Қиял. Жоспар



бет11/11
Дата20.11.2021
өлшемі254.85 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Мектеп жасындағы кезеңде қабылдаудың одан әрі дамуы негізінен оқытудың әсері мен іске асады. Бала мектепке жеткілікті дамыған қиялымен және әр түрлі түсініктерімен барады. Бірінші сыныпта оқу материалын негізінен көрнекті меңгереді, тек қабылдаулары мен елестетулеріне негізделіп қоймай, сонымен қатар қиял арқылы жасалатын елестетулерге негізделеді.

Мұғалімнің түсіндірген сабағын тыңдай отырып немесе жағырафиядан, тарихтан, әдебиеттен және басқа пәндерден кітапты оқи отырып, шәкірт әр уақытта да белгілі бір жердегі, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін, бұрынғы адамдардың өмірі мен қызметін, жекелеген тарихи сәттерді елестетеді. Осындай елестетулерсіз оқу материалын меңгеру тек қана мұғалімнің сөзін немесе кітаптың мәтінін жаттап алуға әкеліп соқтырады.

Пәнге қызығу жағдайында және жеткілікті елестету арқылы білімді меңгергенде жаңа бейнелер еріксіз жасалады –мұғалімнің түсіндіруінің немесе оқулықтың мәтінінің әсерімен, білімді көрнекті түрде меңгерту арқылы шәкірттердің қиялы дамиды, мазмұны жағынан да жан-жақты әрі бай болады табылады. Оқыту үрдісінде жердің ұланғайыр кеңістіктері туралы түсініктері жасалады.

Оқыту үрдісінде қиялды дамытуға оқу материалының мазмұны ғана көмектесіп қоймайды, сонымен қатар тәсілдер мен әдістердің көмегімен бұл материал шәкіттерге жеткізіледі. Шәкірттердің қиялын дамытуда мұғалімнің көрікті сөзі, оқулықтағы нақтылы, бейнелі материалдардың жеткілікті мөлшері, сонымен қатар көркем орындалған оқу құралдары–суреттер, үлгілер, кестелер, карталар, моделдер және т.б.

Шәкірттердің шығармашылық қиялын дамыту үшін сыныптық және сыныптан тыс сабақтардың – саздың, суреттің, жапсырудың, шығармамен жұмыстың, көркем әдебиетті оқудың, үйірмелерге қатысудың (әдеби, драмалық, көркемөнер, би, бейнелеу өнері және т.б.) мәні ерекше. Бұл жерде қиялды дамытуға шәкірттердің қызығулары көмектеседі: танымдық, адамгершілік, эстетикалық, техникалық. Бұл қызығулар ерекше мектеп және жас жеткіншек кезінде ерекше айқын аңғарылады.

Мектеп жасында қиял шәкірттердің ойын әрекетінде одан әрі дамиды. Әртүрлі ойынның түрлерінде шәкірт мазмұнды көңіл-күймен және елестетулермен байыды, оларда шығармашылық, конструктивтік және көркемділік қабілеттері дамиды. Жоғары сыныптың мектеп оқушыларының қиялының іс-әрекеті негізінен болашақтың бейнесін жасауға бағытталған.

Мектеп оқушылары жас ерекшеліктеріне қарай әртүрлі қызығулары идеяның дамуымен байланысты, оның ішінде, кәсіптік қызығулары арқылы олардың қиялы арман түрінде пайда бола бастайды. Жоғары сынып оқушылары өздерінің болашақ іс-әрекеті туралы, мамандықты таңдау туралы, шығармашылық еңбек туралы армандайды.

Мектеп шәкірттерінің және жеткіншектердің қиялы мектепке дейінгілердің қиялынан өзінің тұрақтылығымен ерекшеленеді. Мектеп жасындағы шәкіттердің ырықты және ырықсыз қиялы өте тұрақты болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
тоқсан бойынша
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
бағалауға арналған
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жиынтық бағалауға
Әдістемелік кешені
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
республикасы білім
арналған тапсырмалар
туралы хабарландыру
білім беретін
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Жұмыс бағдарламасы
Қазақ әдебиеті
болып табылады
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
бағдарламасына сәйкес
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
мамандығына арналған
туралы анықтама
оқыту әдістемесі
қойылатын жалпы
әдістемелік ұсыныстар
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
республикасының білім
жалпы білім
мемлекеттік әкімшілік
білім берудің
қазақ тілінде