Қызыл кітап және жануарлар мен өсімдіктердің Қызыл кітап түрлерінің түрлік очеркін жасау. Қазақстанның балық қорының тізілімі. Мазмұны

Loading...


Дата13.04.2020
өлшемі212.85 Kb.

Қызыл кітап және жануарлар мен өсімдіктердің Қызыл кітап түрлерінің түрлік очеркін жасау. Қазақстанның балық қорының тізілімі.

Мазмұны:

Қызыл кітап- сирек кездесетін жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктердің түрлері, сондай-ақ оларды қорғау және қалпына келтіру жөніндегі қажетті шаралар туралы мәліметтер жиынтығы бар ресми құжат болып табылады.

  • Қызыл кітап — халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабы” — халықаралық дәрежедегі құжат. Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Жануарларды халықаралық дәрежеде қорғау мәселесі 20 ғасырдың бас кезінде қолға алынды. 1902 ж. Париж қаласында алғаш рет Құстарды қорғаудың халықаралық конвенциясына қол қойылды.
  • 1948 ж. ЮНЕСКО-ның жанынан Халықаралық табиғат қорғау одағы ұйымдастырылды. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітапбы 1966 ж. тұңғыш рет 2 том болып шықты. Оның 1-томында сүтқоректілердің 211 түрі, 2-томына құстардың 312 түрі туралы деректер берілді. Бұл кітап күнтізбе парақтары тәрізді арнайы жасалды, түрлер 4 категорияға топтастырылды. 1966 — 71 ж. Қызыл кітапқа тіркелетін түрлер туралы мәліметтер қайта толықтырылып, 2-басылымы, 1972 ж. 3-басылымы жарияланды. 1978 — 80 ж. 4-басылымы 5 том болып жарық көрді. Оның 1-томы сүтқоректілерге арналып, оған сүтқоректілердің 226 түрі мен 79 түр тармағы, 2-томында құстардың 181 түрі мен 77 түр тармағы, 3-томында қосмекенділердің 41 және бауырымен жорғалаушылардың 105 түрі, 4-том балықтарға арналып, балықтардың 194 түрі, ал 5-томы жоғары сатыдағы өсімдіктердің түрлеріне арналып, 25000 түрі тіркелді.

1980 жылдары бұрынғы томдар негізінде “Қызыл кітап” қайта шыға бастады. 1983 ж. шыққан Қызыл кітапта омыртқасыз жануарлар туралы мол мәлімет берілген. Жойылу қаупі төнген түрлерді сақтап қалу үшін оларды зоологиялық парктерде қолдан өсіріп, көбейту шаралары қолға алынған. Соның нәтижесінде соңғы Қызыл кітапқа тіркелген сүтқоректілердің 97, құстардың 39, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың 37 түрі дүниежүзілік зоологиялық парктерде қолдан көбейтілген.

  • 1980 жылдары бұрынғы томдар негізінде “Қызыл кітап” қайта шыға бастады. 1983 ж. шыққан Қызыл кітапта омыртқасыз жануарлар туралы мол мәлімет берілген. Жойылу қаупі төнген түрлерді сақтап қалу үшін оларды зоологиялық парктерде қолдан өсіріп, көбейту шаралары қолға алынған. Соның нәтижесінде соңғы Қызыл кітапқа тіркелген сүтқоректілердің 97, құстардың 39, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың 37 түрі дүниежүзілік зоологиялық парктерде қолдан көбейтілген.
  • Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітабын шығаруға Құстарды қорғау жөніндегі халықаралық кеңес, Су құстарын зерттейтін халықаралық бюро, Жануарларды қорғау жөніндегі бүкіләлемдік федерация, т.б. ұйымдар қатысады. Қызыл кітап табиғат қорғаудың негізгі іргетасы, экологиялық білім мен тәрбие берудің қайнар көзі болып саналады.

Қызыл кітап беттері

  • Қызыл кітаптың қара, қызыл, сары, жасыл, сұр және ақ түсті беттері бар. Қара беттерде жануарлар мен өсімдіктердің жойылып кеткен түрлердің тізімі беріледі. Мысалы, енді ғалам шарымызда теңіз сиыры жоқ. Қызыл беттерде жойылу қаупі бар жануарлар мен өсімдіктер тізімі беріледі. Ғалымдардың болжамы бойынша жуық арада ілбіс немес қар барысы секілді жануралар әлемінің бір өкілін жоғалтып алу қаупінде тұрмыз. Қызыл кітаптың сары беттерінде саны тез азайып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер әлемінің өкілдерінің тізімі берілген. Мысалы, ақ аюлар немесе қоқиқаздар. Ақ беттерінде қашанда саны аз болып келген жануарлар тізімі берілген. Мысалы, көк кит. Сұр беттерінде тіршілік ету ортасына қол жеткізілмеген түрлер тізімі. Оған орасан жылан - анакондалар жатады. Жасыл беттерде жойылып кету қаупінен аман қалған жануарлар мен өсімдіктер тізім берілген. Мысалы, құндыз.

Қазақстанның Қызыл кітабы  Қызыл кітап – сирек кездесетін және жойылып кетуі мүмкін жануарлардың, өсімдіктердің, жәндіктердің, балықтардың және т.б. тізімі.


Қызыл кітап 1963 жылы жарық көрді. Ғалымдар оны қажетті мәліметпен толықтыру және жариялау үшін, 15 жыл уақыт жұмсады. Кітаптың беттері әр түрлі түстен тұрады. Қара беттерде жойылған хайуандар, қызыл беттерде сирек кездесетін, сары бетте тез азайып келе жатқан, ал ақ беттерде құтқарылған жануарлардың түрлері көрсетілген. Соңғы 4 ғасырда, жануарлардың және өсімдіктердің 150-ден астам түрі жойылып кетті.

Қазақстанда бұл кітап 3 басылымнан тұрады. Соңғысы 1999 жылы шықты. Кітапта жануардың 120 түрі туралы жазылған. Олардың ішінде ақбөкен, гепард, бүркіт, арқар, барыс, және қылқалам бар.


Біздің елімізде, Қызыл кітапқа енген жануар немесе өсімдікке зиян тигізілсе, ол адам айыппұлмен қатар, бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қызыл кітапта жойылу қаупі бар түрлердің тізімі ғана емес, сондай-ақ қоршаған ортаны сақтауға арналған пайдалы кеңестер жазылған.

  • Біздің елімізде, Қызыл кітапқа енген жануар немесе өсімдікке зиян тигізілсе, ол адам айыппұлмен қатар, бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қызыл кітапта жойылу қаупі бар түрлердің тізімі ғана емес, сондай-ақ қоршаған ортаны сақтауға арналған пайдалы кеңестер жазылған.
  • Қызыл түс – қауіптілікті білдіреді. Сондықтан, кітапті осы түсте шығаруға шешім қабылданды. Флора және фауна өкілдерінің жойылуының басты себебі – ол адам. Сондықтан, қоршаған ортаға және табиғатқа назар аударуымыз қажет. Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және өсімдіктердің 303 түрінің қазіргі таралуы, санының жай- күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген.

Қызыл кітапқа ресми енгізілген өсімдіктердің 16 түрі Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының аумағында тіркелген. Алайда Алтай ботаника бағының ғылыми қызметкері б.ғ.к. Ю.А. Котуховтың жұмысының нәтижесінде сирек, осалдау және жойылып бара жатқан түр мәртебесіндегі тағы да 50 түр анықталды.

  • Қызыл кітапқа ресми енгізілген өсімдіктердің 16 түрі Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының аумағында тіркелген. Алайда Алтай ботаника бағының ғылыми қызметкері б.ғ.к. Ю.А. Котуховтың жұмысының нәтижесінде сирек, осалдау және жойылып бара жатқан түр мәртебесіндегі тағы да 50 түр анықталды.
  • Табиғатқа антропогенді ықпал етудің әсерінен жер бетінде өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің жойылу процесі басталды.

Адамның табиғатқа әсерінен жануарлар мен өсімдіктер қырғынға ұшырауда, соның салдарынан ағзаның көптеген түрлері жойылып кету шегіне жетті. Мәселен, 90-жылдардың ортасына дейін, 40 жыл бойы бөкен Қазақстандағы негізгі кәсіптік жануар болды. 1991-1993 жылдарда 800-900 мың бөкендер бар еді. 1998 жылы - 470 мың, 2001 жылы - 80 мың, ал 2003 жылы бар болғаны 21 мың бөкен қалды. Үкімет каулыларымен бөкендердің барлық түрін аулауға тыйым салынды. Бөкен Қызыл кітапқа енгізілген жоқ, бірақ осал, тіпті қиын-қыстау қауіп төнген түр мәртебесінде тұр. Оның санын қалпына келтіруде едәуір каржы салынып, аң шаруашылығы мен өзге ұйымдардың қарқынды күш жұмсауы қоса тапсырылды. Сөйтіп бөкен саны 30 мыңға жетті. Бірақ 2015 жылы бөкен ауруға ұшырап, 30 мыңнан бөкеннен 10 мың бөкен қалды.

  • Адамның табиғатқа әсерінен жануарлар мен өсімдіктер қырғынға ұшырауда, соның салдарынан ағзаның көптеген түрлері жойылып кету шегіне жетті. Мәселен, 90-жылдардың ортасына дейін, 40 жыл бойы бөкен Қазақстандағы негізгі кәсіптік жануар болды. 1991-1993 жылдарда 800-900 мың бөкендер бар еді. 1998 жылы - 470 мың, 2001 жылы - 80 мың, ал 2003 жылы бар болғаны 21 мың бөкен қалды. Үкімет каулыларымен бөкендердің барлық түрін аулауға тыйым салынды. Бөкен Қызыл кітапқа енгізілген жоқ, бірақ осал, тіпті қиын-қыстау қауіп төнген түр мәртебесінде тұр. Оның санын қалпына келтіруде едәуір каржы салынып, аң шаруашылығы мен өзге ұйымдардың қарқынды күш жұмсауы қоса тапсырылды. Сөйтіп бөкен саны 30 мыңға жетті. Бірақ 2015 жылы бөкен ауруға ұшырап, 30 мыңнан бөкеннен 10 мың бөкен қалды.

Адамның қырып-жою әрекетінің әсері

  • Адамның қырып-жою әрекетінің әсері
  • Адамның қырып-жоя әсер етуінің тағы бір мысалы ретінде Арал теңізінің экологиялық опатын көрсетуге болады. Соның нәтижесінде теңіздің жартысынан астамы Әмудария және Сырдария өзендерінің ағысын бөліп жібергендіктен, тартылып кетті. Арал теңізі ірі балық кәсіпшілігі орнынан шағын суқоймаға айналып қалды. Теңіздің сорлануының тез өсуі нәтижесінде тұздылығы 60% (промиллеге) дейін көтерілді, сөйтіп суармалы егістіктің ақаба суынан пестицидтер мен нитраттардың жинақталуынан теңіз суынан балықтардың 28 түрі жойылып кетті. Қазақстанда жыртқыш құстардың жағдайы шұғыл нашарлап кетті.

Оның негізгі себептері мыналар:

Оның негізгі себептері мыналар:

  • ересек құстарды жаппай аулау, сондай-ақ сату үшін ұядан (ителгі,бидайық, лашын, ақ сұңқар; бүркіт, қарақұс тәрізді қырандардың) балапандарын алу;
  • қаскерлік;
  • жабайы тұяқтылардың санының кемуінен қоректік қордың азаюы (құмай, жұртшы, сақалтай);
  • Суқоймаларды шаруашылықтың игеруі, жағалаудағы ағаштарды шауып алу, балық қорының кемуі (балықшы тұйғын, аққұйрықты субүркіт);
  • электрберіліс жолында қорғаныш құрылғыларының болмауы, химиялық ластану (жыланжегіш қыран);
  • тоғайлы орманның құлдырауы (бақалтак қыран);
  • тіршілік орындарының бүлінуі;
  • тың даланы жырту;
  • ірі қараны қайталап жаю.
  • Көкқұсты кейінгі жылдары сайрағыш құстарды торда ұстаушылар көбейіп кетті.

Алғашқы қадамдар

  • Алғашқы қадамдар
  • Жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің алғашқы тізімін 1963 жылы Халықаралық табиғат және табиғат ресурстарын қорғау одағының (ХТҚО) арнайы комиссиясы құрастырды. Бұл комиссияға әлемдегі әр түрлі елдердің ғалымдары енді. Тізім жарияланып, «Деректердің Қызыл кітабы» («Red Date book») деген атау алды. Қазіргі кезде көптеген елдерде Қызыл кітап жарық көрді.
  • Қазақстанда Қызыл кітап жасауға құлшынушылардың бірі белгілі ғалым -зоолог A. А. Слудский болды. Оның еңбектері Қазақстан жануарлар әлемін қорғауға арналды.
  • Басылымдары
  • “Қазақстанның Қызыл кітабы” – Қазақстан Республикасы аумағында жойылып кету қаупі төнген және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің сипаттамасы берілген арнайы басылым. 1978 жылдан шығарыла бастады. Оның омыртқалы жануарларға арналған бірінші бөлімі жеке кітап болып 1978 ж. жарық көрді. “Қазақстанның Қызыл кітабының” екінші бөлімі 1981 ж. өсімдіктерге арналып шығарылды.

Бірінші басылым

  • Бірінші басылым
  • “Қазақстанның Қызыл кітабының” бірінші басылымына тіркелген өсімдіктер мен жануарлар түрлері екі категория бойынша:
  • А категориясы – жойылып кету қаупі төнген түрлер; Б категориясы – сирек кездесетін түрлер деп берілді. “Қазақстанның Қызыл кітабының” жануарларға арналған бірінші басылымында омыртқалы жануарлардың 87 түрі:
  • балықтың 4,
  • қосмекенділердің 1,
  • бауырымен жорғалаушылардың 8,
  • құстардың 43,
  • сүтқоректілердің 31 түрі тіркелді. 1991 ж.

Екінші басылым

  • Екінші басылым
  • “Қазақстанның Қызыл кітабының” толықтырылған екінші басылымы шықты. Кітаптың екінші басылымына омыртқалы жануарлардың 129 түрі мен түр тармақтары тіркелді. Онда
  • балықтардың 16,
  • қосмекенділердің 3,
  • бауырымен жорғалаушылардың 10,
  • құстардың 58,
  • сүтқоректілердің 42 түрі мен түр тармақтары туралы мәліметтер берілген.
  • “Қазақстанның Қызыл кітабының” екінші басылымында алғаш рет омыртқасыз жануарлардың 105 түрі берілді, онда
  • жәндіктердің 96,
  • шаянтәрізділердің 1,
  • ұлулардың 6,
  • құрттардың 2 түрі туралы деректер тіркелген. 1996 ж.

Үшінші басылым

  • Үшінші басылым
  • “Қазақстанның Қызыл кітабының” үшінші басылымы қайта өңделіп, әрі толықтырылып, қазақ тілінде шықты. Бұл үшінші басылымның бірінші томы “Жануарлар”, оның бірінші бөлімі “Омыртқалылар” деп аталды. Онда омыртқалы жануарлардың 125 түрі мен түр тармағы туралы деректер берілген.“Қазақстанның Қызыл кітабының” үшінші басылымында тіркелген жануарлар түрлері 5 категория бойынша:
  • 1-категория – жойылып бара жатқан;
  • 2-категория – саны жылдан-жылға күрт азайып бара жатқан;
  • 3-категория – сирек кездесетін;
  • 4- категория – ғылыми тұрғыдан толық зерттелмеген;
  • 5-категория – қалпына келтірілген түрлер деп берілген.

“Қазақстанның Қызыл кітабының” үшінші басылымында тіркелген омыртқалы жануарлар түрінің қандай отрядқа, қандай тұқымдасқа жататыны және әрбір жеке түрге қысқаша қазақша, ағылшынша деректер берілген. Сонымен бірге әрбір тіркелген түрдің суреті, Қазақстан аумағында таралуын көрсететін карта және сол жануардың түріне қатысты ақпарат көздері (кітаптар, мақалалар) көрсетілген.

  • “Қазақстанның Қызыл кітабының” үшінші басылымында тіркелген омыртқалы жануарлар түрінің қандай отрядқа, қандай тұқымдасқа жататыны және әрбір жеке түрге қысқаша қазақша, ағылшынша деректер берілген. Сонымен бірге әрбір тіркелген түрдің суреті, Қазақстан аумағында таралуын көрсететін карта және сол жануардың түріне қатысты ақпарат көздері (кітаптар, мақалалар) көрсетілген.
  • “Қазақстанның Қызыл кітабының” өсімдіктерге арналған бірінші басылымында өсімдіктердің 307 түрі тіркелген. Онда
  • жабықтұқымдылардың 288,
  • ашықтұқымдылардың 2,
  • қырыққұлақ тәрізділердің 3,
  • мүктердің 3,
  • саңырауқұлақтардың 10,
  • қыналардың – 1 түрі берілген.
  • “Қазақстанның Қызыл кітабының” әрі танымдық, әрі тәрбиелік мәні зор. Ол жастарды табиғатты аялай білуге, оның қамқоршысы болуға тәрбиелейді.

Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген жануарлар

  • Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген жануарлар
  •  Бүгінде Қазақстанның Қызыл кітабына 40 жануар кірген.

Қарақұйрық

  • Қарақұйрық
  • Алтай арқары
  • Қазақстан арқары
  • Қаратау арқары
  • Тянь-Шань арқары
  • Қызылқұм арқары
  • Үстірт арқары
  • Тоғай бұғысы
  • Қызыл қасқыр
  • Қабылан
  • Сабаншы
  • Шағыл мысығы
  • Қарақал
  • Түркістан сілеусіні
  • Қар барысы
  • Орта азия өзен құндызы
  • Орта азия тас суыры
  • Итаю
  • Тянь-шань қоңыр аюы
  • Кеңқұлақты жарқанат
  • Азияның жалпаққұлақты жарқанаты

Бобринский жарқанаты

  • Бобринский жарқанаты
  • Иконников жарқанаты
  • Ақбауыр жарқанат
  • Көптісті жертесер
  • Жұпар
  • Түрікмен құланы
  • Сары алақоржын
  • Роборовский атжалманы
  • Бессаусақты ергежейлі қосаяқ
  • Үшсаусақты ергежейлі қосаяқ
  • Гептнер ергежейлі қосаяғы
  • Бозтүсті ергежейлі қосаяқ
  • Үнді жайрасы
  • Көк суыр
  • Орман сусары
  • Жалман
  • Алып көртышқан

Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктер

  •  Өсімдіктердің мемлекеттік кадастры
  •  
  • Өсімдіктердің мемлекеттік кадастры (ӨМК) – өсімдіктер туралы жинақталған деректер. ӨМК мемлекеттік ұйымдардың тапсырысы бойынша мемлекеттік ғылыми мекемелер мен кәсіпорындар орындаған ресми әкімшілік аумақтағы (аудан, облыс, республика) өсімдіктер туралы дерек жинайды.

Қазір Қазақстанның 3 облысы (Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Жамбыл) бойынша ӨМК жасалынған. ӨМК 2 бөлімнен тұрады.

  • Қазір Қазақстанның 3 облысы (Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Жамбыл) бойынша ӨМК жасалынған. ӨМК 2 бөлімнен тұрады.
  • І бөлім – өсімдіктердің конспектісі. Мұнда зерттелген аумақтың табиғи жағдайына, өсімдік жамылғысына толықтай сипаттама жасалып, сол жердегі өсімдік түрлерінің тізімі беріледі. Әр өсімдіктің қандай тұқымдасқа жататыны (оның латынның және жергілікті атауы), түрдің латынның және жергілікті бинарлық атауы, жалпы биологиялық сипаттамасы; экологиялык сипаттамасы, Қазақстанда таралу ерекшелігі, зерттеліп отырған ресми аумақта таралуы көрсетіледі.
  • ІІ бөлім – ресми аумақтың сиреп бара жатқан және жойылу қаупі бар өсімдіктер тізімі немесе Қазақстанның “ Қызыл кітабы”. Бұл кітапқа енгізілген түрлер Халықаралық табиғатты және табиғи қорларды қорғау комиссиясы мақұлдаған санат бойынша мынадай талантарға сай іріктеледі:
  • 0(Ех) – ұзақ жылдар табиғатта кездеспеген, жойылып кеткен түрлер; 1(Е) – жойылып кету қаупі бар түрлер;
  • 2(U) – сирек түрлер, тез жойылып кету қаупі бар түрлер;
  • 3(R) – саны азайып бара жатқан түрлер;
  • 4(І) – белгісіз, бүгінгі күнде анықталмаған түрлер;
  • 5(Со) – ресурстық (дәрілік, тағамдық, әсемдік, жем-шөптік) түрлер. Сондай-ақ, “Қызыл кітапқа” енген түрлер бойынша төмендегідей мәліметтер беріледі: сиректік статусы; түрдің толық морфологиялық сипаттамасы; таралу ерекшелігі; экологиясы және биологиясы; саны мен ареалының өзгеру бағыты; шектеуші факторлар; қорғау шаралары.

Қызыл кітапқа тіркелген өсімдіктер тізімі — Қазақстан өсімдіктер әлемінің асыл қазынасы – Қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктер жайлы төменгі кесте ұсынылған. 140 түрдің таралуы, олардың қорғау мен мәдени түрде өсірілуі жайлы мәліметтер берілген.

  • Қызыл кітапқа тіркелген өсімдіктер тізімі — Қазақстан өсімдіктер әлемінің асыл қазынасы – Қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктер жайлы төменгі кесте ұсынылған. 140 түрдің таралуы, олардың қорғау мен мәдени түрде өсірілуі жайлы мәліметтер берілген.
  • Қызыл кітап - бұл қауіп - қатер дабылы. Түрдің бұл кітапқа енгізілуі, оған ерекше көңіл бөлу керек екендігін білдіреді, көбіне арнайы қорғау шаралары қажет, әйтпесе түрдің мүлдем жоғалып кетуі мүмкін. Қазақстан үкіметі 1978 жылдың қаңтарында Қызыл кітапты құру туралы қаулы шығарды. Мүк, қына, санырауқұлақтарды қосқанда, құрамында 300 түрден аса өсімдіктер бар кітап, 1981 жылы акедемик Б.А. Быковтың жетекшілігімен жарық көрді.

4. Қазақстанның балық қорының тізілімі

 

  • Балық қорының тізілімі - кәсіпшілік және кәсіпшілік емес балықтардың түрлері, олардың ареалдары, балық қорының көлемі, сондай-ақ аулау мерзімдері мен көлемдері, балық аулау квоталары және т. б. туралы деректерді қамтиды.
  • «Балықтардың және балық аулау объектілеріне жатқызылған басқа су жануарларының және балықтар мен өзге шаруашылық мақсаттарда пайдаланылатын басқа су жануарларының кадастр кітаптарын жүргізу нысандары мен қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2014 жылғы 1 шілдедегі № 245-ө бұйрығы шыққан. Соның негізінде Балық аулау нысанына жататын және басқа да шаруашылық мақсатта пайдаланатын балық пен өзге де су жануарларының кадастрлік кітабын жүргізу ережелері келтіріледі.

Мұнда:

  • Мұнда:
  • 1.Қазақстан Республикасында балық қоры мен өзге де су жануарларына мемлекеттік кадастр жүргізу (ары қарай – кадастр) жануарлар әлемін тиімді пайдалану және ұдайы өсіру, қорғауды мемлекеттік басқару, сонымен қатар, жануарлардың тіршілік ету ортасы мен биологиялық алуантүрлілігін сақтау мақсатында жүргізіледі.
  • 2. Кадастрда балық және өзге де су жануарларының мемлекеттік есебінің мәліметтері, оларды сандық және сапалық көрсеткіштері бойынша пайдалану, су жануарларының географиялық таралуы мен жағдайы, тіршілік ету ортасы, саны, жиі бақылау нәтижелері жөніндегі мағұлматтар жиынтығы, оларды тұрмыстық пайдалану мен басқа да мәліметтердің ақпараттары болады.
  • 3. Кадастрлық ақпарат ашық басылымдарда жарияланған анықтама және архивті мәліметтерінен тұрады, олар жылда жоспарлы ғылыми-зерттеу жұмыстары мен кәсіби балық аулау нәтижелеріне сәйкес жаңарып отырады.
  • 4. Кадастр мәліметтерінің толық тізімі қордың нақты бірлігінен кәсіптік игеру мүмкіндігі көлемінің кешенді ғылыми негізі үшін минималды қажет болып табылады.
  • 5. Кадастр балық шаруашылығы саласын басқарудың әр түрлі деңгейінде балық қорын тиімді пайдалану мен ұдайы өндіру, қорғау бойынша шешіміне ақпараттық қолдау көрсету үшін арналған.
  • 6. Кадастр қажетті анықтамаларды кесте, экранда график бейнелері арқылы (диаграмма, сызықтық графиктер) және қолдағы ақпараттың негізінде табанды көшірмелер түрінде алуға мүмкіндік жасайды.  

Балық аулау нысанына жататын және басқа да шаруашылық мақсатта пайдаланатын балық пен өзге де су жануарларының кадастрлік кітабын жүргізу тәртібі

  • Балық аулау нысанына жататын және басқа да шаруашылық мақсатта пайдаланатын балық пен өзге де су жануарларының кадастрлік кітабын жүргізу тәртібі
  • 1. Кадастрлік ақпарат көзі болып табылады:
  • -балық аулаудың барлық категориялары бойынша кәсіби статистика (өндірістік, әуесқойлық, ғылыми-зерттеу, балықтарды бақылау мақсатында аулау);
  • -биологиялық статистика ғылыми-зерттеу жұмысы, дала жұмыстары барысында, сонымен қатар, тікелей кәсіпте жиналады;
  • -сәйкес келетін бюджеттік бағдарлама аясында алынған балықтардың тіршілік ету ортасы мен балық аулау қорының сандық және сапалық талдауының (анализ) нәтижелері;
  • -кадастрлық ақпаратты жинап, өңдеу бойынша жүргізілген арнайы зерттеу жұмыстарының нәтижелері.
  • 2. Балық шаруашылық субъектілерінен кадастрлық ақпараттарды (балық қорын тұтынушылардан) жинау балық шаруашылығын жүргізуге негізделген келісімшарт негізінде балық шаруашылығының облыс аралық бассейіндік инспекцияларымен қамтамасыз етіледі.
  • 3. Балық және балық аулау нысанына жататын, басқа да шаруашылық мақсатта қолданылатын балық қоры және өзге де су жануарларының кадастрлік кітабы 2014 жылғы 1 шілдедегі № 245-ө Бұйрықтың Қосымша 1 сәйкес үлгі бойынша жүргізіледі.
  • 4. Балық және балық аулау нысанына жататын, басқа да шаруашылық мақсатта қолданылатын балық қоры және өзге де су жануарларының кадастрлік кітабы бойынша сандық және сапалық ақпараттарды толтыру мен ұсыну қосымшаға сәйкес жүргізіледі.

Балық және балық аулау нысанына жататын, басқа да шаруашылық мақсатта қолданылатын балық қоры және өзге де су жануарларының кадастрлік кітабын жүргізуге Қосымша

  • Балық және балық аулау нысанына жататын, басқа да шаруашылық мақсатта қолданылатын балық қоры және өзге де су жануарларының кадастрлік кітабын жүргізуге Қосымша
  • Орындаушы атауы
  • Кадастрдың толтырылатын формалары
  • Өткізетін орын
  • Өткізетін мерзім
  • Балық шаруашылығының субъектісі
  • C5, C6, C7
  • Балық шаруашылығының облыс аралық бассейіндік инспекциялары
  • тоқсан сайын
  • Балық шаруашылығының облыс аралық бассейіндік инспекциялары
  • A1, C5-C7
  • Балық шаруашылығы Комитеті
  • тоқсан сайын
  • Балық шаруашылығының облыс аралық бассейіндік инспекциялары
  • A2, C1,C3,C8
  • Балық шаруашылығы Комитеті
  • жарты жылда бір рет
  • Балық шаруашылығының облыс аралық бассейіндік инспекциялары
  • A3, B1-B7 (оның ішінде, 7-1, 7-2, 7-3), C2, C4, C8, C9, D1
  • Балық шаруашылығы Комитеті
  • жылына бір рет
  • ҚР ҚОСРМ балық шаруашылығы Комитеті
  • -
  • Қазақстан Республикасының табиғи нысандарының мемлекеттік кадастрлерінің біртұтас жүйесі
  • жыл сайын

Балық шаруашылығы саласындағы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары:

  • 1) «Атырау бекіре балық өсіру зауыты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
  • 2) «Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауыты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
  • 3) «Қапшағай уылдырық шашу-өсіру шаруашылығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
  • 4) «Қамыстыбас балық питомнигі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
  • 5) «Петропавл балық питомнигі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
  • 6) «Майбалық балық питомнигі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
  • 7) «Қазақ өндірістік-жерсіндіру станциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Ихтиологтардың пікірінше, Қазақстанның балық шаруашылығы қазір өткен ғасырдың 70-80 жылдары деңгейінде.

  • Ихтиологтардың пікірінше, Қазақстанның балық шаруашылығы қазір өткен ғасырдың 70-80 жылдары деңгейінде.
  • Қазақстанның батысындағы Орал өзенінде, Казталов ауылының (сонымен қатар БҚО) жанындағы Қарасу тоғанында, Шымкент қаласындағы Қошқар Ата өзенінде, Алматы облысының Первомайский кентіндегі жеке тоғанында балықтың жаппай қырылуы елдің балық қорлары бойынша қатты соғылады. Бұл тек соңғы айларда БАҚ жариялау үшін берілген оқиғалар. Ауыл шаруашылығы министрлігі да, балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы да (АШҒӨО) толығымен мәселені иеленбейді.
  • Қазір Қазақстанның су айдындарында 155 түрлі Тұщы су балығы мекендейді. Қызыл кітапқа оның 18-і енгізілген. Өзендерде, көлдерде және су қоймаларында коммерциялық аулау 52 балықтан тұрады.

"Балық шаруашылығы ҒӨО" мәліметтері бойынша, Балқаш, Алакөл, Зайсан көлдерінде, сондай-ақ аралда, Қапшағай және Бұқтырма су қоймаларында және Каспий теңізінде кәсіпшілік балықтардың мынадай түрлері мекендейді:

  • "Балық шаруашылығы ҒӨО" мәліметтері бойынша, Балқаш, Алакөл, Зайсан көлдерінде, сондай-ақ аралда, Қапшағай және Бұқтырма су қоймаларында және Каспий теңізінде кәсіпшілік балықтардың мынадай түрлері мекендейді:
  • 1. Жайық-Каспий бассейні
  • * Бекіре: белуга, Шоқыр, орыс бекіре, шип, стерлядь •
  • • Ірі балық: сазан, көксерке, ақмарқа, жайын, шортан, дөңмаңдай, кефаль, кутум.
  • • Майшабақ: Каспий пузанок, үлкен көзді пузанок, жыл бойы пузанок.
  • • Шабақ: анчоустік шабақ, шортан шабақ.
  • • Ұсақ бөлшектер: ақбас, табан, мөңке, алабұға, оңғақ, қызыл кітапша, густер, синец, қап, ақ көз.
  • 2. Арал теңізі
  • • Ірі балық: сазан, көксерке, ақмарқа, шортан, сом, ақ амур, дөңмаңдай, жылан.
  • • Ұсақ бөлшектер: ағаш, табан, чехон, камбала, белорибица, красноперка.
  • 3. Балқаш көлі, Қапшағай су қоймасы (Іле өзенінің бассейні)
  • • Ірі балық: сазан, көксерке, ақмарқа, жайын, змеегол, ақ амур, ақ дөңмаңдай.
  • • Ұсақ бөлшектер: қоңыр, мөңке.
  • 4. Алакөл көлдері
  • • Ірі балық: сазан, көксерке.
  • • Ұсақ бөлшектер: торта, табан, мөңке, алабұға
  • 5. Зайсан көлі, Бұқтырма, Өскемен, Шүлбі су қоймасы, Ертіс өзені(Ертіс өзенінің бассейні)
  • * Бекіре: стерлядь.
  • • Ірі балық: сазан, көксерке, шортан, нәлім.
  • • Ұсақ бөлшектер: торта, табан, мөңке, алабұға, аңғақ, рипус, оңғақ, язь.

Балық экспорты мен импортының көлемі қандай?

  • Қазақстанда қазір 72 балық өңдейтін кәсіпорын жұмыс істейді, олар жыл сайын 87 мың тонна өнім береді. 2018 жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 56,5 млн долларға 24,6 мың тонна қазақстандық балық өнімі экспортталды, оның ішінде Қытайға – 2,9 мың тонна.
  • ҚХР тізіліміне 41 қазақстандық кәсіпорын енгізілді,тізілімге енгізуге тағы 10 отандық тауар өндірушілер өтінім берді. 11 кәсіпорын тауарды Еуроодақ елдеріне жеткізуге құқылы.
  • 2018 жылы балық өнімдерінің импорты 70,7 млн доллар сомасына 34,3 мың тоннаны құрады, бұл ретте импорттың шамамен 80% – ы-мұхиттық балық және теңіз өнімдері. Балық өнімдерінің негізгі импортшылары: АҚШ (17,9 млн доллар), Жапония (11,7 млн доллар), Қытай (8,0 млн доллар), Испания (6,8 млн доллар), Вьетнам (6,1 млн доллар), Франция (5,4 млн доллар), Италия (5,1 млн доллар), Германия (4,7 млн доллар) және басқалары.

Балық өнімдерінің экспорты мен импорты

8 жылда өнімді әкелу және әкету

2010

2011

2012

2013

2014

2015

2016

2017

2018

Импорт

(мың тонна)



56,8

57,1

57,5

56,2

45,5

48,0

29.8

24,2

34,3

экспорт

(мың тонна)



18,7

21,4

22,8

19,9

21,9

22,1

23,7

26,9

24,6

Бақылау сұрақтары:

  • Бақылау сұрақтары:
  • 1. Қызыл кітаптың атқаратын қызметін, маңыздылығын келтіріңіз
  • 2. Қызыл кітап туралы мәліметтер келтіріңіз.
  • 3. Қазақстанның Қызыл кітабына енген жануарларды атаңыз.
  • 4. Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктерді атаңыз.
  • 5. Қазақстанның балық қорының тізілімі жайында айтыңыз.
  • 6. Балық аулау нысанына жататын және басқа да шаруашылық мақсатта пайдаланатын балық пен өзге де су жануарларының кадастрлік кітабын жүргізу ережесін айтыңыз.
  • 7. Балық аулау нысанына жататын және басқа да шаруашылық мақсатта пайдаланатын балық пен өзге де су жануарларының кадастрлік кітабын жүргізу тәртібін айтыңыз.

Практикалық сабақ 13. Қазақстанның Қызыл кітабіның мазмұны, оған енген жануарлар мен өсімдіктерге талдау жасау.

  • Практикалық сабақ 13. Қазақстанның Қызыл кітабіның мазмұны, оған енген жануарлар мен өсімдіктерге талдау жасау.
  • СӨЖ 4. «ҚР дәрілік өсімдіктерінің кадастрларын жасау» Презентация


Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
бойынша жиынты
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
білім беретін
жалпы конкурс
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
дістемелік сыныстар
идаларын бекіту
Республикасы кіметіні
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
дебиеті маманды
мерзімді жоспар
білім беруді
дістемелік материалдар
жалпы білім
ауданы кіміні
мектепке дейінгі
конкурс туралы
облысы бойынша
рметті студент
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
мелетке толма
директоры бдиев

Loading...