Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры ұЛЫҚ имам – имам ағзам әбу ханифа алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет19/24
Дата02.01.2022
өлшемі0.61 Mb.
#147472
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
Ұлық имам Абу Ханифа
Beyneleu- neri, (pdf) Тектік сарын (Джек Лондон)
ілімін  үйренеміз  деп  біраз  адамдар  жиналып  жүр» 

–  дейді.  Сонда  Имам  Ағзам:  «Олардың  арасында 

білімді  жетекшісі  бар  ма?»,  –деп  сұрайды.  Әлгі 

кісі  «Жоқ»,  –деп  жауап  береді.  Сонда  Әбу  Ханифа 




q

q

36



Имам Ағзам Әбу Ханифа

(р.а.): «Олай болса олар ешқашан фиқһ ілімін үйрене 



алмайды  немесе  қателеседі,  бірақ  қателіктерін 

өздері  білмейді.  Сөйтіп  өз  ойларын  дұрыс  санап, 

шындыққа қарсы шығады»,–деген екен [2, 38].

Әбу Ханифаның үкім шығаруда  

ақылға сүйенуі

  Әбу  Ханифа  (р.а.)  –  адамзатқа  мейірімі  мол 

ғұлама. Оның ұлағаттылығы ілімде ғана емес, қоғамға 

тән істерде де өз орнын тапқан. Құран және сүннет 

ілімінің  тереңінен  сусындағандықтан  оның  жемісті 

пәтуәлары қаншама?! Имам Ағзам пәтуаларына дәлел 

етіп  рауилар  тізбегі  үзілмеген  хадистерді  іріктеп 

алатын.  Имам  Ағзам  заманында  ғұламалар  –  «аһлі 



хадистер» және «аһлі райлар» болып  екі мектепке 

бөлінген  болатын.  Олардың  араларындағы  тартыс 

тек  жақсылық  мақсатында  еді.  Сондықтан  да  бұл 

екі мектеп өкілдерінің арасында ешқандай да реніш  

тумаған.  Басты  мақсаты  тек  қана  ислам  ақиқатын 

жетік  әрі  дәлдікпен  тура  баяндау  болғандықтан  кез 

келген  тартыс,  пікірталастары  өзара  құрмет  пен 

әдептілік  шегінен шықпайтын еді.

Әбу Ханифа өмірінің соңғы жылдарында аталмыш 

екі топтың өкілдері өзара пікірталасуларын тоқтатып, 

жалпы  мұсылмандарға  пайдасы  молынан  тиетін 

үкімдерге көздері жеткен соң келісе бастады. 

Имам  Ағзам  ижтиһад  ету  тәсілін  қысқаша:  Мен 

үкім  шығаруда  ең  алдымен  Құран  Кәрімді  бірінші 

орынға  қоямын.  Егерде  аталмыш  сұрағыма  Құран 

аяттарында анық жауап болмаса, Пайғамбарымыздың 

(с.ғ.с.)  сүннетінен  іздеймін.  Онда  да  мәселем 

шешілмесе, сахабалардың сөзіне жүгінемін. Мұндай 

жағдайда, сахабалардың ішінен өзім қалаған кісінің 



q

q

37



Имам Ағзам Әбу Ханифа

сөзін  аламын.  Қайсы  сахабаның  сөзін  қабылдау, 

қабылдамау өз еркімде, – деп баяндаған. 

Шындығында  Имам  Ағзам  Құран  Кәрім  мен 

Пайғамбарымыздың  сүннетінен,  сонымен  қатар 

сахабалардың  сөздерінен  таба  алмаған  мәселеде  өз 

ілімі  мен  ақылына  сүйеніп  шешуге  толық  құқылы 

мүжтаһид ғұлама еді.

Әбу Ханифа және шариғат заңы

Әбу  Ханифа  Құран  Кәрім  мен  пайғамбар 

сүннетінен кейін қияс (салыстыру тәсілі) және райды 

(негізгі дәлелдерді басшылыққа ала отырып ақылға 

жүгіну  тәсілі)  үкім  шығаруда  негізгі  өлшемдердің 

бірі ретінде қолданған. Ғұламаның бұл ижтиһад ету 

тәсілін жете түсінбеген кейбір ғалымдар оны тұрпайы 

деп  санады.  Сондай-ақ,  Әбу  Ханифа  Исламның 

көрнекті  мүжтаһид  ғалымы  бола  тұра  үкім  шығуда 

«Истихсан»  және  «урфты»  (әдеп-ғұрыптарды) 

дәлел  ретінде  қолданысқа  түсіруі  ғалымдардың 

таңданыстарын мұнан да күшейте түсті.

Әбу Ханифа ешбір өлшемді Құран мен пайғамбар 

сүннетінен жоғары қоймаған. Ол өзіне пікірі қайшы 

ғалымдарға:  Кімде-кім  бізді  Құран  мен  сүннет 

тәлімдерінен  қиясты  жоғары  қояды  деп  айыптаса, 

Алланың  атымен  ант  етемін,  ол  өтірікші  әрі  жала 

жабушы. Құран мен хадис тұрған жерде қай ғалым 

қиясқа жүгінбек?! Біз қиясқа салу тәсілін өте қажет 

жағдайда  ғана  қолданамыз.  Бір  мәселені  анықтауда 

Құран  мен  хадистен  дәлел  табылмағанда  ғана, 

аталмыш мәселені дәлелі бар мәселемен салыстыра 

отырып  шешеміз.  Біз  алдымен  дәлелді  Құраннан, 

сосын  Пайғамбарымыздың  (с.ғ.с.)  сүннетінен 

іздейміз. Олардан таба алмаған жағдайда сахабалар 




q

q

38



Имам Ағзам Әбу Ханифа

сөзіне  тоқталамыз.  Бұл  сұрақты  сахабалар  да 

талқыламаған  болса,  онда  мәселені  айқындау 

мақсатында  екі  мәселенің  ортақ  жерін  тауып,  бір 

үкімді  келесі  бір  мәселеге  салыстыра  отырып,  үкім 

шығарамыз, – деп жауап берген.

Әбу  Ханифа  қайтыс  болғаннан  кейін  ислам 

ғұламалары  және  олардың  көшбасшысы  Имам 

Шафиғи қиясты Имам Ағзам пікірі негізінде дамыта 

отырып,  оған:  оқиғаның  шешімі  Құран  Кәрім  және 

Пайғамбарымыздың  (с.ғ.с.)  сүннетінде,  сондай-ақ 

ижмағда да анықталмаған жағдайда шариғатта үкімі 

анық  мәселеге  ұқсас  үкімі  жоқ  мәселені  салыстыра 

отырып үкім шығаруды – қияс дейміз, – деп анықтама 

берген.

Ұстаз  Әбу  Заһра  Әбу  Ханифаның  ижтиһадын 

және  хадистерді  зерттеуде  ұстанған  бағытын,  өзі 

өмір  сүрген  ортада  көптеп  қияс  етуге  және  соның 

қорытындысына  қарап  бірнеше  бөлімдерге  бөлуге 

себеп болғанын:

Әбу Ханифаның ілім аясы ауқымды болғандықтан 

күнделікті  кездесіп  отырған  мәселелерді  талдаумен 

шектелмеді.  Бәлкім,  ол  келешекте  күн  тәртібіне 

қойылуы  мүмкін  және  күтіліп  отырған  мәселелерді 

де өз назарынан тыс қалдырмады, – деп түсіндірген.

Әбу  Ханифаның  шәкірті  имам  Әбу  Юсуф  өз 

ұстазы жайлы: Хадисті және ондағы фиқһқа қатысты 

жәйттерді  талдап  беруде  ұстазым  Әбу  Ханифадан 

білімдірек кісіні көрмедім, – дейді.

