында, әлеуметтік - маңызды тауарларды өндірушінің босату бағасынан 10 пайыздан жоғары асырмай жиынтық үстеме бағасының деңгейін белгілеу жайлы, ірі-ірі жеткізушілермен жыл басында меморандумдарға қол қойылды.

Интернет – сауданың көлемі болмашы (2013 жылы - 45,0 мың теңге). Осы форматтағы сауданы төлеу, негізінен, қолма-қол жүргізіледі (24% төлем карточкасымен).

2011–2014 жылдар аралығында саланың дамуы Қазақстан Республикасындағы 2010-2014 ж. арналған сауданың дамуы Бағдарламасына сәйкес, заманауи сауда форматына көшу, бөлшек сауданың айналымында ірі сауда желілерінің үлесінің өсуі, сондай-ақ, сауда базарларының құрылымына талаптардың жоғарылауы бағытында жүргізілді. Оң серпінді өсімге қарамастан, процесс жай жүруде. Қала үшін базарлардың маңыздылығының жоғарылығымен және заманауи форматтағы сауда нысандарының төмен үлесімен сипатталады, сатылымның негізгі үлесі (72%) жеке кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалардың тауар айналымына тән болып отыр.

SWOT – талдау

Күшті жақтары (S)

Әлсіз жақтары (W)

1.Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатында өңірлік жол картасы аясында 2015-2017 жылдарға арналған кәсіпкерлікті және туризмді дамытуды жүйелендіру;

2.Жыл сайын кәсіпкерлікті қолдауға бюджет шығындары көбейтілуде;

3.Кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың табысты жүзеге асырылуы;

4.Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға шағын несие ұсынылуы;

5.Қалада ШОК ұзақ мерзімді қаржыландыруға және қызметін үйлестіру үшін құрылған институционалдық құрылымдар: «Қызылорда» Аймақтық инвестициялық орталығы», кәсіпкерлер үйі, концессия бойынша комиссия, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының бар болуы;

6.ШОК ынталандырудың қолданыстағы жүйесі «Алтын Сапа», «Қазақстанның үздік тауары», «Шағын және орта бизнестегі жетістігі үшін;

7.Жыл сайын «Байқоңыр» инвестициялық форумының өткізілуі (инвесторлармен жұмыс жасау алаңы);

8.Қазіргі заманға сай бөлшек саудадағы сауда форматтарын енгізу тәжірибесі жүргізілуде;

9.Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасына мониторинг жүргізілуде;

10.Кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау мақсатында Бизнистің жол картасы-2020, Өнімділік – 2020 бағдарламалар жұмыс жасауда;

11.Қызметтер көрсету саласын дамыту бағдарламасы бойынша сауда базарларын және бөлшек сауданы, электрондық сауданы жаңғыртуды мемлекеттік қолдау

1.ШОБ үшін қаржы ресурстары қолжетімділігінің мәселелері;

2.ШОБ субъектілерінде меншік айналым қаражатының, кепілдік мүлкінің жеткіліксіздігі

3.ШОБ субъектілерінің инновациялық белсенділігінің төменділігі;

4.Бизнесті дамытуда әкімшілік кедергілердің болуы;

5.Бизнесте білім беру даярлығының жеткіліксіз деңгейі;

6.Сауда қызметі шеңберінде көлеңкелі экономика үлесінің көптігі;

7.Электронды сауданың әлсіз дамуы;

Мүмкіндіктері (O)

Қауіп-қатер (T)

1.Жаңа инвестициялық жобаларды сонымен қатар өндірісті кеңейтуге және жаңғыртуға бағытталған жобаларды республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландыру;

2.Бәсекеге қабілетті жаңа өндіріс орындарын құру;

3.Кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдау шараларын қолдану есебінен шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды және оның тиімділігін көтермелеу;

4.Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру есебінен жаңа жұмыс орындарын ашу;

5.ЕАЭО аясында ШОБ және жаңа сауда форматтарын дамыту үшін стратегиялық инвесторларды тарту және бірігу.

1.Макроэкономикалық ортада қолайсыз өзгерістер: валюта курсы, капиталдың қымбаттауы, т.с.с.;

2.Кәсіпкерлік белсенділіктің төмендеуі;

3.Сыртқы экономикалық жағдайдың нашарлауы жағдайында ШОБ-пен байланыстағы жүйе құраушы компаниялардың өніміне сұраныстың азаюының ШОБ-қа әсері.

Саладағы негізгі мәселелер:

Аумақтағы базарлардың жоғарғы маңыздылығына тән сипаттылығы.

Заманауи сауда форматтарының үлесінің төмендігі;

Электрондық сауданың әлсіз дамуы;

Кәсіпкерлердің бизнеске ынтасының жеткіліксіздігі;

Көлеңкелі экономиканың сауда рыноктарының аясындағы кең көлемділігі;

«Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасында заманауи сауда нысандары мен базарларды жаңғыртуға қолдау шарасы қарастырылса да, осы құралдарды пайдалану заңдылықтарының дамымауынан тежелуде.

2.1.5. Өңіраралық ынтымақтастық

Қызылорда қаласының өңіраралық байланысы оның қолайлы географиялық орналасуына, дамыған транспорттық инфрақұрылымына, технологиялық әлеуетіне, минералдық шикізаттың мол қорына, сондай-ақ «Батыс Европа-Батыс Қытай» халықаралық автожолының қала аумағынан өтуіне байланысты айқындалып отыр.

Қызылорда қаласының өнеркәсіп кәсіпорындары Қазақстанның басқа облыстарымен және басқа көршілес мемлекеттермен өңіраралық ынтымақтастық жағдайында жұмыс жүргізуде.

Тамақ өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп салаларындағы және құрылыс бұйымдарын өндіру саласындағы жұмыс жасап тұрған бірқатар кәсіпорындар мәліметі негізінде 2012-2014 жылдардағы көрсеткіштеріне талдау жасау көрсеткендей (кесте 1), шикізат сатып алу және дайын өнімдерді жөнелту бойынша Қазақстанның солтүстік, батыс және орталық өңірлерімен, сондай-ақ Түркмения және Қырғызстан мемлекеттерімен де сауда-экономикалық байланыс жүргізіледі.



Кесте 8. Өндірістік кооперация

Қалаға жеткізілетін өнімдер

Өнімдер

Қызылорда қаласындағы тұтынушылар

ҚР басқа өңірлерінен тауар жеткізушілер

Ұн

«Зерновая долина» ЖШС



Орал, Ақтөбе

Қара күріш

Жергілікті күріш өңдеуші кәсіпорындар

Қызылорда облысының Сырдария, Жалағаш, Шиелі, Қармақшы аудандары

Цемент

«Құрылыс» АҚ



Шымкент қаласы

Қиыршық тас

Шымкент қаласы

Арматура


Павлодар қаласынан

Маталар, түймелер

«Озық» ЖШС

Алматы, Семей, Шымкент қалалары



Қаладан басқа өңірлерге шығарылатын дайын өнімдер

Өнімдер

Қызылорда қаласының тауар жеткізушілері

Басқа өңірлердегі тұтынушылар

Макарон өнімдері (жайма, кеспе)

«Зерновая долина» ЖШС

Қызылорда облысы

Ақталған күріш

Жергілікті күріш өңдеуші кәсіпорындар

Қостанай, Көкшетау, Ақтау, Солтүстік Қазақстан, Орал облыстары

Арнайы киім

«Озық» ЖШС

Астана қаласы, Түркменстан, Қырғызстан мемлекеттері

Темір бетон бұйымдары, тауарлы бетон

«Құрылыс» АҚ, «Алагер» ЖШС

Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары

Қызылорда қаласында өткізілетін «Байқоңыр» инвестициялық форумдары нәтижесінде басқа мемлекеттермен өзара ынтымақтастық меморандумдары қабылдануда.

Агроөнеркәсіп саласы бойынша облыстағы күріш шаруашылығын дамыту жөнінде Ресейдің Краснодар өлкесімен келісімге қол жеткізілді. Польша Республикасымен күн және жел энергетикасы саласында, құрылыс, транспорт, жеңіл өнеркәсіп салаларында бірқатар инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға, оның ішінде Қызылорда қаласында жолаушылар терминалы құрылысын салу туралы келіссөз жүргізілуде. Сондай ақ, Қытай мемлекетінде ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында өткізілген жоғары және жаңа агротехнологиялар жетістігі жәрмеңкесіне жергілікті кәсіпорындар қатысып, сауда-экономикалық ынтымақтастыққа қол жеткізді.

Жергілікті тауар өндірушілердің басқа өңірлерде өткізілетін форум, көрме, жәрмеңкелерге белсенді қатысуы және ынтымақтастық байланысын дамытуы Қазақстанның өзге өңірлерімен және басқа мемлекеттермен тиімді сауда-экономикалық байланысын одан әрі дамытуға мүмкіндік беретін болады.


SWOT-талдау:

Күшті жақтары (S)

Әлсіз жақтары (W)

1. Құрылыс индустриясын дамытуға пайдалы қазбалардың мол әлеуетінің бар болуы;

2. Қала аумағында тамақ өнімдерін шығаруға ауылдық округтер мен елді мекендердегі мал және егін шаруашылығы дамытуға қолайлы жағдайдың жасалуы;

3. Қала аумағында күріш, бақша, көкөніс өнімдері, мал азығындық дақылдар өндіріледі.

1. Өңіраралық кооперация субъектілеріне қызмет көрсететін өңіраралық ақпараттық инфрақұрылым дамымауы;

2. Өңіраралық ынтымақтастық саласына мониторинг жүргізудегі қиындықтар



Мүмкіндіктер (О)

Қауіптер (Т)

1. «Батыс Европа-Батыс Қытай» транзиттік коридорының елеулі әлеуеті.

2. Жоғарытехнологиялық, бәсекеге қабілетті өндірістерді құру және дамыту;

3. Өңіраралық байланыстың дамып, халықаралық деңгейге жету мүмкіндігі;

4. Қазақстан аумағында жүзеге асырылатын ірі өндірістік жобаларға қазақстандық мазмұнды арттыру.

1. Кәсіпорындардың жоғары қосылған құнды өнім өндіруге бағытталмауы;

2. Экономикалық дағдарыс салдарынан отандық өнімдерге сұраныстың әлсіз болуы.

Саладағы негізгі мәселелер:

өндірілетін өнім ассортиментінің аздығы;

бәсекеге қабілетті өнімді өндіруді шектейтін электрэнергия тапшылығы;

кәсіпорындардың технологиялық базасының төмендігі.



2.1.6. Инновация және инвестициялар

Инвестициялар

2014 жылы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі өткен жылмен салыстырғанда облыстың барлық аудандарында төмендеген. Қызылорда қаласында 2014 жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 141,7 млрд.теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 11% төмендеген (кесте 9). Басты себебі облыс территориясында «Батыс Европа – Батыс Қытай» және «Бейнеу-Бозой-Шымкент» сияқты көлемді жобалардың аяқталуына байланысты.



Кесте 9 – Қала және аудандар бөлінісінде 2014 жыл бойынша негізгі капиалға инвестиция салу мәліметі



Атауы



Негізгі капиталға инвестиция салу мың теңге

2013 жылға (%)

Жалпы инвестиция көлеміндегі үлес салмағы (%)

1

Қызылорда облысы

262 583,0

67,9


100

2

Қызылорда қаласы

141 668,0

89,0


54,0

3

Арал ауданы

23 488,0

43,2


8,9

4

Қазалы ауданы

10 178,0

41,7


3,9

5

Қармақшы ауданы

28 857,0

56,2


11,0

6

Жалағаш ауданы

6 376,0

64,3


2,4

7

Сырдария ауданы

32 118,0

79,3


12,2

8

Шиелі ауданы

9 885,0

33,7


3,8

9

Жаңақорған ауданы

9 989,0

53,7


3,8

10

Байқоңыр қ.

24,0
Дегенмен облыс бойынша көрсеткіштегі Қызылорда қаласының үлесі 54% құрайды. Қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға салынған қаржының 76% кәсіпорындар мен ұйымдардың жеке қаражаты есебінен игерілген. 2012-2014 жылдар ішінде жеке қаражат есебінен игерілген инвестицияның үлесі 63,8%-дан 76%-ға артты.

Қызылорда қаласында инвестициялық саясаттың негізгі басымдығы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуына шетелдік және отандық инвесторларды тарту үшін қолайлы жағдай қалыптастыруға ықпал жасау болып табылады.

Елбасының «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауында тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту саласында, инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруда шетелдік қаржы институттарымен ынтымақтастықты нығайту туралы тапсырмасына сәйкес қаржы ұйымдарымен қарым қатынас орнатылып, Еуропалық қайта құру және даму банкімен Қызылорда қаласының инфрақұрылымын дамытуға негізделген несиелік келісімдерге қол қойылды.

Нәтижесінде келісімдер бойынша Қызылорда қаласының электр, жылу және су желілерін, көшелерді жарықтандыру жүйесін қайта жаңғырту, тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу зауыты жобалары аясында, қала бойынша 63 млрд. теңгеден астам қаржыны құрайтын 8 жоба жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметі тарапынан Қызылорда қаласындағы ауыз сумен және жылумен жабдықтауды қайта жаңғырту жобалары үшін 2,6 млрд.теңге көлемінде гранттық қоса қаржыландыру ұсыну арқылы қолдау көрсетіледі.

Жобаларды жүзеге асыру су және жылуды тиімді пайдалануды және энергия үнемдеуді арттыруға, шығындарды азайтып, экологиялық стандарттарды жақсартуға мүмкіндік береді.

Азия Даму банкімен жалпы құны 179,0 млрд.теңгені құрайтын «Қызылорда қаласының сол жағалауының инфрақұрылымын дамыту» жобасы бойынша жобалау жұмыстары жүруде. Бүгінгі күні Азия Даму Банкімен осы жобаны жүзеге асыру бойынша келісімдерге қол жеткізілді.

Ауыл кәсіпкерлеріне қаржылық қолдау көрсетуге ықпал жасау мақсатында Өңірлік инвестициялық орталық құрылды, сонымен қатар «Байқоңыр» ӘКК жанынан Инвесторларға қызмет көрсету орталығы жұмысын бастады.

Қызылорда қаласының аумағында құрылған индустриалды аймақты қажетті инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында «Бизнестің Жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде 2,2 млрд.теңге бөлінді. Бүгінгі күні Индустриалдық аймаққа жалпы көлемі 116,2 гектарды құрайтын 8 жобаға жер телімдері бөлінді. Оның ішінде «Қызылорда қаласында табақша шыны шығару және өңдеу зауытының құрылысы» жобасы бойынша жобаның құрылтайшылары «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ және «Steward Engineers» компаниясы. Жобаның құрылыс жұмыстарын жүргізуші мекеме «Шымкентхим Монтаж» ЖШС-гі. Жобаның құны- 42,1 млн теңге, жаңадан 362 жұмыс орны ашылады. Қуаттылығы – тәулігіне 600 тонна, жылына 175 мың тонна табақша шыны. Жобаға Қызылорда қаласы Титов мөлтек ауданындағы Индустриялық аймақтан 50 га жер телімі 49 жыл мерзімге табысталды. Жобаны іске асыру мерзімі - 2014-2017 ж.ж. Қазіргі таңда зауыттың құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес «Бизнестің Жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде индустриалды аймақта электрмен қамту жүйесі құрылысын салуға 1,5 млрд.теңге бөлініп, 35/10 подстанция, 2 трансформатор және 1 АРУ құрылыстары салынды.



Саладағы негізгі мәселелер:

Кен өндіру секторында инвестициялардың басым болуы;

Инвесторларға қызмет көрсету орталығында көрсететін қызметтерінің төмен деңгейі;

Бюджеттік инвестицияларды дамытуға арналған шығыстардың қысқаруы сыртқы экономикалық ахуалдың нашарлауына себепші.

Инвестиция тартуда мемлекеттік - жеке меншік әріптестікті дамыту.




























































































Инновациялар

Технологиялық инновацияларды дамыту аймақта нақты сектордағы кәсіпорындар базасында жүзеге асырылуда. 2015 жыл басынан бері 2 инновациялық жоба іске қосылды. Атап айтқанда:

1) «Жан Арай Жем» ЖШС - қуаттылығы тәулігіне 80 тонна құрама жем шығаратын зауыт. Өңіріміздегі «Петкус» германиялық технологияны пайдалана отырып, құрама жем шығаратын бірінші зауыт.

2) «РМЗ Шапағат» ЖШС – қуаттылығы жылына 35 мың шаршы метр каркасты-панелді тұрғын үй құрастыратын үй құрылысы комбинаты. Бұл зауыт «WEILER» германиялық технологиясын пайдалану арқылы құрылыс материалдарын шығарады.



Кесте – 10. Инновациялық қызметтің негізгі көрсеткіштері

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2012 жыл


2013 жыл

2014 жыл


Инновациялық белсенді кәсіпорындардың саны

бірлік


54

60

60



Инновация саласындағы белсенділік деңгейі

%

16,6



11,6

11,4


Инновациялық өнімдер мен көрсетілетін қызметтер көлемі

млрд. теңге

2,9

4,5


2,7

Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді орындайтын қызметкерлердің саны

адам

176


189

234


ҒЗТКЖ-ға жұмсалған ішкі шығындар

млн. теңге

179,5

186,0


232,1

2013 жылы Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университетінде ашылған инновацияны коммерцияландыру бөлімі өңіріміздегі Инновацияларды дамытудың қоғамдық институты болып табылады. Бұл бөлім Шымкент қаласындағы өңірлік технопаркпен байланыс орнатылған. Келешекке арналған инновациялық жобалар, әзірлемелер, технологиялар саны – 14 жоба.

Университет жанында жұмыс жасайтын зертхана базасында материалтану бойынша Ресей мемлекетінің ғалымдарының қатысуымен зерттеулер жүргізіледі.

Сонымен қатар, «Ы. Жахаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы» ғылыми зерттеу институты күріш тұқымының сорттарын яғни «Маржан», «Янтарь», «Ару», «ГС-98», «Тугискенский-1», «Каз Ветта» бірегей тұқымдарды өндіреді. Қазіргі уақытта институт «КАЗ.ЕР-6» және «КАЗ.НИИР-5» сорттары бойынша Сырдария, Казалы, Жалағаш аудандарында өндіріп жатыр. Жақында жаңадан өндірілетін сортқа «Сәлима» және «Айсәуле» атауларын беру жоспарлануда.

2014 жылы өңірімізде келесі зияткерлік меншік нысандары тіркелді: инновациялық патенттер – 5; селекциялық жетістіктер – 1; пайдалы модельге патент – 1; компьютерлік бағдарламалар - 3.


Каталог: upload -> files
files -> Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенцияны ратификациялау туралы
files -> «II, III және IV санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
files -> Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін "Үздік педагог" атағын беру және мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің
files -> Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы
files -> Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы
files -> Есэдо го (версия 13. 2) Копия электронного документа. Положительный результат проверки эцп
files -> «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру»
files -> «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы