Интеллектуалды жүйелер адамдардан ақылды бола ала ма?

Loading...


Дата20.03.2020
өлшемі19.15 Kb.
Интеллектуалды жүйелер адамдардан ақылды бола ала ма?
Кілемді сыпырып әуре болмаймыз, шаңсорғыш немесе роботтар бар. Кір жуып та күш жұмсамаймыз, автомат машиналар ойлап табылды, тіпті ыдыс жууға да уақыт қажет емес, арнайы машиналардың көмегіне жүгінеміз. Күн өткен сайын адамның өмір сүруін жеңілдететін дүниелер пайда болып жатыр. Ақылды технологиялар, роботтар деп атаймыз. Жаһандану заманында ілгері қадам басып, даму сатысына көтерілгеніміз жөн-
ақ. Түптеп келгенде адамның өмірін жеңілдететін дүниелер адамның өзіне қарсы әрекет жасап жатқан секілді. Бойымызда жалқаулық, еріншектік басым соның әсерінен, ықпалынан. Жасанды интеллектке сеніп, сырттай тамашалап қана отырамыз. Миымызды жұмыс істеткіміз келмейді. Оған ауыртпашылық түскенін қаламаймыз. Әрине, осы тың дүниелерді ойлап тапқан жандар үнемі ізденіс үстінде жүреді, тарихты жаңартып, әлемнің дамуына да ықпал етуде. Ғылымның әр саласы қазір роботтардың көмегіне жүгінеді.

Төртінші билік өкілдеріне де жетті заманауи технологиялар дәуірі. Аспан асты елі тележүргізуші роботты ойлап тауыпты. Синьхуа агенттігінде ағылшын тілінде хабар тарататын диктор -роботты диктор -адамнан ажырату қиын. Кімнің жасанды екенін түсінбей де қаласың. Әлемді бір хабар арқылы бағындыратын бақ өкілдерінің орнын бір ғана робот басып отыр. Қарапайым халық жасанды интелект иесінің сөзіне сеніп, бағынады ендігі. Ғалымдардың айтуынша бұл тек қана бастамасы. Әлі бұл тележүргізушілердің қатары көбейеді. Тиімді,әрине. Ай сайын жалақысын күтіп жүрмейді, демалыссыз, 24сағат үзбей жұмыс жасайды. Елімізде журналист мамандарының мүлдем қажеті жоқ, жоо пән, ғылым ретінде алып тастау қажет дегенде шошып едік,ендігі уайым бірнеше жылдардан кейін жұмыссыз қалып қоймасақ екен. Адамдар емес, роботтар билейтін заманнан қорқатын секілдіміз. Қазіргі күннің өзінде шынайы дүниелер азайып бара жатыр, жасандылықтың арбауына түсіп, өзімізде робот болып кетпесек игі еді.

Интеллектуалды жүйелер, жасанды интеллект - үшінші мыңжылдықтың басты қорқынышына айналып отыр. Іс жүзінде жаһандық ауқымда алгоритмдерді әзірлеу және енгізу барлығымыздың назарымызды аудартып, технологияның бізге артар жүгі де ауырлап барады.

Жасанды интеллекттің қарқынды дамуы қазіргі таңда бүкіл қоғамды алаңдатуда: "Роботтар менің жұмысымды алып алса не болады?". Бұндай ойлардың ауқымдылығы дәл қазіргідей көрініс тапқан емес. Бұл өткір мәселені жаһандық ұйымдарда, Давос деңгейіндегі форумдарда талқылауда, және де дәл осы тақырып Дүниежүзілік Банктің 2019 жылғы әлемдік даму туралы баяндамасында да баяндалды

"Роботтар дамыған аналитикалық дағдыларды, тұлғааралық қарым — қатынас дағдыларын немесе қолмен жұмыс істеу дағдысын талап ететін міндеттерді орындаумен айналысатын адамдардың жұмысын толықтыра алады. Мысалы: командада жұмыс істеу дағдысы, клиенттермен және серіктестермен өзара қарым-қатынас жасау, қызметкерлерді басқару және балалар мен науқастарды күту. Мұндай жұмыс барысында адамдар бір-бірімен өзара іс-қимыл жасауға тура келеді".

Қазіргі таңда әлем үшін бірінші орында адами өзара іс-қимыл, ал роботтар тек қана көмекші құрал рөлін атқарады. Яғни, бұл дегеніміз жасанды интеллект адамдардан ақылды бола алмайды деген сөз. Қарапайым ғана мысал: сол роботтардың өзін адамдар жасайды, арнайы мамандар компьютерлік жүйелер арқылы ғылымның дамуына үлес қосуда. Жаһандық ауқымда технологияландыру адамзатқа жаппай қауіп төндірмейді және адам еңбегін жедел ауыстыра алмайды.

Автоматтандыру, роботтандыру, жасанды интеллект бірте-бірте адамды ауыр еңбектен босатып, оларға жаңа жұмыс орындарын құруда. Жасанды интеллектің жемісін әр түрлі салаларда еңбек етіп жүрген мамандар көріп жүр.

Марвин Минский айтып кеткендей, адамның ойлау қабілеті – қоғамның ақылы іспеттес. Біздің ойлау жүйеміз – толықтай экожүйені құрайды. Біздіңм миымыз ойлау функцияларын атқаруға қабілетті: дедукция, индукция, эмоционалды интеллект, абстрактілі және кеңістіктегі ойлау жүйесі, қысқа мерзімге және ұзақ мерзімге жететін есте сақтау қабілеті. Жасанды интеллект жұмысы осыған ұқсас болып келеді. Кейбір салаларда интеллектуалды жүйелердің адамдардан ақылды бола алатыны рас. Кез-келген есептеуіш машинаны қолыңызға алсаңыз, жылдамдығы бойынша математиканың данышпанынан да озып түседі. Ал гугл ақпаратты іздеу жүйесі кішкене ғана микрофлешкада барлық ақпаратты сақтап, жинап, таратуға қабілетті.

Кейбір жасанды интеллект иелерінің ойлауы да біздікінен әлдеқайда жақсы екендігін еріксіз мойындаймыз. Алты миллиард веб парақшаларда жазылған әр сөзді есте сақтау – адам баласы үшін мүмкін емес жағдай болуы мүмкін, ал жасанды инттелект мұны жасауға қабілетті. Алайда, бұның барлығы адам қиялының нәтижесі екенін ұмытпаған жөн. Робот өзі роботты ойлап тапса, міне, прогресс, сенсация. Ал, кез келген дүние – адам ақылының, ойының жемісі болғандықтан, интеллектуалды жүйелер адамдардан ақылды бола алмайды. Қарапайым ғана мысал: сезіну қабілеті адамдарға ғана тиесілі, ал, жасанды интеллект иелерінде тіпті сезіну мүшелері іске қосылмаған.

Ұшатын аппараттарды ойлап табушы ғалымдар құстарға қарап шабыттанатын. Осылайша шабытының арқасында құстың моделін темірден жасап, ұшырады. Яғни, тірі азға, тіршілік иесі келесі бір тіршілік иесін шедевр жасауға итермелеп отыр. Адамның қиялына шек жоқ сондықтан. Ал, жасанды интеллект тек бұйрықтың арқасында, өзіне орнатылған алгоритм арқылы ғана адамнан мықты болуы мүмкін. Жер бетінен адамдар жоғалып кетіп, тек жасанды интеллект, компьютерлер, роботттар ғана қалатын болса,көп ұзамай техника істен шығып, жазатын, емдейтін адамға зәру болады. Ал, адамның ойлау қабілетінің арқасында жасанды интеллект көмегінсіз-ақ өзіңе қолайлы ортаны жасап алып, өмір сүруге болады. Әрине, уақыт, жылдамдық, жеделділік. Осыған қарап талдайтын болсақ, жасанды интелекттің ойлауы бізден асып түсетіні белгілі. Алайда, түптің түбінде адамның қолдауы, демеуі, ойлауы болмаса, жасанды интеллект жасанды интеллект болмас еді. Сынған техниканы жөндейтін де адам емес пе!



Арайлым Мұрат

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
ызмет регламенті
республикасы білім
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
бойынша жиынты
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дебиеті маманды
дістемелік материалдар
дістемелік сыныстар
Мектепке дейінгі
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
мектепке дейінгі
білім беруді
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
мелетке толма
разрядты спортшы
ызметтер стандарттарын
дістемелік кешен
директоры бдиев
аласы кіміні

Loading...