Қызылорда қалалық мәслихатының кезекті XXXXXI сессиясының 2015 жылғы «24» желтоқсандағы 51/3 шешімімен бекітілді



бет1/16
Дата16.01.2017
өлшемі311.27 Kb.
#252
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Қызылорда қалалық мәслихатының

кезекті XXXXXI сессиясының

2015 жылғы «24» желтоқсандағы

51/3 шешімімен бекітілді

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ

2016-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН

ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Қызылорда қаласы, 2015 жыл

МАЗМҰНЫ

1.

БАҒДАРЛАМА ТӨЛҚҰЖАТЫ



2.

АҒЫМДАҒЫ АХУАЛДЫ ТАЛДАУ

2.1. Экономика

2.1.1.Өңірлік макроэкономика

2.1.2. Өнеркәсіп

2.1.3. Агроөнеркәсіптік кешен

2.1.4. Шағын және орта бизнес, сауда

2.1.5. Өңіраралық ынтымақтастық

2.1.6. Инновациялар мен инвестициялар

2.2. Әлеуметтік сала

2.2.1. Білім беру

2.2.2. Денсаулық сақтау

2.2.3. Жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау

2.2.4. Мәдениет

2.2.5. Денешынықтыру және спорт

2.2.6. Туризм

2.2.7. Үштұғырлы тілді дамыту

2.2.8. Ішкі саясат

2.3. Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

2.3.1. Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

2.3.2. Төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл инфрақұрылымы

2.4. Инфрақұрылымдық кешен

2.4.1. Байланыс және коммуникация

2.4.2. Құрылыс

2.4.3. Аумақты кеңістіктік дамыту

2.4.4. Жолдар және көлік

2.5. Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы

2.5.1. Электрмен жабдықтау

2.5.2. Сумен жабдықтау және суды бұру қызметі

2.5.3. Жылумен жабдықтау

2.5.4. Газбен жабдықтау

2.5.5. Тұрғын үй қоры

2.6. Экология және жер ресурстары

2.6.1. Қоршаған орта ахуалы

2.6.2. Тұрмыстық қатты қалдықтармен ластануы

2.6.3. Жер ресурстары

2.7. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

3.

НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР, МАҚСАТТАРЫ, МАҚСАТТЫ ИНДИКАТОРЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ЖОЛДАРЫ



1 бағыт: Экономика

2 бағыт: Әлеуметтік сала

3 бағыт: Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

4 бағыт: Инфрақұрылым

5 бағыт: Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы

6 бағыт: Экология және жер ресурстары

7 бағыт: Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

4.

ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР



1. БАҒДАРЛАМА ТӨЛҚҰЖАТЫ

Бағдарлама атауы

2016-2020 жылдарға арналған Қызылорда қаласының аумақты дамыту бағдарламасы

Оны дайындауға негіздеме

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымындағы «Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» № 827 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы №931 Жарлығы

Өңірдің негізгі сипаттамасы

Қызылорда қаласы 2,4 мың шаршы км жалпы көлемімен, Сырдария өзенінің оң жағалауында орналасқан Қызылорда облысының әкімшілік орталығы, облыстың бүкіл аумағының 1,1% құрайды. Қаланың әкімшілік-аумақтық құрамына 2 кент және 7 ауылдық округтері кіреді.

2015 жылғы 1 қаңтарға халықтың саны 268,9 мың адамды құрайды, халықтың орналасу тығыздығы әр 1 шаршы шақырымға 112 адамнан келеді.

Бағыттары

1. Экономика

2. Әлеуметтік сала

3. Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

4. Инфрақұрылым

5. Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы

6. Экология және жер ресурстары

7. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

Мақсаттары

Қала экономикасының орнықты дамуын қамтамасыз ету;

Экономиканы әртараптандыру және бәсекеге қабілетті өнімді өндіретін өнеркәсіптің басым секторларын дамыту;

Агроөнеркәсіптік кешенінің экспорттық әлеуетін және өнімнің бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру;

Кәсіпкерлік пен сауданың серпінді дамуын қамтамасыз ету;

Тұрақты өңіраралық экономикалық ынтымақтастықты қалыптастыру;

Технологиялық инновацияны дамытуға және экономиканың басым секторларына инвестиция тартуды ынталандыру;

Сапалы және қолжетімді білім беруді қамтамасыз ету, жастардың жан-жақты дамуына мүмкіндіктер мен жағдай қалыптастыру;

Қала халқына медициналық көмек көрсетудің сапасын және қол жетімділігін арттыру;

Тұрақты және өнімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру;

Тарихи-мәдени құндылықтарға қол жеткізу және шығармашылықты іске асыру үшін жағдай жасау;

Бұқаралық спортты дамыту;

Өңірдің туристік-рекреациялық әлеуетін пайдалану;

Мемлекеттік тілді және үш тілдің біртұтастығын дамыту;

Қала аумағында қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстылыққа қарсы әрекет ету;

Халықты қолжетімді және сапалы байланыс қызметімен қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен байланысты дамыту;

Құрылыс саласын және қала халқының тұрғын үйге қол жетімділігін дамыту;

Қала тұрғындарын сапалы көлік қызметімен қамтамасыз ету;

Тұтынушыларды қолжетімді, сапалы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету;

Экологиялық ахуалды тұрақтандыру және жақсарту, жер ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;

Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және қол жетімділігін қамтамасыз ету.

Мақсатты индикаторлар

1 бағыт-Экономика

Жергілікті бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдердің өсу қарқыны, %

Өңдеу өнеркәсібіндегі өнім шығарудың нақты көлемінің индексі, %;

Машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын жасау, %

Машина жасау өнеркәсібі, %

Өзге металл емес минералдық өнімдерді өндіру, %

Химиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіру, %

Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру, %

Жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндіру, %

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестициялардың нақты көлем индексі, %;

Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына тартылған нақты көлем индексі, %;

Ұйымдастырылған шаруашылықтарда мүйізді ірі қара және уақ малдардың үлесі, %;

Тұқымдық түрлендіруге қатысқан мүйізді ірі қара және уақ малдардың үлесі, %;

Мерзімдері бұзылып берілген субсидиялар үлесінің төмендеуі, %;

Тіркелген жалпы көлемдегі шағын және орта кәсіпкерліктің қолданыстағы субъектілерінің үлесі, %;

Бөлшек сауданың нақты көлем индексі, %;

Сауда алаңының 2000 шаршы мертден кем емес сауда объектілерінің санын ұлғайту («Бөлшек сауда» қызметі түрімен), бірлік;

Халықтың жан басына шаққандағы негізгі капиталға инвестициялардың үлесі, %;

Негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлеміндегі сыртқы инвестициялардың үлесі, %;

Шикізаттық емес секторының негізгі капиталына салынған инвестицияның 2015 жылғы өсуі (мемлекеттік бюджеттен инвестицияларды қоспағанда), %;

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың ішіндегі инновациялық белсенді кәсіпорындардың үлесі,%;

2 бағыт-Әлеуметтік сала

Жұмыс істеп тұрған авариялық және үш ауысымдық мектептер саны, бірлік;

Жаратылыстану-математика пәндері бойынша мектеп бітірушілердің арасында білім беру бағдарламаларын табысты (өте жақсы/жақсы) меңгерген оқушылардың үлесі,%;

Мүмкіндіктері шектеулі балалардың жалпы санының ішінде балалардың инклюзивтік біліммен қамтылуы, %;

Балаларды (3-6 жас) мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту, %;

оның ішінде жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдар желілерін дамыту есебінен, %;

Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруда 14-29 жастағы тұрғындардың қанағаттанушылық деңгейі, %;

Мемлекеттік желілер нормативіне сәйкес жалпы орта білім беру ұйымдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету, %;

Аналар өлім-жітімін төмендету, 100 мың тірі туылғандарға шаққандағы саны;

Нәресте өлім-жітімін төмендету,1000 тірі туылғандарға шаққандағы саны;

Жаңадан пайда болған қатерлі ісік аурулардан болатын өлім-жітімді төмендету,100 мың тұрғынға шаққандағы саны;

15-49 жас ерекшелігі тобындағы адамның иммун тапшылығы вирусының таралуы, 02-0,6% шегінде, %;

Жұмыссыздық деңгейі, %;

Жұмысқа орналастыру мәселелер бойынша жүгінген адамдардың ішінен жұмысқа орналастырылғандардың үлесі, %;

Жүгінген нысаналы топтардың ішінен тұрақты жұмысқа орналасқандардың үлесі, %;

Өндірістік жарақат деңгейі, 1000 адамға жазатайым оқиғалардың жиілік коэффициенті

Атаулы әлеуметтік көмек алушылар ішіндегі еңбекке жарамды адамдардың үлесі, %;

Арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсете отырып қамтылған адамдардың үлес салмағы (оларды алуға мұқтаж адамдардың жалпы санының ішінде), %;

Жеке сектор субъектілері (оның ішінде, үкіметтік емес ұйымдар) ұсынатын арнайы әлеуметтік көрсетілетін қызметтермен қамтылған адамдардың үлесі, %;

1000 адамға шаққандағы мәдениет ұйымдарына келушілердің (келу) орташа саны, адам;

Денешынықтыру және спортпен шұғылданатын азаматтарды қамту, %;

Балалар мен жасөспірімдер жалпы санына қатысты 7 пен 18 жас аралығында балалар жасөспірімдер спорт мектептерінде және спорт клубында дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын балалар мен жасөспірімдерді қамту, %;

Өткен жылмен салыстырғанда ішкі туризм бойынша орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер санының өсуі (резиденттер), %;

Өткен жылмен салыстырғанда сырттан келу туризмі бойынша орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер санының өсуі (резиденттер емес), %;

Өткен жылмен салыстырғанда ұсынылған төсек-тәулік санының өсуі, %;

Мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі,%;

Ағылшын тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі,%;

Үш тілді (мемлекеттік, орыс және ағылшын) меңгерген ересек тұрғындардың үлесі,%;



3 бағыт-Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

Көшеде жасалған қылмыстардың үлес салмағы, %;

100 зардап шеккен адамға шаққандағы жол-көлік оқиғаларынан қайтыс болғандар санын төмендету, %;

Жасөспірімдермен жасалған қылмыстардың үлес салмағы, %;

Бұрын қылмыс жасаған адамдардың жасаған қылмыстарының үлес салмағы, %;

Төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл инфрақұрылымының қамтамасыз етілу деңгейі, %;



4 бағыт - Инфрақұрылым

100 тұрғынға телефон байланысының тіркелген желісінің тығыздығы, бірлік;

Интернетті пайдаланушылардың үлесі, %;

Халықтың цифрлық сауаттылығының деңгейі, %;

Құрылыс жұмыстарының нақты көлемінің индексі, %;

Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы, мың шаршы метр;

Әлеуметтік көліктік инфрақұрылымның паспортталған обьектілерінің жалпы санының ішіндегі мүгедектер үшін қолжетімділікпен қамтамасыз етілген әлеуметтік инфрақұрылым обьектілерінің үлесі, %;

Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі, %;

Жолаушылар автокөлігі қатынасымен қамтылмаған елді мекендер үлесі, %;

5 бағыт - Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

Күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум объектiлерінiң үлесiн төмендету, %;

Қалада орталықтандырылған қолжетімділік, %;

Елді мекендерде орталықтандырылған қолжетімділік, %;

Жаңғыртылған (жаңадан салынған) желілер ұзындығы, км;

Барлық желілер ұзындығының ішінде жаңғыртылған желілер ұзындығының үлесі, %;



6 бағыт - Экология және жер ресурстары

Тұрмыстық қатты қалдықтардың түзілуіне байланысты оларды кәдеге жарату үлесі, %;

Қала халқын қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтермен қамту, %;

Экологиялық талаптар мен санитариялық қағидаларға сәйкес келетін тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыру объектілерінің үлесі (оларды орналастыру орындарының жалпы санынан), %;

Ластаушы заттардың нормативті көлемі: млн.тн;

Жергілікті атқарушы органдардың қарамағында орналасқан мемлекеттік орман қоры аумағында орманмен жабылған алқап ауданы, мың.га;

Жергілікті атқарушы органдардың қарамағында орналасқан мемлекеттік орман қоры ауданында 1 орман өртінің орташа ауданы, мың.га;

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің ауыл шаруашылығы айналымына тартылған үлесін ұлғайту, %;

Жыртылған жер құрамындағы ауыспалы егіс үлесі (ауыспалы егіс алқабы), %;

Табиғи жайылымдық жерлердің құрамындағы жайылымдық ауыспалы егістің үлесі (азықтық ауыспалы егіс), %.



7 бағыт - Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

Жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасына қанағаттанушылық деңгейі, %.

Қажетті ресурстар

Қаржыландыру көздері: республикалық, облыстық және қалалық бюджеттер, инвесторлардың жеке қаражаты, қарыз қаражаты.

Бағдарламаны қаржыландыру көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерді бекіткен кезде тиісті қаржылық жылға нақтыланады.

Қаржыландыру көлемі:

барлығы – 218 779,8 млн. теңге, оның ішінде:

2016 жылы – 51 368,7 млн. теңге

2017 жылы – 64 562,5 млн. теңге

2018 жылы – 33 133,0 млн. теңге

2019 жылы – 35 413,3 млн. теңге

2020 жылы – 34 302,3 млн. теңге



2. АҒЫМДАҒЫ АХУАЛДЫ ТАЛДАУ

Қаланың жалпы сипаттамасы

Қызылорда қаласы - Қызылорда облысының әкімшілік, мәдени-экономикалық орталығы, Қазақстандағы ірі өзендердің бірі Сырдария өзенінің оң жағалауында, Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласынан оңтүстік батысқа қарай 830 км қашықтықта орналасқан.

Қала аумағы 2,4 мың шаршы км немесе облыс аумағының 1,1%-ын құрайды. Қаланың әкімшілік-аумақтық құрамына 2 кент және 7 ауыл округтері, 18 елді мекендер кіреді. Ауылдық елді мекендерде халықтың жалпы санының 8,2 пайызы тұрады.

Қызылорда қаласы тұрғындарының 95 пайызы «Батыс Европа-Батыс Қытай» автожолының бойында орналасқан елді мекендерде тұрып жатыр. Халықтың орналасу тығыздығы әр 1 шаршы шақырымға 112 адамды құрап, орташа облыстық көрсеткіштен (1 шаршы км 3,3) жоғары.

Қызылорда қаласында халық саны тұрақты өсіммен сипатталады. 2009 жылғы халық санағына сәйкес халық саны 211,9 мың адамды құраса, 2015 жылдың 1 қаңтарына тұрғындар саны 268,9 мың адамға жетті (немесе облыс халқының 35,7%). Оның ішінде еркектер санының үлесі 49%, әйелдердің үлесі 51%.

Қалада халықтың өсуінің орнықты үрдісі бала туу өсімінің есебінен, халықтың көші-қоны айырмасының оң көрсеткіші есебінен жүзеге асырылды және өңірді дамыту перспективасында позитивті фактор ретінде бағаланады.

Қызылорда қаласы автомобиль жолдарының, теміржол, әуе көлігінің маңызды және тиімді жол торабы болып табылады. Қала арқылы Орынбор-Ташкент магистральды темір жол желісі өтеді. Облыс аумағында 7 аудан және облыс орталығын қамтитын «Батыс Европа-Батыс Қытай» автомобиль жолының жалпы ұзындығы 812 км болса, қала арқылы өтетін жолдың ұзындығы 112 км құрайды.

Сонымен қатар, қалаға жергілікті маңыздағы облыстың аудандарымен шаруашылық байланысты қамтамасыз етуші жолдар қосылған.

Қызылорда қаласының аумағынан ұзындығы 76 км-дей оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай Сырдария өзені ағып өтеді.

Қызылорда қаласы шөлді аймақта орналасқан, жазы ұзақ, ыстық әрі құрғақ, ал қыс мезгілінде қар аз түсіп, желді болады. Ауаның орташа температурасы 9,1ºС. Жылына орташа есеппен 130 мм жауын-шашын түссе, жаздағы жер бетінің булануы түскен жауын-шашыннан 20 еседен артық.

Қызылорда қаласында жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын қалаішілік 25 бағыттағы және қала маңына қатынайтын 6 бағыттағы маршруттарда барлығы 788 автокөлік қызмет көрсетуде.

Халықтың тұрғын үймен орташа қамтамасыз етілуі бір адамға 21,7 шаршы метрден келеді. Орташа облыстық көрсеткіштен (19,5) және ауылды жердегі (18) көрсеткіштен жоғары.



2.1 - Бағыт: Экономика

2.1.1. Өңірлік макроэкономика

Өңірлік экономиканы айқындайтын негізгі сала – мұнай газ секторы болып табылады. Қала бойынша өнеркәсіп орындарымен өндірілген өнімнің 94,4 пайызы кен өнеркәсібі саласының үлесінде. Өңдеуші саланың үлесі 3 пайыз деңгейінде.

Облыстағы өнеркәсіп өндірісі барынша Қызылорда қаласында орналасқан. Облыс бойынша өндірілген өнеркәсіп өнімдерінің 90,7 пайызы Қызылорда қаласында өндірілген. Осыған байланысты өңірде экономиканың тұрақты даму тенденциясы сақталуда. 2014 жылы өндірілген жалпы өңірлік өнім 1318,2 млрд.теңгені құрап, 2012 жылмен салыстырғанда 12 пайызға артты (1176,6 млрд.теңге).

Жергілікті бюджетке түсетін түсімдер.

2012-2014 жылдар ішінде жергілікті бюджетке түсетін салықтық және салықтық емес түсімдердің өсу қарқыны 2012 жылы 115,7% 2014 жылы 143,2% құрады.

Осы мерзім ішіндегі түсім көлемінің ұлғаюы қала аумағында газдандыру, жол салу сияқты ірі жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ мұнай секторында және оларға қызмет көрсетуші сервистік компаниялармен атқарған жұмыстары нәтижесінде қол жеткізілді.

Облыстық статистика мәліметтеріне сәйкес 2012-2014 жылдар ішінде Қызылорда қаласы бойынша нақты жалақы қорының тұрақты өсіп, сәйкесінше жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық көлемінің өсуіне әсерін тигізді.

2012-2014 жылдар ішінде Қызылорда қаласының салық базасын кеңейту шаралары нәтижесінде мүлік, жер, көлік салықтарының да өсу қарқыны артты. Осы салықтар бойынша орташа өсу қарқыны мүлік салығы бойынша 114,1%, жер салығы – 106,2%, көлік салығы 115,6% құрады.

SWOT – талдау

Күшті жақтары (S)

Әлсіз жақтары (W)

1.Салық салу базасын ұлғайтудың «Жол картасының» жүзеге асырылуы

2.Түсім көлемін толық және уақытылы өндіру, сонымен қатар салық базасын ұлғайту мақсатында үнемі салықтық бақылау жүзеге асырылуда.

3.Салық төлеуші (салық агенті) табыс еткен салық есептіліктерін, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ салық төлеушінің қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерді зерделеу мен талдау негізінде камералдық бақылау жүргізу

1. Дүние жүзілік дағдарыс, мұнай бағасы және өндіру көлемі төмендеп мұнай секторындағы мекемелер де және оларға қызмет көрсететін ірі салық төлушілердің де жұмыс көлемі азайып, сәйкесінше жалдамалы жұмысшы саны, жалақы қоры және төленетін салық сомаларының да азаюы

Мүмкіндіктері (O)

Қауіптері (T)

1. Қызылорда қаласы аумағында ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы;

2. Халықтың айлық жалақысының өсуі;

3. Шағын және орта бизнесті мемлекет тарапынан қолдаудың бағдарламаларының жүзеге асырылуы;

1.Әлемдегі қаржы дағдарысының кері әсері

2.1.2. Өнеркәсіп.

Қызылорда қаласы экономикасында өнеркәсіп маңызды роль атқарады. Жалпы облыстық өнеркәсіп өнімдері өндірісі көлеміндегі қаланың үлесі 92,4%–ды құраса, онда жұмыспен қамтылғандардың үлесі 73,6%.

2014 жыл қорытындысымен өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 95,9%, орташа облыстық көрсеткіштен 1 пайыздық тармаққа төмен. Өнеркәсіп өнімінің 94,4% негізінен шикі мұнай өндіру басым (94,7%) кен өнеркәсібінің үлесінде. Өңдеу өнеркәсібінің үлесі 3%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау саласының үлесі 2,3%, сумен жабдықтау саласының көлемінің үлесі 0,3%.

Кесте 1 2012-2014 жылдардағы өнеркәсіп көрсеткіштері

Атауы


Өнеркәсіп көлемі, млрд. теңге

НКИ, %


Үлесі,%

2012ж


2013ж

2014ж


2012ж

2013ж


2014ж

2012ж


2013ж

2014ж


Өнеркәсіп өнімінің (тауарлардың, қызметтерінің) көлемі

1048,8


1083,1

1045,5


100,8

99,4


95,9

100,0


100,0

100,0


Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу

1001,1


1032,5

987,3


100,2

98,9


95,3

95,5


95,3

94,4


Өңдеу өнеркәсібі

23,8


26,5

31,3


95,4

117,2


111,1

2,3


2,5

3,0


Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау

20,8


20,7

23,7


137,6

112,5


107,4

1,9


1,9

2,3


Сумен жабдықтау

3,1


3,4

3,2


109,6

93,3


85,5

0,3


0,3

0,3


2012-2014 жылдар ішінде өнеркәсіп құрылымында оң өзгерістер орын алып, кен өнеркәсібінің үлесі 1,1 пайыздық тармаққа қысқарып, өңдеу өнеркәсібінің үлесі 0,7 пайыздық тармаққа артты (кесте 1).

Жалпы өнеркәсіп құрылымында өңдеуші өнеркәсіп саласының үлесін ұлғайту және экономиканы тұрақты дамыту мақсатында Қызылорда қаласын өндіріс орталығына айналдыруды көздейтін индустриалды аймақ құрылды. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде бағдарламаның «Өндірістік инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыстар жүргізу» бағыты бойынша Индустриалдық аймақты қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында республикалық бюджеттен 2,6 км жол, 1,5 км сыртқы су желілері, 3,7 км кәріз желілері құрылысы салынды.

Үдемелі индустрияық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде өнеркәсіпті дамытудың негізгі құралы индустрияландыру картасы бойынша 2010-2014 жылдары қалада жалпы құны 17,3 млрд.теңгені құрайтын 25 жоба іске қосылып, 565 жаңа жұмыс орындары ашылды. Осы мерзімде химиялық реагенттер өндірісі зауыты, ауылшаруашылық техникасын құрастыру, жол құрылыс материалдары өндіретін зауыттар іске қосылды.

Қазақстан Республикасында индустриялық-инновациялық дамуытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жыл басынан бері 8 жоба іске қосылып 219 адам жұмыспен қамтылды. Олар:

1. «Жан Арай Жем»ЖШС-нің «Қуаттылығы тәулігіне 80 тонна құрама жем зауыты» жобасы.

2. «МаксимаЛогистиксКазахстан» ЖШС-нің «Керамикалық кірпіш өндіретін зауыт құрылысы» жобасы 1 маусымда іске қосылды.

3. «Азиаш» ЖШС-нің «Сэндвич панел өндіру» жобасы;

4. «Узаков» ЖК-нің «Қабырғалық және тротуарлық материалдарының өндірісі» жобасы.

5. «Ақ-Мерген» ЖШС»-нің «Стенділік атуға арналған атқыштар кешенін ұйымдастыру» жобасы.

6. ЖК «Сейтжаппарованың» «Батыс Европа – Батыс Қытай» халықаралық автокөлік дәлізінің бойында салынатын қызмет көрсету орталығы» жобасы.

7. «РМЗ- Шапағат» ЖШС-нің «Үй құрылыс комбинаты» жобасы;

8. «Газ Трейд» ЖШС-нің, «Автомобильді газбен толтыру бекетінің құрылысы» жобасы.

Бағдарламаның екінші бесжылдығында (2015-2019 жылдар) индустрияландыру картасына енгізілген жалпы құны 59,4 млрд. теңгені құрайтын 19 жоба жүзеге асырылуда. Олардың қатарында «Шыны шығару зауыты», «Темір бетон бұйымдарын шығару», «Асфальт-бетон зауыты», Электрнасос қондырғыларын жинау цехы», «Полимерлік құбырлар өндіру зауыты», «Машина жасау зауыты», «Ферроқорытпа зауыты», «Мұнай өнімдерін өңдеу зауыты», басқа да жобалар бар.

Кен өнеркәсібі.

Қала экономикасында өнеркәсіп өндірісінің негізін – кен өнеркәсібі құрайды. Мұнай-газ өнеркәсібінің жалпы өнеркәсіп көлеміндегі үлесі 86,3%.

2012-2014 жылдардағы көрсеткіштерге талдау жасау барысында мұнай өндіру көлемінің жыл сайын төмендеуі байқалады. Өндіріс көлемінің төмендеуі мұнай кеніштерінде мұнай қорының сарқылуы және сулануы себебінен орын алып отыр. 2014 жыл қорытындысымен мұнай өндіру 6,3 пайызға төмендеген. Кен өндіру саласы құрылымында техникалық қызмет көрсету көлемінің үлесі 5%-дан 8,6%-ға артты (кесте 2).

Кесте 2 – Мұнай-газ өнеркәсібінің көрсеткіштері, 2012-2014 жылдар

Атауы


Өлшем бірлігі

2012


жыл

2013 жыл


2014 жыл

Мұнай-газ өнеркәсібінің жалпы өнеркәсіп көлеміндегі үлесі

%

91,0


89,7

86,3


Шикі мұнай өндіру

мың


тонна

10779,0


10585,0

9920,0


Кен өнеркәсібі саласындағы техникалық қызметтер үлесі

%

5,0



6,4

8,6


Кен өндіру саласындағы мұнай және газ конденсатын өндіруші «ПетроҚазақстанҚұмкөлРесорсиз» АҚ, «ТорғайПетролеум» АҚ, «Қазгермұнай», «ҚуатАмлонМұнай», ҚОР, СНПС «Айдан мұнай» ірі компаниялары қала аумағында жұмыс жасайды. 2011-2015 жылдар ішінде «Қазгермұнай» АҚ-ы және «Саутс Ойл» ЖШС-гі ілеспе мұнай газын пайдалану жобасын іске қосты. Келешекте мұнай қорының сарқылуына байланысты осы саланың өсу қарқыны бәсеңдейтін болады.

Өңдеу өнеркәсібі.



Жалпы өнеркәсіп құрылымында өңдеу өнеркәсібінің үлесі жыл сайын артып келеді. Соңғы үш жылда 23,8 млрд.теңгеден 31,3 млрд.теңгеге жетіп, облыс бойынша өндірілген өнімнің 43% қамтамасыз етті. Қала экономикасында өңдеу өнеркәсібі тамақ өнеркәсібі, машина жасау, мұнай өнімдерін өңдеу, құрылыс материалдарын өндіру, химия және жеңіл өнеркәсіптері есебінен қалыптасқан. Тамақ өнімдерін өндіру 32%, мұнай өңдеу өнімдерін өндіру 24%, құрылыс материалдарын өндіру 17%, машина жасау саласы 20% құрайды.

Соңғы үш жыл ішінде тамақ өнеркәсібінің көлемі 2 есеге, мұнай-химия өнімдерін өндіру көлемі 1,5 есеге, құрылыс материалдарын өндіру көлемі 2,5 есеге артты.



2012-2014 жылдардағы мәліметтерге талдау жасау барысында жалпы өңдеу өнеркәсібінің нақты көлем индексі 2012 жылы 106,4%–дан 111,1%–ға артқан. (Кесте 3). Себебі өңірде мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жаңа жобалар іске қосылуда.

Дегенмен жеңіл өнеркәсіп саласында өнім көлемі тапсырыстың аз болуына байланысты төмендеген. Негізгі себептер: біріншіден, сауда орындарында Қытай мемлекетінен тасымалданатын дайын арнайы киімдер, сапасы төмен болғанымен, төмен бағамен сатылуда; екіншіден, арнайы киімдерге тапсырыс беруші мұнай компанияларында өнім көлемі азаюына байланысты жұмыскерлер демалысқа жіберілуіне, босатылуына байланысты тапсырыс көлемі азайған.
Каталог: upload -> files
files -> Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенцияны ратификациялау туралы
files -> «II, III және IV санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
files -> Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін "Үздік педагог" атағын беру және мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің
files -> Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы
files -> Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы
files -> Есэдо го (версия 13. 2) Копия электронного документа. Положительный результат проверки эцп
files -> «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру»
files -> «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
Қазақстан республикасы
рсетілетін қызмет
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Жалпы ережелер
білім беретін
бағалау тапсырмалары
бекіту туралы
республикасы білім
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалаудың
қызмет стандарты
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
арналған жиынтық
болып табылады
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
жалпы білім
Әдістемелік кешені
нтізбелік тақырыптық
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Мектепке дейінгі
Зертханалық жұмыс
республикасының білім
оқыту әдістемесі
Инклюзивті білім
туралы хабарландыру
білім берудің
Жұмыс бағдарламасы
туралы жалпы
қазақ тілінде
Қысқа мерзімді
тақырыптық жоспар
пайда болуы
пәнінен тоқсан