Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры ұЛЫҚ имам – имам ағзам әбу ханифа алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет22/24
Дата02.01.2022
өлшемі0.61 Mb.
#147472
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
Ұлық имам Абу Ханифа
Beyneleu- neri, (pdf) Тектік сарын (Джек Лондон)
Имам Ағзам Әбу Ханифа

жанның  қанын  төгу  ханиф  Исламға  теріс  іс-әрекет 

еді. Ал, әділеттілікті жасырып, өкіметтің қолтығына 

кіру Әбу Ханифа үшін елге жасалған нағыз зұлымдық 

саналды. 

Аббасилер  дәуірінде,  шамалы  754  жылы  халифа 

Әбу  Жағфар  (көбіне  Мансұр  деген  атпен  белгілі) 

Әбу  Ханифаға  қазылық  жұмысын  ұсынады.  Ғалым 

қабылдамайды.  Кейінірек  халифа  Мансұр  бұл 

лауазымды тағы да ұсынады. Ол түрлі себеп айтып, 

келіспейді.  Сонда  халифа  оған:  «Өтірік  айтпа!»,–

дегенде  Әбу  Ханифа:  «Сен  сонда  өтірікшіні  қалай 



қази  етпексің?»,–деген.  Халифа  ызаланып,  оны 

қапасқа тастап, ел алдында күн сайын он рет қамшы 

ұруға  және  ол  туралы  жар  салдыруға  бұйырады. 

Қартайған шағында оны, сөйтіп, билік халық көзінше 

азапқа  салады.  Әбу  Ханифаны  билік  тамақ  бермей 

де аштан қинайды. Арада бес күн өткенде, яғни 767 

жылы  ол  дүние  салады.  Оның  жаназасы  кезінде 

Бағдат  қаласының  көшелері  халыққа  толып  кеткен 

деседі.

Түйін


Ұлық имам – имам Ағзам Әбу Ханифа қашан да 

ғұмыры мен бар мал-мүлкін Алла разылығы жолында 

жұмсап,  келер  ұрпаққа  жақсы  өнеге  қалдырды. 

Ол  қайтыс  болғанда  Ибн  Жәриж  қайғыға  беріліп: 



«Қандай  білім  кетті!  Қандай  білім  кетті!»  –  деп 

жылаған екен. Абай атамыздың: «Өлді деуге бола ма, 



айтыңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған?» 

– деген сөздері де осындай дара тұлғаларға арналған 

шығар. 

Қазақстан  халқының  басым  бөлігі  Әбу  Ханифа 

мазһабын ұстанады. Сондықтан қазіргі басты мақсат 

– халқымыздың имандылығын, рухани деңгейін өсіру 




q

q

46



Имам Ағзам Әбу Ханифа

үшін  адамгершілікке  тән  қасиеттерге  жетелейтін, 

әділдікті, шындықты, адалдықты уағыздайтын, елін, 

халқын сүюге тәрбиелейтін, басқа ұлт, басқа діндерге 

құрметпен  қарайтын,  ең  жақсы  әдет  –  ғұрыптарды 

уағыздайтын  ислам  дінінің  құндылықтарын 

сауаттылық әрі парасаттылықпен насихаттау.

Күні  кешегі  атеистік  идеологияның  уытынан  әлі 

айыға алмаған бүгінгі қоғамда діни сауаттылық пен 

танымның  жеткіліксіздігінен  түрлі  ағымдар  мен 

топтар  жетегінде  кеткен  кейбір  қандастарымыздың 

аузынан: – Әбу Ханифа мазһабын ұстанудың қажеті 

қанша?–деген  қыршаңқы  сауал  ішінара  болса 

да  естіліп  қалады.  Бұл  сауалды  қоюшыларға  ең 

алдымен  Әбу  Ханифа  мазһабының  ерекшеліктері 

мен мән-маңызын тереңірек зерделеуге кеңес берер 

едік.  Екіншіден  олар  бұл  құқықтық  мектепті  ата–

бабаларымыз  неге  ұстанған  деп,  оның  өміріміз  бен 

қоғамымыздағы  алар  орны  мен  ролін  бағамдауы 

ләзім.  Осы  мазһабты  неге  әлем  мұсылмандарының 

жартысына  жуығы  ұстанатынына  көңіл  бөлуі 

тиіс.  Бірлік  пен  ынтымақ  әрбір  мұсылман  үшін  аса 

қымбат. 

Олай болса, Тәуелсіздігімізді одан әрі баянды ете 

түсу  үшін,  халқымыздың  діни  бірлігі  мен  рухани 

ынтымағын  сақтап  күшейту  үшін  Әбу  Ханифа 

мазһабы қажет.

Егер  Әбу  Ханифа  мазһабын  ұстанбасақ,  діни-

рухани бірлік, тұтастықтан айрылып, арамызға діни 

алауыздық  араласып,  жік  түседі.  Діни  амал  жайлы 

бітпес  дау,  бірінің  жағасынан  бірі  алу  басталады. 

Менікі дұрыс дейтін топ-топқа бөлініп, ынтымақтан 

айрыламыз.  Жақсы  ғұрып  пен  әдет  әдіра  қалып, 

жақсы әдетке де қарсы шығуымыз көбейеді. Мұның 




q

q

47





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді