Қиял. Жоспар



бет6/11
Дата20.11.2021
өлшемі119.5 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Ырықсыз қиялалдын-ала мақсат қоймай, ерік-жігер жұмсамай іске асатын қиялдың түрі. Бұл жерде бейнелер өздігінен жасалады. Қиялдың еріксіз іс-әрекеті ең алдымен қазіргі сәтте қанағаттанбаған қажеттіліктердің нәтижесінде пайда болады. Мысалы, адам сусыз шөл далада болғанда қатты шөлдейді, ондай жағдайда адамда су көздері туралы бейнелер жасалады.

Қиялдың ырықсыз үрдістері белгілі бір қабылдаудың, елестетудің, ойлаудың, сөйлеудің, сезімнің әсерімен пайда болады. Мысалы, тарихи, жағрафиялық, техникалық және оның ішінде көркем әдебиетті оқығанда біздің санамызда ырықсыз жергілікті жерлердің, оқиғалардың, кейіпкерлердің және тағы басқалардың бейнелері жасалады. Сол сияқты сазды қабылдауда да осы кездеседі. Көркем шығармалардың ерекшелігі мынада: біз оны қабылдағанда (оқимыз, қарастырамыз, тындаймыз), онда олар бізде ырықсыз қиялдың әрекетін шақырады. Негізінде ырықсыз іске асатындар арман және түс көру. Қиялдың ырықсыз іс-әрекеті болып табылатындар біздің түс көруіміз. Түс көру негізінен ұйқы қанбағанда (шала ұйқыда) болады және организмнің жағдайымен, қажеттіліктермен, түсінулермен шақырылатын, бірақ әлсіз болса да, түс көру кезінде пайда болатын, сонымен қатар сергек жағдайда бастан кешкен ырықсыз пайда болатын елестетулермен, сезімдермен байланысты.

И.П. Павлов түс көрудің физиологиялық негізі ’’бұрынғы тітіркендіргіштердің’’ кездейсоқ жағдайларымен байланысты жүйкелік іздер ретінде қарастырады. Қиялдың ырықсыз үрдістері қалай болса, солай емес, белгілі бағытта іске асып отырады. Бұл бағыттылық жеке тұлғаның қажеттіліктерімен, оны қоршаған шындықтағы ұстанымдарымен, сезімдерімен, қабылдауларымен, үстемдік ететін елестетулерімен және ойларымен анықталады.

Ырықты қиял алдын-ала қойылған мақсат бойынша, белгілі бейнені жасау үшін қажетті материалдарды таңдауға күш-жігерді жұмсау арқылы іске асады.

Өнердің барлық туындылары - ең алдымен қиялдың нәтижесі. Ырықты қиял ырықсыз қиялдан бөлек, оқшау іске аспайды: ырықты қиял үрдісінде әруақытта да ырықсыз қиялдың сәттері байқалады. Ақындар, суретшілер өз шығармаларын белгілі тақырыпқа жасау үрдісінде кей жағдайда оларды ырықсыз пайда болған сезімдер, ойлар билеп кетуі мүмкін.

Шын мәнінде ақынның, суретшінің, ғалымның, жаңалық ашушының шығармашылық қызметінде байқалатын, кездейсоқ басқа күштер емес, ол оның өзінің жанындағы күштері – оның тәрбиесі, білімі, ойлаудың, қиялдың, зейіннің даму деңгейі. Шығармашылық шабыт сияқты күрделі құбылысты түгелге дерлік қиялдың қызметіне жатқызуға болмайды. Сонымен қатар шығармашылық қиялдың өнімділігі ең алдымен ерік, күш-жігерге тікелей байланысты.

Қиялдың қызметін ояту үшін, ұлы адамдарға қажетті бейнені жасау үшін көптеген ерік-жігерді жұмсауға, еселі еңбек етуге тура келеді.

П.И. Чайковский шабыт туралы : ’’...Шабытты күтіп отыруға болмайды’’, -деп жазды, - бір ғана оның өзі жеткіліксіз, ең алдымен еңбек, еңбек және еңбек керек... мен әрбір күні таңертеңмен жазу столыма отырып, жұмысқа кірісем, егер бүгін бұдан ештеңе шықпай жатса, мен бұл жұмысқа ертең тағы отырамын. Мен екі, он күн жазамын, одан әлі де ештеңе шықпай жатса, қаймықпаймын, ал он бірінші күні, байқаймын, ’’Қарғаның мәткесі’’ немесе ’’Бесінші симфония’’ сияқты қажетті бірдеңе шыққандай сезіндім.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік