«Құқықтану» кафедрасы курстық ЖҰмыс пәні


ҚҰҚЫҚҚА САЙ МІНЕЗ ҚҰЛЫҚ ТҮРЛЕРІ



бет7/12
Дата23.12.2021
өлшемі0.53 Mb.
#147184
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Қадымов ТемірланЮП-19-9 ТГП

2 ҚҰҚЫҚҚА САЙ МІНЕЗ ҚҰЛЫҚ ТҮРЛЕРІ

2.1Әлеуметтік белсенді мінез құлық
Құқыққа сай мінез-құлықтың түрі көрініс табуы түрлі критерийлер бойынша оның жүйеленуіне түрлі көзқарастар үшін негіз береді:

- салалық тиістілігіне байланысты – конститутциялық құқық, әкімшілік құқық, азаматтық құқық, қылмыстық құқық және басқалар;

- қоғамдық өмір салалары бойынша – саяси эканомикалық, әлеуметтік-мәдени;

- субъектілері бойынша – жеке тұлғалар (азаматтар, лауазымды тұлғалар), ұжым (топтар, қоғамдық ұйымдар, мемлекет). Құқыққа сай мінез-құлықтың көрініс табуының түрлі нысандарына қарай, В.Н. Кудрявцев аталып өткен жүйелеу шеңберінде қосымша ішкі жүйелеуді ұсынды. Жеке тұлғаның құқыққа сай мінез-құлқы автормен «материалды» (өз құқықтарын жүзеге асыру, міндеттерді орындау, әлеуметтік құқықтық белсенділік) және «инструменталды» (құқықтар мен міндеттерге ие болу, өз құқықтары мен заңды мүдделерді қорғау) деп бөлінеді. Ұжымның құқыққа сай мінез-құлық қызметтік үлестері бойынша ішкі және сыртқы, кәсіби және қоғамдық, ұжымның әрекеттері бүтіндей және оны жетекшінің алып жүруі, лауазымды тұлғалар мен жұмысшылар болып бөлінеді ;

- әрекеттерінің белсенділік деңгейіне байланысты – белсенді, кәдімгі, пассивті;

- көрініс табу нысандарына байланысты - әрекет немесе әрекетсіздік;

- ұстанымдарды жүзеге асыру сипатына байланысты – сақтау, орындау, пайдалану және қолдану болып бөлінеді.      

Аталған классификацияда құқықтық мінез-құлық генезисі жөніндегі сұрақ анықталмаған күйі қалып отыр, сондықтан да субъектілердің іс-әрекетінің мотивтеріне (қозғаушы бастама, ішкі реттеу) қатысты болатын құқыққа сай мінез-құлықты классификациялауды қарастыру қажет. Бұл критерий бойынша мінез-құлықтың келесідей түрлері бөлінеді:

маргиналды мінез-құлық (латын тілінен marginalis – шегінде тұрған, шекаралық). Құқықты бұзудың пайдасыздығын (жақындарының беделін, құрметін жоғалтудан қорқу) сипаттайтын, заңды тек жазалаудан қорыққаны үшін бұзбайтын, жеке тұлғаның құқыққа сай және құқыққа қайшы ниеттері арасында баланс жасаушы, пассивті сипатқа ие болып табылады. Кез-келген жағдайда, жеке тұлғада әрекет етіп тұрған құқыққа және оның қағидаларына құрметпен қарау қатынастары жоқ болады. Өзінің позитивті болуына қарамастан, маргиналды мінез-құлық константты құнды құқықтық орнатылымдардың жоқ кезінде қоғамға белгілі бір қауіп тудырады – кез келген сәтте ұстаушы факторлардың әлсізденуі нәтижесінде ол құқыққа қайшыға айналуы мүмкін.

конформистік мінез-құлық, құқықтың қажеттілігін түсінбей және оны тиесілі сыйламай, құқықтық ұстанымдарда мойынсұну болып табылады. Мұндай мінез-құлық негізінде қоршаған ортаның еркі мен пікіріне мойынсынуға ұмтылу жатады .

әдетті (стереотипті, оң) мінез-құлық құқықтық нормаларын, жеке тұлғаның меңгерген қағидаларын сақтау болып табылады. Белгілі бір құқықтық іс-әрекеттерді бірнеше қайталау нәтижесінде дұрыс мінез-құлық стереотипі, әдетті құқықтық операциялардың алгоритімі қалыптасады. Алайда әдетті мінез-құлықты автоматты процесс деп қарастыруға болмайды. В.В. Оксоматный «әлеуметтік әдет – мінез-құлықтың механикалық өңделген дағдысы емес, белгілі-бір автоматизм үлесіне ие болса да, бірақ ол өз мазмұнында әлдеқайда кең және толық» деп пікір қосады .

әлеуметтік-белсенді мінез-құлық, құқықтық нормаларында объективтенген, жалпыадамзаттық құндылықтардың өнегелік-этикалық басымдылықтарға, құқықтық ұстанымдардың мақсаттылығына, күнделікті өмірде оларға сәйкес әрекет жасау қажеттілігіне сенуге негізделген.

Аталған мінез-құлық мемлекет үшін де, жеке тұлға үшін де тиімді болып табылады. Ол құқықтық сананың рационалды және эмоционалды дамуына сәйкес келуіне негізделген, жоғары белсенділік сатысымен ерекшеленеді; жеке тұлғаның әлеуметтік мәні бар немесе жеке мақсаттарға жетудегі табандылығы мен терең түсінігімен сипатталады.

Құқықтық мінез-құлық құқықтық мәдениеттің белсенділік деңгейімен басым мотивтерімен анықталатын, құқықтық қатынаста жеке тұлға немесе ұжыммен жүзеге асырылатын; құқықтық актілердің ұстанымдарына сәйкес келетін және мемлекетпен кепіл берілген қоғамдық-қажетті мінез-құлық деп анықтауға болады. Құқықтық мінез-құлық          құқықтық мәдениеттің даму деңгейінің қажетті көрсеткіші болып табылады.

Қазақ тіліндегі әдебиеттерде керітартпа ғадет, жағымсыз мінез-құлық, девиантты мінез – құлық деп әртүрлі деп беріледі. Ең алдымен норма дегеніміз не деген сұраққа тоқталайық. Ғылыми әдебиеттерде норма деп «қоғамның тұлғаға қоятын талаптарын, ережелер жиынтығын айтамыз». Сонымен, норма – қоғамдағы жалпымен қабылданған моральдық, заңдық, әлеуметтік талаптарға сәйкес мінез-құлық. 

Мінез-құлықтағы ауытқулар дегеніміз әлеуметтік, мектептік, отбасылық жағдайларға байланысты адамның қоғамдағы қалыптасқан нормалар мен ережелерді бұзуы.Зерттеушілердің мәліметтеріне сүйенсек, ауытқушылықтардың төмендегідей критерийлері мен белгілерін бөліп көрсетуге болады:

·       Отбасылық сәтсіздік;

·       Оқыту және кәсіби мекемелердегі ауытқушылықтың алдын алатын жұмыстардың аздығы;

·       Тұлғаның тұлғалық компоненттерінің төмендігі;

·       Қарым-қатынастағы дискомфорт

Асоциалдық мінез-құлық  басқаларға өшпенділік, агрессивтік қарым-қатынас, ережелерді бұзу, абыройды мойындамау.Осы жағдайда келесі көріністерді атап өтуге болады: төбелескіштік, басқаның мүлкіне зиян келтірушілік, адамдарға немесе жануарларға деген қатыгездік қарым-қатынас, ұрлық, өтірік айту.

«Деликвенттілік» түсінігі «delinque» - ренжіту, бұзу сөзінен шыққан. Әлеуметтік – психологиялық әдебиеттерде бұл түсініктің мәндік мағынасын А.Личконың анықтамасымен байланыстырады. Оның ойынша, деликвенттілік Қылмыстық кодекске сәйкес жазаланбайтын криминалдық мінез – құлыққа тікелей қатысты емес, майда құқық бұзушылық. Бірақ әлеумдік тәжірибеде кәмелеттік жасқа толмағандардың криминалдық іс-әрекеті.Девиантты  мінез-құлық түсінігі Э.Дюркгеймнің  атымен тығыз байланысты. Э.Дюркгейм бойынша девиантты мінез-құлық қоғамдағы жалпы қалыптасқан нормалардан ауытқуы.

Девиантты мінез-құлық  теориясының өзін бірнеше топтарға бөліп қарастыруға болады: 

·       Теориялардың бірінші тобына био-антропологиялық және био-медициналық концепцияларды жатқызамыз. Девианттылықтың себебі туа біткен немесе жүре біткен физиологиялық, психофизиологиялық ерекшеліктер.

·       Теориялардың екінші тобына девиантты мінез-құлықтың экономикалық теорияларын айтуға болады.Девианттылық экономиканың жоғары дамуымен немесе төмен құлдырауымен пайда болады. 

·       Теориялардың үшінші тобына «мәдениеттер мен субмәдениеттер арасындағы қайшылықтар теориясын» (Т.Селлин, А.Коэн), «бақылау теориясының» әлеуметтік-психологиялық нұсқасы (М.Гольд, А.Райс), аномия теориясын жатқызуға болады.

·       Теориялардың төртінші тобына қоғамдағы тұрақсыздықтың, ұйымдастырушылықтың құлдырауының нәтижесіндегі жаһандық себептерді айтамыз. 

Әлеуметтанудағы девиацияның түрлері мен формалары. 

Девианттылықтың ең алдымен синхронды және диахронды түрлерін бөліп көрсетуге болады. Синхрондық девианттылық – қоғамдағы девиацияның тең бөлінуі; диахронды – жылдам динамика, ауытқушылық мінез-құлықтың тез бой көтеруі.

Ауытқушылықтың сонымен қатар, төмендегідей түрлерін көрсетеміз:

1.    Реактивті – психотравмалық жағдайларға негізделген.

2.    Тұлғаның төмен моральдық деңгейімен байланысты.

3.    Құштарлық патологиясы (садиз), биологиялық факторларға негізделген.

Ал, көптеген ғалымдар девиацияны екі негізгі бағытта қарастырылады:

1.    Қылмыстың пайда болу формасы бойынша – деликвентті, үйден қашу, босқыншылық, маскүнемдік, суицидтік мінез-құлық.

2.    Себептерге байланысты – биологиялық факторлар, сонымен қатар, әлеуметтік-психологиялық негіздер, әлеуметтік орта, жасөспірімдік кезең мерзіміндегі психологиялық ерекшеліктер.

Кең мағынасында девиантты мінез-құлық кез келген әлеуметтік ережелерден (мысалы, оның ішінде жағымды: батырлық, аса еңбек-қорлық, альтруизм, өзін құрбан ету, аса үлкен рөл ойнау, жетістіктермен қатар, жағымсыз: қылмыс, қоғамдық тәртіпті бұзу, адамгершілік ережелерін, дәстүрді, әдет-ғұрыптарды аттап өту, өзіне-өзі қол жұмсау және т.б.) ауыт- қушылықты білдіреді.

Ал, тар мағынасында қалыптасқан құқықтық және өнегелік ережелерді тек белінен басып, аттап өту деп түсініледі. Мүндай девиантты мінез-құлық әлеуметтік өмірді ыдыратып, әлеуметтік аномияға әкеп соқтырады. Ол конформизмге қарама-қарсы. Девиантты мінез-құлық әлеуметтік себептері қоғамның мәдени құндылықтары мен оларға қол жет- кізудің әлеуметтік қолдау тапқан құралдарының арасындағы алшақтықта (Р.Мертон), әлеуметтік құндылықтардың, ережелердің, қатынастардың әлсіздігі мен қарама-қайшылықтығында (Э.Дюркгейм). Девиантты мінез-құлыққа жауап ретінде қоғам немесе әлеуметтік топ арнайы әлеуметтік санкциялар қолданып, өз мүшелерін ондай қылықтары үшін жазалайды.



Девианттық мінез-құлық әлеуметтенудегі девиантты мінез-құлық тұжырымдамасын қалыптастырған француз әлеументтанушысы Эмиль Дюркгейм. Ол әлеуметтік девиацияны түсіндіру үшін аномия тұжырымдамасын ұсынды. «Аномия» термині француз тілінен аударғанда ұжымның, заңның болмауы. Ал, Роберт Мертон мінез-құлық ауытқушылығының себебін қоғамның мәдени мақсаттары мен оған жетудің әлеуметтік мақұлданған жолдарының арасындағы үйлеспеушілік деп түсіндіреді. Девиантты мінез-құлықтың сыртқы физикалық жағдайларына климаттық, геофизикалық, экологиялық факторларды енгіземіз. Мысалы, шу, геомагниттік, өзгеріс, таршылық, т.б жағдайлар үрей туғызып агрессивті және басқа да қажетсіз мінез-құлықтың көрінуінің бір себебі болады. Сонымен бірге әлеуметтік орта әсерлері де өз ықпалын тигізеді:

  • қоғамдық үрдістер (әлеуметтік-экономикалық жағдай, мемлекеттік саясат, салт-дәстүр, бұқаралық ақпарат құралдары, т.б.);

  • тұлға бар әлеуметтік топ мінездемесі (этикалық құрылым, әлеуметтік мәртебе, референтті топ,);

  • микроәлеуметтік орта (отбасының өмір стилі және деңгейлері, отбасындағы өзарақарым-қатынас типі, отбасындағы тәрбие стилі, достар, басқа да маңызды адамдар).

Девиация бірнеше типтен тұрады: девиантты, делинквентті  және  криминалды мінез-құлық.

  • Девиантты мінез-құлық - әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін мінез-құлықты айтады. Ол ауытқыған мінез-құлықтың бір түрі. Кейбір әдебиеттерде бұл типті «антидисциплиналық» деп те атайды.

Девиантты мінез-құлықтың көрсеткіштеріне: агрессия, демонстрация, оқудан, еңбектен бет бұру, үйден кету, алкоголизм, наркомания, қоғамға жат қылықтар, жыныстық жат мінез-құлық, суицид т.б. жатады.

  • Делинквентті мінез-құлық. Ол заң бұзушылықпен ерекшелінеді. Оның мынадай типтері бар:

  1. Агрессивті-зорлаушылық мінез-құлық. Бұл жеке тұлғаға көрсетілетін дөрекілік, төбелес, күйдіріп-жандыру сияқты жағымсыз іс-әрекеттерде көрініс береді.

  2. Ашкөздік мінез-құлық (корыстное поведение): майда ұрлықтар, қорқытып-үркіту, автокөлік ұрлау т.б. жалпы материалдық пайдакүнемдікке байланысты жат мінез-құлық.

  3. Наша сату және тарату.

  • Криминалды мінез-құлық заң бұзушылық болып табылады. Балалар сот үкімі арқылы жасаған қылмысының ауырлығына байланысты жазаланады.

Девиацияның негативті формалары әлеуметтік патология болып табылады: алкоголизм, токсикомания, нашақорлық, жезөкшелік, суицид, заң бұзушылық және қылмыскерлік. Олар жалпы қоғамға, айналадағы адамдарға және ең бірінші өздеріне үлкен зиян келтіреді.

Девиацияны зерттеуші көптеген ғалымдар девиантты мінез-құлықтың пайда болу факторларын түрліше түсіндіреді. Біріншілері оларды екі үлкен топқа ішкі және сыртқы факторлар деп бөлсе, екіншілері оларды бөлмей:



  • жанұяда берекенің болмауы;

  • ата-ананың «ерекше» қамқарлығы;

  • тәрбие берудегі кемшіліктер;

  • өмірде кездесетін қиыншылықтар мен күйзелістерді жеңе алмау;

  • өмірлік дағдының болмауы, айналысындағы адамдармен, құрбыларымен жарасымды қатынасқа түсе алмауы;

  • сырттан келген қысымға төтеп бере алмау, өз бетінше шешім қабылдай алмау, сынаушылық ойды дамыта алмау;

  • психоактивті заттарды жиі пайдалануы;

  • агрессиялық жарнаманың ықпалды болуы;

  • мектептерде психологиялық көмек көрсету қызметінің нашар дамуы;

  • балалар мен жасөспірімдердің бос уақытының проблемалары

Үшіншілері оларды негізгі бес факторға бөліп қарастырады. Оларды жекеше қарастыратын болсақ:
1. Биологиялық факторлар – баланың әлеуметтік бейімделуіне кедергі жасайтын физиологиялық және анатомиялық жағымсыз ерекшеліктер. Оларға мыналар жатады:

  • ұрпақтан-ұрпаққа берілетін немесе ананың жүкті болғанда дұрыс тамақтанбауы, арақ-шарап, нашақорлы заттарды пайдалануы, темекі тартуы, ананың физикалық, психикалық т.б. сырқаттары себеп болатын генетикалық факторлар: ақыл-ой дамуының бұзылуы, есту, көру кемшіліктері, жүйке жүйесінің зақымдауынан пайда болған денедегі кемшіліктер.

  • психофизиологиялық факторлар: психофизиологиялық күш, дау-жанжал, келіспеушілік жағдайлар, адам организмдеріне кері әсер ететін, қоршаған ортаның химиялық құрамы, соматикалық, аллергиялық, токсикалық ауруларға душар ететін энергетикалық технологияның жаңа түрлері;

  • физиологиялық факторлар: сөйлеу дефекттері, адам бойындағы соматикалық кемшіліктер.

Бұлардың бәрі адамның қоршаған ортаға, жеке адамдарға деген жағымсыз қарым-қатынасын тудырады, ал балалар болса, өзіндік сезім мен танымдық деңгейіне байланысты, құрбы-құрдастары арасында, ұжымда еркін сезіне алмайды, қатынасы бұзылады.

2. Психологиялық факторлар. Бұған баладағы психопатологиялар мен мінездегі кейбір қасиеттердің басым болуы т.б. жатады. Бұл ауытқушылықтар жүйелік-психикалық ауруларда, психопатияда, неврастенияда т.б. көрінеді. Акцентуациялық сипаттағы мінезді балалар өте ашушаң, дөрекі болады. Оларға міндетті түрде әлеуметтік-медициналық реабилитация, сонымен қоса, арнайы ұйымдастырылған тәрбиелік жұмыстар жүргізу керек. Баланың әрбір даму сатысында, олардың психикалық қасиеттері, тұлғалық және мінездегі ерекшеліктері қалыптасып, дамып отырады. Бала даму барысында әлеуметтік ортаға бейімделуі немесе керісінше бейімделмей, жатсынып кетуі мүмкін. Егер, балаға ата-ананың жылуы, махаббаты, ықыласы жетіспесе, онда, ол ата-анасынан шеттеніп кетеді. Шеттену - невротикалық реакциялар, қоршаған ортамен қатынастың бұзылуы, сезімдік (эмоциалық) тепе-теңсіздік және суықтық, ашуланшақтық, психикалық аурулар және психологиялық патологиялар сияқты жағымсыз мінез-құлықтың пайда болуына жол ашады. Егер, балада адамгершілік құндылықтар қалыптаспаса, онда, ол пайдакүнемдік, қанағатсыздық, зорлаушылық, дөрекілік т.б. сияқты жағымсыз қасиеттерге бейім тұрады.

3. Әлеуметтік-педагогикалық факторлар. Олар мектептік, отбасылық, қоғамдық тәрбиедегі кемшіліктердің нәтижесінде, баланың оқудағы үлгермеушілігіне байланысты. Мұндай балалар көбінесе мектепке дайындығы жоқ, үйге берілген оқу тапсырмаларына және бағаларға парықсыз қарайтындар. Бұның бәрі баланың оқудағы бейімсіздігін көрсетеді. Оқушының оқудағы бейімсіздігінің (дезадаптация) қалыптасуы мынадай сатылардан өтеді:


  • оқудағы декомпенсация – баланың жалпы мектепке деген қызығушылығы жоғары, бірақ бір немесе бірнеше пәнді оқуда қиыншылықтарға тап болуынан;

  • мектептік бейімсіздік (дезадаптация) – бала сабаққа үлгермеуімен қатар, оның мінез-құлқы өзгеріп, мұғалімдермен, сыныптастарымен қарым-қатынасы бұзылып, сабақтан қалуы көбейеді немесе мектептен біртіндеп қол үзе бастайды;

  • әлеуметтік бейімсіздік – баланың оқуға, мектепке, ұжымға деген қызығушылығы жойылады, асоциалдық топтармен араласып, алкогольге, нашақорлыққа қызыға бастайды;

  • криминалдылық – кейбір отбасындағы әлеуметтік жағдайдың өте төмен болуы, балаларды да өз ортасындағы әлеуметтік теңсіздікке әкеледі, ал мектеп оқушысы, жасы жетпегендіктен жұмыс істей алмайды, содан барып олар қылмысты іс-әрекеттрмен айналыса бастайды.

Баланың психоәлеуметтік дамуындағы ауытқушылықтардың негізгі факторы - ата-ана. Баланың бойындағы асоциалды мінез-құлықты қалыптастыратын отбасы қатынасының бірнеше жағымсыз стилдері бар:

  • дисгармонды стиль - бір жағынан ата-ана баланың барлық тілектерін орындайды, үлкен қамқорлық жасайды, екінші жағынан конфликті жағдайларға баланы итермелейді;

  • тұрақсыз, конфликті стиль – толық емес отбасындағы, ажырасу кезіндегі, ата-ана мен балалар бөлек тұрған жағдайдағы тәлім-тәрбиелік кемшіліктерден туындайды;

  • асоциалды стиль - ата-ананың арақ ішуі, нашақор заттарды пайдалануы, криминалды іс-әрекет, аморальді өмір сүру жағдайы, отбасылық қаттыгездік, зорлаушылық жатады.

Балаға көрсетілген қатыгездік қатынасқа жататындар: қинаушылық, физикалық, эмоционалды, жыныстық зорлық-зомбылық. Қатыгездік үйде, далада, мектепте, балалар үйлерінде, ауруханада көрсетілуі мүмкін. Мұндай іс-әрекетке душар болған балалар қалыпты түрде даму көрмей, қоршаған ортаға бейімделе алмай қалады. Соның әсерінен, бала өзін жаман, керексізбін деп сезінеді. Баланың қаттыгездікке жауап беру түрі баланың жасына, тұлғалық ерекшелігіне, әлеуметтік тәжірибесіне байланысты. Психикалық реакциялардан басқа (қорқыныш, үрей, ұйқының бұзылуы, тәбеттің болмауы т.б.) балалардың мінез-құлқы да өзгереді: агрессия жоғарылайды, төбелескіш, өзіне сенімсіз, ұялшақ, өзіне деген бағасы өте төмен болады. Зерттеулерге қарағанда, зорлық-зомбылықты көп көрген балалар өскенде зорлаушы рөлінде болуды қалайды.

4. Әлеуметтік-экономикалық факторлар. Әлеуметтің теңсіздігі, қоғамның кедей және бай болып бөлінуі, жұрттың кедейленуі, жұмыссыздық, инфляция, әлеуметтік кернеу, т.б.

5. Моралді-этикалық факторлар. Қазіргі қоғамның адамгершілік қасиеттерінің деңгейі төмен болуы, рухани құндылықтардың бұзылуы. Девиантты мінез-құлықтыбалаларды түзету күрделі әрі қиын әрі ұзақ процесс. Оны іске асыруда көп шыдамдылық пен белсенділік қажет. Қазіргі, осы саладағы әлеуметтік, педагогикалық талаптар мен жүзеге асырылып жатқан тәжірибелер негізінде, бұл саладағы тәрбие міндеттерін жүзеге асыруда мынадай шарттарды орындау қажеттігі туады:


  • балаға ілтипатпен, ізгі тілектестікпен қарау;

  • оның жағымды қасиеттеріне сүйену;

  • оның адамгершілік күшіне, потенциалды мүмкіндіктеріне сену;

  • оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін жасалған жалпы білім беретін бағдарламаларды тиімді пайдалану;

  • салауатты өмір салтын қалыптастыруға, қауіпсіз тіршілік етуге бағытталған тәрбиелік бағдарламаларды ұштастыра пайдалану;

  • девиантты мінезге ие балалардың білім алуы мен бос уақытын пайдалы іс-әрекеттермен өткізу жолдарын қарастыратын жаңа кешенді бағдарламалар құру;

Қорыта айтқанды, девиантты мінез-құлықты балалармен тәрбиелік жұмыстарын жүргізуде римдік философ Сенеканың: «әрбір адам өмірінің тек кейбір жақтарын ойлап талдайды, бірақ ешкім жалпы өмір туралы ойланбайды» деген ой-пікіріне сүйене отырып, девиацияға коррекция жасаушы әрбір маман ұстаз, баланың тек кейбір мінездік кемшіліктерін түзетіп қана қоймай, оларды, қоғамдық өмірдің талаптарымен ұштасқан дұрыс қарым-қатынас жолына қайтып әкеліп, ары қарай қалыптаса дамуына, әлеуметтенуіне көмектесуі қажет. Бұл педагогикалық іс-әрекеттер мазмұны, қоғам өмірінде бекіген адамгершілік қадір-қасиеттер мәнімен, талаптарымен тікелей байланыстыра, адамдар арасындағы қарым-қатынастар (достық, жолдастық, туыстық, сүйіспеншілік, махаббат т.б.) нормаларымен ұштастырыла жүзеге асырылғанда, балалар бойында девиантты мінез-құлықтың өріс алмауына және оларды мектеп қабырғасынан бастап әлеуметтендіруге мүмкідік жасалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді