Ііі. Саяси институттар. 1 Мемлекет және азаматтық қоғам


Мемлекет функциясының классификациясы. Мемлекеттің түрлері



бет2/4
Дата18.11.2021
өлшемі52.64 Kb.
1   2   3   4
2. Мемлекет функциясының классификациясы. Мемлекеттің түрлері. Саяси жүйедегі мемлекеттің орны мен ролі оның функцияларынан (6-схема) көрінеді. Оларды ішкі және сыртқы деп бөледі.

Ішкі функцияларына (қызметтеріне) мыналар жатады:

экономикалық функциясы - өмір сүріп тұрған өндіріс әдісін қорғау, рынок субъектілері арасындағы өзара қатынастарды құқықтық механизмдер арқылы реттеу, экономиканы тұрақтандыру және экономикалық өсуді ынталандыру, «табиғи монополияларды» (байланыс, энергетика) реттеу. Экономикалық салаға мемлекеттің араласуы туралы мәселе қазіргі заманғы теория мен тәжірибенің күрделі мәселелерінің бірі. Бір жағынан, мемлекеттің экономикаға тікелей директивалық (нұсқау беру) араласуының негізсіздігін өмір тәжірибесі көрсетті (КСРО тәжірибесі). Екінші жағынан – еркін рыноктың стихиялығы мен алдын ала болжауға мүмкін еместігі қоғам үшін қауіпті. Қазіргі заманғы мемлекет экономикалық тетіктерді (салықтар, жеңілдіктер, несиелер) пайдалануы қажет;

әлеуметтік функциясыадамдардың еңбекке, тұрғын үйге деген қажеттілігін қамтамасыз етеді, денсаулық сақтау ісін жақсарту, әлеуметтік жағынан қорғалмаған топтарға (жастар, пенсионерлер, жұмыссыздар, жетімдер, мүгедектер, көп балалы отбасылар т.б.) әлеуметтік кепілдіктер беруді ұйымдастырады. Мемлекет осы функциясы арқылы рыноктың бәсекенің жағымсыз салдарларын, кірістердегі теңсіздікті реттейді;

құқықтық – заң мен құқықты қамтамасыз етеді;

саяси – саяси тұрақтылықты қамтамасыз етеді, саяси бағытты белгілейді;

білім беру және мәдени-тәрбиелік халыққа білім беу және оқу-ағарту ісін, ғылымды дамыту, тұрғындардың мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жағдайлар жасайды;

экологиялық – қоршаған ортаны қорғау.

Сыртқы функцияларына мыналар жатады:

 халықаралық аренада мемлекеттің мүдделерін қорғау;

 елдің қорғанысын қамтамасыз ету;

 басқа елдермен ынтымақтастық пен шоғырландыруды дамыту.

Мемлекеттің ең басты міндеті – қоғамның тұрақтылығын орнатып, қалыпты тіршілігіне жағдай жасау. Ол үшін түрлі топтарға, таптарға, жіктерге бөлінген қоғамның бірлігін қамтамасыз етуі тиіс.

Бұл аталған функцияларды жүзеге асыру үшін мемлекет белгілі бір құралдарды (мемлекеттік билік құралдарын) қолданады және мемлекеттің құрылымына кіретін арнаулы органдар комплексіне сүйенеді.



Мемлекеттің құрылымы. Саяси құрылым ретінде мемлекеттің органдар мен мекемелердің жүйесін қамтитын мемлекет механизмі деп аталған күрделі құрылысы бар.

Мемлекеттің құрылымында мемлекеттік биліктің үш тармағын және соған сәйкес билік органдарының үш түрін бөліп көрсетуге болады:

1. Заң шығарушы билік, елдің өмірін анықтайтын заңдар және басқа да маңызды құжаттар қабылдайды (түрлі елдерде заң шығарушы билік түрліше аталады, мысалы, АҚШ-та – Конгресс, Финляндияда – Сейм, Ресейде – Федералдық жиналыс, Қазақстанда – Мәжіліс);

2. Атқарушы билік, заңдардың орындалуын және күнделікті өмірде елді басқаруды қамтамасыз етеді. Оған үкімет, әкімшілік жатады;

3.Сот билігі, адамдардың құқығын қорғайды, заңды бұрмалаушылықтан сақтайды.

Сонымен бірге басқару жүйесінде мемлекет басшысы институтын (президент институтын немесе монархия институтын), құқықтық нормалардың орындалуына бақылау жасап, кінәлілерді жауапқа тартатын бақылау – қадағалау органдары (прокуратура, арнаулы бақылау органдары, мемлекеттік қауіпсіздік органдары, қарулы күш, жергілікті билік органдарын) бөліп көрсетуге болады.

Мемлекетті одан әрі талдау оның формаларын анықтаумен байланысты.

Мемлекеттің түрлері:

 мемлекеттік басқару формасына байланысты: монархия, республика.

 мемлекеттік аумақтық құрылысының формасына байланысты: унитарлық, федеративтік, конфедеративтік.

 саяси режиміне байланысты формалары: тоталитарлық, авторитарлық, демократиялық.

Мемлекеттің формалары туралы толығырақ билікке байланысты тақырыпта қарастырылды (7-схема).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
тоқсан бойынша
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
бағалауға арналған
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жиынтық бағалауға
Әдістемелік кешені
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
республикасы білім
арналған тапсырмалар
туралы хабарландыру
білім беретін
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Жұмыс бағдарламасы
Қазақ әдебиеті
болып табылады
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
бағдарламасына сәйкес
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
мамандығына арналған
туралы анықтама
оқыту әдістемесі
қойылатын жалпы
әдістемелік ұсыныстар
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
республикасының білім
жалпы білім
мемлекеттік әкімшілік
білім берудің
қазақ тілінде