Қызылорда қалалық мәслихатының кезекті XXXXXI сессиясының 2015 жылғы «24» желтоқсандағы 51/3 шешімімен бекітілді



бет10/16
Дата16.01.2017
өлшемі311.27 Kb.
#252
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16

SWOT талдау

Күшті жақтары (S)

Әлсіз жақтары (W)

1.«Қазгидромет» РМК филиалының метерологиялық және гидрогеологиялық жағдайына мониторинг жасауы

2.Төтенше жағдайлар кезінде азаматтық қорғаныс қызметі бойынша шұғыл әрекет ету мақсатында, қала көлеміндегі мекемелерде бекітілген жоспарға сәйкес (мектептер, жоғары оқу орындарда, денсаулық сақтау мекемелерінде) оқу жаттығулардың өткізілуі

3.Сырдария өзені бойында дамбы салып бекіту жобасының жүзеге асырылуы.


1.Табиғи және техногенді төтенше жағдай туындағанда тұрғындарды жедел, әрі толық мәліметпен хабардар ету жүйесінің әлсіздігі;

2.Құтқару қызметі мен азаматтық қорғаныс саласының төтенше жағдайларды құтқару жұмыстарын тиісті деңгейде жүргізуі үшін қажетті техникалармен толыққанда қамтамасыз етілмеуі;

3.Қосымша басқару пункттерінің толыққанды жасақталмауы.


Мүмкіндіктер (О)

Қауіптер (Т)

1.Төтенше жағдай туындағанда зардап шеккен азаматтарды күнделікті қажетті заттармен қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы органның материалдық-техникалық базасын нығайту;

2.БАҚ арқылы азаматтық қорғаныс саласы бойынша көрнекі құралдарды пайдалана отырып кең көлемді түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

2.Су тасқыны кезінде қауіпті аумақтардағы су құрылыстарын тұрақты түрде жөндеу, жаңғырту жұмыстарын жүргізу.


1.Су тасқынынан елді-мекендер мен инженерлік құрылыстардың зиян шегуі мүмкін аумақтардың болуы.

Саланың негізгі мәселелері:

Қызылорда қаласы мен әртүрлі нысандардағы 932 дана өрт гидранттарының 405 дана өрт гидранты (43,5 пайыз) жарамсыз күйде болуы.

Қаланың аумағы жылдан жылға кеңейуіне орай, қала көліміндегі мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметі жоқ елді-мекендердің өрт қауіпсіздігінің төменгі деңгейін қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы органдардың күшімен 2 (Аль-Фараби тұрғын ауданы және Талдарал елді мекенінде) өрт қауіпсіздігін сақтау бекеттерін құрып, тиісті өртке қарсы техникалар алу арқылы олардың материалдық-техникалық базасын тиісті нормаға жеткізу.

Сырдария өзенінде жеке қайықтарды меншік иелерімен заң бұзушылық талаптарына тосқауыл қойып, өзеннің сол жағалауында орналасқан тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, тасымалдау мәселесін шешу.

Су айдындарында далалық өрттерді сөндіруге өрт сөндіру автокөліктерінің сумен қамтамасыз етуге пирстер орнату.

2.4 - Бағыт: Инфрақұрылымдық кешен

2.4.1. Байланыс және коммуникация

Телекоммуникация.

Қызылорда қаласы бойынша 2015 жылдың 10 айына байланыс қызметінің есептелген табыс мөлшері 1 708,8 млн.теңгені құрады, 2015 жылдың аяғына табыс мөлшері 2 050,6 млн.теңгені құрайды деп жоспарланып отыр. Тіркелген желілер саны 1 қарашаға 40978 бірлікті құрады, өткен жылмен салыстырғанда 17% немесе 7323 бірлікке аз. Интернетке Кең жолақты қатынау қызметі бойынша саны 19943 бірлікті, өткен жылмен салыстырғанда 9% немесе 3717 бірлікке аз. Нарықта ұялы байланыс операторларының енуінің ұлғайуы, мобильдік байланыстың дамуы нәтижесінде, тіркелген байланыс желісінен абоненттердің кетуі көп орын алып, абоненттер саны азаюда.

Интернеттің жаппай дамуы, қолданысқа енуі жоғары жылдамдықты Интернетке қатынау қызметтеріне сұранысты тудырды. Осыған орай 2010 жылдан бастап «Қызылорда қаласында FTTx желісін салу» кезеңдік жобасы бойынша Қызылорда қаласының барлық көпқабатты үйлеріне оптикалық талшықты желілері салынды. Сонымен қатар, Саулет, Ипподром, Арай және ЦОН маңы микроаудандарындағы жеке секторларғада FTTx технологиясы бойынша жоғары жылдамдықты iD Net қызметі қол жетімді. Қазіргі таңда iD Net қызметінің абоненттер саны 10393 бірлікті құрады, өткен жылмен салыстырғанда өсуі 722 бірлікті немесе 7% ды құрады. ID-TV cандық теледидар абоненттер саны 1 қарашаға 4582 абонентті, өткен жылмен салыстырғанда өсуі 1800 бірлікті немесе 64% ды құрады.

Интернетке Кең жолақты қатынау қызметінің енуі 100 тұрғынға шаққанда – 8 % құрады. 100 тұрғынға шаққанда телефония қызметінің енуі 17% ды құрады.

2014 жылдан бастап LTE 4G технологиясын дамыту негізінде Қызылорда облыстық телекоммуникациялар дирекциясы мобилді нарыққа шықты. Қазіргі таңда LTE 4G технологиясы негізінде «Әмбебап нөмір», iD Net Wireless қызметтерін ұсынуда. 1 қарашаға «Әмбебап нөмір» қызметін пайдаланушылар саны 821-ді құрады, iD Net Wireless қызметін пайдаланушылар 405 абонентті құрады.

LTE 4G, FTTx технологияларының дамуы негізінде жаңа инновациялық қызмет түрлері немесе VAS қызметтерін дамыту, сатуға шығарылып жатыр. Ағымдағы жылдың 1 қарашасына «Ата-ана бақылау» қызметі – 1463 бірлікті, «Бағдарламаларды жалға алу» қызметі – 591, ID-TV Online қызметі – 630, HD арналары қызметі – 66, FMS топтамасындағы қызметтер – 958 бірлікті құрады.



Ұлттық телерадиохабар тарату

2014-2016 жылдарға арналған Ұлттық сандық телерадиохабарларын тарату қызметін ілгерілету бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес келесідей көрсеткіштерге қол жеткізу жоспарланған:

2014 жылы халықты отандық телеарнамен қамту көрсеткішін 47 пайызға немесе 20175 абонентке жеткізу;

2015 жылы – 71% пайыз немесе 30476 абонент

2016 жылы – 95% пайыз немесе 40778 абонент.

2015 жылдың 30 қыркүйегіне ұлттық телеарнаға қосылған абоненттер саны 24320 немесе 56,6% пайызға жетті. Қала көлемінде ұлттық сандық телерадиохабар тарату қызметіне қосылу бойынша мәлімет 1 кестеде көрсетілген.



Кесте 39 – Қала көлемінде ұлттық сандық телерадиохабар тарату қызметіне қосылу бойынша мәлімет.

Қала атауы

Отбасы саны

2014 жылы 47% қамтудың шегі

2015 жылы 71% қамтудың шегі

Қосылған абоненттер

2015 жылы 71% қамту үшін қосылуы қажетті абоненттер саны

Саны


%

Кызылорда

42 925

20 175


30 476

24320


56,6

-6156


Ақжарма

399


187

283


224

56,1


-59

Ақсуат


808

470


573

545


67,4

-28


Белкөл

646


379

458


238

36,8


-220

Қосшыңырау

513

241


364

133


25,9

-231


Қарауылтөбе

276


129

195


239

86,5


+44

Қызылжарма

1152

541


817

1083


94

+266


Қызылөзек

214


288

151


108

50,4


-43

Талсуат


380

178


269

345


90,7

+76


Тасбөгет

4062


1909

2884


2291

56,4


-593

Барлығы

қала бойынша

51 375


24 497

36 470


29 526

6944
Халықтың компьютерлік сауаттылығы

Қызылорда қаласының тұрғындарының компьютерлік сауаттылық деңгейі – адамдардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды білуі, күнделікті кәсіби жұмысында қолдануы болып табылады. Ақпараттық технологиялармен жұмыс жасай білу деңгейін көтеру ақпараттық қоғамның баршаға қолжетімділігін арттыруға алып келеді.

Осы ретте білім беру ұйымдарында 6 мен 15 жас аралығындағы азаматтарды білім беру стандарттарына сәйкес деңгей бойынша оқытып, оларға арнайы компьютерлік сауаттылық курстары өткені жөніндегі сертификат беріледі.

Сонымен қатар 2015 жылы қала тұрғындарының компьютерлік сауаттылық деңгейін арттыру мақсатында 14-74 жас аралығындағы азаматтардың (орта және жоғары оқу орындарында оқитын, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік мекеменің қызметкерлері, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар санаттарына жататын азаматтардан тыс) 75% арнайы компьютерлік (сандық) сауатталық курстарынан өтті. (2014 жылы 14-74 жас аралығындағы қала тұрғындарының 56% компьютерлік (сандық) сауаттылық курстарында оқытылды.
SWOT- талдауы:

Мықты жақтары(S):

Әлсіз жақтары (W):

Ақпараттық қоғамның дамуы.

Барлық жерде интернет желісін ендіру



Телекоммуникация нарығында нақты бәсекелестің жоқтығы;

Ұялы байланыс тарифінің жоғары болуы;

Ауылдық округтердегі тұрғындардың төмен деңгейде ақпараттануы;

Ауылдық округтерде, коммуникациялық байланыстар жылдамдығының төмен болуы



Мүмкіндіктері (O):

Қауіпі (T):

Күнделікті өмірде азаматтардың және мекемелердің ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен қолдануға көшуі;

Ақпараттық технологияларды қолдануда тұрғындардың қызығушылығы.

Тұрғындарды әмбебап байланыс қызметімен қамтамасыз ету;


Тұрақты байланыс желісі абоненттерінің санының ұялы байланысқа ауысуына байланысты азаюы;

Тұрғындардың электронды мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігінің болмауы.




Саладағы негізгі мәселелер:

Телекоммуникация және почта байланысы инфрақұрылымының дамуы заманауи әлемдік деңгейге сәйкес еместігі;

Ұялы байланыс саласында бәсекелестіктің артуына байланысты тұрақты байланыс желісі абоненттерінің ұялы байланыс пайдасына басымдық беріп, тұрақты байланыс желісінен кетуі.
2.4.2. Құрылыс
Соңғы үш жыл ішінде құрылыс жұмыстарының көлемі 16,4% артып, 2014 жылы 51574,6 млн.теңгені құрады және өткен жылмен салыстырғанда 110,1% өсім қамтамасыз етілді. Жалпы облыстағы көрсеткіштің ішінде Қызылорда қаласының үлесі 50% құрады. Тұрғын үй құрылысына жұмсалған инвестициялар 31,4 млрд.теңге көлемінде немесе облыстағы көрсеткіштің 69 пайызын құрады.

Қалада құрылыс саласын дамыту «Тұрғын үй жинақ құрылыс банкі» АҚ, «ҚИК» ИК АҚ, «Самұрық Қазына» АҚ желілері бойынша 2020 жылға дейінгі «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы негізінде жүзеге асырылуда.



Кесте 40. 2012-2014 жылдары іске қосылған тұрғын үйлер туралы мәлімет



Көрсеткіш

Өлшем бірлігі

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

1

Жаңа тұрғын үй құрылысының көлемі

шаршы метр

174052

139316

142856

2

Оның шінде: арендалық тұрғын үй

шаршы метр

5400

8900

13000

2012-2014 жылдары қаржыландырудың барлық көздері есебінен жалпы 456,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға тапсырылса, оның ішінде халық қаражаты есебінен іске қосылған тұрғын үй көлемі 343,7 мың шаршы метр немесе 75,3 пайызы. Мемлекеттік бюджет есебінен пайдалануға тапсырылған тұрғын үй көлемі – 112,5 мың шаршы метрді құрады. Осы мерзім ішінде салынған пәтерлердің жалпы саны 3477-ні құрады.

Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 2012-2014 жылдар аралығында пайдалануға тапсырылған тұрғын үйлердің 75 пайызы Қызылорда қаласына тиесілі болды. Осы мерзім ішінде қала бойынша 4,6 мың адам немесе 984 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді, оның ішінде:

Кезектегі отбасыларға арналған арендалық тұрғын үй - 1 269 адам немесе 270 отбасы;

Жас отбасыларға арналған арендалық тұрғын үй – 1 282 адам немесе 270 отбасы;

Кредиттік тұрғын үй - 940 адам немесе 200 отбасы;

«Еңбекпен қамту-2020» бағбарламасымен - 912 адам немесе 194 отбасы.

Медицина қызметкерлеріне қызметтік тұрғын үй - 235 адам немесе 50 отбасы.

2015 жылы Қызылорда қаласы бойынша барлығы 187,8 мың шаршы метрді құрайтын 2652 пәтерлі 52 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. (Ұлттық қордан, республикалық, жергілікті бюджеттерден, «Бәйтерек» Девелопмент» АҚ, «Самұрық Қазына» жылжымайтын мүлік қоры АҚ-ы арқылы 171,4 мың шаршы метрді құрайтын 2474 пәтерлі 48 көп қабатты және жергілікті инвесторлар есебінен 16,4 мың шаршы метрді құрайтын 178 пәтерлі 4 тұрғын үйлер).

Жыл басынан бері Ипподром мөлтек ауданындағы 300 пәтерлі 6 ипотекалық тұрғын үй (28,2 мың шаршы метр) және Жаппасбай батыр көшесі бойынан кезекте тұрғандар үшін 120 пәтерлі 2 тұрғын үй (8,1 мың шаршы метр) және Арай мөлтек ауданында 16,4 мың шаршы метрді құрайтын 240 пәтерлік 5 тұрғын үй пайдалануға берілді.

2015 жылдың аяғына дейін барлығы 1248 пәтерді құрайтын 23 көпқабатты тұрғын үйді пайдалануға тапсыру көзделуде. Оның ішінде жергілікті инвесторлар есебінен барлығы 16,4 мың шаршы метрді құрайтын 178 пәтер болатын 4 тұрғын үйлер.

Нәтижесінде жыл ішінде барлығы 1908 пәтерді құрайтын 36 көпқабатты тұрғын үйді (136,7 мың шаршы метр) пайдалануға тапсыру көзделуде, яғни өткен жылдармен салыстырғанда тұрғын үйді тапсыру көлемі 4,5 есеге ұлғайтылып, құрылыс жұмыстарына салынатын инвестиция көлемі 21,7 млрд.теңгені құрайтын болады.

2016 жылы барлығы 744 пәтерді құрайтын 16 көпқабатты тұрғын үйді (51,1 мың шаршы метр) пайдалануға тапсыру көзделуде. Оның ішінде:

СПМК-70 мөлтек ауданындағы 18,4 мың шаршы метрді құрайтын 270 пәтерлік 5 тұрғын үй («Бәйтерек» Девелопмент» АҚ);

Жаппасбай Батыр көшесіндегі 4 мың шаршы метрді құрайтын 60 пәтерлік 1 тұрғын үй (апаттық үй);

Титов қыстағындағы 12,1 мың шаршы метрді құрайтын 180 пәтерлік 3 тұрғын үй (жас отбасылар үшін);

Тасбөгет кентіндегі 1,8 мың шаршы метрді құрайтын 24 пәтерлік 1 тұрғын үй (кезектегі азаматтарға);

Шүкіров көшесі бойындағы 14,8 мың шаршы метрді құрайтын 210 пәтерлік 6 тұрғын үй («Самұрық Қазына» жылжымайтын мүлік қоры АҚ );

Тұрғын үймен қамтудың әлеуметтік норма бойынша көрсеткіші 1 тұрғынға орташа 18 шаршы метрді құрайды. Қызылорда облысы бойынша 1 тұрғынға 19,5 шаршы метр, оның ішінде қала бойынша 21,7 шаршы метр.

Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің орташа нақты құны жеке тұрғындармен салынған үйлерді қосқанда 47,2 мың. теңгені құрайды. Оның ішінде Қызылорда қаласы бойынша 57,1 мың теңге.

Тұрғын үй құрылысы қаланың бекітілген бас жоспарына, тұрғын үй кварталының жұмыс жобасына және жасалынған жоба құжаттарына сәйкес жүргізіледі.



Кесте 41. 2012-2014 жылдары Қызылорда қаласында салынған

әлеуметтік нысандар







Оның ішінде қызмет түрлері бойынша

Жыл

Барлығы

Білім саласы

Денсаулық саласы

Мәдениет саласы

Спорт саласы

Басқалар

2012

9

6

3




-




2013

13

7

2

2

1




2014

2

-

2




-




SWOT- талдау:

Күшті жақтары (S)

Әлсіз жақтары (W)

1.Қаланың Бас жоспарының, жұмыс жобасының бар екендігі;

2.Саладағы жұмыс атқаратын мекемелер, мамандармен қамтамасыз етілуі.

3. Арендалық тұрғын үй құрылысының 4 есе өсуі;

4. Қала бойынша тұрғын үй құрылысы бюджет есебінен ғана емес, сонымен қатар АҚ «ИО КИК», АҚ «Самұрық Қазына» және жеке инвесторлар есебінен жүргізілуі;

5.Мемлекеттік қала құрылысының кадастрлық мәліметтері

1.Құрылыс материалдық базасының құрылыс заттармен қамтамасыз етуі;

2. Жоба- сметалық құжаттамалардың өз көлемінде толық жасалмауы;

3. Арендалық тұрғын үй құрылысының және инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымының жұмыстарының толық қанды қаржыландырылмауы;

4. Қала құрылысы және архитектураның құрылыс салатын жерлерді дұрыс анықтамауы, жеке және заңды мекемелерге қалай болса солй бөліп беруі, қала құрылысының регламенттерінің орындалмауы.



Мүмкіндіктері (O)

Қауіптері (T)

1.Тұрғындарды «Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасы шеңберінде тұрғын үймен қамтамасыз ету

2.Әлеуметтік саладағы құрылыстарды біркелкі жобалады пайдалану;

3.Жаңа үлгідегі құрылыс материалдарымен, құрылыс заттарын қолдану;

4.Құрылыс жұмыстарын қатаң қадағалауды күшейту, мамандарды талапқа сай әзірлеу.

1.Тұрғын үй құрылысы және инфрақұрылымды қаржыландыру көздерін қысқарту;

2.Құрылыс заттарының қымбаттауы құрылыстың құны мен сапасына әсер етуі

3.Апаттық үйлердің көбейуі;

4.Білікті мамандардың басқа салаға ауысып кетуі:

Саладағы негізгі мәселелер:

-жеке және заңды тұлғалармен тұрғын үй және басқа нысан құрылысын салу барысында қала құрылысы регламенттерін сақтамау,

-жобалау-сметалық құжаттамасының жеткіліксіз деңгейі сияқты мәселелер.

2.4.3. Аумақты кеңістіктік ұйымдастыру

Қызылорда қаласы бүгінгі күнге дейін оң жағалауда дамыды. Экономикалық-географиялық тиімді жерде, Ұлы Жібек жолы бойындағы керуен жолдарының қиылысында орналасуына байланысты қала құрылғаннан бастап сауда орталығының функциясын атқарды. Бүгінгі күні Қызылорда қаласы Ресей Федерациясымен, Орта Азия елдерімен және Қазақстанның өзге өңірлерімен ыңғайлы байланысы бар ірі әкімшілік, өнеркәсіпті және мәдени орталық.

Қызылорда қаласы арқылы Ақтөбе-Алматы автомагистралі, Орынбор-Ташкент темір жолы өтеді.

Бекітілген бас жоспарға сәйкес 2025 жылы халық саны 310-350 мың адамға жетеді. Халықтың өсу қарқынын ескере отырып, 2050 жылға халық саны 475,0-500,0 мың адамды құрауы мүмкін. Осыған байланысты тұрғын үй құрылысы үшін қосымша аумақтар қажет. Қазіргі уақытта көпқабатты тұрғын үй құрылысы дарияның оң жағалауында салынуда. Қаланың қарқынды дамуы, халықтың жылдам өсу қарқыны қала аумағының кеңеюіне және оның функциясының күшеюіне қажеттілігін тудырып отыр.

Бүгінде қаланы сол жағалауды дамыту арқылы Жаңа Ұлы Жібек жолының орталығы - заманауи «жаңа қала» құрылысы салынады. Сол жағалаудағы 1532 га аумақ Сырдария өзені мен «Батыс Европа - Батыс Қытай» халықаралық автожолының арасындағы аумақта орналасқан және болашақта «өсу нүктесі» қалыптасатын болады.

Жалпы алғанда, сол жағалаудағы 1532 га аумақты толық игергенде қала құрылысында 4-5-9 қабатты тұрғын үйлердің тығыз салынған жағдайында 154,2 мың халықты орналастыруға мүмкіндік береді. Қаланың негізгі магистральдарының бірі Мұратбаев көшесі сол жағалаудағы тұрғын аудандарымен байланыстыратын болады. Қазіргі уақытта Мұратбаев көшесінен сол жағалауды байланыстыратын Сырдария өзені арқылы автомобиль көпірінің құрылысы салынуда. Сол жағалаудағы аумақтың оңтүстік-батыс шекарасы арқылы «Батыс Европа - Батыс Қытай» халықаралық автожолы салынған. Оң және сол жағалауды байланыстыратын қаланың транспорттық жүйесін дамыту заманауи жаңа әкімшілік, сауда, ғылыми және тұрғын үй кешендерімен толыққан, тарихи орталықтың функцияларын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Сол жағалаудағы аумақта кешенді құрылыс салу қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыруға, тұрғын үй, әкімшілік ғимараттары, мәдени-ойын сауық, сауда-көрме, спорттық, коммуналдық, басқа да ғимараттар құрылысына жеке отандық және шетелдік инвесторларды тартуға мүмкіндік жасайды. Сонымен қатар осы аумақта қаланың болашақтағы дамуы үшін тарихи музей, мәдени-спорт кешендері, стадион, цирк, драмалық театр және басқа да нысандар, жаңа парктер, скверлер орналастырылады.

Жобалау барысында келесі шектеулер бар: Сырдария өзені бойы және су қорғау аймағы, бейіттер және жекелеген көмінділер. Осыған байланысты күзет және санитарлық қорғау аймағын ұйымдастыруды талап етеді.

Қызылорда қаласын өндіріс орталығына «өсу нүктесіне» айналдыруды көздейтін индустриалды аймақ құру үшін Титов қыстағынан 760 га жер телімі және «Өндірістік алаңға» бұрынғы ЦКЗ аумағынан 44 га жер телімі табысталып, жобаларға жер телімдері бөлінуде. Индустриалдық аймақты инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында электрмен қамтамасыз ету жүйесінің құрылысы жүргізілуде.

Бұл индустриалдық аймақтарда ірі өндірістік жобалар орналастырылуда. Олардың қатарында «Бәйтерек» Ұлттық Басқару Холдингі» АҚ-ның «Шыны шығару зауытының құрылысы» жобасы, «Ұзақов» ЖК-нің «Қабырға және жаяу жүргінші жолдардың материалдары өндірісін құру» жобасы, «Экосервис-К» ЖШС-нің «Қызылорда қаласында құбырларды пенополиуретанды полиэтилен және мырышпен қаптап жылу сақтандыру», Қызылорда қаласында жылдық қуаттылығы 150 мың тонна болатын «Ферроқорытпа зауытын салу» жобалары бар. Ферроқорытпа зауытының болжамдық құны 250 млн. АҚШ доллары, құрылысқа салынатын инвестиция көлемі 211,5 млн.АҚШ долларын құрайды.

Қазіргі уақытта шыны зауытының құрылысы басталып, зауытты іске қосу 2017 жылға жоспарланды.

2.4.4. Жол және көлік

Қоғамдық көлік

Қызылорда қаласында қоғамдық көліктерде жолаушылар мен багажды тасымалдауды тұрақты ұйымдастыру жұмыстарын мемлекеттік және жеке әріптестік аясында құрылған «Байқоңыр» ӘКК» ҰК АҚ-ның 100% еншілес мекемесі «Қызылорда» Автобус паркі» ЖШС-гі жүргізеді. Бүгінгі таңда қалада қалаішілік 25 бағыттағы және қаламаңына қатынайтын 6 бағыттағы барлығы 788 автокөліктер 2 ауысыммен қызмет көрсетуде, оның ішінде 418 – кіші сыйымдылықтағы, 370 – орта және үлкен сыйымдылықтағы автобустар.

Жолаушылар тасымалы көлемінің өсу динамикасы тікелей қолданылатын көліктерге байланысты. Орта және үлкен сыйымдылықты көлік құралдарының жетіспеушілігінен кіші сыйымдылықты көліктерді тарту көше қозғалысының қарқындылығына апарып соқтырды. Нәтижесінде қала бойынша орташа эксплуатациялық қозғалыс жылдамдығы 20 км/сағ дейін төмендеді.

Қалақұрылысының дамуы және автомобилизация процестерінен туындаған қоғамдық көлік тасымалы саласындағы проблемалардың, оның ішінде аялдама кешендерінің жетіспеушілігі, жол-көше тораптарында жүктеменің аса көп болуы, жол қозғалысында кептелістің орын алуы және жолда жүру қауіпсіздігінің төмендеуіне әкеліп соқтыруда.

Қызылорда қаласында жолаушылар тасымалы қызметі сапасын арттыру мақсатында «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-мен қалалық автобус паркін жаңартудың 2013-2015 жылдарға арналған 2 кезеңдік жобасы әзірленген болатын.

Жобаның бірінші кезеңінде газомоторлы отында жұмыс істейтін қазіргі заманға сай қалалық кластағы 30 автобус сатып алынды. Үлкен сыйымдылықтағы автобустар № 1 және № 18 бағыттарға қосылды. Жаңа автобустар таза табиғи отынын пайдаланып, мүгедектер үшін арнайы жабдықталған.

Жобаның екінші кезеңінде «Байқоңыр ӘКК» АҚ, қала әкімдігі және Еуропалық қайта құру және даму банкі арасында жасалған үш жақты меморандумның негізінде қосымша 100 дана заманауи қалалық кластағы автобус әкелу және көгілдір отын өңдейтін кіші станциясы бар жаңа автобус паркін салу көзделген.

Бүгінгі таңда, автобус паркі құрылысының жоба-сметалық құжаттамасы әзірленіп, жобаға сәйкес құрылыстың жалпы құны 2 870,9 млн.теңгені құрайды. Құрылыс жұмыстарына 106,0 млн.теңге бөлініп, мердігер «КомСтройМонтаж» ЖШС-мен атқарылуда. Аяқтау мерзімі 2016 жылға жоспарланды.

Қаланың бас жоспарына сәйкес Мостовой көшесінің бойымен оңтүстік өндіріс аймағының солтүстігіне қарай жаңа автобус паркінің құрылысына белгіленген 5 га жер телімін тазалау, тегістеу жұмыстары жүргізілді және газ құю бекеті, 100 автобусқа арналған тұрақ, көлік жуу бекетінің жұмыстары аяқталады.


Каталог: upload -> files
files -> Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенцияны ратификациялау туралы
files -> «II, III және IV санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
files -> Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін "Үздік педагог" атағын беру және мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің
files -> Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы
files -> Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы
files -> Есэдо го (версия 13. 2) Копия электронного документа. Положительный результат проверки эцп
files -> «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру»
files -> «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
Қазақстан республикасы
рсетілетін қызмет
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Жалпы ережелер
білім беретін
бағалау тапсырмалары
бекіту туралы
республикасы білім
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалаудың
қызмет стандарты
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
арналған жиынтық
болып табылады
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
жалпы білім
Әдістемелік кешені
нтізбелік тақырыптық
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Мектепке дейінгі
Зертханалық жұмыс
республикасының білім
оқыту әдістемесі
Инклюзивті білім
туралы хабарландыру
білім берудің
Жұмыс бағдарламасы
туралы жалпы
қазақ тілінде
Қысқа мерзімді
тақырыптық жоспар
пайда болуы
пәнінен тоқсан