«Құқықтану» кафедрасы курстық ЖҰмыс пәні



бет8/12
Дата23.12.2021
өлшемі0.53 Mb.
#147184
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Қадымов ТемірланЮП-19-9 ТГП

2.2Конформистік мінез құлық
Конформистік мінез-құлық – тек қана сыртты беделдерге бағытталған, индивидуадықтан айырылған мінез-құлық.

Адамдардың құқықтық нормаларды сақтауға байланысты тәртіптерінде сай болады: 

- конформистік тәртіп - құқықтық нормаға бағынатын адам. 

- Нонконформистік тәртіп – құқықтық нормадан ауытқушылық жасайтын адам. 

Конформистік тәртіптің түрлері: 

1.        Легалистік тәртіп – сократтық позиция деп аталады – құқықтық нормаларды құрметтеу.

2.        Оппортунистік немесе инструменталдық тәртіп - жеке адамның пайдасын құптайтын құқықтық нормаларлы жақтау.

3.        Құқықтық нормаларды сақтауға қысым жасау, бақылау: құқықтық тәртібін – мотивін қалыптастыруға ықпал ету.

Қазіргі зерттеулерге қарағанда, құқықты әлеуметтендірудегі кемістіктер мен тәртіп бұзуға ең бірінші түрткі болған оқиға баланы тікелей тәртіпсіздікке әкелмейді, әуелі қайғыға ұшыратады да, ол қайғы баланы ашуланшақтыққа әкеліп соқтырады. 

Тәртіп бұзушылықтың салдарының негізі-сабаққа үлгере алмаушылық. Кейбір оқушы қатар құрбыларынан сабақта артта қалып қойып, тәртіп бұзуын өзінше батырлық деп санайды. Мұны өзгелердің көзінше көрсеткісі келеді. бұл мінез көбіне мен–менсінген, бала мінезінің дұрыс тәрбиеленбеуінен болады. бірақ, осылай болған жағдайда да, тәртіпсіздікті баланың бойына біржолата сіңіп кеткен әдеттен деп, барлық себептен содан іздестіруге болмайды. Өйткені, тәртіп бұзу тек өзіне ғана байланысты емес, оның үй ішіндегі жағдайларға да, айталық ата - ана бірлігінің жоқтығына және баласына қойған талаптың әртүрлі болып келуіне байланысты. Бала үнемі жақсы психологиялық жағдайда тәрбиеленуі, оқуы, өсуі қажет. Сонда балада жағымды «мен» бейнесі қалыптасады, өзіне деген сенімділігі, өзіндік сенімділіг туады. Мұндай «мен» бейнесі кез - келген баланың жақсы жағдайда, нәтижеге жетуіне, дұрыс дамуына мүмкіндік береді. 

Тәрбиесі қиын балалардың тудыратын себептердің бірі - үйелмен тәрбиесіндегі кемшілік, яғни балаларын оқытуда, тәрбиелеуде ата - аналардың жауапкершілік сезімінң жоқтығы бала мінезінде мейірімсіздікті, яғни қатыгездікті, дөрекілікті, өзімшілдікті туғызады. 

Екінші себеп – бұл үйелмендегі сәтсіздік, маскүнемділік, ұрыс – төбелес, ұрлық, ата – аналардың және басқа үйелемен мүшелерінің жеңілтек мінез – құлқы, ал бәрінен  жаманы – ажырасу, неке бұзу. Үйелмен тәрбиесінде ата – аналардың мінез – құлқы шешуші фактор. «Сіз өз балаңыздың тәрбиесін бастамастан бұрын өзіңіздің мінез – құлқыңызды тексеріңіз» деген болатын А.С.Макаренко. Егер әке маскүнем болса, мектеп жасына дейінгі балалар жүйке ауруынан (невроз), жиі қояншық ұстамадан (эпслепция) азап шегеді, олардың ақыл ойы баяу дамиды. Мұндай балалар енжар, тынымсыз, ашушаң келеді. Әрбір ата – ана ішкілікке, азғындыққа түспеу үшін күш қабілетін пайдаланып, балаларға мейірімді өнеге мен әсер етуі керек. 

Үшінші себеп – ұл балаға үнемі жеткіліксіз көңіл аударылады. Кейбір үйелмен баланың ішкі дүниесін, тілектерін, ойларын, қайғысын қоршаған ортаға қатынасын жете біле бермейді. Тату үйелменде ата – аналар балалардың күнделікті өмірімен, іс - әрекетіне басшылық жасайды. Балалардың өздерінің қуанышын, қайғыларын, ойларын, уайымдарын бөлісуге үйретеді, саяси мәселелерді, жаңа фильмдер мен кітаптарды бірлесе отырып талдайды, өздерінің сүйікті әндерін орындайды.

Үйелмен бала үшін өмір мектебі, онда мейірбандық, шындық, адалдық, қайырымдылық, еңбек сүйгіштік т.б. тәртіп пен мінез – құлық қасиеттері дамиды және қалыптасады. Үйелменде қоғамның келешек азаматы өседі. Басқаша айтқанда, білімнен құлықтың сенімге, сеніммен әрекет етуге ұзақ, күрделі жолдан өтеді. Демек, үйелмен жеке  адамның тәртібі және мінез – құлық негізін қалайтын микро – ұжым.

Төртінші себеп – бұл сынып жетекшілерінің тәрбие  жұмыстарындағы олқылықтары мен кемшіліктері. Тәрбиесі қиын балалар жөнінде сынып жетекшілерінің іс - әрекеті көпшілік жағдайда кейбір жұмыстармен ғана шектеледі. Олар: әңгіме, сынып және оқушылар жиналыстарында талқылау, оқушылардың ата – наларын мектепке шақыру. Мұндай жалпы және қарапйым жұмыстар бойынша тәрбиесі қиын балаларды жан – жақты білу мүмкін емес. 

В.Г.Степанов, В.А.Крутецкий мінез – құлықтағы қиындық мәселесін қарастыра келе, оқушыларды екі қатарға бөледі.

Бірінші қатарға адамшершілік дамуында және мінез – құлқында, шамамен алғанда өте үлкен емес ауытқушылықтары бар оқушыларды жатқызады, олар – тәртіпсіз, жалқау, қыңыр, дөрекі, өтірікші балалар. Тәртіптілікті мынадай – қалыптасқан тәртіпті емес белгілері бөлініп қарастырылады, өзіне және басқаларға деген жоғарғы талап қоюшылық, киіміндегі тазалық және жинақтылық сияқты және т.б. көрсеткіштерден айқындалады. Тәртіпті емес мінез – құлықты осыған қарама – қарсы көрсеткіштерден: жұмыстан жалтарып кетуге тырысу, берілген тапсырманы орындамау, адал еместік, өзінің жеке қызығушылқтарын достарының арасында жүзеге асыруға тырысу, үнемі тәртіпті бұзуынан және т.б. байқалады.

Екінші қатарға жеке акцентуациясына және мінез – құлқында қиындығы бар балаларды жатқызады. Мінез акцентуациясы – бұл жеке бітімдегі аса күшейтілген мөлшердің ең ақырғы түрі. Сондықтан психогендік ықпалдарға жататын белгілі қатардың кейбір осалдығы білінеді. Олар психогендік бұзылудың дамуы үшін сендірілген факторлардың психопатиялық даму, реактивті ұжымданып, ауру (психоз), мінез – құлықтың потолгиялық бұзылуына себепші болған жағдайлар және т.б. салдары болып табылады.

Сана психиканың ең жоғарғы формасы және тек адамдарға ғана тән. Сана жалпыны және болмыстағы елеуліні тану қабілеті сияқты қасиетімен ерекшеленеді. Жеке адамның санасы мен қоғамдық сана диалектикалық бірлікте болады.Жеке адам санасы оның болмысын ғана бейнелеп қоймайды, сонымен қатар адамзат жинақтаған білімді меңгеру нәтижесі де болып табылады. Сана обьективтік болмыс жайында қорытылған білімнен ғана емес, сол болмысқа белгілі түрдегі қатынастардан да көрініп тұрады. Әрбір адамның ішкі дүниесін құрайтын білімдердің, қатынастардың, уайымдардың көпшілігін адам саналы түрде түсіне бермейді. 

Санадан тыс құбылыс әрбір адамның психикалық әрекетінің міндетті құрамдас бөлігі. Сананың айқын сана, астар сана, санасыздық сияқты түрлері бар. Айқын түсіну аумағынан, ағзаның ішкі және сыртқы орталарынан бір мезетте келіп түсетін сигналдардың барлағының аз бөлігі ғана өз көрінісін табады. Айқын сана аумағында пайда болған сигналдарды адам өз мінез құлқын саналы түрде басқаруға пайдаланады. Сана мен санадан тыс құбылыстар үйлесімді бірлікте жұмыс істейді. Психика мен сананың дамуы және пайда болуы - генезисі тығыз байланыста болады. 

Сана – адам шындығының ең жоғарғы бейнелеу дәрежесі болып табылады. Психологиялық ғылым тарихында сана ең күрделі мәселелердің бірі болып табылады, бұны материалдық және идеалды түрде әлі де шешілмеген. Ғалымдар қандай философиялық бағыт қолдағанына қарамастан, оны рефлекстік әрекетпен байланыстырады. Яғни басқа психологиялық әрекет және өзін-өзі тануға дайындық. Мұндай қабілеті бар адам ғылым психологиясының дамуы және бар болуы мен байланысты, онсыз берілген класс феномені жабық болар еді. Рефлекссіз адам өзінде психикасы бар екенін елестете алмас еді. Адамның сонымен қатар бірінші психологиялық мінездемесі өзін субьект ретінде тану, ойша елестету қабілеті, өзінің психологиялық және жағдайларын реттеу. Оларды басқару, айнала қоршаған шындықты бейне ретінде қабылдау және көру қабілеті. Өзін субьект ретінде сезінетін адам өзін әлемде тануға дайын жеке ерекшеленген тұлға ретінде сезінеді. Шындықты ойша елестету және қиялдау - сананың екінші басты психологиялық мінездемесі. Ол сана сияқты біртіндеп тығыз бейне ретінде ерікпен байланысты. Саналы басқарылған елес және қиял түрлері. Олар адам еркімен туған және өзгермеген жағдайда айтылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді