Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарында қолдану
Эрметова З. Ш. – 1507-10а тобының студенті
Ходжанова К. К. – 1507-10а тобының студенті
Ғылыми жетекші: Қозыкеева Р. – х.ғ.к, доцент
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент
Резюме: В этой статье рассматривается использование интерактивных методов в высшем образовании.
Resume: This article discusses the use of interactive methods in higher education.
Оқу құралында соңғы жылдары әдістемемізге еніп жатқан жаңа әдіс-тәсілдер мен жаттығулар, рефлексия мен кері байланыс, тренингтер мен ойсергектер, ойындар жинақталған.
Әдістемелік оқу құралы мұғалімдер, тренерлер және тәрбиешілерге ұсынылады.
Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы басты міндеттерінің бірі – білім алушыларға бағыт-бағдар беру. Білім беру орталықтарында оқыту үрдісін жақсартуға арналған жаңа технологиялар енгізілуде. Жаңа инновациялық әдіс тәсілдердің мақсаты оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге бағыттайды.
Химия-биология білім беру бағдарламасына сәйкес 2 курс студенттеріне Аналитикалық химия пәнінен «Тотығу-тотықсыздану реакциялары» тақырыбына арналған семинар сабақ өткізілді. Сабақтың негізгі мақсаты – тотығу-тотықсыздану реакцияларын толық меңгеріп, иондарды анықтау тәсілдерін талдауда оқытудың әртүрлі әдістемелерін қолдану.
Сабақ барысында алдымен студенттер топқа бөлініп, сабақ презентация және бейнероликтер [1] арқылы түсіндірілді. INSERT- әдісі «Түртіп алу жүйесі» және «Тілші» әдісі арқылы тақырып толық талқыланып, студенттер өзара пікір алмасу арқылы бір-бірін толықтырды. Одан әрі тақырыпты тереңірек түсініп әрі сабақты қызықты өткізу мақсатында сәйкестендіру, артықты тап, puzzle ойындары ойнатылды. Тақырып бойынша есептер шығарылып, Kahoot программасы арқылы оқушыларға тест сұрақтары берілді. Сабақ соңында кері байланыс мақсатында “Бағдаршам” әдісі қолданылды.
Кесте 1. Оқытудың кейбір тәсілдерін қолданғанда мәліметтің 24 сағат ішінде есте сақталуы [2] (А. Маслоудың идеялары бойынша Н.Сандерстің кестесі)
Достарыңызбен бөлісу: |