Ііі. Саяси институттар. 1 Мемлекет және азаматтық қоғам



бет1/4
Дата18.11.2021
өлшемі52.64 Kb.
  1   2   3   4

ІІІ. САЯСИ ИНСТИТУТТАР.

3.1 Мемлекет және азаматтық қоғам.

1. Мемлекеттің пайда болуының негізгі концепциялары. Мемлекеттің белгілері мен мәні.

2. Мемлекеттің функциясының классификациясы. Мемлекеттің түрлері.

3. Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам.

1.Мемлекеттің пайда болуының негізгі концепциялары. Мемлекеттің белгілері мен мәні. Саяси жүйенің негізгі элементі мемлекет болып табылады. Ғылыми әдебиетте бұл термин екі мағынада қолданылады: 1) мемлекеттік мекемелердің жиынтығы, яғни қоғамды басқару аппараты; 2) қоғамдыұйымдастырудың саяси-құқықтық ерекше түрі. Саясаттануда осы екінші анықтама кең таралған. «Мемлекет» ұғымы саяси-құқықтық айналымға салыстырмалы түрде алғанда кейінірек енгізілді. Қайта өрлеу дәуіріне дейін мемлекетті бейнелеу үшін мынандай нақты ұғымдар: князьдық, корольдық, тирания, империя, республика, деспотия т.б. қолданылған. Платонның белгілі «Мемлекет» деген еңбегінде бұл ұғымды аударғанда «конституция» немесе «қала-мемлекет» деген мағынаға сәйкес келеді. Арнайы жалпылама «мемлекет» терминін (италья тіліндегі «stato») ғылымға Н.Макиавелли енгізді.

XVII ғасырға дейін саяси ойлар тарихында қоғам мен мемлекет ажыратылмады. Кейін Руссо және т.б. ойшылдар қоғам шеңберінде «азаматтық қоғамды» ажырата бастады, ал Гегель қоғам, азаматтық қоғам, мемлекет ұғымдарын түпкілікті бөлді.

Мемлекет саяси жүйенің негізгі ұйымы. Ол керек кезінде арнаулы күштеу органдарын пайдалана отырып, өз аумағында тұратын адамдардың мүддесін қорғауға тиіс және соған орай олардың арасындағы қатынастарды құқықтық ережелер арқылы реттейтін қоғамдық механизм.

Мемлекет деп белгілі бір аумақтағы және ондағы тұрғындарға жүргізілетін саяси биліктің ұйымдастырылуы, оның арнаулы басқару аппараты болып, барлығына тиісті заңдарды қабылдап, ішкі, сыртқы мәселелерді шешуде дербестігі бар саяси жүйенің негізгі элементін айтады.

Мемлекет алғашқы қауымдық құрылыста болған жоқ. Ол рулық-тайпалық құрылыстың ыдырауы нәтижесінде, құл иеленушілік қоғамда пайда болды. Мемлекеттің пайда болуы мен мәні туралы саясаттануда бірнеше теориялар, концепциялар бар.



Теологиялық концепция (өкілдері: А.Августин, Ф.Аквинский) мемлекеттің пайда болуын құдайдың құдіретімен түсіндіреді. Барлық билік – құдайдан дегенге негізделеді. Билеушіге құдай ілімін тарату, зұлымдық жасаушы жауларды жазалау және адамдардың діни жолмен өмір сүруі үшін жағдайлар жасау міндеттері жүктелген.

Патриархалдық концепция (Аристотель, Филмер, Михайловский) мемлекетті үлкейген отбасының негізінде қалыптасты деп қарастырады, онда билеушінің билігі отбасындағы әкенің билігі ретінде, ал билеушілер мен бағынушылар арасындағы қатынастар – отбасындағы қатынастар сияқты қаралады.

Қоғамдық келісім концепциясы (Дж.Локк, Т.Гоббс, Ж.Ж.Руссо т.б.) мемлекеттің пайда болуын – адамның ақыл-ойының жемісі деп қарайды. Адамдар өздерінің белгілі бір даму сатысында бірлесіп, сол қоғамдық келісім шарттарын орындауды бақылаушы арнайы орган – мемлекетті құрады.

«Күш көрсету» теориясында (Е.Дюринг, Л.Гумплович, К.Каутский) мемлекеттің пайда болуында сыртқы факторға көңіл аударылады. Мұнда әлсіз елді күшті елдің басып алуының нәтижесінде арадағы қатынастарды реттеу үшін мемлекет пайда болды деп түсіндіріледі.

Маркситік (таптық) концепция (Маркс, Энгельс, Ленин) мемлекетің шығуын жеке меншіктің, таптардың шығуымен, олардың арасындағы қайшылықтардың шиеленісуімен байланыстырады. Мемлекет – бір таптың екінші тапқа үстемдігін, қанауын жүргізетін орган.

Психологиялық теория (Петражицкий) бойынша адамдарға бағыну мен құлшылық ету қажеттігі мәңгі бақи тән болған. Мемлекеттің пайда болуы – адам психикасының көрінісі, индивидтің ұйымдасқан қоғамдастық шеңберінде өмір сүру қажеттігінің нәтижесі деп түсіндіреді.

Географиялық теория (А.Ратцель, В.Соловьев, Б.Чичерин) мемлекеттің пайда болуы географиялық ортаның (ауа-райы, жер бедері т.б.) өзгешеліктерінен деп түсіндіреді.

Органикалық теория (Г.Спенсер) мемлекет құрылымы және функциясы жағынан тірі организм ретінде қарастырылады. Мемлекеттің барлық элементтері бір-бірімен өзара байланысты және бір-бірін толықтырып отырады. Бұл үйлесімділіктің бұзылуы бүкіл организмнің ауруына, тіпті күйреуіне (өліміне) әкеледі.

Мемлекетің пайда болуына әсер еткен факторлар:

 жеке меншіктің, әлеуметтік теңсіздіктің, қарама-қарсы таптардың пайда болуы;

 халықтың саны мен тығыздығының өсуі, халықтардың көшпеліліктен отырықшылыққа көшуі;

 бір халықты басқа халықтардың жаулап алуы;

 сыртқы жаулардан қорғанудың қажеттілігі;

 еңбектің қоғамдық бөлінісі және басқару еңбегін әдейі салаға бөлу;

 ирригациялық жұмыстарды ұйымдастырудың қажеттігі (Ежелгі Шығыс мемлекеттерінде).

Сонымен, мемлекет дегеніміз – егемендігі бар, күштеуді қолданудың заңды монополиясы бар, арнайы механизм (аппарат) арқылы қоғамды басқаруды қамтамасыз ететін саяси билікті жүзеге асырудың ерекше формасы.

Мемлекеттің белгілері мен мәні. Мемлекетті оны адамдардың басқа да бірлестіктерінен (ру, семья), институттары мен ұйымдарынан (партиялар, қозғалыстардан т.б.) айыратын өзіне тән белгілері бар.

Оларға мыналар жатады (5- схема):

1. Жария биліктің қоғамнан бөлінуі, маманданған басқарушылар тобының пайда болуы. Бұл мемлекеттің өзін-өзі басқаруға негізделген рулық-тайпалық ұйымнан айырмашылығын көрсетеді. Жария билікті жүзеге асыру белгілі бір ұйым – арнаулы аппаратты (шенеуліктер, сот, армия т.б.) қажет етеді. Қазіргі заманғы мемлекет кәсіби басқару аппаратын және сайлау арқылы қалыптасатын өкілділік жүйесін қамтиды.

2. Тұрғындардың аумақтық бөлінуі. Мемлекеттің заңдары және оның органдарының өкілеттілігі сол мемлекет аумағында өмір сүретін адамдарға қатысты болып табылады. Мемлекет қандас-туыстық немесе діни принциптер негізінде емес, аумақтық негізде құрылады. Мемлекет өз аумағындағы, өз қол астындағы халықты қай ру, тайпа, діни наным-сенімдеріне т.б. қарамастан біріктіреді. Алайда тарихта шекарасы дәл анықталмаған мемлекеттер де болған.

3. Егемендік. Бұл мемлекеттік биліктің қасиеті, ол ішкі, сыртқы саясаттағы тәуелсіздікті білдіреді. Ішкі егемендік, бұл биліктің тұрғындардың барлығына міндетті заңдар шығаруға, өзгертуге құқығы және сыртқы егемендік, бұл халықаралық қатынастардағы тәуелсіздік.

4. Ашық күш қолдану, зорлықпен еріксіз көндіру монополиясының болуы. Азаматтарды жоғарғы құндылықтарынан - өмір сүру, бостандығы сияқтылардан айыру, шектеу мүмкіндігі бар. Еріксіз көндіру функциясын орындауға арналған арнайы құралдары (қару, түрме т.б.) және органдары (армия, полиция, барлау қызметі, сот, прокуратура) бар.

5. Салық салуға және жинауға монополиялық құқығы. Мемлекеттік саясатты материалдық жағынан қамтамасыз ету және басқару аппаратын ұстау үшін салықтар салынады.

6. Қоғамдық өмірді құқықтық негізде ұйымдастыру. Құқықсыз, заңсыз мемлекет қоғамды нәтижелі басқара армайды, қабылдаған шешімдерін жүзеге асыруды қамтамасыз ете алмайды. Кез келген қазіргі заманғы қоғамда биліктің бірнеше субъектілері (отбасы, шіркеу, партиялар т.б.) бар, алайда барлық азаматтар, ұйымдар, мекемелер үшін шешімі міндетті болатын жоғарғы билік – мемлекет болып табылады. Тек қана мемлекет барлығына міндетті заңдар мен нормалар шығаруға құқығы бар.

7. Жалпы игіліктер мен жалпы мүдделерді қорғау. Бірде-бір ұйым жеткілікті құрылымдары болмағандықтан, барлық азаматтарды және олардың мүдделерін қорғай алмайды.

Мемлекеттің мәні – оның өмір сүруінің объективті қажеттілігін не анықтайды және мемлекет кімнің мүддесіне қызмет ететіндігінде. Зерттеушілер екі негізгі себептерге көңіл аударады – таптық және жалпы әлеуметтік. Шынында да, мемлекеттің тарихи құбылыс ретінде екі жақты табиғаты бар. Бір жағынан, мемлекет экономикалық үстем таптың саяси билігінің ұйымы бола отырып (бұл таптық мәні), екінші жағынан, «жалпы істердің» ұйымдастырушысы болып табылады, яғни адамдардың өмір сүруінің қауіпсіздігін, экономикалық, саяси, мәдени жағдайларын қамтамасыз етеді (бұл оның жалпы әлеуметтік мәні). Қазіргі заманғы демократия тәжірибесі көрсеткендей, мемлекеттің жалпы әлеуметтік қызметі кеңейе түсті. Мемлекет таптан тыс төреші ролінде көрініп, өз саясатында түрлі, тіпті қарама-қарсы мүдделерді есепке ала отырып, елдің ішіндегі және сыртқы жанжалдарды реттеуге баса назар аударады. Таптық үстемдік функциясының кеміп, әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарды реттеу функциясының кеңеюі, топтардың өз мүдделерін демократиялық механизмдер арқылы білдіруі құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің қалыптасу тенденциялары туралы айтуға мүмкіндік береді.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік