Ііі. Саяси институттар. 1 Мемлекет және азаматтық қоғам



бет4/4
Дата18.11.2021
өлшемі169.47 Kb.
1   2   3   4
Құқықтық мемлекеттің негізгі принциптері:

заңның жоғарлылығы, қоғамдық өмірдің барлық саласында заңның үстемдігі;

 заңдардың құқықтық сипаты, яғни олардың халықаралық құқықтық стандартқа (нормаларға) сәйкес келуі;

 азаматтардың құқығы мен бостандықтарының шын мәнінде жүзеге асырылуы және адамның еркін дамуы;

 мемлекет және жеке адамның өзара жауаптылығы;

 биліктің заң шығарушы, атқарушы, сот тармақтарына бөлінуі, бұл қайсы бір органның билікке монополиясына жол бермейді;

 заңның орындалуын қадағалайтын бақылау мен қадағалаудың нәтиежелі формаларының болуы.

Азаматтық қоғам. Құқықтық мемлекеттің қалыптасуы дамыған азаматтық қоғам негізінде ғана мүмкін болады. «Азаматтық қоғам» деген түсінікте мемлекетке қарағанда әлеуметтік өмірдің бір саласы – азаматардың жеке өмір саласы бейнеленеді. Азаматтық қоғам – бұл, адамдардың бір-бірімен дербес әрекет жасайтын, адамдардың мемлекетпен қатынасы автономиялы болатын әлеуметтік өмірдің бір саласы. Мемлекетте вертикаль қатынастар мен сатылы байланыстар үстем болса, ал азаматтық қоғамда горизанталь байланыстар – заңдық жағынан еркін, тең әріптестердің бәсекелік және ынтымақтастық қатынастары үстем болады.

Кез келген қоғам азаматтардан тұрады. Алайда мемлекетке дейінгі, өркениетті емес (рулық) қоғамды азаматтық деуге болмайды, себебі ол қоғам тұрпайы, дамымаған еді және онда «азамат», «азаматтық» деген ұғымдар болмады. Құлиеленушілік және феодалдық қоғамдар да азаматтық қоғам емес еді, ол қоғамдарда барлық азаматтар еркін және тең құқықты болған жоқ.

Азаматтық институты буржуазиялық дәуірде пайда болып, саяси-құқықтық жағынан мойындалды. Алайда бұл мәселенің сыртқы, формальды жағы ғана.

«Азаматтық қоғам» әдебиеттерде ерекше мазмұнға ие болды, қазіргі заманғы түсінік бойынша, бұл – қоғамның белгілі бір типі, жағдайы, сонымен бірге оның әлеуметтік-экономикалық, саяси және құқықтық табиғатын, даму дәрежесін, жетілгендігін білдіреді. Бұл – әлеуметтік қоғамдастықтың жоғарғы сатысы, оның жетілуінің, ақыл-ойға сүйенетіндігінің, әділеттілігінің өлшемі.

Азаматтары бар барлық қоғам, азаматтық қоғам емес. Құқығы бар кез келген мемлекет – құқықтық мемлекет емес. Мысалы, кеңес қоғамы ешқашан да құқықтық немесе азаматтық болған емес.

Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет бір-бірін логикалық жағынан толықтырып отырады, бір-бірінсіз өмір сүре алмайды.

Азаматтық қоғам идеясының генезисі ұзақ даму жолынан өтті. Бұл идея Аристотельдің «Саясат», Платонның «Мемлекет» т.б. грек ойшылдарының еңбектерінен бастау алады. Ол Қайта өрлеу дәуірінде Г.Гроций, Т.Гоббс, Дж.Локк, Ш.Монтескье, Ж.Ж.Руссо еңбектерінде дамытылып, «азаматтық қоғам» термині XVIII ғасырдан бастап тұрақты қолданыла бастады. Бұған дейін ғылыми ойда мемлекет пен қоғам бірыңғай тұтас нәрсе ретінде бірге қарастырылды.

Азаматтық қоғам деп қатынастардың ерекше саласын ең алдымен, мүліктік, рыноктық, семьялық, өнегелілік қатынастар саласы түсініле бастады, олар мемлекетке тәуелсіз болуы тиіс. Азаматтық қоғамға ресми, мемлекеттік институттардан басқа олардың бақылауына ұшырамайтын азаматардың өмір сүруі әдісі жатқызылады.

Мәселе мемлекеттік биліктің «азаматтық істерге», адамдардың жеке өміріне араласпауы туралы болып отыр. Мемлекет «түнгі сақшы» қызметін ғана атқаруы тиіс. Азаматтық қоғам деп ресми билікпен теңестірілмеген рыноктық қатынастар, іс-әрекеттердің басқа да формалары түсініледі.



Азаматтық қоғам деп мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани қоғамдық қатынастар жиынтығын айтады. Ол жеке тұлғаның емін-еркін дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды.

Азаматтық қоғамның жалпы идеялары, принциптері:

 экономикалық еркіндік, меншіктің түрлі формалары, рыноктық қатынастар;

 адам және азаматтардың табиғи құқықтарын сөзсіз мойындау және қорғау;

 биліктің легитимдігі және демократиялық сипаты;

 азаматтардың барлығының заң алдында және құқығы жағынан теңдігі;

 биліктің бөлінуіне негізделген құқықтық мемлекеттің болуы;

 саяси және идеологиялық плюрализм, жария оппозицияның болуы;

 сөз, баспасөз бостандығы, БАҚ-ның тәуелсіздігі;

 мемлекеттің жеке адамдардың өміріне араласпауы;

таптық келісім, әріптестік, ұлттық келісім;

 нәтижелі әлеуметтік саясат, ол адамдарға дұрыс өмір сүруге жағдай жасайды.

Азаматтық қоғам мемлекеттік-саяси емес, негізінен адамдардың әлеуметтік-экономикалық, жеке өмір сүру әрекеттері, олардың арасындағы қатынастар. Бұл еркін демократиялық құқықтық өркениетті қоғам, онда жеке билік режиміне, басқарудың волюнтаристік әдістеріне, таптық жек- көрушілікке, тоталитаризмге, адамдарға зорлық-зомбылыққа жол жоқ, заң мен мораль, гуманизм мен әділеттілік принциптері құрметтелетін қоғам.

Мемлекеттің реттеушілік ролінің мөлшері өте аз: құқықтық тәртіпті қорғау, қылмыспен күрес, жеке адамның жан-жақты кедергісіз дамуына, іс-әрекетіне жағдай жасау, яғни мемлекет «жалпы істерді жүргізу» функциясын жүзеге асыруы тиіс.

Азаматтық қоғамда азаматтардың мемлекет алдындағы міндеттері заңға бағыну және салық төлеу болып табылады. Сонымен бірге кейбір жағдайларда азаматтардың басқа да міндеттері пайда болуы мүмкін, бірақ оларда вертикаль емес, горизанталь байланыстар үстем болуы тиіс.

Азаматтық қоғам азамат және оның бостандығынан басталады. Азаматтық қоғам – ашық, демократиялы, антитоталитарлық, өздігінен дамитын қоғам, онда басты мәселе – адам, азамат, тұлға болып табылады. Азаматтық қоғамның фундаменттік құндылықтарына – отбасы, жеке меншік, жеке адам, бостандық, құқық, руханилық, тәртіп, мемлекеттік жатады. Жеке меншік – жеке адамның және бүкіл қоғамның бостандығының алғы шарты болып табылады. Азаматтық қоғамның ерекше белгісі: онда орта таптың болуы. Азаматтық қоғам мемлекеттен тыс әлеуметтік сала болып табылады. Азаматтық қоғамның құрылымына:

 отбасылық – туыстық, этникалық, діни және моральдық қатынастар, сонымен бірге мемлекеттің қатысуынсыз партиялар мен қоғамдық қозғалыстар арасындағы қатынастар жатады;

 әлеуметтік институттар: отбасы, шіркеу, мемлекеттік емес БАҚ-ы, мәдени, діни, спорттық ассоциациялар, партиялар, жергілікті қоғамдық өзін-өзі басқару органдары, кәсіподақтар, сауда палаталары, кәсіпкерлер одақтары кіреді.

Қазақстанда азаматтық қоғамның қалыптасуы өзгеше жағдайда өтіп отыр. Кеңестік кезеңде қоғам өмірі барынша мемлекеттендірілген болатын. Ол жүйе күйрегеннен кейін азаматтық қоғамға өтуге «жоғарыдан» мемлекеттің өзі ұйтқы болып отыр. Халықтың сана-сезімі, жүріс-тұрысы әлі ондай деңгейге көтеріле қойған жоқ. Сондықтан біраз уақытқа дейін, белгілі бір сапалық деңгейге қол жеткізгенше бұл процеске мемлекеттің елеулі ықпалы болмақ.



Еліміздің 1995 жылғы Конституциясы Қазақстанда әлеуметтік бағдарды нарық экономикасы мен жеке адамның автономиясын тұрақты қалыптастыру үшін оған қажетті құқықтық жағдайлардың негізін қалады. Оған тең дәрежеде танылатын және қорғалатын мемлекеттік меншік пен жеке меншікті, адам және азамат құқықтарының кең ауқымды және біртұтас кешенін; отбасын, ана мен әке және баланы мемлекеттің қорғауын; идеологиялық және саяси әр алуандықты және тағы басқа да жаңа Конституцияда бекітілген қазақстандық азаматтық қоғамды ерікті дамытудың алғы шарттарын жатқызуға болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
тоқсан бойынша
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
бағалауға арналған
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жиынтық бағалауға
Әдістемелік кешені
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
республикасы білім
арналған тапсырмалар
туралы хабарландыру
білім беретін
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Жұмыс бағдарламасы
Қазақ әдебиеті
болып табылады
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
бағдарламасына сәйкес
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
мамандығына арналған
туралы анықтама
оқыту әдістемесі
қойылатын жалпы
әдістемелік ұсыныстар
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
республикасының білім
жалпы білім
мемлекеттік әкімшілік
білім берудің
қазақ тілінде