Қызылорда қалалық мәслихатының кезекті XXXXXI сессиясының 2015 жылғы «24» желтоқсандағы 51/3 шешімімен бекітілді


Кесте 47. Қайта жаңғыртылған жылу желілерінің үлесі



бет12/16
Дата16.01.2017
өлшемі311.27 Kb.
#252
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Кесте 47. Қайта жаңғыртылған жылу желілерінің үлесі



Көрсеткіш атауы


Өлшем бірлігі

2012 ж


2013 ж


2014 ж


1

Жалпы ұзақтықтан жаңғыртылған желілердің үлесі:

%













Жылу жүйесі

%

3,87

2,17

0,43

2

Жаңғыртылған желілердің ұзақтығы
















Жылу жүйесі

км

6,25

3,50

0,7


2.5.4. Газбен жабдықтау.

Қызылорда облысының территориясында 846,0 шақырымға «Бейнеу-Шымкент» магистралды газ құбыры жүргізілген, оның ішінде Қызылорда қаласы аумағынан 150 шақырымы қиып өтеді.

Сонымен қатар газдың инфрақұрылымында 1БГРП, 39 ГРП, 105 ШРП болады және газ құбырлары 202,7 км жоғарғы, 5,84 км ортаңғы, 939,76 км төменгі қысымды салынған, жалпы ұзындығы 1148,3 шақырымды құрайды.

2004 жылдан бастап Қызылорда қаласының халқы табиғи газбен қамтамасыз етілуде. Бүгінде қаладағы 517 көп қабатты тұрғын үйлер (23820 пәтер), 28211 жеке тұрғын үйлер және 1022 әлеуметтік-тұрмыстық нысандар табиғи газбен қамтамасыз етілген.

2012 жылы қала аумағындағы 482 (22492 пәтер) көп қабатты тұрғын үйлер және 18 841 жеке сектордағы тұрғын үйлер, 662 коммуналдық тұрмыстық нысандар (2 өнеркәсіптік, 599 ірі, орташа және кіші коммуналдық тұрмыстық нысандар, 15 бюджеттік мекемелер, 46 әлеуметтік нысандар) ілеспе газға қосылды. Сонымен қатар «Қызылорда қаласының жаңа мөлтек аудандарын газдандыру» жобасы аясында, 200,9 км жоғары және төменгі қысымдағы газ құбырлары жүргізіліп, 6 газ реттегіш пункті және 5 шкафты газ реттегіш пункті орнатылды.

Елді мекендерді газдандыру бойынша:

«Қызылжарма ауылдық округін переспективалық дамуымен газбен жабдықтау» жобасының құрылысына республикалық бюджеттен бөлінген 388,8 млн. теңгеге, қоса қаржыландыруға бөлінген 43,2 млн. теңгеге жалпы ұзындығы 54,3 шақырым газ құбырлары жүргізілді.

«Тасбөгет кентінде болашақта дамуының газбен қамту құрылысы» жобасының құрылысына бөлінген 336,9 млн. теңгеге және қоса қаржыландыруға бөлінген 37,4 млн. теңгеге 61,4 шақырым газ құбырлары жүргізілді.


2.5.6. Тұрғын үй қоры.

Қызылорда қаласында көп пәтерлі тұрғын үйлер саны - 697, оның ішінде 558-і немесе 80,1 % күрделі жөндеуді қажет етеді.

«Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында 2011-2014 жылдары республикалық бюджеттен 2929,6 млн. теңге бөлінді. Барлығы 100 көпқабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өткізілді.
Кесте 48. Көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеудің көрсеткіштері


Атауы

Барлық көп қабатты тұрғын үйлер, бірлік

Оның ішінде күрделі жөндеуді қажет ететін тұрғын үйлер, (1.01.11)

Күрделі жөндеуден өткізілген тұрғын үйлер, 2011-2014 жылдар

бірлік

%

бірлік

%

Қызылорда қаласы

697

558

80,1

100

14,3

2011-2015 жылдар аралығында көп пәтерлі тұрғын үйлердің күрделі жөндеуді қажет ететіні 80,1%-н (558 тұрғын үй), 65,7%-ға (458 тұрғын үй) төмендеген.



Кесте 49. 2011-2014 жылдар ішінде күрделі жөндеу жүргізілген тұрғын үй үлесі



Атауы

Өлшем бірлігі

2011 жыл

2012 жыл

2014 жыл

1

Күрделі жөндеуден өткізілген тұрғын үйлер

бірлік

17

11

72

2

Кондоминиум объектісінің үлесі ұлғайту

%

2,4

1,6

10,3

3

Кондоминиум объектісінің үлесі, күрделі жөндеуді қажет ететін тұрғын үйлер

%

77,6

78,5

69,7

2015 жылы Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы аясында қаладағы 15 көппәтерлі тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, қосымша қайтарымды қаражат есебінен 3 көппәтерлі тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.


SWOT-талдау

Күшті жақтары (S)

Әлсіз жақтары (W)

1.Орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділігі бар халықтың үлесінің өсуі - 75%

2.Газбен жабдықтау жүйесінің қарқынды дамуы және елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету

3.«Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасы аясында қайта жаңғырту, инженерлік-инфрақұрылымды, сонымен қатар елді мекендерді ауыз және кәріз су жүйесіне қол жетімділігін арттыру

4.«Нұрлы жол» инфрақұрылымдық дамудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында 14 жобаны іске асыру барысында жылу жүйесінің тозуы 48,0%.



1.Ауыз су және кәріз су құбырларының тозу басымдылығы

2.Су жүйелерінің ысыраптары (17-18%);

3.Елді мекендерде орталықтандырылған су тазарту станциясы жетіспеушілігі;

4.Жылу жүйелерінің (жабдықтар мен қазандықтар) техникалық жағдайының төмендігі

5.Елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету

6.Күрделі жөндеуді қажет ететін кондоминумның жоғарғы үлесі



Мүмкіндіктері (О)

Қауіптері (Т)

1.«Қызылорда жылуэлектрортылығы» МКК-ның қайта жаңғырту және кеңейту жұмыстары өзге аймақтардан электрэнергиясын алу азайтуға мүмкіндік беру

2.Кәріз жүйелерін және насостық кәріз стансиясын қайта жаңғырту

3.Жер үсті суларын жұмсарту мақсатында бас тоған имараты арқылы ауыз су сапасын жақсарту

4.«Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасы аясында көпқабатты тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қажетті қаражаттың артуы



1.Инфрақұрылымға және коммуналдық шаруашылық құрылысын қайта жаңғырту үшін бюджет қаржысының қысқаруы


Саладағы негізгі мәселелер:

1) Қаланың шет аймақтарында орналасқан көшелерді жалпы ұзындығы 25,5 шақырым болатын орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтамасыз ету.

2) Тасбөгет қыстағындағы «Бас тоған имаратынан» қала орталығына дейінгі негізгі басты су жеткізуші д-720мм, ауыз су құбырының жалпы ұзындығы 7,0 шақырымы апаттық жағдайда тұр. Қысымды су жеткізуші болат құбыры (стальной трубы) 1962 жылы салынған, қазіргі таңда қызмет көрсету мерзімінен асып, су таратушы құбырдың 90 пайызы тозығы жеткен.

3) Лапин көшесінен бастап Хон-Бен-До көшесіне дейінгі аралықтағы Бейбітшілік көшесіндегі д-300мм болатын жалпы ұзындығы 1,1 шақырымды құрайтын ауыз су жүйесі ақаулы жағдайда.

4) Қала тұрғындарының 50% орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылмаған, яғни жеке тұрғын секторындағы 23 мыңнан астам абонент сарқынды лас суларын құдыққа жинап, арнайы автокөліктері арқылы тартқызады. (Оның ішінде заңды тұлғалардың ішіндегі автокөлік жуу орталықтары, монша, шаштараз, кафе, тойханалар және т.б). Сарқынды лас сулар кәріз су жүйесі арқылы төгілгендіктен, орталық кәріз су жүйелері бітеліп, ақаулы жағдайлар орын алады. Қала тұрғындарының экологиялық жағдайын нашарлатып, қоршаған ортаға зиян келтіруде.

5) Қазіргі таңда қажет ететін 558 тұрғын үйдің, 100 көпқабатты тұрғын үйлері қайта жаңғыртылып, тұрғындар тарапынан қайтарымды қаражаттың жиналуы төмен, келісім-шартта көрсетілген тиісті қаржы төленбеуде.

2.6. Бағыт: Экология және жер ресурстары

2.6.1. Қоршаған орта ахуалы

Негізінен мұнай-газ кешені, химия өнеркәсібі, энергетика, құрылыс және өңдеу өнеркәсібі және автотранспорт салаларындағы кәсіпорындары тарапынан шығарылған зиянды заттар есебінен атмосфералық ауаның ластануы орын алады.

2014 жылы өнеркәсіп кәсіпорындарымен атмосфераға шығарылған зиянды заттар көлемі 22,5 мың тонна болып, 2012 жылмен салыстырғанда 5 пайызға азайған.

2012-2014 жылдардағы тұрақты көздерден зиянды заттардың атмосфераға шығарылу серпіні диаграммада көрсетілген

Атмосфералық ауаны ластайтын тұрақты көздерден шыққан зиянды заттардың жалпы санына ұсталғаны 2012 жылы 2,1 пайыз болса, 2014 жылы – 4 пайызға жетті.



2.6.2. Тұрмыстық қатты қалдықтармен ластануы

Қызылорда қаласындағы тұрмыстық қатты қалдықтарды (ТҚҚ) жинайтын полигон қаладан 20 км қашықтықта яғни, Белкөл кенті тұсында орналасқан жалпы жер көлемі 20 га. Қазіргі уақытта тұрмыстық қатты қалдықтарды полигонда сорттайтын және жарайтын қалдықтарды қайта өңдейтін, залалсыздандыру шаралармен 40 адам жұмыс жасауда.

«Ибрайхан и К ЛТД» ЖШС-гімен қалалық полигонның қоршаған ортаға әсерін бағалау жобасы (ОВОС) алынған. Сонымен қатар, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Арал-Сырдария экология департаментінен берілген экологиялық сараптамасы бар.

ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі экологиялық реттеу және бақылау комитетінен алынуға тиісті қоршаған ортаға эмиссия үшін берілетін рұқсат құжаттары толық рәсімделіп алынған.

Қалалық ТҚҚ полигоны бақылау өткізу пункінің ғимаратымен, көлікпен жеткізілген қалдық көлемін өлшейтін таразы және электр жүйесімен, су ұңғымасы орнатылып, сумен қамтамсыз етілген.

Полигон аумағында төрт жерден бейне бақылау камералары орнатылған, сыртқы аумағы сым тормен қоршалып, көгалдандыру мақсатында 250 түп ағаш отырғызылып, күтіп бапталуда. Сондай-ақ, қаланың санитарлық – эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, қоқыс тасымалдайтын арнаулы көліктерді жуатын орын арнайы жабдықталып, іске қосылды. Сонымен бірге, полигонның санитарлық қорғаныс аймағында екі жерден тереңдігі 30 метрлік бақылау ұңғымасы қазылған.

Осыған орай, жылына 2 мәрте «Қалалық санитарлық – эпидемиологиялық қадағалау басқармасы» мемлекеттік мекемесі тарапынан су пробасы алынуда.

Жиналған және құралған тұрмыстық қатты қалдықтарды төмендетумен қалдықтарды басқару бағдарламасының тиімді орындалуына «Ибрайхан и К ЛТД» ЖШС-гі күшімен жылына 4-5 мәрте сараптама қорытынды жасалып тұрады.

Полигонда ҚР экологиялық Кодекс талаптарына сәйкес, қайта өңдеуге жарамды қалдықтар құрамын (макулатура, пластик, т.б.) түріне, түсіне қарай сұрыпталып, алынып, қалған жарамсыз бөлігін көму жұмыстары жолға қойылған.

Қалалық ТҚҚ полигонынан сұрыпталып алынған қалдықтың жарамды құрамын қайта өңдеп кәдеге жарату мақсатында, полигон жанындағы серіктестіктің жеріне жарамды қалдықтардан әр түрлі өнімдер шығаратын цехтар жабдықталып, қазіргі таңда жұмыс жасалуда.

Тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару мақсатында Қызылорда облысы әкімдігі және қалалық әкімдік және Европалық қайта құру және қайта жаңғырту банкімен (ЕҚҚБ) арасында үш жақты меморандумға қол қойылып, қала аумағынан 20 га жер телімі бөлініп берілді.

Тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару жүйесін жаңғырту бағдарламасы негізінде Қызылорда қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға және өңдеу полигонын салу жобасы - экологиялық жағынан маңызды, әрі өзекті мәселелердің бірі.

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің талаптарына сәйкес сұралған жер учаскесіне алдын ала таңдауды облыстық жер қатынастары басқармасы мамандарымен жүргізіліп, жер учаскесінің алдын ала таңдау актісі және жер учаскесінің шекарасының жобасы Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасымен рәсімделді.

Осыған орай, қолданыстағы заңдылықтар шеңберінде Қызылорда қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу полигонын салу үшін қала аумағынан көлемі 20 гектар жер учаскесінің құжаттарын рәсімдеп беру мақсатында, қазіргі таңда құзырлы органдардан арнайы оң қорытынды алу жұмыстары жүргізілуде.

Қаланың шығыс беткейіндегі Белкөл кенті аумағынан жалпы ауданы 20 га жер учаскесіне инженерлік-геологиялық зерттеу жұмыстарына 3,0 млн теңге бөлініп тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Қызылорда қаласында жалпы ұзындығы 32,3 км болатын 17 канал және 55 км-дей арықтар бойынша қаланың 30 пайызы аяқ сумен қамтылған. Осы мәселені шешу үшін қаланы және оған қарасты елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында жоба сметалық құжаттамалары мемлекеттік сараптама қорытындысымен әзірленді. Қазіргі уақытта жобаны республикалық бюджеттен қаржыландыру бойынша жұмыстар атқарылуда.


Жер ресурстары

Қызылорда қаласының жалпы жер қоры 235 988 гектар, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 52 357 гектарды (22,2%) құрайды, егістік жерлер-7 078 гектар (13,5%), шабындық жерлер-1 051 гектар (2%), жайылымдық жерлер-34 776 гектарды (66,4%) және басқа жерлер 8 683 гектарды (16,6%) құрайды.

Қызылорда қаласының әкімшілік аумағы 30 556 гектар (12,9%) жерді алып жатыр. Қазіргі таңда Қызылорда қаласы бойынша заңды тұлғалардың жер пайдалануы бойынша 10 жер пайдаланушының жер көлемі-5 079 гектар (9,7%) болса, жеке тұлғалардың 468 жер пайдаланушының жер көлемі- 40 312 гектарды (77%) құрайды.

Қызылорда облысының климаты өте континентті, жазы ұзақ ыстық, құрғақ және қысы аз қарлы қысқа, суық.

Қызылорда қаласының топырақ-өсімдік жамылғысының басым бөлігі шөл ретінде жіктелуі мүмкін. Сондай-ақ Қызылорда қаласының топырағының көп бөлігінің ортақ белгілері бар: жоғары карбонаттылығы, топырақ ерітіндісінің сілтілік реакциясы, суда ерігіш тұздардың болуы, қабаттық құрылым, қарашірік құрамының аздығы.

Жалпы алғанда аймақтың табиғи-климаттық жағдайы күрделі, жазғы уақыттағы жоғары температураға және топырақтағы қарашірік қорының аздығына байланысты ауыл шаруашылығы өндірісінде бақша дақылдарын және күріш дақылын егу барынша тиімді.

Қызылорда облысы Қазақстандағы ең ірі күріш өндіруші болып табылады, сонымен қатар аймақта тұқым шаруашылығы бойынша тиісті базасы бар Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты орналасқан. Аймақта өндірілген күріш ішкі нарыққа жеткізуге, сондай-ақ Орталық Азия (Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан) елдеріне импорттауға бағытталған.

Жердi ұтымды және тиімді пайдалану - тұрақты, қамтамасыз етілген, тәуелсіз және салауатты келешек ұрпақтың негізі болып табылады. Жерді тиімсіз пайдалану, ауыл шаруашылығы дақылдарын егу технологиясын сақтамау фактілері топырақтың құнарлы қабатының тозуына және жердің сапалық жай-күйінің нашарлауына әкеледі, демек, құнарлылығын жоғалтқан жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына қайтару қажет.

2012-2015 жылы жер сауда-саттығы (аукциондар, конкурстар) арқылы ауыл шаруашылығы айналымына жалпы көлемі 12 937 га (24,7%) 167 жер телімдері сатылып, қайта айналымға қосылды.

Жерлер босалқы жерлер құрамынан, сондай-ақ мемлекет меншігіне қайтарылған жерлерден берілді, пайдаланылмаған жерлерді түгендеу бойынша жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 2012 жылы көлемі-7 940 га (3,4%), 227 учаске (оның ішінде сауда-саттықта 1 980 га (24,9%);

2015 жылы ауыл шаруашылығы айналымына көлемі 3 040 га (1,3%) 29 жер учаскені енгізу жоспарланған, алайда бұл жұмыстар жүргізілмей 100 га жер учаскесі сауда-саттықта сатылды.

Жалпы жер құрамында ауылшаруашылығы алқаптары қаланың көлемінің 93,9% құрайды.

Қызылорда облысының топырақ-өсімдік жамылғысы шөлді аймаққа жатады. Жалпы жер көлемінен суару жүйесін қоса алғанда Сырдария өзенінің аумағында жартылай шөлді аймақтар-20%, шөлді аймақтар-55% құрайды. Жылу және күн ресурстар бойынша Қызылорда облысы көптеген дақылдарды өсіру үшін қолайлы болып табылады, бірақ жауыншашынның аз мөлшері болғандықтан ауыл шаруашылығы суару негізделген, өйткені, инженерлік және дренаждық жүйелерімен қамтамасыз етілген суаруға негізделеді.

Есепті кезеңде, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің көлемі


52 357 га құрайды.

Жерді ұтымды пайдалану мақсатында жергілікті атқарушы органдардың шешімімен инженерлік-дайындалған жерлерде ауыл шаруашылығы дақылдарын ғылыми-негізделген ауыстыру (ротация) енгізілген, жерді пайдалану барысында жер пайдаланушылар (меншік иелері) мұны сақтауы міндетті шарт болып табылады.

Қызылорда қаласының 2014 жылғы жер есебі бойынша 5 655 гектар (2,4%) егістік жер айналымға қосылған, оның ішінде 2015 жылы 2 191, гектар жер учаскесіне ауыл шаруашылығы дақылдары егілді, өсімдік айналымы 48% құрады.

Қызылорда қаласы бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі 52 357 га. Сонымен қатар, 2013 жылы 433 шаруа қожалығының жер көлемі 38086 га (22,6%), 2014 жылы 514 шаруа қожалығының жер көлемі 44020 га (26,2%), 2015 жылы 468 шаруа қожалығының жер көлемі 40312 га (24%) құрады.

2016 жылы көлемі 5700 га ауыл шаруашылығы мақсатындағы 27 жер учаскесін сауда-саттыққа қою жоспарлануда. Барлығы 2016 жылы 495 шаруа қожалығының барлық жер көлемі 46 012 гектарға ұлғаяды деп күтілуде.
SWOT – талдау

Күшті жақтары (S)

Әлсіз жақтары (W)

  1. Бос жатқан жерлердің бар болуы

  2. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді пайдалануды ұлғайту

  1. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдаланбау

  2. Білікті мамандардың жетіспеушілігі

Мүмкіндіктері (O)

Қауіптері (T)

  1. Жерді ұтымды пайдалану

  2. Жерді тиімді пайдалануды арттыру үшін тыңайтқыштар пайдалану

  3. Білікті мамандар даярлау

  4. Ауыл шаруашылық өндірісінің тиімділігін арттыру

  1. Топырақтың тұздануы және құнарлылығының төмендеуі.

Саладағы негізгі мәселелер:

аймақ экологиялық апат аймағы болып табылады;

ауаға ластанған заттардың көптеп тарауы.

қоршаған ортаны қорғауға бөлінетін бюджеттік қаражаттың жеткіліксіздігі;

қайта жаңғыртуға және құрылысын салуға қаражаттың жетіспеуінен тазалау нысандары жұмыстарының тиімсіздігі;

ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдаланбау;

білікті мамандардың жетіспеуі.

Бағыт: Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

Мемлекеттік қызмет көрсету. 2015 жылдың басынан бері мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізіліміне сәйкес, қала әкімдігіне қарасты дербес бөлімдермен 84 мемлекеттік қызмет түрі бойынша өтініштер қабылданған.

Оның ішінде қызмет алушылардың өтініштерін қабылдау және нәтижелерін беру мемлекеттік қызметтердің 35 түрі бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы (2012 жылы ХҚКО арқылы 20 қызмет түрі жүзеге асырылған) және 40 түрі үкіметтің электрондық порталы арқылы жүзеге асырылған (2012 жылы «ҮЭП» арқылы 13 қызмет түрі көрсетілген, яғни 2012 жылмен салыстырғанда «ҮЭП» арқылы жүзеге асырылатын қызметтердің түрі 3 есеге артқан).

2015 жылдың 1 желтоқсанына қызмет алушыларға барлығы 134141 қызмет көрсетілген (2012 жылы 98073 қызмет көрсетілген) немесе 136,7 пайызға өскен.

Атап айтқанда ЖАО 85147 өтініш, ХҚКО 41738 өтініш қабылданған (жалпы көрсетілген қызметтердің 31% ХҚКО арқылы, 2014 жылы – 21,3%).

Сонымен қатар, «ҮЭП» арқылы 7256 өтініш қабылданып жалпы көрсетілген қызметтердің 6% құраған (2013 жылмен салыстырғанда «ҮЭП» арқылы көрсетілетін қызметтердің саны 5377, яғни көрсеткіш 35% артқан).

Қазіргі таңда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру мақсатында ішкі бақылау тетіктері күшейтіліп, қызмет көрсету мерзімдерінің сақталуына бағытталған күнделікті мониторинг жүргізілуде.

Ішкі бақылауға сәйкес 2015 жылдың басынан бері 18 қызмет алушының өтініштері стандартқа сәйкес белгіленген көрсету мерзімі сақталмай бұзушылықпен көрсетілген (2012 жылы 1037 мерзім бұзушылыққа жол берілген, яғни 2012 жылмен салыстырғанда 2014 жылы 98% төмендеген).

Атап айтқанда, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен - 4 өтінім, қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімімен – 1 өтінім, қалалық жер бөлімімен – 13 өтінімнің мерзімі сақталмаған.

Осы ретте мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерінің талаптарын бұзғаны үшін дербес бөлімдермен ведомстволық бағыныстағы мекемелердің 8 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылған, оның ішінде 6 «ескерту», 1 «сөгіс» және 2 «қатаң сөгіс».

Сонымен қатар, 2015 жылы қала әкімі аппаратымен мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында 10 аппараттық оқу өткізілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу және сапалы қызмет көрсету барысында дербес бөлімдермен қызмет көрсету «Е-собес», «Еңбек нарығы», «Әлеуметтік көмек», «АХАЖ» АЖ, «Электрондық үкіметтің» өңірлік шлюзі, «Е-лицензиялау» Мемлекеттік деректер қоры, «Халыққа қызмет көрсету орталығының» интеграцияланған ақпараттық жүйелері арқылы жүзеге асырылады. Аталмыш жүйелердің қолданыста болуы мемлекеттік қызмет көрсету барысында мониторинг жасауға, сапалы қызмет көрсетуге және мерзім бұзушылықтардың алдын алуға негіз болғаны сөзсіз.

Атап өтсек, қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі жөнінде хабардар ету мақсатында 2015 жылдан бері жалпы 16 шара өткізілген, оның ішінде 2014 жылы жария талқылаулар – 10, «Ақмешіт апталығы» басылымына мақала жариялау – 2, «ҚОҒАМ ТВ» телеарнасында сұхбат беру – 4. (2014 жылы жалпы 7 шара өткізілген, оның ішінде «ҚОҒАМ ТВ» телеарнасында сұхбат беру, «Ақмешіт апталығы» басылымына мақала жариялау).

Сонымен қатар көрсетілетін қызметті алушыларға «Электронды үкімет» порталы және «бір терезе» қағидасы бойынша ХҚКО арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы үгіт-насихат жұмыстары бөлім қызметкерлерімен тұрақты жүргізіледі.


Каталог: upload -> files
files -> Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенцияны ратификациялау туралы
files -> «II, III және IV санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
files -> Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін "Үздік педагог" атағын беру және мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің
files -> Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы
files -> Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы
files -> Есэдо го (версия 13. 2) Копия электронного документа. Положительный результат проверки эцп
files -> «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру»
files -> «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Қазақстан республикасы
оқыту мақсаттары
білім беретін
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
республикасы білім
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
қызмет стандарты
арналған жиынтық
болып табылады
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
жалпы білім
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Әдістемелік кешені
Инклюзивті білім
республикасының білім
туралы жалпы
білім берудің
Қазақстанның қазіргі
туралы хабарландыру
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
пайда болуы