Қиял. Жоспар


Арман – қиялдың ерекше түрі



бет9/11
Дата20.11.2021
өлшемі254.85 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
4. Арман – қиялдың ерекше түрі.
Шығармашылық қызметке фантазия да керек. Бірақ көп жағдайда қиял үрдісі адамның практикалық әрекетіне міндетті түрде іске аса бермейді. Кей жағдайда бұл үрдіс адамның іске асырғысы келетін бейнені жасауда ішкі іс-әрекеттің ерекше түрінде байқалады.

Әрбір адам өзінің болашағы туралы міндетті түрде ойлайды, оны жоспарлайды. Адамның болашақтағы қажеттілік туралы ойлары арман деп аталады. Арман айқын немесе күңгірт болуы мүмкін.

Арман–шындықты өзгертуге бағытталған адамның шығармашылық күштерін өмірге енгізудің қажетті шарты. Ол ғылыми көрегендіктің элементі болып табылады. Адамдардың практикалық, өндірістік іс-әрекетінде фантазияның рөлі орасан зор. Егер бізде болашаққа қажеттілік бейнесі болмаса, біз белсенді еңбек ете алмас едік және алдымызға өмір қойған қиыншылықтарды жеңе алмаған болар едік. Армансыз адам–кездейсоқ өмірлік жағдайлардың жетегіндегі құрал болар еді.

Адам неғұрлым аз армандаса, соғұрлым ол енжар және еріксіз келеді, соғұрлым жағымсыз ықпалдарға аз қарсылық білдіреді. Керісінше, үлкен арманды адам кездейсоқ ықпалдарға берілмейді, қойған мақсатына табанды түрде ұмтыла береді. Міне, осындай болашаққа бағытталған арман адамға өзінің мінез-құлқын ұйымдастыра, алдына қойған арманды іске асыра білуге көмектеседі. Осы арман туралы айтылғандардан, оның қаншалықты шығармашылық қиялмен байланысты екенін көруге болады.

Жеткіншектер мен жастар сүйікті кейіпкері сияқты болуды жиі армандайды: мәселен, ержүрек қыздарымыз Әлия мен Мәншүктей, ғарышкерлер Тоқтар мен Талғаттай болуды армандайды. Арманның қайнар көзі–үлгілі адамдар немесе әдеби бейнелер. Бұл батырлардың мінез бітісін өзінің жеке мінез-құлқына көшіреді, оларға еліктейді, өмірде солардай болуға ұмтылады.

Өзі үшін батырдың образын жасау шеберлігі өз өмірін құру үшін үлгі-өнеге және шығармашылық қиялы байқалады.

Арман-қажеттілік, жалған, бос қиялдаушылық –қажетті бейне жасайтын қиялдың жұмысы, ондай қиялдың іске асыру мүмкін емес, себебі адам оны өмірге енгізуді білмейді. Арманды іске асырудың мүмкіншіліктерін ескермейтін адамдар-жалған қиялдаушылар, фантазерлер.

Өмірмен байланысты әсерлі қиял адамды еңбекке шабыттандырады, іс-әрекетке талпындырады. Ешқандай нәтижесіз қиялдаушылық адамды әлсіретеді, шындық дүниені өмірде іске аспайтын түс көрумен ауыстырады. Сондықтан да қиялдай отырып, әруақыттада өзінің қиялының бейнесін бақылап отыру керек және күнделікті өмір тынысынан қол үзуге мүмкіншілік бермеу қажет. Арман, қиял күнбе-күн болашақты біздің бүгінгімізбен байланыстырғанда ғана пайда болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
тоқсан бойынша
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
бағалауға арналған
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жиынтық бағалауға
Әдістемелік кешені
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
республикасы білім
арналған тапсырмалар
туралы хабарландыру
білім беретін
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Жұмыс бағдарламасы
Қазақ әдебиеті
болып табылады
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
бағдарламасына сәйкес
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
мамандығына арналған
туралы анықтама
оқыту әдістемесі
қойылатын жалпы
әдістемелік ұсыныстар
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
республикасының білім
жалпы білім
мемлекеттік әкімшілік
білім берудің
қазақ тілінде