Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры ұЛЫҚ имам – имам ағзам әбу ханифа алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет13/24
Дата02.01.2022
өлшемі0.61 Mb.
#147472
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24
Байланысты:
Ұлық имам Абу Ханифа
Beyneleu- neri, (pdf) Тектік сарын (Джек Лондон)
жоламайтын, күмәнді нәрсеге де қол сұқпайтын, ол 

кісідей  өзіне,  біліміне  өте  сақ  адамды  көрмедім»,

деген.


Сәһл  ибн  Мадхим  (р.а.):  «Әбу  Ханифаның  (р.а.) 

үйіне кіріп едік, үйінен бұйрадан (қамыстан жасалған 

төсеніш) басқа ештеме көрмедік»,–дейді.

Мүжаллид  (р.а.):  «Мен  халифа  Һарун  әр–



Рашидтың (786–809) алдында отыр едім, ол жерге 

имам  Әбу  Юсуф  (р.а.)  келді.  Оған  халифа:  «Маған 

Әбу Ханифаның (р.а.) ахлағы (мінез-құлқы) туралы 

айтып беріңіз»,–деп өтініш жасады. 


q

q

22



Имам Ағзам Әбу Ханифа

Сонда  ол:  «Әбу  Ханифа  (р.а.)  шариғат  тыйым 



салған істерге жоламайтын, дүниеқорлықтан алыс, 

көбінесе үнсіз жүретін, әрдайым өз пікірін дәлелдей 

алатын, өз ойынан айнымайтын, бос сөз сөйлемейтін, 

сұралған мәселені білсе, нақты жауап беретін адам 

еді. Ей, мүминдердің әміршісі! Мен ол кісінің барлық 

нәрседен  өз  нәпсісін  тыя  алатындығын  көрдім, 

барлық  адам  туралы  жақсы  сөз  ғана  айтатын»,– 

дейді.  Сонда  Һарун  әр-Рашид  :  «Бұл  ұлылықтың 



белгісі»,–деген екен.

Фузайл ибн Ийаз (р.а.): «Әбу Ханифа (р.а.) фиқһ 



ғалымы,  тақуалығымен  ардақты,  келгендерге 

тапқанын  беретін  жомарт,  күндіз-түні  дәріс 

беруден жалықпайтын, түнді ғибадатпен өткізетін, 

аз сөзді, егер бір халал-харам мәселесі туралы айту 

керек болса, ақиқатына көз жеткізіп түсіндіретін»,

деген екен.

Қази  Шурак  (р.а.):  «Әбу  Ханифа  (р.а.)  фиқһты 

терең меңгерген, әр ісі көңілге қонымды, шәкірттерге 

білім  беруде  аса  шыдамды,  шәкірт  білім  алып 

болғанша  оған  жан–жақты  көмек  көрсететін 

адам  еді.  Шәкірті  оқуды  бітірсе,  оған:  «Сен  енді 

халал  мен  харамды,  дұрыс  пен  бұрысты  ажырата 

алатын,  таусылмас  үлкен  байлыққа  жеттің»,

дейтін.  Ұстаздары  мен  құрметті  адамдар  алдында 

көп сөйлемейтін»,–дейді.

Бірде  халифа  түсінде  Әзірейілді  көреді.  Одан: 



«Менің  қанша  өмірім  қалды»,–деп  сұрайды  ол. 

Періште  алақанын  ашып,  бес  саусағын  көрсетеді. 

Халифа  содан  қорқып  оянады.  Әбу  Ханифаны 

шақыртып, одан түсін жоруды сұрайды. Имам Ағзам 

оған: «Бес саусақ – Алладан басқа ешкім білмейтін бес 

ғайып нәрсе : 1) қияметтің қашан болатыны, 2) жауын, 

дауыл,  сел,  жел  сияқты  табиғат  құбылыстарының 



q

q

23



Имам Ағзам Әбу Ханифа

сыры,  3)  туылатын  нәрестенің  дүниеде  бақытты 

немесе бақытсыз, кедей немесе бай болуы, 4) ертең 

қандай  күн  туатыны.  Қасиетті  Құранның  ғайыпқа 

жататын  бес  нәрсесі  «Лұқман»  сүресінің  соңғы 

аятында айтылған 5 ғайыптың төртіншісі жайлы онда 



«Ешкім ертең не істеп, не табатынын білмейді (күнә 

мә, сауап па?)» делінеді. 5) адам баласының қашан 

және  қай  жерде  өлетінін  яғни  барлығы  құдіретті 

бір  Алла  ғана  білетін  нәрселер»,–деп  халифаны 

тыныштандырған екен [1, 45].

Имам  Зуфар  (р.а.):  «Мен  Әбу  Ханифамен  (р.а.) 

жиырма жылдай бірге болдым. Өмірімде ол кісіден 

артық  мейірімді,  жомарт  кісіні  көрмедім.  Құдай 

үшін өзін аямайтын, күні бойы біліммен шұғылданып, 

тағлым  беретін,  түрлі  мәселелелерді  талқылап 

жауабын  айтатын,  ғылыми  мәжілістерден  қолы 

босасымен сырқаттардың көңілін сұрауға баратын, 

жаназаға қатысатын немесе бір бейшараның қажеті 

үшін уақытын жұмсайтын немесе достарының хал-

жағдайын білетін. Ал, түнді ғибадаттармен, намаз, 

Құран  кәрім  оқумен  өткізетін.  Бұл  амалдарды 

дүниеден қайтқанша ұстанды»,–деп еске алады.

Абдулла  ибн  Мүбарәк  (р.а.):  «Имам  деген  атқа 



Әбу Ханифадан артық лайық кісі жоқ. Өйткені, ол 

өте тақуа ғалым еді. Ол көрегендігі, қабілеттілігі, 

парасаттылығы  арқасында  фиқһ  іліміне  жол 

салды», – десе, Қайс ибн Рабиъ (р.а.): «Әбу Ханифа 

(р.а.) Бағдатқа тауар жіберіп, оларды саттырып, 

ақшасына зат алдырып Куфаға жеткізетін, хадис 

ілімінің  қыр-сырын  зерттеп  жүрген  ғалымдарды 

қажетті  нәрселермен  қамтамасыз  ететін,  оларға 

азық-түлік, киім-кешек тарататын»,–дейді.

Қазақ жерінің орта ғасырлық дана перзенті имам 

Ағзам  туралы  арнайы  еңбек  жазған  Хафиз  ад-Дин 



q

q

24



Имам Ағзам Әбу Ханифа

Мұхаммед әл-Кердери (?-1424) ибн әл-Мүбарактың: 



«Куфаға  келген  соң  қала  тұрғындарынан  кімнің 

фиқһты  жақсы  білетіндігін  деп  сұрағанымда: 

Әбу  Ханифа»  деді  маған.  Сонан  соң  «Бұл  дүние 

қызығынан  ең  көбірек  баз  кешкен  кім?»  деген 

сұрағыма: «Әбу Ханифа деген жауап алдым» деген 

сөзін  келтіреді.  Сөйтіп  осындай  пікірлердің  бәрі 

жиылып Әбу Ханифаның бүкіл болмысын ашып тұр 

деп ойлаймыз [1,20].

Әбу Ханифа: адалдық пен жомарттық үлгісі

Ол  аса  жомарт,  кеңпейіл,  өте  адал  кісі  болатын. 

Көпшілік  оның  сауда-саттықтағы  сипатын  Әбу 

Бәкірге (р.а.) ұқсататын. Ол пайданы ойлап, өзгелердің 

аңғалдығын  пайдаланбайтын.  Өз  пайдасын  қалай 

қорғаса,  өзгелерді  де  солай  қорғайтын.  Кедейлерге 

мейлінше көмектесуге тырысатын.

Бірде  Әбу  Ханифа  Куфа  қаласындағы  дүкенінде 

сауда жасап тұрғанда бір әйел жібек көйлек әкеліп, 

Әбу  Ханифаға  көрсетіп,  сатпақ  ниетін  білдіреді. 

Әйел сөзін:

– Бағасы жүз дирһам,–деп бастайды. Әбу Ханифа 

оған: 


– Асықпаңыз! Бұның бағасы қымбат. Сіз аз сұрап 

тұрсыз,–дейді.

– Маған жүз де жетеді,–дейді әйел. 

–  Жүз  дирһам  аз,  көбірек  сұраңыз,–дейді  имам 

оған. 

– Сіз мені мазақ етіп тұрсыз ба? Ал, онда екі жүзге 



алыңыз – дейді әйел ренжіп.

– Жоқ, мазақ еткені несі. Сіздің ақ көңілдігіңізді 

пайдаланып,  көйлектің  өз  бағасынан  арзанға  сатып 

алатын  болсам,  ақыретте  Аллаға  не  деп  жауап 




q

q

25



Имам Ағзам Әбу Ханифа

беремін.  Сенбесеңіз,  білетін  біреуді  шақырып 

бағасын сұраңыз, – дейді Әбу Ханифа. 

Әйел  жөн  білетін  біреуді  шақырып,  көйлектің 

қанша  тұратынын  сұрайды.  Олар  көйлектің  «бес 

жүз  дирһам  тұратынын»  айтады.  Сөйтіп,  Әбу 

Ханифа  көйлекті  бес  жүзге  сатып  алатын  болады. 

Ақшасын  санап  жатқанда,  әйелдің  көзінен  жас 

шығып,  имамға:  «Сіз  маған  көп  көмектестіңіз. 



Бұл менің үйлену тойында киген көйлегім еді. Қазір 

қаражаттан  қысылып  жүрміз.  Бала-шағам  екі 

күннен  бері  ыстық  тамақ  ішкен  жоқ.  Сататын 

артық  нәрсеміз  де  қалмады.  Лажсыз  көйлегімді 

сатуға тура келді. Бұл ақша мүшкіл халімізді біраз 

жеңілдететін  болды.  Сізге  рахмет,  өміріңіз  ұзақ 

болғай»,–деп  ризашылық  білдіреді.  Әйел  мұңын 

түсінген  Әбу  Ханифа  бес  жүз  дирһамның  үстіне, 

сатып алған көйлекті де оған тарту етеді [4, 21; 3, 

222].


Бұл  хикая  кәсіпкерлікпен  айналысып  жүрген 

бауырларымызға  ғибрат  болса  деп  ойлаймыз. 

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) да: «Өтірік сөйлеген, біреуді 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді