«АЛКЕНДЕР» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША МИНИ ЖОБА
CASE STUDY «Көмірсутектің сапалық құрамын эксперимент арқылы анықтау »
Оқушыларды оқып-үйретуге арналған кейс алкендердің физикалық-химиялық қасиеттерін оларды танып білуде қолдану міндетін көздейді.
Оқушылардың алкендер тарауы бойынша теориялық білімдерін күнделікті жағдайларда туындайтын мәселерді шешуде пайдалана отырып, олардың тәжірибелік біліктерін қалыптастыру, өз-іс әрекеттерін бағалай білуге дағыдыландыру.
Ерден машина жөндеу барысында кенеттен машина майын төгіп алды, машина майының дағын кетіру үшін органикалық еріткіш керек болды. Реактивтер тұрған сөреде этикеткасында атауы көрінбей қалған, түссіз,сұйық зат, (Плотность - 0,6548 г/см³, Температура плавления: -95° C, Температура кипения: 68° C.) мәліметтер көрсетілген,өрт қауптілігі белгісімен сипатталған зат тұрды. Айгүл бұл затты қолдану керек пе жоқпа деп ойланып қалды. Мәселені қалай шешуге болады.
Ситуацияны шешу үшін келесі сұрақтарды қарастыр:
Бұл жағдайда ең алдымен қандай алғашқы қауіпсіздік ережесі орындалады??
Құрылымында кем дегенде бір қос байланыс бар қанықпаған көмірсутектер екенін қалай біледі??
Көміртегі бар алкендердің этеннен бутанға дейін газдар болып табылатынын білесің бе?
Алкен немесе басқадай қанықпаған көмірсутек екендігін қалай білуге болады?
Заттың физикалық константалары арқылы затты анықтаудың мүмкіндігі бар ма?
Алынған зат қайда қолданылады?
Оқытушының әдістемелік нұсқауы:
Кейсті шағын топқа беру керек. Кейс тапсырмасын орындауда дәлелдеме ретінде пайдаланылған әдебиеттерге сілтеме жасалу керек, анықталатын зат есептеулер,немесе анықтамадағы мәліметтер тұрғысынан дәлелденуі керек. Тапсырма А-4 парағында орындалады. Кейсті ______ күні сағат 1200, қорғайды.
Қорғауға ұсынылады:
- Сұрақтар бойынша жинақталған ақпараттар презентация түрінде берілу керек.
- Затты анықтаудың сызба нұсқасы
-Анықталған зат тың физикалық-химиялық қасиеті, қолданылуы туралы видео материал, немесе презентация
Кейс тапсыру мерзімі-3 аптада, жұма күні сағ15.00.
Химия оқулығы, 11- сынып. «Қаныққан көмірсутектер» тақырыбы
Анықтама
Смолина Т.А. и др. Практические работы по орг.химии 59-67 бет
Петров А.А., Бальян Х.В., Трощенко А.Т. Органикалық химия. –Алматы, 1975
http.//www.casemetxod.ru
Достарыңызбен бөлісу: |