Ересек адамдар да ауырады, оларда эшерихиоз, тырысқақ немесе шигеллез түрінде жүруі мүмкін. Сонымен қатар, E.coli тағамдық токсикоинфекцияның себепкері болуы мүмкін. Таксономиясы. E.сoli - Enterobacteriaceae тұқымдастығының, Gracilicutes бөліміне жататын, Escherichia тобының негізгі өкілі. - Морфологиялық және тинкториалдық қасиеттері. E.сoli екі шеттері жұмырланған, ұсақ, грам теріс таяқшалар, жағындыда бейберекет орналасқан, спора түзбейді, кейбір штамдары микрокапсулаға ие, перитрихтар; талшықтардан басқа, кейде пили (кірпікшелер) анықталады
- Дақылды өсіру.
Ішек таяқшасы – факультативті анаэроб, қоректік ортаға талғамсыз, 37ºС-та және рН 7,2-7,4 болатын қарапайым қоректік орталарда жақсы өседі, сұйық ортада диффузды лайлану түрінде өседі және тығыз қоректік орталарда түссіз колониялар түзеді. Эшерихиоз диагноз қою үшін Эндо, Левин және т.б. дифференциалдыдиагностикалық орталар кең қолданылады Ферменттік белсенділігі. - Ферменттік белсенділігі.
Достарыңызбен бөлісу: |