Қызылорда қалалық мәслихатының кезекті XXXXXI сессиясының 2015 жылғы «24» желтоқсандағы 51/3 шешімімен бекітілді


Кесте 42. 2012-2014 жылдардағы Қызылорда қаласы бойынша автомобиль көлігімен тасымалданған жолаушылар санының және жүк тасымалының өзгеру динамикасы



бет11/16
Дата16.01.2017
өлшемі311.27 Kb.
#252
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Кесте 42. 2012-2014 жылдардағы Қызылорда қаласы бойынша автомобиль көлігімен тасымалданған жолаушылар санының және жүк тасымалының өзгеру динамикасы.

Көрсеткіштер

өлшем бірлігі

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

%

%

%

Жолаушы тасымалдау

млн.

жолаушы


168,6

120,5


182,9

108,5


206,3

112,8


Жүк тасымалдау

млн.


тонна

45,3


101,0

48,5


107,1

48,8


100,6
Статистика мәліметтеріне сәйкес соңғы үш жылдағы автомобиль көлігімен тасымалданған жолаушылар және жүк тасымалының оң өзгеріс динамикасын байқауға болады.

2014 жылы барлық меншік түріндегі тасымалдаумен айналысатын кәсіпорындармен 206,3 млн.жолаушы тасымалданып, өткен жылмен салыстырғанда 12,8% өсім қамтамасыз етілсе, 2012 жылмен салыстырғанда 37,8 млн.жолаушыға немесе 22% артық тасымалданды. Облыс бойынша тасымалданған жолаушылардың 80 пайызы Қызылорда қаласының үлесінде.

Бүгінгі күні қаладағы аялдама кешендерінің тозығы жетіп, ауыстыруды қажет етеді. 2013-2014 жылдары барлығы 108 аялдама орнатылды. Бұл жалпы қажеттіліктің 42% ғана құрайды. Қалған 225 аялдаманы орнату кезең кезеңмен жүргізіледі.

Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол қатынастарын реттейтін бағдаршамдардың маңызы зор. Бүгінгі күні қала көшелерінің қиылыстарында және көшелерде барлығы 33 бағдаршам объектілері орналасқан, оның ішінде 31-і жаңа үлгідегі бағдаршам. Қосымша көше қиылыстарына 15 комплект және көше бойларына 10 комплект бағдаршам қажет етіледі.

Бүгінгі күні ұзындығы 116,1 км болатын 50 көшеде жаяу жүргінші жолдары жөндеуден өткізілген. Қызылорда қаласы бойынша 765 көше бар екенін ескерсек 6,5% ғана қамтылған. Бұл жұмыстар кезең-кезеңмен жүргізілетін болады.

Автомобиль көлігі

Қызылорда қаласы аумағы арқылы Қытаймен, оңтүстік-шығыс Азия елдерімен, батыс және шығыс Европамен, Ресеймен байланыстыратын «Батыс Европа-Батыс Қытай» халықаралық автожолы өтеді. Сондай-ақ осы жол арқылы еліміздің оңтүстігімен (Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстары) және Батыс Қазақстанмен байланыс орнатылған. Сонымен қатар сыртқы республикалық маңызды автомобиль жолдары: Самара-Шымкент автожолы Қызылорда қаласын Батыс Қазақстанмен автомобиль байланысымен қамтамасыз етеді; Қызылорда-Павлодар автожолы Қызылорда қаласын Орталық Қазақстанның аудандарымен автомобиль байланысын қамтамасыз етеді; Қызылорда-Шымкент-Алматы Қызылорда қаласын Оңтүстік Қазақстанның аудандарымен байланыстырады. Сонымен қатар, қала аумағы арқылы қаланы аудан орталықтарымен байланыстыратын Жалағаш бағытындағы және Шиелі бағытындағы автотрассалар өтеді.

Қала көшелері тұрғын аудандары арасын, әкімшілік-мәдени орталықтарын, негізгі жұмыс орындары нысандарын негізгі көлік байланысымен қамтамасыз етеді. Қазіргі таңда жалпы ұзындығы 612 км болатын 765 көше бар. Оның ішінде ұзындығы 485,1 км құрайтын 586 көше – асфальт жабындысымен, ұзындығы 88,4 км болатын 92 көше – тас жол және ұзындығы 37,6 км болатын 87 көше қара жол.

Соңғы үш жыл ішінде қала көшелеріне 11,3 млрд.теңге бөлініп, 210 км құрайтын 215 көшеге қайта жаңғырту, күрделі және орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 2011 жылы 67%, 2012 жылы – 68,8%, 2015 жылы 76,6% артты.

Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Абай даңғылы бойында, Болашақ университеті қасына және Жайна базары аумағына жаяу жүргіншілер көпірі салынды.

Қала экономикасын дамыту міндеттері қуатты көлік-коммуникация желісін құруды және оны жаңартуды талап етеді. Осы мақсатта қалалық бюджеттен төмендегі жобалардың жоба сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған:

«Қызылорда-Жезқазған трассасынан индустриялық аймаққа дейін айналма жол құрылысын салу» - құны 1 180 829,8 мың теңге;

«Қызылорда қаласында индустриялық аймақтан қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына дейін» - құны 170 188,8 мың теңге.

Бұл жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде болашақта индустриялық аймақпен көлік байланысын қамтамасыз етеді және үлкен салмақты жүк көліктерінің қозғалысын Қызылорда қаласынан айналып жүруіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар қаланың орталық көшелеріндегі көлік ағынын азайту нәтижесінде жол көлік оқиғаларын 15% азайтуға, орталық көшелерді жөндеуге кететін жыл сайынғы бюджет шығындарын үнемдеуге мүмкіндік болады. Экономикалық тұрғыдан әсері жобаларды жүзеге асыру мерзімінде жаңа жұмыс орындарының ашылуымен, жобаны аяқтаған соң қаланың сол жақ бөлігінде шағын және орта бизнес нысандарының ашылуына байланысты жаңа жұмыс орындары, жаңа өндіріс орындарының іске қосылуымен сипатталатын болады.

Теміржол көлігі.

Жолаушылар және жүк тасымалында көлік қатынасының негізгі түрлерінің бірі темір жол көлігі. Қызылорда қаласы аумағын «Қазақстан Темір Жолы» ҰК АҚ филиалының Қызылорда жол бөлімшесінің Арыс-Ақтөбе темір жол магистралі кесіп өтеді. Темір жол көлігімен тасымалдау Қызылорда учаскелік темір жол станциясы арқылы жүзеге асырылады.

Темір жол арқылы қала Қазақстанның батысындағы Ақтөбе облысымен (Сексеуіл ст), оңтүстігінде Оңтүстік Қазақстан облысы арқылы Алматы қаласы мен Алматы облысымен (Түркістан ст), орталық Қазақстанда Қарағанды облысымен (Қоскөл ст) байланысады.

Қосжолды темір жол желісі – қаламызды және Республикамызды Қырғызстанмен, Тәжікстанмен, Өзбекстанмен және Ресеймен байланыстыратын көлік дәлізі болып табылады.

Соңғы үш жыл ішінде өңірімізде темір жол көлігінің әлеуеті айтарлықтай өсіп, ірі жобаларды іске қосу арқылы темір жол желісі дамыды. Атап айтқанда, «Жезқазған-Бейнеу» жаңа темір жолының құрылысы салынды. Аталмыш жолдың 517 шақырымы Қызылорда облысы аумағымен өтеді. Нәтижесінде Ақтау теңіз порты арқылы батыс өңірлермен және Азия елдерімен қатынасатын поезд маршруттарының ұзындығы орташа 600 шақырымға қысқарды.

2014 жылғы 30 желтоқсаннан бастып «Қызылорда-Астана» бағыты бойынша жоғары жылдамдықтағы «Тұлпар-Тальго» жолаушылар поезды жүргізілді. Жылдамдығы сағатына 120-140 км аталмыш поездар Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды облыстарына және Астана қаласына дейін қала халқының уақытын орташа 2-3 сағатқа үнемдеуге мүмкіндік береді.



Әуе көлігі.

Әуе көлігі қала экономикасында энергетикалық кешенді, мұнай өндірісін, құрылыс материалдары өндірісін одан әрі дамыту мақсатында республиканың өзге өңірлерімен және шет елдермен іскерлік байланыстарын қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады.

Әуе көлігімен тасымалдауды Қызылорда қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 12,5 км аумақта орналасқан Қорқыт ата әуежайы жүзеге асырады. Бүгінгі таңда, Қорқыт Ата әуежайы сағатына 150 жолаушыны өткізіп, аптасына барлығы 24 рейс, оның ішінде: Астана қаласына – 9, Алматы қаласына – 12, Қарағандыға – 3 рейс орындалуда.

«Қорқыт ата» әуежайын заманауи талаптарға сәйкестендіру мақсатында сағатына 250 жолаушыны жіберу мүмкіндігі бар халықаралық үлгідегі жаңа жолаушылар терминалының құрылысы жүргізілуде (жобалық құны – 6,2 млрд.теңге).

2014 жылғы қазан айынан бастап Қорқыт Ата әуежайына халықаралық ұшуларды қамтамасыз ету мәртебесі беріліп, «Tajik Air» авиакомпаниясының «Қорғантөбе-Мәскеу» бағытындағы ұшақтар жиілігі аптасына 3 рет техникалық қонуға қабылдануда.

2015 жылдың 8 маусымынан жаңа «Қызылорда-Анталия-Қызылорда» чартерлік рейсі және 27 мамырдан бастап «Қызылорда-Москва» рейсі ашылды. Болашақта аптасына 2-3 рет Үрімші қаласына (ҚХР) тұрақты халықаралық авиарейстерді ашу жоспарлануда, сонымен қатар Дубай қаласына (БАӘ) маусымдық чартерлерді ашу мүмкіндіктері қарастырылуда.



Кесте 43. Әуе көлігінің көрсеткіштерінің өзгеру динамикасы




2012ж

2013ж

2014ж

адам

%

адам

%

адам

%

Жолаушы тасымалдау

72259,0

-

75923,0

105,1

81081,0

106,8

«Қорқыт ата» әуежайының авиациялық тасымалдау және транзиттік мүмкіндіктерін дамыту қажеттілігі ескеріле отырып, 2010 жылы «Қызылорда қаласының «Қорқыт ата» әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңарту және сервистік және әуеайлақ арнайы техникасымен қайта жарақтандыру» инвестициялық жобасы жүзеге асырылып, қаланың авиақатынастары арқылы қолжетімділігін арттыратын кең фюзеляжды самолеттерді қабылдауға мүмкіндік алды. Қазіргі уақытта Қызылорда қаласы әуежайының жаңа жолаушылар терминалы құрылысының жұмысы жалғасуда.



SWOT – талдау

Күшті жақтары (S)

Әлсіз жақтары (W)

1.Жақсы және қанағаттанарлық деңгейдегі жолдардың үлесінің өсуі (67%-дан 74%-ға)

2.Қала маңындағы елді мекендер бағытында тұрақты автобус қатынасының бар болуы

3.Қала аумағы арқылы Батыс Европа-Батыс Қытай халықаралық автодәлізінің өтуі

4.Сырдария өзені арқылы автомобиль көпірінің құрылысының салынуы

5.Автомобиль көлігімен жолаушылар тасымалы өсімі (2014ж-112,8%)

6.Қала аумағы арқылы Қырғызстанмен, Тәжікстанмен, Өзбекстанмен және Ресеймен байланыстыратын қосжолды темір жол көлік дәлізінің өтуі.

7.Қорқыт ата Әуежайының халықаралық мәртебесін алуы

8.Әуе көлігімен тасымалданған жолаушылар санының өсуі (2014ж-106,8%)

1.Қоғамдық жолаушылар тасымалында кіші сыйымдылықты автокөліктердің басымдығы;

2.Көліктік қызмет көрсету сапасының төмендігі

3.Автокөлік инфрақұрылымының тозуы

4.Темір жол арқылы жол өткелдерінің болмауы

5.Жаяу жүргінші жолдардың (тротуар) жетіспеушілігі.

6.Электрленген темір жолдың болмауы.

7.Тұрақты халықаралық авиа қатынастардың болмауы



Мүмкіндіктері (O)

Қауіптері (T)

1.«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жол құрылысының салынуы

2.Айналма жол құрылыстарының салынуы

3.Қала аумағы арқылы транзиттік тасымал көлемінің артуы

4.Қоғамдық көлік тасымалына заманауи жабдықталған автобустар сатып алу

5.Жаңа автовокзал құрылысын салу

6.Қорқыт ата әуежайында халықаралық үлгідегі жолаушылар терминалдың іске қосылуы

7.Тұрақты халықаралық авиақатынастардың ашылуы.

1.Әлемдегі дағдарыс жағдайында даму бюджетінің қысқаруы

2.Энергиятасымалдаушылар бағасының өсуіне байланысты транспорт шығындарының өсуі


Саладағы негізгі мәселелер:

1. Қоғамдық жолаушылар тасымалдауда кіші сыйымдылықты автокөліктердің басымдығы (53%);

2. Автокөлік инфрақұрылымының заманауи талаптарға сәйкес келмеуі (автовокзал құрылысын салу, аялдамалар орнату, т.б.);

3. Инженерлік желілер мен коммуникацияларға жөндеуден кейінгі қайта қалпына келтіру жұмыстарының сапасыз жүргізілуі

4. Темір жолдар арқылы жол өткелдерінің болмауы

5. Жаяу жүргінші жолдардың (тротуар) жетіспеушілігі.

6. Автожолдардың тозуы.

7. Темір жол инфрақұрылымының техникалық жағдайы;

8. Тасымалдау бағасына айтарлықтай әсер ететін электрленген темір жолдың болмауы.

9. Аэропорттың техникалық жағдайы, төмен өткізгіштік қабілеті;

10.Тұрақты халықаралық авиақатынастардың болмауы қаланың әлеуметтік-экономикалық байланысын шектейді, қол жетімділікті қиындатады.

2.5. Бағыт: Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы
2.5.1. Электрмен жабдықтау.

Қалада электр энергиясының тапшылығы орын алуда. Орта есеппен қалада энергия тапшылығы 60 МВт және одан жоғары болады.

Электрэнергиясының тапшылығы Жамбыл ГРЭС-і, АО «Қарағанды ЖЭО» АҚ-ы мен «ЕкібастұзГРЭС-і» ЖШС-і секілді сыртқы энергия өндірушілерінен электр энергиясын сатып алуы арқылы өтелуде.
Кесте 44. Электр энергиясымен қамтамасыз етілуі



Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2012 ж

2013 ж

2014 ж

1

Электр энергиясын өндіру

мың.кВт.с

72 040

80 112

81 154

2

Тұтынылған электр энергисының көлемі

мың.кВт.с



360168

389 161

418 898

3

Электр энергиясының

тапшылығы / артыктығы


мың.кВт.с



288 128

309 049

337 744

4

Импорттық

мың.кВт.с

288 128

309 049

337 744

5

Экспорттық

мың.кВт.с

0

0

0

Қалада негізгі электр қуатын өндірушілер – ҚЖЭО (82%), «СКЗ-U» ЖШС-і (10%), «Кристалл менеджмент» ЖШС-і (8,0%). Отынның негізгі түрлері - табиғи газ, резервтік отын – отындық мазут, мұнайлы ілеспе газы.

Қалада электр энергиясын тұтыну көлемі 2014 жылды өткен жылмен салыстырғанда 29 737 мың кВт/сағатқа, 2012 жылмен салыстырғанда 58 730 мың кВт/сағатқа артты.

Барлық кернеудегі электр тораптарының ұзындығы 1555,1 шақырымды құрайды және трансформаторлық қосалқы станциясының 70%-ның тозығы жеткен.

Сонымен қатар, 2012-2014 жылдар аралағында инженерлік инфрақұрлылымды дамыту және жайластыру бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджеттен бөлінген қаржыға 5 дана КТПН, 2 дана РП, 3 дана ТП және 24 км электр желілері құрылысы салынды.

Электр энергияның тиімділікті арттыру, ысыраптарды азайту бағытында тиісті жұмыстары атқарылуда.

Бүгінде Қызылорда қаласының тұтынушыларының электрмен жабдықталуы орталықтандырылып, негізгі энергиямен жабдықтаушы ұйымы болып «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» акционерлік қоғамымен жүзеге асырылуда.

«Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК, белгіленген қуаты 113 МВт-ымен, қаланы электрмен жабдықтаушы көзі болып табылады (КТЭЦ-6 - 67 МВт, КОГТЭС – 46 МВт және 220/35/10 кВ «Кызылординская» қосалқы станциясы). Қызылорда қаласы бойынша электр энергиясының таратылуы қалалық қосалқы станциялар арқылы жасалады, қаламызда 220/35 кВ электрмен жабдықтау жүйесі дамыған.



2.5.2. Сумен жабдықтау

Қызылорда қаласына және елді мекендерге бас тоған су тазартудың 2 кешені, 684,8 шақырым ауыз су жүйелері, 335,1 шақырым кәріз жүйелері, 58 дана кәріздік насос станциялары, ағынды суларды биологиялық тазарту станциясының 2 кешені, 92 дана ұңғыма, II-ші көтерілімдегі 12 дана насос станциялары, судың қысымын көтеруге арналған 7 дана насос станциялары қызмет көрсетеді.

Жалпы ауыз су жүйесі – 684,8 шақырымды құрайды, оның ішінде қысымды ауыз су жүйесі – 61,2 км, магистралды ауыз су жүйесі – 491,6 км, квартал аралық ауыз су жүйесі – 131,9 км. Ауыз су жүйелерінің орташа тозуы – 146,8 км немесе 21,4% құрайды.

Бүгінгі күні ауыз сумен қамтылғаны 196,3 мың адам. Оның ішінде су есептегіш құралдарымен қамтылғаны 181,1 мың адам немесе 92,2 пайызды құрайды.

2014 жылы халыққа берілген барлық ауыз су көлемі 12526,3 мың куб метр жылына, соның ішінде су шығыны 18,7%.
Кесте 45. 2012-2014 жылдардағы халықтың ауыз сумен қамтамасыз етілу деңгейі




Көрсеткіш атауы


Өлшем бірлігі

2012 ж


2013 ж


2014 ж


1

Орталықтандырылған ауыз су жүйелеріне халықтың қол жеткізу үлесі

%

75

74,3

75,0

2

Орталықтандырылған ауыз суға қосылған елді мекендер саны

бірлік

13

13

13

3

Пайдаланылған ауыз су көлемінің ысырабы

%

17- 18

17-18

17-18

Жалпы ауыз су жүйелерінде 2012 жылы 386 апаттық ақау орын алса, 2013 жылы 255 ақау, 2014 жылы 37 ақау, яғни 2012 жылмен салыстырғанда 9,5 пайызға төмендеген.

Бүгінде халық ауыз су жүйесімен жер беті және жер асты су көздерінен қамтамасыз етілуде:


  • жер беті су көздері – Сырдария өзенінен жобалық қуаттылығы тәулігіне 56,5 мың текше метр, нақты беріліп отырғаны 25,3 мың текше метр.

  • жер асты су көздері 92 дана ұңғыма бойынша жобалық қуаты тәулігіне 44,3 мың текше метр, нақты өнімділігі 25,6 мың текше метр.

Жалпы 2014 жылы барлық ауыз көлемі 12920,7 мың куб м/жылына берілсе, оның жер асты ауыз су ұңғымаларынан 6586,3 мың куб м/жылына, ал қалған 6334,45 мың куб м/жылына ауыз су тазалау имараты арқылы берілген.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қызылорда су жүйесі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны және «Қызылорда Сыр суы» ЖШС-і ауыз сумен қамтамасыз ету және кәріз суларды әкету, тазарту қызметтерін көрсетеді.

Сонымен қатар 2012 жылы Тасбөгет қыстағына модульдық биологиялық тазарту станциясы салынып, қолданыстағы бас су жинау қоймасының №1 сүзгі станциясы қайта жаңғыртылды және 27,4 шақырым ауыз су жүйесі жүргізілді.

2013 жылы 13 шақырым ауыз су қайта жаңғыртылып, 25 су бұрғылау ұңғымалары бұрғыланды және 506 су есептегіш құралдары орнатылды. Мұнымен қоса Тасбөгет, Белкөл кенттері мен Қызылөзек ауылдық округінде 40 шақырымға жуық ауыз су жүйесінің құрылысы жүргізіліп, 901 отбасы су есептегіш құралдарымен қамтылды.

2014 жылы қаланың шет аймақтарына (Әл-Фараби, Саяхат, Сәулет, Тасбөгет, Арай-2, т.б) 98,5 шақырым ауыз су жүйесі, 1503 су есептегіш құралдары орнатылды.

Сондай-ақ «Сәулет», «Жаңа ауыл» аудандарында 2,8 шақырым ауыз су, 0,9 шақырым электр желісінің құрылысы салынып, КБИ, Арай, Титов аудандарында ауыз су жүйесінің жоба сметалық құжаттары әзірленді.

«Ақбұлақ» бағдарламасы аясында қала ішінде және 5 ауылдық округте 18 су бұрғылау ұңғымалары бұрғыланып, Ақсуат, Абай, Айнакөл, Ақжарма, Қараөзек елді мекендерінде 49,8 шақырым ауыз су жүйесі, 74,5 шақырым сервистік желілер тартылып, 1750 су есептегіш құралдары орнатылды.
Кесте 46. Кәріз суды әкету қызметі



Көрсеткіш атауы

Өлшем бірлігі

2012 ж

2013 ж

2014 ж

1

Су бұру қызметтеріне халықтың қол жеткізу үлесі

%

31

32,3

33,9

2

Кәріз суды әкету қызметімен қамтылған елді-мекен саны

дана

1

1

1

3

Тазалаудан өткен суды екінші рет пайдаланылған су көлемі (тазартылған)

%

0

0

0

Орталықтандырылған кәріз су жүйесіне қосылған халықтын үлесі 33,9%-ды құрайды (Орталықтандырылған кәріз су жүйесіне қосылған тұтынушылардың 238400 адамынан 81042 адамы қамтылған). Тозығы жеткен кәріз су жүйесінің желісі 26,5%-ды құрап отыр. (Барлығы 335,1 км, оның 88,7 км тозығы жеткен).

Жалпы кәріз су жүйесі – 335,0 шақырымды құрайды, оның ішінде қысымды кәріз су жүйесі – 210,2 км, ағынды кәріз су жүйесі – 41,6 км, квартал аралық кәріз су жүйесі – 83,2 км.

«Қызылорда қаласындағы ауыз су мен кәріз су жүйелері мен имараттарын 2015 жылға дейін қайта жаңғырту және кеңейту» жобасы бойынша 2009 жылдан бастап барлығы 27 дана кәріз насосты станциялары қайта жаңғыртылды. Кәріз су жүйелерінің 90,2 шақырымына қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, ауыстырылды.


2.5.3. Жылумен жабдықтау.

Кызылорда қаласы бойынша жылу желілерінің жалпы ұзындығы 161,1 шақырымды құрайды. Оның ішінде магистралды жылу желілері 35,8 км, квартал аралық, ішілік жылу желілері 125,3 км.

Қызылорда қаласын жылумен жабдықтаушы «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК-ы және оның ішінде «Оңтүстік қазандық» филиалы.

Қала аумағындағы әлеуметтік нысандар және көпқабатты тұрғын үйлердің 84,6%-ы орталықтандырылған жылу жүйелерімен қамтылған. (Қала аумағында 717 көп қабатты тұрғын үйдің 607 тұрғын үйі).

2012 жылы «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК-нан Киняев көшесіне дейінгі аралықта 2-кезеңіне 3,7 шақырымға жылу құбырлары қайта жаңғыртылды. Қала аумағындағы 8 автономдық блок модульді қазандықтарын орталықтандырылған жылу жүйесіне қосу және резервтік отын көзіне көшіру жүмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Мұнымен қоса Жібек Жолы көшесіндегі №2-Б жатақхананың автономдық блок модульді қазандықтарын орталықтандырылған жылу жүйесіне қосу және резервтік отын көзіне көшіру жұмыстары атқарылды.

Желтоқсан көшесі, Тоқмағанбетов көшесінен Қорқыт Ата көшесіне дейінгі (28-32 аралығындағы жылу камерасы) және Қорқыт Ата көшесінен Алтынсарин көшесіне дейінгі (32-38 аралығындағы жылу камерасы) жылу магистралдары күрделі жөндеуден өткізілді.

2013 жылы Қызылорда қаласындағы магистральды жылу трассасын 32-ші жылжымайтын тіректен 34-ші тірекке дейін, 37-ші жылжымайтын тіректен 40-ші тірекке дейін, 55-ші жылжымайтын тіректен 57-ші тірекке дейін, 57-ші жылжымайтын тіректен 61-ші тірекке дейін, Қызылорда қаласындағы магистралды жылу трассасын Жанәділов көшесі бойымен УТ-1 жылу торабынан (4-ші павильон) Привокзальная қысқа көшесі бойымен УТ-ға дейін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, аталған құбыр желілері пайдалануға берілді.

2014 жылы «Қызылордаоңтүстікжылуорталығы» МКК-ның қазандық цехының 2 дана (КЕ-25-14С №3,4) қазандықтары негізгі және көмекші жабдықтарымен қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді. Қала аумағында ЖК-44-3 тен Амангелды көшесіндегі №88, Шүкіров көшесіндегі №29,31 және Скатков көшесіндегі №127 көпқабатты тұрғын үйлердің магистралды жылу жүйелері қайта жаңғыртылды. Сонымен қатар Сырдария м/а «ҚОЖО» МКК-ның қазандық цехының 4 дана КЕ-25-14С қазан агрегаттары мен негізгі және көмекші жабдықтары қайта жаңғыртылды.

Ағымдағы жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Ұлттық қордан бөлінген 3039,7 млн. теңгеге жалпы ұзындығы 11,2 шақырымды құрайтын магистралды және квартал аралық жылу жүйелері және облыстық бюджеттен бөлінген 65,1 млн. теңгеге 0,7 шақырым жылу жүйелері қайта жаңғыртылды.


Каталог: upload -> files
files -> Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенцияны ратификациялау туралы
files -> «II, III және IV санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
files -> Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін "Үздік педагог" атағын беру және мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің
files -> Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы
files -> Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы
files -> Есэдо го (версия 13. 2) Копия электронного документа. Положительный результат проверки эцп
files -> «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру»
files -> «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Қазақстан республикасы
оқыту мақсаттары
білім беретін
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
республикасы білім
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
қызмет стандарты
арналған жиынтық
болып табылады
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
жалпы білім
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Әдістемелік кешені
Инклюзивті білім
республикасының білім
туралы жалпы
білім берудің
Қазақстанның қазіргі
туралы хабарландыру
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
пайда болуы