«Құқықтану» кафедрасы курстық ЖҰмыс пәні



бет9/12
Дата23.12.2021
өлшемі83.1 Kb.
#147184
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Қадымов ТемірланЮП-19-9 ТГП

2.3Маргинальдық мінез құлық
Бұл кезең екі негізгі бағыттармен бейнеленеді: бір жағынан, біздің елдің ақырындап құқықтық елге айналуы, екінші жағынан - қоғамда жұмыссыздық, инфляция, өмір сүру деңгейінің төменділігі, әлеуметтік жіктелу, халықтың бір бөлігінің люмпенизациялануы (қаңғыбастық, қайыршылық), - ұлтаралық дауласу, бақылаусыз миграциялық процесстер т.б. теріс әлеуметтік құбыластарының пайда болуы. Маскүнемдік, нашақорлық, өнегеліліктің төмендеуі, құқықты жоққа шығару процесстерінің қауіп төндіру масштабына айналуы. Нәтижесінде, кейбір азаматтар қатары жаңа өмір тіршілігіне бейімделе алмай, өмір шеңберінде шеттетіліп қалып, маргиналдар аталды. Маргинал топтарының саны ғана көбеймей, жаңалары пайда болуы байқалады.

Дүниежүзілік банктің келтірген соңғы дерегіне сай, Ресей әлем бойынша келімсектерді қабылдауда АҚШ-тан кейін екінші орынды иеленіп отыр екен. Ал Қазақстан бұл санатта тоғызынша орыннан көрінуде. Бүгінгі күні елімізде 300 мыңнан 1 миллионға дейін сырттан келген еңбек мигранттары жұмыс істейді екен. Олардың 40-50 пайызы әйелдер. Болжам бойынша олардың қатары 2015 жылы 1,8 миллионға жетпек. Елімізде 2007-2015 жылдарға арналған көші-қон саясатының тұжырымдамасы бекітілгенін, бұл олардың әлеуметтік құқығын қорғау бүгінгі күні өзекті мәселе екенін аңғартады.

Қазақстан маргиналдар проблемасына үкімет тарапынан жауапкершіліксіздігі кездеседі. Үкімет, маргиналдықтың ішінде тығылып жатқан,  қоғамның экономикалық, саясаттылық және әлеуметтік-мәдени қауіпсіздігіне  қауіп-қатердің саналы түрде меңгермей тұрғандығы. Теріс әлеуметтік құбылыс ретінде ол, ғалымдардың ғана емес, практиктердің де назарында, өйткені белгілі бір адам топтарының маргиналды өмір тіршілігі агрессивтілігі мен тұрақтылығымен, қалыптасқан арман-мұраттарымен, қоғамның дамуына теріс ықпалын тигізуде .

Осыған байланысты, маргиналды тұлғалардың құқық мәртебе, оның мінез-құлқы мен жауапкершілік мәселесі теориялық зерттеуді қажет етеді. Құқық ғылым салаларының негізгі қалауы болып табылатын маргиналдық түсінігінің жалпы теориялық өңдеуі, маңыздылық пен ерекше мәнділігіне ие болады. Мұндай ғылым іздеулері, тек маргиналды тұлғаның құқық мәртебесі мәселесін кешенді зерттеу үшін ғана емес, маргиналдардың құқық ерекшеліктері мен әлеуметтік жағдайларын есепке алатын арнайы нормативті құқық актілерін өңдеуде де қажет.

Құқықты жоққа шығарудың негізгі әлеуметтік себебі және азаматтардың құқықбұзу тәртібіне алып келетін - қоғамның маргинилизациялануы, оның құндылықтарының әлжуаздылығы, құқықтық сана-сезімнің кеми бастауының қалыптасуы мен әлеуметтік бағыттардың жоғалуы болып табылады .

Тұлғаның маргиналды мінез-құлқын, оның өзіндік белгісін және пайда болу себептерін, негізгі әлеуметті және арнайы-құқық қасиетін, оның құқық мәртебесінің анықтауын талап етеді.

Бүгінгі қазақ тәжірибесінде маргиналды тұлғаның құқық мәртебесі проблемасын заң бойынша шешу талдауында негізделеді. Маргиналдық кешенді түрде тек құқықтық ғана емес, әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырылады.

Құқық ғалымдарын әрдайым тұлғаның құқықтық жағдай проблемалары қызықтырса, оның маргиналды тәртібін зерттеу - отандық ғылымда салыстырмалы жаңа бағыт. Маргиналды топтарға байланысты статистикалық мәліметтерді қолданып, әр түрлі саладағы Қазақстанның құқығы мен халықаралық нормативті құқық актілерінің күші бар заңнамаларын талдау мен кешенді зерттеуде негізделеді.

Тұлғаның маргиналды тәртібіне байланысты, отандық құқықтану ғылымында кешенді зерттеулер жоқтың шағы. Мемлекет және құқық теориясы шеңберінде бұл тақырыппен байланысты арнаулы диссертациялық және монографиялық жұмыстар жоқ. Бұл әлеуметтік құбылыстың бөлек аспектілері зерттелген және әлеуметтік ғылымда тұрғындардың әлеуметтік мобильдігі, әлеуметтік психология, мәдениет т.б. сұрақтарына ерекше көңіл аударылып зерттеліп жатыр .

Құқық ғылымында маргиналды бөлек алынған әлеуметті топтарына арналған: әртүрлі құқық мәртебелі мигранттарға (босқындар, мәжбүр қоныс аударғандар - Қазақстан аумағында заңды немесе заңсыз негізінде қоныстанғандар), жұмыссыздарға, жасы кәмелетке толмаған заң бұзушыларға, қаңғыбастарға, жеңіл жүрісті қыздарға, маскүнемдер мен нашақорларға т.б. жұмыстар жеткілікті. Әлеуметтік өмірінің ерекше түрін қоғамның құрылымына теріс әсер ететін және дәстүрлердің құндылықтарын және әлеуметтік бағыттарын, тұлға қарым-қатынасын жоятын, экономикалық, құқықтық, саяси үдерістерін деформациясын айқындайтынынын және маргиналды тұлғаның арнайы бейнесінің қалыптасуын көрсетеді. Ішкі және сыртқы факторлардың әсерінен қоғамның экономикалық, саяси, мәдени, әлеуметтік және құқықтық өзгерістерден пайда болған қоғамдық жағдай, алдында болған әлеуметті және құқықтық мәртебесі өзгертіліп, немесе толық жоғалған, құнды бағыттар жүйесін, психологиялық жағдайының өзгертілуімен айқындалатын құқық және бостандық шектелуімен өзінің социумда орнын таба алмайтын тұлғаны - маргиналды тұлға деп түсіну қажет .

Маргиналды тұлға екі топтың негізгі қасиеттерімен суреттеледі: жалпыәлеуметтік және арнайы-құқықтық. Жалпы әлеуметтікке жататындар: жеке адамға қатысты сыртқы факторлармен пайда болған, бұрынғы әлеуметтік және құқықтық мәртебесін жоғалту немесе өзгеруі; әлеуметтік құқықтық жағдайының аралығы; екі есе әлеуметтік үйрену үдерісінің дамуы; тұлғаның «дүбара» түрінің қалыптасуы; тұлғаның психологиялық жағдайының күрт өзгеруі. Арнайы-құқықтыққа жататындар: жетіспеушілік, дөрекілік және маргиналдар жағдайының кешенді құқықтық реттеуінің жоқтығы; маргиналдарға қатысты нормативті құқықтық актілердің тәжірибеде біркелкі орындалуының жоқтығы; заңнамада қарастырылған құқық  пен бостандықтың толық іске асыруының жоқтығы; олардың құқықтық жағдайларының белгісіздігі мен екі түрлілігі. Бөлек алынған маргиналды топтардың ерекшеліктеріне байланысты екі негізгі әлеуметтік маргиналдардың топтарын белгілеуге болады: қауіп-қатер тобы (немесе әлеуметтік қауіп-қатер тобы) және әлеуметтікке қарсы топ. Маргиналдық қарым-қатынас шекаралықпен сипатталады, заңды мен заңсыз теңгерілуімен, нақтырақ айтсақ, маргиналды мінез-құлқының өзіне заңдыны - заңсыздыққа жақын, және заңсыздық мінез-құлқысына да жатқызады. Қоғамдық маргиналды топты бірінші немесе екінші топқа қатыстыру белгісі түрінде оның мүшесі мінез-құлқының заңдылық немесе заңсыздығын қарастыру. Нормативті-құқықтық актілердегі бекітілген құқық жүйесі, міндеті, заңды қызуғушылықатыры, кепілдіктері, заңды жауапкершіліктері және қоғамдағы бірінші әлеуметтік маргиналдар тобына жататын оңсубъектілік, ішінде индивидтің жағдайын жақсартуға бағытталған заңды құралдары бар маргиналды тұлғаның құқықтық мәртебесін көрсетеді .

Маргиналды тұлғаның құқықтық мәртебесі - маргиналды қауіп-қатер тобының  пайда болуы шындалған категория, осыған байланысты әлеуметке қарсы маргиналды топтар мүшелерінің заңға және қоғамға қарсы тәртібімен ерекшеленеді, демек, олардың құқықылық мәртебесі салалық заңнамамен анықталады. Маргиналды қауіп-қатер топтары ең аз қорғалған  тұрғындар бөлігін құрайды және маргиналды ортаға түсуі мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық құрылымының өзгеру және реформалануына тығыз байланысты. Сондықтан, бұндай маргиналдардың құқықтық мәртебесін, қосымша құқықтарымен, кепілдіктерімен, әлеуметтік қорғау әдістерімен анықтау қажет. Маргиналды тұлғаның құқықтық мәртебесі арнайы құқықтық мәртебенің маргиналдардың қатысуымен қарым-қатынасты құқықтық реттейтін түрі болып саналады. Бұл, маргиналды мінез-құлқымен байланысты әр түрлі әлеуметтік топтардың әлеуметтік-құқықтық мәселелерін бірыңғайлауға мүмкіншілік береді. Маргиналды элементтерінің қатысуымен қоғамдық қарым-қатынастарды жөндейтін, қазіргі таңда күші бар ресей заңнамасындағы көпшілікпен мойындалған ұстанымдарды және халықаралық құқық номаларын ескере отырып, маргиналдар жағдайының құқықтық регламент мағынасын анықтайтын нормативті-құқық актілерінде олқылықтар мен ақаулар айқындалған . Құқықтық нигилизм – Қазақстан мемлекетіндегі тұлғаның маргиналды мінез-құлқына сай сипаттама. Маргиналды топтардың құқықтық нигилизмді танытатын әдеттегі түрлеріне – қазіргі таңда күші бар заңдардың және басқа да нормативті құқықтық актілердің қасақана бұзылуы; заңды ұйғарымдарды жаппай орындалмауы және сақталмауы; заңдылықты мақсатқа сәйкестілікпен ауыстыруы және кейбір маргиналды топтардың екінші жаққа ауысуы жатады. Сондықтан, құқықтық нигилизмді жеңу үшін маргиналды ортада өмірге құқықтық саясаттың негізгі принципін енгізу қажет – қоғамның барлық бөлшектерінің мүдделерін заң шығару қызметінде де заң қолдану тәжірибесінде де және басқа да заңдарды іске асыру түрлерінде шығару.

Қазақстан мемлекетінің әлеуметтік-құқық саясатында мемлекеттік кепіл жүйесінің даму үрдісі және осы жүйенің елдегі маргиналды деңгейін төмендетуге ықпалы тиетіні байқалады. Маргиналды топтардың елдің заңдылық пен құқықтық тәртіпке ықпалын тигізетін үш форма белгіленеді: тікелей ат салысу арқылы ықпал, бітістірушілік арқылы ықпал және төрешіл арқылы (аппараттық) ықпал. Төрешіл (немесе ақпараттық) ықпал дегеніміз – аз қорғалатын тұрғындар бөлігіне жататын, маргиналдардың құқықтары мен заңды мүддесін мемлекеттік орган және шенеуніктер тарапынан бұзушылық. Қоғамдағы тұлғаның маргиналды мінез-құлқына мемлекеттік жауапкершіліктің әр түрлі аспектілері және мемлекеттік антимаргиналды ақталу мүмкіншіліктері зерттелуде. Мемлекеттік үкіметтің позитивті (болашақты) жауапкершілігін анықтау негізгі деп тану, өйткені ол әлеуметтік түрде қоғамдағы аз қорғалатын топтардың маргинизализациясына жол бермеу мемлекеттік іс-шараларды өңдеу және жүзеге асыру жағынан үлкен деңгейде назар аударуына қол жеткізе алатындығы. Қазақстан қоғамының қазіргі таңдағы әдеуметтік дифференциация деңгейі мен және оның бөлек алынған топтардың маргиналды жағдайларында, маргиналдарды ақтау әлеуметтік-құқық және мемлекеттік бағдарламаларын өңдеу және қабылдау қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді