- Клиникалық белгілері.
- Жасырын кезеңі 1 күннен 5 күнге дейін созылады. Ауру дене температурасының 38-39ºС-қа дейін жедел көтерілуінен басталады, іш ауыруы мен іш өту пайда болады. Нәжісте қан мен шырыш қоспалары анықталады. Әсіресе ГригорьевШиг варианты қоздыратын шигеллез аса ауыр түрде жүреді.
- Иммунитеті.
- Аурудан кейін пайда болған иммунитет түрлік қана емес, сонымен қатар вариантты спецификалық болып келеді. Ол ұзаққа созылмайды және тұрақсыз. Көп жағдайда ауру созылмалы түрге өтеді.
- Микробиологиялық диагностикасы.
- Зерттелетін материал ретінде науқастың нәжісін алады. Диагноз қоюдың негізі -бактериологиялық әдіс болып табылады. Қоздырғышты идентификациялайды, оның антибиотиктерге сезімталдығын анықтайды және түрішілік идентификациясын (биохимиялық, серологиялық немесе колициногендік варианттарын анықтау) жүргізеді. Зерттеу материалын құрамында лактозасы бар дифференциалды-диагностикалық қоректік орталарға егеді.
Достарыңызбен бөлісу: |