«Ішкі мүшелер классификациясы» - Әльменбет Бақыт
- SHD FPSE 22-1
-
- Алматы, 2023
Кіріспе - Ішкі мүшелер туралы ілім спланхнология деп аталады. Ішкі мүшелер, сүйектермен, олардың байланыстарымен және бұлшықеттермен түзілген көкірек және құрсақ қуыстарында орналасқан. Қабырғалар, төс сүйек, омыртқа жотасының кеуде бөлігі, қабырға аралық жалғамдар, бұлшықеттер және көкет көкірек қуысын қалыптастырады. Омыртқа жотасының белдік бөлігі, құрсақтық қысымның бұлшықеттері және диафрагма көкет құрсақ қуысын түзеді және шетаралық бұлшықеттерімен бірге жамбас сүйектері астау қуысын береді. Ішкі мүшелер жоғарыда аталған қуыстарда және бас пен мойын аймақтарында орналаса тұрып өзара топографиялық түрде байланысқан. Топографиялық байланыстан басқа олардың қорыту және тыныс алу жолдары қиылысқан мүше болып табылады.
- Мүшелердің пішіндері, мөлшері және орналасу орны жағынан бір-бірінен айырмашылығы бар. Шығу тегі, құрылысы және атқаратын қызметі ұқсас мүшелерді мүшелер жүйесі дейді.
- Адам денесіндегі атқаратын қызметі бір-біріне байланысты мүшелер және мүшелер жүйесі бірігіп мүшелер жүйесін түзеді. Мысалы, тірек-қимыл, зәржыныстық, эндокриндік аппараттар бар.
Ішкі мүшелердің құрылысының жалпы принциптері. - Қуысты мүшелер көп қабатты қабырғадан тұрады.Оларда кілегейлі, кілегей асты бұлшықетті, сірлі немесе дәнекер ұлпалы қабықтан тұрады.
- Бұлшықетті қабық. Ол өзінің автоматизмімен ерекшеленетін жазық салалы бұлшықеттер тұрады. Бұл бұлшықет өзінің еңбекке жарамдылығы және созылғыштығымен ерекшеленеді.
- Ең сыртқы қабық – сір қабық немесе дәнекер ұлпалы,сыртынан мезотелий қаптап жатады. Ол мүшелерді әртүрлі жабады.
Мүшелер мен мүшелер жүйесі - Эндокриндік жүйе – арнайы заттардың (гормондар) көмегімен ағзадағы барлық процестерді реттейді. Мүшелер қызметінің гормондар арқылы реттелуін гуморальдық реттелу дейді.
- Жүйке жүйесі – барлық мүшелер мен мүшелер жүйесін біртұтас етіп біріктіріп, олардың жұмысын реттейді.
- Сезім мүшелері (сенсорлық жүйе) – сыртқы ортадан тітіркендіруді қабылдайды әрі оған жауап қайтарады.
- Тірек-қимыл жүйесіне (аппараты) бұлшықеттер мен қаңқа жатады. Олар тіректік, қозғалыстық және қорғаныштық қызмет атқарады.
- Жүрек-қантамырлар жүйесі – жүрек пен қантамырлар ағзада қанайналымды қамтамасыз етеді.
- Тынысалу жүйесі тынысалу мүшелері (мұрын қуысы, жұтқыншақ, көмекей, кеңірдек, бронхылар, өкпе) қан мен қоршаған орта арасындағы газалмасуға қатысады.
- Асқорыту жүйесі – ағзада тағамның қорытылуы мен сіңірілуін қамтамасыз ететін асқорыту мүшелерінің жиынтығы.
- Зәр шығару жүйесі – зат алмасудың нәтижесінде ағзада түзілген (тұз, несеп) өнімдерді ағзадан сыртқа шығарады.
- Жыныс жүйесі – ағзаның артына ұрпақ қалдырып, тіршілігін жалғастыруды қамтамасыз етеді.
Әдебиеттер: - А.А Идрисов.Адам анатомиясы : Атлас Т.1. : Тірек-қимыл жүйесі(сүйектер, буындар, бұлшықеттер 2005
- А. Б. Аубакиров А. А. Идрисов. - Астана : Адам анатомиясы : Атлас Т.2. : Ішкі мүшелер жүйесі және эндокринді бездер.2008
- Адам анатомиясы. Атлас : тірек-қимыл жүйесі (сүйектер, буындар, бұлшықеттер) / Ә. Б. Әубәкіров, Ф. М. Сүлейменова. - Астана : Сарыарқа
- 1 том. – 2011
- Адам анатомиясы : Окулық / А.Р. Рақышев. - Алматы. - ISSN 5-7404-0100-Х
- Т.1. - түзетілген және толықтырылған 2-ші бас. - 2004, 2009.
- Рақышев, А.Р. Адам анатомиясы Т.2- 2004
- Әубәкіров Ә. Б. Идрисов А. А. Адам анатомиясы : Атлас / [et al.] ; ред.. - Астана : Фолиант Т.2. : Ішкі ағзалар жұйесі және эндокринді бездер. - 2008, 2010
Достарыңызбен бөлісу: |