Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры ұЛЫҚ имам – имам ағзам әбу ханифа алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет21/24
Дата02.01.2022
өлшемі0.61 Mb.
#147472
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
Ұлық имам Абу Ханифа
Beyneleu- neri, (pdf) Тектік сарын (Джек Лондон)
үш кісінің бірінің пікірі айтылса, оған қайшы келуге 

орын жоқ»,–деді. Мұны естігендер: «Олар кімдер?» 

– деп сұрап еді. Ол: «Әбу Ханифа, Әбу Юсуф және 



Мұхаммед ибн Хасан (р.а.)»,–деп жауап берген. 

Қырықтан  артық  мүжтаһид  ғалымдардың 

пікірлері  негізінде  құрылған  Әбу  Ханифа  мазһабы 

сол  заманның  көптеген  ғұламалары  тарапынан 

ілтипатпен  қабылданды.  Бұл  мазһабтың  дүниеге 

келуі мұсылманардың өзара ынтымағына мүмкіндік 

туғызды. 

Имам  Ағзам  мазһабы  мәслихатқа  негізделіп 

құрылды.  Сондықтан,  оны  Әбу  Ханифаның  жеке 

өз  жолы  ғана  емес,  жалпы  мұсылмандар  таңдаған 

шынайы Құран және сүннет жолы деу керек. Дегенмен, 

ол  дінді  насихаттау  үшін  көп  ізденді,  дінді  танып-

білу  жолында  тынымсыз  еңбек  етті.  Ол  бір  мәселе 

туралы  ғұламалармен  кеңесіп,  пікірлерін  тыңдап, 

ойын айтып, бар мәселені талқылауға салатын. Әрбір 



q

q

43



Имам Ағзам Әбу Ханифа

мәселені  ұзақ ойлап, терең зерттейтін. Әбу Ханифа 

өз  пікірін  нақты  дәлелдермен  анықтап  беретін. 

Ғалымдар  бір  пікірге  келіп,  шешім  қабылдағаннан 

кейін  имам  Әбу  Юсуф  хатқа  түсіретін.  Бұл  мазһаб 

осылайша  өзара  мәслихат,  кеңеспен  дүниеге  келді. 

Сондықтан  да,  бүкіл  әлем  мұсылмандары  бұл 

мазһабтың  дұрыстығын  күмәнсіз  мойындауда. 

Құран мен сүннетке негізделген бұл мазһаб көңілге 

қонымды әрі бейім.

Шейх  Ахмад  әл-Макки  әл-Хорезми  Әбу 

Ханифаның  ілімін  дүниенің  түкпір-түкпіріне 

таратқан шәкірттерінің 730 дан астамы ислам әлеміне 

танылған ғұламалар еді деп еске алады. 

Асад  ибн  Фурат  (р.а.):  «Қырық  адам  хатшылық 

қызметін  атқарды.  Бірінші  ондық  ішінен  Әбу 

Юсуф,  Зуфар  ибн  Һузайл,  Дәуд  әт-Тайи,  Асад  ибн 

Әмр, Юсуф ибн Халид әс-Самтий және отыз жыл 

бойы  хатшылық  жасаған  Яхъя  ибн  Закарийа  ибн 

Әбу Зайда»,–дейді. Олар бір мәселе жайлы таласып 

қалғанда, әркім өз ой-пікірін айтатын, соңында бәрі 

Әбу  Ханифа  тұжырымын  сұрағанда,  ол  мәселенің 

анық  жауабын  беретін,  кейде  олар  бір  мәселе 

төңірегінде  үш  күндей  пікір  алысатын  еді.  Мәселе 

шешімін тапқаннан кейін барып, кітапқа түсіретін.

Имам  Ағзам  сексен  үш  мың  мәселені  хатқа 

түсіртті.  Оның  отыз  үш  мыңы  ғибадатты  қамтыса, 

қалғаны қоғамдық қарым-қатынастар туралы еді.

Үмәуйлер әкімшілігі мен Имам Ағзам арасындағы 

келіспеушілік  салдарынан,  ол  бірнеше  жыл  Басра, 

Меккеде,  Мәдина  қалаларында  тұрып,  ол  жердегі 

зиялы  қауыммен  қарым-қатынаста  болып,  олардан 

ілім  үйренді,  кейбір  күрделі  мәселелерді  олармен 

ақылдаса отырып, талқылады. 



q

q

44



Имам Ағзам Әбу Ханифа

Кейін Аббас әулеті билікке келіп, халифа Мансур 

Бағдатты жаңа халифаттың астанасына айналдыруды 

бастады.  Халифа  Әбу  Ханифаны  Куфадан  арнайы 

шақыртып,  қаланы  жоспарлау  мен  құрылысына 

қатыстырады. Әбу Ханифа шаһар құрылысшыларын 

да басқарып, жемісті еңбек еткен.

Сөйтіп Әбу Ханифа өмірінің 52 жылын Үмәуйлер 

заманында,  18  жылын  Аббасилер  дәуірінде  өткізді. 

Бұл  екеуі  де  Мұхаммед  (с.ғ.с.)  пайғамбарымыздың 

әулетін  аса  қош  көрмейтін.  Пайғамбарымыздың 

(с.ғ.с.)  ұрпақтары  үнемі  қуғынға  ұшырады.  Бұның 

басты себебі – биліктен айрылып қалмау еді. Имам 

Ағзам қашан да пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ұрпақтарының 

жанында болып, оларға қолдау көрсетіп отырды. Бұл 

– әділеттілікті жақтау мен пайғамбарымызға (с.ғ.с.) 

деген сүйіспеншіліктен туғанды.

Әбу  Ханифа  екі  ерекшелігі  үшін  ылғи  да  осы 

аталмыш  билік  иелерінен  қорлық  көрді.  Бірде 

үмәуйлердің кезінде Ирақ әкімі Язид ибн Умар Әбу 

Ханифаның  саидтерге  (пайғамбарымыздың  (с.ғ.с.) 

ұрпақтары) жақтасқанын біліп, шақырып алып әдейі 

сынайды.  Қазылық  жұмысын  ұсынады,  көнбейді. 

Одан  кейін  мемлекеттегі  әр  түрлі  лауазымды 

орындарға  шақырады,  бірақ  Имам  Ағзам  бұлардың 

ешқайсысын  да  қабылдамайды.  Ибн  Хубайра  Әбу 

Ханифаны қапасқа салып, қинайды. Әбу Ханифаның 

ауыр азаптан басы жарылып, ісіп кетеді. Қанша дүре 

соқса да, ол алған бетінен қайтпайды. 

Оның  лауазымды  қызметтерді  қабылдамауының 

бірнеше  себептері  барды.  Бірінші,  ол  мемлекетті 

басқаруда  әділетсіз  болған  үмәуйлерді  қолдағанда, 

халық арасында дау туатын еді. Екінші, үмәуйлердің 

басқару  жүйесі  мен  қоғамдық  тәртіптері  ислам 

ұстанымдарына қайшы болатын. Өйткені, жазықсыз 



q

q

45





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді