Қызылорда қалалық мәслихатының кезекті XXXXXI сессиясының 2015 жылғы «24» желтоқсандағы 51/3 шешімімен бекітілді


Кесте 3 – Қызылорда қаласы бойынша өңдеу өнеркәсібінің негізгі көрсеткіштері



бет2/16
Дата16.01.2017
өлшемі311.27 Kb.
#252
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Кесте 3 – Қызылорда қаласы бойынша өңдеу өнеркәсібінің негізгі көрсеткіштері

Көрсеткіш атауы

Өлшем бірлігі

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Өңдеу өнеркәсібінің НКИ

%

106,4

117,9

111,1

Өңдеу өнеркәсібінің жалпы өнеркәсіп өнімі көлеміндегі үлесі

%

1,9

2,3

3,0

Тамақ өнеркәсібінің өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі

%

18,0

18,0

22,5

Машина жасау өнеркәсібінің өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі

%

17,3

13,4

12,8

Мұнай өңдеу өнеркәсібінің өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі

%

43,5

43,9

38,1

Химия өнеркәсібінің өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі

%

0,8

0,5

2,5

Өзге де металл емес минералды өнімдері өнеркәсібінің өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі

%

12,0

17,4

20,0

Жеңіл өнеркәсіптің өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі

%

1,2

0,8

0,7

2014 жылы тамақ өнеркәсібінде 7,0 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, 2012 жылмен салыстырғанда 2 есеге жуық артық өндірілді. Саладағы ірі кәсіпорындар: «Абзал и К» ТС, «Ақорда Капитал», «Най Мир», «Ақмарал ПК», «Алтын дән», «Аквалайн», «Асетан», «Зерновая Долина» ЖШС-рі, т.б. Қалада негізінен ет, сүт, күріш, сусын, макарон, нан және нан өнімдері өндіріледі.

Машина жасау саласында ауыл шаруашылық техникасын шығаратын «Азов Арал Агромаш» ЖШС-гі және темір жол кәсіпорыны жұмыс атқарады. 2014 жыл қорытындысымен салада 4,0 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, жалпы өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 12,8%-ды құрады. Соңғы үш жылдағы өсу қарқыны 115,2%.

Қазіргі уақытта «Байқоңыр» ӘКК АҚ арқылы жалпы құны 3,7 млрд.теңгені құрайтын машина жасау зауыты құрылысы жобасын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Мұнай өңдеу өнімдерін өндіру саласында мұнай өңдеу өнімдері (бензин, мазут, газойл) және көмірсутекті сұйытылған газ өнімдері өндіріледі. 2014 жылы салада 11,9 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 103,2% құрады. 2012-2014 жылдары өндірілген бензин 2,3 есеге, газойлдер – 2 есеге, сұйытылған газ 3,8 есеге артты.

«КазФрак» ЖШС, «КНМПЗ» ЖШС – салада жұмыс жасап тұрған кәсіпорындар.

Индустриялық инновациялық даму бағдарламасының екінші бесжылдығын жүзеге асыру шеңберінде 2016-2019 жылдары мұнай өңдеу өнімдерін өндіру саласында 2 жобаны («КНМПЗ» ЖШС-і – қолданыстағы зауытты кеңейту және «Nik oil company» ЖШС-і «Қызылорда қаласында мұнай өңдеу зауытының құрылысы» жобасы) іске қосу жоспарлануда.

Химия өнеркәсібі саласында 2014 жылы 770,7 млн.теңгеге өнім өндіріліп, 2012 жылмен салыстырғанда ақшалай мәнде 5 есеге артқаны байқалады. Жалпы өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 2012 жылы 0,8%-дан 2,5%-ға жетті. Салада жұмыс жасап тұрған кәсіпорын «Хуа Ю Интернационал в Кызылорде» ЖШС-гі.

Құрылыс материалдарын шығару көлемі жыл сайын артуда. 2014 жылы 6,3 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, 18 пайыздық өсім қамтамасыз етілді. Соңғы үш жылдағы өсу қарқыны 262%. Жалпы өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 2012 жылы 12%-дан 20%-ға артты.

Қызылорда қаласы аумағында ірі жоба «Батыс Европа-Батыс Қытай» халықаралық автожолы құрылысының салынуы, «Қолжетімді баспана» бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй құрылысының дамуы, Қызылорда қаласын және елді мекендерін газдандыру жобасын жүзеге асыру құрылыс материалдарын шығару саласының даму қарқынын арттыруға мүмкіндік берді. Нәтижесінде соңғы үш жылдағы тауарлы бетон және бетоннан жасалған құрылыс конструкцияларын өндіру 2 есеге, керамикалық кірпіш өндіру 2,2 есеге артты.

2015 жылы өңірлік индустрияландыру картасы шеңберінде Қызылорда қаласында қуаттылығы жылына 15,0 млн.дана керамикалық кірпіш шығаратын, сэндвич панельдер шығаратын зауыттар іске қосылды. Жыл соңына дейін қуаттылығы 80 мың куб метр темір-бетон бұйымдарын шығаратын үй құрылысы комбинаты іске қосылатын болады.

Сонымен қатар, индустриалды инновациялық даму бағдарламасының екінші бесжылдығын жүзеге асыру шеңберінде 2016-2019 жылдары құрылыс материалдарын өндіру саласында 7 жобаны (темір-бетон, асфальт-бетон бұйымдары, кірпіш, шыны) іске қосу жоспарланды.

Осындай ірі жобаларды іске қосу қалада импорт алмастырушы және экспортқа бағытталған өндірістің, шикізаттық емес сектордың үлесін арттыруға мүмкіндік береді.

Салада жұмыс атқаратын кәсіпорындар: бетоннан жасалған құрылыстық мақсаттағы бұйымдар шығаратын «КСМиК», «Мелиоратор», «Алагер» ЖШС-і және «Құрылыс» АҚ-ы, кірпіш өндіруші кәсіпорындар «Асар Құрылыс», «Мелиоратор», «Береке КЗ» ЖШС-і және «Шалқыбаев», «Қожаниязов» жеке кәсіпкерлер және т.б.

Жеңіл өнеркәсіп саласында 2014 жылы 223,8 млн.теңгенің өнімі өндірілді, жалпы өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі – 0,7% құрайды. Салада жұмыс істейтін кәсіпорындар «Ас-кА», «Озық», «Шах-Изат», «Сұлтан-Сүйрік», «Саңыраулар қоғамының оқу өндірістік кәсіпорны» ЖШС-і және Соқырлар қоғамының оқу-өндірістік комбинаты, басқалары. Осы кәсіпорындармен арнайы киімдер, медициналық халаттар, мектеп формалары, ұлттық киімдер, төсек жаймалары және басқалары өндіріледі. Шығарылған өнімнің негізгі тұтынушылары жергілікті денсаулық сақтау мекемелері, құрылыс және мұнай өндіруші компаниялары.



Отандық тауарөндірушілерді қолдау және жергілікті мазмұнды арттыру.

Ұйымдар мен мемлекеттік органдардың тауар, жұмыс және қызмет түрлерін сатып алуы кезінде қазақстандық мазмұн мәселелерінің негізгі міндеттерін орындау мақсатында, қазақстандық мазмұнды мемлекеттік сатып алуда ұлғайту, ұлттық өнім шығарушылармен байланысты нығайту және отандық өндірісті қолдау бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды.

2012 жылғы есептіліктің қорытындысы бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшілері және қала мектептері 1178 келісім-шарт нақты орындалып, оның жергілікті қамтуы 921,8 млн. теңгені немесе 88,8 пайызды құрады.

Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарда және кәсіпорындарда 1 -МС нысанындағы есеп бойынша жүргізілген мониторинг қорытындысында жыл бойынша 3556 сатып алу жүргізіліп, тауарлар сатып алуларда қазақстандық мазмұн үлесі 86,3 пайызды құрады .

Жұмыс және қызметті сатып алудың жергілікті мазмұн үлесі 91,3 пайызды құрады

2013 жыл қорытындысы бойынша қалаға қарасты мекемелері 1086 келісім шарт нақты орындалып, оның жергілікті қамтуы 18912,9 млн. теңге немесе 89,9 пайызды құрады.

Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарда және кәсіпорындарды 1-МС нысанындағы есеп бойынша жүргізілген мониторинг қорытындысына 2013 жыл бойынша сатып алу жүргізіліп, тауарлар сатып алулар қазақстандық мазмұн үлесі 86,9 пайызды құрады.

Жұмыс және қызметті сатып алудың жергілікті мазмұн үлесі 92,8 пайызды құрады.

ЭКСПО-2017 нысандарының құрылысы кезінде жергілікті өнімді пайдалану үшін «НК «Астана ЭКСПО-2017» АҚ-на Қызылорда қаласының тауарөндірушілерінің тізімі шығаратын құрылыс материалдарының тізімімен қоса жолданды.

Сонымен қатар отандық тауарөндірушілерді және жергілікті мазмұнды дамытуды қолдау мақсатында жергілікті тауарөндірушілердің қатысуымен форумдар, көрмелер және инвестициялық форумдар жыл сайын өткізіліп тұрады.



SWOT – талдау

Күшті жақтары (S)

Әлсіз жақтары (W)

1.Экономиканы әртараптандыру стратегиясын машина жасау, АӨК, құрылыс материалдары өндірісі, металлургияны дамыту арқылы жүзеге асырудың оң нәтижелері;

2. Барлық секторды дамыту үшін экспортқа бағдарланған мұнай-газ индустриясының әлеуетін пайдалану;

3. Өнеркәсіп саласында кадр даярлау бойынша көп салалы оқу орындарының және еңбек ресурстарының бар болуы;

4. Индустриялық аймақты дамыту арқылы инвестициялық тартымдылығын арттыру;

5. Технологиялық даму драйвері болатын ірі өндіріс кәсіпорындарының бар болуы.

1.Тау-кен өнеркәсібінің өңдеуші өнеркәсіптен басым болуы – тиісінше 3% және 94,4%;

2.Өнеркәсіпті әртараптандыру деңгейінің төмендігі;

3.Өнімдердің бәсекеге қабілеттігінің төмендігі, жергілікті кәсіпорындарда тапсырыс көлемінің төмендігі;

Мүмкіндіктері (O)

Қауіптері (T)

1. "100 нақты қадам" шеңберінде өнеркәсіпті дамыту;

2. 2015-2019 жылдарға арналған ҮИИД бағдарламасы шеңберінде өнеркәсіпті қолдау;

3. Бизнестің жол картасы-2020 бағдарламасы арқылы саланы қолдау;

1.Энергия тапшылығы әсерінен көрші аймақтарға тәуелді болуы;

2.Облыстағы ресурстарды ретсіз пайдалану әсерінен минералдық-шикізаттың сарқылуы.



Саладағы негізгі мәселелер:

Өнеркәсіпті әртараптандыру деңгейінің төмендігі;

Өнімдердің бәсекеге қабілеттігінің төмендігі;

Өнеркәсіпті орнықты дамыту үшін меншікті энергия өндіруші қуаттылықтың жеткіліксіздігі;

Инновациялық технологияны енгізу қарқынының жеткіліксіздігі.

Жергілікті кәсіпорындарда тапсырыстың аз көлемде болуы.



2.1.3. Агроөнеркәсіптік кешен

2015 жылғы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша ауыл тұрғындарының саны 22118 адамды құрады немесе Қызылорда қаласының жалпы тұрғындарының 8,2%. Жеке шаруашылық жетекшілерін есептемегенде ауыл шаруашылығы саласы жұмысшыларының жылдық орташа саны 1041 адам немесе қаладағы жалдамалы жұмысшылардың жалпы санының 1,2%, ауыл тұрғындарының 4,7%.

Қала бойынша ауылшаруашылық өнімдерін өндіру және қайта өңдеумен 300 ауылшаруашылық кәсіпорыны, 9 кәсіпорын тамақ өнімдерін өндіру және өңдеу өнеркәсібімен, 290 шаруа қожалығы айналысады.

Қаланың барлық жер қоры 235 988 гектарды құрайды, оның ішінде ауылшаруашылық мақсатындағы жерлер 167 794 гектар (71,1%), тыңайған жерлер 58 800 гектар, жайылымдық жерлер 157 376 (66,7%).

Қаланың ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі соңғы үш жылда 5,7% төмендеп, 2012 жылы 3230,2 млн. теңгеден 2014 жылы 3044,8 млн. теңгені құраған. Облыс бойынша 2014 жылы ауыл шаруашылығының өнімінің жалпы көлемі 48 238,1 млн.теңгені құраса, оның ішінде қаланың үлесі 6,3 пайызды құрап отыр. 2014 жылы көрсеткіштің төмендеуі егін шаруашылығында өндіріс көлемінің төмендеуі салдарынан орын алған: 2012 жылы 2027,6 млн. теңгеден 2014 жылы 1826,8 млн. теңгеге дейін (немесе 10,1%) азайған.

Ауыл шаруашылығы дақылдарының егісі әртараптандыру нәтижесінде 2012-2014 жылдары жемдік дақылдың көлемі 582,8 гектарға көбейіп, 2014 жылы 1522 гектарды құрады.

Қаланың ауылшаруашылық құрылымында егін шаруашылығы 61,7%, ал мал шаруашылығы 38,3% орын алады.

Егін шаруашылығы саласында қалаға қарасты шаруашылықтарда күріш, бидай, картоп, көкөніс және бақша өнімдері өсіріледі. Егіс көлемінің құрылымында күріш дақылының үлес салмағы 44% құрайды. 2014 жылы күріштің өңдеуден кейінгі салмағы – 11,7 мың тонна. Соңғы үш жыл ішіндегі күріш дақылының өнімділігі 39,1 ц/га -ден 40,2 ц/га-ға немесе 16% артты (кесте 4).

Қалада 10418 гектар суармалы жерлер бар, оның ішінде 7907 гектар инженерлік жоспарланған жерлер, 5041 гектар күріштің ауыспалы егістігі, мал азығы және көкөніс ауыспалы егістіктері 2662,9 гектар орын алады.



Кесте-4. 2012-2014 жылғы аралығындағы егін шаруашылығы серпінділік көрсеткіші

Ауылшаруашылық дақылдарының атауы

2012 ж

2013 ж

2014 ж

Көлем, га

Орта өнім ц/га

Жалпы жиын,мың. тн.

Көлем, га

Орта өнім ц/га

Жалпы жиын мың. тн.

Көлем, га

Орта өнім ц/га

Жалпы жиын,мың. т

Күріш

3113

39,1

12 172

2373

35,2

8 353

2910

40,2

11 650

Картоп

1000

138,4

13 840

1000

139,3

13 930

1000

109,0

10 896

Бақша

580

151,7

8 799

580

151,4

8 781

580

114,7

6 641

Көкөніс

931

143,1

13 323

931

145,2

13 518

932

113,6

10 581


Мал шаруашылығы саласында түйе және жылқы шаруашылығы дамуда. Атап айтқанда, 2012 жылды 2014 жылмен салыстырғанда жылқы шаруашылығы 28,7 пайызға өскен. Қаладағы түйе шаруашылығының 37,4%, жылқы шаруашылығының 29,6% Қосшыңырау ауылдық округінде өсіріледі.

Мемлекеттік «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында қалада 2012-2014 жылдар аралығында асыл тұқымды 816 бас МІҚ, 183 бас жылқы сатып алынды (кесте 5). Осыған сәйкес, 2014 жылды 2012 жылмен салыстырғанда МІҚ-ның басы 8242 басқа немесе 2,2 есеге, жылқының басы 674 басқа немесе 1,3 есеге көбейді.


Кесте-5. 2012-2014 жылдары субсидиялау бағдарламасы шеңберінде сатып алынған асыл тұқымды мал басы туралы мәлімет


Малдың түрі

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

МІҚ, бас

184

237

395

Жылқы, бас

-

-

183

2014 жылы қаланың өндіруші кәсіпорындарымен 9,5 млрд. теңгенің азық-түлік өнімдері өндіріліп, 2012 жылмен салыстырғанда 156,7%-ға өсті (2012 ж. 3,7 млрд. теңге).

Қызылорда қаласы бойынша азық түлік өндіру саласының 50%-н күріш өндірісі құрайды. Қала аумағында мемлекеттік стандартқа сәйкес келетін 7 күріш зауыты, шұжық өндіретін 3 кәсіпорын жұмыс жасайды.

Сүт өндірісін және ет өнімдерін дамыту үшін бірнеше жобалар ұйымдастыру керек. Қалада 2015 жылы «Жирен» ЖШС 500 бас МІҚ-ға бордақылау алаңы іске қосылды.

Қызылорда қаласы бойынша азық-түлік пайдаланудың Ұлттық мөлшеріне сәйкес азық түліктің маңызды түрлерін өндіру көлемі жеткіліксіз. Ет бойынша - 40,8%, сүт және сүт өнімдері - 11,5%, жұмыртқа - 1,6% ғана қажеттілігін қамтамасыз етеді. Негізгі себебі барлық ауыл шаруашылық малының 71,2% жеке меншікте, 28,8% – ауылшаруашылық кәсіпорындары мен шаруа қожалықтарының меншігінде болуына байланысты ет және сүт өнімдерін өндіру көлемінің 69% және 91% тиісінше үй шаруашылықтарының үлесінде болуы. Бұл өз кезегінде селекция жетістіктерін, алдыңғы технологияларды қолдануды қиындатады және тамақ өнеркәсібі, қайта өңдеу өнеркәсібін дамытуды тежейді.

Ветеринария.

Қала бойынша ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу бойынша ветеринарлық ұйымдар құрылды. Соңғы үш жыл ішінде ветеринарлық ұйымдардың материалдық-техникалық базасы нығайтылып, 7 ауылдық және 2 кент округінде ветеринарлық пункттер ашылды.

Жануарларды аурудан қорғау және емдеу, жануарлар мен адамдарға тән жалпы ауралардан халықтың денсаулығын қорғау, ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын бюджет қаржысы есебінен жануарлардың эпизоотиялық және энзоотиялық профилактикалық және диагностикалық зерттеулер шаралары жүргізіледі. Қала көлемінде типтік үлгідегі 9 мал қорымдары және 9 мал тоғыту ванналары бар.

Қалада ауылшаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстары атқарылып, деректер базасы жүргізіледі.

Бұл жұмыстарды жүргізу азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге оң әсерін тигізеді.

Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін сақтау мақсатында Қызылорда қаласында 3 мал сою алаңдары салынған, оның ішінде 1-і уақ мал сою алаңы. Барлық мал сою алаңдары күнделікті бақылауда, әр мал сою алаңында 1 ветеринарлық маманнан бекітілген. Мал сою алаңдарына келген ауылшаруашылығы жануарларының саулығына, ветеринариялық ілеспе құжаттарындағы деректеріне, яғни бірдейлендіру нөмірлеріне, ветеринариялық профилактикалық іс-шаралардың жүргізілуіне және етке сойылған жануарларды ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасынан алып тасталуына және Кеден одағы мемлекеттерінен базарларға түсетін өнімдердің ветеринариялық сертификаттарымен қабылдануына назар аударылады. Қала базарларына мал тегі өнімдерінің таза жіберілуіне ветеринариялық бақылау күнделікті жүргізіледі.

Қалада ішкі сауда объектілеріне келіп түскен ет өнімдерінің барлығы мал сою алаңдарында сойылған және ветеринариялық анықтамалармен тасымалданады. Ішкі сауда объектілеріндегі сатылып жататын мал өнімдері (ет, сүт өнімдері) міндетті түрде ветеринариялық анықтамамен қабылданады және ветеринариялық сараптама актісі негізінде сатылады.

Ішкі сауда объектілеріндегі ветеринарлық-санитарлық сараптама жүргізетін зертханалардың барлығы үй-жайлармен қамтамасыз етілген, жабдықтарға қойылатын белгіленген талаптарға сай құрал жабдықтармен жабдықталған және зертханалардың сапалы жұмыс атқаруына бөлім мамандары тарапынан күнделікті бақылау жүргізіледі.

Ауыл шаруашылық жануарларын аурулардан сақтау және емдеу, халықты адам мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау мақсатында жыл сайын бюджет қаражаты есебінен профилактикалық іс-шаралар, диагностикалық тексерулер жүргізіледі.

ҚР «Ветеринария туралы» Заңына қосымша өзгерістер енгізілуіне байланысты, Қызылорда қалалық ветстансасының жарғысына тиісті өзгерістер енгізілді. Қала бойынша эпизоотиялық және энзоотиялық ауруларға қарсы егу, қан алу, ауру жануарларды сою, жою және қаңғыбас ит, мысықтарды аулап жою аталған мекемеге міндеттелген. Аталған шаралардың жоспарға сәйкес және сапалы атқарылуын ұйымдастыру және бақылау бөлім қызметкерлерінің күнделікті міндеті.



SWOT –талдау:

Күшті жақтары (S)

Әлсіз жақтары (W)

1. «Сыбаға», «Құлан», «Алтын Асық» бағдарламалары аясында мал басының және өнімнің көбейуі экспорттың көлемінің артуына мүмкіндік береді.

2.Техниканың жылдам жаңаруы (Соңғы 3 жылда 172 бірлік алынды);

3.Алдағы егін науқанында 150 тонна картоп тапсыру туралы жергілікті ауылшаруашылық тауарларын өңдірушілермен фьючерлік келісім шарт жасалды

4.Арзан табиғи газбен қамтамасыз етілуі (қысқы мезгілде жылыжайларды жылумен қамтамасыз ету және басқа да қажеттіліктерге).

1.Тұқым мен малдың генетикалық тұрғыдан сапасының төмендігі;

2.Мал мен құстың жем-шөп қорының әлсіздігі;

3.Қаладағы мал өнімдерін өңдейтін өндірістің жоқтығы (жүн, тері және қаракөл елтірісі);

4.Ауылшаруашылық техникаларының тозығының жетуі;

5.Ауылшаруашылығы құрылымдарының қажетті техникаларды сатып алудағы қаржылық қиындықтары;

7.Ауылшаруашылық өндірісінің майдалануы;

8.Еттің және сүт өндірісінің негізгі үлесі жеке қожалықтарда өңдіріледі (69% және 91%);



Мүмкіндіктері (O)

Қауіп-қатер (T)

1.Ауылшаруашылығын дамыту үшін топырақтық-климаттық жағдайдың қолайлығы;

2.Жайылымдық жерлердің болуы;

3.Жаңа инновациялық аграрлық технологиялардың енуі;

4.Ішкі нарыққа кіру мүмкіндігі;

5.Саланы мемлекеттік қолдаудың белсенділігі;

6.Сервистік дайындау орталығы, кооперативтер, өңдеу нысандарын құру арқылы жеке өңдірушілерді біріктіру;

7.Мал шаруашылығы, оның ішінде ет бағыты экспорттық потенциалда басты орын алады.

1.Табиғат сипатындағы тәуекелдер (құрғақшылық, үсік шалу, жылу жетіспеушілік, артық ылғалдылық, бұршақ, дауыл, өсімдік және малдың жаппай ауруға ұшырауы);

2.Импортталатын арзан ет, сүт өнімдерінің жоғары тәуекелділігі;

3.Нарықта тауар толыққан жағдайда өндіру көлемінің азаюы.

Саладағы негізгі мәселелер:

қолда бар ауыл шаруашылығы техникаларының тозығы жетуі;

шаруашылық құрылымдардың қажетті көлемде техника сатып алуға мүмкіншіліктерінің жоқтығы;

ауыл шаруашылығы өндірісінің майдалануы;

азық-түлік тауарларының ішкі нарығында терең өңделген өңірлік тауарлар үлесінің төмендігі;

экономиканың аграрлық саласына инвестиция тарту деңгейінің төмендігі;

жайылымдық жерлердің тозуы;

жайылымдардағы суландыру мәселелерінің уақытылы шешілмеуі

өңірде мал шаруашылығы өнімдерін (жүн, тері, елтірі) өңдейтін кәсіпорындардың болмауы.

2014 жылы облыстық бюджет есебінен сатып алынған кент, ауыл округтеріндегі 9 ветеринариялық пункттерді ұстап тұру шығындарына қаржы жетіспеуде. Бұл жөніндегі мәселе облыс көлемінде шешімін таппай, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсынылды.



2.1.4. Шағын және орта бизнес, сауда
Шағын және орта бизнес аймақ экономикасының өсуінің басты факторларының бірі болып табылады және әлеуметтік саланы дамытуда маңызды роль атқарады.

Шағын және орта кәсіпкерлікте тіркелген субъектілердің саны қала бойынша 2014 жылы 25796 бірлікті немесе өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 98,8% құрап отыр (2013 жылы 26104 бірлік). 2013 жылды 2012 жылмен (24835 бірлік) салыстырғанда 5,1% артқан.

Шағын және орта кәсіпкерлік құрылымында тіркелген субъектілердің басым үлесін жеке кәсіпкерлер құрайды (2012-2014 жылдары орта есеппен алғанда – 77%), заңды тұлғалар орта есеппен алғанда 23% құрайды.

Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 2012 жылы 30234 адамды құрады. 2013 жылы жұмыспен қамтылғандар саны 36927 адамды құрап, 2012 жылмен салыстырғанда 22,1% артты. 2014 жылы жұмыспен қамтылғандар саны 37612 адамды құрап, 2012 жылмен салыстырғанда 24,4% немесе 7378 адамға өсіп, ал 2013 жылмен салыстырғанда жұмыспен қамтылғандар саны 1,8% немесе 685 адамға өсті.

Шағын және орта кәсіпкерлік құрылымында жұмыспен қамтылғандардың 50,3% жеке кәсіпкерлер және 49,6% заңды тұлғалар құрап отыр.


Каталог: upload -> files
files -> Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенцияны ратификациялау туралы
files -> «II, III және IV санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
files -> Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін "Үздік педагог" атағын беру және мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің
files -> Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы
files -> Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы
files -> Есэдо го (версия 13. 2) Копия электронного документа. Положительный результат проверки эцп
files -> «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру»
files -> «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Қазақстан республикасы
оқыту мақсаттары
білім беретін
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
республикасы білім
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
қызмет стандарты
арналған жиынтық
болып табылады
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
жалпы білім
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Әдістемелік кешені
Инклюзивті білім
республикасының білім
туралы жалпы
білім берудің
Қазақстанның қазіргі
туралы хабарландыру
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
пайда болуы