"Инфекция" және "жұпалы ауру" терминдерінің мәнісі бірдей емес. Инфекциялық процесс жұқпалы аурулардың негізін құрайды. Инфекциялық процестен айырмашылығы сол, жұқпалы ауруды, әр кезде зертханалық әдіспен анықталатын және немесе микробтардың, олардың токсиндерінің әсерінен әр түрлі дәрежеде гомеостаздың бұзылуымен сипатталатын осы макроорганизмнің айқын клиникалық көрініс беретін жағдайы деп түсіну қажет. Ауру кезінде патологиялық, морфологиялық субстрат қалыптасып, макроорганизмнін функциясы бұзылған жағдайда ғана жұқпалы ауру туралы сөз айтылады. - Адамдардың, жануарлардың немесе өсімдіктердің макроорганизмі үшін патогенділік дәрежесіне қарай барлық микробтарды үш топқа бөледі:
- 1. патогенді,
- 2. сапрофитті
- 3. шартты-патогенділер.
- Патогенділер (грек: раthos азап шегу, зиян шегу; genis - туылу) - бүл адамдардың, жануарлар мен өсімдіктердің жұқпалы ауруларының қоздырғыштары. Эволюция барысында патогенді микробтарды- адаптациялануының тереңдегені сонша, олар белгілі бір уақытта макроорганизмнен тыс жағдайда бола алатынына қарамастан, макроорганизмде тіршілік етуі микробтың биологиялык түр ретінде сакталуына қажетті шарт болып табылады. Осыған орай, олар үшін ауру- бұл эволюция барысында макроорганизммен симбиоздық қатынас қалыптасуының нәтижесі болып табылады.
Сапрофиттер (грек: sapros - шіріген, phyton - өсімдік) немесе патогенсіздер - бұл өсімдіктердің және жануарлардың өлі тіндерімен немесе олардың тіршілік ету кезіндегі өнімдерімен қоректенетін микробтар. Әрбір түрлердің қоректік субстраттарға талғамдылық дәрежесі әртүрлі болады. Олар макроорганизмге байланысты емес, оларға тек қана дайын органикалық заттар қажет. - Сапрофиттер (грек: sapros - шіріген, phyton - өсімдік) немесе патогенсіздер - бұл өсімдіктердің және жануарлардың өлі тіндерімен немесе олардың тіршілік ету кезіндегі өнімдерімен қоректенетін микробтар. Әрбір түрлердің қоректік субстраттарға талғамдылық дәрежесі әртүрлі болады. Олар макроорганизмге байланысты емес, оларға тек қана дайын органикалық заттар қажет.
- Кейбір микробтар, мысалы, күйдіргі және сіреспе қоздырғыштары топырақта сапрофиттер ретінде тіршілік етеді. Метаболиттер көзі және тіршілік ету ортасы ретінде пайдалану үшін макроорганизмге енгеннен кейін олардың патогенділігі көріне бастайды.
Достарыңызбен бөлісу: |