Әбу Ханифа мазһабының болмысы мен мазмұны 

адамдарға жеңілдік жасап беру сияқты ұлы мақсатта өз 

орнын тапқан. Ол кісі ешқашан кісілерге қиыншылық 

пен  машақатты  қаламады.  Мейлі,  ғибадат  немесе, 

тұрмыстық  қарым-қатынас  мәселесі  болсын  Әбу 

Ханифаның  еңбегі  үнемі  жұртшылық  назарында 



q

q

39



Имам Ағзам Әбу Ханифа

болды.  Мәселен,  Әбу  Ханифа  киімдегі  нәжісті  гүл 

немесе жүзім суымен тазалауға рұқсат деді. Сондай-

ақ,  түнде  құбыланы  таба  алмай  намаз  оқыған  кісі 

таң  атқан  соң  бұрыс  бағытқа  қарап  құлшылық 

еткенін  білсе  де  ғибадаты  дұрыс  болатындығын 

баса  айтқан.  Сонымен  қатар  ол  зекет  мәселесінің 

де  мұсылмандарға  оңай  болуын  қалаған.  Алтын 

мен  күміс  зекеті  мәселесінде  кедей-кепшіктердің 

мүддесін  қорғаған.  Қарыз  мөлшері  мал-мүлкіне 

пара-пар болып табылған кісіге зекет уәжіп еместігін 

айтқан.


Неке  мәселесінде  Әбу  Ханифа  бойжеткен 

қыздың тұрмысқа шығуы толығымен өз қалауынша 

болатынын және оның шешімін аға-інісі, тіпті, ата-

анасы  да  бұзуға  құқықтары  жоқтығын  көрсеткен. 

Тұрмысқа шыққалы тұрған қыздың өз неке рәсіміне 

қатысуына  болатындығы,  некеде  бір  ер  кісі  және 

екі  әйелдің  куәлігі  қабыл  болатындығы  және  әкесі 

зорлықпен  ұзатып  жатқан  қыз  күйеуге  шыққысы 

келмесе  немесе  жігітті  ұнатпаса  мұндай  неке 

шариғатқа сай еместігін нақты айтқан.

Әбу  Ханифаның  және  бір  артықшылығы 

экономикалық  мәселелерді  шешудегі  ерекше 

зеректігі.  Оның  бұл  қасиеті  экономикаға  қатысты 

ижтиһаттарында тайға таңба басқандай көзге көрініп 

тұрады.

Қараусыз жерлерді құнарландырып, егістік алқабы 

етуге шамасы жететін диқандарға жерді жеке меншік 

етіп беру, егістің басында өнімі жиналмай тұрып-ақ 

тұтынушыға сатуға рұқсат беру, жетімдердің дәулетін 

көбейту мақсатында қаржыны сауда-саттыққа салып 

пайдалануға  рұқсат  беру  жайлы  Әбу  Ханифаның 

ижтиһадтары жоғарыда айтылған пікірімізге дәлел.




q

q

40



Имам Ағзам Әбу Ханифа

Әбу Ханифаның шәкірттері

Әбу  Ханифаның  жолын  жалғастырып,  фиқһ 

мәселелерін  толықтырған  әрі  дамытқан  шәкірттері: 

Имам Зуфар ибн Һузайл(727–774), Имам Әбу Юсуф 

(730–798) және Имам Мұхаммед ибн Хасан (748–804) 

еді.  Олардың  қатарына  аты  белгілі  Яхъя  ибн  Саид 

әл-Қаттан, Абдулла ибн Мүбәрак, Уақиъ әл-Жәррах, 

Язид ибн Һәрун, Абдураззақ ибн Һәмман, Дәуд Таий 

секілді ғұламаларды қосуға болады.

1.Исфахан  қаласынан  шыққан  Имам  зуфар  ибн 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді